Саяси манипуляция



1) азаматтардың жеке бостандығы мен дербес таңдауы;
2)конгресс, сот пен президент билігінің, сонымен қатар БАҚ.тың бейтараптығы;
3) адамның өзгермейтін эгоистік табиғаты, оның агрессивтігі, жинақтау мен тұтынуға бейімділігі;
4) қоғамда əлеуметтік жанжалдардың, қанау мен қанау болмауы;
Саяси манипуляция əлеуметтік-саяси ғылымдардың ғылыми əдебиетте жеткілікті деңгейде қарастырыла қоймаған зерттеу мəселесі болып табылады.
Əрине, бір мақала шегінде саяси манипуляцияның барлық негіздерін қамту мүмкін емес, сондықтан, мен тек оның түсінігі мен анықтамасына тоқталғым келеді.
Ең алдымен, азаматтар мен демократиялық мемлекет құрылымына бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) саяси манипуляция, яғни адамдардың саяси санасы мен жүріс-тұрысына олардың өз мүддесіне сəйкестігіне қарамастан əрекет немесе əрекетсіздік жасауы мақсатында жасырын басқару жасау үшін пайдалану үлкен қауіп төндіреді. Оның үстіне манипуляция тек өтірікке негізделеді. Ал, бұл өтірік құтқаруға бағытталмаған, керісінше пайдакүнемдікке қызмет етеді. Адамдардың саяси жүріс-тұрысын өзгертуге бағытталған көптеген əдіс-тəсілдердің ішінен адамдардың жүріс-тұрысын манипуляциялауға бағытталған əдіс-тəсілдерді бөліп қарастыруға болады. Саяси манипуляция -əртүрлі деңгейлер мен негіздемелер бойынша құрылған, қызметі жағынан саясат пен оның субъектілерінде көрініс табатын, динамикалық жəне қайшылыққа толы күрделі əлеуметтік-рухани құрылым. Осы тұрғыдан алып қарағанда, кей кездері саяси субъектіде адамдардың жүріс-тұрысына тез əрі тиімді əсер етуді талап ететін шешім қабылдау қажет жағдайлар кездесіп отырады, бірақ, оның ашық түрде күш қолдану мен мəжбүрлеу шараларын қолдануға құқығы шектелген, оның нормативтік актілер мен заңдарды қабылдауға өкілетті тұлғаларға ықпал жасауға мүмкіндігі жоқ, оның адамдардың сенімдері мен ортақ құндылықтарға деген көзқарастарының өзгеруін тосуға уақыты жоқ болады. Осындай жағдайларда адамдардың жүріс-тұрысын манипуляциялау орын алады.
1.Самыгин С.И. Политика и реформа // Модернизации общества. –
Ростов – на/Д., 2009. - С. 15-17.
2.Казахстанская политологическая энциклопедия. – Алматы,
1998. – С. 281.
3.The Concise Oxford Dictionary of Politics. – OXFORD university
press, 2003. – P. 331.
4.Пугачев В.П., Соловьев А.И. СМИ и политика // Средства
массовой информации в современном мире: Сборник статьей – М., 2001. –С.10-12.
5.Əбсаттаров Р.Б. Саяси плюрализм: мазмұны жəне анықтамасы
// Ақиқат. – 2007. - №10. – 12-17 б.
6.Пугачев В.П., Соловьев А.И. СМИ и политика // Средства
массовой информации в современном мире: Сборник статей – М., 2001 –С.16-17.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Саяси манипуляция əлеуметтік-саяси ғылымдардың ғылыми əдебиетте жеткілікті деңгейде қарастырыла қоймаған зерттеу мəселесі болып табылады.
Əрине, бір мақала шегінде саяси манипуляцияның барлық негіздерін қамту мүмкін емес, сондықтан, мен тек оның түсінігі мен анықтамасына тоқталғым келеді.
Ең алдымен, азаматтар мен демократиялық мемлекет құрылымына бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) саяси манипуляция, яғни адамдардың саяси санасы мен жүріс-тұрысына олардың өз мүддесіне сəйкестігіне қарамастан əрекет немесе əрекетсіздік жасауы мақсатында жасырын басқару жасау үшін пайдалану үлкен қауіп төндіреді. Оның үстіне манипуляция тек өтірікке негізделеді. Ал, бұл өтірік құтқаруға бағытталмаған, керісінше пайдакүнемдікке қызмет етеді. Адамдардың саяси жүріс-тұрысын өзгертуге бағытталған көптеген əдіс-тəсілдердің ішінен адамдардың жүріс-тұрысын манипуляциялауға бағытталған əдіс-тəсілдерді бөліп қарастыруға болады. Саяси манипуляция -əртүрлі деңгейлер мен негіздемелер бойынша құрылған, қызметі жағынан саясат пен оның субъектілерінде көрініс табатын, динамикалық жəне қайшылыққа толы күрделі əлеуметтік-рухани құрылым. Осы тұрғыдан алып қарағанда, кей кездері саяси субъектіде адамдардың жүріс-тұрысына тез əрі тиімді əсер етуді талап ететін шешім қабылдау қажет жағдайлар кездесіп отырады, бірақ, оның ашық түрде күш қолдану мен мəжбүрлеу шараларын қолдануға құқығы шектелген, оның нормативтік актілер мен заңдарды қабылдауға өкілетті тұлғаларға ықпал жасауға мүмкіндігі жоқ, оның адамдардың сенімдері мен ортақ құндылықтарға деген көзқарастарының өзгеруін тосуға уақыты жоқ болады. Осындай жағдайларда адамдардың жүріс-тұрысын манипуляциялау орын алады.
Саясатта манипуляция ретінде манипулятордың адамды өзі жасауға ықылас білдірмеген əрекетті жасауына итермелеуі сипатындағы əсер ету түрін түсінеді. Манипуляция күш қолдану мен биліктік əсер етуден өзгеше, мұнда істелетін əрекетке тікелей тапсырма, бұйрық беру, сол сияқты ашық мəжбүрлеу мен жаза қолданумен байланысты қорқыту орын алмайды [1].
Адамға манипуляциялық əсер ету барысында ол сыртқы мəжбүрлеуді
сезінбейді, өзі шешім қабылдап, өзінің жүріс-тұрысының нысанын өзі таңдаған сияқты əсерде болады.
Саяси манипуляцияның жалпы технологиясы бұқараның санасына рационалды сыни түсінуден ада, шындық пен нақты жағдайдан тыс, тек басым түрде сенімге бағытталған нақты құндылықтар мен нормаларды бекітіп, əлеуметтік-саяси мифтер мен иллюзиялық идеяларды жүйелі түрде ендіруге негізделетіндігін айта кеткен жөн [2]. Мифтер адамдарды бағыныштылықта ұстау мақсатында жасалады. Мифтерді бұқараның санасына білдіртпей ендірген уақытта олар үлкен күшке ие болады, ал көпшілік адамдар орын алып отырған манипуляция жайлы күдіктенбейді де.
Мифтер манипуляторлар жасаған əлемнің иллюзиялық мəтінінің толықтай негіздемесі болып табылады. Мысалы, коммунистік манипуляция жүйесінің құрылымдық жүйесі болып жеке меншіктің əлеуметтік-саяси
зұлымдық пен қақтығыстардың негізгі бастауы екендігі жөніндегі, капитализмнің міндетті түрде қирайтындығы жəне коммунизмнің гүлденетіндігі туралы, жұмысшылар табының жəне олардың коммунистік партиясының басқарушылық ролі туралы, марксизм-ленинизм ілімінің тек жалғыз əлеуметтік-саяси ғылым екендігі жөніндегі мифтер табылады.
Американдық профессор Герберт Шиллердің пікірінше, АҚШ-та басқарушы элитаның басымдығын бекітетін бес əлеуметтік-саяси мифті атап көрсетуге болады:
1) азаматтардың жеке бостандығы мен дербес таңдауы;
2)конгресс, сот пен президент билігінің, сонымен қатар БАҚ-тың бейтараптығы;
3) адамның өзгермейтін эгоистік табиғаты, оның агрессивтігі, жинақтау мен тұтынуға бейімділігі;
4) қоғамда əлеуметтік жанжалдардың, қанау мен қанау болмауы;
5) БАҚ-тың көптүрлілігі, шындығында, көптігіне қарамастан оларды ірі жарнама берушілер мен үкімет бақылап отырады жəне олар иллюзиялық сананың біртұтас өндірісі болып табылады.
Манипуляцияны алдау деушілер жиі кездеседі, бірақ бұл нақты ақиқатқа жатпайды. Мысалы, мынадай манипуляциялық əдіс бар, оның мəні саяси субъект ұсынатын нəрсенің көпшілік адамдар алдында олардың
өздеріне білдіртпей асқан шеберлікпен құны мен беделін арттырып, олардың
қадірлеп, қастерлейтін құндылығына айналдыру. Мұндай əдісті қолданғанда ұсынылып отырған объектінің қоршаған ортадағы мəні мен маңызы зор адамға немесе затқа байланысты ассоциация пайда болады. Егер жарнамалық
тақтайда кандидат мəз-мейрам болып тұрған балалардың ортасында бейнеленсе, осы жарнаманың кейбіреулерге жасырын əсер етіп, оған байланысты жағымды ассоциация тудыруы мүмкін, яғни балаларға деген мейірім сол кандидатқа да ауып кетуі мүмкін. Бұл əдіс саяси жарнамалық роликтерде жиі пайдаланылады, мысалы, кандидат қазақстандықтар үшін қымбат кең даланың төсінде немесе бұрын көпке таныс емес кандидат танымал саясаткердің немесе ғалымның жанында бейнеленеді. Саясаттағы манипуляцияның терең гносеологиялық тамыры бар, өйткені, саясат күрделі, көбінесе адамдардың көзінен жасырын сала, саясат төтенше қайшылықты жəне өте сайқал, арсыз, былғаныш та болуы да мүмкін.
Сондықтан да қарапайым адам үшін саяси жағдайларды ұғыну, түсіндіру, баға беру өте ауыр. Осыдан да болар, көптеген адамдар манипуляция объектісіне айнала отырып, осынау тұтқыннан босап шыққысы келмейді, тек саясатқа қатысты ұнайды немесе ұнамайды деген бір сөзді қанағат етеді. Қазіргі саяси кеңістікте нақты жағдай жайлы білу əрқашан БАҚ-пен байланысты, азаматтар болған жайды содан көріп біледі, сондықтан да орын алған жағдай мен берілген ақпаратты айыру қиын. Мұның өзі қажетті саяси ұстанымдарды қалыптастырып, нақты бір саяси əрекет типіне дайындау мақсатында адамдардыңсаяси санасы мен жүріс-тұрысына жасырын басқару жүргізу əдісі ретіндегі саяси манипуляцияның орын алуына негіз болып табылады [3]. Демократиялық емес режимдердегі саяси билік органдары барлық кезде де БАҚ-ты билікке тиімді стереотитптерді, ұстанымдарды, мақсаттар мен идеалдарды жəне т.б. орнықтыру үшін пайдалану арқылы халықты, адамдардың əлеуметтік топтарын объект жағдайында ұстап тұруға тырысады.
Бұқаралық сананың эмпирикалық, күнделікті өмір сүру тəжірибесінде бейберекет туындайтын жəне қоғам мүшелерінің басым бөлігіне тəн сана екендігі баршамызға аян. У.Липман мен Э.Бернайс өз теорияларында адам психикасының инстинктивті-эмоциялық жағына əсер ету əдістемесінің көмегімен бұқаралық сананы үстем таптың мүддесіне сай басқаруды ұсынады, мысалы, оқиғаны жасау əдісі арқылы ұйымдастырылған сыртқы қоздырғыш түйсік пен эмоцияға əсер етіп адамдардың өздерінде бар стереотиптіөзінебағындырадынемесеон ыжойыпжаңасын қалыптастырады.
Саяси манипуляцияның екі басты моделін бөліп қарастыруға болады: психологиялық жəне рационалдық. Алғашқы модельдің басты сипаттамасы оның жеке тұлғаның кез-келген психологиялық ынтаға жылдам реакциясын пайдалануында. Мұндағы манипуляцияның мəні манипуляторға қажетті реакцияны туындатуға қабылетті психологиялық тетіктерді əрекет етуге итермелейтін сəйкес ынтаны таңдауында. Бұл бағытта адам тек стимул – реакция қағидасы бойынша жұмыс істейтін қарапайым тетік ретінде қарастырылады. Рационалдық модельде манипуляция психологиялық мотивті қолдану арқылы емес алдау мен арбау арқылы жүзеге асырылады.
Бұл модельге тəн манипуляция нысандарына келесілерді жатқызуға болады:
қатардағы азаматқа қол жетімді ақпарат көлемін азайту; үгіт насихатты қолдану, яғни, азаматтарға ішінара шыншыл, бірақ бағытталған ақпаратты беру;
құпиялылықты сақтау, яғни, ресми саяси бағытқа зиян келтіруі мүмкін ақпаратты қасақана жасырып қалу;
үлкен ақпараттық жүктеме, яғни, қатардағы азаматтың дұрыс меңгеріп нақты баға беру мүмкіндігін шектеу үшін əдейі мөлшерден тыс ақпарат беру.
Мұндай əдіс арқылы жеке тұлғаның нақты ақпарат алуға мүмкіндігі шектеледі, сондықтан олар ресми нұсқаға жүгінуге мəжбүр болады.
Насихаттау жұмыстары барысында əлеуметтік-саяси мифтерді халық санасына сіңіру мақсатында манипуляция технологиясы адамдардың санасына əсер етудің нақты əдістері мен тəсілдерінің бай арсеналын пайдалануды меңзейді. Оларға тек фактілерді бұрмалау, лайықсыз ақпаратты бүгіп қалу, өтірік пен жаланы тарату жатқызылмайды, сонымен қатар, електен өткен тəсілдер де бар: жартылай ақиқат – мұнда қауымның сеніміне кіру үшін нақты мəні аз мəселелері шыншыл түрде толыққанды айтылады да негізгі мəселе жөнінде ештеңе айтылмайды немесе болған оқиғаға жалған сипаттама беріледі; айар тағу – тұлғаға немесе ол ұсынған идеяларға оның беделін түсіріп кемсітетін, қорлайтын немесе келемеждейтін айдар тағу, теңеу жасау.
Саяси манипуляцияның əдіс-тəсілдерінің ішінен келесілерді бөліп қарастыруға болады:
- ұсыну қағидасы - кандидаттың немесе оның сайлау алды тобының
танымалдығын арттырып, тиімділігін күшейту үшін оған жақтас белгілі əртістердің, ғалымдардың, спортсмендер мен өзге де əйгілі адамдардың есімдерін пайдалану;
- ауыстыру қағидасы - нақты тұлғаның немесе саяси идеяның сапасы мен қадір-қасиетін белгілі адамдардың немесе идеялардың сапасы мен қадір-қасиетіне ұқсастыру, яғни ассоциация бойынша баға беру;
- қарапайым адам қағидасы – үгітші немесе ақпарат берушінің мүддесін қарапайым адамдардың, халықтың үнсіз көпшілігінің мұң-зарымен ұштастыру;
- карта ауыстыру қағидасы – бұқара көпшілікке білдіртпейтін тəсілдерді қолдану арқылы нақты фактілерді ашық түрде бұрмалау;
- тамаша дарынсыздық қағидасы – баршаға аян, дөрекі, үйреншікті бірақ, қарапайым адам үшін абстрактілі жəне ол мəні мен мазмұнына мəн бермейтін идеяларды (заң мен тəртіп, адам құқықтары, адамгершілік, бостандық, əділеттілік жəне т.б.) пайдалану;
- ортақ вагон қағидасы – нақты бір идеяның жалпымен мойындалғандығы жəне ойға қонымдылығы жайлы ойды туындату арқылы қажетті реакцияның орын алуына жағдай жасау (бəрі солай ойлайды, бəрі солай істеуде).
Белгілі бір жағдайды көрсету үшін пайдаланылатын эвфемизмдер мен өзге бағалаушылық сипаты бар сөздерді қолдануды қамтитын манипуляцияның көптеген лингвистикалық, тілдік əдіс-тəсілдері де бар.
Мысалы, дербес ұлттық мемлекет құру үшін қарулы күрес жүргізуші адамды азаттық үшін күресуші, сепаратист, террорист, партизан, боевик деп те атайды.
Əрбір ақпараттық жанр үшін жалпы əдіс-тəсілдермен қатар арнайы манипуляциялық əдіс-тəсілдер де қарастырылған. Мысалы, телевидениеде қажетсіз саясаткерлерге қатысты көрермендердің жиреніш сезімін тудыру үшіноларды тартымсыз етіп көрсетеді немесе түсірілген кадрларды сəйкесінше монтаждап көрсетеді. Бұқараның санасына белгілі бір саяси идеяларды байқатпай ендіру мақсатында онда көбінесе думанды шоулар ұйымдастырылады жəне т.б.
Адамдар санасын басқару үшін əртүрлі əдістер қолданылады, мысалы, бөлшектеу немесе локализация ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАҚ әлеуметтануы
Социология пәнінен дәрістер
Бұқаралық ақпарат құралдарының аудиториясына салалық анализ жүргізу
Тұңғыш президент образын қалыптастырудағы PR рөлі
Коммуникативтік дағдылар
Жарнама туралы түсінік
Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы
Саяси коммуникация және саяси дискурс
Жеке тұлғаны зерделеу
Қарым қатынастағы манипуляциялар
Пәндер