Мектепке дейінгі мекемедегі ұйымдастырылған іс-әрекетінен жұмыс жоспарын құру және ұйымдастыру әдістері


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТІНЕН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ . . . 5
1. 1. Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбие мен оқыту мазмұнының басым бағыттары . . . 5
1. 2. Педагогикалық процесті ұйымдастырудағы әдістемелік тәсілдер . . . 14
1. 3. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастыру . . . 16
ІІ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАҒЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАР ЖӘНЕ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕГІ МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫПТАР . . . 21
2. 1. Балалардың мектепке әлеуметтік-психологиялық даярлығы . . . 21
2. 2. Балалардың мектепке даярлығының психологиялық аспектілері . . . 23
2. 3. Мектепалды даярлыққа арналған оқу материалдары . . . 25
ІІІ. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ . . . 31
3. 1. Тақырыбы: «Менің Қазақстаным - менің болашағым» . . . 31
3. 2. Тақырыбы: «Қазақстан ортақ үйіміз» . . . 31
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 37
КІРІСПЕ
Қазақстанның әлеуметтік-эконмикалық дамуы жалпы білім беру жүйесіне, оның ішінде бастауыш буынға − мектепке дейінгі тәрбиеге жаңа талаптар қойып отыр.
Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына Жолдауында «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз − белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» деп атап айтқан.
Мұндай жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыру мектепке дейінгі жастан басталады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытудың өзектілігі бір ғана мақсатпен түсіндіріледі: терең ойлы, дені сау, ақылды және мейірімді бала қалыптасатындай білім беру.
Адамды мектепке дейінгі жастан дамыту оның алдағы барлық өмірінің анықтауышы болып табылады. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту жүйесіне инновациялық технологиялар негізінде әзірленген ақпараттық технологиялар, электронды оқу-әдістемелік кешендері енгізілуде.
Жаңа оқу жылының негізгі міндеттері:
- мектепке дейінгі білім берудің нормативті құқықтық базасын жетілдіру;
- мектепке дейінгі ұйымдар желісін арттыру және олардың материалды-техникалық жағдайын, пәндік-дамытушы ортасын нығайту;
- мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбиелеу процесінің бағдарламалық-әдістемелік мазмұнын жаңарту;
- мектепке дейінгі білім беру педагогтарының біліктілігін артыру жүйесін жетілдіру;
- ата-аналар қауымдастығымен ынтымақтастық болып табылады.
Қазіргі уақытта республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында 670 мыңнан астам баланы қамтыған 9 мыңдай мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді. 1 жастан 6 жасқа дейін балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту - 48, 8% - ды, ал 3 жастан 6 жасқа дейін - 73, 4%-ды құрайды.
І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТІНЕН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
1. 1. Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбие мен оқыту мазмұнының басым бағыттары
2014-2015 оқу жылында мектепке дейінгі білім беру жүйесі қызметінің негізі бағыттары:
- сапалы мектепке дейінгі білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- тәрбие мен оқытудың инновациялық технологияларын ендіру негізінде білім беру процесін жаңғырту;
- пәндік-дамытушы ортаны моделдеу;
- тәрбиелеу-білім беру процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді ендіру;
- мектепке дейінгі ұйымдарда тілдердің үштұғырлылығын іске асыру;
- педагогикалық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру;
- мектепке дейінгі ұйым қызметіне ата-аналарды тарту, бала тәрбиесі процесінде өзара әрекеттің түрлі стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені жүзеге асыруда психологиялық-педагогикалық қолдау болып табылады.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары, олардың ведомостволық бағыныстылығына және меншік нысандары, типтері мен түрлеріне қарамастан, педагогикалық білім беру қызметін нормативті құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.
Бүгінгі таңда болашақ ұрпаққа білім беруде жас өркеннің болмыс бітімі, талғам таразысы, талап деңгейін айқындай отырып, оларға нені оқыту керек, қандай білім беру керек деген мәселені нақтылап алу қажет. Ол үшін білім мазмұнын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау қажеттілігі туындап отыр. Білім мазмұны тарихи сипатқа ие. Олай дейтін себебіміз, ол қоғам дамуының қай кезеңінде болмасын білім берудің мақсаты мен міндеттерін айқындайды. Білім мазмұны әртүрлі әлеуметтік жүйеде бірдей болған емес. Ол өмір талаптарының ықпалымен, өндірістің және ғылыми білім деңгейінің дамуына байланысты үнемі өзгеріп отырады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың әр жылдардағы халыққа жолдауы-әр адамның жан-жақты дамуына мол мүмкіндік жасайтын мемелекеттік құжаттың бірі. Бұл жолдаудың негізіне түрлі реформалармен қатар білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру, әлемдік білім кеңестігіне толығымен кірігу және қоғамымыздың басты байлығы-жас ұрпақты дамыту үшін қажетті жағдай жасау жолымен оның ой-өрісін кеңейтіп, жан-дүниесін байыту, жалпы және кәсіптік білім алуы үшін мүмкіндіктер жасау туралы мәселелер қойылып отыр.
2007 ж 15 тамызда жарияланған Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңының»Білім беру мазмұны - деп аталатын 4 тарауының 13 бабында: «Білім беру мазмұны-жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі» (кешені) -деп атап көрсетілген.
Республика көлемiнде бiлiм беру саласындағы түбiрлi өзгерiстерге сәйкес «Бiлiм туралы» заңды жүзеге асыруда бiрқатар шаралар ұйымдастырылуда. Олар: мектепалды даярлық тұжырымдамасы, мектепалды сыныптарының және мектепке дейiнгi ұйымдардың базистiк оқу жопары, мiндеттi мектепалды даярлығын ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулар, мектеп жанында 6-7 жастағы балаларды мектепалды даярлаудың бағдарламасының әзiрленуi. Аталған құжаттарды мiндеттi түрде пайдалануды жүктейтiн бiлiм және ғылым министрлiгiнiң № 96, 97 бұйрықтары жарияланды. Қазақстан Республикасы "Білім туралы заңының" 23-бабына және 1999 жылы 22 қарашадағы 1762 бұйрығына сәйкес "Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері" туралы қаулысы, оның ережесі және тұжырымдамасының ұсынылуы, балаларды мектепке даярлау бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе екендігін көрсетеді. Отбасында және балабақшада, мектеп жанында баланы мектепке даярлау бағдарламаларының (1998, 1999, 2000), оқу- әдістемелік құралдарының жарық көруі тәрбиеші-педагог мамандарды даярлау мәселесінің сан қырына жаңаша қарауды талап етіп отыр, бұл мектепке дейінгі кезеңдегі білім мазмұнын жаңартуға елулі ықпал етеді. 9 Білім мазмұнының қалыптасуының материалдық теориясының негізін Я. А. Коменский салған. Оның «Ұлы дидактика» атты еңбегінде «бәрін бәріне оқыту өнері» ретінде және оның құрамында «жан-жақты моральдікке бағытталған ойлардың қалыптасуы» туралы оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін қарастырған. Я. А. Коменскийдің мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру туралы «Ана мектебі» деген арнаулы еңбегі мектепке дейінгі тәрбие жөнінен дүние жүзінде бірінші бағдарламалық құрал болды. Ол балалардың денсаулығына және дене дамуына мұқият қамқорлық жасауға, жаңа туған сәбиді күтіп, баптауға, баланың тамағы, киімі, күн режімі туралы халық тәжірибесі мен өз заманындағы медицинаға сүйенетін ұсыныстар жасады. Ол адамгершілік нормаларды игерту, іс-әрекет етуге талаптанушылық, еңбек сүйгіштік, шыншылдық, мұнтаздай таза жүрушілік, сыпайылық т. б қасиеттерді тәрбиелеу жөніндегі ұсыныстары құндылығын жойған жоқ. Сондай-ақ, мектепке дейінгі балалық шақты мектепте онан әрі жүйелі оқытудың даярлық кезеңі ретінде қарады және мектеп жасына дейінгі бала игеруге тиісті қарапайым білімдердің неғұрлым кең шеңберін егжей-текжейлі белгілеп берді. Бұл бүгінгі таңда біздің зерттеуімізге сәйкес білім мазмұнын жаңарту бағытын айқындауға негіз болмақ.
Педагогикалық теория негіздерінің қалыптасуында Ежелгі Грецияның аса көрнекті философтары Платон мен Аристотель көзқарастарының ерекше маңызы болды. Платон тәрбие мен оқытудың мәні, қоғамдық құрылым мен тәрбиенің қатынасы сияқты аса маңызды педагогикалық ұғымдардың анықтамасын берген. Ол балаларды ерте бастан тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесі туралы идеяны ұсынды. Платон ойынды тәрбие берудің маңызды құралы деп қарады, балаларды тәрбиелеумен шұғылданатын адамдарға қойылатын негізгі талаптарды айқындап берді. Аристотель жеке адамның дене, ақыл-ой және адамгершілік тәрбиесін қамтитын үйлесімді даму идеясын тұжырымдады. Ол тәрбиенің табиғи дарындылығына үлкен мән берді. Ол мектепке дейінгі кезеңді жеке адамның қалыптасуындағы ерекше және маңызды деп бөліп қарады. Бұл кезеңде оның пікірі бойынша, алуан түрлі ойындармен қатар ақыл ойды дамытатын әңгімелер пайдалануға тиіс, ал балаларды бес жасынан бастап мақсатты түрде мектепке даярлау керек-деп тұжырым жасаған болатын.
Мектепке дейінгі тәрбие теориясының қалыптасуына рим педагогы Марк Фабий Квиантилиан жазған «Шешенді тәрбиелеу туралы» арнаулы педагогтық трактат-педагогика тарихында тұңғыш маңызды роль атқарды. Ол балалардың бойында ең әуелгі-бастапқы түсініктердің қалыптасуына қоршаған ортаның әсер ету маңызын атап көрсетті, ата-аналарға және педагогтарға биік адамгершілік, жақсы да дұрыс тіл білуді талап етті. Мектепке дейінгі жаста балалармен жүйелі сабақ жүргізу мүмкіндігі бар деп есептеді. Алайда соның өзінде берілетін білім ауқымы кең болмауға тиіс, оны беру әдістемесі «бала сүйіп үлгермеген оқуды жек көріп кетпеуі үшін» балалардың қуанышты көңіл күйін, ынтызарын туғызу керек-дейді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында-ХХ ғасырдың басында Европада неміс педагогы Ф. Фребельдің мектепке дейінгі тәрбие теориясы кең таралды. Ол 10 «балалар бақшасы» деген терминді енгізді, бұл дүние жүзінде жаппай қабылданды. Сондай-ақ, тәрбиеші әйелді Фребель «баулушы» деп атағандығынан оның балаларға деген сүйіспеншілігі, педагогтарды баланың есеюіне және дамуына көмектесуге шақырғаны, мақсатты педагогикалық ықпалдың маңызына жоғары баға бергені айқын көрінеді. Ол балалардың жасына сәйкес бірқатар қарапайым білім мазмұнымен таныстыру қажеттілігін атап көрсеткен. Оның идеялары: мектепке дейінгі тәрбиені насихаттау және балалар бақшаларын кең тарату, мектепке дейінгі мекемелердің жұмысының теориясын бірінші болып жасап, мектепке дейінгі педагогикалық ғылымдардың дербес саласы болып бөлінуіне себепкер болды. Дидактикалық формализм теориясы бойынша: ХVIII ғ. аяғында Э. Шмидтің «Эмпирикалық психология» және А. А. Немейердің «Тәрбиелеу және оқытудың ұстанымдары» атты еңбектерінде қарастырылған формалді теория білімнің мазмұнын қалыптастырудың формальді теориясы ретінде тұтас қалыптасты. Бұл теорияны ерте уақытта Гераклит пен Цицерон басшылыққа алса, уақыт өте келе бұл бағытты И. Кант пен И. Г. Песталоции дамытты. Педагогика ғылымында В. В. Краевскийдің еңбектерінде білім мазмұны түрлі тұжырымдамалары бар деп көрсетілген, олардың тамырлары өткен формальді және материалды білім теориясына негізделген. Бұлардың әрқайсысы адамның әлемдік білім кеңістігінде және қоғамдағы қызыметімен тығыз байланысты қарастырады.
Білім мазмұнының демократиялық қоғамда өз бетімен ойлайтын адам қалыптастыруды өз міндеті санайтын негізгі үш тұжырымдамасын ұсынады. Бірінші тұжырымдама: білім мазмұнының педагогикалық бейімделген ғылым негізері мектепте оқытылады, бірақ басқа жеке қасиеттерді: шығармашылық қабілет, таңдай білу еркіндігі, өз бетінше дербес әрекет ете білу, адамдарға адалдық қарым-қатынас ескерілмей, сыртта қалады. Бұл көзқарас оқушыларды ғылымға немесе өндіріске үйретуге саяды да, ал демократиялық қоғамда өз бетімен тіршілік етуге, үйретілмейді.
Адам өндіріс факторы ретінде бейнеленеді. Екінші тұжырымдама: оқушылар білім мазмұнында білімнің, іскерлік пен дағдының жиынтығын меңгеруі қажет. «Білім мазмұны» деп оқыту барысындағы ғылыми білімдер, тәжірибелік іскерліктер мен дағдыларды, сондай-ақ, дүниетанымдық көзқарастың, адамгершілік идеялардың жиынтығы деп түсіну керек - деп тұжырымдайды. Үшінші тұжырымдама: В. В. Краевский, И. Я Лернер, М. Н. Скаткиннің еңбектерінде ғылыми негізде көрсетілген. Білім мазмұны осы авторлардың педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе, гуманистік ойлау пайымдауларына сай жасалған. Осы тұжырымдама бойынша: - әлеуметтік тәжірибе негізгі төмендегідей элементтерден тұрады: танымдық тәжірибеге негізделген білімнің жан-жақты көбеюі; - белгілі тәсілдерді іске асыру тәжірибесі; - шығармашылық әрекет тәжірибесі - стандартты емес жағдаяттарды, мәселелік жағдаяттарды шеше білу; 11 - жеке бағдар кезінде эмоционалды қарым-қатынасты іске асыру тәжірибесі; Осы элементтер білім мазмұнының құрылымын құрайды және білім түрлерінің ерекшелігін көрсетеді. Жалпы білім мазмұны, бір жағынан қоғамдық қажеттілікті бейнелейтін оқушының оқу - танымдық әрекетінің маңызды шарты болып табылады, екінші жағынан, жеке оқушының оқуға деген мұқтаждығын қанағаттандыру, оның басты мәдениетін қалыптастыру құралы болып табылады. Дидактика тұрғысынан бұл оқытудың білімдік және үрдістік жақтарының бірлігін көрсетеді. Көрсетілген ұстанымдар білім беру мазмұнының құрамына нені кіргізу керек, нені кіргізбеу керек екендігін анықтауда маңызды болып табылады. Білім беру мазмұнын қалыптастырудың тізбектелген факторлары және ұстанымдарына сәйкес білім мазмұнын таңдаудың жалпы дидактикалық жүйесінің жасалғандығын сипаттай келіп оның өлшемдерінің жүйесін ұсынады.
Білім мазмұнын таңдаудың өлшемдерінің жүйесі: Білім мазмұнында өз бетімен ойлай алатын демократиялық қоғам адамын қалыптастыру міндеттерінің тұтас көрініс табу өлшемі. Білім мазмұнына жалпы білім беру тұрғысынан маңызды ғылым әдістері, білімдердің типтік мәселелерді қамтитын салаларынан алынған білімдер енеді.
1. Мектептегі оқу пәніне және оқу пәндері жүйесіне кіретін білімдік материалдың жоғары ғылымилығы, тәжірибелік маңызы өлшемі. Оқу пәндеріне білімдер туралы - жалпы білімдер, анықтама, ғылыми факт, тұжырымдама, үдеріс т. б. енгізіледі.
2. Білімдік материал мазмұны күрделілігінің сол жастағы оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне сәйкестігі өлшемі.
3. Мазмұн көлемінің осы пәнді оқуға бөлінген уақытқа сәйкестігі өлшемі.
4. Жалпы орта білім мазмұнын құрастырудың халықаралық тәжірибесін есепке алу өлшемі.
5. Мазмұнның қазіргі мектептің оқу-әдістемелік және материалдық базасына сәйкестігі ұстанымы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz