Қонақ үй шаруашылығындағы материалдық - техникалық база туралы ақпарат



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

І бөлім. Қонақ үй шаруашылығындағы материалдық . техникалық база ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.1. Қонақ үй ғимаратының материалдық және техникалық өсуі ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Қонақ үйдің материалдық базасының кеңейтілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3. Қонақ үйдің материалды.техникалық базасының жаңартылуы ... ... ... ... ... 13

ІІ бөлім. Қонақ үй ғимаратының орналастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2.1. Қонақ үй ғимаратының орналасу классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2. Қонақ үй ғимаратын функционалды тағайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: қонақ үйлердің қызмет көрсету жағдайына, материалдық – техникалық базасына, ғимараттың салыну үлгісіне, ондағы жиһаздар мен тұтынатын жиһаздың өзіндік сәулетіне, туристерді қаблдау көлеміне байланысты «5» жұлдызды, 4 және үш жұлдызды деп категорияларға бөлінеді де, қонақ үй шаруашылығының маңыздылығын сипаттайды. Мұндағы басты назар аударатын мәселе, тек қана ғимараттың жоғарғы категориясы емес, сонымен қатар ондағы қызмет көрсету де ең алғашқы шарттардың бірі болып табылады. Қонақ үй әкімшілігінде кем дегенде екі шет тілін білетін, туристермен араласу мәнерін білетін қызметкерлер алынады. Әкімшілік қызметкекрлері тіркеу жұмыстарын бітірген соң жүк тасушы швейцар туристтерді болмесіне дейін шығарып салып , бөлме ішін танытады. Сонымен қатар қонақ үйде туристерге айтып кеткендей ақылы және ақысыз қызметтер көрсетіледі. Қонақ үйдің тіркеу бөліміне қойылатын негізгі талаптар, шет тілдерін кем дегенде екі тілді жақсы меңгерген болуы қажет, сонымен қатар келген қонақтармен сыпайы болғаны дұрыс. Мұндай талаптар арнайы ережелерде көрсетілген.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: қонақ үй шаруашылығының маңызына және туристерді орналастыру ерекшеліктеріне нақты мәліметтерді қолдана отырып, ғылыми зерттеу тұрғысынан талдау жасалынды.. Сонымен қатар қонақ үй шаруашылығының қызмет деңгейін халықаралық деңгейге көтеру, әрбір елдің өзіндік тарихи орналасу ерекшеліктеріне тікелей байланысты екендігі сөзсіз.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства. /Пер. с анг.-М.: Аспект Пресс, 1995
2. Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Гостиничный и туристский бизнес.- Учебное пособие - М.: Финансы и статистика, 2000
3. Волков Ю.Ф. Интерьер и оборудование гостиниц и ресторанов. Уч. пособие. Ростов н/д.: Феникс, 2003
4. Горностаев И. Новые автоматизированные системы бронирования авиаперевозок //Туринфо – 1997
5. Григорьев Н. Продажа гостиниц через КСБ // Турбизнес – 1999
6. Гостиничный и туристический бизнес. -Учебник /Под. ред. прроф. Чудновского А.Д.-М.: Экмос, 1998
7. Джеймс Ф. Авиаперезовки в туризме//Мир деловой книги – 1991
8. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана, Алматы-1992
9. Зарубежный опыт рынока «малых гостиниц» // Пять звезд – 1995
10. Калашников И. «Мастер – тур» облегчит работу туристких фирм // Туринфо – 1997
11. Организация технология гостиничного обслуживания: Уч.пособие.-3-е изд, испр.-М.: «Академия», 2005
12. Положение о паспорте гостиницы. -М.: Стройиздат, 1984
13. Правила технической эксплуатации гостиниц и их оборудования. -М.: Стройиздат, 1985
14. Чигрина О.Ф. «Автоматизированные информационные технологии в Гражданской Авиации». Учебное пособие. Алматы, 1999
15. www.damu.kz

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І бөлім. Қонақ үй шаруашылығындағы материалдық - техникалық база ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.1. Қонақ үй ғимаратының материалдық және техникалық өсуі ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Қонақ үйдің материалдық базасының кеңейтілуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 9
1.3. Қонақ үйдің материалды-техникалық базасының жаңартылуы ... ... ... ... ... 13

ІІ бөлім. Қонақ үй ғимаратының орналастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..12

2.1. Қонақ үй ғимаратының орналасу классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2. Қонақ үй ғимаратын функционалды тағайындау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: қонақ үйлердің қызмет көрсету жағдайына, материалдық - техникалық базасына, ғимараттың салыну үлгісіне, ондағы жиһаздар мен тұтынатын жиһаздың өзіндік сәулетіне, туристерді қаблдау көлеміне байланысты 5 жұлдызды, 4 және үш жұлдызды деп категорияларға бөлінеді де, қонақ үй шаруашылығының маңыздылығын сипаттайды. Мұндағы басты назар аударатын мәселе, тек қана ғимараттың жоғарғы категориясы емес, сонымен қатар ондағы қызмет көрсету де ең алғашқы шарттардың бірі болып табылады. Қонақ үй әкімшілігінде кем дегенде екі шет тілін білетін, туристермен араласу мәнерін білетін қызметкерлер алынады. Әкімшілік қызметкекрлері тіркеу жұмыстарын бітірген соң жүк тасушы швейцар туристтерді болмесіне дейін шығарып салып , бөлме ішін танытады. Сонымен қатар қонақ үйде туристерге айтып кеткендей ақылы және ақысыз қызметтер көрсетіледі. Қонақ үйдің тіркеу бөліміне қойылатын негізгі талаптар, шет тілдерін кем дегенде екі тілді жақсы меңгерген болуы қажет, сонымен қатар келген қонақтармен сыпайы болғаны дұрыс. Мұндай талаптар арнайы ережелерде көрсетілген.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: қонақ үй шаруашылығының маңызына және туристерді орналастыру ерекшеліктеріне нақты мәліметтерді қолдана отырып, ғылыми зерттеу тұрғысынан талдау жасалынды.. Сонымен қатар қонақ үй шаруашылығының қызмет деңгейін халықаралық деңгейге көтеру, әрбір елдің өзіндік тарихи орналасу ерекшеліктеріне тікелей байланысты екендігі сөзсіз.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БӨЛІМ. ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА
1.1. ҚОНАҚ ҮЙ ҒИМАРАТЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ӨСУІ

Елдегі қонақ үй базасының материалдық және техникалық өсуін келесі факторлар анықтайды:
# қалалардың дамуы және жаңа қалалардың пайда болуы
# өнеркәсіптің өсуі
# ғылымның және мәдениеттің өсуі
# өнердің өсуі
# адамдардың материалдық жағдайының өсуі және т.с.с.
Мемлекеттердің экономикалық дамуы үшін туризмнің рөлі өте жоғары. Туризм XXғ. аяғымен ХХIғ. басында толығымен халықарлық деңгейде болды. Мұндай болуына 2 фактор әсер етті. Біріншіден, үлкен пайда алу мақсатында, кірісін жоғарлату үшін туристік кәсіпорындар, фирмалар саяхаттау географиясын әлем бойынша кеңейтуде. Екіншіден, рентабельді болу үшін туризм халықаралық деңгейде инвестициялану ерек.
Қазіргі таңда туризмнің дамуы тұрақты. Жылына туристер саны орта есеппен 4% өсуде. Соңғы кездерде туризмнің интенсивті өсуі мына региондарда байқалады: Африка, Таяу Шығыс,Шығыс Азия, және Тынық мұхит регионы.
Туризмнің бұлай даму тенденциясы халықаралық бәсекелестікке жағдай туғызып отыр, яғни жылдан жылға қызмет сапсы жоғары курорттар пайда болуда. Ал, бұрынғы туристік региондар жаңа қызмет түрлерін ұсынуда, жаңа жоспарлар құруда. Осылайша жаңа курорттар, қызмет көрсетудің жаңа түрлері пайда болуда.
Туристік ағымды өзіне көптеп тарту үшін, туристік региондарда туристердің жақсы демалуына барлық жағдай жасалуда. Туристік өнімді өткізу үшін, осы өнім туралы ақпараттың клиентке оңай жетуі тиіс, яғни бұқаралық ақпарат көздері арқылы немесе демалыс орындарында болу керек.
Көп елдерде халықтың табысы туристік қызмет саласына жұмсалады. Шығу және ішкі туризм сферасында қонақүй шаруашылығы туристерге толық комплексті қызмет түрін ұсынады. Қонақ үй шаруашылығы Қазақстанда даму преспективасын анықтайтын негізгі фактор болып табылады.
Қонақ үй шаруашылығы техникалық базасы, оның ішіндегі қонақүй қызметі әлеуметтік-мәдени қызмет түріне жатады. Туристік қызметтер қазіргі таңғы қонақжайлылық принципіне негізделіп құрылады, яғни Қазақстанда туризмді дамытуда қызмет көрсету саласының рөлі жоғарлайды. Туристік қонақүй сервисіне, кадрларды дайындау жүйесіне арнайы жаңа бағыттағы мәселелер қойылады.
Орналастыру - туризмнің ең негізгі элементі. Қонақүй өндірісі-қонақжайлылық жүйесінің негізі болып табылады. Орналасу жүйесі немесе құралы- бұл әртүрлі сервис деңгейін ұсынатын, уақытша клиенттерді қабылдайтын, түнеуге орын беретін әр түрлі типтегі ғимараттар.
Қазіргі таңда қонақжайлылық инфроқұрылымы регионның және туристік орталықтың қарқынды даму үстіндегі қуатты жуйесі және туризм экономикасында маңызды құралы. Қонақжайлылық инфроқұрылымын әртүрлі ұжымдық және жеке орналасу орындары құрайды: отелдер, қонақүй, мотель, жастарға арналған жатақханалар,апартаменттер,туристік приюттар және жеке секторлар.

1.2. ҚОНАҚ ҮЙДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛУІ

1965 жылы Қазақстан мен барлық Одақтас республикаларда туризм бойынша Кеңестер ұйымдастырылып, қонақ үйдің материалдық базасы біршама кеңейтіледі. Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Шығыс Қазақстан облыстарында алғашқы кездері тек жалға алынған көлік құралдарымен жұмыс істеген, саяхат пен экскурсия бюролары пайда болған. 70-жылдардың орта кездерінде Қазтур Кеңесінде шетел туристерін қабылдау мен оларға қызмет көрсету бойынша бюролар жүмыс істей бастайды.
Алматы, Жамбыл (қазіргі Тараз), Шымкент, Қарағанды және Целиноград (қазіргі Астана) қалаларында Интурист атты Бүкіл Одақтық акционерлік қоғам агенттіктері ашылды. Ол КСРО-ның Министірлер Кеңесіндегі шетел туризмі бойынша бас басқармасына бағынышты болды. Сол жылдары біздің отандастарымызды Жерорта теңізінің жағалауындағы - Греция, Түркия, Тунис, Мальта, Испания, Франция, Ұлыбритания, Италия елдері арқылы өтетін, социалистік елдерге саяхат; Финляндия, Үндістан бойынша өтетін маршруттар қызықтырды.
Туристік саланың дамуының жоспарлы реттелуі елімізден шетел валютасы ағымының мүмкіншілігін мейлінше азайтты, ал айырбастан тыс келген халықаралық топтарға туристік қызмет көрсету шетел валютасының түсімін арттыруға айтарлықтай әсерін тигізді.
Сол кездегі КСРО-дағы туристік қызметтің негізгі аймақтары болып Кавказ, Қрым, Балтық жағалауы, Ресейдің тарихи орталықтары мен Орта Азия саналды. Ал Қазақстанның бірқатар табиғи көрнекті жерлері мен мәдени ескерткіштері, архитектурасы мен археологиясы мүлдем көңілден тыс қалып қойды. Бұл кездері қазақстандық туризм идеологиялық функция атқаратын мәдени-ағартушылық жұмыс жүйесінің элементтерінің бірі ретінде көрінді.
Мемлекеттің туристік саланы экономикалық сала ретінде қарастырмауы, кешенді болжаулардың жүргізілмеуі, ұзақ мерзімді жоспарлардың жасалмауы, Қазақстанда туристік қызмет индустриясының артта қалып қоюының негізгі себептерінің біріне айналды. Сондай-ақ, туристік қызметті аумақтық ұйымдастыру мен мемлекеттік емес туристік құрылымдар көңілден тыс қалды.
Заңдылықтарға жүгіне отырып, туристік-экскурсиялық кәсіпорындар өз жоспарларын әзірлеп, келісім-шарттар жасасты. Кәсіпорындардың өндірістік, әлеуметтік қызметі, жұмысшылардың еңбекақысының төленуі еңбек ұжымымен атқарылған қаржы есебінен жүзеге асырылды.
Туристік-экскурсиялық мекемелерді көтерме сауда ретінде материалдық ресурстармен жабдықтауға, яғни 1987 жылдың шілде айынан бастап толық шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруға көшіруі, алдағы бірнеше жыл ішінде ғана көптеген туристік қызмет кәсіпорындарының (туристік пансионаттар, демалыс үйлерінің, турбазалардың және т.б.) толық жабылуына алып келді.
Қазақстанда қарастырылып отырған туристік сауданың даму кезеңі, Кеңес кезеңі бойындағы басымдылыққа ие болған дәстүрлі ұйымдастырушылық формаларының (жаппай және әлеуметтік туризм) өз жасауын жасап, рынок құрылымына бағытталған жаңа күштердің қалыптасуын бейнелейтін шешуші кезең болды.
Қазақстандық туристердің осы жылдары жиі баратын елдерінің қатарына Түркия, Польша, Қытай, БАЭ, Германия, Болгария елдері кірді. Ал Қазақстанға келетін туристердің ағымы көбіне Ұлыбритания, ҚХР, АҚШ, Германия елдерінен. Негізінен осы кезеңдегі сыртқа шығу туризмін ұйымдастыруға бағытталған отандық туристік қызмет кәсіпорындарының кәсіпкерлік пайдасымен, туризмнің қоғамға қосқан үлесінің құндылығын өлшеу мүмкін емес еді.
Туристік саланың осылайынан бір жақты жұмыс істеуінен елдің туристік ресурстарының артуын байқай алмаймыз және де ол ұлттық экономиканы көтеру котализаторы бола алмайтындығы айқын.
Туристік алмасу саласындағы достастық туралы халықаралық келісім қорытындысы, әлемдік туристік нарығында мемлекеттің имиджін құруды қолдау мен өзіндік туристік мүдделерді жүзеге асыру үшін қосымша ынта берді. Қазақстанды туристік әлуетке бай, перспективті партнер ретінде қарастыра отырып, шет мемлекеттер үкіметінің бірқатар келісімдер жасауға ілтипат білдіргендігін атап өту қажет. Осындай келісімдер Иран, Пәкістан, Молдова республикасы, Венгр республикасы, көршілес Қырқызстан, Өзбекстан елдерімен жасалған, сондай-ақ бұған ТМД елдерімен туризм облысында достастық туралы келісімдерін де жатқызуға болса, бүл өз кезегімен Қазақстан Республикасының әлемдік туристік рынокқа шығуы туралы куәландыруы болар.
Қазақстан Республикасының Президентімен 1997 жылдың 30 сәуіріндегі Қазақстан Республикасында Ұлы-Жібек жолындағы туризмнің инфрақұрылымын дамыту бойынша Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мен ЮНЕСКО жобасын, түркі тілдес мемлекет басшыларының Ташкент декларациясын жүзеге асыру туралы және 1998 жылдың 27 ақпанында Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасы туралы қабылданған Жарлықтары маңызды рөл атқарды. Аталмыш Мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші Жарлығында көрсетілгендерді орындау мақсатында жасалған болатын. Мұнда сонымен қатар, Қазақстан Республикасында туристік қызмет инфрақұрылымын дамыту мен тарихи қалаларды жаңғырту бойынша қажетті ғылыми және өндірістік әлуеттерді біріктіру, жеке тұлғалар мен ұйымдардың өзара әрекетін қамтамасыз- етуін анықтау міндеті, қызметінің негізгі бағдарына айналатын ашық акционерлік Жібек жолы - Қазақстан Ұлттық компаниясын құру ұйғарылған болатын.
Туристік қызметтің орталығы болып табылатын аумақтың әлеуметтік-инфрақұрылымдық және экономикалық өлшемдері іскерлік туризм үшін маңызды.
Дамыған рыноктық процестер, интенсивті өңіраралық байланыс, дамыған инфрақұрылым, қазіргі заманға сай банктік қызмет және тағы басқалармен сипатталатын аумақтың белсенді тіршілігі, туризмнің осы түрінің дамуының алғышарты болып, іскер адамдардың рыноктық коммуникацияға ұмтылысын қанағаттандыратын қызметтер аясының әлуеті ретінде бағаланады.
Әлемнің бірқатар елдеріндегі туристік қызметтер нарығындағы баға бәсекесінің артуы турөнімді ұсынушы туроператорлардың табыстылығының төмендеуіне әкелді.
Еуропалық туристік қызметтер рыногындағы бағаның түсуі мүмкін минималды деңгейге жетті.
Осындай жағдайларда ұлттық және халықаралық масштабта шоғырландыру процесі дамып, баға бәсекесінен өнімнің сапасы төңірегіндегі бәсекеге өту, баға мен сапа сәйкестігіне қол жеткізу орын алады.
Алайда, еліміздің ішкі туризм нарығында қалыптасқан баға деңгейі шет елдерінің ұсынысымен бірдей, ал сапасы жағынан төмен болғандықтан, тұтынушылар отандық ұсынысты емес, шетел ұсынысын таңдайды.
Туристік объекті болатын аумақтың экологиялық параметрлері, туристік өнімнің маңызды құрамасы бола, кейінгі уақытта туризмні экологияландырылуы үрдісінің пайда болуының бірде бір себебіне айналды.
Демалу мен бос уақытты өткізу үшін жағдай туғызатын қоршаған орта мен туристік-рекреациондық сипаттамалар туризмнің көптеген түрлері үшін, сәйкесінше туристік қызметті ұйымдастыру үшін негіз құрайды.
Туристік қызмет кәсіпорындары мен олардың көмекші құрылымын ауылды жерлерде орналастырып, экономиканың басқа салаларының қызмет айналымына жатқызуға болмайтын, табиғат элементерін (ландшафтың эстетикалық ерекшеліктері, таулы рельеф пен жазық дала көркін және т.с.с) пайдаланатын ауылды туризмді дамыту болашағы үлкен.
Туристік қызмет нарығындағы игерілмеген демалыстың бұл түрін, жазғы уақытта мектеп жасындағы балалар мен жеткіншектер арасында ұйымдастыру тиімді, алайда ұрпақты тәрбиелеу, Жер-Анамен жақындатудағы оның әсері таза экономикалықтың шегінен шығады.

1.3. ҚОНАҚ ҮЙДІҢ МАТЕРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫНЫҢ ЖАҢАРТЫЛУЫ

Қонақ үйдің материалды-техникалық базасының жаңартылуы қандай-да бір дәрежеде байланыстылықта болады. Сондай-ақ, туристік қызметті аумақтық ұйымдастыру мен мемлекеттік емес туристік құрылымдар көңілден тыс қалды.
Қонақ үй қызметтері аясының көптеген салаларының, жинақтаудың маңызды көзі болып табылатын, экономикалық рентабельділігін ескере кетуіміз қажет.
Шын мәнісінде, қондырма базисінің кез-келген маңызды элементі, қандай-да бір өңірдің қоғамдық өмірінің барлық жақтары, тіке және кері байланыстар механизмі арқылы қызметтер аясымен белсенді әрекеттеседі.
Сөйтіп, қызмет және оның түрлілігі сан жағынан, сапа жағынан көпшілік халықтың әл-ауқатына әсер ете отырып, адам факторының белсендеуінің қуатты тұтқасы бола, экономикалық өсу процесіне жан-жақты әсер етеді.
Қызметтер аясы адамның денсаулығы, білім алуынан бастап, бос уақытты тиімді өткізуіне дейін өмірінің барлық жақтарына, қоғамның осы әрбір мүшелері үшін жағымды жағдайлар жасау арқылы әсер ететіндігі аян. Коммуналды-тұрмыстық жағдайлар адамның өмірлік қызметінің орасан уақыт пен энергияны талап ететін аясы болып қала бермек.
Халық өзінің бос уақытын өзіндік қызмет жасау бойынша үй шаруасына, коммуналды-тұрмыстық мекемелерді аралауға, балаларды күтіп-тәрбиелеуге жұмсайды.
Қызметтер аясының тұрмыс салтын қалыптастыру тұрғысынан алғандағы маңыздылығы, бұдан басқа қызметтер аясының өзіндік жұмыскерлерінің тұрмыс салты мен оның бүтіндей қоғамға, оның барлық мүшелерінің тұрмыс салтына әсер етуімен толықтырыла түседі.
Қазақстандағы туристік саланың денсаулық пен жұмыс істеу қабілеттілігін, күшін қалпына келтіруге және т.б. деген адамның қажеттілігін толығырақ қанағаттандырмауы, қызмет ету сервисі деңгейінің төмен болуымен сипатталуы, оның материалды-техникалық және экономикалық даму жағдайының шектелуімен түсіндіріледі. Осы тұрғыдан, туристік саланың дамуы экономикалық кешенді жандандыру және аумақтық әлуетті тиімді пайдалану мен байыту тәсілі ретінде қарастырылуы мүмкін. Қонақ үй шаруашылығы туристiк индустрияның негiзгi құрамды бөлiгi болып табылады.
Қонақ үйлер туризм саласына табыстардың ең көп бөлiгiн қамтамасыз ететiн бағыттардың бiрi болып табылады. Әлемнiң барлық мемлекеттерi қонақ үй саласын дамытуға үлкен көңiл бөледi. Қонақ үй индустриясы құрамына қонақ үйлер, мотельдер, жол бойындағы және су жағалауындағы қонақ үйлер, сонымен бiрге туристердi жайғастырудың арнайы жабдықталған құралдары кiредi.

1.4. ҚОНАҚ ҮЙ ҒИМАРАТЫНА АРНАЛҒАН ЖИҺАЗ ӨЛШЕМДЕРІ

Қонақ үй ғимаратында жиһаздар кеңінен қолданылады. Жиһаздар бойлай және көлденең тілетін автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған дөңгелей аралайтын білдектер, форматты аралайтын және пішімдейтін дөңгелей аралайтын білдектер, иетін білдектер, механикалық және гидропневматикалық ваймалар, бір қабатты баспақтар, сүргілейтін, жоңғылайтын білдектер, ажарлайтын білдектер, жылтырсыр материалдарды жағатын, кептіретін және әрлейтін жабдықтар жатады. Қонақ үйдегі жиһаздар пайдаланылу мақсатына қарай қонақ бөлме, жатын бөлмеде қолданылады. Жиһаздың жекелеген заттары да, жиһаз гарнитуры да, сондай-ақ бүкіл қонақ үйге, бір бөлмеге немесе бөлменің бір бөлігіне арналған жиһаздар да болуы мүмкін. Қонақ үйді жиһаздағанда жиһаз қонақ қажетін өтерліктей, бөлмеге сәйкес және оны тарылтатындай болуы керек.
Қонақ үйдегі жиһаздар:
* тұрақты жиналмайтын;
* тасымалдауға оңай жиналмалы-құрастырмалы;
* әмбебап-құрастырмалы және құралмалық шешімі бірнеше жиһаз секцияларынан тұратын,
* бірінің үстіне бірін немесе қатарластырып қоюға болатын секциялық жиһаз түрлеріне бөлінеді.
Үлдірікті жиһаздың негізі ағаштан немесе металдан өрнектеліп жасалған, әдетте, жіңішке тік ұстын-таяныштар. Олардың арасына жекелеген жиһаз секцияларын, сөрелерді, жәшіктерді және басқа жалғастырғыш элементтерді бекітеді, үлдірікті жиһаз әр түрлі нұсқалардың барынша үйлесуін қамтамасыз етеді. Құрастырмалы жиһазға қабырғаға жапсарластырып, көлденең орналастырылатын шкафтар, шкаф-қалқалар, құрастырмалы үстелдер, кереуеттер және т.б. жатады. Ауыстырмалы жиһаздың құралмасы бөлшектерінің орнын ауыстыру арқылы оның мақсаты мен көлемін өзгертуге мүмкіндік береді. Жиһаздың бұл түріне кресло-кереует, диван-кереует, шкафқа немесе бірінің астына бірі ысырылып жиналатын кереуеттер, төмен түсіріп немесе жазып қоятын қақпағы бар үстел-тумба, қайырмалы қақпағы бар, ысырмалы тумбаны таяньпп ететін секретер және сервант-үстел, т.б. жатады. Жиһаздың бұл түрі пайдалануға қолайлы, өйткені бөлмедегі жиһаз санын азайтып, бос орынды көбейтуге мүмкіндік береді. Жиһазды негізінен ағаштан және ағаш материалдардан (ағаш жоңқалы немесе талшықты тақташалардан, үйеңкіден, т.б.) жасайды.
Жұмсақ жиһаз үшін созылмалы таспа: кеуек материал, пенополиуретан, табиғи не синтетикалық маталар, жасанды былғары және т.б. қолданылады. Үлдірікті жиһаздың ұзындығы 90-100 см,биіктігі мен ені 45-50 см шамасында жұқа қарағай тақтайлардан жасалады. Құрастырмалы жиһаздың ұзындығы 60-70 см,ені мен биіктігі 30-35 см шамасында. Құрастырмалы жиһаздың ұзындығы 45-50 см,ені 25-30 см,биіктігі 15-20 см шамасында болады.

ІІ БӨЛІМ. ҚОНАҚ ҮЙ ҒИМАРАТЫНЫҢ ОРНАЛАСТЫРЫЛУЫ
2.1. ҚОНАҚ ҮЙ ҒИМАРАТЫНЫҢ ОРНАЛАСУ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Қонақ үй ғимараты көп функциональды етіп салынуы және күрделі техникалық құрал жабдықтары болуы керек.
Қонақүй өзінің архитектуралық шешімі бойынша әр түрлі болып бөлінеді: қонақүй ғимаратының бастапқы көрінісі.
Жоспарлы шешімді ұзақ іздеу: кеңістіктің композициялық құрылымына, іс-әрекет түріне арнайы берілген орындар, қонақүй орындау жұмыстары.
Турист қонатын жай орыннан ерекшеленеді, туристерге қызмет көрсетуіне байланысты. Орын әр түрлі функцияны (архитектуралық) сәйкес реттейді.
Қонақүй ғимаратының негізгі көзқарас белгілері мынадай:
1. Ғимарат немесе комплекс қоршаған ортаға сай орналасуы және қала, ауыл ландшафтына сай орналасуы тиіс.
2. Табиғат климаттарын, ауа температурасын, ауа дымқылдығын, жауын-шашын мөлшерін, жел бағытын т.б. ескерген жөн.
3. Ғимараттың архитектуралық, құрылымдық жоспарлы шешімі шектен тыс қымбат болмауы тиіс. Ғимарат жоспары эксплуатацияны үнемі пайдалануы тиіс.
4. Ғимаратты жобалау барысында белгілі рольді жарнама жинақтары атқарады: фасад безендіру, қонақ үй беделін көтеретін, қонақ үй ғимаратын биік құру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үйдің материалдық техникалық базасының жаңартылуы
Қонақ үй шаруашылығындағы материалдық техникалық база.
Қонақ үйдің материалдық базасының кеңейтілуі
Сапаның үшінші түрі - әлеуметтік сапа
Қонақжайлылық индустриясын басқарудың әлеуметтік - психологиялық аспектілері
Қазіргі кезде нарықтық экономика жағдайында туризм индустриясын дамыту
Қонақ үйлердің қазіргі заманғы классификациялық жүйелігі және оның туризмдегі ролі
Қазақстандағы туризм инфрақұрылымның даму факторлары. Көлік түрлерінің қазіргі жағдайы
Туризмнің экономикалық сала ретінде
Қонақ уйдегі қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Пәндер