«Абай жолы» романындағы тарихи шындық эволюциясы



Абай! Ол – ұлы есімімен жүректің дәл түбін жашыған, қияға шарқ ұрып самғаған, ел болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, бірақ қайдан табатынын дәл сезіп болған ел баласы, заман жасы, дүйім жұрттың алысты болжай алған., ілгері сүйреген ойы, қиюы қашып, ыдырай бастаған ескі қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күресіп, демократиягшыл озат ойларда берік тұтынған кесек тұлғалы аса көрнекті қоғам қайраткері. Ол күнделікті тіршілігімізде, рухани әлемімізді, қарақан басымызды алып жүруден бастап, биік адамгершілікке дейінгі аралықта тегіс қамтитын жан-жақты құбылыс. Абайды тануда саясат ықпалынан, уақыт қыспағынын аса алмаған кездер болды. Енді заман өзгерген шақта азат елдің азат ойымен, азат жүрегімен, азат зердесімен Абайды тануға тиіспіз. Оның өмірі мен еңбегі Мұхтар Әуезовтың творчествасында үлкен орын алған тақырып. Жазушының Абай өмірі мен творчествасына ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізу жолында сіңірген қыруар еңбегі өз алдына бір төбе. Ол 1939 жылы өз Л. Соболевпен бірге «Абай» атты трагедиясын 1945 жылы Абайдың туғанына 100 жыл толуымен байланысты «Абай» операсының либреттосын және «Абай жырлары» атты көркем суретті фильмнің сценарийін жазды. Алайда жазушының Абай образын кемеліне келтіре суреттеп, сомдап соққан классикалық шығармасы – «Абай жолы» атты төрт томдық эпопея. Қоғам құбылыстарын бойына мол сіңірген. Бұл эпопея елдің рухани үлгісі болған Абайдың өмірі, үміті, арманы, айтысы, тартысы, халқына еткен еңбегі жайында сөз қозғайды. Халық қамқоры, «Қалың елім, қазағым» деген Абайдың адал өсиетті ойлы жандардың көкірегіне ұялап, оларды болашаққа мезгеген.
Әдебиеттер:
1. Әуезов М., Абай жолы романы, 3 том, -Алматы: Жазушы, 2002
2. Бітібаева Қ., Әдебиетті оқыту әдістемесі, -Алматы: Рауан, 1997
3. Омаров Д., Абайтану, Алматы: Мектеп, 2002
4. Тасболатұлы Қ., Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың әдіснамалық негізі, -Тараз: 1999

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ ЖОЛЫ РОМАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Абай эпопеясы творчестваның
Тылсым сырына, өмір мен өлеңнің
өзара байланысына терең бойлаған
туынды, ақын мен поэзия
жайлы әлем әдебиетіндегі ең
шоқтығы биік үздік шығарма
М. Луконин

Абай! Ол – ұлы есімімен жүректің дәл түбін жашыған, қияға шарқ ұрып
самғаған, ел болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, бірақ қайдан
табатынын дәл сезіп болған ел баласы, заман жасы, дүйім жұрттың алысты
болжай алған., ілгері сүйреген ойы, қиюы қашып, ыдырай бастаған ескі
қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күресіп, демократиягшыл озат ойларда берік
тұтынған кесек тұлғалы аса көрнекті қоғам қайраткері. Ол күнделікті
тіршілігімізде, рухани әлемімізді, қарақан басымызды алып жүруден бастап,
биік адамгершілікке дейінгі аралықта тегіс қамтитын жан-жақты құбылыс.
Абайды тануда саясат ықпалынан, уақыт қыспағынын аса алмаған кездер болды.
Енді заман өзгерген шақта азат елдің азат ойымен, азат жүрегімен, азат
зердесімен Абайды тануға тиіспіз. Оның өмірі мен еңбегі Мұхтар Әуезовтың
творчествасында үлкен орын алған тақырып. Жазушының Абай өмірі мен
творчествасына ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізу жолында сіңірген қыруар
еңбегі өз алдына бір төбе. Ол 1939 жылы өз Л. Соболевпен бірге Абай атты
трагедиясын 1945 жылы Абайдың туғанына 100 жыл толуымен байланысты Абай
операсының либреттосын және Абай жырлары атты көркем суретті фильмнің
сценарийін жазды. Алайда жазушының Абай образын кемеліне келтіре суреттеп,
сомдап соққан классикалық шығармасы – Абай жолы атты төрт томдық эпопея.
Қоғам құбылыстарын бойына мол сіңірген. Бұл эпопея елдің рухани үлгісі
болған Абайдың өмірі, үміті, арманы, айтысы, тартысы, халқына еткен еңбегі
жайында сөз қозғайды. Халық қамқоры, Қалың елім, қазағым деген Абайдың
адал өсиетті ойлы жандардың көкірегіне ұялап, оларды болашаққа мезгеген.
Абай жайында роман жазу жолында жазушыға кездескен кедергілер мен
қиындықтар аз емес. Ең алдымен материал тауып, жинаудың өзі қияметтей
қиындық келтірді. Сондықтан да жазушы өз жағдайын қоналқаға кем жетіп, өшіп
қалған күл арасынан болар-болмас шоқ тауып, оны өз демімен үрлеп, жылытып,
от тұтатқан жүргінші жолаушыдай сезінгені мәлім. Құнанбай, Абай, Бегеш,
Жиренше, Оразбай, Базаралы тағы өзгелер туралы көп білетін көнелер,
ақылгөй ақсақалдар халық шежіресі қариялардың айтқандарын жазушы әр кезде
жалықпай жазып отырған. М. Әуезов бұл жайды былайша баяндайды: Жас шағында
Абайдың іні-досы Кәкітай, Көкпай, Мұқа сияқты кісілерден естігенім романды
шындық мәліметтермен толықтыра түсуге көп себеп болды. Абайдың әкесі
Құнанбаймен көп алысқан Жігітек сияқты рулардың қарт-қариясымен көп
кездескенім бар. Абайдың өмір бойы досы болып өткен ертегіші Баймағанбет
те көп қызық жайларды баян еткен еді [2.129 бет].
Бұл шығарма оқушыға қызықты қиял мен өрен ой өлкесін кездіріп, талай
терең толғаныстар тудырады. Ол совет әдебиеті туындыларының маңдай легінен
орын алады деу аздық қылады, әлемнің басқа елдерінде онымен тең түсер
шығарма табу қиын.

Сүйер ұлын болса, сен сүй,
Сүйенерге жара ел – деп Абай атамыз айтқандай, жүректері қалаған
ұлдардың атын жұрт өздері-ақ жерге тастамайды. Алпамыс батыр, Қамбар батыр,
Балуан Шолақ, Біржан Сал, Ақан Серінің есімдері соның жарқын мысалы.
Құдайға шүкір, мақтан тұтар, үлгі етіп алға ұстар данаға да, батырға да бай
елміз. Олардың елі үшін жасап кеткен еңбектерін даралап атап, туған
халқымен қайыра табыстырудан, тегінде, кенде емеспіз.
Солардың бірі – халқымыздың біртуар ардақты азаматы М. Әуезов Тірлікке
терең шомып, ой ұрығын терең көміп іздену керек [3.193 бет] деп жазушының
өзі айтқандай үздіксіз ізденістер мен кең толғаныстар арқасында ғана адам
жанының асыл қасиеттері, оның ойы мен сезімінің кінәратсыз шынайылығы
барынша анық, нақты күйінде кез-келген шығарманың арқауы бола алады.
Осындай сәттерді жете сезінген, терең таныған жазушының өзі де
шығармаларында адам жанының шынайлығын, оның ойы мен сезімін табиғи
қалпында, таза күйінде бейнелейді. Бұл сабырлы да парасатты, кемеңгер
тұлғамыз – Абайдың бейнесін ашуда көрінеді. Жүзінде жылы жымиысы әдемі
ізгілікті адамның шытырманы, бел-белесі, қиясы мен өрі, қат-қабаты мол өз
жолы хақында жазылған Абай жолы романы – жазушының өмір-дәптері. Романның
алғашқы кітабында балалық шақтан бастап, азамат болып қалыптасқан Абай
бейнесі көрінеді. Бұл уақытта бала ақын өзін қоршаған орта айналасында
қайнаған жауыз тіршіліктің куәсі болады. Бала кезден әкесі орнатқан
тәртіпке, зорлақ-зомбылыққа жаны түршіге, жиіркене қарайды. Еріксіздігі мен
жігерсіздігі есебінен бұл феодалдық – рушылдық салт-санаға қарсы бел шешіп
күреспей тек іштей өкініш етеді. Балғын жастың бірден тарихи қайраткер
атанып, күреске араласып кетуінде мүмкіндік болмады. Ескі қоғамдық сана,
әлеуметтік бітіспес қайшылықтың аяққа тұсау, көңілге бұғау болды.
Абай Қарқаралыға аттанарда анасының: Балам, үлкендер бірде тату, бірде
араз бола беретін ... Күндестін күні күндес дегендей, сен білмей-ақ қой.
Әкең дұшпан десе, сен әділ бол! деген өсиетін жадында мықтап сақтайды.
Әкесіне жау адамдарға деген оның игі құрметін Бөжей асының ойдағыдай өтуіне
сіңірген ерең еңбегінен аңғаруға болады. Өмір бойы Абайдың ең алғашқы рет
ұйқысыз түндер өткізіп, қабағы қатып, қажыған жолы осы еді. Жақсы ағаның
зор дәмесін әмсе өстіп ақтағайсың! Өрісің алда! Бетін дұрыс! Дәл осы
бетінен жарылғасын [1.131 бет] – деп қарт Бөжей мен ақсақалдар алақан
жайып, ақ батамен тілеулестіктерін білдірді. Бөжейді іштей жақтап, оған
іштей тілектес болып жүрген Абай оның әкесінен жапа шегуші деп қана
жақтамай, халық ұлы деп құрметтеді. Бұл соқтық басы, шытырманы, бел-белесі
мол үлкен өмір жолының бастамасы ғана, сол кездін өзінде оынң көңілінде сан
ойлар кезегімен көрініс беріп, әр сөзінің ар жағында қорғасындай зіл батпан
ойлар, көңіл толқыны, жан жарасы, қатыгез өмірдің ащы шындығы жатты.
Абайды қоршап, қаладан алып қайтқан серіктері – Байтас пен Жұмабай бірі
сері, әнші болса, екіншісі одан өзгеше Құнанбай бағытын ұстаған адам.
Абайдың жанындағы жолдастарының мінездері екі түрлі болса, оның келешектегі
өмірінің де осындай бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі топтың арасында
қалыптасатынын, автор осы екі адам арқылы Абайдың келешекте екі ортамен
істес болатынын, оның сүйгені, қалағаны халқы, ақындық болатынын алғашқы
беттен-ақ байқатады.
М. Әуезовтың айтуынша, Абайдың рухани кемелденуіне ықпал жасаған арна –
үшеу:
Ұлттық және бүкіл адамзаттық мәдениеттің үш түрлі мол арнасы данышпан
ақынның шығармашылық ісіне рухани азық болды..Абайдың бүкіл ой-қиялына,
әлеуметтік, ақындық ісіне дем беріп, шапағатын төккен арнаның бірі –
халықтың өзі жасаған, ауыздан ауызға тараған, баспа жүзінде сақталып келген
қазақтың бағзы замандағы халық мәдениеттінің бай мұрасы...,ақындығына
рухани дем беріп, азық болған екінші арна-Шығыс мәдениетінің тамаша мұрасы,
үшінші арна-орыс мәдениеті, Еуропа мәдениеті [4.336 бет].
Қары көп қалың қыстың артынан көгі қалың, көлі мол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи шындық бейнеленуінің көркемдік уақыт аясындағы қамтылуы
Қазақ тарихы романдарындағы әйел бейнесі
Тарихи роман поэтикасы
Әуезов Мұхтар Омарханұлы ( 1897- 1961 жж.)
Қазақ прозасы және ондағы табиғат жанрының заңдылықтары
Абай жолы эпопеясындағы көркем уақыт пен тарихи шындық
М. Әуезовтың Абай жолы романындағы Құнанбай бейнесі
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
Қазақ романдарындағы өнер адамдарының образдық жүйесі
Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаты
Пәндер