Мінез-құлқында әлсіздік белгілері байқалған оқушылардың мектептегі психоневрологиялық статус жағдайы


Мінез-құлқында әлсіздік белгілері байқалған оқушылардың мектептегі психоневрологиялық статус жағдайы
/сынып жетекшілері отырысында/
Дайындаған: Атамбаева Д. Ж. педагог-психолог
Астана қаласы 2014
Баланың оқуға бағытталуын, оның мектепке эмоционалдық жағымды қатынасын, жақсы оқушы бейнесіне сәйкес болуын қамтамасыз ететін мотивациялық орталық. Баланың ішкі ұстанымдарын бейнелейтін маңызды қажеттіліктері қанағаттандырылмаса, ол тұрақты эмоционалдық жайсыздықты басынан кешіруі мүмкін: үнемі сәтсіздік күту, педагогтар мен сыныптастары тарапынан жаман қатынас күту, мектептегі қорқу, оған барғысы келмеу.
Қорқыныш - адамның санасында оның өміріне және аман-саулығына төнген қауіптің аффективтік бейнеленуі;
Үрейлену - алда тұрған қауіпті өткір эмоционалдық сезіну. Үрейлену қорқынышқа қарағанда үнемі кері қабылданатын сезім емес, себебі ол қуанышты күту, қобалжу ретінде болуы мүмкін.
Қорқыныш пен үрейді біріктіретін негізгі бастау ол мазасыздану сезімі. Ол мынадан көрінеді, баладан бірдеңе сұраса абыржиды, сұраққа жауап беретін тиісті сөздерді таба алмайды, сөйлегенде дауысы дірілдейді және кейде мүлдем үндемей қалады. Ол көптеген артық қимылдар жасауы мүмкін немесе керісінше, мүлдем қозғалмай қатып қалады. Мұндай белгілер ағза жұмысының психофизиологиялық артық қысымға түскенін көрсетеді.
Жас ерекшелік және невротикалық қорқыныш түрлері болады:
Жас ерекшелік қорқынышы эмоционалдық сезімтал балаларда олардың психикалық және тұлғалық даму ерекшеліктерінің көрінісі ретінде байқалады. Олар мына факторлардың негізінде пайда болады: ата-аналарда қорқыныштың болуы; баламен қарым-қатынаста мазасыздану, оны қауіптерден шектен тыс қорғау және құрбыларымен араласуын шектеу.
Невротикалық қорқыныштар эмоционалдық интенсивтілікпен, қысымдылықпен; ұзақ ағыммен немесе тұрақтылықпен; мінез-құлықтың және тұлғаның қалыптасуына кері әсер етумен; басқа да невротикалық бұзылулармен және күйзелістермен өзара байланыстылығымен; қорқыныш нысанынан, сондай-ақ барлық жаңа және беймәлім нысандардан қашуымен; қорқынышты жоюдың салыстырмалы қиындығымен сипатталады.
Невротикалық қорқыныштар ұзаққа созылған және шешілмейтін күйзелістерден туындауы мүмкін. Көбіне бұлайша, ата-аналарымен қарым-қатынасында эмоционалдық қиыншылықтыр сезінетін, отбасындағы немесе қақтығыстық сәттердегі эмоционалдық күйзелістерінің әсерінен өзі туралы пікірі бұрмаланған сезімтал балалар қорқады. Бұл балалар үлкендерге қауіпсіздіктің, беделдің және махаббаттың көзі ретінде қарай алмайды. Жауапкершілік, парыз, міндеттер сезімін тудыратын оқушының әлеуметтік ұстанымы, «ондай бола алмау» қорқынышының пайда болуына алып келеді. Бала үлгермей қалуға, кешігуге, дұрыс жасамай қоюға, айыпталуға және жазаланудан қорқады. Бастауыш сынып жасында «ондай бола алмау» қорқынышы шарықтау шегіне жетеді. Себебі балалар жаңа білімді игеруге тырысады, өзінің оқушылық міндеттеріне салмақпен қарайды және баға алу жөнінде уайымдайды.
Кейбір балалар үй тапсырмасын орындағанда қателік жіберсе, зәре-құты қашып қорқады. Бұл ата-анасы оларды шұқшия тексеріп және қателікке драмалық мән берген жағдайда болады. Ата-анасы баланы жазаламаса да психологиялық жазалау бәрібір сезіліп тұрады. Бастауыш мектеп жасындағы бағалау іс-әрекеттің нақты нәтижесін ғана бағалау емес. Оны бала өзінің тұлғасын бағалау деп түсінеді.
Бірқатар жағдайларда мектептен қорқу, құрбыларымен қақтығыстан, олар жағынан шығатын дене агрессиясынан қорқудан туындап отыр. Әсіресе, бұл - эмоционалды сезімтал, әлеуметтік-мәдени және педагогикалық олқылығы бар балаларға тән.
Мектептік қорқыныш баланың психологиялық жайлылығын ғана емес, сонымен қоса балалар неврозының дамуына да ықпал етеді.
Мектептегі үрейленудің жоғары деңгейі, өзін-өзі бағалаудың төмендеуі, мектепке келу мен оқудың алғашқы айлары кезеңіне тән. Десек те, бір айдан үш айға дейін созылатын бейімделу кезеңінен кейін ахуал өзгереді: эмоционалдық көңіл-күйі және өзін-өзі бағалауы тұрақтайды. Содан кейін ғана арнайы сынақтың көмегімен шындығында да мектептегі үрейленуі бар балаларды анықтауға болады (Р. Тэммл, М. Дорки, В. Амен) .
Психологтар балалар үрейленуін жеңудің екі тәсілін көрсетеді:
1 Қиын жағдайға түскен баланың конструтивтік мінез-құлық тәсілдерін қалыптастыру, сондай-ақ шектен тыс мазасыздануды, үрейленуді жеңетін әдістерді игеру.
2 Өзіне-өзі сенімділігін нығайту, өзіндік баға мен өзі туралы ойын дамыту, адамның «тұлғалық өсуіне» қамқорлық ету.
Сонымен, психологтың мектептегі үрей мен қорқынышты жоюға байланысты жұмысы жоғарыда көрсетілген әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылатын оқу сабақтары барысында және арнайы топтарда жүргізіледі. Оның әсері, отбасында және мектепте жанашыр ахуал туғызылғанда, айналасындағы үлкендер тарапынан балаға жағымды қолдау көрсетілгенде ғана болады.
Ұстаздың мақсаты - оқушыны даму мен өзіндік тәрбиелеудің жоғары деңгейіне жеткізу. Бұл жолда оқушыға әлеуметтік құнды бағыт-бағдар көрсетіп, кеңес беріп, өзінің азаматтық жолында бір сатыға жоғары аттау үшін не істеу керегін айту керек. Тәрбиелеу жүйесінде сынып ұжымы ерекше орын алады. Тәрбиелеудің құралы ретінде оқушылар ұжымын басқарудың нәтижелігі, ұжымның тәрбиелілік мүмкіндіктерін анықтайтын, оның ішінде болып жатқан әлеуметтік-психологиялық үрдістерді білумен байланысты болады. Өз тәрбиеленушілерін сынып жетекшілерінен басқа ешкім де білмейді. Ол олардың әрбір ұсақ-түйектерін, мықты және әлсіз жақтарын біледі. Әрбіреуін саналы әрекетке үйретуге, қателіктерден сақтауға барлық күшін салып ұмтылады, және әрбір өзінің қадамында сынып жетекшісі, өнегелі тұлғаның дамуына көмек беру үшін, оның жеке ерекшелігін көріп, оған сенудің қажеттілігіне көзі жетеді.
Қорыта айтқанда, бүгінгі таңдағы еліміздегі мектептердің әлеуметтік міндеті - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру. Және олардың әрқайсысына өмірден өз жолын табуға көмектесуді негізгі мақсат еткені абзал.
Ұсыныс: Барлық балаға бірдей талап қойып, әр баланың бұл талаптарды орындауының өзіндік жеке дара ерекшеліктерін мұқият ескерген дұрыс. Оқушыларын сабақ үстінде тыныш, ұстамды болу мінез-құлық әдетіне, сабақтардың жалпы қарқынын сақтауға, мұғалімнің ескертулерін орындауға тәрбиелеу болып табылады.
Мұғалім барлық балаларға бірдей қарап, бәріне бірдей талап қоятын болғанда, нашар оқитындарды еңбек сүйгіштігі үшін мадақтап, жақсы оқитындарға өзіне тым көп сеніп кеткені үшін басу айтып отырғанда ғана сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы ойдағыдай болады. Бұл сыныптың ұжымдық жұмысына психологиялық жағынан жақсы жағдай жасайды.
Адамның физиологиялық ақаусыздығы мен психикалылық ақаусыздығы бір парақ қағаздың екі бетіне ұқсайды. Сөзімізге дәлел келтірер болсақ, аурулардың 50-60% сырқатқа шалдығу себебі негізінен іші тарлық, көрсеқызарлық, ұзақ уақытқа созылған көңілсіздік, өзін қор санау немесе зор санау, шектен тыс ұсақшыл болу, орынсыз өзгелермен жауласу т. б. психикалық ауытқулар екені дәлелденген. Психология мамандарының зерттеуінше, 100 науқасқа жасалған тексеруге қарағанда олардың 73% психикалық факторлардан, 93% психикалық жақтан көмек көрсету керектігі анықталды. Психикалық ауруға кіріптар болған әр 1000 адамның тек 6 адамы ғана емделу орайына ие болады, 80% емделудің жақсы нәтижесіне ие бола алмайды.
Жас пен жасөспірімдерден бастап ата-аналар, мұғалімдер психикалық жақтан ауытқусыз жетілудің жағдайларын біліп, танып, ғылыми тәрбие тәсілдерін қолданулары керек.
Біріншіден, оқушылардың оқу барысындағы психикалық тазалығына назар аудару керек. Психологтар адамның бір іске деген зауқы оның қарбаласқа түсуі мен абыржуға тікелей байланысты болады, бірақ белгілі шектен асқан абыржуы адамның оқу және іс-әрекеттеріне кедергі жасап, дене және психика жақтан бірдей шаршатып, толық дамуына зор зиянкестік жасайды деп қараған. Іс жүзінде кейбір мектеп басшылары, мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларды озат және нашар оқитындар деп топтарға бөледі, әрі емтихан нәтижесіне қарай бағалауды дәріптейді. Оқыту барысында сағат санын орынсыз арттырады, оқыту программасынан тысқары қиын мәселелерді әкеліп орындатады, нәтижесінде оқушыларда өзін төмен санау, іштей қорлану, өзіне-өзі кектену сияқты сезім пайда болады. Ал кейбір үздік оқушылар рухани жақтан зор шырмауға ұшырап өздері қызықпайтын пәндерді де зорлықпен жаттап, үйренеді, тіпті, нағыз адам болу сенімін жоғалтып, жеке мүдде деген ұнамсыз жағдайлар олардың өн бойына жасырын сіңеді де, басқаларға көмектесу әдетін азайтады. Бәрінен сорақысы басқалардың ізденіп, үйреніп жатқанын байқағанда іші тарылып, дегбірсізденетін болады, аз дегенде 10-40% оқушылар өздерінің жасырын қабілетін дамыта алмайды, ұйқысы қашу, есте ұстау қабілеті төмендеу, зейіні шашырау, тамақ іше алмау, рухани жағынан солғындау, нерві әлсіреу жағдайы байқалып, өз тепе-теңдігін жоғалтуға ұрынып, қалыпсыз әрекеттермен шұғылданады, тіпті өмірден күдер үзетіндері де болады.
Екіншіден, өзін дұрыс бағалауды күшейтіп, өзін қабылдай алатын позициясын жетілдіру керек.
Психологтар тәжірибе арқылы адамдардың өзін тануы мен іс-әрекеттік қимылының сәйкестігі арасындағы байланысты зерттегенде, өзін тану мен іс-әрекеттік қимылы қаншалықты бір-біріне жақын шықса, адамның сақтық қимылы соншалықты аз болады, ал қоғамға сәйкес қимылы соншалықты күшті болатындығын дәлелдеген. Бір адамның өзін қабылдай алуы оның өзін қор санайтын психикалық жағдайының жоқтығынан дерек береді, өзін-өзі төмен санау сезіміндегі адам үнемі қарбаластыққа түсіп, алаңдап тұрады да сақтық сипатында тұрады, психикалықтағы қарбаластығын жояды. Не өзін өзі барынша жоғары санайды, не қалыптан тыс кемсітеді, өзінің абыройын қорғау үшін төңірегіндегілерді мұқатады, масқаралайды. Олар шындыққа бетпе-бет жолығудан қашқалақтайды, жеке дара болып, бойын аулаққа ұстайды; өз жауапкершілігін мойындамай, басқаға кінәні аударып, “мені жақтырмайды” деп ойлайды және өзгелермен араласпай қояды. Сондықтан оқушылар мен ата-аналар болымсыз нәтижеге қол жеткізгенде басқаларды көзге ілмей, масаттанып кетпейтін сәтсіздікке жолыққанда өзін кемсітпей, үмітсіздену сенімін жоғалтпайтын, ал үйрену нәтижесі құлдырағанда немесе қателік жібергенде мұғалімдер мен сыныптастарының сынын дұрыс бағытта қабылдай білетін, өзін-өзі сынай алатын етіп жетілдіру керек. Бұл үшін ата-аналар мен оқытушылар оқушыдан өзінің қабілетіне сәйкеспейтін шектен тыс ауыр талап қойып алуынан сақтану керек. Себебі, адам өзі қабілеті жетпейтін істерді мақтан етіп, белгілеп алады. Көп жағдайда мақсатына жете алмай қалады да көңілсізденеді. Ол үшін оқушыларға өзгеден ауыр талап күткенше, өзіне ауыр талап қойып отыруды көп дәріптеу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz