Қазақ әдебиетіндегі аударманың орны, маңызы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I БӨЛІМ. АУДАРМАТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

1.1 Аударманың жалпыадамзаттық сипаты және рухани мәні ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Аударма теориясының обьектісі мен міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Көркем аударма . әдеби шығармашылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.4 Көркем аударманың алғашқы үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.5 Аударманың шарттары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

IІ БӨЛІМ. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ КЕЙБІР ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Көркем шығарманы аударудағы лексикалық ауытқулар ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып-құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әрекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Адамзат тілдерінің арасында да коммуникацияның өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
Аударма ұғымы – кең ұғым. Курстық жұмыс барысында тек көркем аударма ғана сөз етілетін болады. Көркем аударма – аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан көркем аударманы “Жалпы аударма” курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін емес. Олай дейтіні – көркем аудармада шығармашылық белгі-сипаттарының лингвистикалық және мәдениеттанушылық қырлары аударманың өзге түрлеріне қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді. Ал поэзия аудармасында тәржімешіге мәтінді өзінше пайымдау, бажайлау тұрғысынан бөлекше жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма теориясы саласында жеткілікті дайындықпен қатар, әдебиетшілік, мәдениеттанушы¬лық, стилистік дарын да талап етіледі. Жұмыста қазақ поэзия аудармасының арғы-бергідегі өткен жолы мүмкін болғанынша толық сараланып, теориялық тұрғыдан таразыланды.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Жұмыстың өзектілігі, біріншіден, Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық қарым-қатынастар жүйесінің жаңа деңгейіне ауысуымен, екіншіден, жаһандану үдерісінің бүкіл әлемді қамтыған ауқымына орай аударманың біздің өмірімізде алар орны алдағы кезеңде айрықша арта түсетіндігімен байланысты.
Қазақ әдебиеті аудармасының арғы-бергідегі жүріп өткен жолын, бел-белестерін бажайлау, ізденістері мен іркілістерін саралау – ұлттың көркемдік ойының бүгінгі биігін бағамдаудың, алда алар асуларын белгілеудің бір жолы. Бұл жолға талдау жасау арқылы тәржіменің халқымыз тарихында қандайлық қомақты орын алғанын ғана емес, сонымен бірге келешек замандарда атқарар рөлінің де ерекше болатынын көрсете аламыз.
Бүгінгі таңда аударма қазақ тіліне әлем әдебиетінің ең шоқтықты шығармаларын төгілте түсіру арқылы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асыруға ықпал жасай алады. Қазақ әдебиеті аудармасының мұндай кемелдікке келу кезеңдерін теориялық тұрғыдан тұжырымдай талдау оның келешектегі көркемдік көкжиегін кеңейту жолдарын қарастыруға септесетін болады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Аударма – лингвистика заңдылық¬тарына арқа сүйеу арқылы тіларалық коммуникация міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше түрі. Көркем аударманың жемісі ретінде зерттеу қарастыратын поэзиялық тәржіме – алдымен әдебиеттану нысаны. Ең бастысы – бұған дейін қазақ көркем аудармасының жекелеген кезеңдері, жекелеген авторлар аудармасы, аудармашылар шығармашылығы, сондай-ақ әдеби байланыстар жайында зерттеулер, хрестоматиялар, аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері қазақ поэзиясының ағылшын тіліне аударылу проблемалары туралы мәлімет беру.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленді:
– тәржіменің теориялық ой-қисындарын жинақтай көрсету;
– қазақ әдебиеті аудармасының даму кезеңдерін белгілеу;
– көркем шығарма аудармасының эволюциялық жолын зерттеу;
– аударманың тілді байыту тәсілдерін талдау;
– аударманың төл әдебиетке ықпалын анықтау;
– аударманың әдіс-тәсілдерін сипаттау;
– тәржіме тағылымдарын қорытындылау.

Қорғауға ұсынылып отырған тұжырымдар:
1. Тәржіме жаңа тілдің төл табиғатынан жаратылған туындыға айналғанда ұлттық сөз өнерінің қазынасына қосылады, аударма туынды аударылған тілдің туындысы саналуға тиіс.
2. Тәржімеленетін мәтін бір тілден бір тілге ауысу арқылы бір мәдениеттен бір мәдениетке (кейде бір өркениеттен екінші бір өркениетке) көшіріледі. Ал аударманың өзге лингвомәдениетке сіңісуі, қабылдануы осы үдерістің табиғи түрде, жатық жүруіне байланысты.
3. Аударма өнері төл әдебиетіміздің жазба дәстүрлерін орнықтыруға, көркемдік кестесін кемеліне келтіруге көп көмектеседі, өйткені, толыққанды ұлттық әдебиет саласы аударма әдебиетінсіз кемелденбейді. Бұл, әсіресе, ұлттық мәдениеттер үшін бетбұрысты белестерде айқын көрінеді. Егер төл әдебиеттегі көркемдік ізденістер кенжелеп қалса, тәржімедегі табыстар да қомақты болмайды және аударма өнері дамымаған елдердің өз әдебиетін ойдағыдай өркендетуі де қиын.
4. Тәржімеленген туынды ұлттық әдебиеттің төл туындысындай оқылуға тиіс деген белгілі тұжырым негізінен қолдауға лайық, бірақ мұның өзі тілдің жаттықтығына байланысты айтылуы керек.
6. Аударма өнері – ең алдымен қоғамдық құбылыс, сол себепті ол тек лингвистикалық, әдеби-тарихи тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар мәдениеттанушылық, философиялық-эстетикалық, текстологиялық немесе семиотикалық тұрғыдан да зерттелуі қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Алексеева И. Введение в переводоведение. М.-С-П., 2006, 52-бет.
2. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. М., 1979, 334-335 беттер
3. Виноградов В. С. Введение в переводоведение. Москва,2001.203-204.
4. Ларин Б. Теория и критика перевода. Л., 1962, 3-бет.
5. Левый И. Состояние теоретической мысли в области перевода. Мастерство перевода – 1969. М., 1970, 119-бет
6. Любимов Н. Перевод – искусство. Мына кітаптан: Перевод – средство взаимного сближения народов. М., 1987, 141-142-беттер.
7. Нелюбин Л. Толковый переводоведческий словарь. М., 2004.
8. Оболенская Ю.Л. Художественный перевод и межкультурная коммуникация. М., 2006, 5-бет.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I БӨЛІМ. АУДАРМАТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

1.1 Аударманың жалпыадамзаттық сипаты және рухани
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Аударма теориясының обьектісі мен
міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Көркем аударма – әдеби
шығармашылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.4 Көркем аударманың алғашқы
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.5 Аударманың шарттары мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14

IІ БӨЛІМ. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ КЕЙБІР ЛЕКСИКАЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Көркем шығарманы аударудағы лексикалық
ауытқулар ... ... ... ... ... ... .. ... ... 17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып-
құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге
құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әрекеті өзінше шағын жүйе
екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Адамзат
тілдерінің арасында да коммуникацияның өз жүйесі, яғни трансляторы болуы
керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі
– аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған
факторлардың бірі деуге де болады.
Аударма ұғымы – кең ұғым. Курстық жұмыс барысында тек көркем аударма
ғана сөз етілетін болады. Көркем аударма – аударматанудағы ең бір күрделі
де күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан
көркем аударманы “Жалпы аударма” курсының дербес пәні ретінде қарастыруды
ұсынатыны тегін емес. Олай дейтіні – көркем аудармада шығармашылық белгі-
сипаттарының лингвистикалық және мәдениеттанушылық қырлары аударманың өзге
түрлеріне қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді. Ал поэзия аудармасында
тәржімешіге мәтінді өзінше пайымдау, бажайлау тұрғысынан бөлекше
жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма
теориясы саласында жеткілікті дайындықпен қатар, әдебиетшілік,
мәдениеттанушылық, стилистік дарын да талап етіледі. Жұмыста қазақ поэзия
аудармасының арғы-бергідегі өткен жолы мүмкін болғанынша толық сараланып,
теориялық тұрғыдан таразыланды.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Жұмыстың өзектілігі, біріншіден, Қазақстан
Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық қарым-қатынастар
жүйесінің жаңа деңгейіне ауысуымен, екіншіден, жаһандану үдерісінің бүкіл
әлемді қамтыған ауқымына орай аударманың біздің өмірімізде алар орны алдағы
кезеңде айрықша арта түсетіндігімен байланысты.
Қазақ әдебиеті аудармасының арғы-бергідегі жүріп өткен жолын, бел-
белестерін бажайлау, ізденістері мен іркілістерін саралау – ұлттың
көркемдік ойының бүгінгі биігін бағамдаудың, алда алар асуларын белгілеудің
бір жолы. Бұл жолға талдау жасау арқылы  тәржіменің халқымыз тарихында
қандайлық қомақты орын алғанын ғана емес, сонымен бірге келешек замандарда
атқарар рөлінің де ерекше болатынын көрсете аламыз. 
Бүгінгі таңда аударма қазақ тіліне әлем әдебиетінің ең шоқтықты
шығармаларын төгілте түсіру арқылы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін
асыруға ықпал жасай алады. Қазақ әдебиеті аудармасының мұндай кемелдікке
келу кезеңдерін теориялық тұрғыдан тұжырымдай талдау оның келешектегі
көркемдік көкжиегін кеңейту жолдарын қарастыруға септесетін болады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Аударма – лингвистика заңдылықтарына арқа
сүйеу арқылы тіларалық коммуникация міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше
түрі. Көркем аударманың жемісі ретінде зерттеу  қарастыратын поэзиялық
тәржіме – алдымен әдебиеттану нысаны. Ең бастысы – бұған дейін қазақ көркем
аудармасының жекелеген кезеңдері, жекелеген авторлар аудармасы,
 аудармашылар шығармашылығы, сондай-ақ әдеби байланыстар жайында
зерттеулер, хрестоматиялар, аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері қазақ
поэзиясының ағылшын тіліне аударылу проблемалары туралы мәлімет беру.
 Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленді:
–       тәржіменің теориялық ой-қисындарын жинақтай көрсету;
–       қазақ әдебиеті аудармасының даму кезеңдерін белгілеу;
–       көркем шығарма аудармасының эволюциялық жолын зерттеу;
–       аударманың тілді байыту тәсілдерін талдау;
–       аударманың төл әдебиетке ықпалын анықтау;
–       аударманың әдіс-тәсілдерін сипаттау;
–       тәржіме тағылымдарын қорытындылау.

Қорғауға ұсынылып отырған тұжырымдар:
1. Тәржіме жаңа тілдің төл табиғатынан жаратылған туындыға айналғанда
ұлттық сөз өнерінің қазынасына қосылады, аударма туынды аударылған тілдің
туындысы саналуға тиіс.
2. Тәржімеленетін мәтін бір тілден бір тілге ауысу арқылы бір мәдениеттен
бір мәдениетке (кейде бір өркениеттен екінші бір өркениетке) көшіріледі. Ал
аударманың өзге лингвомәдениетке сіңісуі, қабылдануы осы үдерістің табиғи
түрде, жатық жүруіне байланысты.
3. Аударма өнері төл әдебиетіміздің жазба дәстүрлерін орнықтыруға,
көркемдік кестесін кемеліне келтіруге көп көмектеседі, өйткені, толыққанды
ұлттық әдебиет саласы аударма әдебиетінсіз кемелденбейді. Бұл, әсіресе,
ұлттық мәдениеттер үшін бетбұрысты белестерде айқын көрінеді. Егер төл
әдебиеттегі көркемдік ізденістер кенжелеп қалса, тәржімедегі табыстар да
қомақты болмайды және аударма өнері дамымаған елдердің өз әдебиетін
ойдағыдай өркендетуі де қиын.
4. Тәржімеленген туынды ұлттық әдебиеттің төл туындысындай оқылуға тиіс
деген белгілі тұжырым негізінен қолдауға лайық, бірақ мұның өзі тілдің
жаттықтығына байланысты айтылуы керек.
6. Аударма өнері – ең алдымен қоғамдық құбылыс, сол себепті ол тек 
лингвистикалық, әдеби-тарихи тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар
мәдениеттанушылық, философиялық-эстетикалық, текстологиялық немесе
семиотикалық тұрғыдан да зерттелуі қажет.

I БӨЛІМ. АУДАРМАТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

1.1 Аударманың жалпыадамзаттық сипаты және рухани мәні

Өркениет пен өркениеттің, халық пен халықтың танысуы, табысуы адамның
адаммен танысуы, табысуы сияқты. Олар бір-бірімен танысуы үшін бір-бірінен
ортақ белгілер табуы керек, ал сол таныстық ұзағынан болуы үшін олар бір-
бірінен өзінен таппайтын нәрселерді де табуы керек. Танысудың осындай жолы
– көркем аударма. Басқа тілде сөйлейтін басқа халықтың жан әлемін, оның
мәдениетін, атап айтқанда, көркем әдебиетін аударманың көмегі арқылы танып-
білуге болатындығын әртүрлі елдер халықтары қарым-қатынасының бүкіл тарихы
растап береді. Әрине, аударманың бәрі бірдей таным нысанын, яғни түпнұсқаны
толық бейнелей бермейді. Көркем аударма – бір тілде жазылған шығарманы
басқа тілдің құралдарымен дүниеге қайта әкелу нәтижесі, ал көркем аударма
теориясы, іс жүзіндегі жанды тәжірибені зерттей әрі жинақтай келіп, осы
үдерістің, яғни шығарманы дүниеге қайта әкелудің сипатын, сондай-ақ
аударманың алдына қойылған міндетті орындайтын құралдардың сипатын
анықтаумен айналысады. Тарихи тәжірибе көркем аударманың бір-біріне кереғар
екі ұстанымның аралығынан табылатынын көрсетеді: аударма сөзбе-сөз дәл
шығуы, бірақ көркемдік тұрғыдан толыққанды болмауы да мүмкін, сонымен бірге
көркемдік тұрғыдан толыққанды шығуы, алайда, түпнұсқадан қашықтап кеткен
еркін баян болуы да мүмкін. Осы екі ұстанымның басын қосып, аударманың
аңсар тұтарлық үлгісі сөзбе-сөз дәл әрі көркемдік тұрғыдан толыққанды
аударма болып табылады деп пікір түюдің ешқандай қиындығы жоқ. Бірақ
аудармашы аңсар тұтатындай мұндай толық тоғысудың болуы іс жүзінде мүмкін
емес: нақты бір ойды жеткізу үшін екі тілдің әрқайсысы атымен өзгеше
құралдар қолданады. Мәтінді аудару барысында сөзбе-сөз дәлдік пен көркемдік
кемелдік ұдайы бір-бірімен шарпысып түсіп жатады. Мәселені шешудің
диалектикалық жолын іздеуге тура келеді.
Тәржіменің қоғамдық сұранысқа тәуелділігі – басы ашық жай. Басқа жағын
былай қойғанда, кез келген аудармашы (бүгінгі заман аудармашыларын айтамыз)
өз жұмысының жарияланатындай болуын ойлайды. Ал ненің жариялануы, ненің
жарияланбауы, көбіне-көп, ненің қажет етілетіндігіне байланысты. Қоғам
қажет еткен дүние әдетте, прагматикалық тұрғыдан десек те, дұрыс қабыл
алынады. Әр заманда, әр қоғамда аудармаға әр түрлі ақындардың таңдалатыны
сондықтан.  Жаңалықтар да көбіне қоғамдық сұраныс соны қажет еткен кезде
жасалады. Бұл мәселенің тағы бір қыры мынада. Аударылатын туынды ұлт
әдебиетіне қажет болуға тиіс. Өзіңде бар нәрсені өзгеден іздемейсің. Демек,
аудармашы таланты оның қоғамдық сұранысты сергек сезінуінен, оқырманның
нені қажет ететінін дәл болжай білуінен де көрінеді.
Бүгінде бүкіләлемдік бәсеке қалыпты жайға айналды. Елдер бәсекесі тілдер
бәсекесіне қозғау салмай қоймайды. Қазақ тілінің сол бәсекеде шыдас беруі
үшін оның мол мүмкіндігін дәйім дәлелдеп отыру қажет. Мұның бір жолы –
көркем аударма. Бүкіл әлем кітаптан бетін әрі бұрып бара жатқан мына
заманда бізде бөлекше құбылыс бой көрсете қалады екен деп үміт етудің  жөні
жоқ. Ендігі жерде Мұхтар Әуезов айтатын әдебиет әдебиет үшін деген талапты
да еске алған артық емес. Бұл ең алдымен тіл өнерінің аударма саласында
байқалса тіпті жақсы. Қазіргі аудармалар ең алдымен қазақ тілінің қамы,
болашағы үшін жасалуы керек. Аударма кітаптар арқылы қазақ оқырманы
мемлекеттік тілдің мүмкіндігін нақты көретіндей болуға тиіс. 

1.2 Аударма теориясының обьектісі мен міндеті

Аударма теориясының обьектісі – аударма, ал міндеті – аударма
практикасында өмір сүріп отырған әртүрлі құбылыстарды реттеп, сұрыптап
жинақтай отырып, оларды практикаға жетекшілік ете алатын теория деңгейіне
көтеру.[1] Ал, аудармашылар болса, осы теория негізінде, практика барысында
кездесетін әр түрлі нақтылы мәселелерді жан-жақты дұрыс шешуі қажет.
Аударма теориясы үздіксіз кемелденіп отырады. Түп-төркіні аударма
практикасынан келіп шыққан аударма теориясы процесіне жетекшілік ету
барысында тағы да үздіксіз жетіліп, толықтанып, дамып отырады. Бүгінге
дейінгі аударма теориясының жетіп отырған деңгейінің дәуірлік шектемелігі
бар деуіміз де сондықтан, Аударма дегеніміз екі тілге қатысты әрекет
болғандықтан аударма теориясын зерттеу жұмысы да сол тілдердің тұлғасына
тығыз байланысты болады. Екі тілдің лексикалық, грамматикалық,
стилистикалық ерекшеліктерін қатар қарастырады. Сол себепті де, аударма
теориясының міндеттерін мынадай түйіндерге жинақтап көрсетуге болады: 1)
Тіл ғылымын негізге ала отырып, түпнұсқаны лексика, грамматика, стилистика,
логика жақтарынан салыстыра зерттеп, екі тілдегі ұқсастықтары мен
ерекшеліктерін тауып шығып, оларды терең зерттеп, аудару тәсілін жан-жақты
қарастыру; 2) Осындай салыстыру принципі негізінде аударма практикасында
кезіккен алуан түрлі мәселелерге жан-жақтылы талдау жүргізіп, дұрыс
қорытынды шығарып, оларды бейнелеу тәсілін қарастыруды негіз ету; 3)
теорияның практикаға жетекшілік ету рөлін нұрландырып, аударма нұсқасында
әділ баға беріп, аударма сапасын үздіксіз жоғарылату.

1.3 Көркем аударма – әдеби шығармашылық

          Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге
аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы.  Көркем
аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл
аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Жоғарғы көркемдік
сападағы аударма – ұлт мәдениетін өркендетумен қатар, әдебиеттің дамуына
өлшеусіз ықпал етеді, ұлттық тілді байытады, өзге халық туралы таным-
түсінікті кеңейтеді. Көркем аударма бұл – автор талантымен бәсекеге түсу,
көркем шығармашылықты меңгерудің, қабылдап танудың, бағалаудың жарқын
үлгісі, ой мен ойдың, сөз бен сөздің сезімталдық сипатындағы сайысы. Бұл
үлкен шығармашылық өнер ғана емес, ұлт әдебиеті мен автор шығармашылығы
алдындағы маңызды сын. Аудармаға да қатаң талаптар талғаммен қараған дұрыс.
Оқырманды тарататын, қызықтыратын туынды кезек күттірмеуі керек. Аударма
жетілдірілген сайын ол соншалықты күшті әрі маңызды, ал көбейген сайын ол
соншалықты бір ұлттың дәстүрі екіншісімен терең ұштасады, әдебиеттердің
өзара ықпалдастық процесі пәрменді жүреді. Әдеби ортада аударма жеке
авторға ықпал ету, жаңа шығармашылық процесс қатынасында жалғасады. Ұлт
талантына құрмет, ұлтқа қызмет ету, бір халықтың ұлттық мұрасын өз елінің
игілігіне айналдыру жолында аянбай, талмай еңбек еткен аудармашылық
шығармашылық қай кезеңде болмасын биік бағаланды. Бір тілден екінші тілге
поэзиялық және прозалық шығармалар, публицистикалық мақалалар, ғылыми
әдебиеттер, ресми іс қағаздар, саяси және қоғам қайраткерлерінің,
шешендердің сөйлеген сөздері, кинофильмдер аударылады; әр түрлі тілде
сөйлейтін адамдар тіл табысу үшін аудармашылардың көмегін қажет етеді.
Бірақ, біз осылардың ішінен көркем әдебиет саласындағы аудармаларды сөз
еткелі отырмыз. Аудармашылардың өздері де көркем аударма ұғымына нақты
анықтама беруге қиналады. Кейбір әдебиетшілер аударма-түпнұсқаға
негізделіп, түпнұсқаның басқа тілдегі көшірмесі болу керек деген пікір
айтады. Басқаша айтқанда, аударма түпнұсқаға толық сәйкес болу керек. Бұл
арада сәйкестік деген ұғымға тоқталу керек деп ойлаймыз. Егер бір шығарма
екі түрлі тілде, екі түрлі мәдени-тарихи жағдайда өмір сүрсе, онда
сәйкестік тек шартты түрде ғана болмақ. Осындай тұжырымды белгілі армян
сыншысы Левон Мкртчян айтқан: Если одно и тоже произведение существует на
двух разных языках, в контексте разных культур, то о полном соответствии
можно говорит лишь в определенном смысле. Даже наиточнейший перевод не
может во всем совпадать с оригиналом, быть абсолютно точным. Перевод и не
должен полностью повторять оригинал — искусству противопоказаны
повторения. Аударма дегеніміз – бір тілде ауызша айтылған ой – пікірді,
болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде, яғни оның ана
тілінде түсінікті етіп жеткізу. Ал, әдеби немесе көркем аударма дегеніміз –
бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен
оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін
мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде аудармадағы ең қиын –
лингвистикалық ерекшелік емес, ал түпнұсқасының көркемдік жағын дұрыс
жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын,
позициясын және стилін нақты, дәл көрсете білуі. Көркем аударманың бүгінгі
әдеби процестегі алатын орны үлкен. Аударма – жалпы әдеби үрдістің кең
арналы саласы. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан
басқа халықтың өкілдері де сусындай алады. Толық мағынадағы аударма қалай
да түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Әрине, шығарманың мәтінін бастан – аяқ
тәржімалау мүмкін емес. Әсіресе, поэзиялық шығармалардың аудармаларында
кейбір еркіндіктер болмай қоймайды. Оның себебі де бар – әр тілде
қалыптасқан сөз қолдану тәсілдері ерекше болып келеді. Сондықтан, бейнелі
сөздерді көшіріп, сол түпнұсқадағы қалпын сақтап жеткізу мүмкін емес. Басқа
тілде айтылған ойдың жалпы мағынасын жеткізуден гөрі, сол әдебиетке тән
көркемдік ойлау, бейнелеп сөйлеу, сөз қолдану өзгешеліктерін дәл келтіру
әлдеқайда қиын. Ал, онсыз көркемдік ой – сезімнің әсерлілігі де толымды
болмайды. Көркем аударма процесінің нәтижесінде түпнұсқаның мазмұны мен
пішіні арасындағы бірлік пен тұтастықтың сақталуының маңызы жоғары.
Түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы байланыс, келісім мен жарасым
аудармада сақталмаған жағдайда әдеби шығарманың көркемдік табиғаты,
автордың шығармашылық даралығы мүлде бұрмаланып, түпнұсқа бір басқа,
аударма бір басқа – екеуі екі бөлек туынды болып шығады. Мұндай жағдайда
аудармадан түпнұсқаның мазмұны да, көркемдік – бейнелеу ерекшеліктерін де
табу қиынға түседі. Ал, көркем аудармада түпнұсқаның мазмұны мен пішінін
дәл жеткізу немесе біршама дәл жеткізу аударма ісіндегі ең бір қиын,
күрделі әрі аудармашы шығармашылығының мағынасы мен мәнін анықтайтын
айрықша маңызды көрсеткіш болып табылады. Бір ұлттық тілде жазылған көркем
шығарманы екінші бір ұлттық тілдің көркемдік бейнелеу құралдары арқылы
қайта жасау, аудару оңай емес. Ал, түпнұсқа белгілі бір ұлттың ұлы ақынының
шығармасы болса, оның ұлттық сипаты барынша анық, беделді болса, онда оны
өзге тілге аудару аудармашыдан үлкен жауапкершілікті ғана емес, сонымен
қатар, үлкен талантты талап етеді. Аудармашы таланты – айрықша талант. Ол
өз тілінің айшығы мен ажарын, көркемдік бейнелеу мүмкіншілігін,
бейнелілігін еркін меңгерген дарынды ақын болумен бірге, түпнұсқаның
мазмұны мен мәнін, тіл байлығын, ұлттық бояуын жете білетін шебер маман
дәрежесіне көтерілуі шарт. Сонда ғана ол аудармашы ретінде түпнұсқаның
мазмұны мен пішінін толық игеріп, өз аудармасында олардың арасындағы
байланысты, келісім мен жарасымды, тұтастықты сақтауға мүмкіндік табады.
Көркемдік қабылдауды психологиялық тұрғыдан зерттеудің талабына сай келетін
– көркем мәтінді сатылап талдау әдісі болып табылады. Неміс философы Н.
Гартман көркем шығарманы сатылап талдай отыра, онда тілдік құрылым
қабатын, кейіпкердің іс – әрекеті қабатын, характерлер қабатын және идеялық
мазмұн қабатын көрсетеді.[2] Поляк эстетигі Р. Ингарден де поэтикалық
шығарманы сөздің дыбысталу қабатынан, сөздердің көптексттегі беретін
мағынасы қабатынан, заттық қабаттан (шығармадығы көрсетілген заттық
болмыс), көріністер қабатынан , көркем мәтіндегі астарлы ой және сезімдік
– элюционалдық көріністер қабатынан тұратынын көрсеткен.[3] Қорытындылай
келе көркем аударма проблемалары күн тәртібінен түспейтін, шешілуінің ұшы
қиыры көрінбейтін түбегейлі проблемалардың бірі деп айта аламыз. Әдеби
аударма халықтардың бірін – бірі тануына, рухани жағынан жақындасып,
туыстасуына айтулы көмек көрсететіні белгілі. Көркем аударма жекелеген
қалам қайраткерлерінің ғана емес, бүкіл бір елдің әдебиетіне әсерін
тигізеді. Әдебиет тарихында бір жазушының шығармаларына әр кезде әр түрлі
аудармашылар ілтипат білдіреді. Осының нәтижесінде бір туындының бірнеше
аудармасы сақталады. Олардың ішінде сәттісі де, сәтсізі де ұшырасуы мүмкін.
Тәржіменің ғажап қасиетін мынадан білуге болады. Адам ойы деген атқан
оқтай түзу, төселген тақтайдай тегіс нәрсе емес. Бір ойдың өзі бір тілде
қағазға түскенде бар қырын бірден аша салмайды, бәлкім, тіпті аша алмайды.
Әлем әдебиетінің айналымына түскен туындылар сан түрлі тілдерге аударыла-
аударыла жүріп, мәтіннің қатпар-қолтарыстарындағы астар, емеуріндер табыла
беруі де мүмкін. Тіпті бір ойдың төл тілдегі көмкерілген түрінен гөрі басқа
тілдегі көмкерілген түрі сәттірек болып шығуы да ғажап емес. Олай болмаған
күнде де әр аударма сайын қайта бағамдалудың өзі шығарманың бойына
жасырылған жұмбақты шешуге, көркемдік кестелерін жаңаша жайып көрсетуге
көмектесетіндігі анық. Аудармаларды оқу, салыстыру, зерттеу арқылы біз
түпнұсқаның өз бойындағы қасиеттерге ерекше, тың көзбен қараймыз, жаңаша
бағалаймыз, оның соны қырларын, бұрын байқамаған бояуларын ашамыз. Мәтінге
қайта-қайта үңіле жүріп, түпнұсқаны оқыған тұстағыдан да гөрі зеректік
танытамыз. Сол әдебиет нұсқасы жасалған елдердің өкілдері де біздің
ақынымыз немесе жазушымыз қалай аударылып жатыр екен өзі, деңгей-дәрежесі
төмендемей жеткен бе деп салыстыру арқылы да туған әдебиетінің қазыналарына
бұрынғыдан ұсынықтылау қарай бастайды.
Әдебиетте көп нәрсе шартты. Өлшемдер өзгермелі. Талғам туралы таласпайды.
Өнерге нөмір жүрмейді. Әйтсе де, сөз ұстаған ұлылардың қайсысы әлем
әдебиетіне көбірек ықпал жасады, оның адамзат өркениетіндегі алар орны
қандай дегенде алдымен айтылатын бір өлшем бар: ол – шығармаларының қанша
тілге аударылғандығы. Тәржіменің саны талантқа ең әділ таразы бола
бермейтіні рас.
Мәдениеттердің үнқатысуы аудармасыз жүзеге аспайтыны әр аударма
түпнұсқаның жаңа байыптамасы болатындықтан ғана емес, мәселе әр аударма
түпмәтінге жаңа өлшем алып келетіндігінде. М.Бахтин былай деген: “Өзге
мәдениет басқа мәдениеттің көзімен қараған кезде ғана өзін толығырақ,
тереңірек таныта алады... Бір мағына екінші, басқа мағынамен бетпе-бет
келгенде өзінің терең сырын ашады: олардың арасында сол мәдениеттердің
томаға-тұйықтығы мен біржақтылығын еңсеретін үнқатысу басталғандай
болады”.[4]

1.4 Көркем аударманың алғашқы үлгілері

Төл әдебиетіміздің өзіндік ерекшелігін ескере келіп, ауызша тарап жеткен
көркем сөз мұраларымызды әдебиетіміздің тарихына жатқызамыз. Сондықтан
ауызша жеткен аудармаларды аударма тарихына жатқызудың жайын ойластыру
керек болады. “Әртүрлі тілдерде сөйлейтін халықтардың арасындағы алғашқы
байланыс ауызша болғанына күмән жоқ. Тегінде, аударма ұзақ уақыт бойы
қағазға түспей келсе керек. Бізде ауызша аударма кезеңінен қалған ешқандай
белгі жоқ. Алайда, тарихи мәліметтер, сондай-ақ халықтар арасындағы әрқилы
байланыстардың есте жоқ ерте замандардан келе жатқанын пайымдау ауызша
аударма жазу шыққанға дейін болған деп болжауға мүмкіндік береді”. [5]

1.5 Аударманың шарттары мен түрлері

Қазақ тәржіме өнерінде өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап бой
көрсеткен бейімдеп аудару тәсіліне назар аударылады. Еркін аударманың
алғашқы ретінде белден басып кете берудің мысалдары бізде де кездескені
көрсетіледі. Ұлттық сөз өнеріндегі тырнақалды тәржімелер болғандықтан,
оларда түпнұсқаның өлең өлшемі де, сөз саптауы да, тіпті көлемі де өзгеріп
кетіп отырады, бірақ, аудармашы шығарманың айтар ойын дәл ұстайды, сөз
түйінін де дәл табады. Жалпы, еркін аударманың ерекшелігі де алдымен
авторды өз қалпынша қайта сөйлетуге емес, оның айтар ойын жеткізуге күш
салатындығында. Дегенмен, әр нәрсенің өз жөні бар.  Шығармашылықта
еркіндіксіз болмайды. Аудармашының еркінсіп кетуі – ерсілік. Бәрі өлшеміне
байланысты.
 Еңбекте көп назар аударылған тақырыптың бірі – қазақ поэзия
аудармасындағы әдіс-тәсілдердің эволюциясы. Қазақ аудармасы да негізінен
еркін аудармадан басталған. Ұлттық сөз өнеріндегі тырнақалды тәржімелер
болғандықтан, оларда түпнұсқаның өлең өлшемі де, сөз саптауы да, тіпті
көлемі де өзгеріп кетіп отырады, бірақ, аудармашы шығарманың айтар ойын дәл
ұстайды, сөз түйінін де дәл табады. Жалпы, еркін аударманың ерекшелігі де
алдымен авторды өз қалпынша қайта сөйлетуге емес, оның айтар ойын ғана
жеткізуге күш салатындығында.            Еркін аудармадан әріпшіл, яғни
сөзбе-сөз аудармаға көшкен кезеңді толықтай кері кету деп санау жөнсіз.
Әріпшіл аударма болмаса еркін аудармадан барабар аудармаға бірден секіріп
өту мүмкін де емес еді. Осы арқылы өзге тілдегі туындыларға абайлап,
ықтияттап қарауға көшу рецепцияның жаңа белесінің көрінісіне айналды.
Саймасай аударманың жиырмасыншы ғасырда біржола орнығуына адамзат санасына
нақтылықтың біржола кірігуі де үлкен себепкер болды. Қай салада да ғылыми
дәлдік, қай тақырыпта да ауа жайылмай сөйлеу талап етілетін жаңа заман
аударма өнеріне де өзіндік ықпалын тигізбей қоймады.
Эволюциялық тұрғыдан барабар (адекватты) аударма ең жоғары сатыда тұрғаны
дәлелденеді. Барабар аудармада түпнұсқаның ерекшеліктері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма түсінігі
Поэтикалық аудармаға түсінік
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті және аударма саласының дамуы мен зерттелуі
Өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы
Аударма жайлы
Ауызша және жазбаша аудармада грамматикалық және лексикалық тәсілдер
Қазақ әдебиетінде аударманың қалыптасуы
Қазақ авторлары шығармаларын аударудың стилистикалық мәселелері
Мұхтар Әуезовтің аудармадағы еңбегі мен оның осы салаға қатысты ой-пікірлері
Аударма
Пәндер