Үкілі ыбырай
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Үкілі Ыбырай өмірі
б) Ақындық өнері мен шығармалары
3. Қорытынды
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Үкілі Ыбырай өмірі
б) Ақындық өнері мен шығармалары
3. Қорытынды
Ақын, аса көрнекті композитор, кезінде алдына жан салмаған әнші Үкілі Ыбырай… Оның “Үкілі Ыбырай” атануының себебін “Өзім жайлы” атты өлеңінде бабамыз өзі айтып кетіпті:
“Аралап талай елдің дәмін таттым,
Сұлудың асқақ әнмен бабын таптым.
Қалаған Сәмекеден қара қалпақ,
Қос буын шекесіне үкі тақтым”, – десе қара қалпақтағы қос буын үні домбырадағы қос буын үнімен достасып, бірге үндесе желбірегендей көз тартып “Үкілі Ыбырай” атанды.
Біржан сал, Ақан сері секілді өз заманының еркесі болып, әндетіп дабылдатып өтсе де ақынның өмірінің соңғы кезеңі ХХ ғасырдың отызыншы жылдары әкелген зұлматтың құрсауында өтті. Голощекиншіл “ұр да жық” белсенділердің “асыра сілтеген” әрекеттері елді ашаршылыққа ұшыратты. Ұжымдастырудың зардабынан байғұс қазақтың жайлауында жаны, қыстауында қаны шықты. 1929-1932 жылдарғы қырғын аштықты көзі көрген ақтангер ақын ел мұңын ашық айтып, сұқ көзге түсті. Ащы тілі шымбайларына тиген ауылдағы шенділер соңына шырақ алып түсті. 1933 жылы Қазақстанды басқаруға Л.И.Мирзоян келіп, жағдайды түзей бастағанша, 1932 жылы Үкілі Ыбырай “халық жауы” атанып, атылып кетті.
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы осы күнгі Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына қарасты № 5 ауылында 1860 жылы дүниеге келді. Кеңес үкіметі кезінде бұл ауыл “Өскен” деп аталды. Бұл күнде “Үкілі Ыбырай” ауылы атанарына сенімім мол. Жалғызтаудың бауырын жайлаған Жақсылық қарауылынан шыққан ақынның ата тегі Деріпсал Сәбденнен тарайды. Сәбден — Абылай ханның әрі досы, әрі даңқты батыры болған әйгілі кісі. Деріпсалдың Сандыбай, Маңдай, Әбіле атты үш ұлынан үлкен әулет тарады. Маңдайдан — Қосшығұл, Асайын, Үсейін; Сандыбайдан — Бөпіш (Мейіз), Шалғымбай, Ыбырай; Әбіледен — Ілияс, Кенжеғали, Молдағали туған. Асайыннан тараған Смағұл, Мырзағұл болса, әйгілі ақын, үздік әнші Мұса Асайынов (1929-1976) Мырзағұлұлы менің шешемнің апасы Бағи апамыздан туды, Смағұл қарт — ауылымыздың ақсақалы, ұста, соғыстан үш ұлы оралмай, тоқсаннан асып қайтыс болды. Шалғымбайдан тараған Сүлейменнің балаларын, Дәуіттің өзін көріп өстім. Жалпы алғанда Деріпсалдың ұрпағы батыр тұлғалы, ірі денелі келеді. Бауырым Мұса да қапсағай бойшаң, қыран мұрын, қалың шашты, кең маңдайдың астынан өткір, үлкен көздері күлімдеп тұратын жігіт еді. Ол ән салғанда ерекше күш бітіп кеткендей, әу дегенде тыңдаған жанды селк еткізетін, маржандары сылдырап, аспалы шам қозғалатын, Ыбырайға тартып туған асыл тұяқ деп ел еркелетті, өзі де еркелетуге лайық еді.
Үкілі Ыбырайды сипаттағанда Сәкен Сейфуллин:
“Әні бар “Гәкку” деген аңқылдаған,
Аққудай айдын көлде саңқылдаған.
“Кідігай”, “Қалдырған” мен “Маңмаңкерді”,
Ырғалтса керней даусы қарқындаған”, – деп Шаляпинге теңесе, бұл Ыбыкеңнің жетпіске тақап қалған шағы, әлгі Мұсадай кезінде кездессе не дер еді?!
Біржан сал жас Ыбырайды алғаш рет тыңдағанда Ақан серіге қарап: “Ақанжан-ай, ертіп келген шәкіртіңе қанықтым, шын бақытты жан екенсің: қазақта жылқының перісі Құлагер саған бұйырса, ақынның перісі осы інің болар. Қазақ әнінде өзім жеке дара тұрмын, өзгелерге Ыбырай жеткізбес”, – деген сөзін халық ақыны, әкемнің ағасы Молдақмет Тырбиұлынан естіп едім. Кейін осыған ұқсас сөзді әйгілі әдебиет зерттеуші Е.Смайыловтан да оқыдым. Бұл ағамыз: “Ыбырай — шын мәніндегі ұлы өнерпаз”, – деп жазып кетті.

Үкілі Ыбырай
2010 жыл
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Үкілі Ыбырай өмірі
б) Ақындық өнері мен шығармалары
3. Қорытынды
Ақын, аса көрнекті композитор, кезінде алдына жан салмаған әнші Үкілі
Ыбырай... Оның “Үкілі Ыбырай” атануының себебін “Өзім жайлы” атты өлеңінде
бабамыз өзі айтып кетіпті:
“Аралап талай елдің дәмін таттым,
Сұлудың асқақ әнмен бабын таптым.
Қалаған Сәмекеден қара қалпақ,
Қос буын шекесіне үкі тақтым”, – десе қара қалпақтағы қос буын үні
домбырадағы қос буын үнімен достасып, бірге үндесе желбірегендей көз тартып
“Үкілі Ыбырай” атанды.
Біржан сал, Ақан сері секілді өз заманының еркесі болып, әндетіп дабылдатып
өтсе де ақынның өмірінің соңғы кезеңі ХХ ғасырдың отызыншы жылдары әкелген
зұлматтың құрсауында өтті. Голощекиншіл “ұр да жық” белсенділердің “асыра
сілтеген” әрекеттері елді ашаршылыққа ұшыратты. Ұжымдастырудың зардабынан
байғұс қазақтың жайлауында жаны, қыстауында қаны шықты. 1929-1932 жылдарғы
қырғын аштықты көзі көрген ақтангер ақын ел мұңын ашық айтып, сұқ көзге
түсті. Ащы тілі шымбайларына тиген ауылдағы шенділер соңына шырақ алып
түсті. 1933 жылы Қазақстанды басқаруға Л.И.Мирзоян келіп, жағдайды түзей
бастағанша, 1932 жылы Үкілі Ыбырай “халық жауы” атанып, атылып кетті.
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы осы күнгі Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау
ауданына қарасты № 5 ауылында 1860 жылы дүниеге келді. Кеңес үкіметі
кезінде бұл ауыл “Өскен” деп аталды. Бұл күнде “Үкілі Ыбырай” ауылы
атанарына сенімім мол. Жалғызтаудың бауырын жайлаған Жақсылық қарауылынан
шыққан ақынның ата тегі Деріпсал Сәбденнен тарайды. Сәбден — Абылай ханның
әрі досы, әрі даңқты батыры болған әйгілі кісі. Деріпсалдың Сандыбай,
Маңдай, Әбіле атты үш ұлынан үлкен әулет тарады. Маңдайдан — Қосшығұл,
Асайын, Үсейін; Сандыбайдан — Бөпіш (Мейіз), Шалғымбай, Ыбырай; Әбіледен —
Ілияс, Кенжеғали, Молдағали туған. Асайыннан тараған Смағұл, Мырзағұл
болса, әйгілі ақын, үздік әнші Мұса Асайынов (1929-1976) Мырзағұлұлы менің
шешемнің апасы Бағи апамыздан туды, Смағұл қарт — ауылымыздың ақсақалы,
ұста, соғыстан үш ұлы оралмай, тоқсаннан асып қайтыс болды. Шалғымбайдан
тараған Сүлейменнің балаларын, Дәуіттің өзін көріп өстім. Жалпы алғанда
Деріпсалдың ұрпағы батыр тұлғалы, ірі денелі келеді. Бауырым Мұса да
қапсағай бойшаң, қыран мұрын, қалың шашты, кең маңдайдың астынан өткір,
үлкен көздері күлімдеп тұратын жігіт еді. Ол ән салғанда ерекше күш бітіп
кеткендей, әу дегенде тыңдаған жанды селк еткізетін, маржандары сылдырап,
аспалы шам қозғалатын, Ыбырайға тартып туған асыл тұяқ деп ел еркелетті,
өзі де еркелетуге лайық еді.

Ырғалтса керней даусы қарқындаған”, – деп Шаляпинге теңесе, бұл Ыбыкеңнің
жетпіске тақап қалған шағы, әлгі Мұсадай кезінде кездессе не дер еді?!
Біржан сал жас Ыбырайды алғаш рет тыңдағанда Ақан серіге қарап: “Ақанжан-
ай, ертіп келген шәкіртіңе қанықтым, шын бақытты жан екенсің: қазақта
жылқының перісі Құлагер саған бұйырса, ақынның перісі осы інің болар. Қазақ
әнінде өзім жеке дара тұрмын, өзгелерге Ыбырай жеткізбес”, – деген сөзін
халық ақыны, әкемнің ағасы Молдақмет Тырбиұлынан естіп едім. Кейін осыған
ұқсас сөзді әйгілі әдебиет зерттеуші Е.Смайыловтан да оқыдым. Бұл ағамыз:
“Ыбырай — шын мәніндегі ұлы өнерпаз”, – деп жазып кетті.
Сол дарабоз дүлдүл Кеңес үкіметі келіп, әсіресе, кәмпеске мен ұжымдастыру
науқандары ел тұрмысын күйзелткенде өткір тілін шындық жолында аямады.
Ақыры 1932 жылғы қарашаның 4-і күні қамауға алынды. Асылы жерлестерінің
тілі де батқан шығар, сол кездегі ақынды көрсеткен, НКВД-ге қолшоқпар
болған өзінің жақын туыстары Шаймұқанды да, Ақыпты да бала кезімде көрдім.
Үкілі Ыбырай “халық жауы” атанып ұсталып кеткеннен соң ауылдағы Есеп атайды
жұртқа құбыжықтай көрсетті. Оның үлкен қызы Тұрғын апайды соғыс жылдары
“трудармияға” әкетті, шығармалары отқа түскен аласапыран заман туды. Бірақ
алмас кездік қап түбінде жатпады, туған елі өз жүрегінде сақтады. Ол атылып
кетсе де мінезі үлгі, қайсарлығы аңыз, ән-жыры ұмытылмады. Кейбір әндерін
халық әні деп, кейбір әндерін әлдекімдікі деп сақтаса да тәуелсіз Қазақстан
дүлдүл ұлына құшағын кеңдеу ашты. Бұл күндері Ыбекеңнің әндері өзіне
қайтарылып келеді. “Гәккуге” тиіскендердің де бетін қайтардық, ал “Аңшының
әніне” әлі күнге кей жігіттер Дәнеш Рақышевтің әні деген лақап таратып
жүрсе, ол қателік. Асыл әнші Дәнеш тірі кезінде ондай озбырлыққа бармады
ғой. Әйгілі классик жазушымыз, академик Сәбит Мұқанов “Қазақ әдебиеті”
газетінде бұл мәселенің басын ашып, ашық айтқан. Ол әңгіме жайын бұрын да
жазғанбыз. Ақынның өлеңдері мен толғау айтыстарын “Гәкку” атты бір кітап
етіп (Астана, “Фолиант”, 2005) шығардым, бірақ, бұл әлі толық дүние емес,
іздей түсу қажет. Ал, әндеріне дегенде ақиқатты орнату керек. Мысалға,
“Сырғақтының” Ыбырайдыкі екенін бала күннен білуші едім, Б.Ерзакович те
солай дәлелдепті.
Үкілі Ыбырайдың композиторлық, әншілік мол мұрасы жайлы жазылған еңбектер
баршылық, мен жыр жинағын шығарғаннан кейін ақындық ерекшеліктерін сөз
етпекке бой ұрдым. Қазақстанның халық ақыны, Үкілі Ыбырайдың төл шәкірті
Молдахмет Тырбиұлының айтуынша, ол алдына жан салмаған әншілігімен қатар,
қай сайысқа салсаң да дес бермейтін білімдар, тапқыр, ағынды айтыс ақыны.
Оған қоса қаламгерлігі де мол, араб, парсы тілінде оқи білген, өте зерек
болған көрінеді. Ыбекең хат танығаннан кейін қолына түскен кітапты жаттап
аларлық өнер көрсетіпті. “Мұңлық-Зарлық”, “Қыз Жібек”, “Жүсіп пен Зылиха”,
“Тотының тарауы”, “Сейфул Мәлік”, “Мың бір түн” іспеттес лира-эпостық,
батырлық һәм ғашықтық жырлары мен қисса-дастандарды жатқа өз әуенімен айта
білген. Әсіресе, “Ер Тарғын” мен “Мың бір түнді” әнге қосып жатқа айтуға
жалықпапты. Кейде қара сырнаймен, кейде үкілі домбырасымен қоса шырқап,
поэзияның желісіне қарай ән мақамының өрісін жатық үйлестіре білгені үлкен
өнер. Ұзақ дастанды әндеткенде, кейде қолындағы домбырасын жерге қоя салып,
тақпақтатып кетіп, отырған жерінен ілгері-кейін жылжып қызғылықты
қимылдармен жалықтырмас даланың дара әртісінше тыңдаған жанды жіпсіз
байлағандай баурапты. Бойға қонған жан-жақты өнердің арқасында ауыз
әдебиетінен әбден сусындап, жазба әдебиетіне иек артып, өз ақындық өрісін
кеңейте білгені біз үшін сонау алыстан айдай анық көрініп тұр.
Үкілі Ыбырайдың өзіне үлгі болған Арыстан, Орынбай, Шал ақын, Сегіз сері,
Тезекбай, Шөже, Нұркей, Біржан сал, Ақан сері, Мұстафа сияқты саңлақтардың
әндерін, айтыстарын ел арасына тарата білгендігі бір төбе. Қолына домбыра
алғанда мынау Орынбайдың, мынау Біржанның, мынау Ақанның домбыраны
қолдарына алғандағы өз ырғағы, өз құлақ күйі деп, әрқайсысының өз әуезімен,
әуенімен, өздері сүйген сарынымен орындауға жетіктігін шебер көрсете
біліпті. Молдекеңнің өзі де ұстазынан көргенін бұлжытпай қайталап елге
таратып кеткені Есіл мен Көкше өңіріне аян.
Ыбекең тек қана ауыз әдебиетінің өкілі емес, ол өзінің ең жақын һәм жанашыр
пір тұтқан ұстазы Ақан сері секілді суырып салма төкпе де, ойланып жазар
жазба да ақын. Негізінде, олар ауыз әдебиеті мен жазба ақындарының
ортасындағы табиғи алтын көпір іспеттес жол салды. Ыбекеңнің ақындық
ерекшелігіндегі басты көрініс сол жан-жақтылықта жатыр. Керегінде ағыл-
тегіл құйғытып, қай сайысқа болсын іркілмей кірісе кетеді. Күрделі ән, не
өлең туарда ішіндегі нәрестесін тоғыз ай, тоғыз күн көтеретін анадай ұзақ
уақыт толғатып аққудың қос қанатына байлардай етіп жетілдіреді. Ақындық
ерекшеліктің қайнар көзі нәзік сезімге оранған ақыл мен ойдан туса, оның
нәтижесін Абай айтқандай: “Тіл ұстартып, өнер шашардай”, дәрежеге
жеткізеді. Ақындық дерті — тілде. Ыбырайдың тілі де жебедей жеткіш өткір
тіл. Жас кезінде әрлі сөз, ұлғая келе мәнді сөз, ашынғанда зәрлі сөз таба
білген Үкілі Ыбырайдың тілінде ақындық ерекшелігінің басты арқауы жатыр.
Ақынның тіл байлығы шерлі сөзі мен зерлі сөзін қоса жекеше талдауды талап
ететін үлкен қазына. Ол ержүрек, тапқыр да айтқыр, тіксілтегіш қайсар ақын.
Үкілі Ыбырайдың тіл өрнегіне аздап қана назар аударсақ, оның мейірімі мен
қайырымы тартып, өзгеден айырымы ашық көрініске жолығамыз. “Гәкку” деген
сөздің өзі де қазақтың поэзиясы мен бүкіл тіл әлеміне алтын айдардай болып
кірген ғажайып. “Үлпікер сүт бетінде балдай қаймақ”, – десе, “үлпікері”
үздік тілдің белгісі ғой. “Қарақат көзді, сым саусақ”, – теңеуге
жүйріктігі. “Көк зеңгір, жасыл жартас Жалғызтауым”, – дегені қандай әсем.
“Қайқақтамай көтерер, досы үшін тау-тасын”, – дегені де нағыз қазақы тіл.
Ал: “Бір атым насыбайдан көңіл қалар, айта бер, айтсаң сағың сынбағанға”, –
дегені тереңдіктің көрінісі. Майталман ақынның қай өлеңін алсақ та, ұлттық
суреткерлікті білдіретін бояуы ашық, ояу сөзді, ішкі маңызы мен айтар ойға
дәлме-дәл келтіріп, тап басқыштығына қайран қаламыз. Тіл мен жаққа құр
сүйену емес, өткір тілі әсем әндеріне де дәйек болып ескек желдің табиғи
сыбырындай поэзия әлемін кеңейте түсуге сенімді семсер міндетін атқарды.
Ыбырайдың ақындық талантынан, әншілік дарынынын да бөле жаруға болмайды. Ол
алдындағы ұстаздары Біржан сал, Ақан серіге еліктеп алғашқы өлеңдерін де
әнімен қоса шалқытты. Уыз туындылары ғашықтық сарында, әзіл-күлкі ауқымында
дәстүрлі лириканы байытқаны анық. Қазақтың ежелгі салты бозбалалықтың
қызығын күйттеу Ыбырайға да бастау берді. Шөбектің Мұқанының Мәлике атты
сұлу қызын, бір жиында Ақан серінің ойынды басқару салты мен нұсқауы
бойынша, алқа топта бірінші болып қасына өлеңмен шақырыпты.
“Бозбалаға бұл бір сын жеке-жеке,
Әркімнің қасындағы сәулесі ерке.
Бұйрығы ханзаданың екеу емес,
Жаныма келіп отыр, ей, Мәлике”, – деген өлеңі сонда туыпты. “Ханзада” деп
отырғаны Ақан сері ғой, ол кісіні ағайын ел іші әуелі “ақ жігіт” деп атап,
артынан “Ақан аға” деуге көшті. Ал, бұл Мәликеге байланысты шумақтың жарық
көруіне ол кезде жігіт ағасы болып қалған Ақан серінің жастардың ойынын
бастап беріп, бірінші кезекті сенімді шәкірті Ыбырайға сілтеуінде жатыр.
Жас Ыбырай: “Көсем қиында, шешен жиында” дегендей, көш бастап, өзі міндетін
атқарыпты. Ол нағыз ішкі сенім мен қанына туа біткен жүректіліктің белгісі.
Міне, сол сәтте шыдай алмай буыны босап, күміс шолпысын әсем үнмен
сылдырлата, сызыла басып, сиқырлы сылқым Мәлике сұлу ашық ажарын жайната
түсіп, жас ақын Ыбырайдың қасына отыра кетіпті. Сол ғажайып жастық шақ
деген асыл дәурен озған сайын өлеңі де маңызданып, жанға жайлы, көңілге
жылы тиер дәрежеге жете бастайды.
“Ән салып сері болып талаптандым,
Ақылын тыңдау қайда барлық жанның.
Он үш жаста ән салып ел алдында,
Жолына түспей кеттім дүние-малдың”, – деп өзінің ана сүтімен ере келген
ақындық, әншілік өнеріне белді бекем буғанын ұғымға жеңіл, жинақы тілмен
осылайша қиыстырыпты. Әкесі Сандыбайға тартып ұста болмады, немере ағасы
Әбілге еліктеп саясатқа кіріспесе де, ақындықтың сұрша құсы жебеп өнер
жолына сиқыр күшпен еліктетті.
Өмір өрісіндегі жаңа белесіндей ақынның “Жиырма бес” атты өлеңі жарқ етті.
Міне, ақындық жолында ауызға іліктірген бастамасы осы еді.
“Қызды ауылдың сыртынан,
Қылаң еткен жиырма бес.
Қызды көрсем қиқайып,
Құлай кеткен жиырма бес.
Суға келген жеңгейге,
Ұнай қалған жиырма бес.
Жеңге халің қалай деп,
Сұрай қалған жиырма бес.
Бесіктегі баладан,
Алғыс алған жиырма бес.
Төрде жатқан кемпірден,
Қарғыс алған жиырма бес...” – деп төгілте жөнелсе, ақындық қуаты да жасына
қарай жаңарып, жауқазын гүлдей құлпыра түсіп, көз тарта бастағанын
айқындайды. Бұл кезде суреттеу тәсілі, бейнелеу әдісі келесі бір биік
белеске көтеріле бастады. Тап осындай ырғақпен келетін “жиырма бестер”
Ыбырайдан бұрын да болды, “күлдір, күлдір кісінетіп, күреңді” мінгізді.
Ыбырайдың “Жиырма бесінде” өз көзіңмен көріп тұрғандай өмір көріністері
айнадай айқын, тартымды беріледі. Әні де ә, дегенде алдына мал салмас
жүйріктей ұшқыр, қызғын шабысқа бастап кетеді. А.С.Пушкиннің “Ескерткіш
өзіме орнаттым келмес қолдан” деген өлеңіне шейін бірнеше “ескерткіштер”
болған. Бірақ Пушкиннен кейін бола қойған жоқ. Ыбырайдың “Жиырма бесі” де
заманындағы аттас өлеңдердің ең сүйкімдісі болып кең тарап кетті. Бұл күнде
байтақ елдің қай түкпіріне барсақ та Ыбекеңнің “Жиырма бесі” алдымыздан
шығады. Әсіресе, Қайрат Байбосыновтың және оның шәкірттерінің орындауында
есту бір ғанибет.
“Ауылың қонған Сырымбет саласына, болдым ғашық ақ сұңқар баласына”, – деп
Ақан серінің “Сырымбет” әнінің сөзі Ыбырайға екі жақты үлгі тастады. Өз
ауылын анық айтып, жаны құштар ғашығына деген ішкі сезімін ашық жеткізді.
Ұстазы секілді Ыбырайдың да ынтық сөздері әнінің асқақ қарқынынан кем
соқпайды. Ол алдындағы даналардың ел сүйсінген үлгісінен алған дәрісін
жасырған да жоқ.
“Өлеңмен екі өкпеңді қалқытайын,
Қорғасындай денеңді балқытайын.
Біржаннан алып қалған әнім еді,
Азырақ “Шалқымамды шалқытайын”, – деуі әлгі ойға ден қояды. “Шалқыма”
Ыбырайды толқыта түсті, өлеңіне орнықты ырғақ, жүйелі тың сарын ұсынды.
Оның ақындық болмысы өз арнасын тапқан өзендей, өз шалқар теңізіне қарай
аспай-саспай аға бастады.
Бара-бара бұл өзен тасқынды сайлары мен қарқынды құламасын тапты. Ол көңілі
ауған, шабыты желген жерде еркін сілтеп, алты қырдың астына жетердей
шырқауға дағдыланды, ерен ақындыққа ере туған қанатты әндері елді жалт
қаратты. “Үкілі Ыбырай” атанды. Дарқан ақындығы қай думанға кірсе де ел
құлағын елеңдетті, жан құшырын қандырды, әрдайым өрелі дәрежеге жетелеп,
өрге шапса өршеленер жүйріктей заулатты. Тамаша ғалым Есмағамбет Смайылов
1966 жылғы “Жұлдыз” журналының №11 санында осы ойды шегелеп бекіткендей
айтыпты. “Халық тарайтын емес, ағылып келіп жатыр. Ыбырай іркілген жоқ, бұл
жолы термелері жәрмеңкеге келген халықты қошеметтеп, әр ұлдың руын, тарихын
таратып бірталай жырларды үйілтіп, төгілтіп айтып тастады... Арасында
күлдіретін әзіл-сықақ сөздер де, бұрыңғы-соңғы ақындардан нұсқалы, нақыл
сөздер де аузынан шықты”, – дей келе: “Бұл менің он бес жасымда Ыбырайды
тұңғыш көруім... Бәрінен де Ыбырайдың дарқан ақындық, әншілік өнері, алғыр
шешендігі есімнен кетпейді”, – деп тебіреніпті. Міне, әдебиет білгірі де
“дарқан ақындық”, “алғыр шешендік” деп баса айтып отыр. Хан базарлы
жәрмеңкеде еркін төгілу де әркімнің қолынан келе бермейтіні ағедендік. Ал
“әр ұлдың ... тарихын” тәмамдауы Ыбекеңнің тайға таңба басқандай айта білер
мәттақам қабілетін, толайым зеректігін танытады.
“Гәкку” жайлы талай сырды шертер едім, бірақ әнін де, тамаша сөзін де
байтақ ел түгел біледі ғой, сол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz