Диктант жүргізуге қойылатын талаптар мен бағалау нормалары



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ЖАҢА ӘДІС.ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Жазуға үйретудің тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Жазуға үйрету жүйесінде жаңа әдіс.тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Жазудың мақсаты, міндеті, принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2. ДИКТАНТ ЖҮРГІЗУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР МЕН БАҒАЛАУ НОРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.1. Диктант, оның түрлері және жазба жұмыстарының классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2. Диктанттың жаңа түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3. Жазба жұмысының инновациялық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.4. Модельдеу технологиясын диктанттарға пайдаланудың маңызы ... ... ... .26
3. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
3.1. Сабақтың тақырыбы: «Диктант» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
КІРІСПЕ

«Жалпы баланың коллиграфиялық дағдысын қалыптастыруда көркем жазу пәні тек жазуға үйретумен ғана шектелмейді, жалпы педагогикалық – саяси тәжірибелік маңызы, мағынасы бар пән болып табылады»
К.Д.Ушинский
Білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Балабақшадан бастап сауат ашу, есептей білу темптілік, үйретуге сияқты бетбұрыс, бастауыш сыныпта күрделеніп оқу мен жазуды байланыстыру, көркемдей шапшаң жазу сияқты талпыныс жасауда. Соның ішінде оқушылардың каллиграфиясына тоқталсақ, ол тек мектеп қабырғасында қалыптастырылады.
Бастауыш метепте оқу, жазуды үйретудің әдістемесі басқа ғылымдар сияқты қалыптасып, дамып келеді. Жазуды қай кезде оқыту керек? деген сұрақ ерте кезден пікір-талас туғызып келеді.
Американдық психолог Ф.Фришен ХХ ғасырдың басында жазуды үйрету 9 жасында өте қолайла десе, 20-жылдары Ю.К.Фаусек 5 жастан жазуды үйрету керек екенін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Оқу, жазудың әдістемесіне басқа елдердің тәжірибесінің де әсері мол.Мәселен,Германияда торкөз арқылы оқыту. ХIХ ғасырдың аяғында бірнеше елдерге тарап қолдану аясы кеңейді. Алайда, гигиеналық талап пен жазуға кері әсерін тигізетіні дәлелденгенде алынып тасталынды.
Сол сияқты Англиядағы курсивті үзіліссіз жазуды да айтуға болады.
Мұндай оқу, жазу әдістемесіне әсерін тигізген, оның өзгеруіне мынадай себептер болды.
1. Өзінің зерттеулер немесе басқа мұғалімдердің тәжірибиесі негізінде жасалынған қорытындылар немесе әдістемелік нұсқаулар. Бұл жазуды байытуға әсерін тигізеді. Мәселен, ХХ ғасырдың басында Е.Евсеев оқу, жазудың әдістемесін жасаса, Е.В.Гурьянова, Е.Н.Соколова методикалық нұсқаулар жазды.
2. Оқу, жазудың тәжірибесінің басқа елдермен ауысуы.
3. Жасалған іс-тәжірибиелер арқылы әдістердің өзгеруі.
Осындай іс-тәжірибиелер негізінде жазуға оқытудың алғашқы әдістерін Гурьянов енгізді. Жеке мектепте және сыныпта жүргізілген эксперимент негізінде графикалық дағдыларын үйретудің әдістемесін жасады.
Англия, Америка, Германия, Швеция т.б. елдерде жазуға үйретудің алғашқы кезінде курсивті жазу емес, құрамында көптеген элементтері бар шрифтпен жазды. Бұл жазуды монускрипт деп атады.Бірақ бұл проблемены шеше алмады. Жазудың жылдамдығы мен сапасы жақсармады.
Чехословския елінде оқушыға жазу оңай болу үшін ең алдымен әріпті үлкен, кейін кіші етіп жазуды үйретті.
АҚШ елінің кей мектептерінде жазудың алғашқы кезінде машинамен басып үйренді.
Болгарияда жазу дағдысы оқытуға үйретуден дамып отырды.Бірінші оқытып үйренуден осы кезде элементті, қолдың қозғалысын жазуға даярлайды. Сонымен қатар, дәптердегі сызықтардың орналасу үлкен мәселе тудырған. Дәптердегі сызықтардың орналасуымен М.Ричардсон айналасты.
Оның ойынша жазуға оқытудың алғашқы кезінде оқушыны таза параққа жазып үйрету керек деп есептеді. Қазіргі кезде бұл мәселелер шешілген.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. В.Г.Горецкий, В.А.Кирюшкин, А.Ф.Шанько. Уроки обучение грамоте. Москва, 1988.
2. Ғ.Абашыкова. Сауат ашу. // Бастауыш мектеп, 2004, № 11.
3. Г.Граник, С.М. Бондаренко,А.Консевая. Секреты орфографии. Москва,1991
4. Ғ.Тұрманбекова. Әліппе сабағы. // Бастауыш мектеп, 2004, № 7.
5. Д.Бірімжанова. Сауат ашу. // Бастауыш мектеп,2004, №5.
6. Ә. Хасенов. Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау. Алматы, 1986.
6. Ж.Б.Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 1992.
7. И.М.Дьяконов. О письменности. Москва, 1963
8. Л.Я.Желтовская, Е.Н.Соколова. Формеравания каллиграфических
9. Н.Әміриев. Ойдың көрінісі.// Қазақ тілі мен әдебиеті, 1999
10. Н.Кенжебекова. Оқушылардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. // Бастауыш мектеп, 2005, №8.
11. навыков у младших школьников. Москва, 1987.
12. Ұ.Бейсенбиева. Сауатты жазуға үйрету.// Бастауыш сыныпта оқыту,2005,№2 .
13. Ш.Әуелбаева. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың әдістемесі. Алматы, 1987.
14. Шаталов В.Ф. Педагогическая проза М., Просвещение, 1980.
15. Щуркова Н.В. Педагогическая технология как учебная дисциплина //Педагогика, 1993, N 2, с.66-70.
16. Я.А.Коменский. Великая дидактика. Москва, 1955.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Жазуға үйретудің тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Жазуға үйрету жүйесінде жаңа әдіс-тәсілдер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..9
1.3. Жазудың мақсаты, міндеті, принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2. ДИКТАНТ ЖҮРГІЗУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР МЕН БАҒАЛАУ НОРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.1. Диктант, оның түрлері және жазба жұмыстарының классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Диктанттың жаңа түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.3. Жазба жұмысының инновациялық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.4. Модельдеу технологиясын диктанттарға пайдаланудың маңызы ... ... ... .26
3. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
3.1. Сабақтың тақырыбы: Диктант ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..35

КІРІСПЕ

Жалпы баланың коллиграфиялық дағдысын қалыптастыруда көркем жазу пәні тек жазуға үйретумен ғана шектелмейді, жалпы педагогикалық - саяси тәжірибелік маңызы, мағынасы бар пән болып табылады
К.Д.Ушинский
Білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Балабақшадан бастап сауат ашу, есептей білу темптілік, үйретуге сияқты бетбұрыс, бастауыш сыныпта күрделеніп оқу мен жазуды байланыстыру, көркемдей шапшаң жазу сияқты талпыныс жасауда. Соның ішінде оқушылардың каллиграфиясына тоқталсақ, ол тек мектеп қабырғасында қалыптастырылады.
Бастауыш метепте оқу, жазуды үйретудің әдістемесі басқа ғылымдар сияқты қалыптасып, дамып келеді. Жазуды қай кезде оқыту керек? деген сұрақ ерте кезден пікір-талас туғызып келеді.
Американдық психолог Ф.Фришен ХХ ғасырдың басында жазуды үйрету 9 жасында өте қолайла десе, 20-жылдары Ю.К.Фаусек 5 жастан жазуды үйрету керек екенін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Оқу, жазудың әдістемесіне басқа елдердің тәжірибесінің де әсері мол.Мәселен,Германияда торкөз арқылы оқыту. ХIХ ғасырдың аяғында бірнеше елдерге тарап қолдану аясы кеңейді. Алайда, гигиеналық талап пен жазуға кері әсерін тигізетіні дәлелденгенде алынып тасталынды.
Сол сияқты Англиядағы курсивті үзіліссіз жазуды да айтуға болады.
Мұндай оқу, жазу әдістемесіне әсерін тигізген, оның өзгеруіне мынадай себептер болды.
1. Өзінің зерттеулер немесе басқа мұғалімдердің тәжірибиесі негізінде жасалынған қорытындылар немесе әдістемелік нұсқаулар. Бұл жазуды байытуға әсерін тигізеді. Мәселен, ХХ ғасырдың басында Е.Евсеев оқу, жазудың әдістемесін жасаса, Е.В.Гурьянова, Е.Н.Соколова методикалық нұсқаулар жазды.
2. Оқу, жазудың тәжірибесінің басқа елдермен ауысуы.
3. Жасалған іс-тәжірибиелер арқылы әдістердің өзгеруі.
Осындай іс-тәжірибиелер негізінде жазуға оқытудың алғашқы әдістерін Гурьянов енгізді. Жеке мектепте және сыныпта жүргізілген эксперимент негізінде графикалық дағдыларын үйретудің әдістемесін жасады.
Англия, Америка, Германия, Швеция т.б. елдерде жазуға үйретудің алғашқы кезінде курсивті жазу емес, құрамында көптеген элементтері бар шрифтпен жазды. Бұл жазуды монускрипт деп атады.Бірақ бұл проблемены шеше алмады. Жазудың жылдамдығы мен сапасы жақсармады.
Чехословския елінде оқушыға жазу оңай болу үшін ең алдымен әріпті үлкен, кейін кіші етіп жазуды үйретті.
АҚШ елінің кей мектептерінде жазудың алғашқы кезінде машинамен басып үйренді.
Болгарияда жазу дағдысы оқытуға үйретуден дамып отырды.Бірінші оқытып үйренуден осы кезде элементті, қолдың қозғалысын жазуға даярлайды. Сонымен қатар, дәптердегі сызықтардың орналасу үлкен мәселе тудырған. Дәптердегі сызықтардың орналасуымен М.Ричардсон айналасты.
Оның ойынша жазуға оқытудың алғашқы кезінде оқушыны таза параққа жазып үйрету керек деп есептеді. Қазіргі кезде бұл мәселелер шешілген.

1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
1.1. Жазуға үйретудің тарихы

Қазақ алфавитінің шығу тарихына тоқталсақ Қазан төңкерісіне дейінгі оқулықтарды екі түрге бөліп қарастыру қолға алынып келеді.
1. Ы.Алтынсарин құрастырған орыс алфавитіне негізделген оқулықтар.
2. Араб алфавитіне негізделген оқулықтар.
Ы.Алтынсарин жаңа оқулық жасау мәселесімн 60-жылдардың басында-ақ шұғылданды. 1879 жылы басылып шыққан Қазақ хрестоматиясының негізін К.Д.Ушинский сияқты озық ағартушылардың оқулықтары негізінде жасаудың мақсат етіп қойды және қазақ дыбыстарын орыс әріптермен таңбадау мүмкіншілігін қарастырып, сол ойын осы Христоматияда жүзеге асырды.
Білімін көтеретін, тақырыбы оларды ызықтыратын кітаптарды қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығаруды ұсынды.
Ал А.Е. Алекторовтың, А.В. Василевтің әліппелері орыс алфавитін қазақ қауымына ұсыну, соның негізінде жұртшылықтың сауатын ашу ниетінен жазылған еңбектер болатын.
А.Е.Алекторовтың өзінің К мудрости ступенька атты еңбегінде: В этих школах совсем непримимы учебные книги щвестиых нашых педагогов Бунакова, Ушинского, Водовозова, Пехомирова и Корфа: материалы их обращается в совершенно неудобоваримую пищу там, где учатся дети киргизов
Бұл әліппелерде қазақ дыбыстарының орыс дыбыстарына ұқсастарын береді де, тек қазақ тіліне ғана тән ң, і, ұ, ү, тәрісдес дыбыстарды әліппенің сонына қояды. Екі тілде бірдей кездесетін, ашық естілетін жуан дауыстылар мен созып айтуға келетін с, ш тәрізді дауыссыздар алдымен беріледі. Шұғыл дауыссыздар кейінге қалдырылады. Осыдан кейін араб алфавитіне негізделген әліппелер де шыға бастады. Соның бірі - Нұрбаевтың Қазақша әліппе оқулығы. Мұнда автор талдау жинақтауда негізделген дыбыстың ұсынғанымен араб, әліпбиі қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкес келмейтіні анық болатын.Сонымен бірге әліппедегі жаттықтырулардың кейбірі татар әдістерімен берілді.
А.Байтұрсынов ағарту, сауат ашу төңірегінде атқарған қызыметі айрықша. 1912 жылы Орынборда басылған Оқу құралдарына А.Байтұрсынов қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың негізделген әріптермен меңгертуді көздеген. Әлипбиді қазақтың төл дыбыстық артикуляциясына дәл келтіре отырып, меңгертуді нысана еткен. Әліппеде бірті-бірте жеңілден күрделіге қарай меңгерту принципін ұстанған.
Мысалы: алғашқы сабақта а, р, з, дыбыстарын өтуді ұсынса да оқыту барысында базалық үш әріпті бірден көрсетуді қолдамайды. Әуелі жеке дыбыстарды қайталап айттырып, содан соң әріпті көрсетіп ғана оқытуды ұсынады.
Алғашқы сабақта бір-екі буынды сөздерденаспайды.Екінші сабақта л-таңбасы да осы әдіспен меңгертемін.Әрбір сабақта А.Байтұрсынов көрнекілік, жүйелілік, ғылымилық, түсінуде қолайлылық қағидаларын ұсынған. Бұл принциптер әлі күнге маңызын жойған жоқ.
З.Ерғалиұлының 1910 жылы шыққан Қазақ әліппесі - олжалпылама оқуды уағыздамай жаңаша оқытуды насихаттайды.Мұның құрылым ерекшелігі, автор әріпті белгілі жоспармен жеке- жеке сабақтарға бөлген. Бір бетте 4 сабақтың жоспары берілген. Қазақ оқулықтарында әліппені дыбыстық жүйеде бағытталған алғашқы оқулық - Қ.Серғалиннің Қазақша әліппе кітабы болды. Мұнда дыбыс әріпті, буынды, үйрету күнделікті сөйлеу тәжірибесіне байланыстырылды.
Сол сияқты тағы бір оқулық А.Байділдиннің Жаңа әліппе туралы еңбегі. Мұнда алдымен а, т, н, әріптері, одан соң тиісінше р,о, қ әріптеу өтілуге тиіс болды. Бұл әліппеге де тән нәрсе - оқу - жазуға үйрету, оқушыларға таныс, жеңіл сөздерден басталған. Мысалы: ат, ата, ана, атан, тана, аттан т.б. 1929 жылы латын әліпбиін қабылданғаннан кейін ана тілінде оқулықтар шығару ісі біршама ілгеріледі. Соның бірі Ғ. Мүсірепов пен А.Байділдиннің 1929 жылы шыққан Қызыл әскер әліппесі. Мұнда алдымен а және ш әріптері таныстырылып, содан кейін осы әріптерден құралған ат, ата,атта, тат буындары өтіледі. Бір ерекшелігі - мұнда әрбірсабақта жеке бір дыбыс, таңбалары ғана емес, белгі бір үйретілетін сөздерді құрайтын екі немесе бірнеше дыбыс таңбалары бар мезгілде өтіледі. Жоғарыда аталған әліппелердің ортақ кемшілігі - буын түрлерінің ауыр-жеңілдігі ескерілмеуі және дыбыстардың орын тәртібі түбегейлі шешілмегендігі болды. Мысалы: А. Байділдиннің Әліппесінде әріптердің реті а, т, н, р, о, қ, д, ж, л, м болып келсе, Ғ. Мүсірепов пен А.Байділдиннің Қызық әскер әліппесінде а, т, б, л, с, н, ж, у, д, о, г болып келеді. Мұнда үйретілетін күнделікті сөздерге қатысты әріптерге көңіл бөлінген сияқты. Шыққан Ғ.Мүсіреповтің (1930), Ө.Тұрманжанов пен Ш.Сарыбаевтың (1931), Б.Майлиннің (1931),А.Әлібаевтың (1934)т.б. әліппелерінде дыбыстық әдістің қайтадан күш ала бастағаны байқалады. Бұл әліппелерде дыбыстардың орын тәртібі түбегейлі шешілмегенмен, авторлардың бірқатары дидактикалық қағидаларды ескеріп отырғаны көзге түседі.
Басқа ғылымдар сияқты көркем жазуды оқытуда да ғалымдар арасында талас-тартыс болды. XIX ғасырдың басында пайда болған темір перомен тек XIX ғасырдың екінші жартысында мектепке қолданысқа түсті.XIX ғасырдың аяғында үйректің қанатынан жасалған қаламсапты пайдалануды тиімді деп санады.
Алғашқы кезде жазуға үйрету көптеген қиындықтар туғызды. Көркем жазуға үйрету барысында көшіру әдісі, механикалық жаттығулар арқылы үйретілді. Бірнеше айлар бойы оқушылар алфавит бойынша әріптерді, буын, сөйлемдерді көшірді. Бірақ бұл әдістің еш нәтижесі болмады.Яғни, графикалық сауаттылық ескерілмей, тіпті өз жазғандарын оқи алмайтын жағдайлар да болды. Тек Петр I жазудың шрифтіне назар аударды.Орыс халқы Европалық шрифпен, яғни латын әріптерінің үлгісімен жаза бастады. Жазу оңайырақ болғанымен, көркем жазуға үйрету ұзаққа созылды.
Уақыт өте келе көркем жазу пән ретінде бастауыш мектепке енгізілді. XIX ғасырда көркем жазу өнер пәндерінің циклінде оқытылды. Бұл пәннен дәріс берген сурет, сызу пәндерінің мұғалімдері еді. Бұл кезде әдемі және тез жазу маңызды болды.XIX ғасырдың ортасында көркем жазуға байланысты бірнеше әдістемелер шыға бастады: В.Половцев Шапшан жазу курстары, П.Е.Баранцевич Шапшан жазуға жетелеу, П.Е. Традобоев қызмет іс-қағаздарын әдемі жазудың үлгісін шығарды.Осыған қарамастан, XIX ғасырдың ортасына дейін жазу мен оқудың арасында байланыс болмады.Яғни, алфавиттік ретпен оқытылды. К.Д.Ушинский оқи отырып жазуды ұсынды.Яғни, алфавиттік ретпен емес, оқу ретімен жазып үйренді. Оқи отырып жазу нәтиже берді және оқушылардың қызығушылығын арттырды. Бұл әдіс қазіргі кезде де мектептерде қолданылады.
Көркем жазу пәні педагогика, гигиена, физиология,психология т.б. пәндермен байланысты. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында көркем жазу пәні бойынша түрлі әдістемелер жарық көрді. Соның ішінде И.Е.Евсеевтің еңбегінің маңызы зор.Оның Көркем жазуды оқытудың әдістемесі атты еңбегінде: көркем жазудың тарихы, әр әдістің қолдану реті т.б. жазылған.Сонымен қатар В.Гербача және Ф.В.Грекованың әдістемелері де үлкен қызығушылығын тудырды.
Көркем жазуды тек әдіскерлер ғана емес, гигиенистер - А.С.Вирениус, В.И.Бывалкевич те зерттеді. Өткен жүз жылдық аяғында профессор Ф.Эрисман мектеп партасын жасады.
Көркем жазуға үйретуде: тік жазу керек пе, әлде көлбеу жазу керек пе? Деген сұрақтар пікірталас тудырды.Бір кездері көптеген елдерде соның қатарында Ресей елінде де тіке жазу енгізілді. Алайда бұлай жазу ұзаққа созылған жоқ. Себебі тіке жазу оқушының денсаулығына (қабырғаның қисық болуы т.б.)әсер ететіндігі дәлелденді.Көлбеу жазу тез әрі қолайлы болғандықтан енгізілді.
1969 жылдан бастап республика мектептері оңайлатылған жаңа жазу шрифтісіне көшірілді.
Оңайлатылған алфавиттегі әріптердің басым көпшілігі өзінің сызылуы жағынан байланыстырып жазуға ыңғайластырылған.
Байланыстырып жазуды қалыптастыру үшін мұғалім мына төмендегілерді ескеруге тиіс:
а) қолжазба әріптерінің биіктігі мен ені 2:1 қатысына сай болу керек (үш негізгі элементтентұратын ж, м, т,ф, ш, щ, ы, ю әріптерінен басқасы).
ә) жазу оң жаққа қарай 65° көлбеу болуға тиіс, әріптер мен әріп элементтерінің көлбеулігі бірдей болу керек.
б) дөңгелек немесе жартылай дөңгелек элементтері бар әріптерді сөз ішінде басқа әріптермен байланыстырудың негізгі екі әдісі бар: үстіңгі және астыңғы.

1.2. Жазуға үйрету жүйесінде жаңа әдіс-тәсілдер

Жазуға үйрету жүйесінде әр түрлі әдістер: көшіре жазу әдісі, сызықтық әдіс,ритмикалық әдіс, генетикалық әдіс, Карстер әдісі кеңінен қолданылды.
Көшіріп жазу әдісі бойынша мұғалім дәптерге қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді.Ал, оқушылар оның үстінен басып жазады.XIX ғасырда бұл әдіс мектептерге енгізілді.Бірақ бұл әдістің қолданылуы ұзаққа созылған жоқ.XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында алдынғы қатарлы И.Е.Евсеев, Ф.В.Греков т.б. әдіскерлер сын айтты. Олардың айтуы бойынша бұл әдіс түсіне отырып жазуға емес, механикалық жазуға әкеп соғады деді. Бұған қарамастан Д.А.Писаревский,И.Н. Боголюбов сияқты әдіскерлер көркем жазуға үйретудің алғашқы кезінде немесе оқушылармен жеке жұмыс жасағанда пайдалы екендігін мойындады. Д.А.Писаревский бұл әдістің жазуды қайта қалыпқа келтірген кезде пайдалану керектігін айтты. Көшіру әдісінің кемшіліктерін ескере отырып, оны әрқашан қолдануға шек қойылды
Сызықтық әдіс арқылы оқушы әріптің көлемін, пішінін, арақашықтығын, көлбеулігін дұрыс жазуды үйренеді.Әріптің біркелкілігін сақтау үшін арнай торкөздер пайдаланылды.
1857 жылы Германияда графикалық торкөздер пайда болды. XIX ғасырдың аяғында Германияда бұл торкөзді пайдалануды алып тастады.Себебі, бұл көздің жанарына және оқушылардың өздігінен жұмыс істей алмауына әкеліп соқтырды.
Ресейде суретші мұғалімдер көркем жазу пәнінен дәріс бергендіктен олар жазуды сурет пәніндегідей көмекші торкөздер арқылы қалыптастыруға тырысты.Революцияға дейінгі Е.В.Гурьянов, Ф.Г.Голованов,Е.Н.Соколова бұл әдістің тек нашар жақтарын айтты. Мұндай торкөздерге әріпті жазу дәптерді тік қою арқылы жүзеге асады. Ал, бұл қолдың дұрыс емес қозғалуына әкеп соғады.
Генетикалық әдіс көркем жазуда әріп элементтерін жазып үйренуді талап етеді. Балалар әріп таңбаларын алфавит ретімен жазып үйренбейді, алдымен оңай әріптерді жазып үйренеді, соңынан біртіндеп жазылуы күрделі әріптерді таңбалауға үйретеді.Генетикалық әдіс өте ерте кезде пайда болды.И.Е.Евсеев бұл әдісті XVI ғасырда неміс суретшісі Дюрер қолданғанын жазды. Көркем жазуға үйретуде Песталоцци қолданған. XIX ғасырда бұл әдіс Европа елдерінің мектептерінде қолданысқа түсті.Бұл әдісті орыс елінің мектептерінде пайдаланудың нәтижесі зор болды. И.Е.Евсеев, Ф.В.Греков т.б. бұл әдістің механикалық жаттығулардан әлде қайда тиімді екенін айтты. Алайда, әдіскерлер әріпті оқудан бөліп жазуға болмайтындығын түсінді.Сондықтан генетикалық әдіс оқудың ретімен әріпті жазып оқудан кейін пайдаланылды.Соңғы кездері бұл әдісті әдістемелерде әліппе кезеңінен кейін және әріпті қалыпқа келтіруде пайдалануды ұсынған.
Тактикалық немесе ритмикалық әдіс. Ритм - бүкіл жазу элементтерінің лайықты үйлесімін табуға көмектесетін амал. Тактылау (санау) - қозғалысты бір қалыпты жетілдіріп, оқушылардың жазу қарқының жеделдетуге әсер етеді, жазу процесінде жасалатын қол қимылдарының дұрыс та айқын болуын дамытады, сыныптың бір мезгілде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.Алайда, бұл әдістің бірнеше кемшіліктері бар екендігі дәлелденді.Үнемі қолдану арқылы оқушыларды жалықтыратындығы, жұмысқақызығушылығын төмендететіндігі айтылды.
Карстер әдісі қолдың қозғалысын дамыту үшін дамыту үшін жасалынатын жаттығулар жатады.XIX ғасырдың басында ағылшын Карстер енгізген. Бұл әдіс бойынша ең алдымен 19 элементті, одан кейін жазылуы қиын штрихтары бар әріптерді, сөздерді жазуға үйретеді.Бұл әдісті ересектерге ( каллиграфиясын түзеу үшін) пайданылған тиімді.
Міне, бұл көркем жазудың дәстүрлі әдісі болып табылады. Бұл әдістерді жекеше қолдану нәтиже бермейтіндігін байқап отырмыз. Нәтиже барлық әдісті қолдану ретімен пайдаланғанда ғана болады.

1.3. Жазудың мақсаты, міндеті,принциптері

Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмыстың негізгі мақсаты - балаға хат таныту, оқу мен жазуды үйрету.Сауат ашу - аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс.Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементтерін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу жаза,оның жазуға машықтандыру міндеті де тұр.Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы қалыптасады.
Көркем жазу пәнінде әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы болуға тиіс. Мектепке алғашқы келген күнней бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Бірақ бұл үрдіс баяу қалыптасады.Мұндай мақсатқа жету көптеген талаптарды орындаумен тікелей байланысты.
Көркем жазу пәнінің алғашқы сабақтарында оқушылардың жеке басына және мектепке қойылатын гигиеналық талаптар мен сынып жиһаздарының дұрыс орналасуы, тақта мен парта арасындағы қашықтықтың сақталуы, жарықтың дұрыс түсуі, партаның оқушы бойына сәйкес болуы немесе оның жазу кезіндегі ыңғайлылығы, оқушының партаға дұрыс отыра білуі, дәптер мен көру арақашықтығын сақтауы, жазу құралдарын тиімді пайдалануын ескеруі шарт.
Осыдан кейін осы талаптардың сабақта орындалуы, әріп формалары мен арақашықтығы біркелкі болуы ескерілуі.
Әріптің көлемі біркелкі болуы I, II сыныптарда аса назар аударылады Мәселен, 1 сыныпта кіші әріптің биіктігі 4 мм, жұмыс жолының көлемі және жоғарғы сызығынан аспау керек. Бос әріптің биіктігі 8 мм, жоғарғы жағы---- жұмыс жолының сызығына жетпеу керек.
2-3 сыныптарға арналған дәптерлер арақашықтығы 9 мм болатын бір түзу сызықпен сызылған.Кіші әріптің биіктігі - 3 мм, бас әріптің биіктігі 7 мм.
Көркем жазуға үйренудің принциптері жалпы дидактикалық принциптерге сүйенеді.
Көрнекілік принципі жазуға, әсіресе көркемжазуға үйренудің негізі Яғни, сабақта түрлі таблицалар тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне т.б. жазуды сабақта пайдалану.
Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А. Коменский, К.Д.Ушинский т.б.
Осы принцип негізінде Я.А.Коменский алғашқы оқытудың методикасын жазды.
К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалардың заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.
Оқыту мен тәрбие процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілік қолданудың нәтижесінде сабақ және сабақтан тыс тәрбие жұмыстары әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеру әсер етеді. Мысалы, электрон теориясын сабақта кинофильмді пайдаланып түсіндіру жақсы нәтиже береді. Көрнекіліктің тәрбие процесінде де маңызы өте зор. Мысалы, бұған дәлел, біріншіден, мұғалімнің, ата-ананың, ересек адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, іс-әрекеттері балалар үшін үлкен өнеге. Олардың өнегесін, әдет - ғұрпын балалар тікелей бақылайды, көреді, өзінің бойындағы қасиеттерімен салыстырып, үлгі алуға тырысады; екіншіден, тәрбие жұмыстарының барысында ғылым, мәдениет, халық шаруашылығы салдасындағы белгілі жаңашыл адамдармен, Ұлы Отан соғысының батырларымен, совет барлаушыларымен олардың адамгершілік, патриоттық, интернационалдық істерімен оқушылардың экранды-динамикалық, дыбысты техникалық құралдар арқылы таныстыру жеңіл де және түсінікті де болады.
Сонымен, көрнекілік принципінің оқыту мен тәрбие материалдарын, әсіресе теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орны ерекше.
Көркем жазуда оқушы ғана түсіндіру, тапсырма беру көп қиындық тудырады. Бұған қоса мұғалімнің жазу үлгілеріне жазып көрсетуі қолтаңбаның дұрыс қалыптасуына әсерін тигізеді.
Оқушылар түсіне отырып жазуының маңызы зор.Мәселен, оқушылар көлбеу жазудың не үшін керектігін түсіне отырып жазу керек. Сонымен қатар көркем жазудан алған оқушылардың білімдерінің кейбіріне ереже ретінде қарау керек. Мысалға, оқушылар гигиеналық талаптарды, әріп элементтеріне қойылатын талаптарды білу керек. Ережелерді оқушыларға біртіндеп үйретіледі. Ең бірінші ереже - гигиеналық және әріптің солдан оңға қарайкөлбеу жазуы.
Екінші ереже - элемент, әріп, сөз арасындағы қашықтықтың сақталуы. I, II сыныпта оқушылар бұл ережелерді қайталап, өз айтқандарын көрсете білуі керек.
Түсіне отырып жазу оқушылардың өзінің немесе өзгенің қатесін түзетуге үлесі зор.
Қайталау принципі бойынша жаттығулар жазу арқылы жазу дағдылары автоматтандырылады. Барлық дағдылар жаттығу жасау барысында жалдам орындалады немесе беки түседі.
Бірақ барлық жаттығуларды орындау барысында дағдылар қалыптаса бермейді.Орындалатын жаттығуда көзделген мақсатқа сай іс - әрекеттер жасалыну тиіс.
Жаттығу немесе қайталау - дағдысы қалыптастырудың ең ескі түрі жаттығуды қайталап орындату нәтиже бермейді. Ол үшін жасалған жаттығуға анализ жасау, салыстыру арқылы қорытындылып отыру керек. Қайталау принципін демалыстан келген кезде қолданған пайдалы. Ол арқылы оқушылар ұмытып қалған дағдыларын қалыпқа келтіреді.
Көркем жазу дағдыларын игерту оқушылардың ерекшеліктерін ескеруді талап етеді: қолдың қимылы, нерв жүйесі т.б. 6 жасар баланың жазу дағдыларын игеру қиынға түседі.Себебі, олар баяу қимылдайды.
Қарапайымнан күрделіге қарай жүру принципі немесе бірте-бірте күрделену.Мәселен, 6 жасар бала әріп элементтерін әріпті, содан кейін сөз жаза бастайды. Бірақ біз олардан бір сөзді үзіліссіз жазуын талап ете алмаймыз.Бұл 6 жасар балаға қиындықтуындайды.
II сыныпта оқушының үзіліссіз жазуды үйренеді.
Онайдан қиынға қарай жүру әріптің формасымен жұмыс істеу барысында қалыптасады. Әріптерді бірнеше топқа бөліп қарастырамыз. Бірінші топқа - жазылуы оңай әріптер кірсе, екінші топқа қиын әріптер жатады.Әріптерді бұлай топтау арқылы жазу гигиеналық принцип болып табылады.
Оқушыларды көркем жазуға үйрете отырып, олардың жеке дара ерекшелігін ескеру керек: оқушылардың жазу қабілеттерін білу, көзінің көру қабілетін ескеру, қимыл - қозғалыстарын ескеру қажет.
Мұғалім оқушының дұрыс отыруын, дәптерді орналастыруын, қаламсапты ұстауын, әріптің формасын , тез немесе баяу жазуын байқап отыру керек. Мұның бәрі мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс істеріне, ата - анасына кеңес беруге,үйге тапсырманы дұрыс беруге көмектеседі.
Көркем жазуда оқу мен жазуды байланыстыра алу маңызы К.Д. Ушинскийдің оқу мен жазуды байланыстыра жүргізу принципі мектеп тәжірибесінде өз нәтижесін көрсете білуі.

2. ДИКТАНТ ЖҮРГІЗУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР МЕН БАҒАЛАУ НОРМАЛАРЫ
2.1. Диктант, оның түрлері және жазба жұмыстарының классификациясы

Қазақ тілін сабағында жүргізілетін жазу жұмысының көптеген түрі бар. Соның бірі -- диктант. Бұл ұғым өз бетімен ойын қағаз бетіне түсіруді және айтып тұрғаннан жазуды меңзейді. Оның түрлері: әріп, буын, сөз, сөздік, ескерту, шығармашылық, көру, өздік, терме, графикалық және бақылау диктанттары.
Әріп диктанты. Бастауыш сыныпта алғашқы әріптерді үйренгеннен кейін өткізіледі. Ол дыбыс таңбасының баспа түрінен жазба түріне аударып жазуға үйрету, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру және көркем жазуын қалыптастыру үшін қолданылады.
Буын диктанты сауатты жазуға үйрету, қате жазудан сақтандыру, сөзді буындап оқуға, оны жаттап алуға көмектесу, сөздерді тасымалдай білуге үйрету сияқты жұмыс түрлерін қамтиды.
Сөз диктанты әріп пен буын диктанттарына қарағанда біраз күрделірек. Мұндағы мақсат -- оқушыларға сөз белгілі бір ұғымды білдіретінін, ярни мағынасы болатынын түсіндіру. Мұнда оқушылар өздері естіген әрбір сөздің нақты мағынасын түсінумен қатар, оларды буынға бөліп жазып үйренеді. Осыдан кейін ғана олар жеке сөзді, әріпті тастап кетпей, артық әріп қоспай немесе әріптердің орынын ауыстырмай, әрбір сөздің мағынасын түсініп, қатесіз, көркем жазуға дағдыланады.
Жоғарыда айтылған әріп, буын, сөз диктанттары бастауыш сыныпқа арналған диктанттар, яғни кеңірек айтылғандықтан, бұларға көп тоқталмаймыз.
Сөздік диктанты әріп емлесін өту кезінде белгілі бір сөздердің жазылуын есте сақтау үшін пайдаланылады. Диктантқа ұсынылатын сөздердің саны 5-6 сыныптарда 30-35-тен аспауы керек. Сөздік диктанты өтіліп отырған тақырыпқа байланысты мұғалімнің қалауымен жүргізіледі.
Терме диктанты белгілі бір ережені оқушылардың қалай меңгергенін байқау үшін сабақ үстінде жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқып алдында қандай ережеге көңіл аудару керек екендігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады,
Көру диктанты мұғалімдер тәжірибесінде өте пайдалы, диктантқа үйрететін жұмыстардың ішіндегі ең бастысы больш есептеледі. Бұл диктант түрі оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілгсн өлеңдерді алуға болады.
Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын ала аумақты қағазға жазылып қойылады. Оларды оқушылардың 2 -- 3 рет оқып шығуына, асықпай көріп, жадында сақталуына 1 -- 2 минут уақыт беріледі. Содан ке-йін мұғалім оны жауып қояды. Оқушылар тақтадан оқыған мәтінін есіне түсіріп, дәптерге жазады. Мұндай материалдардың құрамында жазылуы қиын сөздермен бірге, баса көңіл аударуға тиісті ережелері бар термин сөздер болса, мұғалім олардың астын түрлі түсті бормен сызып қояды.
Өздік диктантында оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана отырып өз бетінше жазады.
Диктанттың бұл түрінің өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Мұғалім өздік диктанты қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын ала ескертіп қояды.
Шығармашылық диктант -- үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арт- тыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады.
Ескерту диктанты көлемі, орфографиялық емле, сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді. Мұнда осы уақытқа дейінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мұғалімдеріне арналған мәліметтер
Жазу жұмысының түрлері мен олардың негізгі ерекшеліктері
Ойды дамыту - тіл дамыту негізі
Оқушы сауаттылығын есепке алуда қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін диктант, оның түрлері
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша жүргізілетін жазба жұмыстары
Морфологиялық жаттығулар
Жазба жұмыстарының түрлері және оның өткізудің жолдары
Жазуды оқытудың тарихы
Қазақ тілінің жазба жұмыстардың маңызы
Жазба жұмыстарын үйретуге бағытталған жұмыстар
Пәндер