Ұлттық ойындарды пайдаланудың тиімді жолдары



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.6
І тарау. Ұлттық ойындарды пайдаланудың педагогикалық. психологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.1 Ұлттық ойындардың педагогикалық.психологиялық
зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.14
1.2 Сабақта ұлттық ойынның белсенділігіне тигізер
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15.26
1.3 Еңбек сабағында ұлттық ойындарды пайдалану мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27.32
Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33.34
ІІ тарау. Еңбекке баулу сабағында ұлттық ойынды пайдаланудың тиімді жолдарын анықтауға арналған педагогикалық. тәжірибелік эксперимент ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.1 Еңбекке баулу сабағында ұлттық ойынды пайдылнудың практикалық деңгейі (анықтау эксперименті) ... ... ... ... ... ... ... .35.38
2.2 Ұлттық ойынды еңбекке баулу сабағында пайдаланудың тиімді тәсілдері (қалыптастыру эксперименті) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39.50
Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52.53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54.55
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр.
Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді.
Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1999, 173-181 бб.
2. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1993, 342 б.
3. Құралбекұлы А., Әкімбайұлы. Оқушыларға арналған ұлттық ойындардың этнопедагогикалық негіздері. Алматы, 2000, 294 б.
4. Диваев А. Игры киргизских детей // Туркестанские ведомости. – 1905. – 152. – С. 1-3
5. Диваев А. Как киргизы развлекают детей // Туркестанский сборник. Ташкент, 1916, Т.568, 169 б.
6. Өзбекстан Мемлекеттік мұражай қоры. Қор И-69, 54-іс, 20-б.
7. Алекторов А. О рождении и вомпитании детей киргизов, о правилах и власти родителей. Оренбург, 1891, 82 б.
8. Қазақ ССР тарихы. Т.4. Алматы, 1989, 188-б.
9. Иш-Мухамед. Игры и умственное воспитание у киргиз // Туркестанские ведомости, 1883, №17, 66-б.
10. Гуннер М. Сборник казахских национальных игр и развлечении. Алма-Ата, 1938, 5-12 бб.
11. Васильев А. Игры сартовских детей // Туркестанский сборник. Ташкент, 1909, 28 май, №109, 470-б.
12. Гаврилов М. Развлекательные игры у ташкентских сартов // Туркестанский сборник. Ташкент, 1909, Т.535, 165-б.
13. Тәнекеев М.Т., Адамбеков Қ.І. Қазақтың ұлттық спорт ойындары. Алматы, 1994
14. Тәнекеев М.Т., Асарбаева А.К. История игры в Казахстане. Алматы, 2001, 180 б.
15. Төтенаев Б.Ә. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы, 1978. – 302 б.
16. Диваев А. Халық ойындарының тәрбиелік маңызы жайында // Қазақстан мұғалімі, 1974, №5
17. Диваев А. Қазақтың ұлттық ойындары – шетел ғалымдарының көзімен // Зерде. – 1995. - №10
18. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы: Рауан, 1991, 176 б.
19. Усова А.П. Балабақшадағы ойын түрлері. Алматы: Мектеп, 1987, 175 б.
20. Давыдов И.Ю. Физическое воспитание дошкольника. Москва: Советская Россия, 1959, 76-б.
21. Былеева Л.В., Яковлев В.Г. Подвижные игры. Москва: Государственное издательство Ф.С., 1969, 224-б.
22. Поддьякова Н.Н., Михайленко Н.Я. Проблемы дошкольной игры: психолого-педагогический аспект. Москва: Педагогика, 1987, 192-б.
23. Хухлаева Д.В. Теория и методика физического воспитания детей дошкольного возраста. Москва: Просвещение, 1971, 208-б.
24. Конторович М.М., Михайлова Л.И. Зимние игры и развлечения дошкольников. Москва: Физкультура и спорт, 1996, 104-б.
25. Шалыгина Г.В. Исследование двигательной подготовленности детей дошкольного возраста города и села: Автореф. дисс. к-та пед. наук, Москва, 1977, 21 б.
26. Бастауыш мектеп, 2004, №11, 51-54 бб.
27. Конторович М.М., Михайлова Л.И. Зимние игры и развлечения дошкольников. Москва: Физкультура и спорт, 1946, 33-49 бб.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттық ойындарды пайдаланудың тиімді жолдары
(Еңбекке баулу материалы негізінде)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-6
І тарау. Ұлттық ойындарды пайдаланудың педагогикалық-
психологиялық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1. Ұлттық ойындардың педагогикалық-психологиялық
зерттелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..7-14
2. Сабақта ұлттық ойынның белсенділігіне тигізер
ықпалы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..15-26
3. Еңбек сабағында ұлттық ойындарды пайдалану
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 27-32
Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .33 -34
ІІ тарау. Еңбекке баулу сабағында ұлттық ойынды пайдаланудың
тиімді жолдарын анықтауға арналған педагогикалық-
тәжірибелік
эксперимент ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
1. Еңбекке баулу сабағында ұлттық ойынды пайдылнудың практикалық
деңгейі (анықтау эксперименті) ... ... ... ... ... ... ... .35-38
2. Ұлттық ойынды еңбекке баулу сабағында пайдаланудың тиімді
тәсілдері (қалыптастыру
эксперименті) ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .39-50
Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...52-5 3
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 54-55

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі
жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен
жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан)
тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің
озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен
байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік,
т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа
тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен
ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп
таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге,
өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу
құралы.
Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы.
Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның
нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр.
Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу
туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып
көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің
арасындағы байланысты көрсетеді.
Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім,
білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру
бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің
халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден
келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып
табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші
ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль
атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен
еңбек тәрбиесі қатар жүреді.
Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын
жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың
іс-әрекетіне еліктейді.
Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет
түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: Бәйге, Көкпар,
Асық, хан талапай, Қыз қуу, т.б. балалардың еңбекке деген қарым-
қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-
ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін
ғажайып нәрсе.
Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,
творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды, -
дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы
баии түседі.
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен
мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта
түседі. Оқушыларды әсіресе, Сиқырлы қоржын, Көкпар, Асық секілді
ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл
ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек
деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу
белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін
бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол
баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.
Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз
әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше
еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән
тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын
байыта түседі.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов:
Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан
өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін
қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары
болған, - деп тегіннен тегін айтпаса керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ
халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт
ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский,
А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин,
Н.Пантусов, Ф.Лазаревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин,
А.Горячкин, П.Ходыров, Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды делінген.
Е.Сағындықов өз еңбегінде: Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай
және әр алуан болады, - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп
топтастырған.
Ә.Диваев Игры киргизских детей атты еңбегінде тарихта алғаш рет
қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы
А.Алекторов. Мәселен, оның О рождении и воспитании детей киргизов,
правилах и власти родителей (Орынбор, 1891) атты еңбегіңн атауға болады.
М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау
қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі
элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар
қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б.
есімдерін атауға болады.
Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін
көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев Қазақтың ұлттық ойындары
(Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын
шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.
Зерттеу мақсаты. Бастауыш сыныптарда ұлттық ойындарды сабақ үстінде
пайдалану мүмкіндіктерін ашу жолдарын анықтау. Оны теориялық тұрғыдан
негіздеу және оқу үрдісінде қолдану әдістерін көрсету.
Зерттеу нысаны. Еңбекке баулу сабағындағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары.

Зерттеудің болжамы. Егер сабақта ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса,
еңбекке баулу пәнінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын
қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың
білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына
сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады.
Зерттеу міндеттері:
- зерттеу жұмысына қажетті әдебиеттерді іріктеп, талдау жасау;
- анықтау экспериментін жүргізу және оны талдау;
- еңбекке баулу материалы негізінде қалыптастыру экспериментін
жүргізу;
- ұлттық ойындарды сабақта пайдаланудың тиімді жолдарын көрсету.
Зерттеудің құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеу проблемасы, мақсаты, нысаны,
зерттеудің болжамы туралы сөз болады.
Бірінші тарауда ұлттық ойындарды пайдаланудың педагогикалық,
психологиялық негіздері мен бастауыш сынып оқушыларына арналған ойындар
туралы айтылады.
Екінші тарауда еңбекке баулу сабағында ұлттық ойындарды пайдаланудың
тиімді жолдарын анықтауға арналған тәжірибелік эксперимент жұмыстары
берілген.

І. ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
4. ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУІ
Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты
мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан
халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер
және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.
Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи
қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу
тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы
мәселеге байланысты зертелеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық
шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.
1. Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери
шенеуніктері мен миссионерлдерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары;
2. Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының
ұлттық ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер;
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін
педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар.
4. Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге дейін)
аталған тақырыпқа қатысты ізденістер.
Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық тізгінін Ә.Диваевтың еңбегін
талдаудан бастайық. Ол өзінің Игры киргизских детей атты еңбегінде
тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Ә.Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде
өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға қозғалыс
ойындарын, үшінші топқа – спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші
этнографтың дәлелдеуінше, халық ойындары балалардың іс-әрекетін, қимыл-
қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін
атқарады. Ә.Диваев: Как киргизы развлекают детей деген мақаласында: бала
бас бармағын көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді деп көк аспанға қарап,
құдай тәңірінен рұқсат сұраған, - дей келіп, Бес саусақ ойыны мен саусақ
атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс
жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық
философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы
А.Алекторов. Мәселен, оның О рождении и воспитании детей киргизов,
правилах и власти родителей (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады.
Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы
баланың дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын
мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы мен
дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті
жақтарын ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев,
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі
тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп,
адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық,
адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа,
М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау
қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі
элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі
табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі,
тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы
түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән
берілуі – халық данышпандығының белгісі.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық
ойындарын былайша жіктейді:
1. Жалпы ойындар;
2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;
3. Ашық алаңқайдағы ойындар;
4. Қыс мезгіліндегі ойындар;
5. Демалыс ойындары;
6. Ат үстіндегі ойындар;
7. Аттракциондық-көрініс ойындар.
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып,
алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу
жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды.
Бұл жерде айта кететін бір жайт, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943
жылғы шешіміне сәйкес 1949 жылы жарық көрген Краткий сборник казахских
народно-национальных видов спорта атты еңбегі М.Гуннердің толықтырып,
өңделген кітабы. ХХ ғасырдың басында көшпенді халықтар: қазақ, өзбек,
қырғыз, түркімен, қалмақ, т.б. отар елдері туралы этнографиялық деректер
жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің тармағы – халық ойындары, оның
ішіндегі құрамдас бөлшегі болар ойынын жинап зерттеуді Түркістан генерал-
губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға жүктеген. Орыс
ғалымы А.Васильев Игры сартовских детей атты мақаласында Ферғана және
Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық ойындарының бірнеше
түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты зерттеген.
Ізденіс барысында автор Ферғана балаларының күнделікті ойнайтын
ертеден келе жатқан дәстүрлі Гимчук тушты бошимга ойыны Ташкенттегі сарт
балаларына таныс емес екендігін айтады. Ал М.Гавриловтың авторлығымен
жазылған Перепелиный спорт у Ташкентских сартов атты мақаласына өзбек
халқының ойын түрлерінің айрықша маңыздысы жыл мезгілдерінің белгілері
уақытында Құстар ойынын (тауық, қаз, т.б.) ойнаудың ережесі, ойын
түрлері, тәртібі зерттеледі.
Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн
тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына қарамастан, сол тоталитаризм кезінде
дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев,
Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады.
Әсіресе М.Тәнекеевтің қазақтың ұлттық және дәстүрлі ойындарын зерттеген
деректерінің өзі жеке мәселе. Оның негізгі еңбектері Қазақстандағы спорт
пен дене тәрбиесі саласына арналған. Ең бастысы, ол дене тәрбиесінің
халықтық педагогикасы сияқты көкейтесті мәселесінің негізін қалаған
М.Тәнекеевтің авторлығымен шыққан алғашқы туынды Казахские национальные
виды спорта и игры (Алматы, 1957). Бұл зерттеуінде ізденуші қазақтың
Тоғызқұмалақ ойынының ереже тәтіптерін таразылап, халық ойынының қажетті
жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын
түрлеріне тоқталып, анықтама беріп жіктеп, құнды мұрағат деркетеріне сүйене
отырып, ғылыми сараланған пікірлер айтады. Ғалым негізінен Қазақстандағы
Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде дене тәрбиесі мәдениетінің дамуын талдай
отырып, тарихта тұңғыш рет, дене мәдениеті мен спорттың екі даму бағытын
қара халқтық және ақсүйектік деп көрсетіп, оны формациялық әдістемеге
сүйеніп, яғни таптық тұрғыдан қарастырады. Сонымен бірге ғалым зерттеуіне
әскери қолданбалы маңызы бар кейбір спорт және ойын түрлерінің өрлеуіне
отаршыл Ресей патшалық өкіметінің саяси көзқарасын көрсетеді. М.Тәнекеевтің
аталған еңбегінде таптық-формациялық идеологиялық көзқарас тұрғысынан сол
заманға сай зерттелгеніне қарамастан, бүгінгі күні өз құндылығын жоймаған,
ғылыми тұрғыдан аса жоғары еңбек болып табылады. М.Тәнекеевтің басшылығымен
бұдан басқа да бірнеше ғылыми монографиялық еңбектер жазылды. Кеңестік
кезеңдегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілдігін көрегендікпен
қарастырған ғалым Б.Төтенаев Қазақтың ұлттық ойындары (Алматы, 1994) атты
еңбегінде дәстүрлі қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын
жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін дәлелдеп, ойын зерделеген.
Аталған автор қаламынан халықтың этнопедагогика мен ұлттық ойындар
арасындағы байланыс және ойындардың ертеңгі болашаққа керекті қасиеттілігін
зерттеген басқа да қомақты ізденістер дүниеге келеді. Е.Сағындықовтың
авторлығымен жазылған ғылыми монография Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде
пайдалану (Алматы, 1993) деп аталады. Ғылыми еңбекте қазақ мектептерінде І-
ҮІ сыныптарда қазақ халық ойындарын жекелеген классификацияларға топтап,
оны сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану әдістері
анықталып, қазақ халық ойындарына педагогикалық талдау жасалып, оқу
үрдісінде пайдалану қажеттілігі негізделеді. Ә.Бүркітбаевтың авторлығымен
1985 жылы жазылған Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні
жинағында ұлт спорты түрлері мен ұлттық спорт ойындарының балалардың
күнделікті өміріндегі алатын орны, тәрбиелік маңызы және ат спорты мен
ұлттық ойындардың ережесі қарастырылса, М.Балғымбаевтың Қазақтың ұлттық
спорт ойыны түрлері (Алматы, 1985) атты еңбегіндегі ат спортына қатысты
бәйгені бастап жорға жарыс, аударыспақ, жамбы ату, аламан бәйге, т.б. жарыс
түрлеріне салыстырмалы талдау жасалады. Бала өміріндегі ұлттық және
спорттық қимыл-қозғалыстың және ойынның алатын орны, формасы және мазмұны
үлкен адамның тұрмыстық күйімен, еңбек түрімен және мазмұнымен
салыстырылса, қаладағы қажеттіліктің бір тұсы адамды дағдыға
үйрету екендігін байқаймыз. Ғалым А.Усова өз еңбегінде ойынның мәнін
баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып-білуге,
белсенді әрекет етуге жол ашуы ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша
шынайы өмірде баланың аты – бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып
жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады. Ол ойын
үстінде ол бейнебір ересек адам тәрізді өз күшін сынап көреді. Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту барысндағы спорттық жаттығулар И.Давыдов,
Л.Былеева, В.Яковлев, Н.Поддьякова, Н.Михайленко, Д.Куклова және тағы
басқалар ерекше назар аударған. И.Давыдов ойын мен ойыншық және
дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп, мектепке дейінгі балалық кезді заттар
жөнінде жекелеген нақты түсініктер, жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп
дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ойын ақыл-ой дамуына, жалпы
түсінік пен ұғымның қалыптасуында, маңызды ойлау операциялары: талдау,
салыстыру, қорыту, қабілетіне қажетті организм деп аударған. И.Давыдов
ойын-ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп мектептке дейінгі
барлық кездерге заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер жинақтау кезеңі
деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ой
дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуына, маңызды ойлау
операциялары: талдау, салыстыру, қорыту қабілеттеріне қажетті организм деп
тұжырымдайды.
Д.Хухлаеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен
ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы
айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен
қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қимыл-әрекеттің символы болып
табылады.
М.Контарович, Л.Михайлованың авторлығымен жазылған еңбекте жыл
мезгіліне сәйкес қыс айларында ойналатын ойындар, топ болып ойнайтын, жеке
бір балаға арналған далада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының
әдістемелік нұсқауы берілген. Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай
бөліп классификация жасап, бірнеше халық ойындарын ұсынған. Олардың ішінде
Қояндар (2-3 жасарларға), Аңшы мен ит және қояндар (4 жастағылар үшін),
Торғай мен мысық (5-6 жастағыларға арналған) қозғалмалы ойындарын
зерттеп, қолданысқа түсірген.
А.Быкованың басшылығымен баспадан шыққан Физическое воспитание в
детском саду кітабында балабақшаның әр тобында жас ерекшелігіне қарай
өткізетін қарым-қатынас ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу әдістері,
т.б. мәселелер қарастырылған. Мысалы, қозғалып ойнау барысында алғашқы
күннен бастап балаларды өзін-өзі тежеуге үйрету, сонымен қатар барлық
баланың қабылдау қабілеті бірдей емес екендігі, яғни белсенділер мен
жайбасар әлсіз балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау қасиеті, оларды әр
түрлі ойынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату
барысындағы баланың физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан
сенімділігінің артуы ғылыми еңбектің құндылығын жоғарылатады.
Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар
мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда соңғы жылдары
біздің қарастырып отырған ізденіс тьақырыбымызға орай бірнеше ғылыми
еңбектер жарық көрді. Е.Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын дамыған
қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құрылыммен байланысты қарастырады. Дене
шынықтыру пәнінің теориялық дәлелдемесін қазақтың ұлттық ойындарының
тәжірибелік жағымен біртұтас алып қарайды.
А.Құралбекұлы мен С.Әкімбайұлы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің
дене шынықтыру жүйесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарына, оның ішінде
халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың ғылыми
теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып талдау жасаса,
А.Айтпаеваның ғылыми еңбегінде орыс тілінде оқытатын мектептердің бастауыш
сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде қазақ халқының ойындарын
пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздері жасалып, олардың тәрбиелік
мүмкіндіктері айқындалған.
Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа
халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы – оның шығу, пайда болу тегінің
ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін
көздейтінінде.

1.2 САБАҚТА ҰЛТТЫҚ ОЙЫННЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
БЕЛСЕНДІЛІГІНЕ ТИГІЗЕТІН ЫҚПАЛЫ
Ойын балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен
творчествосының қалыптасуына жол ашады. Сабақты тартымды, қызықты ойын
түрінде жүргізу жас ұландардың білімге деген ынта ықыласын арттырады. Ойын
арқылы бүлдіршіндерді ұжымшылдыққа тәрбиелейді. Мысалы, Қазан доп
ойынында үлкен дөңгелек шеңбер сызады да, дәл ортасынан тереңдігі 10
сантиметрдей шұңқыр қазады. Бұл қазан шұңқыр шеңбер сызық пен шұңқырдың
аралығы жарты метрдей болуға тиіс. Ойынды бес-алты бала болып та ойнай
береді. Әр ойыншы өзіне қоғаныш таяқ алады. Ойынды жүргізушілер қазан
шұңқырдың сыртындағы шеңбердің бойымен аралығы 2-2,5 метрдей қашықтықта
өздеріне кішкене ұя қазады. Таяқтарының ұшын соған тіреп тұрады. Бір ойыншы
доп ойнаушы болады. Ол допты шұңқырға түсірудің айласын іздейді. Басқалары
(шұңқырға түсіруге) қазанды қорғайды және өзінің ұясын доп айдаушы допты
қазанға түсіретін болса, басқа ойыншылар орындарын жылдам ауыстыруы керек.
Осы қарбаласта доп ойнаушы біреуінің ұясын иеленіп алуы тиіс. Ойын жастарды
бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, таза ауда дем алып,
денсаулықтарын жақсартуға, қимыл-әрекетке жаттықтырады.
Н.К.Крупская: Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі
оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін
берілген, - деген болатын. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға
көңілді, жеңіл келеді. Мұндай сабақ балаларды шаршатпайды. Әрі олардың оқу
еңбегіне ынта белсенділігін арттырады.
Ұлт ойындарына үзбей қатынасып, машықтанған адам үнемі ізденісте,
толғаныста жүреді. Оның осылай іштей толғануы ілгері ұмтылуға, ізденіске
итермелейді.
Төрт түлік кеңесі ойыны:
Ойын шарты: Қой, сиыр, жылқы, түйе төртеуі жиылып отырып кеңеседі.
Сиыр:
- Қалың құрақ нуға бітем,
Қоры үзілген қуға бітем.
Қой:
- Күнгейлі қара тасқа бітем,
Шаруа қуған басқа бітем.
Жылқы:
- Бетегелі белге бітем,
Найза ұстаған ерге бітем.
Түйе:
- Жалмаң құлақты сорға бітем,
Ел ішіндегі зорға бітем.
Ойынды түрлі тақырыптарға алуға да болады.
М.Горькийдің сөзімен айтар болсақ, бала сөзбен де ойнайды. Осы сөзбен
ойнағанда, өз ана тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің музыкасын
ұғынады.
Сонымен нақтылай айтсақ, ұлт ойындары, тіпті жалпы ойын атаулы, біздің
пікірімізше, тіл меңгерудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Ойын
үстінде ешнірсеге тәуелсіз. Өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз
барлық дамудың баспалдағы. Олай болса, ойын интернационалдық тәрбиенің баға
жетпес құралы ретінде де айтарлықтай ролі бар. Ойын үстінде бала тілдің
ішкі иірімдерін, халықтық ойлау жүйелерін, сөз қолдану әдістерін, сөйлеу
дәстүрлерін, тілдік, психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп,еркін білуге
мүмкіншіліктер алады.
Еңбекке баулу сабағында ұлттық ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй
тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын
сабақтың ортасында қолданылса, онда мұғалімнің мақсаты оқушылардың көңіл-
күйлерін сергіту, шаршағанды ұмыттырып ерік-жігерін дамыту. Ойын сабақтың
соңында болса тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау
мақсатында пайдаланылады. Бастауыш сыныптарда ойынды оқу-тәрбие үрдісін
жетілдіру мақсатында қолданып келеді. Халықтық педагогиканың құрамы ұлттық
ойындар тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі болып қалмай, олардың жас
ерекшеліктеріне сай көзқарастары мен мінез-құлқының қырағылығы мен
тапқырлығының қалыптасу құралы деп те ерекше бағаланған. Еңбекке баулу
сабағында ұлттық ойындарды пайдалану оқушылардың тапқырлығын, ептілігін, ой-
өрісін жетілдірумен бірге өз халқымыздың ғасырлар бойы салт-дәстүрін, ата
мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу құралы болып табылады. Ұлттық ойындар халық
педагогикасының бір саласы болып табылады. Ол сандаған ұрпақтың керегіне
жарап, оларды өмірге әзірлеу қажеттігін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие
құралы.
Қазақ халқы өмірге дені сау, шыныққан, әділетті, өнерлі, елін, жерін
сүйетін азаматтар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына таусылмас мұра
қалдырған. Бала кішкентайынан ата-анасының талап етуімен және өз еркімен әр
түрлі ұлттық ойындарға қатысып, өзінің икемділігін, тапқырлығын, батылдығын
байқатқан. Өкінішке орай, қазақтың көне ұлттық ойындарын бұл мақсатта
пайдалануға жеткілікті дәрежеде назар аударылмай келеді. Ұлттық ойындарды
сабақта, үзілісте, сыныптан тыс жұмыстарда тиімді пайдалануға болады.
Еңбекке баулу сабағында (сабақта, үзілісте, сыныптан тыс жұмыстарда тиімді
пайдалануға болады). Ұлттық салт-дәстүр мазмұнды ойындарды пайдалану
оқушылардың тапқырлығын, ой-өрісін жетілдірумен бірге өз халқымыздың
ғасырлар бойғы салт-дәстүрін ата мұрасынан кейінгі ұрпақтарға жеткізу
құралы болып та табылады. Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы
болып отыр. Ол сандаған ғасырлар бойы ұрпақтың керегіне жарап, оларды
өмірге әзірлеу қажетін өтеуде. Қазақтың ұлттық ойындары тек денені ғана
емес, ойда да жыттықтырушы болып табылады.
Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді
баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген. Ойын бала
табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес. Жан-жақты дамымақ емес.
Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, қазақтың ұлттық ойындарын бүгінгі
педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол
сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады. Сабақтан тыс уақытта
жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі.
Ойын дегеніміз жаттығу. Ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ұлттық
ойындарды әр сабақтың мақсатына қарай, сонымен бірге мазмұнына сай сабақ
кезеңдеріне орай пайдалануға болады. Ойын – баланың жан серігі іспеттес.
Қай бала болмасын, ойнап өседі. Әбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық
өзгерістеріне, тұрмыс-тіршілігіне, айналысатын кәсібі мен шаруашылық
ерекшеліктеріне байланысты. Ұлттық ойындар – халықтық мол қазына. Сондықтан
мұғалімнің міндеті – балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен
қамтамасыз ету керек. Сонда ғана ойын мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта
түседі. Баланың әдепті, көргенді қарапайым, қайырымды болып өсуі қоршаған
ортасына, үлкендерге байланысты. Сонымен бірге сабақта, сабақтан тыс
уақытта ойнаған ойынның тәрбиелік мәніне де байланысты болады. Ойын
барысында баланың бойында қайырымдылық қасиетті сіңіре білуіміз керек. Ол
үшін баланың айналасына қолайлы жағдай жасауымыз керек. Мұғалім сабақтан
тыс уақытта ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға
белсенділігін үнемі арттырып отыруы тиіс.
Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл
- өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды,
өмір сүру барыснда ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы, үлкендер
өзіне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп оқушылары
сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді.
Ұлттық ойын ойнату арқылы оқушылардың өз салт-дәстүрлеріне, әдет-
ғұрпына деген сүйіспеншілігі артады, әрі пәнге қызығушылығы артады,
дүниетанымы кеңейеді, сөздік қоры дамиды, білімі, сауаттылығы күшейеді.
Төменгі сыныптан бастап оқушыларға тек пәндік білім, білік, дағдыларды
меңгертпей, ұлттық ойындармен, мейрам-тойлармен таныстыру, олардың
тәрбиелік мақсатын түсіндіре отырып, сабақ барысында қолдану.
Қазақтың ұлттық ойындары: Көкпар, Сайыс, Күрес, Теңге алу,
Қыз қуу, Алтын табақ ату, Жамбы ату, Тоғыз құмалақ және т.б.
спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болады.
Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның
шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрғысынан туған. Сондықтан оның
тәрбиелік маңызы ас жоғары, әрі құнды. Қазақ халқының өмірінде ойын
араласпаған бірде-бір тұрмыс шаруашылық жоқ десе де болады. Қазақтың ұлт
ойындары тақырыпқа өте бай және алуан түрлі болып келеді.
Ұлт ойындарының басым көпшілігі тұрмыс-салтты, соған қарай жануарлар
әлемін, аңшылықты бейнелейді. Қазақтың қай ойыны болса да айтыс, өлең-
жырмен өріліп, көрермендер мен тыңдаушыларға өрелі өнеге беріп, қатты әсер
етеді. Сөйтіп, дүниені танып-білуге арналған бейнелі жүйелі оймен астасып
қабысып жатады. Қазақтың ұлт ойындарының тағы бір ерекшелігі оған өлең
сөздің араласып келіп отыратындығында. Егер ойынның барысында тақпақ, өлең
жолдары кездеспесе, оны ойында жеңіліп, өз ұпайын оқып, ән салады. Кейде
суырып салма өлеңдер де осы ойын үстінде өмірге келе береді. Сабақ үстінде
ұлттық ойындарды сазбен келістіре отырып, маңызына сабағында өткізуге
болады. Мысалы, халық әні Айгөлек әнін шырқата (бір топ оқушылар) салуға
болады:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек...
Көңілді, қызықты өлеңмен байланысты орындалатын Соқыр теке ойыны
өзге де халықтарда кеңінен тараған жасырынбақ ойынын еске алады. Ойнаушы
балалар шеңбер жасап, ортасына теке қойып, көзін байлап жатқанда ол өлең
айтады.:
Қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсем сөзім жоқ.
Маған жақын келіңдер,
Біреуді ұстап беріңдер.
Текенің көзін байлаған кезде ызаланғанда отырып өлең айтады.
Соқыр, соқыр, соқырың,
Өз көзіңе топырақ.
Топырағын алайын,
Топырағын салайын,
Ал, ұстап көр, батырым,
Міне, келе жатырмын.
Осы кезде ойыншының біреуі текені итереді. Ол сол кезде оны ұстап
алуы керек. Ұсталған адам теке болып жаңа текені ұстауға тырысады. Ойын
осылай жалғаса береді.
Төмендегі ойындар жинағының мақсаты мектеп жасындағы оқушыларға ән мен
музыкаға деген қабілеттерін арттырып, дамытып, бос уақыттарын қызықты,
көңілді өткізулеріне көмектесу, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, достық,
жолдастық қасиеттерге баулу, оқушылардың сазды түсіне білуіне, саздың
ырғақтарына қосып қимыл-әрекеттер, жаттығулар жасай алуына көмектеседі.
Ырғақтар мен екпіндерді өзіндік ерекшелігін сезініп, бірінен-бірі оңай
айыратындай болуына жәрдемдеседі.
Ойында іріктелу үстінде балалар жасының ерекшелігі әрбір ойын сазының
ұғынуға жеңіл, көңілге қонымды, сазды, әуенді болуы мұқият ескеріледі.
Сондай-ақ жүргізушілердің ойында өз беттерімен ұйымдастырып, оңай тез
меңгеріп жететіндей болуы көзделеді.
Көкпар ойыны.
Ойынның түсінігі: жүргізуші балаларды екі топқа бөліп, ағаштан
жасалған. Аттарға мінгізеді де, бірінің артына бірін тұрғызып, екі қатарға
орналастырады. Топ ортасына көкпар тарту үшін орамал әкеліп тастайды.
Өз бастамасымен көкпаршы топтардың басқарушылары балаларды соңдарынан
ертіп, оң жақта тұрған топ сол жаққа қарай айналып шаба жөнеледі. Бірнеше
қайталайды. Көкпарға қарай бұрын жеткені орамалды алып, екінші топтан
таратушылармен орамалды әрлі-берлі тартысады. Аз уақыт тартысып болған соң
кезектерін кейінгі оқушыларға береді. Осылайша барлығы тартысып шығады. Ең
соңғысының қайсысы тартып алса, сол жеңіп шыққан болып табылады.
Ойын осылайша жалғаса береді.
Ойынның тәрбиелік мәні. Қазақ халқының ұлттық ойындарының ойналу
тәртібі мен өзіндік ерекшеліктері жөнінде қысқаша түсінік беру. Саздың
екпіндерді, ырғақтарды зеректікпен қабылдауға жетілдіру.
Қоян ойыны.
Ойынның түсінігі. Қоянша киінген 8 бала ортаға шығады. Ересек төртеуін
қоян, қалған төртеуін көжек етіп белгілейді. Саздың алғашқы екі тактісіне
үйдің төрт бұрышынан екі-екіден қояндар секіріп шыға келеді. Қалған
оқушылар, мұғалім Қоян әнін шырқайды:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қояндар елеңдеп жан-жағына қарасады. Әннің қайталануына ытқып-ытқып,
секіріп-секіріп сөздерінің жүрістерін салады. Ән айтып тұрған балалар бір-
екі рет қол шапалақтайды:
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Қояндар жалтақтап артына, бір-біріне қарасады. Әннің қайталануына
қоянның көжектері болып жүрген балалар үлкенқояндардың алды-артына шығып
секіріп ойнайды, билейді. Ойын осылайша жалғасады. Сабақта ойналмайтын,
бірақ теориялық түрде түсіндірілетін ойындар.
Ұлттық ойындар.
Асық ойындары. Асық ойындарына қой, арқар және еліктің асықтары
жарайды. Олар түрлі бояулармен боялып, ірілері сақа етіп алынады. Сақа
салмақты болу үшін кейде ортасын тесіп, оған қоғасын ерітіп құйған. Асықты
жерге иірген кезде төрт түрлі қалыптас түседі: алшы – асықтың тік
тұрғандағы иректеу болып біткен ойық беті, тәйке – асықтың тік тұрғандағы
алшыға қарама-қарсы томпақтау жағы, бүк – асықтың шалқасынан жатқан
(томпақ) беті, шік – бүкке қарама қарсы асықтың етпетінен жатқан ойық жағы.
Алшы. Асықтың алшы жағынан жиі түсетін салмақтысы сақа болады. Ойын
басталар алдында әрбір ойыншы сақасын иіреді. Кейде барлық ойыншылардың
сақасын бір адам уыстап алып, жерге шашады. Кімнің сақасы алшы түссе –
бірінші кезекті, тәйкі түссе – екінші, бүк түссе – үшінші, шік түссе-
төртінші кезекті алады. Ойынға қатысушылар көнген келісім бойынша әр
ойыншы екі-үш асық тігіп, кезегімен ата бастайды. Сақа мен асық бірдей
жағымен түскен болса, асықты алып, әрі қарай ата береді. Сақа алшысынан
түсіп, асық басқаша жатса да, асықты алады.
Сақа мен асықтың жатысы сәйкес болмаса, асықты алуға болмайды. Кезегін
келсі ойыншыға береді. Осылайша көндегі асықтарды тауысып, қайтадан тігеді
де, ойынды жалғастыра береді.
Оңқа. Бұл ойынды асығы мол бозбалалар ойнайды. Таза алаңдарда, үлкен
бөлмелерде ойнауға болады. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынның
мақсаты – асық ұту. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызады да, дәл
ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өздерінің асықтарын тігеді. Тігілген
асықтардың ортасына бір асықты мұртынан оңқа тұрғызады. Ойнаушылар бірінің
артына бірі, әркімнің өз кезектері бойынша қатарға тұрып, қолдарындағы
сақаларымен оңқаны ата бастайды. Егер кімде кім оңқаға тигізсе, онда
көндегі асықты түгел алады. Ал оңқаға тимей, жанындағы асықтарға тисе, онда
сол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын көнге асық қайтадан
тігіліп отырады.
Хан. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынға өзара келісімдері
бойынша әрқайсысы ортаға шығарады да, кезегімен барлық асықты жинап алып,
қос қолдап иіре бастайды. Әр ойыншы ортаға бестен, болмаса оннан шығарады.
Содан кейін көп асықтың ішінен бір белгілі (түсі бөлек) асықты хан
сайлайды. Барлық асықты иірген кезде хан көп асықтың арасмында көрінбей
қалуы мүмкін, мұндай жағдайда ойнаушылардың барлығы асықты иірушінің ханды
қара басты деген дауысын естігеннен кейін бас салып, асықты тапап кете
алады. Екінші жағдайда иіргенде хан ашық жатса, онда ханмен асықты
атады. Айталық, хан бүк түссе, онда ханмен бүк жатқан асықты ату керек,
шік түссе, шік жатқан асықты ату керек, тағысын тағы жалғаса береді.
Ойынның шарты бойынша ханмен асықты атқан кезде басқа асықтарды қозғамау
керек. Сөйтіп ойынның шартын бұзғанша не болмаса ханмен ататын асық
болмай қалғанға дейін атып, асығын ала береді. Асық біткеннен кейін
ойнаушылар ортаға қайтадан асық шығарып, ойынды жалғастырады.
Асық ату. Аумағы екі-үш қадамнан тұратын дөңгелек көн сызылады.
Ортасына әр ойыншы келісім бойынша екі-үштен (не одан да көп) асық тігеді.
Сақасын иіру арқылы кезегін алған ойыншылар он-он бес қадамдай қашықтықтан
тігілген асықтарды сақамен ата бастайды. Ойыншы сызықтың сыртына шыққан
асықты ғана алады да, әрі қарай сақасының жатқан жерінен (егер сақа
сызықтың ішінде жатса, онда сызықтың сыртына ғана атуға болады) қайтадан
ата бастайды. Ойын баланың жан ерігі іспеттес.
Қай бала болмасын ойнап өседі. Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық
өзгерістеріне, тұрмыс-тіршілігіне, айналысатын кәсіп-шаруашылық
ерекшеліктеріне байланысты. Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай қиындығы
жоқ, оп-оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты
басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мәселен,
рөлдерге бөлгенде бала өзіне ұнамсыз рол тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді.
Сондықтан мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен,
ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сонда ғана ойын мақсатына жетіп,
тәрбиелік мәні арта түседі. Айталық, мұғалімнің ұжымдық ойынды тартымды
ұйымдастырып өткізуі балалардың бір-бірімен достық қатынастарының дұрыс
қалыптасуының нышаны екені сөзсіз. Ойын кезінде жолдасының айтқанымен
келісіп, оны құрмет тұтудың өзі адамгершілікке бастайтын жол. Педагог ойын
арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді
өрбіте, өзіндік мінез-құлқын қалыптастырады. Әр баланың бойында өмірге
деген белгілі бір бейімділігі, сүйікті істері болады. Соны дер кезінде
байқап, жан-жақты дамыта тәрбиелеу қажет. Баланың әдепті, көргенді,
қарапайым, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты
екені мәлім. Бала өмірде көрген-білгендерін, ойға түйгендерін ойын арқылы
қалай бейнелесе, біздердің, яғни үлкендердің көрсеткен үлгі-өнегеміз қандай
дәрежед болса, балалардың да тәлімділігі соны айқын бейнелейді. Балалардың
мейірбандық қасиеті отбасындағы үлкен адамдардың өнегесіне мектептегі
апайының олармен күнделікті қарым-қатынасы мен тәрбие жұмысын ұтымды
жүргізуіне бацланысты қалыптасады. Үлкендердің мейірімділігі баланың сәби
жүрегін қуаныш сезіміне бөлейді. Бала жаны еліктегіш, ол үлкендердің іс-
әрекетін үлгі ретінде қабылдайды да, оны ойын кезінде айқын бейнелеуге
тырысады. Балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынасының дұрыс
қалыптасуына мақсатты жүргізілген жүйелі ойын үрдісінің тәрбиелік мәні мол.
Балалардың достық сезімі ойын кезінде шыңдала түседі. Бала табиғатының өзі
тек ойынмен байланысты. Сәби шағындағы алғашқы қуыршақпен ойнауы баланың
қамқорлық, ізгілік сезімін оятады да, әрі қарай өз бетіне түседі. Мұндай
ізгілік сезім құрбылар арасында достық қатынастың қалыптасуына жағдай
туғызады. Қай бала болмасы, жеке-дара ойнағаннан гөрі, бірігіп ойнаудың
әлдеқайда қызықты, мазмұнды болатынын айқын сезіне бастайды. Соның
нәтижесінде олардың ойынға деген қызығушылықтары артып, достықтары бекіп,
нығая түседі.
Балалардың бойында қайырымдылық қасиетті сіңіре білуіміз қажет. Ол
үшін баланың айналасында соған қолайлы жағдайлар жасалуы шарт, мысалы:
а) бала ұстаған заттың өз орнында және гигиеналық талапқа сай болуы
тиіс;
ә) баланың талабы қанағаттануы қажет;
б) мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесі, мәдениеттілігі, байсалдылығы,
мейірімділігі, т.б. қасиеттері бала үшін маңызды;
в) балалар өмірінің бағдарламалық талапқа сай дұрыс ұйымдастырылуы.
Мұғалім ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға
белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті. Балалардың өзара ынтымақтастық
жағдайында балалардың ойынды өз қалауымен бастауы, не болмаса еркімен
қатысуы аса маңызды. Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұны жағынан
толысып дамып, дәстүрлі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта да дамудың бір
сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Сәбилерге де, үлкендерге
де арналған ойындар бар. Олар адам өмірінің әр кезеңін қамтиды. Айталық,
балдырғандар, жасөспірімдер ересек адамдар өмірінің барлық саты
баспалдақтары көңіл көтеретін, рухани ләззат алатын ермектің түрі – ойынмен
тығыз байланысты. Ойын тәрбиенің барлық саласымен, өнермен ұштасып жатады.

1.3 ЕҢБЕК САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-
қайсысы да адамға, соның ішінде игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай
аса құнды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық ойындарды қазақ тілі пәнінде пайдаланып, жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері және оқу сабақтарында пайдалану
Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Бастауыш мектептің дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Бастауыш сыныптың оқыту - тәрбие үрдісі
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану
Ойын баланың әлеуметтік қарым - қатынас ортасы
Пәндер