Бал өнімдерінің сапасы және оның адам денсаулығына тигізетін пайдасы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Бал өнімдерінің сапасы және оның адам денсаулығына тигізетін пайдасы
.
Мазмұны
Кіріспе . . .
- Бал ара шаруашылығының сала ретіндегі ерекшелігі . . . Қазақстандағы ара шаруашылығының дамуы . . . Қазіргі кездегі бал арасы шаруашылығының жағдайы . . .
- Омарта шаруашылығы өнімдерінің тұрғындарды сауықтырудағы рөлі. . Бал арасынан алынатын өнім түрлері және олардың құрамы . . . Бал арасы өнімдерін өндіретін мекемелерде қолданылатын технологиялар . . . Бал арасы өнімдерінен жасалынатын дәрілер, олардың емдік қасиеті . . . Қоршаған орта ластануының бал арасынан алынатын өнімдерге әсері . . .
3. Бал арасынан алынған өнімдердің экологиялық сапасын арттырудың жолдары . . . Қорытынды . . . Әдебиеттер тізімі . . .
Қосымша А . . .
Қосымша В . . .
КІРІСПЕ
Ара шаруашылығына күннен күнге көптеп мән берілуде. Бұл, ең алдымен, ара шаруашылығының өнімдерін пайдалану саласының кеңеюімен байланысты. Сонымен қатар, бал арасы аса сенімді және көп жағдайда этномофильді дақылдардың ең жақсы тозаңдандырушысы болып табылады. Арамен тозаңдандырусыз беде, жоңышқа, эспарцет пен басқа да жемшөптердің сапалы тұқымдарын алу мүмкін емес. Арамен тозаңдануға көптеген жеміс‑жидек пен техникалық дақылдар, сондай‑ақ, жабық алаң өсімдіктері мұқтаж.
Ара - өте көне қоғамдық жәндік. Бал арасы (Аріs mellifera L. ) - бал, балауыз өндіру үшін және ауыл шаруашылық дақылдарын тозаңдандыру үшін өсірілетін аса кең таралған тұқым, тірі табиғаттың таңғажайып жаратылысы. Аралармен өндірілетін бал және барлық бал өнімдері тәтті, пайдалы, емдейтін өнім болып табылады. Бал бұрыннан бері адам қоректенуіндегі қуат көзі және оның сырқаттарының шипагері болып келеді. Аралардың тіршілігі өсімдіктер әлемімен тығыз байланысты. Олар ауыл шаруашылық және бау‑бақша дақылдарының маңызды тозаңдандырғыштары болып табылады. Гүлдерден шірне мен тозаң жинап, аралар өсімдіктерге зор пайда келтіріп, жоғары өнім алуға көмектеседі. Бал өнімі балды өсімдіктердің көптігіне, экологиялық пен биологиялық жағдайына тәуелді. Сол сияқты өсімдіктердің де беретін өнімі араның жұмысына байланысты. Аралар мен өсімдіктер арасындағы осы байланыс араны шаруашылықта пайдалануға негіз болады. Алайда, ғылыми‑техникалық прогресстің дамуы, халықтар мен қоныс мекендердің тез өсуі, жерді егістікке, жайылымдарға, өнеркәсіптік кәсіпорындарға пайдалану гүлдейтін өсімдіктері бар жерлерді қысқартты. Ара шаруашылығы қиын жағдайға ұшырады, яғни араларға адаммен басқа түрге өзгертілген табиғатқа бейімделуге тура келеді. Бұл үрдіс баяу жүреді және әрдайым табысты бола бермейді. Қазір көшпелі омарташылықтар пайда болды. Жолдар мен көліктердің барынша дамуы бал араларын бір орыннан басқа жерге ауыстыруға мүмкіндік береді. Қиындықтарға қарамастан ара шаруашылығы сөнбес үшін әлі көп нәрсе жасауға болады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Белгілі болып отырғандай, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанда тауарлық балдың 70%‑дан астамын өндіретін аса дамыған ара шаруашылығының аймағы болып табылады. Қазіргі уақытта ара шаруашылығының саласы күрделі кезеңді бастан кешуде. Негізгі себеп кадрларды дайындаудың тоқтатылуы, ара шаруашылығының Қазақ тәжірибелік стансасы таратылуы, ғылыми әзірлемелерді қаржыландырулардың елеулі қысқартылуы, Қазақстанның басқа аймақтарынан әкелуді бақылаудың мүлдем жоқтығы, бұның бәрі нәтижесінде ара ауруларына және тұқымның әрі қарайғы азғындауына әкелді.
Ара шаруашылығының өнімділігін жоғарылату және энтомофильді дақылдардың тозаңдануына араларды пайдалануды қарқындату оларды бағып‑қағу жағдайына, экологиялық жағдайға және әсіресе, омарталар мен балды өсі күтіп‑бағу жағдайына, экологиялық жағдайға және әсіресе, омарталар мен балды өсімдіктер оқшауланған жерлерге жақын топырақ, ауаның антропогенді ластануына байланысты. Ортаның антропогенді ластану деңгейіне аралардың физиологиялық күйі, олардың тіршілік қабілеттілгі, жазғы белседілігі мен өнімділігі тәуелді. Сондықтан қоршаған ортаның антропогенді ластануына аралардың тұрақтылығын, бал өнімдерінің сапасына әсерін зерттеу де өзекті мәнге ие.
Азық‑түлік өнімдерін және өнеркәсіп үшін ауыл шаруашылық шикізаттарын өндіру туралы осы заманғы көзқарас өнімнің нақты бір түрін беретін ауыл шаруашылығының жеке салаларын дамыту қажеттіліктеріне ғана емес, сондай‑ақ, олардың байланысы мен өзара әрекеттестіктеріне негізделуі керек. Бір сала жұмысының бұзылуы басқалардың өндіріс тиімділігінің және оның салдарынан бүкіл ауыл шаруашылық құрылымының төмендеуіне әкеледі.
Зерттеу мақсаты: Бал ара шаруашылығының жағдайын талдау, тұрғындарды сауықтырудағы рөлін анықтау және бал арасынан алынатын өнімдердің экологиялық сапасын жақсарту шараларын қарастыру.
Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды:
- Бал арасынан алынатын өнім түрлеріне және олардың химиялық құрамына сипаттама беру;
- Бал арасы өнімдерін өндіретін мекемелерде қолданылатын технологиялармен танысу;
- Бал арасы өнімдерінен жасалынатын дәрілермен танысу және емдік қасиеттеріне талдау жасау;
- Қоршаған орта ластануының ара шаруашылығына әсерін талдау;
- Бал арасынан алынатын өнімдердің экологиялық сапасын жақсарту шараларын ұсыну.
Зерттеу объектісі: Шығыс Қазақстан облысының бал ара шаруашылығы.
Зерттеу әдістері: сипаттама беру, салыстыру, статистикалық, мәліметтерді талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы ара шаруашылығына түсетін антропогендік әсерге баға беріліп, бал арасынан алынатын өнімдердің сапасын жақсартудың экологиялық аспектілері анықталды.
Зерттеудің тәжірибиелік маңыздылығы осы берілген зерттеу жұмыстарының мәліметтерін ара шаруашылығы шаруа қожалықтарында, әуесқой арашылардың омартасында жұмысты тиімді ұйымдастыруға, табиғатты қорғау мекемелерінде, агрономдарға, зоотехниктерге, студенттерге және оқытушыларға пайдалануға болады.
Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшаны қамтиды.
1БАЛ АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ САЛА РЕТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІГІ
- Қазақстандағы ара шаруашылығының дамуы
Қазақстан Республикасы 272, 5 млн. га жерді алып жатыр. Оның ішінде шексіз далалық, шөл және шөлейт аймақтар, көлдер мен өзендер, орман‐ тоғайлар, шалғындықтар мен таулар бар. Республиканың солтүстігінде суық‐сібір климаты, ал оңтүстігінде ыстық шөл.
Қазақстанның егістік жерлерінде бидай, тары, күріш, күнбағыс, қант қызылшасы, темекі, мақта, жоңышқа, эспарцет және тағы басқа дақылдар өсіріледі. Оңтүстік аймақтарында бау‐бақша, жүзім өсіру жақсы дамыған. Қазақстанның ауылшаруашылығының маңызды саласы ‐ мал шаруашылығы. Мұнда қой, ірі қара мал, шошқа, жылқы, түйе, құс және ауыл шаруашылықтары даму үстінде. Қазақстанның табиғи жағдайлары ара шаруашылығын дамытуға қолайлы. Бұл саланың ең өркендеген кезінде Қазақстанда 220 мыңнан аса ара ұясы болған еді.
Қазіргі Алтай және Сібір аймақтарының тарихи ескерткіштерін зерттеген археологтар, Енисей өзенінің бойындағы жартастардан араның қашалып жасалған бейнелері табылған. Осы және басқа да деректер Алтайдың Қазақстанға жататын бөлігінде аралар ерте заманнан‐ақ тіршілік еткенін көрсетеді. Орыс ғалымы Яхонтов 1924 ж былай деп жазған еді: «Азия араны тым көне заманнан біледі. Осыдан бірнеше ғасыр бұрын алтайлықтар жабайы араны тауып, арасын өлтіріп, балы мен балауызын алып отырған. Араны қолға үйретіп, үй жануары етіп алу Алтайдың жартылай тағы адамдарының қолынан келмеді».
Мұрағаттардағы, әдебиеттердегі мәліметтер әлі толық зерттеліп жүйеленген жоқ. Біздің елімізде ара шаруашылығы туралы тарихи деректерді жинауға талпынушылар көп. Солардың кейбіреуінің аттарын атар болсақ, олар тарихшы‐мұрағатшы С. Е. Черных және биолог Е. Д. Панкратьева. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысында 18 ғасырда ара өсіруді қолға алған алғашқы талпыныстар болғандығы туралы ақпарат бар. Бірақ, өкінішке орай одан нәтиже шықпаған. Сатып алынған аралар жолда өлген немесе алғашқы жылы‐ақ қырылып қалған.
И. В. Шеглов пен В. В Небольсиннің 1849 ж. «Отандық жазбалар» журналында басылған еңбегінде Сібірде ара шаруашылығын қолға алу 1776-1777 жж. Басталған деп жазылған. Осы жылдары Сібірдің шекара әскерлерінің басшысы генерал-майор Скалон, шекара әскерлерінің бас дәрігері Р. Беренстің ұсынысы бойынша, Башқұртстаннан Өскемен бекінісіне 30 ара ұясын әкелуге шешім шығарды. Бұл ара ұялары мемлекеттің меншігі болып саналып, бекініс коменданты оларды қазіргі Секисовка және Бобровка елді мекентердің тұрғындарына таратып берді. Алған адамдардың енжарлығынан және қысқа азық қорын қалдырмағандықтан бірінші қыста аралар қырылып қалды.
Алтай араларының ата тегі Киевтен шығуы туралы деректер ел аузында да сақталып қалған. Бобровка және Секисовка елді мекендеріне жақын орналасқан Ульбинское ауылының қарттарының аузынан жазып алған, Оңтүстік‐Батыс Алтайдың белгілі зерттеушісі Д. Г. Панкратьевтің пікірінше бұл болжам шындыққа саяды. Көптеген тарихи‐әдеби мұралар бал арасы Алтайға 1786 ж. әкелінген деген болжамды растайтын сияқты. Сондықтан осы 1786 ж. ресми түрде ара шаруашылығының пайда болу жылы деп есептейміз.
Алтайға ара әкелінгеннен кейін 20 жыл болмай жатып, Өскемен балының атағы ел арасында кең тарап кетті. Оңтүстік- Батыс Алтайда, қазіргі Шығыс Қазақстанда ара шаруашылығымен айналысушылар күрт көбейтіп кетті.
1800 ж. Алтай таулы зауытты округінің есебінде: «Өскемен және Крутоберезовский болыстарында ара шаруашылығымен айналысушылар саны күрт өсті» делінген. Ал 1818 ж. Колывано‐Воскресенский таулы мекемесінің есебінде (ол барлық Алтайды қамтитын) аймақтың 24 болысында ара шаруашылықтары пайда болып, онымен 1, 5 мың адам айналысады 40 мыңдай ара ұясы бар делінген. Бір омартада 500-800 ара ұялары ұсталған кездері болған, ал 200‐300 ара ұясы болуы қалыпты жағдайға айналған.
Бал өнімдері ірі‐ірі рыноктарға шыға бастады. 1826 жылы Алтай омарталарында 86 мың ара ұялары болды. 1840 жылы - 90 мың, 1850 жылы ‑ 200 мың, 1870 жылы - 400 мыңға жетті.
1812 жылы Ульбинский және Феклистовкадан жиналған мыңдаған пұт Алтай балы алғаш рет Ірбіт жәрмеңкесіне шығарылып, дәмділігімен және тағамдық қасиеттері жөнінен басқа өлкелердің балымен салыстырғанда әлдеқайда басым түскен. Осы жылдан бастап Ресей балы Сібірге саудалануын тоқтатты. Сібір халқы Алтай балын тұтынуға біржола көшті. Алтай балының атағы кең тарап кетті. Мыңдаған пұт Алтай балын Бұқтырма, Үлбі, Уба өзендері арқылы саламен Ертіске жеткізу, одан әрі Сібір және Ресей қалаларына жөнелту арашылығы оңай жұмыс емес еді. Тек қана 1834 жылы Бұқтырма бойынан алынған балдың мөлшері 12 мың пұтқа жетіп, Ірбіт жәрмеңкесіне жөнелтілді.
Аралардың таралуы екі бағытта жүрді: Солтүстікте‐Сібірге, Оңтүстікте Жетісу мен Орта Азияға. 1800 ж. Томскіге әкелінеді. Бұл туралы «Орыс ара шаруашылығына 1000 жыл» жылнамасында зерттеуші В. В. Поповтың еңбектерінен білеміз. Ол былай деп жазды: «1803 ж. Томскінің тоғышары Вас. Петров, Ст. Дуленов, Д. Лажников және Анд. Антипин Томск округінде ара шаруашылығын ашып, 1800 ж. Өскеменнен әкелінген аралардан жақсы нәтиже көрсеткендері үшін күміс медальмен марапатталды». Ол туралы аса жоғары мәртебелінің жарлығымен газеттерге жарияланады 1802 ж. аралары Енисей губерниясының Ачинск уезінде, 1806ж. Тобольск уезінде, ал 1823 ж. Красноярск қаласының маңына таратылды. Біртіндеп ара шаруашылығы шығысқа қарай таралып, 1859 ж. Байкал көлінен өтіп, 1869 ж. Амур өзені бойына, 1890 ж. Оңтүстік Уссури аймағына жеткізілген.
Ал оңтүстік жаққа Өскемен уезінен тысқары ара шаруашылығы тек қана 1848‐1850жж. тарала бастады. Бұған себепкер болған Томск губерниясының Бийск әскери шебінің орын ауыстыруы. Алдымен Жетісу облысының Қапал қаласына әкелінеді. Одан кейін казактардың жылжуына сәйкес‐күшейтілген әскери қалашық Верныйға (қазіргі Алматы) еткізілді.
Тянь-Шань тау сілемдерінің Алтай сияқты, табиғи‐климаттық жағдайлары қанатты көшпенділерге жайлы тиді. Сондықтан, аз жылдар ішінде ара шаруашылығы тек қана Жоңғар және Іле Алатауына ғана емес, сондай‑ақ, Ыстық көлге де жетті.
Ара шаруашылығының сол кездегі даму деңгейі Лепсі, Верный уездерінде және Прежевальскіде өзінің шарықтау шегіне жетті. Жетісудан Орта Азия аймақтарына да тез таралады «1872 ж. Ташкентке, ал 1894 ж. Бұхарға жетті.
Бал өндірісін оңтайландыруды өмірдің өзі талап етті. Мөлшері 19‐ғасырдың ортасында қалыптағы ұялардың беретін өнімі төмендеп кеткені байқалады. Ресейде қызылша‐қант өндірісі пайда болды, сонымен қатар шарап жасау, спирт зауыттары салынды.
Ресейде капитализмнің дамуына орай, шеткі аймақтарды да өмір өзгерістері болып жатты. Алтайға қоныс аударушылардың саны артуы, аймақтағы табиғат тепе‐теңдігінің бұзылуына әсер етпей қойған жоқ. Табиғи ормандар құри басталды, әсіресе, елді мекендердің маңайында, тың жерлерді игеру, бал тартатын бұталарды құрту, бал араларын елді мекендерден жырақ әкетуге мәжбүр етті.
19 ғасырдың аяғындағы климат жағдайларының аса қолайсыз болуы да кері әсерін тигізгені даусыз. Алтай, Сібір, Қазақстан араларына 80 ‐жылдардағы қуаңшылық ауыр тиді. Кейбір ара шаруашылықтарындағы аралар түгелге жуық қырылды. Мысалы, Семей облысында 1874 жылға дейін шаруа қожалықтарындағы қолда бар 23320 ара ұясынан тірі қалғаны 1830 ғана. Ара шаруашылығының тарихында бұл кезең «ара қырғыны» деген атпен қалды. 1906 ж. Жетісу облысында Лепсі уезінде 671 омартадан 199 ғана аман қалды. Аралары қырылған омарталар өз жұмысын тоқтатты. Қыстыққа қалдырылған 24982 ара ұясының аман шыққаны 7567 ғана.
Бұл жағдайлар араның құнын арттырып жіберіп, арашылардың өз омарталарын қайтадан қалпына келтіруіне кері әсер етті. Сөйтіп, бітеу ағаштан жасалған ара ұялары заман талабына сай келмей құлдырауға ұшырады.
Рамалық ара ұяларының пайда болуы, ара шаруашылығының құлдырауынан және мүлде құрып кетуінен сақтап қалды. Ара ұстаудың оңтайлы әдістері климатқа тәуелділіктен құтқарып омарталардың табысын арттыруға мүмкіндік берді. Рамалық ара ұяларын алғаш рет Өскемен арашылары қолданды. Сондықтан бұл қала Алтай, Сібір, Қазақстан ара шаруашылығының озық рамалы әдісінің отаны болып тарихта қалды.
Галиций жүйесі бойынша жасалған рамалық ұялы омарта Өскемен қаласынан 40 км қашықтықта, Үлбі селосының маңындағы Проходной өзенінің бойына орналасты. Бұл Өскемен-Бұқтырма пошта жолының үстінде және ары қарай Бұқтырма уезін шет аймақтармен жалғастыратын. Біраз уақыт өткен соң рамалық ұя әдісін Өскемен тұрындары мен жақын жердегі елді мекендердің және казактар станнцияларының тұрғындары қолдана бастады, өйткені рамалы ұялы омарталардың дұрыс күтіп баққандағы пайдасы мол болды.
90 жылдардың ортасында рамалы ұялар Өскеменнен Омбы, Көкшетау, Кереку, Қызылжар, Солтүстік‐Шығыс, Солтүстік Қазақстанға жетті. Атап айту керек, Солтүстік Қазақстанда ара шаруашылығы бітеу ағаш ұялары кезеңін бастан кешірмей, бірден рамалы ұялардан бастады. Әрине, ара шаруашылығына рамалық ұя әдісін кіргізу оң нәтиже бергенімен, даму үстіндегі саланың барлық мәселелерін шеше алған жоқ. Рамалық ұяны қолданушылар негізінен жеке адамдар ғана еді. Арашылардың басым көпшілігі еңбек мәдениеті төмен, технологиясы тым қарапайым бітеу ағаш ұяларын пайдалануда еді. Оның көптеген себептері болатын.
Тиімді ара шаруашылығын дамытуға мол үлес қосқандар Өскеменде жазасын өтеп жүрген саяси жер аударылғандар болды. Олардың ішінде айырықша жарқын із қалдырған Александар Николаевич Федоров болды. Киев пен Одесса студент жасақтарының арасында белсенді революциялық жұмысы үшін жер аударылған ол, 1894 ж Өскеменде қоныстанды. А. Н. Федоровтың омартасы ара шаруашылығының үлгі−тірек мектебі болды. Ал Александр Николаевичтің өзі− Қазақстандағы рамалы ара ұясының атасы аталып кетті. А. Н. Федоровтың және оның ізбасарларының нәтижелі еңбектерінің арқасында 1918 жылы рамалы ұялар саны 10 000 жетті.
Ара шаруашылығын оңтайлы әдістерге көшіру ісінде ірі тұлға ретінде Евгений Петрович Михаэлисті атауға болады. Е. П. Михаэлис Өскеменнен 17 км жердегі Крутая өзенінің аңғарында өзінің алғашқы омарталарын орналастырды. Омарта − гүлді шөптесін өсімдіктер мен бал өнімін көп беретін қараған, шайқурай, аю балдырған сияқты бұталардың арасында орналасты. Е. П. Михаэлис бірден рамалы ұяларын қойып, қажетті құрылыс жұмыстарын жүргізді.
Алтайда ара шаруашылығын рамалы ұя әдісіне көшіруде, 1890 жылы ұйымдастырылған Өскемен ауыл шаруашылық мектеп жұмысының үлесі зор. Мектеп басшысы, әрі ұстазы болған П. А. Ермаков соңынан Риддерде Алтай ботаникалық бағын ашуға көп еңбек сіңірген адам. Сөйтіп, арашы шеберлердің белсенді іс-әрекеті өз нәтижесін беріп, ХХ‑ғасырдың басында рамалы ұя әдісі кеңінен тарады. Ара шаруашылығының еңбек мәдениеті артты.
Қазақстандағы ара шаруашылығының мәселелерімен және дамуымен ғылыми негізде айналысатын Қазақстанның ара шаруашылығы тәжірибе стансасы - осы бағытта жұмыс жүргізетін Қазақстандағы жалғыз ұйым. Ол 1930 ж Алматыда ұйымдастырылған.
1959 ж. Қазақтың тәжірибе стансасы Алматыдан Шығыс Қазақстан облысына ауыстырылды. Белгілі бір шамада бұл ауыстырудың станция жұмысына кері әсері де болды. Ұйымдастыру жұмыстары, материалдық техникалық базаның жоқтығы, ең маңыздысы- білікті мамандардың аздығы. Бірақ, бұл жағдай ұзаққа созылған жоқ. Тез арада станция аяғынан тік тұрып, толқынды жұмысын бастап кетті.
Ф. Т. Антропов (1960-1965жж. ) Шығыс Қазақстан жағдайында, ара аналарды ауыстырудың әдістері, ара ұясының жылу кестесі, әр түрлі қоспа- стимулятормен (кобальт, антибиотик және т. б. ) араны күзде қант ертіндісімен үстеме қоректендіру тақырыптары бойынша зерттеулерін бастады.
Р. Д. Риб араларды «бостандыққа» қыстау, оларды көп сатылы ұяларды орналастыру тәжірибелерін жүргізді. Тәжірибелердің нәтижесінде көптен қалыптасқан аларды көп сатылы ұяларда ұстау тәсілдеріне басқаша қарауды талап етті; яғни, көп сатылы ұялардың сыртқы қорабын ауыстыру, бал өнімі мөлшеріне әсер етпейтіні анықталды. Сондықтан, кәдімгі ара ұяларыныңсыртқы қораптарымен жаз бойы әуре болудың қажеті жоқтығы дәлелденді, бұл арашылардың еңбегін екі еседей жеңілдетті, еңбек өнімділігін арттырды.
Р. Д. Риб Қазақстанда бірінші болып селекция жұмысында құрал арқылы ана араларды қолдан ұрықтандыру жұмысын қолға алып, сәтті аяқтады. Қазақстанның бал өндіру ресурстарын, гүлді өсімдіктердің балды көп беретін түрлердің ара үшін құндылығын анықтау жөніндегі жұмыстар жалғасын тапты. Р. Ш. Битколов, В. Г. Дикий, Н. А. Фалалеев, Н. Ф. Никулин, И. Т. Антропов, Е. И. Якушева сияқты ғылыми қызметкерлер жүзден аса себілген және табиғи өсімдіктердің түрлерінің құндылығын зерттеп, олардың гүлдеу күнтізбесін жасап шықты. Базалық омарталардың маңындағы бал өндіру қорлары зерттеліп, бал өндіруге қолайлы орындардың картасы жасалды.
И. П. Стадниковтың тәжірибелерінің нәтижесінде, ана араларды сәуір-маусым айларында жетілдіріліп алуға болатындығы анықталды. Кең көлемде өндірістік байқаулар жүргізу үшін Шымкент тірек пункты ашылды. Сәуір, мамыр айларында алынған ана аралар омарта өнімділігін Шығыс Қазақстан жағдайында 1, 5 есе арттыруға болатыны дәлелденді. Араларды ұясыз, пакеттермен тасымалдау әдісінің экономикалық тұрғыдан пайдалы екендігі және оны жаз мезгілінің соңындағы алымдарды алуға қолайлы екендігі дәлелденді.
И. П. Стадников өндірістік ірі бал омарталарын көшіруді жаңа бағытын және арнаулы контейнерлерде араны тұрақты ұстау әдісін ұсынды. Бұл 6 ара ұясы сиятын арнаулы рама-контейнерлер еді. Түсіру-тиеу жұмыстарын механикаландыруға ыңғайлы еді. Ұсынылған тәсіл арашылардың уақытын және еңбек өнімділігін бірнеше есе арттыратын болды. Ең маңыздысы - ара ұяларын бір жерде ұстамай үнемі көшіп жүруге қолайлы еді.
Қазақ ара шаруашылығы тәжірибе станциясында: Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған кітапхана бар. Стансаның ғылыми базасы екі бөлімнен тұрады: ара шаруашылығын ұстау және көбейту; қоректік базасы мен ауылшаруашылық дақылдарын тозаңдандыру. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы Саратовка ауылының 2 км қашықтықта Қазақстандағы алғашқы ара шаруашылығы кешені салынып, іске қосылды. Кешен аяқталған технологиялық айналымда жұмыс істейді. Омартада араның барлық өнімдері алынып, оны қайта өңдеу және сату жұмыстарын жүргізіледі. Кешенде кәрез жасайтын цех, балды қайта өңдеп ыдыстарға құю цехы, балауыз қалдықтарын қайта өңдеу, кәрез сақтайтын қойма, ағаш шеберханасы, жылу қазандығы, 2400 ара ұясы сиятын, 4 бөліктен тұратын қыстақ бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz