Агрессия мәселесіндегі жеткіншектің мінез-құлық ауытқушылығы, яғни девианттық мінез-құлықтың пайда болуы.



Бала өмірінің көптеген уақытын әр түрлі әлеуметтік институттарда бала бақшада, мектепте өткізетініне қарамастан, отбасының ықпалы қоғам ықпалына қарағанда әрқашан күштірек болады. көптеген зерттеулер отбасылық бұрыс тәрбие типі мен дұрыс даму ерекшелігінің арасындағы байланысты ашуда. «Балаңыздан кумир жасамаңыз, ол өскен соң құрбандықты талап етеді», - деген екен П.Буаст. Кейде мынадай жағдайды бақылауға болады – өз баласының айналасында шыр көбелек айналып, өбектеп жүрген ана және өз ықпалының күшін сезген үстемшіл, пысық, қозғалғыш бала. Бұл жұпта ана дөрекі, тәрбиесіз баласының құрбаны ретінде көрінеді. Негізінен осындай жағдай ата-аналардың балаларына деген тым асыра өбектеуі мен жақтауынан туындайтыны анық. Бұл мысалда, психологиялық терминмен айтқанда баланың айтқанын бұлжытпай орындау гиперпротекциясы және баланың өзімшілдік, қасақана қайшы іс-әрекеті деген тәрбие типтерінің арасында тұрақты байланыс бар.
Бұл жағдайлар: баланың ересек болуға өзіндік әрекетке көшу кезеңі әдеттегі мектеп оқуынан түрлі әлеуметтік іс-әрекетке ауысу; сондай-ақ ағзаның белсенді гармоналді қайта құрылуы жеткіншекті жағымсыз ортаға осал, көнгіш, көңілшек етіп жібереді. Сонымен қатар жеткіншектерге тән: туыстарының басқаруынан, мұғалімдердің және басқа тәрбиешілердің қарамағынан тыс шығуға талпынысын ескерген жөн. Бұл талпыныс жиі рухани құндылықтардың және жалпы ұрпақтың тұрақты өмірінің жойылуына әкеледі. Бұған қатысты ерекше ескеретін маңызды жағдай жанұядағы келеңсіз қарым-қатынастар, ата-ананың ажырасу деңгейінің жоғарлауы.
Отбасылық тәрбиеде үнемі болып тұратын «отбасылық қатігездік» қақтығыстары бала психикасына өте қатты әсер етеді және оның бұзылуына әкеліп соқтырады.
Отбасылық қатігездік тек балаларға эмоционалдық кері әсер етуде ғана емес, сонымен қатар балаларды үнемі ұрып-соғу, қорлау, кей жағдайларда жыныстық зорлаумен де көрінеді. Зорлыққа ұшыраған балалардың даму ерекшелігі бұзылып, ішкілікке немесе нашақорлыққа ерте бет бұра бастайды. Дамуда бұзылушылыққа әкеліп соқтыратын отбасылық зорлық көбіне травматологиялық күйзеліс жағдайына алып келеді.
Қатігездік қарым-қатынасқа ұшыраған балаларда мынадай ауытқушылықтар байқалады: әлеуметтік қызметте төмен дәрежедегі түрлі формада болатын агрессивті және тәуелді мінез-құлық. Қатыгездік қарым-
Қолданылған әдебиеттер:

1.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1976
2.Бегалиев Т.Б. «Педагогика» Лекциялар курсы, Тараз, 2002

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебіКонец формы

Реферат

Тақырыбы:

Агрессия мәселесіндегі жеткіншектің мінез-құлық ауытқушылығы, яғни
девианттық мінез-құлықтың пайда болуы

Орындаған:Н.С.Жумаева

Агрессия мәселесіндегі жеткіншектің мінез-құлық ауытқушылығы, яғни
девианттық мінез-құлықтың пайда болуы.

Жеткіншектер ортасындағы агрессивті беталыстың өсуі біздің қоғамымызда
соңғы жылдары көбейіп кеткен жастар арасындағы қылмыстық істер, әсіресе
жеткіншектер қылмысы ең күрделі де қиын әлеуметтік мәселеге айналды.
Сонымен қатар, денеге зиян келтіретін тұлғаға бағытталған қылмыстық
әрекеттер санының көбею деректері де бізді алаңдатуда. Сондай-ақ
жеткіншектер арасындағы жауыздық сипатқа ие топтық төбелестер жиіледі.
Бала өмірінің көптеген уақытын әр түрлі әлеуметтік институттарда бала
бақшада, мектепте өткізетініне қарамастан, отбасының ықпалы қоғам ықпалына
қарағанда әрқашан күштірек болады. көптеген зерттеулер отбасылық бұрыс
тәрбие типі мен дұрыс даму ерекшелігінің арасындағы байланысты ашуда.
Балаңыздан кумир жасамаңыз, ол өскен соң құрбандықты талап етеді, - деген
екен П.Буаст. Кейде мынадай жағдайды бақылауға болады – өз баласының
айналасында шыр көбелек айналып, өбектеп жүрген ана және өз ықпалының күшін
сезген үстемшіл, пысық, қозғалғыш бала. Бұл жұпта ана дөрекі, тәрбиесіз
баласының құрбаны ретінде көрінеді. Негізінен осындай жағдай ата-аналардың
балаларына деген тым асыра өбектеуі мен жақтауынан туындайтыны анық. Бұл
мысалда, психологиялық терминмен айтқанда баланың айтқанын бұлжытпай
орындау гиперпротекциясы және баланың өзімшілдік, қасақана қайшы іс-әрекеті
деген тәрбие типтерінің арасында тұрақты байланыс бар.
Бұл жағдайлар: баланың ересек болуға өзіндік әрекетке көшу кезеңі
әдеттегі мектеп оқуынан түрлі әлеуметтік іс-әрекетке ауысу; сондай-ақ
ағзаның белсенді гармоналді қайта құрылуы жеткіншекті жағымсыз ортаға осал,
көнгіш, көңілшек етіп жібереді. Сонымен қатар жеткіншектерге тән:
туыстарының басқаруынан, мұғалімдердің және басқа тәрбиешілердің
қарамағынан тыс шығуға талпынысын ескерген жөн. Бұл талпыныс жиі рухани
құндылықтардың және жалпы ұрпақтың тұрақты өмірінің жойылуына әкеледі.
Бұған қатысты ерекше ескеретін маңызды жағдай жанұядағы келеңсіз қарым-
қатынастар, ата-ананың ажырасу деңгейінің жоғарлауы.
Отбасылық тәрбиеде үнемі болып тұратын отбасылық қатігездік
қақтығыстары бала психикасына өте қатты әсер етеді және оның бұзылуына
әкеліп соқтырады.
Отбасылық қатігездік тек балаларға эмоционалдық кері әсер етуде ғана
емес, сонымен қатар балаларды үнемі ұрып-соғу, қорлау, кей жағдайларда
жыныстық зорлаумен де көрінеді. Зорлыққа ұшыраған балалардың даму
ерекшелігі бұзылып, ішкілікке немесе нашақорлыққа ерте бет бұра бастайды.
Дамуда бұзылушылыққа әкеліп соқтыратын отбасылық зорлық көбіне
травматологиялық күйзеліс жағдайына алып келеді.
Қатігездік қарым-қатынасқа ұшыраған балаларда мынадай ауытқушылықтар
байқалады: әлеуметтік қызметте төмен дәрежедегі түрлі формада болатын
агрессивті және тәуелді мінез-құлық. Қатыгездік қарым-қатынасқа ұшыраған
балалар өз жасындағы қимыл, іс-әрекеттерін бұрмалай бастайды, ал бұл
баланың ақыл-есінің және ерік-жігерінің дамуын тежейді. Кейбір балаларда
алғашқы зерттеулерде трамватологиялық күйзелістік жағдай алғашында
байқалмайды, бірақ кейін жағдайдың нашарлағаны байқалады.
Отбасының және девиацияның әлеуметтік материалдық жағдайы.
Девиацияның пайда болуының басты факторларының бірі – отбасының
әлеуметтік жағдайы мен материалдық статусы. И.И.Шурыгинаның зерттеулерінің
дәлелдері бойынша жоғары білімді аналар бар отбасындағы 14-15 жастағы
балалар арасында бірде бір оқушы девиацияға ұрынған жағдайлар кездеспеген.
Ал білімі аз, кедей ата-аналардың балаларында ұрлық және өзіне-өзі қол
жұмсау болған.
Бірақ тәжірибеде жоғары білімі бар материалдық жағдайы қамтамасыз
етілген отбасылардың ішінде де девианттық мінез-құлықты балалар кездеседі.
Көбіне отбасы жағдайы жақсы балалар оқитын жеке меншік мектептердің
мұғалімдері балалардың мінез-құлқы туралы жиі шағымданады. Өкінішке орай,
материалдық жағдайы қамтамасыз етілген отбасы да баланың дұрыс дамуына
кепілдік бере алмайды. *Сәтсіз отбасы* деген түсінік бүгінгі күні өзінің
ауқымын кеңейтті, ол сонымен қатар тек ішкілікке салынған не заңға қайшы
ата-аналардың отбасыларын ғана емес,балаларына түрлі тәрбие әдісін
қолданатын әлеуметтік- материалдық жағдайы жақсы отбасыларына қатысты
айтылады.
Сонымен баланың жеке тұлға ретінде дамуын бұзатын және девианттық
мінез-құлық пайда болуының себебі – күнделікті шағын әлеуметтік ортадағы
психикалық трамватизмге ұшырауы және түрлі тәрбиеге тап болуы.
Яғни, балаларда девианттық мінез-құлықтың пайда болуы мен дамуына
жауап беретін – үлкендер – ата-аналары (немесе оларды алмастыратын
субъектілер) және мұғалімдер.
Девианттық мінез-құлық – қоғамда ресми не дәстүрлі қалыптасқан заңға
және нормаларға сәйкеспейтін мінез-құлық. Девианттық мінез-құлық ішкілікке
салыну, қараусыз қалу, нашақорлық, кәмелетке толмағандар арасындағы
қылмыстар және басқа да формаларда көрінеді. Яғни, девианттық мінез-құлық
деп көпшілікке ортақ нормалар мен рольдерге сәйкеспейтін мінез-құлық
көріністерін айтамыз.
Заңды тұрғыдан қарағанда кәмелеттік жасқа толмағандарды
жауапкершілікке тартатын заң бұзушылыққа байланысты қылмысты заңға қайшы
ауытқушылық деп ерекшелейді және заңға қайшы келмейтін, бірақ этикалық
нормаға бағынбайтындарды осыған жатқызуға болады.
Заңға қайшы емес девианттық Заңға қайшы мінез-құлық түрлері
мінез-құлық түрлері
Балалардың және жасөспірімдердің Іс-әрекет кезінде жеке адамға
үйден немесе тәрбие мекемелерінен бағытталған агрессивті қимылдың
қашуы; ауытқушылығы:
Бала кезінде қараусыз қалғандықтан Дөрекілік
қаңғыбастыққа ұшырауы; Бұзақылық
Ішкілікке салыну, нашақорлық және Төбелесу
басқа да токсикалық заттарды Ұрып-соғу
қабылдау; Ауыр қылмыс – зорлау, кісі өлтіру
Аутоагрессивті мінез-құлық (өз Қылмыстық жетілуге ұмтылуға
денесіне қол жұмсау, тіпті өзіне-өзібайланысты қасақана бағытталған
қол жұмсап, өлімге әкеліп соқтыру); ауытқушылық:
Әлеуметтік-пассивті ауытқушылық (СӨСҰрлық
міндеттерінен қашу және борышты Тонау
сезінбеу, оқудан қашқақтау Талан-таражға салу

Мінез-құлық ауытқушылығының бес деңгейі:
І – алғашқы
ІІ – баукеспелік-қылмыстық емес
ІІІ –бейәлеуметті
ІҮ – қылмыс алды
Ү – баукеспелік-қылмыстық
1-ші алғашқы деңгейдегі мінез-құлқы ауытқыған жасөспірімдер
төмендегі сапалар бойынша мінезделеді: мінез-құлық сферасында кейбір
нормалар орындалмайды, күтпеген жерден қарапайым тыйым салынған нәрселерді
бұзу: темекі шегу, арақ ішу, нашақорлық; сонымен қатар жекелеген тәртіп
бұзушылық та байқалады, жасөспірімде кейде оқу барысында (2-3 немесе 4)
пәндерден үлгерім бағалары оның мүмкіндіктеріне сай бола бермейді.
Мысалы: Б деген оқушы, 13 жаста.
Жалпы, бұл жасөспірім сыныптағы басқа балалардан айрықша мінез-
құлқымен ерекшеленбейді. Соңғы уақытқа шейін компанияға жақсылардың
қатарында кірген-ді. Кейде бұрынғы достарымен сабақ үстінде айтыс-тартыс
болып қалатын және өзі де агрессиялық мінез байқата бастады. Өзі бастаған
бір төбелестен кейін, мұғаліммен әңгімеден соң өз қылығына баға бере
алмады. Бұрынғы кезеңдерде қандай да болмасын ауытқушылық байқалмаған
болатын. Сонымен қатар, сабақ босату жағдайлары пайда болды. Осы жылда ол
үйіне бірнеше рет темекі шеккен күйде келді, тіпті ішіп келген кездері
болды.
ІІ баукеспелік-қылмыстық емес деңгей.
Құндылық бағдарында тұрақсыздық байқалады, басымдылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы ерекшелiктерi
Мінез - құлықтарында ауытқулары бар жеткіншектердің талаптану деңгейінің ерекшеліктері
ДЕВИАЦИЯ ЖӘНЕ ДЕВИАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қиын балалардың ерекшеліктерін психологиялық және педагогикалық тұрғыдан анықтау
Жасөспірімдер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары
ПАТАЛОГИЯ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ
ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ
Жеткіншек жас аралығындағы психологиялық мінез-құлық ерекшеліктері
Мектеп жасындағы балалардың девианттық мінез-құлық мәселелері
Пәндер