Қонақ үйдегі материалдар өлшемі



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І бөлім. Қонақ үйдегі материалдар өлшемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Қонақ үй құрылысына қажетті материалдар өлшемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Қонақ үй құрылысында қалау жұмысында бақылау.өлшеу аспаптарын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3. Қонақ үй құрылысы кезінде қажетті материал түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

ІІ бөлім. «Silk Way»қонақ үйі ғимаратының материалдық өлшемі ... ... ... .17
2.1. Көлемдік.жоспарлық және конструктивтік шешім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2. "Silk Way"қонақ үй ғимаратының монтаж жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі. Қонақ үй ғимаратының құрылыс материалдары өздерінің қасиеттеріне байланысты әр түрлі конструкциялар жасау үшін қолданылады. Ал ол конструкциялар өзінің құрылыста қолданылу шартына, яғни оларға түсетін салмақты ауырлығына немесе жеңілдігіне байланысты алуан түрлі болып келетіні мәлім. Олай болса, сол конструкцияларды өз талабына сай етіп жасау үшін, оған пайдаланылатын құрылыс материалдарының құрамы да өзінің сапалық қасиеті жағынан әр түрлі болып келеді. Бұл талаптардың бәрі мемлекеттік стадарттар мен техникалық шарттарда еске алынып, нормаланады. Ғимараттың жалпы ауданына жер төлемен және жер асты, жер үсті аудан суммасы мен анықтайды. Салынып жатқан аудан ғимараттың көлденең қимасы цоклге дейінгі жер, оған жабындар (шатыр,кіре беріс). Бөлмелердің ауданын қабырға аралық биіктігін және тасалар мен еденнің биіктігімен өлшенеді.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазіргі қонақ үй жобасы мен құрылысында, тәжірибеге енген бірнеше бағыттар бар. Олардың бастылары мыналар:
- қонақ үй мен қоғамдық бөлімдер бір ғимаратта орналасады.
- қоғамдық мақсаттағы бөлімдер төменгі қабаттарда, ал тұрғылықты бөлімі үстіңгі қабаттарда. Қоғамдық мақсаттағы бөлімдер төменгі қабаттарда, ал тұрғылықты бөлімі үстіңгі қабаттарда. Қоғамдық бөлім орналасқан төменгі қабатта, әртүрлі сала бойынша қызмет көрсетіліп, әртүрлі қоғамдық қызмет салалары орналасқандықтан, төменгі қабаттың құрылыс алаңы, жоғарғы қабаттармен салыстырғанда өте үлкен, әрі кең болады. Міне осы үлкен құрылыстың үстіне қонақтар орналасатын қонақ үй қабаттары зәулім болып көтеріледі.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Бисенов Қ,А. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. – Алматы: «ИздатМаркет», 2007.-224 бет.
2. Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства / Пер. с англ. — М.: Аспект-Пресс, 1995. – 254 с.
3. Джанджугазова Е.А. Маркетинг в индустрии гостеприимства / М.: Academia, 2003. – 185 с.
4. Исмаев Д.К. Международное гостиничное хозяйство: по материалам зарубежных публикаций.- М.: ВШТГ, 1998. – 86 с.
5. Ляпина И.Ю. Организация и технология гостиничного обслуживания. М.: ПрофОбрИздат, 2001– 187 с.
6. Международный стандарт ИСО 9004-2:1991. Общее руководство качеством и элементы системы качества. Ч. 2: Руководящие указания по услугам
7. Микульский В.Г. и др.Строительные материалы. Учеб. изд. – М.: Издательство Ассоциации строительных вузов, 2004-536с.
8. Самсаев М.Б. Е.Л. Оханов Материалтану жəне конструкциялық материалдар технологиясы, Алматы : 2009. - 230 б
9. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. М.Х.Дулати атындағы Тарази мемлекеттік университеті. 2 том 267-295 б.
10. Хамзин С.Қ. Құрылыс материалдары (зертханалық-практикалық жұмыстар): Оқу құралы.-Астана: 2007.-140б
11. www.imstalcon.kz

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І бөлім. Қонақ үйдегі материалдар өлшемі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .4
0.1. Қонақ үй құрылысына қажетті материалдар өлшемі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..4
1.2. Қонақ үй құрылысында қалау жұмысында бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3. Қонақ үй құрылысы кезінде қажетті материал түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

ІІ бөлім. Silk Wayқонақ үйі ғимаратының материалдық өлшемі ... ... ... .17
2.1. Көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 17
2.2. "Silk Way"қонақ үй ғимаратының монтаж жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі. Қонақ үй ғимаратының құрылыс материалдары өздерінің қасиеттеріне байланысты әр түрлі конструкциялар жасау үшін қолданылады. Ал ол конструкциялар өзінің құрылыста қолданылу шартына, яғни оларға түсетін салмақты ауырлығына немесе жеңілдігіне байланысты алуан түрлі болып келетіні мәлім. Олай болса, сол конструкцияларды өз талабына сай етіп жасау үшін, оған пайдаланылатын құрылыс материалдарының құрамы да өзінің сапалық қасиеті жағынан әр түрлі болып келеді. Бұл талаптардың бәрі мемлекеттік стадарттар мен техникалық шарттарда еске алынып, нормаланады. Ғимараттың жалпы ауданына жер төлемен және жер асты, жер үсті аудан суммасы мен анықтайды. Салынып жатқан аудан ғимараттың көлденең қимасы цоклге дейінгі жер, оған жабындар (шатыр,кіре беріс). Бөлмелердің ауданын қабырға аралық биіктігін және тасалар мен еденнің биіктігімен өлшенеді.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазіргі қонақ үй жобасы мен құрылысында, тәжірибеге енген бірнеше бағыттар бар. Олардың бастылары мыналар:
- қонақ үй мен қоғамдық бөлімдер бір ғимаратта орналасады.
- қоғамдық мақсаттағы бөлімдер төменгі қабаттарда, ал тұрғылықты бөлімі үстіңгі қабаттарда. Қоғамдық мақсаттағы бөлімдер төменгі қабаттарда, ал тұрғылықты бөлімі үстіңгі қабаттарда. Қоғамдық бөлім орналасқан төменгі қабатта, әртүрлі сала бойынша қызмет көрсетіліп, әртүрлі қоғамдық қызмет салалары орналасқандықтан, төменгі қабаттың құрылыс алаңы, жоғарғы қабаттармен салыстырғанда өте үлкен, әрі кең болады. Міне осы үлкен құрылыстың үстіне қонақтар орналасатын қонақ үй қабаттары зәулім болып көтеріледі.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БӨЛІМ. ҚОНАҚ ҮЙДЕГІ МАТЕРИАЛДАР ӨЛШЕМІ
0.1. ҚОНАҚ ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАЖЕТТІ МАТЕРИАЛДАР ӨЛШЕМІ

Қонақ үй ғимаратының темірбетон тепкішектері 1.151-1 сериясы бойынша іріктеліп, ал алаң плиталары 1.155 сериясы бойынша іріктеліп алынған. Бетон класы В30. Баспалдақ қоршаулары биіктігі 900мм тең темір тор материалдарынан жасалған. Қоршау тіреуіштері тепкішектер қапталында немесе үстінгі шет жақтарында қарастырылған, бекіту металл тетіктеріне дәнекерленіп бекітіледі.
Қонақ үй ғимаратының шатыры екі құламалы болып келеді. Негізгі көтергіш элементтері ағаштан жасалады. Болат табақшалары көлденең қимасы 50х50 мм болып келетін брустардың үстіне орналастырылып бекітіледі. Шатырпериметрі бойынша темір парапетпен қоршалады. Шатырды желдеткіш терезелер орналастырылады.
Төбені рулон материалдар мен жайғанда, алдын-ала өрт қауіпсіздігі туралы жиындар өткізілуі керек, содан өрт қауіпсіздігін өндірістік құрылыс монтаж жұмысында дұрыс орындауын қадағалап отыру қажет.
Төбе жабын жұмысын арнайы бригадалар істеп техникаларды қадағалайды және инженерлік-техникалық жұмысшыларды бастықтар қадағалау керек.Төбе жабын жұмыстарын жүргізгенде сыртқы температура 17 ºС және қар жаумау керек және де мұз тайғақ пен қар болмау керек.Қорғау қабатын жаймай тұрып мыналарды орындау керек:
- құрылыс монтаж жұмыстарын барлық алаңға қорғау қабатын тұтас құрастырмалы жабындардың арасындағы жіктерге, инженерлік қондырғыларға және орнатылып бекітілген жерлерге, ағаш брустарға антисептикалық қорғау қабатын жағады және фартуктарды қорғайды; негізгі барлық беттерде төбе жабынына жабады,
1) карнизбен төбе жапқыш аралығында тамшылар ағатын болса конструкция элементтердің орнына кровель жібереді ;
2) төбе материалдарының орнына ерігіш материалдарын жібермеуін қадағалау керек, нефт, май, аңнын майы;
Материалдар ұзақ уақыт қатпаса температурасы 15 ºС-тан төмен болса, онда оларды қолданар алдында 4- сағат ұстап 15 ºС пен 25 ºС температурада болу керек.
Қонақ үйдің ғимараты құрылысында дара материалдардан тас қалау көп қолданысқа ие. Дара тас қалау қонақ үй құрылысының ең бір ежелгі және төзімді бекінген түрі болады. Дара тас материалдарын қолдану практикада қай кескін үйлесімі, әр түрлі сәулет формасы болса да, қонақ үй ғимаратын тұрғызуға және оларға монументтілік, сәулеттік айқындық енгізуге мүмкіндік береді. Тас материалдардың бағалы қасиеттеріне беріктігі, ұзаққа шыдамдылығы, өртке төзгіштігі, табиғатта кең таралуы және қолдан жасауға болатын мүмкіншілігі жатады. Тас жұмыстары ерітіндіге даралап тас төсеуден тұрады. Ерітінді жеке тастарды бір тұтасқа біріктіреді, олардың бірге жұмыс істеуін және күшті біркелкі беруін қамтамасыз етеді, жел өтуден және ылғал енуден қорғайды. Тас қалауға қолданатын тас материалдарының түріне байланысты табиғи және жасанды тастардан жасалған қалауға бөлінеді.
Сыртқы пішіндері дұрыс емес табиғи тастардан жасалған қалауды шой (бут) тастан, ал дөрекі, жартылай таза және таза өңделген тастардан жасалған қалауды шабылған тастан қалау деп атайды. Жіктестірудің екінші ережесі қалауды үш өзара перпендикуляр жазықтарға бөлуді қажет етеді. Сонда тастар тік бүрышты параллелепипед пішінін алады. Осындай жеке бөліктерге бөлгенде қалау сілемінде мынадай жіктер пайда болады: қабаттың төсемі бойынша -- көлденең және бойлай-тік. Егер қалау бөлуін көлбеу жазықтықтармен жасаса, онда күш әсерімен шектес тастарды ысыруға тырысатын және де жеңіл сынатын үшкір бұрышты тастар пайда болады. Көп қатарлы жүйемен жіктер байлау кірпіш және тастың өлшеміне сәйкес орнатылады. Жалаң қабатты кірпіштен қалағанда бойлай тік жіктер әр бес бүйір қатардан кейін бір үшкір қатармен асыра жабылып отырылады. Мұндай қалауды бес қатарлы деп атайды.
Жасанды тастардан жасалған қалау тұтас немесе қуыс кірпіштен әлде тастан орындалады. Балшықты күйдіріп жасаған кірпіштер күйдірілген, ал байланыстырғыш заттар негізінде дайындалғандар күйдірілмеген болады.
Тас жұмыстары негізгі және қосалқы процестердің кешені болады. Негізгіге жасанды немесе табиғи тастардан жасалған кірпішті ерітіндіге төсеу, ал қосалқыларға -- төсеніштер орнату, материалдар әзірлеу, арматура салу және т. б. жатады.
Тас қалау табиғи және жасанды тастардан орындалады. Табиғи тас материалдар ретінде мыналарды қолданады: төсемді және жырымдалған шой тас (әк тас, доломит, қүмдақ және баскд жыныстардан); қаптау және сәндік қалау үшін шабылған тастар; әк тастан, туфтан, ұлутастан және басқа жеңіл тау жыныстарынан араланған уақ тастар. Жасанды тастар ішінде ең кең таралу алғандары: кәдімгі балшық (толық денелі), кеуекті, қуыс және кеуекті-қуыс кірпіш; өң балшық және силикат кірпіші, қуыс керамика тастары; тесіктері және тесіп өткен үш қуысы бар жеңіл бетоннан жасалған уақ тастар.
Кәдімгі балшық (қызыл) кірпішті созымды немесе жартылай құрғақ сығымдап, кептіріп және күйдіріп балшықтан жасайды. Оның өлшемдері 250x120x65 мм, салмағы 3,5 кг-нан 3,8 кг-ға дейін және маркалары 300; 250; 200; 150; 125; 100 және 15 болады, соншалық .мына қысу беріктіктеріне сәйкес келеді 30; 25; 20 МПа және т. б. Кәдімгі кірпіштің 1 м3 көлемдік массасы 1800 кгшамасында болады. Кірпіштің ең маңызды техникалық көрсеткіштеріне беріктік, көлемдік салмағы, аязға төзімділігі, су сіңіруі жатады.
Кірпіш қалау маркасы 4; 10; 25; 50; 75; 100; 150; және 200 жей (ізбес, цемент) және күрделі (цемент-ізбес, цемент-балшық) ерітінділерімен жүргізіледі.
Цемент ерітінділерін беріктігіне және тұрақтылығына көтеріңкі талаптар қойылатын конструктивті элементтерді (діңгектер, күмбездер, үймереттердің төменгі қабаттарының аралық қабырғалары) тұрғызғанда және суға қаныққан топырақтарды қалау үшін қолданады.Ізбес ерітінділерінде аз күш түсетін және құрғақ жағдайларда пайдаланатын қалау жүргізіледі.Цемент-ізбес және цемент-балшық ерітінділері ең үлкен таралу алған. Оларды құрғақ және дымқыл жағдайларда жұмыс істейтін қалауға дағдылы күштер әсер ететінде қолданады.Ерітінділер құрғақ күйіндегі тығыздығы бойынша тығыз толтырғыштарда дайындалған -- ауыр (тығыздығы 1500 кгм3 артық) және жеңіл толтырғыштардағы (шлак, пемза құмы және т. б.) жеңілдерге (тығыздығы 1500 кгм3 кем) бөлінеді.Аязға төзімділігі бойынша ерітінділер мына маркаларға бөлінеді: 10; 15; 15; 35; 100; 150; 200 және 300.Тас қалауының ерітінділері берілген маркадан басқа созымды және жақсы су ұстайтын қабілетті болу керек. Ерітіндінің қажетті жеңіл төселуі байланыстырғыштың, судың және қосымшалардың жеңіл төселуі байланыстырғыштың, судың және қосымшалардың мөлшерімен реттеледі. Ерітінділер ерітінді-бетон араластырғыш зауыдтарда және қондырғыларда (тораптарда) дайындалады. Орталықтандырылған кәсіпорындарынан әкелінген ерітінділердің әр тобында дайындалған күні және уақыты, маркасы, жылжымалылығы, ал құрғақ қоспалар үшін 1%-тен аспайтын нақты дымқылдығы көрсетілген паспорт болу керек.
Қолданатын тас түріне байланысты қалаудың келесі түрлері болады: сыртқы пішіні дұрыс емес табиғи тастардан -- шой тастанқалау; фундаменттер, үй асты қабырғаларын, биік емес үймереттерді, тірек қабырғаларды және т. б. тұрғызу үшін бетон қоспасынан жасалған және оған тастар батырылған -- шой бетонды қалау; қабырғалары, діңгектер, аркалар, күмбездер және т. б. тұрғызу үшін кәдімгі толық денелі, кеуекті, қуыс, кеуекті-қуыс немесе силикат кірпіштен жасалған -- біріңғай кірпіштен қалау; сыртқы қабырғаларды тұрғызу үшін кірпіштен және жылу өткізбейтін материалдардан жасалған -- жеңілдетілген қалау; қабырғалар және діңгектер құру үшін керамика, жеңіл бетон және пішіні дұрыс табиғи тастардан жасалған -- ұсақ блокты қалау; жоғары температура жағдайларында жұмыс істейтін түзілістерді қаптау және қалау үшін шамотты, магнезиалы, көміртекті және кірпіштің басқа түрлерінен жасалған -- отқа төзімді қалау.
Тас қалауын әр қайсысы жеке тастардан тұратын қатарлармен жүргізеді. Шектес тастардың аралығындағы бойлай және көлденең бағыттардағы ерітіндімен толтырылған саңылауларды жіктердеп атайды. Қалау жіктері көлденең және тік болады. Параллелепипед пішінді тастардың қырлары төсем,бүйір және үшкір қырлары деп аталады. Тастар қалауға көбінесе жалпағынан, ерітіндіге төсемімен және сирегірек бүйірі немесе үшкірімен төселеді. Сыртқа бүйірімен төселген қалау қатарын бүйір, ал үшкірінен төселгенді үшкір қатары деп атайды. Қалаудың сыртқы (қасбет бойынша) және ішкі қатарлары сыртқы жөне ішкі шек қатары, ал олардың аралығы -- шойма деп аталады.
Ерітіндімен бір бүтінге қосылған, жеке тастардан құралған тас қалауы оған әсер ететін күштерге сенімді қарсы тұратын тұтас сілем болу керек. Жеке тастар қалау сілемінде бір-біріне жылжымау үшін оларды тас қалауынжіктестіру ережелері деп аталатьн белгілі шарттарды сақтап қалау керек.
Жіктестірудің бірінші ережесі тастарды күш әсері бағытына перпендикуляр жалпақ қабаттармен (қатарлармен) төсеуден тұрады. Мұндай ереже тастардың қысуға жақсы және созылу мен иіліске нашар қасиеттерінен шығады. Осыған байланысты тастарды сілемде тек олар қысылатын етіп орналастыру керек. Иіліс немесе созылудан қашу үшін үстіңгі тас астыңғыға әр жерлерімен емес барлык төсемімен, яғни жазықтығымен сүйену керек. Осы себеп бойынша қалау сілемі жазық қабаттарға (қатарларға) бөлінеді. Қабаттарды қалауға әсер ететін күш оларға перпендикуляр бағытта орналастырылады. Ондай болмаған жағдайда қалаудың ең әлсіз жері -- қабаттар аралығьшдағы ерітінді жіктері бойынша жылжу пайда болады. Күштің бағыты тіктен 15-17°артық ауытқуға болмайды. Жылжу күші осы шекте тастар қабатының аралығындағы үйкелу күштерімен сөндіріледі.Көп жағдайларда қалауға күштер тік беріледі, сондықтан ол көлденең қабаттармен орындалады. Аркалар мен күмбездерде қысым қисығының жанамасы бойынша әр қимада әсер ететін күштер пайда болады, осыған бола олардың қалауы жазықтармен тарамдалып бөлінеді.
Жіктестірудің екінші ережесі қалауды үш өзара перпендикуляр жазықтарға бөлуді қажет етеді. Сонда тастар тік бүрышты параллелепипед пішінін алады. Осындай жеке бөліктерге бөлгенде қалау сілемінде мынадай жіктер пайда болады: қабаттың төсемі бойынша -- көлденең және бойлай-тік. Егер қалау бөлуін көлбеу жазықтықтармен жасаса, онда күш әсерімен шектес тастарды ысыруға тырысатын және де жеңіл сынатын үшкір бұрышты тастар пайда болады.
Жіктестірудің үшінші ережесі қалау бүтіндігін камтамасыз ету үшін жіктер байлауын сақтауды қамтамасыз етеді. Егер жіктері байлаусыз орындалған қалау сілемін тесіп өтетін үш жазықтармен бөлсе, онда қалау бір-бірімен қимасымен бір тасқа байланыспаған жеке діңгектерден тұрады
Жіктерді байлаудың көптеген жүйелері бар. Кірпіштерді әр түрлі жүйелермен қалау және байлау арқылы қалауға, әр түрлі сыртқы кескін беруге, жұмыс тәсілдерінің қайталанғыштығына жету және сонымен жұмысты тездетуге, белгілі әсерлерге жоғары төзімділікті қалау арқылы алуға болады. Жіктер байлауы неше қатардан кейін жасалуына байлапысты бір қатарлы және көп қатарлы жүйелерге бөлінеді.
Бір қатарлы (тізбекті) жүйемен байлау дәстүрлі әдіс болып саналады. Оның мәні мынада: бір қатардың барлық жіктері бойлай тік жіктердегі келесі қатардың кірпішін 12 кірпішке жылжыту арқылы, ал көлденеңдердікі -- 14 кірпішке асыра басып жабылады. Тізбекті қалаудың үшкір қатарлары бүйір қатарлармен алмасып отырады. Барлық қатарлардың бүйір қырлары қалау қасбетінде үздіксіз тізбек түрінде сурет жасап бір тікте орналасады.
Қалауға арналған кұрал-саймандаржинағы. Тасшылар бригадасы пайдаланатып құрал-саймандар жинағына жұмыс және бақылау-өлшеу аспаптары, құрылғылар кіреді. Құрастырылған күрекше (кельма) ерітінді төсемін тегістеу, тік ерітінді жіктерін жасау, ерітінді арты-ғын тақап кесу үшін қьзмет атқарады. Ерітінді жіктерінің пішінін әшекейлегіштермен жасайды.
1.2. ҚОНАҚ ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНДА ҚАЛАУ ЖҰМЫСЫНДА
БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫН ҚОЛДАНУ

Қонақ үй ғимараты құрылысында қалау жұмысының барысында тасшы бақылау-өлшеу аспаптарын:
- өлшеу лентасын,
- тіктеуішті,
- деңгей өлшеуішті
- үш бұрышты сызғышты үлгілерді (шаблондарды) пайдаланады.
Қатарлардың көлденеңділігін және көлденең жіктердің қалыңдығын сақтау үшін қатарлағышқа бекітілетін арқан-бау қолданылады. Қатарламалар бұрыштардың тіктігін және кірпіш қалауының біркелкі қалындығын қамтамасыз ету үшін қолданылады, биіктік белгілерді түсіруге және тексеруге және де арқан-бауды бекітуге қызмет істейді.
Бұрыш қатарлама қанат-бауды бекітетін тесіктері бар дюралюминий бұрыш болып табылатын тік тіреуден тұрады.
Қатарламалар қабырғалар бұрыштарына және олардың перпендикуляр орналасқан қанат-бауды ауыстыру және жаңа орында бекіту үшін қондырғымен жабдықталады. Бұрыш қатарламасын бұрыштың сыртқы немесе ішкі жағынан тіктеуіш бойынша орнатады, аралықтағыларды әдетте қабырғалар жанасу жерлерінде немесе әр 12 м-ден кейін қабырға ұзындығы бойынша бекітеді.
Жұмыс орындары тасымал шамшырақпен, контейнерлермен, кірпішті сулайтын сыйымдылыкден жабдықталады.
Тас қалауды биіктікте өндіргенде жұмыс орнын дұрыс және қауіпсіз ұйымдастыру үшін төсеніштер мен саты ағаштар қолданылады. Типті төсеніштер мен саты ағаштар құрылыс индустриясының кәсіпорындарында дайындалады. Инвентарлы саты ағаштар мен төсеніштердің габариттері жұмыс өндіру шарттарына сәйкес келмеген жағдайларда бекітілген жоба бойынша инвентарлы емес саты ағаштар мен төсеніштер қолдануға рұқсат етіледі. Саты ағаштары мен төсеніштер конструкциялары берікті және тұрақты, жұмыс қауіпсіздігін және берілген өнімділікпен тас жұмыстарын орындау үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз ету керек.
Төсеніштер -- саты ағаштардың бір қабат шегінде қолданатын тасымал бөлігі. Оларды үймерет ішінде жерге немесе жамылғыларға орнатады. Қонақ үй кұрылысында кабат биіктігі 3,5 м дейін болғанда үш бұрышты металл қайырмалы тіректері бар топсалы-панельді төсеніштер кеңінен қолданылады, олар қабырғаларды екі жағдайдан қалауға мүмкіндік береді: 1,15 және 2,05 м биіктікте.
Үздіксіз көтерілетін рычагты төсеніштер 5 м-ге дейін биіктікте тас және әрлеу жұмыстарын орындауға арналады. Төсеніштерді көтеру және төмен түсіру -- гидродомкратпен, ал оларды аралық биіктіктерде бекіту арнайы тежеуіш құрылғымен жүзеге асырылады.Пакетті өзі бір қалыпқа түсетін әмбебап төсеніштер тұрғьн, азаматтық және өнеркәсіптік үймереттердің кірпіш қабырғаларын және қабырғаның қай үзындығы және пішін үйлесімі болса да қабат биіктігі 9 м-ге дейін қалау үшін арналған және болат рамадан, ағаш төсемнен және қоршаудан тұрады.
Биіктігі 40 м-ге дейін өнеркәсіптік үймереттердің қабырғаларын қалағанда металл құбырлы болтсыз саты ағаштар кеңінен қолданады. Олар құбырлы тіректерден, ригельдерден (сыртқы, ішкі, көлденең және қиғаш), баш-мактардан, ағаштарды қабырғаға бекітетін құрылғыдан және төсем қалқандарынан тұрады.

1.3. ҚОНАҚ ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЗІНДЕ ҚАЖЕТТІ МАТЕРИАЛ ТҮРЛЕРІ

Құрылыс материалдары -- қонақ үй ғимараттарын салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері:
* табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршықтастар, т.б.);
* органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар;
* жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір-бетон, асбест-цемент, темір, шыны жәнесиликаттан жасалған бұйымдар);
* ағаш материалдары жәнеолардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.);
* металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер, т.б.);
* синтетикалық шайырлар мен пластмассалар (линолеум, пенопласт, т.б.).
Қонақ үй құрылысы кезінде кем дегенде 200-ге жуық материал түрін қолдануы тиіс. Қонақ үй ғимаратының техникалық эксплуатация кезінде әрбір элементін (қабырға, шатыр, қойма, жерасты қоймаларын) тексеріп қарау тиіс.
Ғимарат мезгіл эксплутациясына қажетті түрде дайын болу керек және өз уақтысында жөндеу жұмыстарын, инженерлі құрал-жабдықтарын уақтылы жөндеуден өткізу керек.
Қонақ үйлер қазіргі уақытта қала құрылысының, белгілі бір ауданның немесе тіпді бір қаланың көркін келтіріп, маңызды орын алады. Себебі қонақ үйлер көп қабатты, зәулім де, әсем ғимараттардан салынады. Ал кейбір қалаларда қонақ үй ғимаратының қабаттары қысқарып, жалпы қаланың сәулет көрінісіне сәйкестендіріледі.

Қазіргі қонақ үй жобасы мен құрылысында, тәжірибеге енген бірнеше бағыттар бар. Олардың бастылары мыналар:
- қонақ үй мен қоғамдық бөлімдер бір ғимаратта орналасқан.
Қоғамдық мақсаттағы бөлімдер төменгі қабаттарда, ал тұрғылықты бөлімі үстіңгі қабаттарда.
Қоғамдық мақсаттағы бөлімдер төменгі қабаттарда, ал тұрғылықты бөлімі үстіңгі қабаттарда.
Қоғамдық бөлім орналасқан төменгі қабатта, әртүрлі сала бойынша қызмет көрсетіліп, әртүрлі қоғамдық қызмет салалары орналасқандықтан, төменгі қабаттың құрылыс алаңы, жоғарғы қабаттармен салыстырғанда өте үлкен, әрі кең болады. Міне осы үлкен құрылыстың үстіне қонақтар орналасатын қонақ үй қабаттары зәулім болып көтеріледі.
- Қонақ үй саласымен қоғамдық бөлім әр бөлек ғимараттардаорналасады. Бірақ олар бір-бірімен байланыста болады. Мұндай қонақ үй ғимараттары құрылыс тұрғысынан да, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үйдің ішкі көрінісі. Интерьер
Қонақ үйдегі фитодизайн.
Қабаттың жалпыға ортақ жерлерінің күтімі (холл, фойе, дәліз т.б.) Баспалдақ түрлері және оның басты элементтері
Екіқабатты өндірістік ғимаратты жобалау
«Алматы» қонақ үйінің жалпы сипатамасы
Айқын шығындардың түрлері
Өрт қауіпсіздігі жүйесі
IBIS қонақ үйінің сипаттамасы
Баға белгілеудің сатылары бойынша бағаларды топтастыру
Қонақ үйдегі қонақтар туралы мәліметтер қорын құру
Пәндер