Аңызға айналған мекен - Маңғыстау


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Аңызға айналған мекенім - Маңғыстау!

Шерқала VIII-IХ ғасырда араб шапқыншылығы кезінде шыңда жасалған бекініс-қала ретінде белгілі болған. Қамал-тау арыстанды еске түсіретін, сондықтан оны “арыстан-қала” деп атап кеткен болатын. Шерғала (Шерқала) - Шетпе қаласынан алыс емес, Ақтау қаласынан 170 километр жерде ерекше формадағы бір жалғыз тұрған тау.

Шерқала Маңығыстау облылысының төсінде орналасқан тау түзілісі. Бір жағынан қарайтын болсақ тау ақ киіз үйді білдіреді, ал екінші жағынан Шерғала басын табанына салып, ұйықтап жатқан арыстанның бейнесін береді. Сондықтан тауды - Шерғала деп атап, түрік тілінен аударсақ “Тау-арыстан” немесе “Арыстанды тау”. Оның әйгілі шыңдары үлкен шатыр құрып, кигіз үйдің төбесін еске түсіреді. Оның үстіне көтерілу үшін арнайы көтерілім қажет. Шерқаланы айналу үшін бір сағаттай уақыт керек. Ал егер көптеген тау үңгірлерін аралап, ежелгі қоныстар орындарын аралап, өркениеттер дәлелі болатын бас сүйектерді іздегіңіз келсе онда бір сағат аз болады.

Халықтың ырымы бойынша, егер Шерқалыны айналар алдында арманды жоспарласаң, ол міндетті түрде орындалады. Бірақ ең бастысы әрбір қиылыстан кейінгі көрініс әр түрлі болып, жаңа жерге түскен сияқты керемет көріністі әсер береді. Осындай бір үңгірлердің ішінде құдық болған. Жергілікті тұрғындар оның таза суын ішіп, таудың басында орналасқан жаулардан қорғанды. Қазір құдық жабылып қалды. Біз оның тек қалдықтарын ғана көре аламыз.
Ол Бұхарамен және солтүстік жерлерімен жүзжылдай уақытта сауда жүрген керуен жолында құрылды. Бұл қала жүз жылдықты қамтиды. Сырттай қараған адам оны әр нәрсеге ұқсатып жүр. Кейбіреулер төңкерулі кесеге ұқсатса, енді біреулер таудан кәдімгі киіз үйдің бейнесін көреді. Шерқала Қаратаудың орталық және батыс жоталарының ортасында орналасқан тау түзілісі. Әйгілі жібек жолының қызып жатқан кезінде талайларға көлеңке, пана болған деседі. Кейбір аңыздар бойынша, бұрынырақта

Шерқаланың төбесінде кішкене қалашық болған. Халық сол жерде өмір сүріп, дұшпандардың шабуылынан қорғанған екен. Таудың солтүстік бөлігі үздіксіз соққан желдің әсерінен қажалып, өзгеріске ұшыраған. Осы желдің әсерінен оның жан жағынан пайда болған жеке түзілістерді де байқауға болады. Ал оңтүстік бөлігі мен шығыс жағы тік жарлы. Жоғарғы жағы тегіс, адамның жүріп-тұруына ыңғайлы. Таудың етегінде төбесіне апаратын үңгір бар. Бірақ жергілікті қариялардың айтуынша, онда адамның кіруі қауіпті. Аңыз бойынша ол жерде өлген адамдардың жандары өмір сүреді екен.

Әйгілі суретші Тарас Шевченконың өзі осы жерге келіп пленер жасапты. Поляк суретшісі Б. Залесский де осы жердің пейзажын қағазға түсірген.

Жергілікті ақындар болса:

"Шерқала таудың бөркі еді,

Айрақты таудың көркі еді, " -

деп жырға қосқан.

Ал, қазіргі кезде Шерқала көптеген туристердің сүйікті орнына айналып үлгерді. Қысқасы, келе жатқан демалыстарда саяхаттаудың реті келсе, міндетті түрде

Маңғыстау төсіндегі осы тарихи ескерткішті көріп, сергіп қайтуға кеңес беремін. Шерқала таңғажайып, керемет орындардың бірі. Шерқаланың көрінісін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мұнда бір алып шаһарда жүргендей сезінесің. Тарихи, мәдени маңызы зор әрі көрінісіне көз тоймайды. Маңғыстау жері киелі әрі шерқала сияқты тарихи орындырға бай!! Маңғыстау аңызға толы мекен, сондықтан басқада көрікті жерлері өте көп. Мұның бәрін сөзбен айытып жеткізу мүмкін емес.

Менің туған өлкем - Маңғытау! Маңғытау - бұл табиғаты әсем, ең көрікті әрі киелі мекен!!!

C:\Users\samsung\Downloads\450px-Sherqala.jpg

Арыстанды тау)

C:\Users\samsung\Downloads\166881.jpg

C:\Users\samsung\Downloads\166880.jpg

C:\Users\samsung\Downloads\192712.jpg

C:\Users\samsung\Downloads\166880.jpg

C:\Users\samsung\Downloads\166883.jpg

C:\Users\samsung\Downloads\237650.jpg

Назарларыңызға рахмет!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маңғыстау фразеологиялық ономастикасы: адай этнонимі
Қазақстанның тарихи-сәулет ескерткіштері
Бекет ата
Қарахан кесенесі
Маңғыстау ауданы аумағындағы әулиелер
Туризмді түлету – Ақ жайыққа бір арман
Түркі дәуірі
Шежіре. қазақ жүздері
Қазақстан территориясындағы мазарлар
Киелі өңірдегі өнегелі тұлғалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz