Социология ғылым ретінде



Жоспар:
І. Кіріспе бөлім.
«Әлеуметтану ғылымының объектісі, оның пәні және әдістері»
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Әлеуметтанудың құрылымы және білім деңгейлері
2.2. Әлеуметтану ғылымының функциялары
ІІІ. Қорытынды бөлім.
«Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы»
Пайдаланылған әдебиеттер.
Әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті шындықтың белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады. Сондықтан, ғылымның объектісі мен пәні ажыратылады: объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу объектісін құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады. Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады. Тек жай қоғам емес, таным үрдісі бағытталған әлеуметтік шындық саласы: әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар мен үрдістер, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам, әлеуметтік роль, әлеуметтік бақылау және т.б. жатады. Әлеуметтік зерттеу объектісіне ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарама-қайшылық жатқызылады. Социологиялық зерттеудің пәні объект қасиеті мен мәселе сипатымен айқындалады. Әлеуметтік танымның пәнің белгілеу үрдісінде шешуші әлеуметтік құбылыстар адам өзара әрекеті, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауым мен үрдістер және т.б. жатады. Белгілі қатынастар қандай да бір әлеуметтік құбылыспен белгіленген, белгілі заңдылықтардың немесе тенденциялардың әрекетіне тәуелді. Олар әлеуметтанудың негізгі пәнін құрайды.
«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлеументтанушысы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде рет ауысына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты.
Объект дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтанудың пәні шығады. Әрбір ғылымның пәні зерттеушінің қалауы мен таңдауының негізінде алынған кез келген қоғамдағы құбылыс. Процесс немесе көкейкесті мәселесінің артықшылығын,
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қарабаев Ш.К. «Әлеуметтану негіздері»
2. Икенов А. «Әлеуметтану негіздері»
3. http://5fan.ru/wievjob.php?id=12335
4. http://kk.wikipedia.org
5. http://kontrosha.net
6. http://westudent.kz

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Алматы Технологиялық Университеті

Реферат
Тақырыбы: Социология ғылым ретінде

Орындаған: Бакытжанова Аяжан
Тобы: МІ және МБ 13-11

2015 жыл
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім.
Әлеуметтану ғылымының объектісі, оның пәні және әдістері
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Әлеуметтанудың құрылымы және білім деңгейлері
2.2. Әлеуметтану ғылымының функциялары
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы
Пайдаланылған әдебиеттер.

Әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті шындықтың белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады. Сондықтан, ғылымның объектісі мен пәні ажыратылады: объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу объектісін құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады. Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады. Тек жай қоғам емес, таным үрдісі бағытталған әлеуметтік шындық саласы: әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар мен үрдістер, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам, әлеуметтік роль, әлеуметтік бақылау және т.б. жатады. Әлеуметтік зерттеу объектісіне ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарама-қайшылық жатқызылады. Социологиялық зерттеудің пәні объект қасиеті мен мәселе сипатымен айқындалады. Әлеуметтік танымның пәнің белгілеу үрдісінде шешуші әлеуметтік құбылыстар адам өзара әрекеті, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауым мен үрдістер және т.б. жатады. Белгілі қатынастар қандай да бір әлеуметтік құбылыспен белгіленген, белгілі заңдылықтардың немесе тенденциялардың әрекетіне тәуелді. Олар әлеуметтанудың негізгі пәнін құрайды.
Әлеуметтану ұғымы латын тілінің Societas қоғам және гректің logos - ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлеументтанушысы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде рет ауысына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты.
Объект дегеніміз - бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтанудың пәні шығады. Әрбір ғылымның пәні зерттеушінің қалауы мен таңдауының негізінде алынған кез келген қоғамдағы құбылыс. Процесс немесе көкейкесті мәселесінің артықшылығын, қасиеттерін, сапасын, логикалық тұрғыдан жан-жақты талдау негізінде адамдардың немесе әлеуметтік ұйымдардың бірігіп, ұйымдасып еңбек етуін, қызмет атқаруын, жұмыс істеуін, жалпы материалдық, рухани іс-әрекеттердің, олардың арасындағы алуан түрлі қатынастардың бір-біріне әрекетін, түрлерін жан-жақты терең танып, білуді әлеуметтанудың пәні деп айтады. Бұл зерттеулердің басты мақсаты - объект, құбылыс, процесс және мәселелер арасындағы басты, қажетті, тұрақты, қайталанатын, мәнді, маңызды байланыс, қатынастарды логикалық тұрғыдан зерттеу. Бұл байланыс - қатынастардың сапалық жағынан өзгешелігін көрсету. Әлеуметтану пәнінің байланыс, қатынастар жиынтығы әлеуметтік қоғамның біртұтас жүйесін құрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді. Олар әрбір объектіде, құбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі бір әлеуметтік жүйе ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объектінің қасиеті мен зерттеушінің алдына қойған мәселелерінің мақсаты мен сипатына, оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүние - танымында қолданатын құрал-тәсілдеріне байланысты. Зерттеу пәні әр уақытта зерттеу объектісін қажет етеді, бірақ оған кірмейді, онымен тең емес, өйткені бір ғана әлеуметтік объект өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі мүмкін. Осыған орай әлеуметтанудың пәні зерттелетін объектінің шекарасын белгілейді. Сондықтан әлеуметтану пәнінің басты міндеті - әлеуметтік жүйелерді типологизациялау (яғни, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау - А.И.), әрбір әлеуметтік объектінің байланысы мен қатынастарын заңдар деңгейінде зерттеу - бұл заңдылықтардың әрбір әлеуметтік жүйесін басқару, оның тәртібін реттеу, оның іс-әрекет, қызмет ету тетіктерін анықтау болып табылады. Сонымен, әлеуметтік - әлеуметтік байланыс пен қатынастарды ұйымдастырудың негізгі бастамасы ретінде болса, ал әлеуметтік заңдылықтар бұлардың мәні мен мазмұнын түсінудің негізі болып есептеледі.
Әлеуметтік деген ұғымға ғылыми терең анықтама, түсінік берген К.Маркс пен Ф.Энгельс болды. Олар қоғамды, ондағы үдірістер мен қатынастарды зерттегенде екі ұғымды қолданды. Бірі - қоғамдық , екіншісі - әлеуметтік, Маркс пен Энгельс қоғамның әр салаларының байланысы туралы әңгіме еткенде қоғамдық, қоғамдық қатынастар ұғымдарын, ал адамдардың бір-бірімен қатынастарының табиғатын, мазмұны мен мәнін, олардың қоғамдағы жағдайын, ондағы оның алатын орнын, рөлін меңзегенде әлеуметтік ұғымын кең қолданып, осыған сәйкес Әлеуметтік қатынастар ұғымы туралы айтқан. Маркс пен Энгельс еңбектерінде кейде әлеуметтік ұғымы азаматтық ұғымымен алмастырылған. Азаматтық деген ұғымды олар қоғамдағы адамдардың белгілі бір байланыс пен қатынастарын зерттеуде қолданып отырған.
Әлеуметтік дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістікте, уақытта іс-әрекеттерінде атқарған қызметтерінде байқалады. Қандай да бір қоғамдық қатынастардың жүйесі (мысалы, экономикалық, саяси, т.б.) әр уақытта адамдардың өзара қарым - қатынасынан және қоғамға қатынасынан көрінеді. Сондықтан әрбір қоғамдық жүйенің әлеуметтік жағы болады. Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас байланыстардың тұрақты, қайталанатын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процестердің өзара іс-қимылын көрсетеді. Бұл категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) бір-бірімен тығыз байланыста, қатынаста болады, олар ешуақытта бір-бірінен бөлек, оқшау тұрмайды. Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: әлеуметтік жүйе; әлеуметтік байланыс; әлеуметтік қатынас; әлеуметтік процесс; әлеуметтік тұлға; әлеуметтік бірлік; әлеуметтік құрылым; әлеуметтік ұйым; әлеуметтік институт; әлеуметтік бақылау; әлеуметтік басқару; әлеуметтік ережелер (бұған құқықтық ережелер, оның жартылай бөлігі); стратификация, әлеуметтік рөл, әлеуметтік статус, әлеуметтік тәртіп, әлеуметтік сана, әлеуметтік талап-тілек, әлеуметтік топ, әлеуметтік мүдде, әлеуметтік тұтыну, әлеуметтік қауіпсіздік, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік белсенділік, т.б.
Негізінде әлеуметтану екі үлкен категорияға басты назар аударды. Ол - қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғалғанда төмендегі категориялар арқылы (жалпы ұғымдармен) зерттеу жүргізеді. Ол - әлеуметтік бірлік. Бұл адамдардың арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар. Осы қарым-қатынас, байланыстардың негізінде олардың күнделікті өмірі мен іс-әрекетінің мұң-мұқтажын, талап-тілектерінің бірлігі жатыр.
Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып саналады және бұл - әлеуметтік субъектінің өзін-өзі ұйымдастыруының тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік - таптық, топтық, әлеуметтік - демографикалық, ұлттық, территориялық, мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозғалыстары, т.б. жатады.
Әлеуметтік құрылым. Бұл өндірістегі қоғамдық еңбектің бөлінуінің реттелген жүйесі және осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы адамдардың құқық және міндеттеріне қатынастарының жүйесі.
Қоғамдық сана. Бұл қоғамның рухани құрылымның жиынтығы. Қоғамдық сана әруақытта тікелей немесе күрделі болып, қоғамдық сипатта болады. Яғни, ол жалпы қоғамға тән қасиет. Әлеуметтік топ - бұл қоғамның құрылымы, оның жікке бөлінуі, әлеуметтік теңсіздік; тұлға - бұл адамның әлеуметтік сапасы, оның мәні. Әлеуметтану тұлғаны талдап, зерттегенде әр түрлі ұғымдарды қолданады.
Әлеуметтік құндылық. Бұлар қоғамдық қатынастарды, мұң-мұқтажды, талап-тілектерді анықтайтын тұлғалық құнды нұсқаулар. Бұлар адамдардың тәртібінің іштей реттелуі, басқарылуы арқылы белгіленеді.
Әлеуметтік нормалар (ережелер) қоғамда қалыптасып, реттеліп отыратын ережелердің жиынтығы.
Тұлғалық ынта, көңіл, назар, ықылас, қалау, тілек, т.б. - бұлар адамдардың әлеуметтік белсенділіктердің қозғаушы күштері (стимулдері); әлеуметтік рөл,яғни атқарылатын қызмет; әлеуметтік статус - адамның қоғамдағы орны мен жағдайы, т.б.
Әлеуметтанудың құрылымына, оның таным білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен құрылым, деңгей деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз - біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.Қандай да бір ғылым болмасын,оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі: Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социологиялық білімнің құрлымы
Әлеуметтанудың қалыптасу тарихы
Социология пәні және оның нысаны
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
Социология ғылымының даму тарихы
Зерттеудің деңгейі
СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯЛАР КОНСПЕКТІСІ (ТЕЗИСТЕРІ)
Әлеуметтанудың әдісі
Социология пәнінің анықтамасы. Социологияның заңдары мен категориялары
Социологияның деңгейлері, құрылмы, санаттары, қызметі мен тәсілдері
Пәндер