Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы



Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.
Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары.
Бірлескен кәсіпкерлік – екі не бірнеше елдер серіктестерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің кең ауқымды нысаны, яки өндіріс пен айналыс аясындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық және қызмет көрсету салаларындағы бірігу;
Жеке кәсіпкерлік –кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысу; мемлекеттік кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар шығаратын, қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, тәуекелдікті кәсіпкерлік – көбінесе ғылымды көп қажетсінетін салаларға бағытталған, жаңа технологияны жасаумен және таратумен айналысатын, яки инвестициядан табысты кем алу қатері үлкен салалардағы ұсақ фирмаларға тән кәсіпкерлік.
Жалған кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық, төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар, азаматтық ұйымға немесе

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Алматы Технологиялық Университеті

ЭССЕ

Тақырыбы: К ә с і п к е р л і к

Орындаған: Бакытжанова А.Б.

Тобы:
МІ және МБ

Қабылдаған:
Жүзбаева А.Т.

2013 жыл

Кәсіпкерлік  – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе
өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті
азаматтар өз атынан, өзінің  мүліктік жауапкершілігі  кепілдігімен немесе
заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен
жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы
айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді.
Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ,
азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып,
заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы
еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде
тіркеледі, жалмалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге
асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.
Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің
бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа
істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді.
Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз
кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны,
тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға
тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде
тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу,
инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы
қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық
жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті
қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу,
кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай
туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік
мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.
Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары.
Бірлескен кәсіпкерлік – екі не бірнеше елдер серіктестерінің өндірістік-
шаруашылық қызметінің кең ауқымды нысаны, яки өндіріс пен айналыс
аясындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық және қызмет көрсету
салаларындағы бірігу;
Жеке кәсіпкерлік –кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысу;
мемлекеттік кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар
шығаратын, қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі,
тәуекелдікті кәсіпкерлік – көбінесе ғылымды көп қажетсінетін салаларға
бағытталған, жаңа технологияны жасаумен және таратумен айналысатын, яки
инвестициядан табысты кем алу қатері үлкен салалардағы ұсақ фирмаларға тән
кәсіпкерлік.
Жалған кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу,
салық, төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған
қызметті жасыру мақсаты бар, азаматтық ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян
келтірген коммерциялық ұйым құру экономикалық қызмет саласындағы қылмыс
болып табылады.
Заңсыз кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұксат (лицензия) алу міндетті
болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау
шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерліктің тыйым салынған
түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке
ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде
акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде тауарларды өндірумен, сақтаумен не
өткізумен байланысты болса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып
табылады.
Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпорындар – есеп беру жылы
жұмыскерлердің (қосымша істеушілерсіз) тізімдік орташа саны 50 адамнан
аспайтын,өз қызметтерін коммерциялық негізде жүзеге асыратын, әділет
органдарында тіркелген және статистикалық тіркеуге енгізілгензаңды
тұлғалар.
Шағын бизнес кәсіпорындары – мына критерийлерге жауап беретін
кәсіпорындар (заңды тұлғалар):
• жұмыскерлердің орташа жылдық саны (қосымша істеушілерді қоса) 50 адамға
дейін;
• активтердің жылдық орташа жалпы құны 60000 есе есептік көрсеткіштен
аспайтын;
• мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын
заңды тұлғалар:
• толық серіктестік;
• сенім серіктестігі;
• жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
• қосымша жауапкершілікті серіктестік;
• өндірістік кооператив.
Шағын бизнестің дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер істеп тұрған
шаруашылық субъектілері бойынша есептеледі. Істеп тұрған кәсіпорындарға
мыналар жатады:
• белсенді, ағымдағы жылы қандай да бір қызметті жүзеге асырған;
• жаңа, яғни таяуда ғана тіркелген, бірақ әлі өндірістік қызметті
бастамаған;
• уақытша тоқтап тұрған кәсіпорындар.
Шағын кәсіпкерлік саласын дамыту жаңа жұмыс орындарын ашып, бюджеттік
қаржыларды толықтырумен қатар  экономиканың одан әрі өсуінің  және халықты
жұмыспен қамтудың,  әл-ауқатын жақсартудың негізіне айналып отыр. Мысалы,
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы бойынша шағын кәсіпкерлік саласында
2013 жылдың 1 шілдесіне 11 заңды және 636 жеке, барлығы 647 тұлға
тіркелген, одан  жұмыс жасап тұрғаны 522. Бұл барлық тіркелгендердің 80%
құрайды. Бұлардың қатарында 1039 адам жұмыстануда.11 заңды тұлғаның 5
құрылыс саласында, 6 басқа қызмет түрлерімен айналысады. 636 жеке тұлғаның
270 ауыл шаруашылығы саласында - тіркелген жеке тұлғалардың 42% құрайды, 
216 сауда - 34%, 61 көлік тасымалы  - 10%, 89  басқа қызмет түрлерімен 
айналысады - 14 %.
Жыл сайын шағын субъектілер саны өсуде.
Өндірілген өнім көлемі  417,8 млн теңгені құрап, бюджетке 8,5 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік негіздері және шоу - бизнестегі кәсіпкерлік қызмет
Салыстырмалы талдау. Кәсіпкерлік түрлері
Кәсіпкерлік түрлері Салыстырмалы талдау туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік туралы ақпарат
Шағын бизнес
Шағын және орта бизнеске несие беру
Кәсіпкерлік және кедейлік
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы және қолдау шаралары
Маркетингтің әлеуметтік-экономикалық мән-мағынасы
Қаражаттарды қарыз алу қабілеттілігі
Пәндер