Поэзиялық шығармаларды аудару
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І БӨЛІМ. КӨРКЕМ АУДАРМА ТҮСІНІГІ
1.1 Көркем аударма мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Көркем шығармаларды қазақ тіліне аударудың кейбір лексикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
ІІ БӨЛІМ. ПОЭЗИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ АУДАРУ
2.1 Поэзия ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Поэзия аудармасының маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.3 Поэзия лық шығарма аудармасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.4 Поэтикалық мәтіндерді аудару барысында кездесетін қиындықтар ... ... ... ... .22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... .27

КІРІСПЕ
Көркем аударма - көркем әдебиет шығармаларын, яғни негізгі қызметі оқырманға көркемдік-эстетикалық әсер ету болып табылатын мәтіндерді аудару. Бұл процестің өтуі барысында аудармашының мүмкіндігі шексіз; ол екінші тілде жасалған мәтінді өңдеп, реттей алады. Поэзия аудармасы дегеніміз – бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде аудармадағы ең қиын нәрсе – лингвистикалық ерекшелігі емес, ол түпнұсқасының көркемдік жағын дұрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және стилін нақты, дәл көрсете білуі. Поэзия аудармасының бүгінгі әдеби процестегі алатын орны үлкен.
Жақсы аударылған көркем аударма – сол тілдегі төл шығармалармен бірге өсіп, жымы білінбей біте қайнап сабақтасып кетеді. Ел мен елді таныстырады, жақындастырады, ұлттық мәдениетті байытады. Мұнда автор мен аудармашы өнер жарысына түседі, тіл мен тіл жарысқа түседі. Бұл ел мен елдің өнер жарысы. Демек, аударма шығармалар ұлттың ұлылығын, елінің елдігін дәлелдеудің бір жолы.
Зерттеудің өзектілігі. Зерттеудің өзектілігі, біріншіден, Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық қарым-қатынастар жүйесінің жаңа деңгейіне ауысуымен, екіншіден, жаһандану үдерісінің бүкіл әлемді қамтыған ауқымына орай аударманың біздің өмірімізде алар орны алдағы кезеңде айрықша арта түсетіндігімен байланысты.
Қазақ поэзия аудармасының арғы-бергідегі жүріп өткен жолын, бел-белестерін бажайлау, ізденістері мен іркілістерін саралау – ұлттың көркемдік ойының бүгінгі биігін бағамдаудың, алда алар асуларын белгілеудің бір жолы. Бұл жолға талдау жасау арқылы тәржіменің халқымыз тарихында қандайлық қомақты орын алғанын ғана емес, сонымен бірге келешек замандарда атқарар рөлінің де бөлекше болатынын көрсете аламыз.
Бүгінгі таңда аударма қазақ тіліне әлем әдебиетінің ең шоқтықты шығармаларын төгілте түсіру арқылы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асыруға ықпал жасай алады. Қазақ поэзия аудармасының мұндай кемелдікке келу кезеңдерін теориялық тұрғыдан тұжырымдай талдау оның келешектегі көркемдік көкжиегін кеңейту жолдарын қарастыруға септесетін болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Аударма – лингвистика заңдылық-тарына арқа сүйеу арқылы тіларалық коммуникация міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше түрі. Көркем аударманың жемісі ретінде зерттеу қарастыратын поэзиялық аударма – алдымен әдебиеттану нысаны. Поэзия аудармасының қазақ әдебиеті үшін маңызын анықтау және аудару жолдарын іздестіру.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленді:
– аударманың теориялық ой-қисындарын жинақтай көрсету;
– өлең аудармасының өзіндік ерекшеліктерін таныту;
– қазақ поэзия аудармасының даму кезеңдерін белгілеу;
– поэзия аудармасының эволюциялық жолын зерттеу;
– аударманың тілді байыту тәсілдерін талдау;
– аударманың төл әдебиетке ықпалын анықтау;
– аударманың әдіс-тәсілдерін сипаттау;
– аударма тағылымдарын қорытындылау.
Құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе бөлімнен, екі негізгі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде көркем аударма түсінігі және оның түрлері туралы айтылады. Екінші бөлімде поэзия аудармасы мәселелері қарастырылған.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Алексеева И. С. Профессиональное обучение переводчика. Санкт-Петербург, 2001.
2. Бархударов Л.С. Язык и перевод. Москва, 1964
3. Бреус Е.В. Основы теории и практики перевода с русского языка на английский.- М.,1998
4. Влахов С., Флорин С. Непереводимое в переводе. — М., 1980
5. Казакова Т.А. Translation Techniques Практические основы перевода.- «Союз», С.-П., 2002
6. Комиссаров В.Н. Теория перевода (лингвистические аспекты) — М., 1990

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. КӨРКЕМ АУДАРМА ТҮСІНІГІ
1.1 Көркем аударма мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Көркем шығармаларды қазақ тіліне аударудың кейбір лексикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
ІІ БӨЛІМ. ПОЭЗИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ АУДАРУ
2.1 Поэзия ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Поэзия аудармасының маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..17
2.3 Поэзия лық шығарма аудармасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..19
2.4 Поэтикалық мәтіндерді аудару барысында кездесетін қиындықтар ... ... ... ... .22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... 27
КІРІСПЕ
Көркем аударма - көркем әдебиет шығармаларын, яғни негізгі қызметі оқырманға көркемдік-эстетикалық әсер ету болып табылатын мәтіндерді аудару. Бұл процестің өтуі барысында аудармашының мүмкіндігі шексіз; ол екінші тілде жасалған мәтінді өңдеп, реттей алады. Поэзия аудармасы дегеніміз - бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде аудармадағы ең қиын нәрсе - лингвистикалық ерекшелігі емес, ол түпнұсқасының көркемдік жағын дұрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және стилін нақты, дәл көрсете білуі. Поэзия аудармасының бүгінгі әдеби процестегі алатын орны үлкен.
Жақсы аударылған көркем аударма - сол тілдегі төл шығармалармен бірге өсіп, жымы білінбей біте қайнап сабақтасып кетеді. Ел мен елді таныстырады, жақындастырады, ұлттық мәдениетті байытады. Мұнда автор мен аудармашы өнер жарысына түседі, тіл мен тіл жарысқа түседі. Бұл ел мен елдің өнер жарысы. Демек, аударма шығармалар ұлттың ұлылығын, елінің елдігін дәлелдеудің бір жолы.
Зерттеудің өзектілігі. Зерттеудің өзектілігі, біріншіден, Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық қарым-қатынастар жүйесінің жаңа деңгейіне ауысуымен, екіншіден, жаһандану үдерісінің бүкіл әлемді қамтыған ауқымына орай аударманың біздің өмірімізде алар орны алдағы кезеңде айрықша арта түсетіндігімен байланысты.
Қазақ поэзия аудармасының арғы-бергідегі жүріп өткен жолын, бел-белестерін бажайлау, ізденістері мен іркілістерін саралау - ұлттың көркемдік ойының бүгінгі биігін бағамдаудың, алда алар асуларын белгілеудің бір жолы. Бұл жолға талдау жасау арқылы тәржіменің халқымыз тарихында қандайлық қомақты орын алғанын ғана емес, сонымен бірге келешек замандарда атқарар рөлінің де бөлекше болатынын көрсете аламыз.
Бүгінгі таңда аударма қазақ тіліне әлем әдебиетінің ең шоқтықты шығармаларын төгілте түсіру арқылы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асыруға ықпал жасай алады. Қазақ поэзия аудармасының мұндай кемелдікке келу кезеңдерін теориялық тұрғыдан тұжырымдай талдау оның келешектегі көркемдік көкжиегін кеңейту жолдарын қарастыруға септесетін болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Аударма - лингвистика заңдылық - тарына арқа сүйеу арқылы тіларалық коммуникация міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше түрі. Көркем аударманың жемісі ретінде зерттеу қарастыратын поэзиялық аударма - алдымен әдебиеттану нысаны. Поэзия аудармасының қазақ әдебиеті үшін маңызын анықтау және аудару жолдарын іздестіру.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленді:
- аударманың теориялық ой-қисындарын жинақтай көрсету;
- өлең аудармасының өзіндік ерекшеліктерін таныту;
- қазақ поэзия аудармасының даму кезеңдерін белгілеу;
- поэзия аудармасының эволюциялық жолын зерттеу;
- аударманың тілді байыту тәсілдерін талдау;
- аударманың төл әдебиетке ықпалын анықтау;
- аударманың әдіс-тәсілдерін сипаттау;
- аударма тағылымдарын қорытындылау.
Құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе бөлімнен, екі негізгі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде көркем аударма түсінігі және оның түрлері туралы айтылады. Екінші бөлімде поэзия аудармасы мәселелері қарастырылған.
І БӨЛІМ. КӨРКЕМ АУДАРМА ТҮСІНІГІ
1.1 Көркем аударма мәселелері
Көркем шығарма аудармасын көркем аударма деп атаймыз. Көркем шығарманың басты мақсаты белгілі бір эстетикалық әсерге жету және әдеби бейне жасау.
Көркем аударманың бірнеше түрі бар. Олар поэзия аудармасы, пьеса аудармасы, сатира аудармасы, көркем проза аудармасы және ән мәтіндерінің аудармасы болып ажыратылады.
Көркем аударма нысаны болып көркем шығарма саналады. Көркем шығарманы немесе әдебиетті аудару кезінде аудармашы бірқатар қиыншылықтарға тап болады. Көркем шығарма мәтіні экспрессивті немесе эмоциональді, эстетикалық ақпарат беретін құрал болғандықтан, оның оқырманға немесе тыңдарманға образды-эмоциональді әсер ететін ерекшелігі бар. Сол себепті, аударманың бұл түріне және көркем аударма жасаушыға қойылатын талаптар өте ауыр. Әдеби шығарманы аударғанда, әсіресе өлең жолдарын аударуда, оның ырғағы мен мағынасын бере отырып аудару керек. Сонымен бірге, аудармашы эпитет, метафора сияқты тәсілдерді пайдалана білуі керек.
Аударма мәдениетінің бүкіл даму жолы, әдеби тіліміздің өсіп-өркендеуі, бүгінгі өміріміздің нақтылы талаптары бізді қазіргі уақытта реалистік дәл аудармаға қарай бет бұрғызды. Біз көркем аудармада негізінен осы әдісті қолдаймыз. Реалистік немесе шынайылық тұрғысынан дәл аударма дегеніміздің мәнісі неде? Бұның жауабын, ең алдымен, жалпы көркем шығармаға қойылатын талаптарға байланысты іздеуіміз керек. Әрбір көркем шығармадан өмірді реалистік тұрғыдан ұғынып, шынайы түрде дәл бейнелеу талап етіледі. Шын мәнісіндегі көркем шығарма дегеніміз, өмір шындығының образды түрде бейнеленген нақты көрінісі. Көркем аударманы біз, ең алдымен, көркем шығарма деп білеміз. Олай болса, көркем аударма туындысы да сол шығармада суреттелген нақты өмір көріністерін түпнұсқаның тілі арқылы реалистік тұрғыдан терең ұғып, өткір сезіне отырып, екінші тілдің образдық жүйесімен бейнелеп берген нұсқасы. Демек, көркем аударманың да алдына қойылатын ең басты талап- өмір шындығынан дәл шығып отыру.
Аудармашы өмір шындығын көргенде оған түпнұсқа арқылы қарайды және автордың көзімен қарайды. Аудармашының алдына қойылатын үш түрлі талап бар. Біріншіден, ол шығармада бейнеленіп отырған өмір шындығын дәл беруі керек. Екіншіден, түпнұсқаның өзін айнытпай жеткізуі тиіс. Үшіншіден, ана тілінің заңды жүйесіне ешқандай нұқсан келтірмеуі тиіс.
Көркем аударма жасау үшін аудармашы әдетте эпитет (әсірелеп суреттеу), метафора (ауыспалы мағына) және сөйлемнің ритмика семантикалық ерекшеліктерін, синтаксистік құрылымын қамтитын түрлі тілдік тәсілдердің орасан зор мөлшерін пайдалана алады. Көркем аударманы қабылдаушыға жоғары деңгейде жеткізу мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Эпитеттер. Олардың құрылымдық және семантикалық ерекшеліктерін, тұлғалану деңгейлерін есепке ала отырып аудару.
Теңеулер. Құрылымдық ерекшеліктерін оған қатысты сөздердің стилистикалық бояуын есепке ала отырып аудару кезінде қолданылады.
Метафора. Құрылымдық сипаттаманы образды дүние мен заттық дүние арасындағы мағыналық қатынасты есепке ала отырып аудару.
Авторлық неологизмдер. Стилистикалық бояу мен сөздердің компоненттерінің семантикасын сақтай отырып, автор қолданған аударма тіліндегі сөз жасаушы үлгіге сәйкес келетін қоолданыстар.
Диалектизмдер. Әдетте жай лексикамен аударылады. Жаргонизмдер, аргонизмдер, тағы басқаларын аударуда түпнұсқадағы стилистикалық аударылу түрін сақтайды.
Көркем мәтін- белгілі бір уақытта дүниеге келген, өмір сүрген және өзін тудырған дәуірдің белгілі бір құндылықтарын бойына сіңірген шығармашылық. Ол индивидтің (оны дүниеге келтіруші, яғни жеке автор) қолтаңбасы бар дүние болғандықтан, аудармашыға негізгі үш проблемамен бетпе-бет келуіне тура келеді. 1.Мәтіннің мезгілдік ара-қатынастарын, ерекшеліктерін беру. 2.Автордың жеке стилін жеткізу. 3.Әдеби бағыттың негізгі ерекшеліктерін ашып көрсету.
Бұрынғы кезде Мәтіннің архаикалық ерекшеліктері аудармада сол күйінде берілуі керек пе, әлде ол модернизациялануы керек пе? деген сұрақ үнемі талас тудыратын. Аударманың қазіргі заманғы техникасы модернизациялануды мойындамайды және бұл пікір әсер ету теңдігі логикасына негізделген. Яғни, шығарманың түпнұсқасын осы заманғы оқырман оқыған кезде алған әсері мен аударма вариантын оқыған кездегі осы заманғы оқырманның алған әсерлері бір-біріне тең болуы керек. Қазіргі заманғы аударма оқырманға мәтіннің өткен ғасырда жазылғаны туралы ақпарат береді және түрлі көркемдік әдіс-тәсілдердің көмегімен оқиға мәтінінің қаншалықты ескі екенін көрсетуге тырысады. Мезгілдік колоритті беру процесіне шығармалардың формасы, мазмұны қатысады. Аудармашы мазмұн құрылымына тиіспейді, ал оны рәсімдеу формасы түгелімен аудармашының еркінде болады. Синтаксистік құрылымның ерекшеліктері белгілі бір дәуірдің негізгі белгілері, жаңалықтары жайлы хабар беру кезінде байқалады. Аталмыш ерекшеліктер уақытты толығымен сипаттаушы әдіс-тәсілдер болып табылмайды, олар ең алдымен әдеби ағыммен байланысты болады.
Дәуір тікелей алғанда, мәтіннің тілдік тарихи ерекшеліктерімен сипатталады. Уақыттық қашықтықты жасау үшін қажетті негізгі шарттардың бірі аударма лексикасында модернизмдердің қолданылмауы, яғни, аударма мәтінінде түпнұсқа жасалған дәуірде қолданылмаған сөздерден аулақ болу қажет. Өйткені, өткен дәуірлер әдебиеті автордың нақты бір әдеби ағымға жататындығымен ерекшеленеді. Мысалы: сентиментализм, романтизм, реннесанс, натурализм, реализм, эмпрессионализм, экспрессионизм және т.б. әдеби ағымның идеологиясына, әдебиеттердің дамуының белгілі бір кезеңдеріне байланысты болатын көркем шығарманы қабылдау ерекшеліктерімен тығыз қарым-қатынаста болу жатады. Мәселен, романтизм дәуіріне персонификациялаушы метафоралардың, түр-түс символикасының, проза ритмдерінің прозадағы еліктеуіне одағайлардың жиі қолданылуы, лексиканың тұрақты қоры болып саналатын романтикалық сөздіктердің болуы мысал бола алады. Аталмыш ерекшеліктерді тауып, жақсы аударма жасау үшін, аудармашыға ең алдымен түпнұсқа жазылған дәуір әдебиетінің ерекшеліктері жайлы ғылыми зерттеулермен танысып, сол дәуірде жазылған басқа авторлардың еңбектеріне шолу жасауы қажет. Көркем аударма кезінде ең қиындық тудыратын нәрсе - автордың жеке стилін беру. Олар аудармашыға стилистикалық тәсілдерге талдау жасау нәтижесінде белгілі болатын, автор стилінің ерекшеліктерін анықтайтын гармониялық синтездің үлгісін бере алады. Әдетте, аналогтың жақындық белгілі бір дәуірге жататын авторлар шығармаларының арасындағы ұқсастық пен белгілі бір әдеби ағымның өкілдері болмауымен сипатталады.
Жоғарыда атап өткендей, көркем мәтін өзі дүниеге келген дәуірдің құндылығы болып табылады. Әр кезеңдерде және әр түрлі мәдениетте аударма туралы әр түрлі түсініктер орын алады. Сондықтан да барлық заманға сай аударма да өте аз. Сирек жағдайға, Н.И.Гнедичтің Иллиада аудармасы жатады. Бұл шығармадан басқа да түрлі аудармалардан біз, әдетте, аударманың қаншалықты алуан түрлі болатынын көре аламыз. Кейбіреулер кез-келген аударманы, сонымен бірге, көркем аударманы да бір тілде берілген шығарманы басқа бір тілмен жеткізу құралы деп санайды. Дегенмен, көркем аударма тек қана лексикалық және синтаксистік сәйкестікпен ғана емес, тілге қатысты көркемдік байланыстар арқылы аударылуы керек. Осыған байланысты көркем аудармада екі қағида арасында серпіліс пайда болды. 1.Сөзбе-сөз, нақты. Бірақ, көркемдік жағынан толық емес аударма. 2.Көркемдік жағынан толық, бірақ түпнұсқадан мағынасы алшақ, еркін аударма. Бұл екі принцип негізгі екі көзқараста орын тапқан: аударманы лингвистикалық жағынан анықтау және әдебиеттану жағынан анықтау.
Лингвистикалық аударма принципі алдымен түпнұсқа құрылысын қайта құруға мән береді. Сөзбе-сөз аудару барысында аударма тілінде синтаксистік ауытқулар болады. Осы кезде мәтін мағынасы мен құрамы өзгеріске ұшырайды: автордың ойы түсінікті, бірақ оны жеткізу формасы тілге бөтен болады. Сөзбе-сөз нақты аударма түпнұсқаның эмоциональді әсерін әрдайым бере алмайды. Сол себепті, сөзбе- сөз дәлдік пен көркемдік бір-бірімен қарама-қайшылықта болады. Осыған орай, аудару барысында тілдік қор мен тіл материалдарына сүйенеміз.
Американ филологы Т.Сэвори Аударма өнері атты кітабында төмендегідей қарама-қайшы талаптарды қозғаған.
А.Аударма түпнұсқа сөздерін беруі керек.
В.Аударма түпнұсқа ойын беруі керек.
А.Аударма- аударма болып оқылуы керек.
В.Аударма түпнұсқа сияқты оқылуы керек.
(оқырман оның аударма екенін білмеу керек)
А.Аударма түпнұсқа стилін көрсету керек.
В.Аударма аудармашы стилін көрсетуі керек.
А.Өлеңді проза түрінде аудару керек.
В.Өлеңді өлең түрінде аудару керек.
А.Аудармашы аудару барысында түпнұсқа мәтініне өз еркімен бір нәрсе қосып немесе алып тастауға құқығы жоқ.
В.Аудармашы түпнұсқа мәтініне өз еркімен бір нәрсе қосып немесе алып тастауға құқылы.
Қарап отырсаңыз, В тезисінің талаптарының орындалуы еркін аудармаға, А тезисінің талаптарының орындалуы сөзбе- сөз, нақты аудармаға әкеліп соғады.
Жалпы аударма процесі де тілдің тілдік заңдылықтарына, олардың бір-бірімен байланысына сүйенуі керек. Тіл заңдылықтарына сүйену аудармаға қажет. Бірақ, көркем аударма тек тілдік қатынастардың нәтижесі емес. Зерттеушілер тілді көркем әдебиет материалы деп біледі, көркем аударма да түпнұсқа сияқты оның заңдылықтарына зор мән береді. Кей ғалымдар көркем аударманы лингвистикалық емес, әдебиеттану көзқарасы бойынша сөз өнерінің бір түрі деп біледі және қарастырады. Осы теорияға сүйеніп, аудармашы түпнұсқа идеясын негізге алады. Сосын тілдің көмекші тәсілдері арқылы ойын пайымдап жеткізеді.
Көркем аудармада маңызды, мағыналы элементтер мен ерекшеліктер нақты жеткізілуі мүмкін емес. Кез келген аудармада міндетті түрде мына жағдайлар орын алады:
* Материалдың белгілі бір бөлігі қалыпқа келмей, алынып тасталынады.
* Материалдың белгілі бір бөлігі дәл сол күйінде емес, басқаша етіп, эквиваленттер арқылы ауыстырылады.
* Түпнұсқада жоқ материал енгізіледі.
Сондықтан да, көптеген атақты зерттеушілердің ойынша, ең жақсы аударма болып, аударманың түпнұсқамен салыстырғанда өзгеріске ұшырайтын ерекшеліктері бар аударма саналады. Осыған орай адекватты аударма мақсаты, түпнұсқаның нақты мағыналарын тіл құралдары арқылы жеткізу. Осыдан біз түпнұсқаның ойын жеткізу үшін сөзбе- сөз аударудан бас тарту керек екенін түсінеміз. Түпнұсқаның адекватты аудармасы деп, автор ойын толық етіп, қалпы және стилистикалық сәйкестігі берілген аударманы айтамыз. Адекватты аудармаға қойылатын негізгі талаптар:
* Нақтылық. Аудармашы оқырманға автордың ойын толық жеткізуі тиіс.
* Қысқалық. Аудармашыға көп сөздің қажеті жоқ. Берілген ой нақты және қысқаша, мазмұнды жеткізілуі тиіс.
0.2 Көркем шығармаларды қазақ тіліне аударудың кейбір лексикалық ерекшеліктері
Қазақстанда ағылшын тіл білімінің сан салалы теориялық ұстанымдарын бүгінгі таңда тілдік зерттеулердің бағыт-бағдарын анықтай отырып, көркем шығарманы аудару кезінде шығарманың мазмұнын сол қалпында және оқырманға әсерлі де мәнді етіп маңызды тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретіндіктен, олардың жалпы және жеке лингвистика шеңберіндегі өзіне тән белгілерін саралау, өзге ізденістер қатарында ағылшын тілінен көркем шығарманы аударудың алар орнын нақтылау қажеттілігі ғалымдардың алдына тың әрі көкейкесті мәселелер қойып отыр. Көркем шығармаларды аударудың ерекшеліктері - лингвистика заңдылықтарына арқа сүйеу арқылы тіларалық коммуникация міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше түрі. Көркем аударманың жемісі ретінде зерттеу қарастыратын көркем шығармаларды аударудың ерекшеліктері тәржімесі- алдымен әдебиеттану нысаны. Аударманың адам қызметінің ең көне түрі екендігі даусыз. әуел бастан-ақ аударма тілі басқа адамдардың бір - бірімен араласуына мүмкіндік тудырып, аса маңызды әлеуметтік қызмет атқарды. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәдениетімен танысуына кең жол ашып, басқа халықтардың мәдениетімен тұрмыс - тіршілігімен танысуына жол ашып, сол арқылы әлем әдебиеттері мен мәдениеттері араласып, баюына жағдай жасайды. Шетел тілін білу кітаптың түпнұсқасын сол тілде оқуға негіз бола алады, ал бір адамның кітаптарды әдеби тілдердің баршасында, тіпті көпшілігінде оқи алуы мүмкін емес. Рудаки мен Омар Хаямның, Шекспир мен Гетенің, Толстой мен Достаевскийдің, Абай мен Шәкәрімнің теңдесі жоқ шығармалары аударманың арқасында ғана күллі адамзаттың игілігіне айналды.
Бүгінгі таңда ағылшын тіл білімінде ерекше көңіл бөлініп, тыңғылықты зерттеулерді қажет етіп жүрген проблемалардың бірі және бірегейі - ағылшын тіл білімі теориясының қалыптасу тарихы, әртүрлі лингвистикалық салалар бойынша даму ерекшелігі, аударманың әлемдік деңгейде, алар орны мен қосар үлесі. Осы тұрғыдан келгенде, сан алуан тілдік тұжырымдардың орнығу соқпақтарына зер салу, олардың мазмұндық сипатын жан - жақты зерделеу аса маңызды. Өзге тілдердің қатарында ағылшын тілі де XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінен бастап зерттеушілердің нысанына ілікті. Аудармашы ғалымдардың зерттеулеріне сүйене ағылшын тіліндегі көркем шығармаларды қазақ тіліне аударудың ғажайып мүмкіндіктері, тазалығы, шешендік өнері сөз болып, халық қазынасына қосылды, соның нәтижесінде ағылшын тіліндегі шығармаларды оқып, білудің мүмкіндіктері туып отыр. XX ғасырда ағылшын тілінің құрылымдық - жүйелік ерекшеліктерін, сөзжасамдық қабілетін, ұғымдық аясын кеңейте зерттеуге бет алынды. Мысалы, В.С Виноградов адам өзінің ойлағанындай нәтижеге жету үшін барша көркем құралдарды жұмылдыруға тиіс - дей келе, бұған не көмектеседі деп өз - өзіне сұрақ қояды да, былай жауап береді : басқа тілдер сияқты - ағылшын тілі кез - келген қиындықты еңсереді, бәрін де бейнелей алады, бәрін де жеткізе алады, бұл тіл үшін алынбайтын қамал жоқ деген айқын сана, қаны мен жанына сіңіп кеткен сенім көмектеседі. Бұл сенім болмайынша, ағылшын тіліне сүйіспеншілік болмайынша, аудармашының алдынан кездескен қиындықтарды жеңуі екіталай. Шетел жазушыларының көркем шығармаларын қазақ тіліне аудару кезінде маңызды лингвистикалық мәселелерді жалпы теориялық және жеке тілдік негізде саралай отырып, аса құнды тұжырымдар жасауда, ана тіліміздің қоғамдық - әлеуметтік әрі этно - мәдени мүмкіндігін дәйектеп көрсетуде үлкен жетістіктерге жетті.
Қазақ аудармасын қапы қалдыратын жайттардың бірі - сан түрлі себептерге байланысты туыстас тілдерден тәржімені де көп уақыт бойы орыс тілі арқылы жасап келгендігіміз. Әрине, негізгі аударма орыс тілінен болғаны түсінікті. Соның ішінде орыс поэзиясынан басқалары - тәржімеден тәржімелеу. Егер біз тәржімеден тәржімелеуден атымен бас тартар болсақ, онда көп қазынадан кұр қалар едік. Бұл тәсілден бас тартар болса, орыс поэзиясы да жұтаң тартып тұрар еді. Бірақ солай екен деп алдағы кезде де, Батыс, Шығыс поэзиясының асыл үлгілерін түпнұсқа тілін білмегенімізге бола орыс тіліндегі нұсқасынан ғана аудара беру де жарамсыз жол, түптің түбінде тұйыққа тірейтін тәсіл. Ол аудармаларды жасау барысында біраз дүние өзгеріске түскені, біраз нәрсенің жоғалғаны сөзсіз, сол орысшадан тағы аудару барысында жоғалту жалғаса беретіні тағы сөзсіз. Бұл - қазақ тіліне аударатын аудармашылардың көкейкесті мәселесі. Сондықтан ағылшын тілінен тура қазақ тіліне аударма жасаудың тиімділігіне зерттеу жасай жүріп көзіміз жетуде. Мысалы, Эрнест Хеменгуэйдің Шал мен теңіз шығармасын зерттей отырып, шығармадағы сөздің реңін, әдеби тілмен ажарлау жайын әңгіме еткен жағдайда айқындау мен теңеуге арнайы тоқтау қажет. Көркем шығармада әр нәрсені терең ойлап-толғап барып, асықпай дәл беруге тырысқан аудармашы Нығмет Ғабдуллиннің аудармашылық шеберлігіне көз жеткізіміз, білімсіздер не нәрсені болса да оп-оңай, шолтаң еткізіп, шорт кесуге құмар ғой. Көркем шығарманы аудару кезінде автор шығарманың түпнұсқасындағы айқындау, теңеу, дегендер немесе құбылту мен айшықтауды шебер қолдану арқылы оқырманға тартымды жеткізуге тырысқан. Бұл әдебиетшілер мен аудармашылар үшін басты мәселе.
The old man felt faint and sick and he could not see well. But he cleared the harpoon line and let it run slowly through his raw hands and, when he could see, he saw the fish was on his back with his silver belly up. The shaft of the harpoon was projecting at an angle from the fish's shoulder and the sea was discoloring with the red of the blood from his heart. First it was dark as a shoal in the blue water the that was more than a mile deep.
Then it spread like a cloud. The fish was silvery and still and floated with the waves.
Шал әлсіреп, есеңгіреп қалды, көзіне түк көрінбеді. Гарпунның бауын боастып, жаралы қолымен абайлап қана ұстады. Көзінің алдындағы тұман сейілген шақта ол, бауыры жалтырап, шалқасынан сұлап жатқан балықты көрді. Арқа жағынан гарпунның сабы шошайып көрініп тұр, балықтың жатқан жері қызыл ала қан. Қан әуелі қошқылданып, тереңде қаптай жүзген қалың балық шоғырындай қарауытып көрінді де, бірте-бірте ыдырай жайылып, аспандағы түйдек-түйдек бұлтқа ұқсады. Аппақ күмістей жайын балық толқында ақырын ғана тербетіліп жатты. Осы бір үзіндіден Эрнест Хеменгуэйдің шығармасында айқындау, яғни заттың құбылыстың айрықша сипатын суреттеу де әдеби нормаға сай қолданылғанын және соны көркем шығарманы аударушы да дәл бере білуі жазушының тағы бір айғағы екенін көрсетеді.
Көркем шығарманың авторы идеялық, эстетикалық мақсатына жету үшін, метафора мен метонимияны сөз мәнін өңдендіре, өзгертіп айту, суреттеліп отырған құбылысты айқындау, ажарландыра түсу, әсерін күшейте түсу үшін шебер қолданғанын, сондай-ақ аудармашы тұрақты эпитет, тұрақты метафора, тұрақты теңеудің түрлерін бере білген.
1. First it was dark as a shoal in the blue water the that was more than a mile deep.
2. Then it ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz