«Жанұя мектебі-тұлға мен қоғамды байланыстырушы»



Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Отбасының әлеуметтік қызметі
3. Қорытынды.
Жас ұрпақ тәрбиесі- адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған құбылыс емес. Ол қоғамның , заманның бағыт-бағдарымен , тыныс тіршілігімен бірге жүріп отырады.
Жеке тұлғаны дамытуға,қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға байланысты білім мен тәрбие беру басқа назар аударарлық саланың бірі. Осы саланың алғашқы баспалдағы – мектепке дейінгі тәрбие. Егемен еліміз ерекше өркениетке бетбұрған тұста балаларды заман талабына сай ,ел тізгінін ұстауға лайық халық мүддесін ойлайтын жоғары рухты адамзат ретінде тәрбиелеу әрқайсысымыздың басты парызымыз. Қазіргі кезде ата-ана мен мектеп арасындағы ортақ мәселе –бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім.
Ата-ана үшін бала өмір жалғасы., көздің нұры, үміт күткен шырағы қызық көрсетер болашағы.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық, қадір-қасиеттердің мән-мағынасын түсінетін жаны да ,тәні де таза , білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз»- деп айтқан болатын. Шындығында, бала тәрбиесіне тек отбасы, яғни әкесі,анасы,атасы,әжесі ғана емес ,сонымен қатар, білім беру орындары, қоршаған ортасы әсерін тигізбек.

Бала

Отбасы Мектеп Қоршаған орта

Отбасы және білім беру ұйымдары-жеке тұлғаны әлеуметтендірудің маңызды екі институттары.жеке тұлға,оның қызығушылығы ,дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады.Ата-ананың бас қуанышы –бала. Ата-ананың басты қызығы , алтын тірегі, діңгегі де — бала. Серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен білім беру ұйымдарында балалаларға қойылатын талаптармен қатар,бірыңғай сапалы білім беру кеңістігі құрылады. Халқымыз «Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілерсің» деп айтқанындай, бала әрқашан да ата-анадан мейірімділікті,сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды. Ата-ананың тіршілігінде көрген қызығының ең қымбаттысы – перзенті.
Қолданылған әдебиеттер:

1.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1976
2.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1974
3.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1978
4.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1977
5.Бегалиев Т.Б. «Педагогика» Лекциялар курсы, Тараз, 2002

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебі

Реферат

Тақырыбы:

ЖАНҰЯ МЕКТЕБІ-ТҰЛҒА МЕН ҚОҒАМДЫ
БАЙЛАНЫСТЫРУШЫ

Орындаған: Н.С.Жумаева

Жоспар:

1. Кіріспе.

2. Отбасының әлеуметтік қызметі.

3. Қорытынды.

Жас ұрпақ тәрбиесі- адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан
тыс, оқшау тұрған құбылыс емес. Ол қоғамның , заманның бағыт-бағдарымен ,
тыныс тіршілігімен бірге жүріп отырады.
Жеке тұлғаны дамытуға,қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын
қалыптастыруға байланысты білім мен тәрбие беру басқа назар аударарлық
саланың бірі. Осы саланың алғашқы баспалдағы – мектепке дейінгі тәрбие.
Егемен еліміз ерекше өркениетке бетбұрған тұста балаларды заман талабына
сай ,ел тізгінін ұстауға лайық халық мүддесін ойлайтын жоғары рухты
адамзат ретінде тәрбиелеу әрқайсысымыздың басты парызымыз. Қазіргі кезде
ата-ана мен мектеп арасындағы ортақ мәселе –бала тәрбиесі екені баршамызға
мәлім.
Ата-ана үшін бала өмір жалғасы., көздің нұры, үміт күткен шырағы қызық
көрсетер болашағы.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес
жалпы адамзаттық, қадір-қасиеттердің мән-мағынасын түсінетін жаны да
,тәні де таза , білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз-
деп айтқан болатын. Шындығында, бала тәрбиесіне тек отбасы, яғни
әкесі,анасы,атасы,әжесі ғана емес ,сонымен қатар, білім беру орындары,
қоршаған ортасы әсерін тигізбек.

Бала

Отбасы Мектеп
Қоршаған орта

Отбасы және білім беру ұйымдары-жеке тұлғаны әлеуметтендірудің маңызды екі
институттары.жеке тұлға,оның қызығушылығы ,дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу
педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып
табылады.Ата-ананың бас қуанышы –бала. Ата-ананың басты қызығы , алтын
тірегі, діңгегі де — бала. Серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы
мен білім беру ұйымдарында балалаларға қойылатын талаптармен қатар,бірыңғай
сапалы білім беру кеңістігі құрылады. Халқымыз Ұяда не көрсең , ұшқанда
соны ілерсің деп айтқанындай, бала әрқашан да ата-анадан
мейірімділікті,сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің
тірегі деп санайды. Ата-ананың тіршілігінде көрген қызығының ең қымбаттысы
– перзенті.
Отбасы баланың тәрбиесі мен оның әлеуметтенуінде,тұлғаның көзқарасының
қалыптасуында, сондай-ақ интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік
сапаларының дамуында шешуші рөл атқарады. Осылайша балалардың әлеуметтенуі
мен қоғамның жаңа мүшелерінің дайындығы қамтамасыз етіледі. Отбасы
әлеуметтік-адамгершілік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.
Отбасында балаға ата-ананың махаббатын , ата-анаға деген сенім,оларға
ұқсауға ұмтылу,отбасының жалпы психологиялық ахуалы сияқты әлеуметтік
ақпаратты берудің тамаша жүйесі қалыптасқан. Ата-аналар мен отбасындағы
ересектердің үлгісі тәрбиелік қызметтің нәтижелілігін анықтайды. Әрбір жеке
тұлғаны тәрбиелеу, оның тәрбиелі ,өнегелі болып шығуы,бұл ең алғаш қадам
басқан балабақшадан басталады.Онда бала айналасындағы басқа адамдарға,
қоршаған ортаға зер сала қараумен қатар,білім алады. Өзге балалармен,
ересектермен қарым-қатынас жасауды үйренумен қатар, бірлесіп әрекеттену, өз
әрекетін ұйымдастыру іскерлігін меңгереді.Ата-ананың білім беру үдерісіне
белсенді араласуы арқылы ғана баланың үйлесімді дамуы іске асады. Білім
беру ұйымдары ата-анамен жұмысқа ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
Бала бойындағы табиғи қасиеттер,адамгершілік құндылықтар
отбасында,әлеуметтік ортада толысып нәрленеді. Бала нені білсе
жастан,ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан деген нақылдың астарында
қаншама мән-мағына жатыр.Адамның ең негізгі қасиеттерінің бірі- оның
адамгершілігінде.Бұл қасиетті бала бойына сіңіру, ата-ана мен педагогикалық
ұжымның ынтымақтастығы арқылы жүзеге асады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік-этникалық мінез-
құлқын қалыптастырутұжырымдамасында отбасы мен мектеп бірлігін нығайту,
тәрбие сабақтастығын қамтамасыз ету мәселесі ерекше атап
көрсетілген.Тәрбиелі жас ұрпақтың білімді, білікті болуына отбасы мен
мектептің үздіксіз бірлескен еңбегі жеткізеді. Қоғам үшін әр кезеңде, әр
отбасында өсіп келе жатқан жасұрпақтың дені сау, рухани бай еңбекке,
білімге құштар болып өсуі ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат.Оның қуат алатын
қайнар бастауы- отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі еш
нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.Ата-ананың бала тәрбиесіндегі орнын
ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасының балаға тәрбие беру қызметінің мақсаты-
баланың жасын,жеке ерекшелігін,психологиялық процестерін ескере отырып,
жарасымды жетілген ұрпақ тәрбиелеу.
Көздеген мақсатқа жету үшін- отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді
шешеді.
-Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты
қалыптастыру;
-Еңбек сүйгіштікке баулу,тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке
құлшынысын арттыру,Өзіне-өзі қызмет етуге үйрету;
-Мәдениетке,өнерге баулу.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін балаға дүниеге келген күнінен бастап
отбасында,білім беру мекемелерінде тәлім-тәрбие беріледі.
Тәрбиенің негізі отбасында қаланып, одан әрі балабақша, білім беру
орындарында жалғасады. Яғни бала тәрбиелене отырып,білім алады.Бала өскен
сайын көп көріп, көп естіп білуге ұмтылады.Өз ойын еркін айту, басқалармен
достасу,пікірлесу сияқты мінез-құлық қалыптасады.Балалардың тәрбиесі туралы
ғалым А.С.Макаренко: Ата-аналардың өздеріне талап қоюы,өзінің әрбір
қадамын қадағалап отыруы- тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісідеп атап
көрсеткен. Олай болса,ата-аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы
тиіс.Бала бақыты- білімде. Білім адамға ең қажетті құрал. Білімді адам
құралы сай ұста секілді,не жасаса да келістіріп жасайды- дейді
А.Байтұрсынов.Бүгінгі таңда болып жатқан өзгерістерге байланысты балаларды
оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдары мен ата-аналар бірлесе жұмыс
жасау керек.Ұстаздар ата-аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді
, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, олардың қызығушылығын
арттыру мақсатында жұмыстар жасауы тиіс.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
-Бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап
өту;
-Ата-аналармен жұмыс жасаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гуманистикалық психология және жанұяға негізделген қарым-қатынас көзқарасымен ішкі отбасы жағдайының рөлі
Тұлғалық білім берудің орталығы - оқушылар тұлғасын үздіксіз дамыту
Жанұяның әлеуметтік - философиялық сипаты
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Бала тәрбиесінде жанұяның алатын орны
Әлеуметтану және саясаттану
Жаңа білім беру жүйесі Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ананың бала тәрбиесіндегі орны
Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы
Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері
Пәндер