Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары


Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ
зиялыларының педагогикалық көзқарастары
(1930-1938 ж. ж)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының
педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуы
1. 1 Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының
дүниетанымының қалыптасуына ықпал еткен әлеуметтік-
экономикалық, қоғамдық жағдайлар.
12
1. 2 Қазақстандағы 1930-1938 жылдардағы білім беру, мектеп ісі. 18
1. 3 Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының
педагогикалық көзқарастарының қалыптасуы.
30
ТҰЖЫРЫМ 44
2 Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының
педагогикалық мұралары.
2. 1 Педагогика ғылымын қалыптастырудағы саяси қуғын-сүргін
құрбандары болған қазақ зиялыларының рөлі.
45
2. 2 Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының
еңбектері.
72
2. 3 Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының
педагогикалық идеяларын болашақ ұстаздардың даярлық үрдісіне
ендіру жолдары
97
ҚОРЫТЫНДЫ 105
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 106
Қосымшалар 116
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдегі өркениетті елдермен
терезесі тең мемлекет ретінде халықаралық ықпалдастыққа бет бұрып, саяси-
экономикалық мәселелерді ұлттық мүддеге орайластыра отырып, тиімді даму
жолдарымен жүріп келеді. Мұны еліміз ішкі және сыртқы саясаттағы өзіндік
байыпты бағыттары арқылы жүзеге асырып отыр. өйткені халқымыздың
ғасырлар бойы біртіндіп қалыптасқан рухани қазынасы тоталитарлық жүйе
кезеңінде орасан зор дағдарысқа ұшырап, тоқырап қалғаны баршаға аян. Ол өз
кезегінде өскелең жас ұрпақтың өз туған халқының рухани құндылықтарынан
ажырап әкелуіне соқтырды. Міне, сондықтан да жас өспірімдердің
халқымыздың рухани тамырынан толық қол үзіп қалмауы-біздің бүгінгі
елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі өлшемдерінің бірі деп есептеуге болады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» [1] атты
халыққа арнаған ағымдық жылдағы Жолдауында еліміздегі ішкі және сыртқы
басты саяси бағыттарын айқындады. Аталған жолдауда еліміз дүниежүзілік
стандартар деңгейінде сапалы білім беруге жету керектігін көрсеткені мәлім.
Бұл орайда, білім беру саласына ерекше назар аудару қажеттілігі анық.
Тәуелсіз елімізде оқушы-жастарды бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім-
тәрбие беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой-
пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, жүйелеп, оқу
орындарының оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың маңызы зор. Осы бағытта
қазіргі бәсекеге қабілетті жас өспірімдерді тәрбиелеу, ұлт тұрмыс-тіршілігін
өркендетуші сапалы да салауатты, ұлтжанды, мәдени-ғылыми ой-өрістері кең
ұрпақ өсіру-қоғам алдында тұрған басты міндет. әрбір қоғам өзінің даму
барысындағы зиялы қайраткерлердің педагогикалық ақыл-ойын, тәрбиелік
тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп пайдаланып отырған.
Қазақ тарихының даму кезеңдерінен, ежелгі дәуірлерден жеткен әдебиеті
мен тарихында, мәдениетінде ақын-жыраулардың өлең-жыр, толғауларында,
ғылыми педагогиканың бастауы деп санайтын ортағасырлық ұлы ойшылдар
Әл. Фараби [2], А. Иассауи [3], М. Қашкари [4], Ж. Баласағұн [5] т. б. тарихи-
педагогикалық мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлері ұлттық тәлім-
тәрбиенің мазмұнын кеңейтіп, жас ұрпақтың елжандылыққа, имандылық рухта
тәрбиелеуде тірек болуда. Бұл тәлім-тәрбиелік идеялар ХІХ ғасырда Ыбырай
[6], Шоқан [7], Абай [8] сияқты ағартушылардың ойлары мен қазақ халқының
тәлім-тәрбиелік құндылықтарын жаңа деңгейге көтерді.
Жоғарыда аталған ғұламалардың жасөспірімдер тәрбиелеудегі озық
педагогикалық ой-пікірлерін одан әрі дамытушы, кешегі Алашорда
қайраткерлері болған А. Байтұрсынов [9], М. Жұмабаев [10], Ж. Аймауытов[11],
М. Дулатов [12], Ә. Бөкейханов [13], Х. Досмұхамедов [14] т. б. белгілі қоғам
қайраткерлері әрі қарай жалғастырып, қазақ мектептері оқу-тәрбие көлемін
ұлттық тәлім-тәрбие мазмұнымен толықтырды.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқының тарихында аса
құндылығымен, маңыздылығымен және қасіретімен де мәңгі қалатыны даусыз.
өйткені, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласы жаңа тұрпатты3
мемлекет құруға қадам жасады. Ал оның жемісті дамуына барынша ат
салысып, ана тілінде тұңғыш оқулықтар жазып, қазақ ғылымының қалыптасып
дамуына, отандық мәдениетіміздің ілгерілеуіне барынша ат салысқан бір топ
қазақ зиялылары сталиндік тоталитарлық режимнің қысымына ілінді. «Біз, - деп
атап көрсетті Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев, -өз
тарихымызды өзгелер тұрмақ өзімізге де толық таныта алмай келе жатқан
ұрпақпыз. Зерттемесек, жазбасақ, жарияламасақ кім не таниды? . . . »[15] .
Ұлттық тәлім-тәрбие саласының сан-алуан мәселелері біздің еліміздің
жағдайында да біршама уақыттан бері зерттеу нысанына айналып келеді.
Мәселен, Қазақстандағы педагогикалық ой мен халыққа білім беру тарихының
аясында оқыту мен тәрбие беру мәселелері Т. Т. Тәжібаев[16], Ә. І. Сембаев[17],
Қ. Б. Бержанов[18], Қ. Б. Жарықбаев[19], А. К. Көбесов[20], Г. М. Храпченков[21],
К. К. Құнантаева[22], Қ. Б. Сейталиев[23], А. Н. Ильясова[24] секілді
зерттеушілердің монографиялық еңбектерінде қарастырылған. Аталған
ғалымдардың зерттеулері Қазақстандағы халық ағарту ісінің қалыптасуы мен
дамуына арналған.
Революцияға дейінгі ұлттық тәлім-тәрбие мәселелері бағытында
Қазақстандағы педагогикалық ойдың дамуы
С. К. Қалиев[25, 26], К. Ш. Шаймерденова[27], А. М. құдиярова[28], Т. М. Әлсатов[2],
Ш. К. Жұматаеваның [30] еңбектерінде көрініс тапқан.
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің дамуына
арналған М. Б. Мадин[31], М. Б. Көккөзова[32], К. К. Камалиева [33], К. Ж. Ибраева
[34], С. С. Садуақасова [35], Р. Н. Көшенова [36], А. Б. Тұрсынова[37],
Қ. Қ. Шалғынбаева [38], І. Р. Халитова [39], А. Е. Дайрабаева[40], Т. Ә. Ахметов[41],
Ф. Буланова [42], Қ. Т. Ыбыраимжановтың [43] ғылыми зерттеулерінде тәлім-
тәрбие саласында ағартушылардың мұралары қарастырылған.
Отандық педагогика ғылымын дамытуда, жаңа педагогикалық үлгілер
жасауда, олардың өткен ойларымен сабақтастығын қарауда, төменгі педагог-
ғалымдардың еңбегін айтуға болады. Б. Әбдікәрімұлы [44], М. А. Лигай [45],
С. Кариев [46], М. Құрманов [47], Г. К. Нұртаева [48], Г. Ж. Меңлібекова [49],
Т. Т. Галиев [50], Е. Ө. Жұматаева [51], Қ. М. Кертаева [52], Б. Т. Кенжебеков[53] .
Аталған ғалымдар өз зерттеулерінде Қазақстан педагогикасы мен білім берудің
әр түрлі салаларын қарастырған.
Кейінгі жылдары Қазақстанда білім беру жүйесінің қалыптасуы және
дамуы тарихына байланысты бірнеше диссертациялар қорғалды. С. С. Оспанов
[54], А. Ж. Исмаилов [55], А. Р. Анасова [56], А. Ж. Мірәлиева [57],
С. А. Баймұратова[58], А. С. Қыдыршаев[59], А. Б. Елкеева [60], М. Ж. Кұлжабаева
[61], Н. А. Тұсбакова [62], Б. Байменова [63], Б. С. Сарсекеев[64], Р. И. Бурганова
[65], Ж. К. Тілешова [66], А. Б. Тұрсынова[67], С. Т. Сеңкібаев [68],
Л. К. Маймакова [69], Ж. Н. қалиев[70], З. Е. Жұмабаеваның [71] және т. б. бұл
ғылыми еңбектерде мәселелер әр түрлі бағыттарда қарастырылады. Осы сияқты
Қазақстанда тәлім-тәрбие тарихы, мұнымен байланысты педагогикалық ой-
пікірлердің түп-төркіні, бастау арналары мен мәселелері отандық ғалымдар
еңбектерінде де көтерілген және көтеріліп келеді. Мәселен,
К. Т. Әбілғазиева[72], Ж. Т. Баймағанбетова [73], А. С. Елемесова [74], 4
Г. Б. Ещанова [75], Қ. Қ. Қоянбаева [76], М. Ж. Құрманбаева [77],
Қ. Қ. Шалғынбаева [78], Г. Қ. Шұғаева [79], Г. Нұрымбетова [80], және т. б.
Аталған ғалымдардың зерттеулері Қазақстан педагогикасының және мектебінің
даму тарихына өз әсерін тигізді. Тарихи-педагогикалық тұрғыдан тереңірек
зерттеу мектептің тарихи-мұраларын байыта түсті.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» [81] заңында, «Қазақстан
Республикасында мәдени-этникалық білім беру» [82], «Білім мазмұнын
гуманитарландыру»[83] тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-
мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай
жасауда қоғам мен тұлға арақатынасын, «тұлға мен дәуір қосбірлігінің»
үндестігін талап етеді.
Жалпы жан-жақты дамыған жеке адамды қалыптастыру әрқашанда
болашақ қоғам құрылысының аса маңызды буыны ретінде қарастырылып келді.
Адамзат дамуының санғасырлық тарихында адам баласы жинақтаған бүкіл
тәжірибе тәрбие үрдісінің мазмұнына еніп отырады.
Өткеннің тәжірибесін бойға дарыту, озық өнегелі рухани мұраны
жалғастыру арқылы ұрпақтар сабақтастығының тарихи үрдісі жүріп отырады.
Мұндай үрдіссіз қоғамның өркениетті елдер деңгейіне жетуі мүмкін емес.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұлттық кеңестің мәжілісінде жасаған
баяндамасында (2003ж) «Мәдени мұраларымызды жүйелеп, оларды қалпына
келтіру, сақтау, одан әрі дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді.
ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер
ұрпаққа аманат ету-«Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуға
тиіс» [84], -деп, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде қазақ халқының ғасырлар
бойы жинақталған аса бай мәдени мұрасы мүмкіндігінің жоғары екендігіне
айрықша назар аударған.
Қазіргі кезде рухани салада дами түскен адами құндылықтарды қайта
ескеру нәтижесінде ғасырлар бойы жинақталып, өткеннің тарихынан бізге
жеткен тәлімдік мол мұраларды болашақ ұрпақ тәрбиесіне септігін тигізетін
мезгіл туып отыр.
ХХ ғасырдың басындағы бодандықтың бұғауындағы бейқам халықты
өркениеттің өріне сүйреген көсемдердің көзге шалынар басты қасиеті-олардың
қай-қайсысы болмасын жан-жақты «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлғалар болған.
Саяси күрескер, жалынды патриот, әрі ғалым, әрі киелі өнер иесі және өз
мамандықтарының білгірі болуы-халқымыздың маңдайына біткен осы үркердей
шоқ жұлдыздардың несібесі.
Өткен ғасыр басында қалыптасқан қазақтың ұлттық кәсіби саяси элитасы
«халық жауы» деген жасанды жаламен жойылды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің
«Тарих толқынында» атты еңбегінде былай деп жазды: «қазақ халқының кейбір
данышпан перзенттері мен көсемдері тарихтың қарғыс атқан тұзағында
тұншықты, ұлттық амандығы үшін олар тарихтың тәлкегіне көнуге мәжбүр
болды»[85] .
Осы бағытта ұлттық педагогикамызда маңызды орын алуға лайықты
еліміздің сонау ХХ ғасырдың 30-жылдары саясаттың шырамауына оралып,
жазықсыз жапа шеккен қазақтың біртуар азаматтарының ағарту ісіне қосқан5
үлестері егемен еліміздің халқын, әсіресе жас ұрпақты тәрбиелеу негізіне
алынуы тиіс. Сонымен қатар қазақ халқының педагогикалық мұраларын, соның
ішінде 30-жылдарда саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ
зиялыларының сол уақыттағы ағартушылық көзқарастарын зерттеу, зерделеу-
жұмысымыздың ғылыми-теориялық маңыздылығын арттырады. қуғын-сүргін
құрбандары болған қазақ зиялыларының мұраларының педагогикалық
негіздерін зерттеу өскелең ұрпақтың зейін-зердесі мен ой-өрісін кеңеюіне және
отандық педагогика тарихын дұрыс түсінуге, оның ауқымын кеңейтіп, жаңа
деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Осыны ескере отырып, қазақ
зиялыларының еңбектерін бағалай отырып, оның бүгінгі оқу-тәрбие үрдісінде
талаптарға сай пайдалану зерттеу қажеттілігін туындатады.
Біздің ойымызша, саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ
зиялыларының мұраларының жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеудегі маңызы
мен мәні ерекше екенінде дау жоқ. Демек, құрбан болған қазақ зиялыларының
педагогикалық мұраларының теориялық тұрғыдан жеткілікті түрде зерттелмеуі,
аталмыш мәселенің қазіргі кездегі тағылымдық мүмкінділігінің қажеттілігі мен
оның ұлттық педагогика тарихында жүйелі түрде тұтастай қарастырылмауы
арасындағы қайшылық анық байқалады.
Осы қайшылықты ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу, саяси қуғын-сүргін
құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастарының
негіздерін қарастырып саралау, біздің зерттеуіміздің мәселесін құрайды.
Сонымен, мәселенің көкейкестілігі мен оны тарихи-педагогикалық
тұрғыда анықтап, оларды белгілі бір жүйеге келтіру зерттеу тақырыбын “Саяси
қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық
көзқарастары (1930-1938жж. ) ” деп алуымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ
зиялыларының педагогикалық көзқарастарын жүйелеп, педагогикалық тұрғыда
саралап, талдау жасау.
Зерттеудің нысаны: саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ
зиялыларының еңбектеріндегі ағартушылық ұстанымдар.
Зерттеудің пәні: саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ
зиялыларының еңбектеріндегі педагогикалық ой-пікірлер жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер саяси қуғын-сүргін құрбандары
болған қазақ зиялыларының еңбектеріне тарихи-педагогикалық тұрғыдан
талдау жасалып, оның идеялары айқындалса, онда педагогика тарихы
ғылымның қоры молайып, орта білім беретін және жоғары мектептің оқу-
тәрбие жұмысының тиімділігі арта түседі, өйткені қазақ зиялыларының
педагогикалық идеялары оқушылар мен студенттердің ұлттық құндылықтарды,
өз елінің тарихын құрметтеу, елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға
ықпалын тигізеді.
Зерттеу міндеттері:
1. саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының
дүниетанымдық және педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына әсер
еткен қоғамдық-тарихи жағдайларды айқындау; 6
2. саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының
шығармаларындағы педагогикалық көзқарастарын анықтау.
3. саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының
педагогикалық көзқарастарындағы негізгі идеяларды талдап, қорытып, жүйеге
келтіру.
4. саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының ғылыми-
педагогикалық еңбектерін қазіргі оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдарын
анықтау.
Зерттеудің жетекші идеясы: саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ
зиялыларының еңбектеріндегі педагогикалық идеяларын жүйеге келтіріп,
оқушы жастардың тәрбиесіне шығармашылықпен пайдалану.
Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері: отандық тарихты
зерттеушілер, педагогика тарихы оның ішінде ұлттық педагогикадағы
тарихшылардың, педагогтардың, психологтардың және ХХ ғасырдың 30-шы
жылдардағы тарихты зерттеген тарихшылардың еңбектері құрайды.
Зерттеудің негізгі көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың
тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында этномәдени білім берудің
тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-
2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы», т. б. ресми құжаттар,
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының құжаттары,
Орталық ұлттық Кітапхана (ОҰК) кітап қоры мен сирек кітаптар мен
қолжазбалар қорының материалдары, Қазақстан Республикасының
Президенттік мәдениет орталығы кітапханасының материалдары, ХХ ғасырдың
басындағы педагогикалық ой-пікірлер туралы қазіргі философиялық-
педагогикалық тұжырымдар мен монографиялық, диссертациялық зерттеулер,
мерзімді баспасөзде жарияланған материалдар, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған
қазақ зиялыларының еңбектері, ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы баспасөз
материалдары.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық,
психологиялық, педагогикалық, тарихи-әдістемелік әдебиеттерге, зерттеу
жұмысына қатысты сирек кездесетін қолжазбалар мен мұрағат құжаттарына
талдау жасау, мұражай деректерін іздестіру, оларды тарихи-педагогикалық
тұрғыдан тұжырымдау, жүйелі-құрылымдық, тарихи-салыстырмалық,
өмірбаяндық контекстік-анализ сипаттау, ой-пікірлерді жинақтау, қорыту,
саралау, т. б.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезең (2003-2004 жылдар) - Зерттеу тақырыбы анықталды, зерттеу
мәселесіне қатысты ғылыми-педагогикалық, психологиялық және арнаулы
әдебиеттермен диссертациялар, монографиялар мен мақалалар, этнопедагогика
мен этнопсихологиялық әдебиеттерге талдау жасалып, ресми құжаттар мен
мерзімді басылымдардың материалдары жинақталып, мәселенің ғылыми
негіздері зерделенді. Зерттеу жұмысының объектісі, пәні, мақсаты мен
міндеттері, әдіснамалық негіздері мен әдістері анықталды. 7
Екінші кезең (2004-2005 жылдар) -Зерттеу бойынша қажетті мұрағат
материалдары жинақталды. Жинақталған деректер талдауға алынды. Саяси
қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының көзқарастарының даму
бағыттары бір жүйеге келтірілді. Аталмыш тақырып бойынша мақалалар
дайындалып, республикалық және халықаралық конференцияларда
баяндамалар жасалды.
Үшінші кезең (2005-2006жылдар) -Жүргізілген зерттеу жұмысының
нәтижелері бір жүйеге келтіріліп, қорытындыланды. Осы кезеңде “Саяси
қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық
көзқарастары (1930-1938) ” тақырыбындағы арнайы курс бағдарламасы
жасалды. Жинақталған материалдар ғылыми-теориялық жағынан
тұжырымдалып, диссертация әдеби жағынан ресімделіп, ғылыми жұмыс
ретінде өңделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
1. қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына
ықпал еткен қоғамдық-тарихи жағдайлар айқындалды;
2. саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының
педагогикалық еңбектері отандық педагогикалық ой-пікірлердің дамуына
қосқан үлестері анықталды;
3. саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының
педагогикалық еңбектері мен білім беру саласындағы қызметтерін мұрағат
және қолжазба материалдары негізінде арнайы зерттеліп, ғылыми айналымға
енгізілді;
4. саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының
педагогикалық идеяларын, еңбектерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың
жолдары айқындалды.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:
-педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған “Саяси
қуғын - сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық
көзқарастары (1930-38ж. ж. ) ” атты арнайы курс бағдарламасы жасалып, оқу-
тәрбие үрдісінде қолдануға ұсынылды;
-зерттеу нәтижелерін «Педагогика тарихы», «Педагогика», «қазақ
әдебиеті», «Мәдениеттану» пәндерін оқыту үрдісінде қолдануға болады;
-зерттеу материалдарын педагогикалық жоғары оқу орындарының,
педагогикалық колледждердің, жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие
жұмысында, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын жазу барысында
кеңінен пайдалануға болады.
Зерттеу базасы: Еуразия гуманитарлық институтының педагогика
кафедрасы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ақмола
облыстық білім беру қызметкерлерін қайта дайындау мен біліктілігін арттыру
институты, Астана қаласының №4, №37, №38 орта мектептері, гуманитарлық -
педагогикалық колледж.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:8
1. саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының
педагогикалық көзқарастарын қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық - тарихи
жағдайлар.
2. саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялылары
көзқарастардың жүйесі.
3. саяси қуғын-қургін құрбандары болған қазақ зиялыларының
педагогикалық еңбектері мен қызметтерінің отандық педагогика ғылымының
дамуындағы үлесі.
4. саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ
көзқарастарын оқу орындарында пайдалануға
ұсынылған «Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының
педагогикалық көзқарастары (1930-1938жж. ) » атты арнайы курс бағдарламасы.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі диссертациялық
жұмыста алынған қорытындылардың теориялық-әдіснамалық негізде
дәлелденуімен, алға қойған міндеттерге сай келетін әдістер топтамасының
тиімді жүйесін пайдаланумен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа
сәйкестілігімен және әдебиеттер мен мұрағат құжаттарына теориялық талдау
жасаумен, құрбан болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастарын
оқу-тәрбие үрдісіне ендірілуімен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен тәжірибеге ендіру: зерттеу
жұмысының негізгі тұжырымдары мен нәтижелері Қазақстанның жас
ғалымдарының 1-ші аптасына арналған жас ғалымдардың халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Астана, 2004), «Қазіргі білім беру
кеңістігіндегі әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың мәселелері» атты
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Павлодар, 2004), «Жас
ғалымдардың ғылыми зерттеуінде қазіргі кездегі мәселелер» атты халықаралық
ғылыми-тәржірибелік конференцияда (Астана, 2005), «Шоқан тағылымы-10»
атты халықаралық ғылыми-тәржірибелік конференцияда (Көкшетау, 2005),
«Қазақстандағы және онымен шектес аумақтардағы инновациялық білім беру
мен әлеуметтік-мәдени саясат: тәжірибе, мәселелер мен перспективалар» атты
халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Астана, 2005), «Роль системы
повышения квалификации в организации профессионального роста педагогов в
условиях модернизации образования» атты республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференцияда (Көкшетау, 2006), «Қазақстан Республикасының
білім беру саласындағы тіл саясаты: тәжірибе, мәселелер мен перспективалар»
атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияда (Астана, 2006),
Еуразия гуманитарлық институтының педагогика кафедрасының мәжілісінде,
«Қарағанды университетінің хабаршысы», «Еуразия гуманитарлық
институтының хабаршысы», «Қазақстан жоғары мектебі», «Ұлт тағылымы»
журналдарында жарияланған мақалаларда баяндалды.
Диссертацияның құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, ғылыми аппараты:
зерттеудің мақсаты, зерттеудің нысаны, пәні, ғылыми болжамы, міндеттері, 9
зерттеу кезеңдері, әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық
мәні, қорғауға ұсынылған қағидалар көрсетілген.
«Саяси қуғын-сүргіннің құрбандары болған қазақ зиялыларының
педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуы» атты бірінші тарауда қуғын-
сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының дүниетанымының
қалыптасуына ықпал еткен сол кезеңдегі елдегі әлеуметтік-экономикалық
тарихи-қоғамдық жағдайлар баяндалған. Халыққа білім беру, мектеп ісі, тәлім-
тәрбиелік ой-пікірдің даму жағдайына сипаттама берілді.
«Саяси қуғын-сүргіннің құрбандары болған қазақ зиялыларының
педагогикалық мұралары» атты екінші тарауда қуғын-сүргін құрбандары
болған қазақ зиялыларының педагогикалық еңбектеріне жүйелі түрде талдау
жасалған. Оқулықтар жазу саласындағы еңбектері және олардың педагогика
ғылымы үшін маңызы айқындалды. қазақ зиялыларының педагогикалық
көзқарастарын орта және жоғары оқу орындарында оқу үрдісіне және ғылыми
айналымға ендіру мәселесі қарастырылды.
Қорытындыда белгіленген тақырып бойынша жүргілізген зерттеулер
тұжырымдалып, қорытындылары беріліп, зерттеу мәселесінің болашақта жан-
жақты тарихи-педагогикалық зерттелу бағыттары белгіленді.
Қосымшада практикалық зерттеу материалдары, арнайы курстың
бағдарламасының мазмұны енгізілді. 10
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz