Дән микроорганизмдері


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Дәнге микроорганизмдер тудыратын аурулардың таралу жолы.
- Дәннің аурулары.
- Өсімдік және дән ауруларының себептері.
- Өсімдік ауруларының белгілері
- Өсімдік ауруларынан келетін зиян
Қорытынды
Кіріспе
Біз күнделікті тамақтану рационымызда астық тұқымдарының дәнінен жасалған өнімдерді өте жиі қолданамыз, яғни, адамдар үшін астық дәнінің маңызы зор. Тиісінше ҚР-ның ауыл шаруашылық саласында астық тұқымдастарының Республика халқының қажеттілігін толық қанағаттандыратын мөлшері өсіріліп өңделуі аса маңызды болып табылады.
Елімізде өсірілетін астық тұқымдастарын егін шаруашылығымен айналысатын дихандар үнемі бақылауда ұстағанмен табиғатта егістікке кері әсерін тигізетін көптеген факторлар бар. Мысалы, ауа райы, жануарлар жәндіктер және микроорганизмдер.
Дәннің қоректік қасиеті тек адамдарға ғана емес жануар жәндіктерге де қорек болғандықтан жануарлар дүниесінің көптеген өкілдері егістікке үйір келеді, олар қоректенгенімен қоймай егістікті де, қойманы да бүлдіріп кетеді. Ал микроорганизмдер көзге көрінбейтін дәннің жауы десек болады. Астықтың микроорганизмдер әсерінен пайда болған зақымдануын-астықтың, дәннің ауруы деп атайды. Дегенмен дән қайда болса да, қалай қорғаса да оның айналасы үнемі қауіп қатерге толы болады. Ал адамдар өз еңбегінің жемісінен айырылып қалмауы үшін дәнді үнемі күзетіп, бақылауы қажет болады. Қазіргі кезде астықты зиянкестерден, аурулардан сақтаудың, алдын алудың көптеген амалдары қарастырылған.
3
Негізгі бөлім
- Дәнге микроорганизмдер тудыратын аурулардың таралу жолы.
Көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары тұқым арқылы таралады. Ауру қоздырғыштардың ұзақ мерзім бойы тыныштық қалпында сақталуға бейімделген хламидоспора, ооспора сияқты органдары тұқымның сыртына жабысып, оларды ластайды. Мәселен, қатты қаракүйе ауруларын қоздыратын саңырауқұлақтардың хламидоспоралары астықты орған кезде тозаңданып, дән үстіне қонады. Олар дәнмен бірге қоймада қыстап шығып, көктемде топыраққа сіңірілген тұқыммен қатар өніп, жас өскіндерді зақымдайды. Астық дақылдарынан тозаңда қаракүйелері де тыныштық қалпындағы мицелий күйінде дәннің ұрығында сақталады.
Дәнді дақылдардың альтернариоз, гельминтоспориоз, капустамен сәбіздің, қызылшаның, т. б. дақылдардың, бір жылдық және көп жылдық шөптердің фомоз, аскохитоз, антракиоз, альтернариоз, макроспориоз, басқа да саңырауқұлақтар қоздыратын аурулары тұқым арқылы таралады. Бактериоз бен вирус ауруларының көпшілігі де тұқым мен көшеттерде және басқа да вегетативті көбеюге арналған органдарда сақталады. Инфекциямен тұқымның тек сыртқы қабықшасы ғана зақымданып қоймай кейде ауру бүкіл өсімдік органдарын қуалай таралып тұқымның ішкі қабаттарына да енеді. Оны зақымдауда насекомдардың да әсері үлкен. Бір өсімдіктен екіншілеріне инфекция, жел жаңбыр арқылы таралады. [1] .
4
- Дәннің аурулары.
Микроорганизмдер адам және жануарлардың көптеген ауруының қоздырғышы екені ертеден белгілі. Сондай-ақ өсімдіктер де, солардың ішінде дәнді дақылдар да көзге көрінбейтін микроорганизмдердің кесіріне ұшырамай қалмайды. Дәннің үстіңгі қабатынан микродүниенің әртүрлі өкілдерін әрқашанда кездестіруге болады. Бұлар бактериялар, микроскоптық саңырауқұлақтар мен вирустар. Олар дәндерде көптеген аурулардың туындауына негізгі себепші болады. Мысалы: убидайық, қаракүйе, қуыршақтану мен мозаика және т. б [1] .
2. 1. Өсімдік және дән ауруларының себептері.
Т. Д. Страховтың анықтамасы бойынша: Ауру -өсімдіктерде патогенді организмдер мен қоршаған ортаның қолайсыз жағдайынан пайда болып, өзгеріп отыратын, олардың қалыпты физиологиясы мен құрылысына, түсіміне ерекше әсер ететін құбылыс. [2]
Өсімдіктер мен дәндердегі қалыпты физиологиялық процестерді әр түрлі физиологилық процестердің әр түрлі аурудың әсерінен бұзылу ерекшеліктерін бірнеше топқа бөлуге болады:
Фотосинтездің төмендеуі: ауру қоздырғыштарының әсерінен хлорофиль зақымдалып фотосинтездің екпінділігі төмендейді. Хлорофиль дәндерінің зақымдалуынан жапырақтар мен сабақтарда алуан түрлі дақтар пайда болып олардың фотосинтезге қатысатын түрлері азаяды. Осы себептен клеткаларда жүретін синтез процесінің жылдамдығы азаяды өсімдіктердің өсуі баяулап түсімділігі азаяды.
Өсімдіктің тыныс алуының өзгеруі: ауруға шалдыққан өсімдіктердің тыныс алу екпінділігі артып, қорға жиналатын органикалық заттар ысырапқа өшырайды. Кейде аурудың әсерінен зәрлі заттар бөліп шығып клеткалар өсімдік органдары клеткалар уланады. тыныс алу кезінде бөлініп шығатын энергия өсімдік органдарымен ткандерін қыздырады. Өсімдіктің тыныс лу жылдамдығы төмендеген жағдайда қорға жиналатын заттардың синтезделу күрт азайып өнімнің түсімділігі кемиді, сапасы нашарлайды.
Өсімдік органдарының су және қоректік заттармен қамтамыз етілуінің бұзылуы: Фотосинтездердің нәтижесінде жапырақта түзілетін органикалық заттар төменгі ағыс жолыме н тамыр, жеміс пен түйнекке, масаққа т. б жинақталады. Тамыр жүйесі ауруға шалдыққанда жоғары ағыс жолымен немесе ксилемамен су жүрмейтіндіктен өсімдіктер солып біртіндеп қурайды. Флоэма жолдары ауруға шалдыққанда фотосинтез нәтижесінде түзілетін органикалық заттардың мөлшері жапырақта көбейіп, қор жинақталатын органдарға ақпайды. Осының салдарынан өсімдіктің түсімділігімен қатар өнімнің сапасыда нашарлайды.
5
Бұл жағдай көбінесе өсімдіктер вирус ауруына шалдыққанда байқалады. Солу органдарын бактериялар мен саңырауқұлақтар қоздырып су жүретін түтікшеледі бітеп тастайдықтан оларды трахеобактериоз жән трахеомитоз деп атайды.
Клетка мембранасының еріп кетуі: Ауру қоздыратын әсіресе микроорганизмдердің бактериялардың әсерінен өсімдік клеткаларының мембранасы еріп кетеді. Осының салдарынан қоректік заттармен суға бай органдар тез шіріп бұзылады. Бұл ауру картоп, сәбіз, қызылша сияқтыларда жиі байқалады.
Өсу заттарының синтезделуінің бұзылуы: Өсу заттары аз синтезделсе әрі жеткіліксіз болса өсімдіктердің өсуі нашарлайды. Олар шектен тыс түзілсе өсімдіктердің кейбір органдары қаулап өседі немесе клеткалар мөлшерден артық бөлініп әр түрлі ісіктер немесе буылтықтарм паайда болады.
2. 2. Өсімдік ауруларының белгілері
Ауру қоздырғыштарының әсерінен өсімдік органдарында потологиялық аурулар пайда болады. Инфекцияға өсімдіктің белгілі бір органдары шалдықса ол жергілікті немесе локальді ауру деп аталады. Кесел өсімдіктің барлық органдарын шарпыса оны диффузиялы немесе жүйелі ауру дейді. Аурудың әсерінен байқалатын потологиялық өзгерістерді төмендегі өзгерістерге бөлуге болады.
Шіру. Өсімдіктердің сумен қоректік заттарға бай жемістері, тамыржемістері, түйнектері шырыны мол сабақтарымен жапырақтары шіріге бейім келеді. Бактерия мен саңырауқұлақтардың тіршілік ету әсерінен клетка арасындағы қабықша еріп тканьдер ботқа тәріздес қоймалжын затқа немесе жөкеге ұқсас талшықтарға, құрғақ талшықтарға ұқсайды.
Солу. Тамыр жүйесінде саңырауқұлақтар мен бактериялардың тіршілік етуінен су мен қоректік заттар жылжитын түтікшелер бітеліп өсімдіктердің өсуі баяулайды, кейде мүлде солып қалады.
Құрғақшылық жылдары ауаның температурасы аса жоғары болып, аңызақ жел соққан кезде өсімдіктер солу ауруына шалдығады. Мұндай ауруға қызбаған топыраққа ерте егілген өсімдіктер де ұшырайды.
Дақтар мен некроздар. Өсімдіктердің жапырақпен сабағының жемісі мен дәніні (бұршақтардың, бұтақабықшаларының) жеке учаскелерінің өлуінен оларда алуан түрлі дақтар немесе некроздар пайд болады
Пустулалар. Ауруларға шалдыққан өсімдік органдарының эпидермисінің астында саңырауқұлақтар тіршілік етіп онда спораларын түзеді. Соңғылары пісіп жетілген кезде эпидермис жыртылып споралар ауаға таралады. Оларды тат саңырауқұлақтар түзеді.
6
Ұлпа. Өсімдіктің ауруға шалдыққан органдарының үстінде саңырауқұлақтардың мисселилері, конидия мен оның сабақтарынан және жеміс органдарынан тұратын жұқа ұлпалар пайда болады. Ол өсімдік ақ ұнтақ, жалған ақ ұнтақ ауруларына шалдыққанда жетілмеген саңырауқұлақтар өсімдік органдарында жысыззсыз жолмен көбейгенде түзіледі.
Қаракүйе. Өсімдіктің кеселденген органдары формасы әр түрлі келетін қаракүйе тәріздес ұнтаққа немесе түйірлерге айналады. Бұл ауруға көбінесе астық дақылдарының жыныс органдары шалдыгады. Оның дәнінің немесе масағының орнына қаракүйе қалташалары болмаса түйірлері түзіледі. Бұндай өсімдік ауруының астық тұқымының масағымен қатар сабағы және жапырағыда шалдығады.
Мумификация. Саңырауқұлақ мицелийлері ауруға шалдыққан органдарды торлайтындықтан олар кеміп сүректенеді. Аурудың бұл түріне қастауышы алманың монилиозы және мумификациялану жатады
Ісік. Өсімдік органдарын бактериялармен саңырауқұлақтар жайлауының әсерінен клеткалар көбейеді (гиперплазия) немесе көлемі ұлғаяды(гипертрофия) . Осының салдарынан тамырда түйнекте ісіктер пайда болады. Бұл топқа капустаның алма мен басқа жеміс ағаштарының және картопың түйнегінде кездесетін рак аурулары жатады.
Деформациялану. Вирус ауруларына шалдыққан өсімдіктердің жапырағы мен гүлдерінің сырт пішіні, реңі өзгереді. Жапырақ мезофилдерімен жүйкелерінің біркелкі өспеуінен жапырақтары бұйраланады қатпарланып түтікше тәріздес ширатылады. [2]
7
- Ауыл шаруашылық дақылдарының ауруларымен күресу шаралары.
Ауыл шаруашылық дақылдарының ауруларымен күресу шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін, оларды бір - бірімен ажырата білі қажет. Бұл үшін бірнеше әдістер қолданылады.
1. Өсімдіктерді көзбен жіті қараса, олардың органдарында патологиялық өзгерістер бар - жоғы байқалады. Жапырақта, сабақта, сүректе, генеративті органдарда байқалған белгілеріне сүйеніп өсімдік ауруының қай түрі (дақ, ұлпа, пустула, т. б. ) екені анықталады.
2. Өсімдіктің ауруға шалдыққан органдары лабораторияда лупа, бинокуляр немесе микроскоп арқылы зерттеліп, онда ауру қоздырғышының споралану органдарының бар - жоғы тексеріледі. Саңырауқұлақтармен зақымдалған органда мицелий мен споралану органдарынан тұратын жұқа өңез немесе ұлпа, жеміс денелері, пикнидтер, пустулалдар, әр түрлі споралар кездеседі. Бактериялармен зақымданған органдардан тамшы эксудат бөлінеді немесе олар кеуіп ұнтаққа айналады.
3. Ауа райы құрғақ кезде өсімдіктің көптеген ауру қоздырғыштары зақымдалған органда спора түзбейді, олардың мицелийлері клетка ішінде, немесе оның аралығында қалады. Бұл жағдайда аурудың табиғатын анықтау үшін ылғалды камера қолданылады. Оны жасау үшін түбіне 1-2 қабат сорғыш қағаз төселген, стерильді сумен ылғалдандырылған Петри шынылары пайдаланылады . Ауруға шалдыққан органдар ылғалды камераға салынып, онда 20-25 0 температурада 4-5 күн ұсталады. Осы мерзімнен кейін споралану органдарының түзілу процесі тексеріледі.
4. Өсімдіктің ауру қоздырғышын жасанды ортаға бөліп өсіруге тура келетін кездер де болады. Бұл әдіс, әсіресе бактериялар және жетілмеген саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларды анықтауға өте қажет.
Арнайы рецепті бойынша жасалған жасанды орта Петри шыныларына құйылады, ол қатқан соң үстіне залалданған органдардың кішкене бөлшектері немесе судағы шайындылары егіледі.
Ауру қоздыратын бактериялардың түрін анықтау үшін оның морфологиясымен қатар жасанды және табиғи қоректік орталарда физиологиялық, биохимиялық, культуралық қасиеттері зерттеледі.
Вирус ауруларын анықтауда серологиялық әдістің маңызы зор. Бұл әдіс вирус инфекциясынан сау картоп тұқымын алу үшін ауыл шаруашылық тәжірибе станциялары мен ғылыми- зерттеу институттарында кеңінен қолданылады. Өсімдік вирустарының түрін анықтауда серологиялық әдіспен қатар, электронды микроскоп және индикатор өсімдіктер кеңінен пайдаланылады. [3]
8
- Өсімдік ауруларынан келетін зиян
Өткен ғасырдың ортасында Батыс Еуропада картоп фитофтороз ауруына шалдықты. Соның кесірінен ирландықтар ашаршылық апатына ұшырады. Бұл елдің мыңдаған тұрғындары аштықтың құрбаны болды, көптеген адамдар шет жұртқа еріксіз қоныс аударды. Сондай-ақ ертеректе Оңтүстік -шығыс Азияда кофе дақылы көп егілетін еді. Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында осы дақылдың көптеген плантациялары тат ауруының эпифитотиясына ұшырап, күрт жойылып кетті. Ал плантацияларда кофе өндіру экономикалық жағынан тиімсіз болды. Сонымен бірге 1890 жылдары Австралияны шарпыған өсімдіктің жалған ақ ұнтақ ауруының эпифитотиясы көпшілік елдердегі темекі плантацияларын апатқа ұшыратты.
ХХ ғасырдың бас кезінде Америка құрлығында қант құрағы мозанка ауруы тарады. Осы өсімдік ауруының салдарынан бұл өлкеде қант шаруашылығы күрт төмендеп кетті. Тек бұл ауруға берік сорттар шығарудың нәтижесінде ғана қант құрағы апаттан аман қалды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы ауыл шаруашылық, азық-түлік проблемалары туралы комиссияның мәліметіне қарағанда дүние жүзіндегі әр түрлі өсімдік ауруларының кесірінен картоп өнімі 88, 9 млн тонна немесе 11, 6 процентке кемиді. Бұл шығынды ақшаға шақсақ - 3, 4 млрд. доллар. Ал астық дақылдарының түсімділігі алуан түрлі өсімдік ауруларының әсерінен 5-6 процентке кемиді екен.
Ал Америка Құрама Штаттарында ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі тек қана өсімдік ауруларының кесірінен 3 млрд. долларға кемитін көрінеді.
Біздің елімізде де осы ғасырдың алғашқы кезеңдерінде астық дақылдарының өніміне қаракүйе ауруынан келетін зиян көп болды. Бұл өсімдік ауруы дәнді дақылдардың түсімділігін 10-15, кейде 20-30 процентке дейін кемітетін еді. 1950-1960 жылдары қаракүйе ауруымен күресудің ғылымға негізделген шаралар жүйесі өндіріске кеңінен ендірілуіне байланысты, қазір ол егін шаруашылығына айтарлықтай зиян келтірмейтін болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz