Экологиялық құқық бұзушылық
Кіріспе 3
1 Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауапкершілік 5
1.1 Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері 5
1.2 Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды және
материалды жауапкершілік 8
2 Зиян келтірушінін жауапкершілігі 10
2.1 Әкологиялық құқық бұзушылыққа қарсы қылмыстық жауапкершілік 10
2.2 Қоршаған табиғи ортаға зиян келтіру 12
2.3 Зиян келтірушінің жауапкершілігінің нысандары 15
Қорытынды 22
Пайдаланған әдебиеттер 24

Кіріспе
Қазіргі таңда өндірістің дамуымен қатар елімізде экологиялық жағдай да өршіп тұр. Оның себептері, біріншіден, өндірістік кәсіпорындарынан шығатын зиянды шығарындылардың көбеюі, олардың техникалық, экологиялық, санитарлық талаптарды орындамауы, экологиялық таза өнім шығаруда отандық кәсіпкерлеріміздің қызығушылығының болмауы, табиғи ресурстарды аямай падалану, адамдардың экологиялық сана сезімінің төмендігі, келешек ұрпақтың денсаулығын ойламау және т.б.
Қазақстанның пайдалы қазбаларға бай екенін білеміз, алайда табиғи ресурстарды ала бермей, басқа елдерден жеткізілетін табиғи ресурстарды өңдеумен айналысу уақыты да келді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман, су қорлары жерінен жер учаскелерін жергілікті атқарушы орнандардың жеке меншікке беріп жіберген жағдайлары аз кездеспейді және алаңдатады.
Елімізде өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің сиреп бара жатқанын байқаймыз. Оның себебі өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру деңгейінің жойылуы мен тозуы. Оның ішінде ормандардың жойылуы, топырақтың эроззияға ұшырауы, сулардың ластануы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін көп пайдалану кіреді.
Қазақстан су ресурстарының үлкен жетiспеушiлiгi елдерiнiң санатына жатады. Қазiргi уақытта су объектiлерiн таукен өндiру, металлургия және химия өнеркәсiбi кәсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндiредi.
Бүгінгі таңда ғылымның бір ағымы, қоғам талабы, адамзаттың күн көрісі үшін табиғат байлығын пайдалануды кеңейтуді қажет деп тапса, келесі бір ағым қоғам талабына, адамзат қажеттілігіне қарама-қарсы, яғни табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы қажеттігін айтады. Демек өндірістік дамудың зиянды жерін азайта отырып, табиғатқа ешбір залал келтірмей, оның өзін-өзі реттеп отыру белсенділігін сақтау деген сөз.
Зерттеу жұмысында анықталғандай Қазақстанның бүкіл аумағының экологиялық жағдайы өте нашар. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтыры мен мүдделеріне нұқсан келтіреді сондықтан да бүгін қоршаған ортаны, ондағы тіршілік иелерін оның залалынан қорғаудың мәселесі өткір тұр. Соған орай экология саласында құқықтық зерттеулерді жан-жақты жүргізу қажет.
Ата заңымыз негізінде азаматтардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүрі құқығы танылған. Қоршаған ортаның қолайсыздығынан келтірілген залалдың орнын толтыру құқығы да негізделген. Бірақ бұл өте күрделі теориялық та практикалық та маңызы зор мәселе.
Осы күрделі мәселені шешу көптеген ғылымдардың атсалысуын қажет етеді. Соның ішінде құқық ғылымының рөлі зор. Құқық ˗ бұл саладағы туындаған қоғамдық қатынастарды реттеп, олардың дамуын қамтамасыз етеді.

Пайдаланған әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасынын Экологиялық Кодексы. Ресми мәтін. – Алматы, Жеті жарғы,2007.
2 Қазақстан Республикасынын Қылмыстық Кодексы. – Алматы, Жеті жарғы,2006.
3 Баянов Е. ҚР мемлекетімен құқығының негіздері. - Алматы 2003.
4 Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. – Алматы,2003.
5 Қоршаған ортаны қорғау туралы нормативтік актлер жиынтығы. – 2005ж.Алматы.
6Оспанов Қ. И. Құқық негіздері. – Алматы, Жеті жарғы,2006.
7 Оспанова Г., Бозшатаева Г. Экология.– Алматы, Экономика,2011.
8Оразбаева Р.С., Дәрібаева А.О. Экология негіздері.- Алматы. 2002.
9 Стамқұлұлы Ә. Қазақстан Республикасының экология құқығы. –Алматы,1995.
10 Сапарғалиев Ғ. Мемлекет және құқық негіздері. – Алматы 2000.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
3
1 Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауапкершілік
5
1.1 Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері
5
1.2 Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды және
материалды жауапкершілік
8
2 Зиян келтірушінін жауапкершілігі
10
2.1 Әкологиялық құқық бұзушылыққа қарсы қылмыстық жауапкершілік
10
2.2 Қоршаған табиғи ортаға зиян келтіру
12
2.3 Зиян келтірушінің жауапкершілігінің нысандары
15
Қорытынды
22
Пайдаланған әдебиеттер
24
Кіріспе
Қазіргі таңда өндірістің дамуымен қатар елімізде экологиялық жағдай да өршіп тұр. Оның себептері, біріншіден, өндірістік кәсіпорындарынан шығатын зиянды шығарындылардың көбеюі, олардың техникалық, экологиялық, санитарлық талаптарды орындамауы, экологиялық таза өнім шығаруда отандық кәсіпкерлеріміздің қызығушылығының болмауы, табиғи ресурстарды аямай падалану, адамдардың экологиялық сана сезімінің төмендігі, келешек ұрпақтың денсаулығын ойламау және т.б.
Қазақстанның пайдалы қазбаларға бай екенін білеміз, алайда табиғи ресурстарды ала бермей, басқа елдерден жеткізілетін табиғи ресурстарды өңдеумен айналысу уақыты да келді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман, су қорлары жерінен жер учаскелерін жергілікті атқарушы орнандардың жеке меншікке беріп жіберген жағдайлары аз кездеспейді және алаңдатады.
Елімізде өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің сиреп бара жатқанын байқаймыз. Оның себебі өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру деңгейінің жойылуы мен тозуы. Оның ішінде ормандардың жойылуы, топырақтың эроззияға ұшырауы, сулардың ластануы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін көп пайдалану кіреді.
Қазақстан су ресурстарының үлкен жетiспеушiлiгi елдерiнiң санатына жатады. Қазiргi уақытта су объектiлерiн таукен өндiру, металлургия және химия өнеркәсiбi кәсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндiредi.
Бүгінгі таңда ғылымның бір ағымы, қоғам талабы, адамзаттың күн көрісі үшін табиғат байлығын пайдалануды кеңейтуді қажет деп тапса, келесі бір ағым қоғам талабына, адамзат қажеттілігіне қарама-қарсы, яғни табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы қажеттігін айтады. Демек өндірістік дамудың зиянды жерін азайта отырып, табиғатқа ешбір залал келтірмей, оның өзін-өзі реттеп отыру белсенділігін сақтау деген сөз.
Зерттеу жұмысында анықталғандай Қазақстанның бүкіл аумағының экологиялық жағдайы өте нашар. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтыры мен мүдделеріне нұқсан келтіреді сондықтан да бүгін қоршаған ортаны, ондағы тіршілік иелерін оның залалынан қорғаудың мәселесі өткір тұр. Соған орай экология саласында құқықтық зерттеулерді жан-жақты жүргізу қажет.
Ата заңымыз негізінде азаматтардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүрі құқығы танылған. Қоршаған ортаның қолайсыздығынан келтірілген залалдың орнын толтыру құқығы да негізделген. Бірақ бұл өте күрделі теориялық та практикалық та маңызы зор мәселе.
Осы күрделі мәселені шешу көптеген ғылымдардың атсалысуын қажет етеді. Соның ішінде құқық ғылымының рөлі зор. Құқық ˗ бұл саладағы туындаған қоғамдық қатынастарды реттеп, олардың дамуын қамтамасыз етеді.
Заңгер-эколог ғалымдар соңғы жылдары қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық мәселелерінің кейбір аспектілерін зерттеді.
Ол ғалымдар Бектұрғанов Ә.Е., Байсалов С., Байдельдинов Д.Л., Еренов А.Е., Мұхитдинов Н.Б., Сахипов М.С., Насырова Л.Р., Тукеев А.Ж., Мороз.
Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз - кінәлі, құқыққа қарсы әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың экологиялық құқықтар мен заңды мүдделеріне және қоршаған ортаға келтірілген зиян келтіру немесе осындай зиянның туындауына нақты қауіп төндіру болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі:ҚР экологиялық заңнамасын бұзу ҚР заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жеке тулғалардың денсаулығына келтірілген зиянды, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залалды өтеуі ерікті түрде немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот шешімі бойынша жүргізіледі.
Тақырыптың мақсаты: Экологиялық заңнаманы бұзушылық түрлерін, мәселелері олардың ерекшеліктерінің маңыздылығын ашу.
Тақырыптың міндеті:
Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:
- экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауапкершілік;
- зиян келтірушінін жауапкершілігі.
1 Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы занды жауапкершілік
0.1 Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері
Экологиялық құқық бузушылықтың түрлеріне:
- ҚР экологиялық заңнамасын мүліктік жауапкершілікке әкеп соғатын бузушылық;
- қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
- экологиялық қылмыстар жатады.
ҚР экологиялық заңнамасын бұзу ҚР заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Экологиялық құқық бұзушылықтар жасаған тулғалар өздері келтірген залалды Экологиялық Кодекске және ҚР өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес өтеуге міндетті.
Мыналардың:
- табиғи ресурстарды жою мен бүлдірудің;
- табиғи ресурстарды өз бетімен және ұтымсыз пайдаланудың;
- қоршаған ортаны өз бетімен ластаудың, оның ішінде авариялық, келісілмегенжаппай шығарыңдыларментөгінділердің, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың;
- қоршаған ортаны нормативтен тыс ластаудың салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардыңденсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залал өтелуге тиіс.
Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы азаматтык-құқықтық жауаптылық.Оның мәнісі: нұқсан келтірген субъектілер жәбірленуші жаққа мүліктік және моральды келтірілген шығынның орнын толтырады. Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың ерекшелігі, ол құқық бұзушыға тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жазалармен қатар қолданатындылығында және келтірілген экологиялық зиян үшін өтем,өтемақы төленуінде. Өтем заттай және ақшалай өтелуі мүмкін. Заттай өтеу дегеніміз, егер жер бұзылып, оған зиян келтірілсе, оны өзінің бұзылмай тұрғанға дейінгі бастапқы қалпына келтіруді айтуға болады.

Зиян жәбірленушінің еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі, оның емделуіне және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған шығындар, аурудың кутіміне байланысты шығындар, өзге де шығыстар мен жоғалтулар ескеріле отырып, толық көлемде етелуге тиіс ҚР экологиялық заңнамасын бұзу қоршаған ортаға келтірілген заладды етеу ерікті түрде немесе жүргізілу тәртібі осы Кодекске сәйкес айқындалатын за - лалды экономикалық бағалау негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі.
Қызметі қоршаған ортаға жоғары қауіптілікпен байланысты жеке және заңды тұлғалар, егер зиянның еңсерілмейтін куш неме - се жәбірленушінің теріс пиғылы салдарынан туыңцағанын дәлелдей алмаса, жоғары қауіп кезі келтірген зиянды өтеуге міндетті.
ҚР экологиялық заңнамасын бұзу нәтижесінде келтірілген моральдық зиян ҚР азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен етелуге тиіс.ҚР экологиялық заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды етеу тәртібі.
Қоршаған ортаға зиян келтірген тұлға келтірілген залалды ерікті түрде жоюға не өзгеше тәсілмен оның орнын толтыруға құқылы. Тұлғаның залалды жою не оның орнын толтыру туралы міндеттемесі кепілхатта жазылуға тиіс.Зияңды етеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаның өз қаражаты немесе сақтандыру телемдері есебінен құндық нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.
Эколоғиялық құқық бұзғандар әкімшілік, азаматтық-құқықтық, дисциплинарлық, материалдық (мүліктік), кылмыстық жазаларға тартылады (1-кесте).
Жауапкершілік
Түрі
Жаза
Негіздеме
Жауаптылар
Әкімшілік
Ескерту, айыппүл, затты тіркілеу (құқық бұзған қару); жұмыс істеу құқығынан айыру; әкімшілік қамауға алу
ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі, 24-бап
Заңды және жеке тұлгалар
Азаматтык-
кұқықтық
ҚР Азаматтык-
құқықтық
кодексі
Занды және жеке тұлғалар
Дисциплинарлық
Ескерту, сөгіс беру, қа - тан сөгіс, сыйақыдан айыру, жұмыстан босату
Еңбек кодексі
Қызметтегі (жеке) тұлғалар
Материалдық
(мүліктік)
Шығынды, зиянды өтеу, келтірген зиянды өтеу
Еңбек кодексі
Жеке тұлғалар
Қылмыстық
Қылмыстық жазалау, қамауға алу және т.б.
ҚР қылмыстық кодексі
Заңды және жеке тұлғалар
1 кесте -Экологиялық құқық бұзу үшін жауапкершілік
Зиянды етеудің құңдық нысандарына қоршаған ортаның зиян келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіруге, табиғи ресурс - тарды молықтыру женіндегі іс-шараларды орындауға, талапкерге, алынбай қалған пайданы қоса алғанда, өзге шығыңцарды етеуге арналған ақшалай қаражат жатады.
Тараптардың келісімімен сот шешімі бойынша зиян жауапкерге қоршаған ортанықалпына келтіру женіндегі міндеттерді жүктеу жолымен заттай нысанда өтелуі мүмкін.
Зиянды өтеудің заттай нысандарына қоршаған ортаның зиян келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіру, жойылған не бүлінген табиғи ресурстың орнына оған құны тең ресурс беру жөніндегі шаралар жатады. Зиянды заттай нысанда өтеу келтірілгензияндыөтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері менкөлемін регламенттейтін шарт және (немесе) келісім жасасу жолымен жүргізіледі.
Зиянды өтеудің өндіріліп алынатын сомасы мемлекеттік бюджетке, ал ҚР заңнамасында белгіленген жағдайларда жәбірленуші тұлғаға аударылады.
Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаны әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды.
Экологиялық дауларды соттар ҚР заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шешеді.
Экологиялыққұқықтыққатынастарсубъек тілері арасындағы экологиялық даулар келіссөздер арқылы, оның ішінде сарапшыларды тарта отырып не тараптардың бұрын келісілген дауларды шешу рәсіміне сәйкес шешілуі мүмкін (323-бап ЭК).
1.2Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды және материалдық жауапкершілік
Заңды жауаптылықдегеніміз құқыққа қарсы жасаған әрекеті үшін құқық бұзушыға қолданылатын, белгілі бір мүліктік және жеке сипатгағы зиян шектіретін мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.
Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылык, дегеніміз мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнаулы құзыретті, кұкық қорғау органдары және басқа да құзыретті субъектілер мен экологиялыққұқық бұзушының арасындағы сол бұзушыға жаза қолдану жөніндегі қарым-қатынас.
Экологиялық құқык бұзушылыққа қарсы занды жауаптылықтың түрлері.
Экологиялық құқық бұзушылық өзінің құрамына қарай әкімшілік және тәртіптік теріс қылық немесе қылмысболуы мүмкін. Жасалғаны үшін әкімшілік, тәртіптік және қылмыстық сияқты жауаптылык туындайды. Сонымен катар, келтірілген залал, зиян, нұқсан үшін азаматтық-қуқықтық және материалды жауаптылық,туады.
Тәртіптік жауаптылык.Тәртіптік жауаптылык еңбек саласы, қызмет бабы, лауазым дәрежесімен тығыз байланысты. Эколо - гиялыққұкық бұзушылық, немесе қоршаған ортаға бағытталған теріс қылығы үшін қызметкерге жаза түрінде қолданылатын санкцияны тәртіптік жауаптылык,дейміз.
Сондықтан тәртіптік терісқылық деп қызметкердің кінәсінен оған жүктелген қызметтік міндетгердің дұрыс орындалмауын не мүлде орындалмауын айтамыз. Сондықтан, жұмыс беруші қызметкерге қызмет, шарт бойынша өзінің қоршаған ортаға байланысты қызметтік міндетін орындамағаны үшін оған тәртіптік жазаларқолданады.
ҚР 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Еңбек туралы Заңының 94-бабына сәйкес тәртіптікжазалардың 4 түрі қолданылады: 1) ескерту жасау; 2) сөгіс беру; 2-1) катаң сөгіс беру; 3) осы Заңның 26-бабының 9)-12) тармақшаларына сәйкес жеке еңбек шартын бұзу.
Егер экология саласында теріс кылық жасаушы мемлекеттік қызметкерболса, 1999 жылғы 23 шілдедегі Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 28-бабына сәйкес темендегідей тәртіптік жазаларқолданылады: 1) ескерту жасау; 2) сөгіс беру; 3) қатаң сөгіс беру; 4) қызметіне толық емес сәйкес келетіндігі туралы ескерту; 5) қызметінен босату.
Тәртіптік жаза колдану үшін қызметкерден міндетті түрде жазбаша тусініктеме алынады.Жаза тағайындау туралы бұйрық қызметкерден қолхаталу арқылы жарияланады. Жаза 1 ай өтпей тағайындалады.
Экологиялық құқық бұзушылық үшін материалды жауаптылық.
Қоршаған ортаға келтірілген зиян, әсіресе мүліктік нұқсанды қызметкер белгіленген мелшерде және тәртіп бойынша орнына толтыру керек.
Материадды жауаптылықтың: талық және шектелген сияқты екі түрі бар. Толық материалды жауаптылықегер қызметкерге толық материалды жауаптылық міндетгелсе, ішімдіктің, нашаның әсерімен жасаса, тікелей оның кінәсі бо - йынша қоршаған ортаға зиян, нұқсан келтірілсе, егер кәсіпорын сотқа шағымданған жағдайда сот шешімімен тағайындалады.
Шектелген материалдық жауаптылық кәсіпорын басшысының шешімімен, айлық орташа еңбекақы келемінінен аспайды.
Ұжымдықматериалдық жауаптылық әрбір қызметкердің ма - териалды жауаптылығын анықтау мүмкін болмаған және жаз - баша шарт ұжыммен жасалғанда колданылады.
Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы әкімшілік жауаптылық. (ҚРӘК, 30.01.01.) Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқықка қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе занды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.
Әкімшілік экологиялық құқық бұзушылық деп экологиялық құқықтық тәртіпке, халықтын өміріне, денсаулығына, экологиялықкауіпсіздігіне, қоршаған ортаға нақты қауіп төндіретін, әкімшілік жауаптылық қарастырылған құқыққа қарсы, кінәлі әрекетгі не әрекетсіздікті айтамыз. Әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауаптылыкка 16 жаска толған азаматтар тартылады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодекснің 45-бабына сәйкес экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазанын 10 түріқолданылады:
1) ескертужасау;
2)әкімшілікайыппұл салу;
3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою;
4) әкімшілік құкық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелсй объектісі болған затты, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы;
5) арнаулы кұкықтан айыру;
6) лицензиядан, арнаулы рұқсаттанқағаздарды тәркілеу, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе қызметгің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;
7) жеке кәсіпкердін қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
8) өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
9) әкімшілік қамауға алу;
10) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру.
2 Зиян келтірушінін жауапкершілігі
2.1 Әкологиялық құқық бұзушылыққа карсы қылмыстық жауапкершілік
Адамның өмірі қоршаған ортаның, ауаның, судың, топырақтың тазалығына, тағамдардың сапасына тікелей байланысты. КР ҚК-нің 2-бабында көрсетілгендей Қылмыстык кодекстің міндеттеріне адам мен азаматтың құқыктарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, Қазакстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сүғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғау жатады.
Қылмыстық кодекстің шоғырланған табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қылмыстарды үш үлкен санаттарға белуге болады: арнайы экологиялық құрам, араласжәне қосымша.
Арнайы экологиялық құрам ҚР ҚК-нің 11-тарауында Экологиялық қылмыстар деген атпен (277-294-баптар) шоғырланған. Бұлар таза экология саласындағы қылмыстар. Мысалы 277-бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы - өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып не онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
278-бап. Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялықзаттарды өндірумен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруғажазаланады. Абайсыздан адамдардың жаппай сырқаттануына немесе кісі өліміне әкеп соққан әрекеттер - үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы - нанайыруға жазаланады.
281-бап. Суларды ластау, бітеу және сарқу - жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшеріңде айыппүл салуға, не бес жылғадейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.
Адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай кұрып кетуіне, сол сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не төтенше экологиялықжағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда кісі өліміне әкеп соққан әрекеттер - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
282-бап. Атмосфераны ластау - жүзден екі жүз айлык есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табы - сы мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құкығынан айыруға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жаза - ланады.
Адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соккан дәл сол әрекет - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың бірінші неме - се екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда кісі аліміне әкеп соққан әрекеттер - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруғажазаланады.
283-бап.Теңіз аясынластау - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауғажазаланады.
Адамның денсаулығына, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне, балық корына, қоршаған ортаға, демалыс аймақтарына не басқа да заңмен қорғалатын мүдделерге елеулі зиян келтірген дәл сол әрекеттер - елуден жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда кісі өліміне әкеп соққан нақ сол әрекет - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруғажазаланады.
Аралас экологиялық құрамдықылмыстар тек белгілі бір жағдайларда, қоршаған орта мен табиғатты қорғау саласына ғана қатысы бар жағдайларда ғана экологиялық деп танылады.
Экологиялык қылымыстардың кұрамы, белгісі тек қосымша сипатта болады. Мысалы 155-бап. Журналистіңзаңдық әсіптікқызметіне кедергі келтіру - (экология саласында) елуден жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезендегі жалақысының немесе езге табысының мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады.
Адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, сол сияқты күш қолданып немесе күш қолданамын деп қоркыта отырып жасаған әрекет - екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды аткару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруғажазаланады. Сол секілді терроризм (лаңкестік, 233-6.), таукен немесе құрылысжұмыстарын жүргізу кезіңде қауіпсіздік ережелерін бұзу (245-6.), жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу (246-6).
Қосымша құрамыбар экологиялық қылмыстарға мемлекетгік билікке қарсы, мемлекет қызмет саласындағы және мемлекеттік құпиялармен байланысты қылмыстарды жатқызуға болады. Мысалы 307-бап қызмет өкілеггігін теріс пайдалану, 308-бап, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, 314-бап, қызметтік жалғандық жасау, 316-бап, салақтық.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 39-бабына сәйкес экологиялық қылмыс жасалғаны үшін төмендегідей жазалар тағайындалады:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығын шектеу;
ж) қамау;
з) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;
и) бас бостандыгы - нан айыру;
к) елім жазасы қолданылуы мүмкін.
Сотталғандарға негізгіжазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе кұрмеггі атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
б) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.
Айыппулсалу жәнебелгілі бір лауазымды атқарунемесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыружәне қоғамдық жұмыстарғатарту жазалаудыңнегізгі де, қосымшада түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.
2.2 Қоршаған табиғи ортаға зиян келтіру
Келтірген зиян туралы факті анықталса, онда экологиялық кауаптылықтың туындауының жалпылама негізі болып табылады. Оның қоғамға қауіптілігінің ауырлығына байланысты қылмыстық және әкімшілік жаза шараларын айырып корсетуге болады. Сөйтіп, оның нормативті дәрежесі келтірілген зиянға байланысты құқықтық және құқықтық емес экономикалық жауаптылықтың арасындағы шектеуліктерді анықтаушы құрал ретінде қолданылады.
Келтірілген жағдайлар бұл экологиялық-экономикалық құбылысты құқықтық реттеу арқылы арнайы қарау қажеттілігін туғызады.
Зиян - арнайы ұғым. Зиян экономикалық, экологиялық, құлықтылық (моральдық), мемлекеттік, мемлекетаралық халықаралық т.б. болады. Бұған қарамастан зиянның жалпы ұғымның негізінде экономикалық факторлар жатыр. Осының негізінде зиянның ұғымы экономикалық қатынастарды реттеуші азаматтық заңдармен реттелуі тиіс. Азаматтық заңдар бойынша зиян біртекті ұғым, ал залал және шығын оның құрамдас бөліктері болып табылады.
Табиғи ортаға келтірілген зиян нақты және болжамды түрде болуы мүмкін. Мұндай шығындар залалдың нысаны бойынша - нақты шығын, табиғи ортаның азаюы (орман алқаптарын жою, жануарлар әлемінің жойылуы, т.б.) және шығын түріне - бұзылған табиғи ортаны қалпына келтірруге кеткен шығындар, алынбаған табыстар, экологиялық шығындар негізінде келтіріледі.
Қоршаған ортаға келтірілген зиян біздің өмір сүріп отырған қоршаған табиғи ортамыздағы сандық және сапалық шығындарды да біріктіреді. Олар қоршаған ластануынан, ягни халықтың денсаулығына қауіп төндіретін ауаның, судың, жердің физикалық - химиялық құрамының өзгеруінен, т.б. анықталынады.
Келтірілген зиянға байланысты қоршаған ортаның сапасының өзгеруі - әлеуметтік ортаға да: адамдардың денсаулығына, материалдық құндылықтарға зиянды әсерін тигізеді. Сондықтан да, қоршаған ортаға келтірілген зиянның жалпы ұғымына байланысты, зиянның 2 түрін - алгашқы жәнс кейінгі түрлсрін анықтауға болады.
Бірақ, табиғи ресурстарды ластанудан және ұтымды пайдаланудан мемлекетке зиян келтіру туралы ескі, дұрыс емес терминологиялық айналымдар да кездеседі.
Біріншіден, қоршаған орта - мемлекеттік емес, адамның өмір сүру құралы, ал мемлекет үшін оның негізгі белгісі аумақ болып табылады.
Екіншіден, мемлекет өндірістік құралдарды иелене отырып, қоршаған ортаны тазартуға байланысты әрекеттер жасамай, тек байып отырды, ол экологияға қауіп төндіретін жерлерде тиісті кәсіпорындарды жаппады. Мемлекетке емес, адамға, ол өмір көсіпорындарды жаппады. Мемлекетке емес, адамға, ол өмір сүретін, жұмыс істейтін қоршаған ортаға зиян келтірілді және де келтіріп жатыр.
Керісінше, мемлекетке зиян тек сол экологиялық зиянды өндіріс орындарын жапқан кезде ғана келтіріледі.
Экономикалық зиян табиғат ресурстарына экономикалық баға беруден туындайды.
Ол табиғат пайдаланушының экономикалық мүддесіне қол сүғады (меншік иесінің, иеленушінің, пайдаланушының, жолдаушының).
Мұндай зиян - табиғат ресурстарының қорының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz