Математикадан бастауыш мектепте сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.1. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырылуы ... ... ... ...4
2.2. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3. Математикадан факультативтік жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.4. Көрнекі құралдарды пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.5. Математиканы оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа формалары ... ... ..25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
I. КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі. Математиканы оқыту әдістемесі болашақ мұғалімдерді оқыту мен тәрбиелеудің жалпы теориясын математиканың көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Математиканы оқытудың негізгі міндеті – қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің күнделікті тынысы мен еңбек әрекетіне қажетті білімін одан әрі жалғастыруға жеткілікті математикалық білім мен біліктілікті жүйелі түрде тиянақты әрі саналы меңгеруін қамтамасыз ету болып табылады. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, әдістемелік зерттеулерді, есеп шығарудың және оларды түсіндірудің жолдарын жоғары мектеп қабырғасында игеруі тиіс. Осыған орай, оқу құралында математиканы оқытудың теориялық негіздері, мақсаттары мен міндеттері, оқушылардың танымдық қызметіне жетекшілік ету әдістері және бүгінгі таңдағы талаптарға сәйкес оқыту тәсілдері баяндалған. Сонымен бірге, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысын ұйымдастыру әдістемесі, сабақтан және сыныптан тыс жұмыстарына басшылық жасау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, оқулықтың мақсаты студенттердің өздігінен білім алуына көмектесу, олардың шығармашылық қызметтеріне бағыт беру және математикалық оқу қызметін ұйымдастыру түрлері мен әдістерінің жалпы қағидаларын меңгеруге жәрдем жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар – жалпы білім беретін мектептердегі оқу–тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі.
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттері мен дербестіктерін жан–жақты дамыту.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Әбілқасымова А.Е. және басқалар. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. А., Білім, 1998ж. 202 бет
2. Әбілқасымова А.Е Математикадан дидактикалық тапсырмалар жинағы А., Қазақ университеті баспасы. 1991ж. 71 бет
3. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Методика преподавания математики в начальных сыныпах. М., Просвещение. 1984, 335 стр.
4. Оспанов Т.Қ. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту методикасы. А., Мектеп, 1997ж. 160 бет.
5. Рахымбеков Д. Кенешев Ә. Математикалық ұғымдарды оқыту. Жезқазған., ЖУ. 1997 -61 бет
6. 1,2,3,4 сыныптарға арналған Математика оқулықтары
7. Оспанов Т.Қ., Қурмалина Ш.Х. Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі ІІ болім А. Республикалық баспа кабинеті 1996

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.1. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырылуы ... ... ... ...4
2.2. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.3. Математикадан факультативтік жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.4. Көрнекі құралдарды пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.5. Математиканы оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа формалары ... ... ..25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..31

I. КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі. Математиканы оқыту әдістемесі болашақ мұғалімдерді оқыту мен тәрбиелеудің жалпы теориясын математиканың көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Математиканы оқытудың негізгі міндеті - қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің күнделікті тынысы мен еңбек әрекетіне қажетті білімін одан әрі жалғастыруға жеткілікті математикалық білім мен біліктілікті жүйелі түрде тиянақты әрі саналы меңгеруін қамтамасыз ету болып табылады. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, әдістемелік зерттеулерді, есеп шығарудың және оларды түсіндірудің жолдарын жоғары мектеп қабырғасында игеруі тиіс. Осыған орай, оқу құралында математиканы оқытудың теориялық негіздері, мақсаттары мен міндеттері, оқушылардың танымдық қызметіне жетекшілік ету әдістері және бүгінгі таңдағы талаптарға сәйкес оқыту тәсілдері баяндалған. Сонымен бірге, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысын ұйымдастыру әдістемесі, сабақтан және сыныптан тыс жұмыстарына басшылық жасау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, оқулықтың мақсаты студенттердің өздігінен білім алуына көмектесу, олардың шығармашылық қызметтеріне бағыт беру және математикалық оқу қызметін ұйымдастыру түрлері мен әдістерінің жалпы қағидаларын меңгеруге жәрдем жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар - жалпы білім беретін мектептердегі оқу - тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі.
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты - оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттері мен дербестіктерін жан - жақты дамыту.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
2.1. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың
ұйымдастырылуы
Тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасы үшін елдің ертеңі жарқын, болашағымыз кемелді, ұрпағымыз сауатты болуы үшін әрине еліміздің дамуының басқа бағыттарымен қатар білім саласы да ерекше маңыздылыққа ие болуы қажет. Білім берудің бүгінгі күнгі талабы- оқушының жан-жақты іс-әрекеттік қабілетінің дамуы. Оқушыны дамытуда ежелгі замандардан бері математиканың алар орны ерекше. Математика ғылымының өзге ғылымдар мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі аз болған жоқ. Математика - барлық ғылымдардың логикалық негізі болғандықтан да математика- оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі, оған қоса өзге салаларды дұрыс қабылдауға көмек береді.
Бүгінге оқушылар арасында математика ғылымына деген қызығушылықтың төмендегені ешкімге де жасырын емес. Мүмкін оның салдарынан әріден іздеу қажет шығар. Қалай дегенмен де өзге салалардың қарқынмен дамуына негіз болатын математиканың ешқашан өлмесі анық тұжырым. Бұл кемшіліктің орнын толтыру үшін, яғни мектеп оқушыларының пәнге деген көзқарасын әр түрлі факторлармен: жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен өзрету қажет секілді.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отыра пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында үйірме жұмысын ұйымдастырудың маңызы зор. Мектеп бағдарламасынан ауытқи алмайтын пән мұғалімі үшін 45 минут ішінде балаларға жаңа тақырыпты түсіндіру, бекіту, үй тапсырмасын қарау секілді шараларды қамтумен бірге баланың бойындағы жеке қабілетті ескере жұмыс жасау қиындық туғызады. Сондықтан да бұл мүмкіндікті пәннен өткізілетін сыныптан тыс арқылы қолдануға болады.
Оқушылардың басым бөлігінің математика пәніне қызығушылығының артуы ең алдымен үйірме жұмысының қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына байланысты болмақ.
Үйірме жұмысында оқушылардың математика тарихынан алынған мағлұматтармен және көрнекті математиктердің өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен таныстыру мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстарын жандандырады.
Баланың ой-өрісін дамытатын логикалық есептер шығаруға, қалжың есептерді талдауға, викториналық сұрақтарға, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын математикалық сандық ребустарға, қиынырақ есептерге уақыттың бөлінгені де дұрыс.
Мектептегі математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түріне - үйірме жұмыстары жатады.
Математикалық үйірме оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, математикалық oй-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға. ма - тематикалық білімінің сапасын жоғары деңгейге көтеруге септігін тигізеді.
Негізінен барлық сыныптардағы математикалық үйірмелер екі денгейде болуы мүмкін: біреуі - үлгерімі жоғары деңгейдегі оқушылар үшін, екіншісі-үлгерімі орта деңгейдегі оқушылар үшін.
Математика - барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика- оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді.
Оқушылардың пәнге деген көзқарасы әр түрлі факторлармен: жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен анықталады.Олардың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында үйірме жұмысын ұйымдастырудың маңызы зор.Көпшілік оқушылардың, үйірме мүшелерінің математика пәніне қызығушылығының артуы оны оқыту әдісінде үйірме жұмысының қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына байланысты.
Үйірме жұмысында оқушылардың математика тарихынан алынған мағлұматтармен және көрнекті математиктердің өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен таныстыру мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстарында жандандырады.Сондай-ақ оқушылардың ой-өрісін дамытатын логикалық есептер шығаруға, қалжың есептерді талдауға, викториналық сұрақтарға, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын математикалық сандық ребустарға, қиынырақ есептерге уақыттың бөлінгені дұрыс.
Мектептегі математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түріне - үйірме жұмыстары жатады.
Математикалық үйірме оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, математикалық oй-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға. ма - тематикалық білімінің сапасын жоғары деңгейге көтеруге септігін тигізеді.
Жалпы математикадан сыныптас тыс жұмыстардың ішінде басымдылық танытатыны үйірме жұмыстары болғандықтан да пән мұғалімдері үйірменің жоспарын өздері құрып, өткізеді. Үйірмеде өткізілетін шаралар баланы зеріктірмейтіндей, шаршатпайтындай, қызығушылығын оятатындай тіпті кей жағдайда өзге балалармен жарысатындай болып өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді. Бүгінде мектеп бітірушілері арасында басым көпшілігі ең күрделі деп математика пәнін есептейтін болғандықтан да осы пән бойынша қосымша сабақтар жиі ұйымдастырылып, тест кезінде болатын типтік есептер талданады.
Матeмaтикaлық үйірмедегі сабақтар төмендегі жоспар негізінде жүргізіледі:
* математика тарихына байланысты үйірме мүшесінін 5-10 минутқа шақталған баяндамасы, үйірме жетекшісінің немесе үйірме мүшелерінің тақырыпқа сәйкес хабарламалары;
* еcenmер шығару, оның ішінде жоғарғы қиындықтағы есептер;
* жаттықтыру есептерін және жаңылтпаш есептерін шығару;
* жоғары оқу орындарына mүсy емтихандарының конкурстық, есептерімен, ҰБТ-дe ұсынылған тапсырмалармен үйірме мүшелерін таныс-тыру;
* оқушыларының әртүрлі сұрақтарына жауап беру.
Үйірме мүшелерін конкурстық есептермен таныстыру, жоғары оқу орындарына түсу емтихандарының есептерінің ҰБТ тапсырмаларының деңгейі жайлы мағлұмат алуға мүмкіндік береді.
Мұндай есептердің шартымен үйірме мүшелерін әр сабақтың сонында таныстырған тиімді тапсырмаларды оқушылар, қалауы бойынша өз бетінше үйде орындалуына болады, үй тапсырымасын орындау оқушыларға міндеттелмейді.
Оқу материалдары қиындығының өсу тәртібіне сәйкес орналастырылады. Есептердің қысқа және тиімді жолмен шығарылуына назар ауарылады, шығарылған есептердің рәсімделуіне шек қойылмайды, бірақ математикалық тұрғыдан дұрыс болуы талап етіледі.
Бала бойындағы шығармашылық бастаманың басымдылығы геометриялық салу есептерін шығаруда ерекше байқалатын болғандықтан да бұл есептердің математикалық ойлау қабілетін дамытудағы өзіндік ерекше орыны бар. Есептің шартын өзгерткен жағдайда қанша шешімі болатынын анықтап, нақты шешімдерін көрсету де баланың зерікпеуіне көмегін береді.
Оқу материалының мазмұнын мектепте оқытылатын математика пәнінің оқу материалдарының логикалық жалғасы ретінде қарастыруға болады. Дегенмен, қолданбалы есептердің аясында көп есептер талданады, өйткені Қолданбалы есептер - кәсіби бағыттылық құралы деп санаймыз.
Математиканың қорғанын тек күштілер мен батылдар ғана бұза алады деген А.П.Конфоровичтің нақыл сөзін толық жүзеге асыру үшін бала математикадан тек мықты ғана емес аса мықты болуы керек. Ол үшін әрине математикадан қосымша тапсырмалар орындалып, көптеген жұмыстар жүзеге асырылуы тиісті екені түсінікті. Бұл шаралар оқушының математикалық сауаттылығын арттырады, математикалық ойлау қабілеттері мен есептеу дағдыларын дамытады, дұрыс шешімдер табу үшін зерттеушілік әрекетпен айналысуға үйретеді, оқушылардың шығармашылық-эвристикалық қабілеттерін жетілдіреді және де есептердің шешімін табуда табандылыққа, шапшаңдыққа, өздігінен жұмыс жасауға және белсенділікке тәрбиелейді.
Баладан күтілетін нәтиже әдетте жоғары болатындығы сөзсіз. Баланы сол деңгейге жеткізуге тырысатын мұғалімнің әдістемесі де назардан тыс қала алмайды. Себебі оқу үрдісінде мұғалімнің әдістемесі ең басты көрсеткіштердің бірі болып келеді және солай бола береді де. Олай дейтін себебіміз оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады. Оқыту барысындағы оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздық шығармашылығы, оны арнайы басқарудың маңыздылығын кезінде Сократ та атап көрсеткен. Сабақтан тыс жұмыс оқу жұмысын толықтырып, материалды оқушыға терең түсіндіруге, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында ұйымдастырылады.
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы, қосымша сабақтар, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға жатады. Математикадан сыныптан тыс жұмыстар пәнаралық байланысты да нығайта түседі.
Сыныптан тыс жұмыс - бұл мұғалімдер мен оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы әртүрлі іс-әрекеттері мен іс-шараларын ұйымдастыру болып табылады. Сыныптан тыс жұмыс-сыныптан тыс уақыттағы өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар. Тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар-баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады. Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар оқушының күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі болуы оқушының өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бақылауын қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі жұмыстар оқушының іс-тәжірибесі мен дағдысын, адам қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады. Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.
Сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың белгілі бір уақыт ішінде алған білімдерін тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстың ең маңызды міндеттерінің бірі - оқушылардың математика әдебиеттерін оқуға дағдысын қалыптастыру. Ынтасы жоқ оқырман үшін математика кітаптарын немесе мақалаларын оқу едәуір қиындыққа әкеледі. Бұл қиындықтар неден тұрады?
Бұл айтылған математикалық жұмыстың ерекшеліктері әдетте мазмұнның анықтығын туғызады. Алайда жаңа бастаған оқырман бұл жерден ең алдымен қызықсыздықты көреді.
Математикалық жұмысты оқу үшін логикалық ойлаудың айқын дағдысы талап етіледі. Математикалық мақалалар мен әдебиеттерде барлық пікір қарапайым және элементар ой қортындыларына бөлініп кетпейді; ауызша сөйлеуге тән логикалық пауза да, логикалық екпін де жоқ; көп жағдайда оқырмандарға математика кітаптарында жазылғандарды түсіну қиындығын, бірақ мұғалімнің ауызша түсіндіргенін оңай түсінетінін осы жағдаймен түсіндіруге болады.
Математика кітаптарына ұсыныс көбінесе геометриялық фигуралардың арасындағы байланыстың анықталғанынан көрінеді, бұл байланысты түсіну үшін кеңістікті елестетуінің дамығанын талап етеді
Математикалық оқулықтармен, мақалармен жұмыс істеу оны оқып шығудан ғана емес, сондай-ақ мұнда айтылмай кеткендерді қалпына келтіруден тұрады. Оқушының математикалық әдебиетті оқу кезіндегі аздаған дағдылары сабақ үстінде және үй жұмыстарын (кітаптармен жұмыс істеуде және т.б.) орындау кезде қалыптасады.
Енді мұғалімнің сыныптан тыс оқытуды ұйымдастырудағы жұмысын талдайық. Мұғалімнің сабақта немесе үйірме жұмыстарында математика оқулықтарына және математика тарихына деген оқушылардың қызығушылығын арттыруға мүмкіншілігі бар. Мысалы: ІХ сыныпта санын және дөңгелектіктің квадратурасы туралы айтқанда, мұғалім оқушыларға көптеген қызық мағлұматты П.И.Перельманның Қызықты геометрия немесе Ф.Рудтоның Дөңгелектің квадратурасы туралы атты кітаптарынан алуға болатынын айта кетеді. Сонымен қатар оқушыларға ол кітаптың атын ұсынады. Әр дайым ұсынылған әдебиеттермен танысқысы келетін ең болмағанда бір оқушы табылады.
Берілген тапсырма жауаптарына ұсынылған әдебиеттерді қолданатын оқушыларды жүйелі түрде дамытып отыру керек. Оқушыларға осындай кеңейтулер болатынын ескерту де орынды. Жеке тапсырмаларды орындауда оқушыларға ұсынылған әдебиеттер бойынша немесе мақалалар бойынша тарихи мәліметтер мен (мысалы: VIII сыныпта Декарт немесе Виет, IX сыныпта Ньютонның логарифм туралы және т.б.) теоремалардың дәлелдеуін дайындауын ұсыну керек. Егер мұғалім жаңа кітаптар немесе мақалалар шығуын үнемі бақылап жүрген болса, онда ол өзінің оқушыларына жаңа мәліметтер беруіне мүмкіндіктері бар. Оқушыларға ұсынылатын математика кітаптары мен мақалаларын байқап беру керек. Егер біз ұсынылған әдебиет оқушыға түсініксіз болып және ол әдебиетке түсініктеме берілмесе, онда келесі жолы оқушы біздің ұсынылған әдебиетке көңіл бөлмейді. Қандай да бір әдебиетті оқуға жай атап кету аздық етеді. Сонымен қатар оқушыға бұл әдебиетті оқуда қандай қиындықтар болатынын және оны қалай жеңе білу керектігін, қалай айналып өтіп кетуге болатынын айта кеткен жөн; сонымен қатар қандай (бет, тарау) жерлерге көңіл бөлу керек немесе алғашқы оқудан бастап қандай (бет, тарау) жерлерге көңіл бөлу керек еместігін айтқан жөн; оқушыларға кітапты көрсету керек; кітаптан үзінді айтып (немесе оқып) беру керек; оны қай жерден, қалай алуға болатынын айту керек, кейде алуына көмектесу керек.
Математика оқулықтарына деген қызығушылық пен дағдының артуы математикалық үйірменің құрылуына үлкен ықпалын тигізеді. Үйірме сабақтарында анда-санда жаңа кітаптар туралы хабарлап отыруға болады. Математикамен байланысты әңгіме, очерк және үзінділер оқудан ұжымдық оқу ұйымдастыруға болады. Әрбір үйірменің соңында оқушыларға берілген тапсырма бойынша қолдануға әдебиеттер ұсыну да өз көмегін тигізеді.
Жүйелі жұмыстардың бірі ол математикадан газеттер шығару. Математикалық қабырға газеттердің негізгі мақсаты- ұсынылған әдебиеттерге деген рецензиялар және жаңа әдебиеттерге арналған аннотация мен мақалаларды жазу. Бұл аннотациялар мынандай тақырыптармен Мына кітапты оқы, Қызықты мақала және т.б. араласып кетеді. Тақырыптар кітаптың мазмұнынан алынады да қосымша мәліметтер үшін қабырға газеттің соңында бір - екі мақала немесе кітаптың атын жазып қою қажет.
Мұғалім оқушыға қандай да бір математикалық әдебиетті ұсынғаннан кейін, cол оқушымен осы кітап жайлы сөйлесуі немесе қажетті бір бөлігін бірігіп оқып, кітаптың қиындығын шешуге көмектесуі керек. Әңгімелесу кезінде мұғалім оқушының математикадан қандай сұраққа икемді екенін анықтайды. Сонда мұғалім оқушыға математикадан қандай әдебиеттерді оқуға болатынына кеңес бере алады, егер оқушы мектеп бағдарламасындағы әдебиеттерін қиналмай оқи алса, онда мұғалім оған жоғары математикадағы сұрақтар бойынша әдебиеттер ұсынуына болады. Мұғалімдер ұсынған әдебиеттер әрдайым табыла бермейді. Сондықтан үйірмеде кішігірім математикалық кітапхана құрылады. Ол кітапханаға үйірме мүшелерінен арнайы таңдап алынған кітапханашы тағайындалады. Кітапханаға қажет кітаптарды әртүрлі кітапханалардан және мұғалімдер мен оқушылардан алады, кейбір кітаптарды кітапханаға оқушылар мен мұғалімлар сыйлайды. Математикалық кітапханадағы кітаптың кейбіреуін өзіндік бақылау үшін сұрақтар тізіміне енгізу тиімді. Мұндай сұрақнаманы құрауды оқушыға тапсыруға болады.
Математикалық кітаптарға қызығушылықты арттыруда, математикалық конференциялар, үйірмелік сабақтар, жиналыстар жүргізуде маңызды орын алады. Мысалы: Маған осындай да бір кітаптың несі ұнайды?, Мен қандай қызықты математикалық кітап оқыдым?. Қандай конференцияларда математикалық кітаптардың (мақалалардың) мазмұны бойынша қандай викторина ұйымдастыруға болады.
Жоғарыда айтылғандарға қоса оқушылардың математика кітаптарына деген қызығушылығын, нақты бір сұрақ бойынша кітаптарға арналған сайыстар бойынша арттыруға болады. Мысалы: Біздің елдің математиктері, Геометрияның атақты теоремалары, Атақты математиктер және т.б. тақырыптар бойынша сайыстар жүргізуге болады. Барлық сұрақтар бірнеше бөліктерге ( төрт, бес бөліктерге) бөлінеді. Әр бөлікте шамамен бірдей көлемді сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Әрбір сұрақ сериясы жеке плакаттарға (немесе қабырға газеттеріне) орналастырылады. Әрбір жарияланған жеке сериялар аралығы 2-3 апта. Әрбір сұрақ суреттермен және текстермен қатар басылады. Кезекті шығатын сұрақтармен қоса алдыңғы сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылардың аты - жөні мен сұрақтардың дұрыс жауаптары жарияланады. Қандайда бір сұраққа жауап беру үшін оқушы әдебиеттерді қарастырады. Ол көптеген жаңа мағлұматтар алады. Осындай сайыстарды жастар газетінде, облыстық және республикалық радио басқармаларында өткізіп отырса, жақсы болар еді.мұғалімдерге ұсынылатын бір шара ол математикадан сыныптан тыс оқу үшін әрбір сыныпта әдемі ұйымдастырылған кітаптар мен мақалалар (аннотациялар) тізімі. Аннотацияны кітаптарда жазылған қандай да бір тапсырмалардан, қызықты фактілерден және т.б. бастауға болады. Тізімдер мынадай: Математикадан не оқу керек?, Сен бұл кітапты оқыдың ба? және т.б. тақырыптармен араласып кетеді.
Оқушының бойындағы қасиетін дамыта түсу мақсатында математикалық шығармалар да ұйымдастыруға болады. Кейбір мұғалімдер өз сыныбының әрбір оқушысына екі-үш тоқсанда математикалық тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады. Кейбір мектептерде математикалық шығармаларды үйірме мүшелері ғана жазады және де ең жақсы шығармалар үйірмелердің математикалық журналында жазылады. Өкініштісі, мұндай жұмыстардың орындалуы оқушы өзіне берілген кітаптан тақырыбына қатысты текстерін көшіріп алуымен шектеледі. Яғни, оқушыға берілетін тақырып қосымша түсіндірілмейді, бір ғана әдебиет ұсынылады және т.б.
Егер қарастырылатын тақырып берілген әдебиетте толық мағлұматпен бар болса, онда оқушыға барлық әдебиетті ұсынып, біз оның шығармашылық мүмкіндіктерін шектейміз. Кейбір тақырыптар үшін оқушыларға ешбір әдебиеттер тізімі берілмей, тек қажетті нұсқаулар беріледі. Мысалы, Птоломей теоремасын ұсынып, теореманың құрылымы мен дәлелдемесінің идеясына қатысты кейбір нұсқаулар беру керек. Дәлелдемесін оқушының өзі жасайды. Оқушы шығарма жазу кезіндегі орындайтын жұмысты алдымен мұғаліммен бірігіп талдау керек. Мұғалім оқушыға жұмысты бермес бұрын оның жоспарын алдын ала құру керек.
Оқушы шығармасы үшін бірнеше тақырыптарды мысалға келтірейік:
1) үшбұрыштың кейбір нүктелерінің орналасуына қарап үшбұрыш құру керек;
2) бұрыштары арифметикалық прогрессия құрайтын үшбұрыштың қасиеттері;
3) диагональдары өзара перпендикуляр төртбұрыштың қасиеттері;
4) сырттай сызылған параллелограмм;
5) Стюарт теоремалары және оның қосымшалары;
6) Птоломей теоремасы және оның қосымшалары;
7) үшбұрышқа және төртбұрышқа аналог болатын тетраэдрдың қасиеттері;
8) шеңберге іштей сызылған үшбұрыштың шеңбердегі кейбір сызықтары арқылы құрылуы;
9) дұрыс көпжақтардың симметрия элементтері;
10) жазықтықтағы n нүктелерден бірдей қашықтықта жатқан шеңберлер саны;
11) n нүктелерден бірдей қашықтықта жатқан сфералар саны;
12) сызықты емес теңдеулер шешімін табу үшін қолданылатын жасанды әдістер;
13) шахмат тақтасындағы математикалық есептер (шахмат тақтасын әр түрлі фигуралармен жүргізу; шахмат тақтасына фигураларды әр түрлі орналастыру және т.б.);
15) үш қабырғасы және екі бұрышы арқылы төртбұрыш салу (толық зерттеумен);
16) параллепипедтегі геодезикалық сызықтар (өз бетінше есеп құрастырып және оны шешу, мысалы өрмекші және шыбын есебі)
Жеке геометриялық түрлендірулерді зерттеуге арналған шығармалар өте қызықты болады. Бұл сыныпсикалық түрлендірулер болуы мүмкін (әр түрлі қозғалыс түрлері, орта ұқсастық, инверсия, аффиндік түрлендіру немесе оның дербес жағдайлары және т.с.с.). Сонымен қатар толық анықталмаған түрлендірулерді де ұсынуға болады.
Қорыта айтқанда, жалпы білім беретін орта мектептерде математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылуы кезінде сол сыныптағы пән мұғалімі мен үйірме жетекшісі арасында алдымен тығыз қарым - қатынас орнауы тиіс. Оқушының пәннен байқалған қызығушылығын сыныптан тыс сабақтарда дамыта түсу мақсатына бағытталған тапсырмалар қамтылса тиімділікті арттырады.
Таңдау компоненті ретінде біздің университетімізде оқытылып келе жатқан осы пәннің болашақ математика мұғалімдері үшін берері көп екені анық.

2.2. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және негізгі түрлері
Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар - жалпы білім беретін мектептердегі оқу - тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі.
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты - оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттері мен дербестіктерін жан - жақты дамыту.
Сонымен бірге, оқушыларды өзіндік және ғылыми - зерттеу жұмыстарының ең қарапайым дағдыларын үйретуге баулуға жол ашу. Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды міндеттері:
а) оқушылардың танымдық белсенділігі мен пәнге деген ынтасын қалыптастыру;
б) математикалық білімдерін тереңдету;
в) дүниеге ғылыми көзқарастарын кеңейту болып табылады.
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды мазмұны жағынан екі топқа бөлуге болады.
1. Бағдарламадағы материалды қосымша өту.
2. Математиканы ерекше қабілетпен қызығып оқитын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
Бірінші бағыт әр түрлі себептермен білім деңгейі, біліктілігі төмендеген оқушылармен жүргізіледі. Мұндай оқушылармен дайындық мүмкіндігінше жүйелі түрде, әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Оның негізгі мақсаты математика курсы бойынша оқушы білімі мен дағдарысындағы кемшіліктерді дер кезінде жою.
Екінші бағыты математиканы ынтамен оқитын оқушыларға арналады. Ол төмендегідей мақсаттарға жауап береді.
1) оқушылардың математикаға қызығушылығын тудырып дамыту;
2) бағдарламалық материал бойынша оқушының білім көлемін кеңейту және тереңдете оқыту;
3) оқушылардың ғылыми зерттеушілік сипаттағы дағдарысы мен математикалық қабілетін дамыту;
4) оқушылардың жеке өзіндік ойын дамытып жетілдіруге тәрбиелеу. Мұндағы мақсат - оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлеріне: математикалық үйірме, математикалық апталық, математикалық кеш, математикалық сайыс, викториналар, конкурстар, математикалық олимпиадалар, көңілді математиктер клубы, т.с.с жатады.
Математикалық үйірмелер - сыныптан тыс жұмыстардың ең негізгі түрі. Оларға математикаға қызығатын және бейімді оқушылар ерікті түрде қатысады. Математикалық үйірмелер арқылы оқушыларға бағдарлама көлемінде және математикалық қосымша мәселелерінен де түсініктер беріп, олардың білімін жан - жақты кеңейтуге болады. Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта - ықыласын толық қанағаттандыра алады. Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағыттарды жүргізуге болады.
Теориялық бағыттағы үйірме жұмысы мұғалімнің немесе оқушының белгілі тақырып бойынша әңгімесін, баяндамасын қамтып, аптасына бір рет жүргізіледі. Әрбір жұмыстың ұзақтығы 1-1,5 сағаттан аспағаны дұрыс.
Практикалық бағыттағы үйірме жұмысында әр түрлі мазмұндағы есептерді шешіп, мектеп және ауданаралық олимпиадаларға даярланады.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатымен ойын есептерін, логикалық есептерді және практикалық мазмұндағы есептерді көбірек шығарған жөн. Математика үйірмесіне көптеген талаптар қойылады.
Үйірмеде берілген білім оқушылардың ой-өрісін арттыратындай, жоғары сыныптарда математиканы оқып үйренуіне көмектесетіндей дәрежеде болуы керек. Үйірме сабақтары барынша жүйелі, қарапайым, қызықты және ғылыми болуы тиіс. Үйірмеде оқушылар ерікті түрде пікір алмасып, өз ойларын жасқанбай ортаға салулары қажет.
Математика үйірмесінің мазмұны мына мәселелерді қамту керек:
- жалпы білім беретін теориялық бағдарламалар;
- математика тарихынан хабарлар;
- ұлы математиктердің өмірі мен қызметі;
- қызықты, логикалық және тарихи есептерді шығару;
- қиынырақ есептер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формасы
МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА ЖҰМЫСТАР
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарының негізгі түрлері
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы
Бастауыш мектепте математика сабағынан сыныптан тыс жұмыстарда математикалық ойын - есептердің маңыздылығы
Бастауыш мектепте математика сабағынан сыныптан тыс жұмыстарда ойын есептердің маңыздылығы
КЛАСТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бастауыш мектепте математиканы оқыту
Пәндер