Жолаушы тасымалы



Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. Жолаушы тасымалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
3. Жолаушы тасымалдаушының залалдарын субсидиялау көлемдерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Пайдаланылған әдебиетер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Көлік қызметтерінің нарығында негізгі тауар көлік өнімі болып табылады. Көлік өнімінің мәні жүктердің орын алмасуы, яғни, бұл – өз кезегінде қызметтердің өндіріс процесі. Көлік өнімінің сипаттамалық белгісі – ол өндірістен жеке тіршілік етпейді, оны жинақтауға, қоймаға жиыстыруға болмайды. Көлік өнімінің құрамында шикізат жоқ, оның құнында жалақы үлесі жоғары (өнеркәсіпке қарағанда 1,5-2 есе жоғары). Көлікте айналым қаражаттарының өнеркәсіппен және ауыл шаруашылығымен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылығы бар, себебі жаңа зат ретінде тауар емес, оның қызметінің нәтижесі – орын алмасуы іске асырылады. Сонымен қатар, көлік өнімі кеңістікте өзара алмаспайды, яғни бір орында көлік инфрақұрылымының салаларын шоғырландыру барысында олардың кемшіліктерін өзге жолмен толықтыруға болмайды.
Көлік қызметтерінің нарығын тиімді жүзеге асырудың негізгі факторларының бірі көлік жиынтығының өзінің түбегейлі жаңа бағытта дамуына әсер ететін, көлікте бәсекелестік қатынасты енгізу болып табылады, бұл жүк қалыптастырушы, өндіруші салалар арасында бәсекелестікті нығайтуға және отандық өнеркәсіп-өндіріс жиынтығын қалыптастырудың қуатты импульсіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Республиканың қазіргі таңдағы көлік қызметтері нарығында темір жол, автокөлік, әуе және құбыр өткізгіш көліктер ұсынылған. Қазақстан көлік бағыттарының ауқымды желісін қамтиды: Қазақстан аумағы арқылы өтетін 14061,8 км темір жолдар, 85 мың км жоғары автокөлік жолдары, 4 мың км-ге жуық ішкі су кеме қатынасының және 17,1 мың км магистральдік құбыр өткізгіш бағыттары. Көліктің айтарлық барлық салаларында орын алған жекешелендіру және акционерлеу процесі көлік нарығында бәсекелес шаруашылық субъектілерінің туындауына жол ашты. Қазақстанда 2002 жылы 2171 көлік кәсіпорны болған, олардың 1728 шағын, 373 орта және 70 ірі болып саналған.
Республикада бәсекелестік қағидаларын дамыту үшін жағдай жасалғаны, мемлекеттік емес көлік кәсіпорындарының көптеген көлемі іске қосылғаны белгілі. Алайда, бұл жағдай салалардың барлығында қолайлы даму үстінде емес. Барынша тиімді бәсекелес нарықтық жағдайлар автокөлік, әуе және кеме қатынасы тәрізді көлік түрлерінде жасалған.
1. «Көліктану негіздері», 2002ж, Малыбаев С.К.;
2. «Жалпы көлік курсы», оқу құралы, Малыбаев С.К., Қарағанды, 2010ж.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. Жолаушы
тасымалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .4
2. Жолаушылар мен теңдеме жүкті
тасымалдау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..5
3. Жолаушы тасымалдаушының залалдарын субсидиялау көлемдерін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Пайдаланылған
әдебиетер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .19

КІРІСПЕ

Көлік қызметтерінің нарығында негізгі тауар көлік өнімі болып
табылады. Көлік өнімінің мәні жүктердің орын алмасуы, яғни, бұл – өз
кезегінде қызметтердің өндіріс процесі. Көлік өнімінің сипаттамалық
белгісі – ол өндірістен жеке тіршілік етпейді, оны жинақтауға, қоймаға
жиыстыруға болмайды. Көлік өнімінің құрамында шикізат жоқ, оның құнында
жалақы үлесі жоғары (өнеркәсіпке қарағанда 1,5-2 есе жоғары). Көлікте
айналым қаражаттарының өнеркәсіппен және ауыл шаруашылығымен салыстырғанда
айтарлықтай айырмашылығы бар, себебі жаңа зат ретінде тауар емес, оның
қызметінің нәтижесі – орын алмасуы іске асырылады. Сонымен қатар, көлік
өнімі кеңістікте өзара алмаспайды, яғни бір орында көлік инфрақұрылымының
салаларын шоғырландыру барысында олардың кемшіліктерін өзге жолмен
толықтыруға болмайды.
Көлік қызметтерінің нарығын тиімді жүзеге асырудың негізгі
факторларының бірі көлік жиынтығының өзінің түбегейлі жаңа бағытта дамуына
әсер ететін, көлікте бәсекелестік қатынасты енгізу болып табылады, бұл жүк
қалыптастырушы, өндіруші салалар арасында бәсекелестікті нығайтуға және
отандық өнеркәсіп-өндіріс жиынтығын қалыптастырудың қуатты импульсіне қол
жеткізуге мүмкіндік береді. Республиканың қазіргі таңдағы көлік қызметтері
нарығында темір жол, автокөлік, әуе және құбыр өткізгіш көліктер ұсынылған.
Қазақстан көлік бағыттарының ауқымды желісін қамтиды: Қазақстан аумағы
арқылы өтетін 14061,8 км темір жолдар, 85 мың км жоғары автокөлік жолдары,
4 мың км-ге жуық ішкі су кеме қатынасының және 17,1 мың км магистральдік
құбыр өткізгіш бағыттары. Көліктің айтарлық барлық салаларында орын алған
жекешелендіру және акционерлеу процесі көлік нарығында бәсекелес шаруашылық
субъектілерінің туындауына жол ашты. Қазақстанда 2002 жылы 2171 көлік
кәсіпорны болған, олардың 1728 шағын, 373 орта және 70 ірі болып саналған.
Республикада бәсекелестік қағидаларын дамыту үшін жағдай жасалғаны,
мемлекеттік емес көлік кәсіпорындарының көптеген көлемі іске қосылғаны
белгілі. Алайда, бұл жағдай салалардың барлығында қолайлы даму үстінде
емес. Барынша тиімді бәсекелес нарықтық жағдайлар автокөлік, әуе және кеме
қатынасы тәрізді көлік түрлерінде жасалған..

Жолаушы тасымалы

Жолаушы тасымалы – көлікпен жолаушылар тасымалдау жұмысы. Жолаушы
тасымалы магистральдық (темір жол, азаматтық авиация, автобус, теңіз, өзен
қатынастары) және қала (метрополитен, трамвай, троллейбус, жеңіл
автомобиль) көліктерімен жүзеге асырылады. Жолаушы тасымалы қашықтығы мен
жылдамдығына және көлік түрлерінің ерекшелігіне қарай ажыратылады. Темір
жол көлігінде тасымалдау қашықтығына байланысты ол жергілікті жолаушы
тасымалы, қала маңындағы жолаушы тасымалы, алыс қашықтықтық жолаушы
тасымалы, болып, жылдамдығына қарай жай жолаушы тасымалы және жүрдек
жолаушы тасымалы болып бөлінеді. Автомобиль көлігімен жолаушы тасымалы қала
ішіндегі, қала маңындағы, қалааралық және халықаралық болып бөлінеді. Әуе
көлігінде алыс қашықтықтық жолаушы тасымалы, жергілікті жолаушы тасымалы,
халықаралық жолаушы тасымалы деп, теңіз көлігінде жай жолаушы тасымалы,
жүрдек жолаушы тасымалы, экспресс жолаушы тасымалы болып ажыратылады. Өзен
көлігімен жолаушы тасымалының қалааралық, қала маңындағы, жергілікті және
транзитті түрлері бар. Жолаушы тасымалы жұмысының көлемін жолаушы айналымы
дейді. Ол жолаушы-километрмен өлшенеді, яғни жолаушыларды 1 км қашықтыққа
тасымалдау жолаушы айналымының өлшем бірлігі болып табылады. Ол көлік
түрлері, тасымал бағыты, т.б. бойынша бөлек-бөлек есептеледі. Қазақстанда
1999 жылмен салыстырғанда жолаушы тасымалы 2000 жылы 7%-ға көбейді. Жалпы
пайдаланудағы көліктің жолаушы тасымалы 2000 жылы 20 млрд. жолаушыкм
болды. Жолаушы тасымалдайтын барлық көлік түрлерінің ішінде автомобиль
көлігімен жолаушы тасымалы ерекше орын алады. Қазақстанда 2000 жылы оның
үлесі 74% болды. 2001 жылдың соңғы 9 айында темір жол көлігінде 21,3 млн.
адам, автомобиль көлігінде 664,5 млн. адам, өзен көлігінде 0,1 млн. адам,
әуе көлігінде 0,8 млн. адам тасылды. Қазақстанды ТМД елдерімен және Батыс
Еуропа мемлекеттерімен байланыстыратын 100-ден астам тұрақты маршруттар
ашылды. Жолаушы тасымалының халықаралық желісін ұлғайту бағытында белсенді
жұмыс жүргізілуде.
Жүк автомобилінің кузовында жолаушыларды тасымалдауға С
санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына куәлігі (кабинадағы
жүргізушіні қоса алғанда 8 адам-нан артық тасымалдау кезінде) осы санаттағы
көлік құралын басқаруда 3 жылдан артық стажы бар жүргізушілер жіберіледі.
Автобустармөн, шагын автобустармен жолаушылар тасымалдауға жасы
кемінде жиырма бірде, тиісті санаттагы жүргізуші куәлігі бар жүргізушілер-
ге руқсат етіледі.
Жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін пайдаланылатын автобус-тар мен
шагын автобустар Қазақстан Республикасының техникалық регла-менттерінің
талаптарына және стандарттарына сәйкес болуы тиіс.
Такси ретінде тасымал үшін арнайы басқарылатын, оның ішінде толық
қолымен, сондай-ақ оң жақтан басқарылатын автокөлік қуралдарын пайда-лануга
тыйым салынады.
Жолаушыларды борттық платформасы бар жүк автомобилінің кузовында, егер
ол негізгі ережелердің 4-тармағының талаптарына сәйкес жабдықталған болса,
тасымалдауға рұқсатетіледі.
Жүк автомобилінің жүрпзушісі жол жүрер алдында жолаушыларға міну, түсу
және кузовта орналасу тәртібі туралы түсіндіруге; қозғалыс кезінде тұруға
және бортқа отыруға тыйым салынғандығы туралы ескертуге тиіс.
Қозғалысты жолаушыларды қауіпсізтасымалдау шаралары қамтамасыз
етілгендігіне көз жеткізілгеннен кейін бастауға болады.
Борттық платформасы бар, жолаушылар тасымалдау үшін жабдықталмаған жүк
автомобилінің кузовында жүруге, олар борттың деңгейінен төмен орналасқан
орындықтармен қамтамасыз етілген жағдайда ғана, жүкті алып бара жатқан
немесе жүк әке-луге жіберілген адамдарға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылгы 26 қаңтардагы № 47
қаулысымен алынып тасталды.
Жүргізуші жолаушыларды отырғызуды және түсіруді көлік құралы толық
тоқтағаннан кейін жүзеге асыруға, ал қозғалысты есікгер жабық күйінде
бастауы және оларды толықтоқтағанға дейін ашпауға міндетті.

Жолаушылар мен теңдеме
жүктi тасымалдау шарты

Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын
мекенiне, ал жолаушы теңдеме жүктi тапсырған жағдайда теңдеме жүктi де
апаратын мекенге жеткiзудi және оны теңдеме жүктi алуға құқық берiлген
адамға беруге мiндеттенедi; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгiн тапсырған
кезде – теңдеме жүгiн алып баруға ақы төлеуге мiндеттенедi. Жолаушы
тасымалдау шарты – екi жақты, ақылы және жүктердi тасымалдау шартына
қарағанда консенсуалды.
Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шартының нысаны жазбаша, ол
тиiсiнше жол жүру билетiмен және теңдеме жүк түбiртегiмен рәсiмделедi.
Аталған құжаттарда шарттар негiзiнен бiржолғы болып табылады, яғни белгiлi
бiр көлiкпен бiр рет жол жүру мақсатында бекiтiледi. Жолаушыларды қалалық
және қала маңы көлiгiмен тасымалдау туралы сөз болғанда белгiлi бiр (әдетте
бiр айлық) мерзiмге бекiтiлетiн тасымалдау шарттары да қолданылады, бұл
мерзiм iшiнде тасымалдаушы ұйым жолаушыны тасымалдауға мiндеттенедi. Мұндай
шарттар жеке сипатқа ие болуы мүмкiн, мысалы, тасымалдаушы жеңiлдiк
жағдайларымен тұлғалардың белгiлi бiр категориясын тасымал-дауды жүзеге
асырғанда. Бiржолғы жолаушылар билетi жеке адамға да, сондай-ақ адамдар
тобын тасымалдауға берiлуi мүмкiн, осындай жолмен бекiтiлген тасымалдау
шарты жеке сипатқа ие емес, бiрақ тасымалдау басталғаннан кейiн ол тек
билет бойынша жол жүрудi бастаған тұлғаға, тұлғалар тобына қатысты ғана
жарамды болады. Жол жүру барысында жол жүру билеттерiн басқаға беруге,
қайта сатуға тиым салынады. Ал, әуе тасымалдауы кезiнде шарт жеке сипатқа
ие, билеттi басқа тұлғаға қайта сату мен беруге тиым салынады. Қайта сату
немесе беру фактiсi анықталған жағдайда билеттiң күшi жойылады және оның
бағасы қайтарылмайды. Шарт бекiту (билет беру) жолаушының жеке басын
куәландыратын құжат негiзiнде жүзеге асады.
Әрбiр жолаушы жол жүру билетiн иеленуге мiндеттi, тасы-малдаушы оның
сатылуын жолаушы көрсеткен мекенге жеткенге дейiн қамтамасыз етуге мiндеттi
(егер сол немесе басқа мекенмен байланыс болған кезде ғана). Егер жолаушы
жол жүру құжаттарын жоғалтса немесе бүлдiрсе, онда олар қайта қалпына
келтiрiлмейдi, оларға төленген ақша да қайтарылуға жатпайды.
Жолаушыларды темiр жолмен тасымалдау үшiн пайдала-нылатын поезд түрi
маңызды болып табылады. Мәселен, жылдамдығына қарай шапшаң жедел және
жолаушы поездары (тиiсiнше тасымалдаулар) ажыратылады. Поездар жол жүру
қашықтығына қарай алысқа қатынайтын, жергiлiктi және қала маңына қатынайтын
болып бөлiнедi. Жоғары сапалы қызмет көрсетулер көзделетiн поездар фирмалық
болып бөлiнедi. Сондай-ақ жолаушы орналасатын вагонның, орынның түрi де
маңызға ие. Су көлiгiмен тасымалдау кезiнде берiлетiн каютаның класы (не
палуба орындарында тасымалдау көзделуi мүмкiн) маңыздылыққа ие.
Жолаушыларды әуемен тасымалдау кезiнде жолаушы орналасатын салонның класына
(қызмет көрсету деңгейiне) қарай градация көзделуi мүмкiн.
Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi жалпы түрде Азаматтық кодексте
анықталады, ал толығырақ олар ҚР-ң “Көлiк туралы” Заңында көрсетiлген,
көлiктiң жекелеген түрлерiмен жолаушыларды тасымалдау бойынша олар
жолаушыларды тасы-малдаудың сол немесе өзге бiр түрiн реттейтiн нормативтiк
актiлерде нақтыланады, бiрақ негiзгi тұстары бойынша олардың нормалары
аталған заңның нормаларымен сәйкес келедi.
Тасымалдау шартының жария сипаты жолаушыны тасымалдау шарты үшiн
айрықша нақтыланады. Оған кез келген көлiк түрiне және жолаушылар тасымалы
үшiн ашық болатын кез келген бағыт бойынша билет алу құқығы берiледi.
Бекiтiлген шарт бойынша жолаушы көлiк құралында билiкке сәйкес орын-ды
иеленуге құқылы. Бұл көлiк құралындағы орын категориясына да, нақты орынға
да қатысты.
Жолаушылардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн тасымалдаудың
тiкелей жағдайларының өзi ғана емес, сонымен қатар қажеттi инфрақұрылымның,
тиiстi қосымша сервистiк болуы маңызды болып табылады.
Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдаумен байланысты операцияларды
орындау үшiн ашық болатын станциялар осы операциялардың орындалуын
қамтамасыз ететiн талаптарға сай болуға тиiс. Тасымалдаудың мөлшерiне қарай
вокзалдарда теңдеме жүктi қабылдау мен беру бөлмелерi, қол жүгiн сақтау
камералары, күту залдары, анықтама бюролары, транзиттiк жолаушылардың, ана
мен баланың демалу бөлмелерi; ресторандар мен буфеттер, жолаушыларға мәдени-
тұрмыстық және санитарлы-гигиеналық қызмет көрсететiн үй-жайлар (почта,
телеграф, радиожелiлер, шаштараздар, дәрiгерлiк көмек пунктерi және т.б.)
жабдықталады. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшiн және олардың жол жүру, түсу
және өту қауiпсiздiгiн арттыру үшiн станцияларда төбесi жабылған,
павильондары бар платформалар, өту тоннельдерi немесе көпiрлер салынады.
Вокзал маңындағы алаңдар жақсы жабдықталуға және жаяу жүретiндер мен қала
көлiгiнiң ыңғайлы және қауiпсiз қозғалысының талаптарына сай болуға тиiс.
Жолаушы билеттi өзiнiң жол жүруi үшiн, сондай-ақ өзiмен бiрге 7 жасқа
дейiнгi, ал халықаралық тасымал кезiнде 5 жасқа дейiнгi, бiр баланы (жеке
орын берiлмейтiн) тегiн алып жүруге пайдалана алады. Яғни, мұндай
жағдайларда тасымалдаудың жеке шартын бекiту талап етiлмейдi. Мұндай
мүмкiндiк жолаушыға көлiктiң таксимен жүзеге асырылатын тасымалдан басқа
барлық түрiмен тасымалдау кезiнде берiлдi.
Жолаушыға iшкi тасымалдар кезiнде 7-ден 15 жасқа дейiнгi және
халықаралық тасымалдар кезiнде 5-тен 12 жасқа дейiнгi балаларға қатысты
шартты билет құнын 50% мөлшерiнде төлеумен жеңiлдiк жағдайларында бекiтуге
құқық берiледi. Бұл жағдайда кәмелетке толмаған бала ересек адаммен бiрге
немесе бөлек жол жүретiндiгi маңызды болып табылмайды.
Тасымалдау әртүрлi мемлекеттердiң бiрнеше тасымалдаушыларымен жүзеге
асырылатын және оған солармен бiрге Қазақстан Республикасының
тасымалдаушысы қатысатын кезде бұл жеңiлдiк (құқық) тек Қазақстан
Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымал жолының бөлiгiнде
ғана берiлетiн болады.
Жолаушы көлiктiң барлық түрлерiмен тасымалдау кезiнде жүрiс
барысындағы аялдамада билет күшiн 10 тәулiктен аспайтын мерзiмге, қалалық
және қала маңына қатынайтыннан басқа, көлiктiң барлық түрлерiнде ұзартуға
құқылы. Жүрiс барысындағы аялдама кезiнде билеттiң әрекет ету күшi тасы-
малдаушымен ұзартылуы мүмкiн. Мәселен, темiр жолмен тасы-малдау шарты
бойынша жолаушы ауруына байланысты жол жүру барысында аялдаған кезде емдеу
мекемесiнiң анықтама қағазын көрсеткенде билет күшiн ауыру уақытына
ұзартуға құқылы. Жолаушыға поезда орын берiлмеген жағдайда билет күшi
жолаушыға орын берiлетiн келесi поезд жөнелтiлгенге дейiн ұзар-тылады.
Тасымалдаудың барлық түрлерi бойынша жолаушы көлiк қызметтерiн
көрсететiн тасымалдаушының кез келген мекемесiне тасымал басталғанға дейiн
билеттi тапсыруға және тасымал үшiн төленген соманы қайта алуға құқылы.
Тасымалдаушымен қайтарылмайтын соманың мөлшерлерi және оларды қайтару
тәртiбi көлiк жарғыларымен (тасымалдау ережелерiмен) анықта-латын болады.
Темiр жол тасымалдары бойынша қайтарылатын сомалардың мөлшерi ТЖУЖ-дiң 105-
бабының “и” тармағында көрсетiлген. Егер пайдаланылмаған темiр жол
билеттерi темiр жол станциясының кассасына поезд жөнелтiлгенге дейiн 24
сағат бұрын қайтарылса, онда жолдың толық құны қайта алынуы мүмкiн, ал
поездың жөнелтiлуiне 24 сағаттан кем, бiрақ 6 сағатқа дейiнгi уақытта
қайтарылса билет құнын және плацкарт құнының 50%-ын алуға болады. Егер
билет поездың жөнелуiне 6 сағаттан кем уақыт iшiнде қайтарылса тек билет
құны қай-тарылады, бұл кезде плацкарт құны қайтарылуға жатпайды.
Егер кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың тапсы-рыстары бойынша
алынған жол жүру құжаттары поезд жөнел-тiлгенге дейiнгi 7 тәулiктен кем,
бiрақ 3 тәулiктен кешiктiрiлмей қайтарылса плацкарт құнының 50%-ы ұсталады,
егер олар поезд жөнелтiлгенге дейiнгi үш тәулiктен кешiктiрiлiп қайтарылса
плацкарт құны толығымен ұсталып қалады.
Ұжымдық жол жүру билеттерiн қайтару кезiнде өзгеше мерзiмдер мен ұстап
қалуды белгiлеу, ең алдымен, тасымалдаушының бұл жағдайларда ұжымдық
тапсырыстан бас тарту салдарынан анағұрлым көп шығынға ұшырауымен
байланысты, өйткенi дәл сол орындарға билеттердi қайта өткiзуге мүмкiндiк
болмай қалуы мүмкiн. Дегенмен, жол жүруден бас тарту барлық жағдайларда
билет алған тұлғаның құқығы ретiнде қарасты-рылады, және қандай да бiр
жауапкершiлiк санкциясын қолдану туралы сөз болмауға тиiс.
Жол жүру билетi алынған поезға (қала маңына қатынайтыннан басқа) үш
сағатқа, ал ауруына немесе оқыс жағдай салдарынан – поезд жөнелтiлген
сәттен бастап үш тәулiкке кешiккен кезде жолаушы сол жол жүру құжатының
күшiн плацкарт құнын қайта төлеу арқылы басқа поезға қайта жаңартуға
құқылы. Сонымен қатар жолаушы плацкарт құнын шегерiп тастап, жол жүру құнын
қайта алуға құқылы.
Жол жүру бойында (темiр жол тасымалы кезiнде) жүрiсiн тоқтатқан кезде
жолаушы жүрмеген қашықтығының жол құнын плацкарт құнын шегерiп тастап қайта
алуға құқылы.
Жол жүру барысындағы уақытта жолаушыға бос орындар болған кезде жоғары
категориялы вагоннан орын алуға құқық берiледi.
Жолаушы өзiмен бiрге қол жүгiн (теңдеме жүктi) алып жүруге құқылы. Әуе
көлiгiнде, қалалық және қала маңына қатынайтын автобустармен тасымалдағанда
салмағы 20 кг аспай-тын қол жүгiн және теңдеме жүктi тегiн алып жүру
белгiленедi. Темiр жол, теңiз, iшкi су көлiгiнде, сондай-ақ халықаралық
автобустарда салмағы 35 кг аспайтын қол жүгiн және теңдеме жүктi тегiн алып
жүру белгiленедi. Тасымалдаушылар өз шешiмi бойынша көлiктiң барлық
түрлерiнде тегiн тасымалданатын теңдеме жүктiң салмағын ұлғайтуға құқылы.
Темiр жол тасы-малы кезiнде жолаушы жол жүру құжаты бойынша, ұсақ заттар-ды
есептемегенде, салмағы 36 кг болатын теңдеме жүктi тегiн алып жүру үшiн
тапсыруға құқылы, белгiленген тарифтер бойынша алып жүру ақысын төлей
отырып ол салмағы 100 кг-нан аспайтын теңдеме жүктi алып жүре алады.
Тасымалдауды жалғастырудан тасымалдаушы бас тартқанда ол жолаушыны
баратын жерiне өз есебiнен жеткiзуге немесе шартты бұзу салдарынан
жолаушыға келтiрген барлық шығындарды өтеуге мiндеттi.
Егер темiр жол тасымалы кезiнде жолаушыға сатып алынған билетке сәйкес
орын берiлмесе, онда темiр жол жолаушыға оның келiсiмiмен басқа вагоннан
орын тауып беруге мiндеттi, ал вагонның категориясы жоғарырақ болса, ол
үшiн қосымша ақы алынбайды. Жолаушыға өзi сатып алған жол жүру құжатының
құнынан төмен тұратын орын берiлгенде, оған жол жүру құнының айырмашылығы
да қайтарылуға тиiс.
Теңдеме жүктi тасымалдау жөнiндегi мiндеттеме – тасымалдаушының
жолаушы көрсеткен бағытта теңдеме жүктi алып жүру мен оны тасымалдауға
қабылдаған сәттен бастап сатып алушыға бергенге дейiн оның сақталуын
қамтамасыз ету мiндеттемесi болып табылады. Жолаушылар мен теңдеме жүктi
автомобиль көлiгiмен тасымалдаған кезде теңдеме жүк әдетте оны автобустың
теңдеме жүк бөлiмшесiнде орналастыру үшiн қабылданады. Дәл осылай теңдеме
жүк су, әуе көлiгiмен де тасымалданады. Жолаушы мен теңдеме жүктi әртүрлi
көлiкпен тасымалдау да жоққа шығарылмайды. Темiр жол тасымалдауы кезiнде
теңдеме жүктi тасымалдауға қабылдауға және оны сол немесе теңдеме жүк
вагоны бар тиiстi бағыттағы келесi поезбен жiберуге мiндеттi. Егер
жолаушының мәлiмдеуi болса, онда теңдеме жүк жол жүру құжатында
көрсетiлмеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жолаушы тасымалдарын жақсарту жолдары
Жолаушыларды тасымалдау шарты
Сервистік қызмет
Автобус паркінде жолаушылар тасымалын ұйымдастыру
Халықаралық әуе тасымалдарын ұйымдастыру
Батыс Қазақстан автобус паркі ЖШС автобустардың техникалық күйін жақсарту
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының көліктік жүйесінің жағдайы мен транспорттық тасымалдау қызметін зерттеу
Автобус қозғалысы жұмысын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы темір жол көлігнің экономикалық жағдайын бағалау
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері
Пәндер