Балықтар



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І.Бөлім. Балықтарға сипаттама. Балықтардың түрлері.
1.1. Балықтардың көбею мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Балықтар клас үстінің жалпы сипатамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3. Балықтар класс үстінің классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4. Сүйекті балықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.5. Шеміршекті балықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.6. КАСПИЙ ТЕҢІЗІ.Каспий балықтары

ІІ.Бөлім. Балықтың ауыл.шаруашылығындағы орны
2.1.Балық аулау құрал.жабдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.Балық өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3.Балық өсіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Дереккөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Балықтар (лат. Pіsces) – хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері 500 мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтардың мекен ету аумағы биік тау суқоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар –2°С-тан (арктикалық суда) 50°С (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ суға төзетін балықтар да бар. Балықтар дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 граммнан 12 – 14 тоннаға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтардың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы жетілген (мысалы, албырттардың май қанаты).
Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балықтар жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. 1 – 2 жыл (кейбірбұзаубас балықтар), тіпті 100 жылға дейін тіршілік ететін балықтар да бар. Жүрегі 2 камералы, қан айналу шеңбері – біреу. Миының құрылысы қарапайым. Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде денесінің тепе-теңдігін сақтау қызметін атқаратын торсылдағы болады. Ал кейбір балықтарда торсылдақ – тыныс алу органы. Балықтар торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің түріне қарай балықтар: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштар болып бөлінеді. Балықтардың әдетте дара жынысты, қос жынысты түрлері де бар. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де болады (мысалы, акулалар, гамбузия, т.б.). Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да бар (мысалы, қиыршығыс албырты, кета, т.б.). Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балықтар жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған километрге дейін өрістейді. Балықтар – адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі ХХ ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтардың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері көмегімен қамқорлық жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балықтардың түрлері мен түр тармақтары халықаралық және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (мысалы, ақ балық, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т.б.). Ғылыми мақсат үшін кейбір балықтарды лабораторияда өсіреді. Балықтарды аквариумда өсіру кең өріс алуда. Балықтар туралы ғылым ихтиологиядеп аталады.
Пайдаланған әдебиет
1. ↑ Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
2. ↑ Қазақстан Энциклопедиясы
3. Қазақ Энциклопедиясы
4. ↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
5. ↑ Балалар Энциклопедиясы, II- том
6. ↑Қазақ Энциклопедиясы
7. ↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
8. ↑ Балалар Энциклопедиясы, II- том
9. КукурадзеА.М., Мариаш Л.Ф. Материалы к экологии серебряного карася Carassius autarus gibelio (Bloch) низовья Дуная // Вопр. Ихтиологии – 1975.-15, вып.3. – С. 456 — 462
10. Межжерин С.В., Лисецский И.Л. Естесвенные гибридизация серебряного (Carassius autarus) и золотого (Carassius carassius) карасей: эволюционный феномен или поглощение одного вида другим? // Доп. НАН Украïни. – 2004. — №9. - С. 162-166
11. Межжерин С.В.., Лисецский И.Л. Генетическое структура популяций карася (Cypriniformes Cyprinidae, Carassius L., 1758), населяющих водоемы Среднеднепровского бассейна // Цитология и генетика. – 2004. - 38, №5. – С. 45-54.
12. Черфас Н.Б. Исследование однополой и двуполой формы серебристого карася Carassius autarus gibelio (Bloch) в связи естественным гипогенезом у данного вида: Автореф. дис. … канд.биол.наук – М., 1968. – 23 с
13. Головинская К.А., Ромашов Д.Д., Черфас Н.Б. Однополой и двуполой формы серебристого карася (Carassius autarus gibelio Bloch) // Вопр. Ихтиологии. – 1965. -5. вып.4. – С. 614 – 629
14. Межжерин С.В., Кокодий С.В. Диплоидно – полиплоидной комплекс Carassius autarus — сarassius карповых рыб (Cyprinidae) в фауне Украины // Reports of National Academy of Sciences of Ukraine, 2007, №12. – P 162-166
15. М.Құрсабаев.,- Сейтен Сауытбеков шығармалары негізінде оқушыларға этноэкологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары (диссертациялық жұмыс) Тараз, 2004, 156 бет
16. С.Л.Сауытбеков.,- Өлеңдер, поэмалар, Көкшетау, 2003, 185 бет
17. С.С.Жетпісқалиев.,- Сейтен тағылымы, Көкшетау, 2003, 86 бет
18. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
19. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І.Бөлім. Балықтарға сипаттама. Балықтардың түрлері.
1.1. Балықтардың көбею мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Балықтар клас үстінің жалпы сипатамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .
1.3. Балықтар класс үстінің классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4. Сүйекті балықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.5. Шеміршекті балықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.6. КАСПИЙ ТЕҢІЗІ.Каспий балықтары

ІІ.Бөлім. Балықтың ауыл-шаруашылығындағы орны
2.1.Балық аулау құрал-жабдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.Балық өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3.Балық өсіру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Дереккөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Балықтар (лат. Pіsces) - хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 - 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері 500 мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтардың мекен ету аумағы биік тау суқоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар - 2°С-тан (арктикалық суда) 50°С (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70%. суға төзетін балықтар да бар. Балықтар дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 граммнан 12 - 14 тоннаға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтардың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы жетілген (мысалы, албырттардың май қанаты).
Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балықтар жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. 1 - 2 жыл (кейбірбұзаубас балықтар), тіпті 100 жылға дейін тіршілік ететін балықтар да бар. Жүрегі 2 камералы, қан айналу шеңбері - біреу. Миының құрылысы қарапайым. Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде денесінің тепе-теңдігін сақтау қызметін атқаратын торсылдағы болады. Ал кейбір балықтарда торсылдақ - тыныс алу органы. Балықтар торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің түріне қарай балықтар: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштар болып бөлінеді. Балықтардың әдетте дара жынысты, қос жынысты түрлері де бар. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де болады (мысалы, акулалар, гамбузия, т.б.). Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да бар (мысалы, қиыршығыс албырты, кета, т.б.). Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балықтар жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған километрге дейін өрістейді. Балықтар - адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі ХХ ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтардың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері көмегімен қамқорлық жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балықтардың түрлері мен түр тармақтары халықаралық және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (мысалы, ақ балық, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т.б.). Ғылыми мақсат үшін кейбір балықтарды лабораторияда өсіреді. Балықтарды аквариумда өсіру кең өріс алуда. Балықтар туралы ғылым ихтиологиядеп аталады.

1.1.БАЛЫҚТАРДЫҢ ДАМУЫ МЕН КӨБЕЮI
Балықтардың барлығы уылдырықтарын суға шашады, кейбiр түрлерi көптеген миллион уылдырықты бiрден тастайды. Мұндай көбею сыртқы ұрықтану жолымен жүредi. Аналықтар уылдырық шашса, аталықтары оларды ұрықтандырады. Теңiз балықтары саны жағынан өте көп жұмыртқалар шашады, бiрақ бұл салада рекордсмен болып, алып ай-балық есептеледi: оның бiр аналығы бiр мәртеде 30 млн-ға жуық жұмыртқа шашады. Бiрақ уылдырық шашылған соң өздерi ғана қалады, олар ауруға, аштыққа және жыртқыштардың шабуылына шалдығады. Жұмыртқалардың өте көп болуы, аман қалуды қамтамасыз етуге қажет. Балықтардың көбею нақты белгiленген жерлерде - уылдырықтамаларда өтедi.
Жұмыртқалайтындар. Оларға балықтардың басым көпшiлiгi жатады. Албырттардың көбеюi мен дамуын мысалға келтiруге болады. Көбею мақсатында олар сөздiң тiкелей мағынасында - алысқа барады. Атлант албырты уылдырық шашуға дайын болғанда коректенетiн Лабрадар мен Гренландия су асты жайлымдарынан, өзi туылған жерi, Атлантиканың арғы бетiндегi өзенге жүзiп баруға дайын. Өзен ағысына қарсы көтерiлiп, албырт аналығы таза суы мен қиыршық тастар кенi бар жерiн iздеп табады. Ол құйрығымен кiшкене шұңқыр немесе бекiрелiлердiң ұясы деп аталатын төбешiк қазып, сол орынға жұмыртқалайды. Аталығы жұмыртқаларды ұрықтандырады, сонан соң аналығы ұрықтанған жұмыртқаларды қиыршық тастармен көмiп тастайды. Уылдырық шашқан соң әлсiзденген балықтар ағыспен ағып ауытқиды: кейбiреулерi мұхитқа жетпей өледi, бiрақ көбiсi келесi миграция мен уылдырық шашуға дейiн тiрi қалады. Жаңадан уылдырықтан шыққан патшабалық дернәсiлiнiң сарыуыз қабы болады, оның iшiнде өзi қоректенетiн сарыуызы бар. Сарыуыз дернәсiлдiң әрi қарай дамуына және оның шабаққа айналуына қажет. Сол шетте - бiрнеше апталық дернәсiлдер. Оң шетте - сарыуыз қабы жоқ албырт шабағы. Өзеннiң жылдам ағымы оларды ашық теңiзге алып кеткенше дейiн, шабақтар жетiлудiң бiрнеше кезеңiнен өтедi, сол уақыттың iшiнде олар туған ұясының маңынан алшақтамайды. Шабақтар басынан өтетiн метаморфоздар, оны тұзды суда тiршiлiк ете алатын балыққа айналдыруға бағытталған. Мұхитқа жетiп, өзi ағымға қарсы көтерiлiп және көбеюдiң жаңа циклiне бастама бергенше, албыр бiр метр ұзындыққа дейiн өсуi мүмкiн. Басқа өрiстегiш балықтар арасында ұзын жылантәрiздi денесi бар жыланбалық қызығушылық тудырады. Ғасырлар бойы осы балықтың көбею жұмбақ болып келiп, жақын уақытта ғана анықталды. Еуропа өзендерiнiң жыланбалықтары Атлант мұхитымен батысқа қарай жүзедi. Солтүстiк Американың жыланбалықтары Атлант мұхитымен шығысқа бет алады. Екеулерi де Саргасс теңiзiнде кездесiп, сол жерде уылдырық шашады. Одан ересек жыланбалыққа мүлдем ұқсамайтын дернәсiлдер шығады: олар мөлдiр, қысқа денелi және бүйiрлерiнен қатты қысылған болып келедi. Саргасс теңiзiнен дернәсiлдерi бiреулерi Еуропа жағалауларына аттанса, екiншiлерi Солтүстiк Америка жағалауларына қарай бет алады. Бiртiндеп дернәсiл құрылысы өзгередi және өзендерге жыланбалықтар кiредi. Қырық түрлi балықтардың аталықтары жынысын керiсiнше ауыстыра алады. Сол шетте жыланбалық аталығы электрик түсiне боялған. Аналыққа трасформациаланғаннан соң жыланбалық сары түстi болып шығады. Аталық пен аналықтың қызметтерi бiр организмде ұштасу құбылысы гермафродитизм деп аталатын, репродукция тәсiлiн бейнелейдi. Мұндай түрлердiң жыныс мүшелерi жұмыртқаны да сперманы да өндiредi. Мұндай түрдегi балықтар топ-топ болып тiршiлiк етедi және үйiр бастаушысы, ең iрi дарақ және аналық болады. Аталық көлемi жағынан аналыққа жақындайды, басқа дарақтар болса әлi ересек кезеңiне жеткен жоқ. Аналық өлген кезде, аталық оның орнын басады; топтағы көлемi жағынан келесi балық аталыққа айналады.
1.2.БАЛЫҚТАР КЛАС ҮСТIНIҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Балықтар - жер шарының суларын мекен еткен және бiрте-бiрте көне омыртқалылар - жақсыз балықтарды ығыстырып тастаған, алғашқы су жақауызды омыртқалылар. Олардың барлық құрылымы суда белсендi желбезекпен тыныс алуға және тiстейтiн жақтарымен қоректi белсендi ұстау жолымен қоректенуге бейiмделген.
Олар желбезек доғалардың сыртқы бетiнде отырған, елгезек бөлшектенген желбезектермен тыныс алады. Жүзудiң негiзгi мүшесi болып құйрық бөлiгiнiң жанама (бүйiр) қимылдары болып табылады. Көбiсiнiң денесi қабыршақпен қапталған, нағыз тiстерi, қимылды реттейтiн жұп аяқтары -- көкiрек және құрсақ жүзбе қанаттары және жұп емес жүзбе қанаттары - тұрақтандырушылары болады. Одан басқа иiс, көру мен статоакустика сезу мүшелерi жақсы дамыған және дөңгелекауыздылардағы сияқты терi бүйiр сызығы бар. Қанайналым шеңберi бiр.
Қаңқасы сүйектi немесе шемiршектi болады. Бас сүйегi омыртқа жотасымен қозғалмай буындасқан бас сүйек қорабынан және жақ пен желбезек аппараттарын ұстап тұратын, қаңқалы доғалардың бассүйегiмен қозғалмалы буындасқан түрiндегi висцеральдi қаңқадан тұрады.
Балықтар суда көбейедi, көбiсi уылдырық шашады, ұрықтануы сырттай.

1.3.БАЛЫҚТАР КЛАСС ҮСТIНIҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Балықтар морфо-физиологиялық және экологиялық қатынастағы ең сан-алуанды жануарлар тобы. Олар жер шарының барлық су қоймаларында мекендейдi, әр-түрлi қоршаған су ортасына бейiмделген, экватордан Солтүстiк полюсқа дейiн, мұхит түбi мен жер асты суларынан биiк таулы бұлақтарға дейiн және алуан түрлi формаларды құрайды. Қазiргi балықтар түрлерiнiң саны 20 мың шамасында. Балықтар ең көне (дөңгелекауыздылардан кейiн) жануарлар тобы болып есептеледi. Барлық ғалымдар қазiргi балықтар екi дараланған топқа жiктеледi дегенге келiседi: шемiршектiлер және сүйектiлер, оларды қазiр екi дара класс ретiнде қарастыруда.
Шемiршектi балықтардың сүйегi болмайды және олардың iшкi қаңқасы түгел шемiршектен тұрады. Олар екi тең емес топқа бөлiнедi: қаңқаның қарапайым құрылысын сақтап қалған бiрақ аса жетiлген көбею мүшелерi мен жүйке жүйесi бар тақташажелбезектiлер немесе акулалы балықтардың үлкен тобы және жоғары жақтары бассүйек қорабымен қосылып, өздерiне негiзгi қорек болатын, ұлулардың бақалшақтарын шағуға қажеттi ерекше берiктiлiк тапқан, химералар немесе бүтiнбастылардың аздаған тобы.
Сүйектi балықтардың көбiсiнiң шығу тегi терiлi - сыртқы да, iшкi де аса жетiлген және олар желбезекпен желбезектiк қақпақшалар көмегiмен тыныс алады және желқабыздары болады. Олардың арасында ең жетiлгендерi - 19,5 мың түрдi құрайтын, сүйектi балықтар, ал басқа балықтардың барлығын қосқанда бар-жоғы 500 жуық түрi бар.
Сүйектi балықтардың жүйелiлiгi жөнiнде ғалымдар арасында көптеген пiкiрлер бар. Ихтиологтар сүйектi балықтарды жиi екi класс тармағына бөледi: қостыныстыларға және барлық басқа балықтар жататын аяқауыздыларға. Морфологтар қостынысты балықтарды саусақ қанаттылармен қоса хоандiлер класс тармағына бiрiктiредi, ал басқаларын болса сәулеқанаттылар класс тармағына немесе -- көне-және жаңа қанаттылар класс тармағына жатқызады.
Төмендегi, отрядтарға дейiн жеткiзiлген классификация, бiздiң оқулықта қабылданған қазiргi балықтар жүйелiлiгi туралы көрiнiстi бередi. Сүйектi балықтарды 30-40 отрядқа бiрiктiредi, бұл жерде ең маңызды 15 аталған

Балықтар класс үстiнiң классификациясы
Балықтар класы
1 класс. Шемiршектi балықтар. 2 класс. Сүйектi балықтар.
1 класс. Шемiршектi балықтар (Chondichthyes).
1 класс тармағы. Акулалылар немесе тақташажелбезектiлер (Elasmobranchi).
Акулалар отряды (Selachiiformes немесе Selachoidea).
Скаттар отряды (Rajiformes немесе Batoidea).
Химералылар отряды(Chimoerae).
2 класс. Сүйектi балықтар (Osteichthyes).
1 класс тармағы. Сәулеқанаттылар (Actinopteryqii).
1. Отряд үстi. Шемiршектi ганоидтар немесе сүйекшемiршектiлер (Chondrostei).
Бекiрелер отряды (Acipenseriformes).
2. Отряд үстi. Сүйектi ганоидтар (Holostei).
Сауытты шортандар отряды (Lepidosteiformes).
Амиялар немесе тұнбалы балықтар (Amiiformes).
3. Отряд үстi. Сүйектi балықтар (Teleostei).
Майшабақ тәрiздiлер отряды (Clupeiformes).
Тұқыбалық тәрiздiлер отряды (Cypriniformes).
Жыланбалықтәрiздiлер отряды (Anquiliformes).
Тұқыбалықтiстiлер отряды (Gyprinodontiformes).
Шортантәрiздiлер отряды (Esociiformes).
Саргандiлер отряды (Beloniformes).
Жұмсаққанатты треска тәрiздiлер отряды (Gadiformes).
Колюншоттәрiздiлер отряды (Gasterosteiformes).
Шоқ желбезектiлер отряды (Lophobranchiiformes).
Басқынбалықтәрiздiлер отряды (Muqiliformes).

Алабұғатәрiздiлер отряды (Perciformes).
Жабысқақ балықтар отряды (Echeneiformes).
Түйетабантәрiздiлер отряды (Pleuronectiformes).
Аяққанаттылар отряды (Pediculati, немесе Lophiiformes).
Жабысқан жақтылар отряды (Plectognathi немесе Tetradontiformes).
2 класс тармағы. Көпқанаттылар (Brachiopteryqii).
Көпқанаттылар отряды (Polypteriformes).
3 класс тармағы. Саусақканаттылар (Crossopteryqii).
Целокантини отряды (Coelacanthiformes).
4 класс тармағы. Қостыныстылар (Dipnoi).
Бiрөкпелiлер отряды (Monipneumones).
Косөкпелiлер отряды (Dipneumones
Шемiршектi және сүйектi балықтар арасында, дамыған жас балықтарды туатындар да кездеседi. Тiрi туатын түрлер акулалар, скаттар және т.б. Акулалар арасында тiрi туатын түрлердiң ұрпағы аналық "жатырында" дамиды. Тiрi туу жағдайларында сүйектi қабықшасы
1. Балықтар омыртқалы жануарлар.
2. Сүйекті балықтардың құрлысы және тіршілік әрекеті.
3. Балықтар түрінің сан алуандығы.
4. Сүйекті балықтар класына жататын жануарлардың негізгі ерекшеліктері.
5. Балықтардың кәсіптік маңызы.
6. Эпителий ұлпа.
7. Бұлшық еттер.

І.Бөлім.Балықтың түрлері
Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 г-нан 12 - 14 т-ға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі:ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы (мысалы, албырттардың май қанаты) жетілген. Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балық жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты.Бір-екі жыл (кейбір бұзаубас балықтар), тіпті жүз жылға дейін (қортпа) тіршілік ететін балықтар да бар. Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде торсылдақ болады, ол дене тепе-теңдігін сақтау қызметін атқарады, ал кейбір балықта торсылдақ - тыныс алу органы; балық торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің түріне қарай балық: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштар болып бөлінеді. Балық әдетте дара жынысты, сондай-ақ қос жынысты түрлері де кездеседі. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де (мысалы, акулалар, гамбузия,т.б.) болады. Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да (мысалы, қиыр шығыс албырты, кета, т.б.) болады. Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балық жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған киллометрге дейін өрістейді.
1.4.Сүйекті балықтар (лат.Osteichthyes) -- омыртқалы жануарлар класы, қазіргі заманда балықтардың ең түрге бай тобы. Дене ұзындығы 0,7-1,1 см, ден 5-7 м дейін, салмағы 1,5 т жетеді. Ішкі қаңқасы сүйектенген. Әрдайым тері сүйектері болады. Қабыршақтары әртүрлі: ганоидтық, космоидтық немесе сүйекті, (цикпоидтық, немесе ктеноидтық). Желбезектері қоршаулармен бөлінбеген. Кейбір түрлердің торсылдағы жойылған. Ұрықтану сыртқы ортада өтеді, кейбір түрлері тірі табатындар. Тұщы су және теңіз балықтарының қысымды реттеуі әртүрлі: тұщы су балықтары артық суды желбезек және тері арқылы шығарады, ал теңіз балықтары, бүйрек және желбезек арқылы. 2 класс тармағы бар: қалаққанаттылар және сәулеқанаттылар, (қазіргі заман балықтарының негізгі бөлігі).[1]

Сүйекті балықтардың қазіргі кезде 20 000-нан астам түрлері бар. Дене пішіндері де түрліше. Денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қашаған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Олардың қаңқа бөлімдері шеміршекті балықтардың қаңқа бөлімдеріне ұқсас. Сүйекті балықтардың желбезектерінің сырты сүйекті желбезек қақпағымен жабылған. Сүйекті балықтардың көпшілігінің аузы бас бөлімінің алдыңғы тұсында орналасады. Жақсүйектерде және т.б. сүйектерде де тістері бар. Ал тұқы балықтарының желбезек доғаларында жұтқыншақ тістері де болады. Ауыз қуысына көлемді жұтқыншақ жалғасады. Қысқа өңеші қарынмен жалғасқан. Қоректік заттарға байланысты қарынның көлемі мен пішіні әр түрлі. Жыртқыш балықтардың (алабұға, шортан) қарны үлкен әрі созылғыш. Қарыннан аш ішек басталады. Сүйекті балықтардың ішегі едәуір ұзын. Кейбір балықтарда аш ішек пен тоқ ішектің түйіскен жерінде ұсақ тұйық өскіндер болады. Олар ішектің ішкі сіңіру бетін үлғайтады. Тік ішек аналь тесігімен аяқталады. Бауырлық, үйқыбездің өзектері аш ішектің алдыңғы бөлігіне ашылады. Бауырулы заттар мен зиянды өкімдерді зарарсыздандыруға қатысады. Сүйекті балықтарда ерекше мүше - торсылдақ болады. Іші ауаға толы торсылдақ ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлінеді. Ол балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды. Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс алуға, дыбыс шығаруға қатысады. Су түбінде тіршілік етуге бейімделген сүйекті балықтарда торсылдақ болмайды. Сүйекті балықтар желбезектерінің сыртында сүйекті желбезек қақпағы болады. Желбезек шашақтары бірден сүйекті желбезек доғаларына бекіген. Сүйекті балықтардың терілі желбезекаралық пердесі болмайды. Тынысалуы желбезек қақпағының қозғалуына тікелей байланысты. Сүйекті балықтардың қантарату жүйесі теміршекті балықтарға ұқсас. Қарыншаның қабырғасы құлақшадан қалың, одан құрсақ қолқа қантамыры басталады. Сүйекті балықтарда да екі бүйрек, екі несепағар өзек болады. Оларда алғашрет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі - қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік те сыртқа жеке ашылады. Сүйекті балықтар миының қүрылысы темір шекті балықтардың миымен салыстырғанда қарапайым әрі кіші. Алдыңғы ми - шағын, екі ми сыңарына бөлінбеген. Ортаңғы ми мен мишығының көлемі үлкендеу. Көзінің құрылысы шеміршекті балықтарға ұқсас. Есту мүшесі де тек ішкі құлақтан тұрады. Балықтар бірімен-бірі түрліше дыбыстар шығару арқылы байланыс жасайды. Дыбыстарды қабылдайтын; балықтар тіршілігінде маңызы зор. Бұлардың иіс, дәм сезуі, бүйір сызығы шеміршекті балықтарға ұқсас. Балықтарда дара жынысты, қосжыныстылық сирек кездеседі. Тек теңіз алабұғасы ғана қосжынысты. Аталықтарының да, аналықтарының да екі-екіден жыныс бездері бар. Аталық безден бөлінген сұйықтық шовал деп аталады. Оның құрамында өте көп мөлшерде аталық жыныс жасушасы - сперматозоидтар болады. Аналық безде уылдырықдеп аталатын майда жүмыртқажасушалар жетіледі. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады, сондықтан да өте көп мөлшерде уылдырық шашады. Кәсіптік мәні бар балықтарды көбейту үшін, арнайы балық зауыттарында қолдан ұрықтандырыл, шабақтар өсіріледі. Кейбір балықтар көбею кезінде жылыстап, өрістейді. Мысалы, бекірелер, албырттар теңіздей өзенге өрістеп, уылдырық шашады. Ал өзен жыланбалығы керісінше, өзеннен теңізге өтіп, уылдырық шашады. Ұрықтанған уылдырықтан бірте-бірте дернәсіл, одан шабақ өсіп жетіледі. Балықтар мүхиттарда, теңіздерде, өзендерде, басқа да су айдындарында кездеседі. Әсіресе, теңіз жағалауының 200 метрге дейінгі қабаттарында көбірек таралған. Ондай жерлерге күн сәулесі мол түсіп, су өсімдіктері көп өседі. Балдырлы көлде балық көп деген сөз соны аңғартады. Сүйекті балықтардың 2 класс тармағы бар. Бүлардың кейбір отрядтарының қаңқасында сүйектен гөрі шеміршек көбірек. Сондықтан шеміршекті балықтарға ұқсас белгілері байқалады. Мысалы, тұмсығының болуы, құйрық жүзбеқанат қалаларының тең болмауы. Олардың сүйекті балықтарға тән желбезек қақпағы және торсылдағы болады. Бұл балықтар бекіретәріздестер отрядына топтастырылған. Олардың денесін бойлай 5 қатар ірі мүйізді шытыралар орналасқан. Мұндай шытыралар жонында, екі бүйірінің арқа және құрсақ тұсында да бар. Басқа балықтардың денесінде осындай ірі мүйізді шытыралар болмайды. Балықтардың жеке түрлерін осы шытыралардың санына қарай ажыратады. Бекірелердің кәсіптік мәні зор. Дәмді еті, қара уылдырығы қымбат бағаланады. Сондықтан да халқымыз балық патшасы - бекіредеп атайды. Каспий теңізінде кездеседі. Олар уылдырық шашу үшін Еділ, Жайық өзендеріне көтеріліп өрістейді. Ондай балықтарды өрістегіш балықтар деп атайды. Бекіре балықтарының тіршілігін байқаған халқымыз бекіренің басы тасқа тимей, қайтпайды - деп қорытынды жасаған. Бекіренің бал татыған еті, бекіренің бес кеспесі - деген сөздер бекіре етінің құндылығын аңғартады. Бекіре балықтарының бір тобы - тасбекірелер. Қазақстанда кездесетін сырдария тасбекіресі мен пілмай сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.

1. Сәулеқанатты балықтар.
Қазіргі кезде тіршілік ететін балықтардың 90%-дай астамы осы топқа жатады. Дүние жүзінің түрлі су айдындарында кеңінен таралған және олардың кәсіптік мәні зор. Сүйекті қабыршақтары денесіне жапсарласа орналасқан. Құйрық жүзбеқанатының екі қалағы тең, торсылдат бар, қаңқасы негізінен сүйектен тұрады. Сәулеқанатты балықтардың кәсіптік мәні бар басты отрядтарына ғана тоқталамыз.
2. Қалаққанатты балықтар.
Бұған қостынысты және саусаққанатты балықтар жатады. Қостынысты Салықтар. Олар желбезегімен әрі өкпемен тыныс алады. Құрғақшылық мезгілде суы тартылып қалатын өзендерде тіршілік етеді. Қостынысты балықтардың торсылдағы өкпеге айналған. Дене пішіні ұршық тәрізді, тұрқы 30 сантиметрден 2 метрге дейін жетелі. Жұп жүзбеқанаттары нашар дамыған. Олар Амазонка өзенінде, Африканың, Австралияның өзендерінде кездеседі.
Саусаққанатты Салықтар.

Латимерия.
Бұл балықтар ерте заманда кеңінен таралып, кейін жойылып кеткен. Қазіргі кезде оның бір ғана - латимерия деген түрі сақталған. Ғалымдардың пікірі бойынша, қүрлыққа алғаш шыққан қосмекенділердің арғы тегі, осы саусаққанатты балықтар. 1938 жылы Үнді мұхитыныңАфрика жағалауынан латимерия алғаш рет ауға түсті. Саны аз болғандықтан, ауға өте сирек түседі. Латимерия - аузында өткір тістері бар жыртқыш балық. Денесінде желі өмір бойы сақталады. Үлкен өкпесі күрделі өзгеріске ұшырап, майлы мүшеге айналған. Ішкі танау тесігі болмағандықтан, атмосфералық ауамен тыныс ала алмайды. Жұп жүзбеқанаттары еті мол жалпақ қалаққа айналған. Жүзбеқанаттарының қаңқасы бес саусақты аяқтарға ұқсас Майшабақтәріздестер отряды. Көпшілік түрлері теңіздерде топтанып тіршілік етеді. Майшабақтардың Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінде көп тараған түрі - Мұхит майшабағы. Сардинка (Қиыр Шығыс теңіздерінде), қылқа (килька) (Балтық, Қара теңіз дерінде), түлкібалық (тюлька) (Каспий, Қара теңіздерінде) көптеп ау даналы. Каспийдің солтүстік аймағында, Жайық өзенінде кездесетін еділ майшабағы Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Албырттәріздестер отряды. Дене тұрқы орташа, ірі балықтар (жеңсік албырт). Олар құйрық бөлімше жақын орналасқан майлы жүзбеқанаты арқылы басқа балықтардан бірден ажыратады. Бұлардың көпшілік түрлері өрістегіш балықтар. Албырттар Қиыр Шығыс теңіздерін де көптеп кездеседі. Уылдырық шашу үшін Амур өзенінекөтеріл еді. Тіршілігінде бір-ақ рет уылдырық шашып, өледі. Оған кета, нерпа, ұнысбалық, т. б. балықтар жатады. Албырт балықтарынан қызыл уылдырық алынады. Бұған таулы алқаптың өзен-көлдерінде кездесетін, бахтах (форель) балығы да жатады. Еті өте дәмді болғандықтан, оны кейде "патша балығы'' деп атайды. Каспий және аралалбырттары деген түрлерінің саны аз болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Сетінектер (трескалар) отряды. Қазіргі кезде кәсіптік мәні зор балықтардың көпшілігі осы отрядқа жатады. Сетінектер солтүстік жарты шардың қоңыржай және арктикалық теңіздерінде кеңінен таралған. Балықтың келтірілген еті сыртылдау ыдырайтын болғандықтан, сетінек деп аталған. Олардың еті, бауыр майы қымбат бағаланады. Бауырынан балық майы алынады. Оның құрамындаД витамині мол. Оны мешел ауруына қарсы ем ретінде пайдаланады. Көзауықтар (камбалалар) отряды. Олардың тұлғасы жалпақ. Теңіздің түбінде тіршілік етуге бейімделген. Арқа жағының түсі қарақошқыл, ал құрсақ жағы ақшыл болады. Оларды арнайы темір аудар салып ауд айды. Көзауықтың тілбейне (глосса), қалқан деген түрлері Арал теңізіне жерсіндірілген. Соңғы жылдары Арал балықшылары тілбейнені аулан, табыс көзіне айналдыруда. Тұқытәріздестер отряды. Бұл отрядқа тұщы суларда тіршілік ететін аққайран, мөңке, қаракөз, табан, ақмарқа, қаяз балықтары жатады. Тұқы, мөңке балықтарын қолдан жасаған тоған суларында өсіру тиімді әрі пайдалы. Олар (ақ амур, дөңмаңдай, т.б.) өсімдіктермен қоректенеді. Қазақстанның су айдындарында 180-ге жуық балық түрлері кездеседі. Соның 16 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Солардың ішінде біздің елімізде ғана кездесетін балқаш алабұғасын, іле шармайын сақтап қалудың маңызы зор. Сүйекті балықтар - денесі қабыршақтан қапталған, қабыршақтары және қаңқасы сүйектен түзілген, желбезек қақпақтары бар омыртқа жоталы жануарлар. Сүйекті балықтар негізгі 2 класс тармағына бөлінеді. Олар: сәулеқанатты және қалаққанатты балықтар. Сәулеқанатты балықтарға бекіретәріздестер, майшабақтәріздестер, албырттәріздестер, сетінектер, көзауықтар, тұқытәріздес балықтар жатады. Ал қостынысты және саусаққанатты балықтар қалаққанаттыларға топтастырылады. Сүйекті балықтардың көпшілігінде торсылдақ бар. Су түбінде өмір сүретіндерінде торсылдақ болмайды. Бұлар - дара жынысты балықтар. Тек теңіз алабұлғасы ғана қосжынысты. Сүйекті балықтар уылдырық шашу арқылы сырттай ұрықтанады. Бұлардың кәсіптік маңызы зор. Сүйекті балықтар - алғаш сула өмір сүрген омыртқа жоталы жануарлар. Балықтар - омыртқалы жануарлар. Желілілер типіндегі жоғары сатылы жануарлар да омыртқа жотасы болады, олай жануарларды омыртқалылар деп аталады.
Балық та - омыртқалы жануар.
Балықтардың орталық жүйке жүйесі мидан және жұлыннан құралады. Ми-бас сүйектегі ми сауытында орналасады. Сондықтан балықтар жануарлардың бассүйектілер тип тармағына жатады.
Балықтар өмір бойы желбезен арқылы тыныс алады.
Балықтар негізінде үлкен топқа бөлінеді. Оған шеміршекті балықтар класы, шеміршек - сүйектілер, сүйекті балықтар класы, саусақ қанатты балықтар класына бөлінеді.
Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Шапшаң жүзетін аккула, албырт, көксерке тәрізді балықтардың денесі ұршық-сопты жұмыр болса, баяу қозғалатын сазан, тобан, тұқы, мөңке тәрізділердің екі бүйірі қызыңқы, жоны көтеріңкі болады. Ал су түбінде тіршілік ететін балықтардың құрсағы арқасына қарай қабысып, денесі талпайып кетеді.
Тіршілік етуіне байланысты кейбір ерекшеліктері ғана болмаса, дене және мүшелер жүйесінің құрлысы шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтарда біріне-бірі ұқсас.
Сүйекті балықтардың 2000-ға тарта түрі белгілі.
Балықтар класының көпшілігі сүйекті балықтар тобына жатады. Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік тараған. Сондықтан да, тіршілік жағдайларының алуан түрлі болуы олардың түрге бай, көп түрлі болуына себепті болған. Балықтардың бұл тобының негізгі белгілері мен құрлысындағы ерекшеліктері мыналар. Скелеті қандай дәрежеде болса да сүйекті болады. Скелетінің алғашқы сүйектенуін жамылғы немесе тері сүйектену деп атайды. Эмбриональдық дәуірде, сүйектердің бұл түрі скелеттің шеміршекті элементтерінен дамымай, терінің дәнекер тканьдерінен дамиды. Тек 0ана6 ол скелет шем3ршектер3не жабысып жатады. Сондықтан да, жамылғы сүйектің бұл түрі теріге жабысып жатқан тақташа сияты болады. Балықтар скелетінің құрамына жабын сүйектен басқа шеміршекті сүйектер кездеседі. Сүйектің бұл түрі эмбриональдық дәуірде, шеміршектің біртіңдеп сүйектерінен пайда болады. Гистологиялық қалыптасқан шеміршекті сүйектердің жоғарыда көрсетілген жамылғы сүйектерден елеулі айырмашылығы болмайды.
Сүйекті балықтар тобына тән екінші бір жалпы ортақ белгісі желбезен аралық перделері болмайды. Сондықтан желбезек жапырақшалары бірден желбезектер шеңберіне орналасады, желбезек аппаратын сыртынан жауып тұратын қақпағы болады.
Сүйекті балықтардың көптеген түрлерінде жүзу торсылдағы болады. Торсылдақтың ішіндей газдың мөлшерін ұлғайту, немесе азайту арқылы судың терең қабатынан көтерілуге, немесе су түбіне батып кетуіне мүмкімдік алады.
Ұрықтануы әдетте сыртта болады. Уылдырықтары ұсақ мүйіз тәрізді қабығы болмайды. Біразы тірі туады.
Осы кездегі сүйекті балықтар төрт класс тармағына бөлінеді: шеміршекті сүйектілер, қауырсын қанаттылар, қос тыныстылар және саусақ қанаттылар.
Шеміршекті сүйектілерге бұл класс тармағына сүйекті балықтар тобының ертедегі және қарапайым құрылысты түрлері жатады. Шеміршекті сүйектілердің көп белгілері шеміршекті балықтарға ұқсайды ұқсайды және скелеттерінің сүйекті жерлері көп емес. Ол скелет сүйектері терінің жамылғы сүйектерінен пайда болған. Шеміршекті сүйектілер көбінесе су түбінде тіршілік етуге бейімделген. Шеміршекті сүйекті балықтарда, шеміршекті балықтардың мына белгілері сақталған: рострумның болуы, сондықтан ауыз тесігі көлденең саңылау секілденіп басының астыңғы бетінде орналасқан. Құйрық қанаты гетероңеркальды, жұп қанаттары қақпашолары және жүрегінің артерияларды конусы болады. Сонымен қатар кейбір сүйекті балықтарға тән белгілері де бар: қаңқасының сүйекті бөлімі және желбезен қақпаларының болуы, желбезен сүйекті жақтары мен қоршалған аузы орналасады. Көздері кішкентай, ал олардың алдыңғы жағында, басының үстінге бетінде, танау тесіктері тұрады. Әрбір танау тесігі тері тектес көлденең тұрған пердемен екі
( алдыңғы және артқы ) бөлімге бөлінеді. Бастың артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпалары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан. Балықтың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтардың ілгері қарай қозғалуына құйрық қанаты басты органы болып табылады, ол денені басқару қызметін атқарады. Балықтар қос қанаттары арқылы су ішінде денесін бұрып отырады. Егер қос қанаттарын денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады. Арқа және құсақ қанаттары активті қозғалыстарға қатыспағанмен балық денесінің орнықты болуына олардың үлкен әсері тиеді.
Алабұғаның басынан басқа денесін жұқа пластинка тәрізді көптеген сүйекті қабыршақтар жауып тұрады. Пластинканың бір шеті терісіне бекініп, екінші шеті сыртқы шығып жатады. Сол, сыртқы шығып жатқан бөлімінің сыртында ұсақ тіс сияқты бұдырлары болады. Мұндай қабыршақтарды ктенондты қабыршақ деп атайды. Сүйекті балықтардың көптеген түрлеріне - карп, сазан тағы басқаларының қабыршақтарының сырты тегіс болады. Мұндай қабыршақтарды циклондты қабыршақ деп атайды. Басынан құйрығына дейін, бүкіл дене бойына созылып жатқан бүйір сызығы бар. Бұл бүйір сызығы дененің екі жақ бүйірінен тартылған өзек секілді. Бүйір сызығының өткен жерін сыртқы қабыршағына қарап білуге болады. Бүйір сызығы өткел жерлерде қабыршақтарында қатарласып орналасқан тесіктері болады. Осы тесіктері арқылы бүйір сызығы сыртқы ортамен қатысады. Сырттан қабылданған әсерлер, сызық арқылы миға жеткізіледі. Бүйір сызығы есту органдарының қызметін атқарады. Балықтардың көру органы жақсы дамыған. Сондықтан судың ішіндегі қатты заттарға соқтықпауына бүйір сызығы себепкер болады. Сол сияқты судың терең немесе таяу қабаттарында жүргенін осы бүйір сызығы арқылы сезеді.
Бүйір сызығы түрлі балықтарда түрліше орналасқан. Мысалы алабұғада бүйір сызығы бүйірін қуалай орналасса, ал семсер балықтардың бүйір сызығы иректеліп орналасады. Терісінде болатын көптеген бір клеткалы бездер үздіксіз шырын шығарып тұрады. Сол шырынның әсерінен балықтың денесі су ішінде майлап қойған секілді кедергісіз, тез қозғалады. Омыртқа желісі Амфицельді сүйекті омыртқалардан тұрады. Ол кеуде, құйрық болып екі бөлімге бөлінеді. Кеуде бөлімінің доғасы қосылып жұмыс каналын құрайды, құйрық бөлімінде ондай құбылыс байқалмайды.
Алабұғаның бас сүйегінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Сонедықтан да біз ең алдымен жалпы сүйекті балықтардың бас сүйегінің құрлысына тоқталамыз. Бас сүйегі тері және шеміршек тектес сүйектен пайда болған.
Ми сауыты шеміршекті сүйектерден тұрады. Ми сауытының артқы бөлімі, қарақұс тесігін көмкере орналасқан төрт шүйде сүйектерінен құралған. Қарақұс тесігінің төменгі жағында негізгі шүйде сүйегі, осы тесіктің екі бүйірінде парлы бүйір сүйегі, ао жоғары жағынан жоғары шүйде сүйегі қоршап жатады. Есту капсуласының маңында бас сүйегінің екі жағына бес-бестен орналасқан құлақ сүйегі болады.
Қос қанат сана тәрізді және көз санасы тәрізді сүйектер бар. Бұл сүйектер көз қуысының жоғарғы артқы және орта бөлімдерінен қалыптастырады. Иіс бөлімін дара аралық иіс сүйегі және жұп бүйір иіс сүйектері құрайды. Шеміршек арқылы сүйектену ми сауытының артқы, бүйір бөлімдерін аздап та болса оның астыңғы бөлімін құрайды. Ми қақпағын құрауға қатыспайды.
Бас сүйегінің қақпақ жағы, оның бүйір, астыңғы бөлімінің сүйектері тері тектес сүйектерден пайда болған. Бас сүйегінің қақпағының алдыңғы бөлімдері жұп мұрын сүйектерінен, маңдай сүйектерінен және одан әрірек шүйде жағына таман жұп төбе сүйектерінен құралады. Оның төменгі жағында - барлық бас сүйегінің түбін парасфенонд және оның алдынғы жағында жатқан өре сүйегі (санник) құрайды. Тіл асты сүйектер мен желбезек шеңберлері тек қана шеміршектегі сүйектерден құралған. Тіл асты доғасының жоғарғы бөлімі, акулалардікі тәрізді үлкен гиомандибуляре - деген сүйектен пайда болған. Гиомандибуляриге бір жағынан шаршы сүйектен буындасып тұрған симплектикум келіп ұштасады да, ал екінші жағынан жақ асты шеңберінің төменгі бөлімінің элементтері жалғасып жатады. Сөйтіп, гиомандебуляре симплектуммен бірігіп жағы ілініп тұратын, арқалық тірек болып есептеледі. Жоғарғы жақ бас сауытына тікелей бекиді. Тек қана бас сүйегінің есіту бөлімінде, гиомандибуляре сүйегі арқылы жалғасқан түрін гиостилия деп атаймыз. Симплектикум - дегеніміз сүйекті балықтарға ғана тән айрықша сүйек. Бес пар желбезек доғалары болады, бірақ соңғы пары нашар жетілген.
Желбезек қақпағы гиомендибуляре сүйегіне бекітіп тұрады. Желбезек шатыры төрт сүйектен тұрады. Қауырсын қанатты балықтарға ғана тән, тіл асты доғасының төменгі бөлімінің артқы жиектеріне бекіген бірнеше ұзын сүйектілер - желбезек торсылдағының қауырсындары болады. Алабұға бас сүйегінің бұл схемадан ерекшелігі - біріншіден, ми сауытының үстіңгі және шеміршек сүйектері бірігіп кеткен, екіншіден,көз аралық пердесі болмайды.
Кеуде қанаттарының скелетінде базалиялар болмайды, ол тек қана сүйекті радиямидан және қанаттың сүйекті қауырсындарынан құралады. Радиялар барып бірден нық белдеуіне жалғасады. Алдыңғы аяқ белдеуі басқа сүйекті балықтардікі сияқты нашар дамыған және ол кішіреки жауырын менкораконд деген сүйекшелерден тұрады. Белдеу сүйектерінің ішіндегі ең ірісі, орақ тәрізді - клейтрум деп аталатын сүйек. Ол ұсақ сүйектер арқылы бас сүйегінің сауытымен жалғасады. Құрсақ қанаттарының скелеті тек қана тері тектес сүйектерден қалыптасады. Артқы аяқ белдеуі қалың еттің арасына еніп жатқан екі ұзындау пластикадан тұрады. Сүйекті балықтардың алдыңғы жұп қанаттарының базалиясы, ал артқы парында радиялиясы да болмайды. Бұл сүйекті балықтардың аяқ скелеттерінің шеміршекті балықтардан ерекшелігі болып табылады.
Ет системасы. Кеудесі мен құйрық бөлімінің ет системасы, минога мен акулаларікі сияқты миосепталармен құралады. Жеке миомерлер воронка тәрізді болып бір - біріне еніп тұрады. Қанаттарының еттері жекеленіп жіктелген. Шеміршекті балықтарға қарағанда шеміршекті - сүйектілердің балықтардың миына қарағанда әлде қайда қарапайым болады. Сүйекті балықтардың миының көлемі кішірек келеді. Алдыңғы миы кішірек және сүйекті балықтардың көпшілігінде ол үстіңгі жағынан нерв заттары жоқ эпителиймен қапталған. Ортаңғы ми мен мишық көлемдірек болады. Алдыңғы мидан кішірек иіс бөлімдері тарайды. Бұған алдыңғы мидың жұп өсінділері енеді. Аралық өте кішкене және алдыңғы мидан айқын бөлінбеген. Аралық мидың қақпағынан эпифиз бөлінеді. Ортаңғы миы басқа сүйекті балықтардікі сияқты, басқа ми бөлімдерімен салыстырғанда өте үлкен болады. Мишығы өте үлкен және ортаңғы миға жанасып жатады. Бас миынан 10 пар нерв тарайдыҒ 12 пары бас сауытынан тысқары жерден шығады.
Көздерінің құрылысы, балықтардың көпшілігінде сияқты домалағы болып келеді, хрустанегі және қасаң қабығы болады, сондықтан да көздің алдыңғы камерасы кішкене келеді. Көздің белокты қабығы шеміршекте болады. Көз алмасының қан тамырлы
қабатынан оның қуысына орақ тәрізді өсінді келеді. Көз алмасының күміс түсті қабығы белокты қабықтың астыңғы жағына орналасқан.
Көз ұясының қабырғаларын кесіп, көздің белокты қабығына алты бөлек ет бекиді. Еттердің жиырылып жазылу нәтижесінде көз алмасы қозғалып отырады. Орақ тәрізді өсінділер арқылы хрусталик қозғалады. Көз қабақтары болмайды. Есту органдары. Сүйек капсуласының ішіне орналасқан бір ғана ішкі құлақтан тұрады. Иірімді жарғақтар скелеттің иірімді қуысының ішінде жатады. Бұл екеуінің ортасындағы қуыста сүйек зат (перимимфа) болады. Иірімді жарғақтар сұйық заттың ішінде болады. Мүйіз тәрізді әрбір шеңбер каналдың ұшы кеңейіп барып, тұйықталып бітеді. Мұны ампула деп атайды. Дөңгелек қапшықтан тұйық болып бітетін - эндолимфа жолы және қуыс өскін шығады. Иірімді жарғақтардың ішіндегі эндолимфада бірнеше ұсақ оталиттер мен бірге сүйекті балықтарда есту тастары, яғни ірі оталиттерде болады. Алабұғада 3 ірі оталиттер болады. Ең үлкен есту тасы дөңгелек қапшықшаның ішіне еніп және және оның ішкі қуысын толтырып тұрады. Басқа екеуі кішірек, оның біреуі қуыс өскін ішінде тұрады. Ал екіншісі сопақ қапшықшаның арнаулы, кеңірек тұйықтамасында жатады. Бұл тұйықтама алдыңғы сыртқы жартылай шеңбер каналдардың ампуласының маңайында орналасқан.
Дән сезу органы микроскоп арқылы ғана көрінетін дән айыратын бүршікшілерден тұрады. Жеке дән айыратын бүршікшілерден бір-біріне олардың арасындағы тірек клеткалардан құралған. Әрбір сезгіш клетканы нерв талшықтары қоршап тұрады. Сүйекті балықтардың бәрінде де дән айыру бүршекшілері тек ауызда ғана емес, бүкіл сыртқы тері қабатында да болады.
Иіс органы - екі тесікті жұп қапшықшадан құралады.
Ас қорыту органы.
Ауыз қуысы мен жұтқыншақ айқын бөлінбеген. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ қуысын, бірге қосып ауыз жұтқыншақ қуысынқ құрайды. Алабұғада бірнеше ұсақ тістері бар. Тіс формасы бойынша бірдей болады. Ұшы сүйір конус тәрізді. Керек нәрсесін ұстайды, бірақ майдалап, ұсақтай алмайды. Қоректі затын бүтіндей жұтады. Тілі болмайды. Жұтқыншақ қысқа өңешке келіп жалғасады. Өңеш үлкен және үлкен созылмалы қарынға барып жалғасады. Одан нағыз ішек басталады. Ішектің алдыңғы бөлімі иіріліп барып шумақ шығарады,одан ішек ешқандай шумақтамастан барып дербес тесік болып сыртқа ашылады. Тұйық өсіндінің саны түрлі балықтарда түрліше болады. Мысалы: алабұғада-3, ласосьта-40, скумбрияда-200-ге жуық. Ұйқы безі айқын байқалмай ұсақ түйір түрінде шашырқайды шашылып жатады. Бірнеше бөліктен тұратын бауырында өті болады. Торсылдақ негізінде гидротактикалық аппарат болып табылады.
Тыныс алу органы төрт пар жетімен желбезектері болады. Сүйекті балықтар - желбезек қақпашаларын қозғалту арқылы тыныс алады. Желбезек қақпасының астында бос қуыс пайда болады және ауыз- жұтқыншақ қуысына қарай су өтеді. Желбезек қақпасы төмен орнына түскенде су қысылып барып желбезек саңылауларынан сыртқа шығады.
Алабұғаның жүрегі 3 камералы: вена қолтығы, жүрекше және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балықтың ауыл шаруашылығындағы орны
Балықтар (pisces) класы мен шаруашылықтағы маңызы, зияны, адам денсаулығына пайдасы
Балықтарға жалпы сипаттама. Балықтардың шаруашылықтағы маңызы. Миграциясы
Аквариум балықтарының үйлесімділігі
Бөлім Әлемнің өзен көлдеріндегі балықтар түрлері
Қазақстанда ауланатын балықтар
БАЛЫҚТАР КЛАС ҮСТIНIҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Каспий албырты
Шеміршекті балықтар
Балықтар - адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі
Пәндер