Өндірісті ғылыми – техникалық дайындауды ұйымдастыру



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1. ӨНДІРІСТІ ҒЫЛЫМИ . ТЕХНИКАЛЫҚ ДАЙЫНДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Өндірісті техникалық дайындаудың мазмұны мен кезеңдері ... ... ... ... ... ..5
1.2. Ғылыми . зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3. Өндірісті ғылыми . технологиялық дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.4.Өнімнің сапасын бақылауды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.ҒЫЛЫМИ . ТЕХНИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1. Ғылыми . техникалық потенциал және оны құрастырушы, қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Ғылыми . техникалық ұйымдардың қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.
Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда, бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына, өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына тәуелді болмай отығанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық прогреске ынталандырмалық дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық қабілетінің толық ашылуына, оны өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға жеткілікті түрде мүдделендірмейді.
Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға, біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді.
Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті жоғары бағалау, жалпы адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек. Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші жағынан, «еңбек» деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендеу барысын жеңу.
Бұл аталған проблемаларға теориялық тұрғыдан айрықша мән берілуі тиіс. Қазір, яғни әлеуметтік-экономиканың серпінді даму кезеңінде өндіріс тиімділігін экономикалық жағынан ынталандыру, еңбектің сандық және сапалық сипаттамаларын, макроэкономикалық ұдайы өндіріс процесіндегі ынталандырудың рөлін айқындау, еңбектің трансформациялануын жалпылау және нақтыланған түрде зерделеу өте маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып отыр. Жоғарыда айтылған мәселелердің жиынтығы диссертациялық зерттеудің тақырыбының өзектілігін және зерделеу бағыттарын анықтайды.Бірақ та, өндіріс тиімділігін арттырудың қазіргі экономикалық ынталандыру шаралары, олардың экономикалық өнімге ықпалы әлі де болса толық зерделенбей отыр. Зерттелген жұмыстарда еңбекке ынталандырудың табиғатын айқындау кешенді түрде жүргізілмей, дара-дара қарастырылған. Постиндустриалық парадигманың даму үдерісінде экономикалық ынталандырмалар мен әдістемелер жасау мәселесін ғылыми жолмен шешу қажет. Осылайша, мәселенің аз зерттелуі және өндіріс тиімділігін арттырудағы экономикалық ынталандыру мәселесінің практикалық мәні осы диссертациялық зерттеудің тақырыбын анықтап берді. Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі - Өндірісті техникалық дайындаудың мазмұны мен міндеттері кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына сай аңықталады. Осыған орай тапсырыс беруші сауда орындарының, тұтынушылардың талабына сәйкес өндірісті техникалық тұрғыда ұйымдастыру үшін дайындық шараларын жүргізу.
Курстық жұмыстың мақсаты - Өндірісті техникалық дайындауға жаңа өнім түрін өндіру мен модернизацияланған бұйымдардың және өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейін арттыру.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, 6 бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер Дәуренбекова Ә.Н. «Өндірісті ұйымдастыру». Оқу құралы. – Алматы: Экономика 2007 ж., Г.У.Джолдасбаева, Г.Д.Аманиязова «Мұнай өндіруші кәсіпорындардың экономикасы». Оқу құралы экономика Алматы 2011 ж., Б.А.Рахметов, П.Т.Байнеева, Н.М.Қалманов «Кәсіпорын экономикасы». Тәжірибелік құрал экономика Алматы 2012 ж. тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Дәуренбекова Ә.Н. «Өндірісті ұйымдастыру». Оқу құралы. – Алматы: Экономика 2007 ж.
2. Г.У.Джолдасбаева, Г.Д.Аманиязова «Мұнай өндіруші кәсіпорындардың экономикасы». Оқу құралы экономика Алматы 2011 ж.
3. Б.А.Рахметов, П.Т.Байнеева, Н.М.Қалманов «Кәсіпорын экономикасы». Тәжірибелік құрал экономика Алматы 2012 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1. ӨНДІРІСТІ ҒЫЛЫМИ – ТЕХНИКАЛЫҚ ДАЙЫНДАУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Өндірісті техникалық дайындаудың мазмұны мен
кезеңдері ... ... ... ... ... ..5
1.2. Ғылыми – зерттеу жұмыстарын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3. Өндірісті ғылыми – технологиялық дайындау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.4.Өнімнің сапасын бақылауды
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.ҒЫЛЫМИ – ТЕХНИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІН
АРТТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 14
2.1. Ғылыми – техникалық потенциал және оны құрастырушы,
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Ғылыми – техникалық ұйымдардың қызметі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің
орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын
экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар
мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы,
халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. 
Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық
жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел
экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.
Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың
басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке
экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел
жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті
көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда,
бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына,
өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына
тәуелді болмай отығанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық
прогреске ынталандырмалық дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері
қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық
қабілетінің толық ашылуына, оны өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға
жеткілікті түрде мүдделендірмейді. 
Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға,
біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде
мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді. 
Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын уәждемелер мен
ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті жоғары бағалау,
жалпы адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы
аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек.
Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне
қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір
жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне
байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші жағынан,
еңбек деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендеу барысын
жеңу. 
Бұл аталған проблемаларға теориялық тұрғыдан айрықша мән берілуі тиіс.
Қазір, яғни әлеуметтік-экономиканың серпінді даму кезеңінде өндіріс
тиімділігін экономикалық жағынан ынталандыру, еңбектің сандық және сапалық
сипаттамаларын, макроэкономикалық ұдайы өндіріс процесіндегі ынталандырудың
рөлін айқындау, еңбектің трансформациялануын жалпылау және нақтыланған
түрде зерделеу өте маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып отыр.
Жоғарыда айтылған мәселелердің жиынтығы диссертациялық зерттеудің
тақырыбының өзектілігін және зерделеу бағыттарын анықтайды.Бірақ та,
өндіріс тиімділігін арттырудың қазіргі экономикалық ынталандыру шаралары,
олардың экономикалық өнімге ықпалы әлі де болса толық зерделенбей отыр.
Зерттелген жұмыстарда еңбекке ынталандырудың табиғатын айқындау кешенді
түрде жүргізілмей, дара-дара қарастырылған. Постиндустриалық парадигманың
даму үдерісінде экономикалық ынталандырмалар мен әдістемелер жасау
мәселесін ғылыми жолмен шешу қажет. Осылайша, мәселенің аз зерттелуі және
өндіріс тиімділігін арттырудағы  экономикалық ынталандыру мәселесінің
практикалық мәні осы диссертациялық зерттеудің тақырыбын анықтап
берді. Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген
ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. 
Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер,
өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін
ұтымды қолдану арқылы әсер етеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі - Өндірісті техникалық дайындаудың мазмұны
мен міндеттері кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына сай
аңықталады. Осыған орай тапсырыс беруші сауда орындарының, тұтынушылардың
талабына сәйкес өндірісті техникалық тұрғыда ұйымдастыру үшін дайындық
шараларын жүргізу.
Курстық жұмыстың мақсаты - Өндірісті техникалық дайындауға жаңа өнім
түрін өндіру мен модернизацияланған бұйымдардың және өндірістің ұйымдастыру-
техникалық деңгейін арттыру.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, 6
бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер Дәуренбекова Ә.Н.
Өндірісті ұйымдастыру. Оқу құралы. – Алматы: Экономика 2007 ж.,
Г.У.Джолдасбаева, Г.Д.Аманиязова Мұнай өндіруші кәсіпорындардың
экономикасы. Оқу құралы экономика Алматы 2011 ж., Б.А.Рахметов,
П.Т.Байнеева, Н.М.Қалманов Кәсіпорын экономикасы. Тәжірибелік құрал
экономика Алматы 2012 ж. тұрады.

1. ӨНДІРІСТІ ҒЫЛЫМИ – ТЕХНИКАЛЫҚ ДАЙЫНДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1. Өндірісті техникалық дайындаудың мазмұны мен кезеңдері
Өндірісті техникалық дайындауға жаңа өнім түрін өндіру мен
модернизацияланған бұйымдардың және өндірістің ұйымдастыру-техникалық
деңгейін арттыру үшін жүргізілген жұмыстардың жиынтығын жатқызуға болады.
Өндірісті
техникалық дайындаудың мазмұны мен міндеттері кәсіпорынның экономикалық
және әлеуметтік даму жоспарына сай аңықталады. Осыған орай тапсырыс беруші
сауда орындарының, тұтынушылардың талабына сәйкес өндірісті техникалық
тұрғыда ұйымдастыру үшін дайындық шаралары жүргізіледі.
Әдетте өндірісті техникалық дайындау үш кезеңнен тұрады:
Жаңа өнім түрін жасау және өндірісті дайындау, үлгіні әзірлеу және
оның  тәжірибе жүргізу арқылы үлгісін жасау, оны бекіту, құжаттарын
дайындау, бұйымды суреттеу, қолданылатын негізгі және қосымша материалдарды
ескере отырып конструкциясын жасау, өнімді өндіруге қажетті шикізат,
материалдар, жартылай фабрикаттар мен жабдықтаушыларды анықтау шаралары
жүргізіледі. Өнімді дайындаудың технологиялық сызбасы, технологиялық
операциялардың тізбегі, жұмыс күшіне қажеттілік, олардың мамандылығын
анықтау, құрал-жабдықтарды жөндеу және түзеу тәрізді көптеген жұмыстар
атқарылады. Жаңа және әр түрлі өнімді өндіруді дайындау және
игеру, ұйымдастыру-техникалық шараларды енгізу орындалады.өндірісті
техникалық дайындаудың екінші кезеңінде еңбек өнімділігін арттыруға, өнім
сапасын жақсарту мен материалдарды үнемдеуге барлық жағдай жасау жан-жақты
қарастырылады.
Өнімнің жаңа және әр түрін өңдеудің жалпы және сериялық әдістерін бір
жүйеге келтіру, өндірістік ағындарда өндірістік-техникалық шешімдерді
пайдалану сияқты жұмыстар атқарылады.
Өндірісті техникалық жетілдірудің әрбір кезеңінде орындалатын жұмыстар
сипаттамасына қарайконструкторлық, технологиялық және ұйымдастыру-
экономикалық болып бөлінеді.
Өндірісті конструкторлық дайындауда жаңа өнімнің конструкциясын жасау
мен игерілген өнімнің конструкциясын жетілдіру қарастырылады.
Өндірісті технологиялық дайындықтан өткізу кезеңінде жаңа
технологиялық үрдістерді ұйымдастыру мен  игерілген өнімнің  жетілдіру
жұмыстары жүргізіледі.
 Ұйымдастыру-экономикалық дайындықт ы жүргізу барысында өндірісті
техникалық дайындауды жоспарлау үшін мөлшерлер бекіту, еңбек күші,
материалдар, қаржы ресурстарына қажеттілікті есептеу, күнтізбелік жоспар
жасау, мөлшерді есептеу, еңбекақы жүйесі мен ұжым нысандарын таңдау,
калькуляция мен өндіріс сметасын құру, жұмыс күшіне, материалдарға, құрал-
жабдықтарға қажеттілікті анықтау, құжаттар түрін белгілеу, өндіріс пен
еңбекті ұйымдастыру, жұмыс орындарына қызмет көрсету және оларды жабдықтау,
өндірісті қосымша қажетті ресурстарымен қамтамасыз ету сияқты жұмыстар
орындалады. Нарықтық экономика кезінде жаңа өнім түрлерін өндіріске
енгізу, оны дайындау және өндірісті техникалық дайындықтан өткізу жұмыстары
өте жедел түрде жүргізілу қажет. Ұтымды пайдаланылған уақыт, сұранымға сай
өнімді тұтынушыларға дер кезінде ұсыну кәсіпорынды табысқа кенелтеді. Кері
жағдайда кәсіпорын шығындарын өтей алмау жағдайы қалыптасады. Өндірісті
дайындауға байланысты шараларға жұмсалатын шығындар неғұрлым аз болып, оның
сапаға залалы тимеген жағдайда кәсіпорынның экономикалық көрсеткіші жоғары
болады. Сонымен қатар жаңадан жасалатын өнімнің техникалық деңгейі
өндірістік үрдісте және оны пайдалану кезінде де отандық және шетелдік
үлгілердін басым болса, патенттік – техникалық тұрғыда жоғары нәтиже
береді. Жаппай өндірістік кәсіпорындарда өндіретін өнімнің көптігі,
ассортимент түрлерінің кеңдігі өндірісті техникалық дайындауды
ұйымдастыруға көптен шығын жұмсауды қажет етеді.

1.2. Ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Жаңалықтар ашу, өнертапқыштардың, патенттермен лицензиялар құқықтық
актілер негізінде растайтын қажетті құжаттарының болуы арқылы жүзеге
асырылады. Жаңалықтар ашуға
тылсым дүниедегі белгісіз болып келген обьективті құбылыстар мен
заңдылықтарды, қасиеттерді алғаш рет анықтау жатады десек,
ал өнертапқыштық деп экономика, мәдениет, денсаулық сақтау немесе қорғаныс
салаларындағы техникалық мәселені шеше отырып, экономикалық тиімділік
әкелетін жаңалық ашуды айтады. Бұл тиімділік тек сандық емес, сапалық
көрсеткіштермен де сипатталады. Рационализаторлық ұсыныстарға қолданыстағы
техниканы жетілдіру жаңа өнім түрлерін таба білу, ресурстарды тиімді
пайдалануды бақылау, байқау және зерттеу, техникалық қауіпсіздік пен
еңбекті қорғау, бақылау, жоспарлау, және есеп жүргізу жөніндегі жаңалықтар
жатады. Өнертапқыштықтан
рационализаторлық ұсыныстың айырмашылығы тәжірибеде қолданып жүрген
шешімдердің негізінде берілген кәсіпорынға лайықтап табыс табуды қамтамасыз
ету үшін табылған жаңалық түрін айтады.
Өнертапқыштық және рационализаторлық
ұсыныс үшін төленетін авторлық сыйақы оны пайдалану кезінде бір жылдағы
өнім сату көлеміне келетін экономикалық тиімділікке байланысты есептеледі.
Жаңалық ашқанды растайтын құжат авторлық куәлік деп
аталады. Лицензия дегеніміз–патенттелген жаңалықтың негізінде
ұйымдастырылған технологиялық үрдісте өнім өндіру мен сату құқына белгілі
бір төлем төлеу арқылы жүзеге асыруды айғақтайтын құжатты білдіреді.
НОУ-ХАУ–құқық
қорғау құжаттарымен, мысалы патентпен қорғалмаған, толық немесе ішінара
жарияланбаған ілім. Патент берілмеген обьектілер үшінші біреулерге ноу-
хауберу туралы шарт жасасу арқылы берілуі мүмкін.
Нарықтық экономикалық қатынастардың даму
барысында венчурлық (тәуекелді) кәсіпорындардами бастайды. Оларға ғылыми
немесе инженерлік зерттеулермен, сараптамаларымен, жаңалықтар енгізумен,
сонымен қатар құрамында ірі фирмалардың тапсырысы мен мемлекеттік
келісімшарттары орындаумен айналысатын шағын және орташа кәсіпорындар
жатады. Нарыққа келіп түскен жаңа өнім түрінде тұтынушы салқын қанды
қарауы да мүмкін. Жаңа тауарды таратуда жарнамаға, маркетингтік іс-шаралар
жүргізуге үлкен мән беріледі жіне ақпараттық сипат алуы керек. Сонымен
қатар жаңа өнім түрін жасау кезінде экономикалық ынталандыру, мотивация
жүйесі үлкен рөл атқарады. Бұл жүйеге қаржыландыру, несиелендіру,
жеңілдіктері бар салық салу, жаңа техникаға баға қою, жұмысшыларды
материалдық ынталандыру жұмыстары кіреді. Өндірісті
конструкторлық дайындауда өндірілетін өнімнің өмірлік циклының ұзақтығына
және оның сипатына үлкен мән беріледі. Өнімнің өмірлік циклының сатыларының
ұзақтығы және бір сатыдан екінші сатыға көшу ерекшеліктері өнімнің сату
көлемі мен кәсіпорынның табыс деңгейіне тікелей әсерін тигізеді. Әрбір
кәсіпорын өндіретін жаңа өнім өзіне тән өмірлік циклдан тұрады. Ол нарыққа
кіру кезеңі, нарыққа тұрақты өмір сүру кезеңі және бәсекеге қабілеті жоғары
немесе арзанқолды тауарлардың пайда болуына байланысты нарықтан шығу сияқты
кезеңдерден тұрады. Өндірісті конструкторлық дайындаудың негізгі
мақсатына кәсіпорын өндіретін жаңа өнімнің нарықтағы өмір сүру мерзімін
ұзарту, өнімге сұранымның жоғары болуын қамтамасыз ету, шығындардың өтелу
мерзімінің қысқа болуын көздеу, өндірісті жаңа тауарларды өндіруге дайындау
шығындарын азайту сияқты өзекті мәселелерді ұтымды шеше білу жатады.
Әрине, өнімнің
қайталанбайтын жаңа түрімен нарыққа енуші кәсіпорын бәсекелестік нарыққа
ерекше орынға ие болады, соның нәтижесінде бәсекелестерін нарықтан
ығыстырып шығаруы мүмкін. Осы кезенде тауардың бағасы өмірлік циклдың басқа
сатыларына қарағанда өте жоғары болып, оның жаңалығының ерекшелігін
көрсетеді. Табыс төмендеп кету нәтижесінде кәсіпорын зиян шегуі де әбден
мүмкін. Жаңа тауарды таратуда жарнамаға,
маркетингтік іс – шаралар жүргізуге үлкен мән беріледі және ол ақпараттық
сипат алуы керек.
1.3. Өндірісті ғылыми – технологиялық дайындау
Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау (ӨҒТД) деңгейі негізгі
өндірістің өнімді дайындаудағы тиімділігін арттыруды және оның берілген
тұтынушылық қасиеттерін сақтай отырып, өндірістің ырғақты жұмыс істеуіне
мүмкіндік береді. Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау деп өндірісте
өнім өндірі жүйесі мен конструкторлық технологиялық дайындауды реттеуші
мөлшерлі- технологиялық шаралар кешенін айтады. Мөлшері–
технологиялық шаралар кешені бірнеше сатылардан тұрады. Тәжірибе –
констукторлық жұмыстар сатысында технологиялық үрдістерді ұйымдастыру,
негізгі өнімнің сызбаларын, технологиялық құрал – саймандарды, стандартқа
сәйкес емес құрал – жабдықтарды, өнімнің сапасын техникалық бақылау және
сынау үшін құралдарды және тасымалдау құралдарын орналастыру мен жіберу
жұмыстарын дайындау және жетілдіру жатады. Осы сатыда тәжірибе жұмыстары
жүргізіледі. Стандартқа сәйкес емес құрал – жабдықтардың және технологиялық
құрал – саймандардың жеке құрамдас бөліктерінің жұмысын тексеру, модельдер
мен үлгілер дайындау жұмыстары орындалады.
Тәжірибелік – конструкторлық жұмыстар сатысы болашақ өнімнің
техникалық деңгейінің қалыптасуына ерекше әсерін тигізеді. Келесі сатыларда
кемшіліктерді болдырмау үшін жаңа техниканың конструкторлық шешімдері мен
негізгі техникалық параметрлерінің негізі қаланады.
Технологиялық құжаттама (технологиялық үрдістер, технологиялық шарттар,
өндірістік нұсқаулар, стандартқа сәйкес келмейтін құрал – жабдықтар мен
технологиялық жабдықтардың сызбалары) кәсіпорынның технологиялық қызмет
орындарында дайындалады. Тәжірибе –
констукторлық жұмыстар алынған ғылыми нәтижелер стандартқа сәйкес келмейтін
құрал – жабдық және технологиялық жабдықтар өндірісі сатысында жүзеге
асады. Аталған жабдықтау құралдарының дайындалуының сапасы мен
беріктілігіне соңғы өнім агрегаттары, түйіндері мен бөліктерінің сапасы
тығыз байланысты болады.  Өндірісті ғылыми-
технологиялық дайындау деңгейі көптеген факторлармен тығыз байланысты
болады. Оларға техникалық, экономикалық, ұйымдастыру және әлеуметтік
факторлар жатады.   Техникалық факторларға–типтік және
стандартты технологиялық үрдістерді жасау және жетілдіру, технологиялық
жабдықтардың стандартқа сай және автоматтандырылған жобалау жүйесін
қолдану, технологиялық жабдықтарды қолдану, бөліктерді өңдеудің механикалық
және теримялық өңдеудің прогрессивті тәртібін қолдану, ұнтақты металлургия,
электрофизикалық, электрохимиялық және т.б. әдістерді дайындау, сапаны
тексеруде белсенді және обьективті техникалық тексеру құралдарын пайдалану,
технологиялық құралдарды өндірудің және жобалаудың торлық сызбасын
бақылауды автоматтандыру және т.б. жатады.
Экономикалық факторларға - өндірісті технологиялық дайындау жұмыстарының
кезеңдері бойынша алдын ала қаржыландыру, жеңілдетілген  несиені пайдалану,
жаңа техниканы игерудің ынталандыру қорын құру және т.б. жатады.
Ұйымдастыру факторларға құрамына
өндірісті  мамандандыруды дамыту және тереңдету, негізгі өндірістің алғашқы
өнімдер партиясының немесе тәжірибелік үлгісінің сапасы бойынша стандартты
емес құрал-жабдықтардың, технологиялық жабдықтардың сапасын аттестациялау,
көмекші өндірісті ұйымдастыруды жақсарту, негізгі және көмекші өндіріс
арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру, зауытаралық, саларалық
кооперациялауды кеңейту кіреді.
Әлеуметтік факторлар қатарына орындаушылар мамандығын көтеру, еңбек
жағдайын жақсарту мақсатында өндірістік және көмекші операцияларды
механикаландыру және автоматтандыру, әлеуметтік өрісті дамыту, ұжымда
психологиялық атмосфераны жақсарту саналады. Өндірісті
технологиялық дайындау жеке өндірістік бөлімдерді техникалық жарақтандыру,
өндірісті кеңейту, сонымен қатар құрал – жабдықтарды модернизациялауды
алдын ала қарастырады. Жоғарыда аталғандар конструкторлық, технологиялық
дайындау, дайындық, дайындық және өндірісте өнімді өндіру шаралары
кәсіпорынның ғылыми – техникалық дамуының негізі болып қаланады.
Өндірісті ғылыми-техникалық дайындау
үрдісін жүзеге асыруда стандарттар жүйесі бойынша мөлшерлер, ережелер және
талаптарға сәйкес орындау қажеттілікті пайда болады.
Өндірісті конструкторлық дайындаудың келесі сатыларын
қарастырайық: техникалық тапсырма, техникалық ұсыныс, эксиздік жоба және
жұмыс жобасы.
Техникалық тапсырма бастапқы құжат болып табылады. Оның негізінде жаңа
өнімді жобалау бойынша барлық жұмыстар жүргізіледі. Ол өнім өндіруші
кәсіпорынның және тапсырыс берушінің келісімен немесе тапсырушының
тапсырмасымен келісіп отырып жаңа өнімнің жобасы жасалады.
Техникалық тапсырмада
болашақ өнімнің мазмұны ашып көрсетіледі, оның техникалық және
эксплуатациялық параметрлері мен сипаттамалары: өнімділігі, габариті,
жылдамдығы, беріктілігі, ұзақ уақыт қызмет көрсетуі және басқа болашақ
өнімнің жұмыс істеу сипатына қарай басқа көрсеткіштері беріледі. Онда
сонымен бірге өндірістің сипаты жөнінде мәліметтер, тасымалдау, сақтау және
жөндеу шарттары, конструкторлық құжаттарды дайындаудың қажетті сатыларда
орындау жөніндегі ұсыныстар, оның құрамы, технико – экономикалық
негіздемесі және тағы басқа талаптар беріледі.
Техникалық ұсыныс тапсырыс беруші жаңа өнімді әзірлеушіге техникалық
тапсырма берген жағдайда аталады. Техникалық ұсыныс техникалық тапсырманы
жан-жақты талдауды, өнімді жобалау кезінде мүмкін болатын техникалық
шешімдерді техника-экономикалық негіздеуді ескере отырып салыстырмалы түрде
баға беруді, сонымен бірге патенттік материалдарды талдауды қамтиды.
Техникалық ұсынысты үйлестіру мен бекіту тәртібі техникалық тапсырмадағыдай
болып келеді. Техникалық ұсынысты үйлестіріп және бекіткеннен кейін
эскиздік жобаны дайындау үшін негіз болады. Эскиздік жоба техникалық
тапсырма мен техникалық ұсыныста қарастырылғаннан кейін ғана дайындалады,
онда жұмыс көлемі мен құрамы анықталады.
Эксиздік жоба графикалық бөлім мен түсіндірме хаттан
тұрады. Бірінші бөлімде өнім туралы түсініктеме беретін
конструктивтік шешім, оның жұмыс істеу қағидалары, өнімнің негізгі
параметрлері мен габариттік размерлері туралы мәліметтер беріледі. Сонымен
қатар, онда өнімнің болашақ конструкциясы мен конструктивті рәсімдеуі мен
соған қоса жалпы түрдегі сызбалары, функционалдық блоктары, барлық
буындардағы кіретін және шығатын электрлік мәліметтері, блок – сызбаның
құрамдас бөліктері қамтылады. Осы сатыда макеттер дайындау үшін құжаттар
жасалады, оларды дайындау және тексерістен өткізеді, содан кейін барып
конструкциялық құжаттама үйкелестіруден өтеді.
Эскиздік жобаның екінші бөлімі конструкцияның негізгі параметрлерінің
есептемелері, өндірісті техникалық дайындау жөніндегі жұмыстың үлгілік
сызбасы, эксплуатациялық ерекшеліктерін сипаттайтын жұмыстардан тұрады.
Эскиздік жоба міндеттері
құрамына технологияның, беріктіліктің, стандарттау мен унификациялаудың
келесі сатыларындағы жұмысты жүргізудің әр түрлі басшылыққа алатын
нұсқаулары, сонымен қатар материалдық – техникалық қамтамасыз етудің келесі
қызметіне беру үшін тәжірибелік үлгілерді қажетті материалдар мен комплект
бұйымдарының спецификалық ведомостерін дайындау кіреді.
Эскиздік жоба техникалық тапсырма секілді үйкелестіру және
бекіту сатыларынан тұрады. Техникалық жоба бекітілген эскиздік жоба
негізінде дайындалады және сызба және есеп бөлімдерінен тұрады және жаңадан
дайындалатын өнімнің техника – экономикалық көрсеткіштерін тексеріп шығуды
қажет етеді. Ол дайындалатын өнімнің құрылымы жөнінде толық ақпарат беретін
және жұмыс құжаттамасын жасау үшін бастапқы мәліметтерден тұратын
конструкторлық құжаттар жиынтығынан тұрады.
Технологиялық құжаттау жүйесі конструкторлық құжаттау жұмысынан кейін
технологтар технологиялық құжаттарды дайындаумен айналысады. Ол екі
міндетті шешуге негізделген: ақпараттық және ұйымдастырушылық.
Типтік технологиялық үрдіс екі жолмен жүреді. 1.
Негіз ретінде типтік өкілдік талаптарын неғұрлым толық қанағаттандыратын
бөлікті дайындаудың технологиялық үрдіс алынады. 2. Қайтадан
жасалынады (көшірмелеудің бір бөлігі, бір зауыттарда, цехта, учаскіде)
үрдістерге, басқа бөлігі немесе зауыттағы үрдістерге сәйкес. Таңдау
қағидалары прогресивтілік орындалады және ұтымды тізбектілігі үлкен сериялы
өндірісте орналасқан жалпы көлемінің 60-65% құрайтын типтік бөліктерге,
типтік технологиялық үрдістер жасалынады. Бір типтік технологиялық үрдіс 10-
нан 300-ге дейінгі ерекше технологиялық үрдістерді алмастыра алады. Мөрлеу,
құю, ұнтақты металлургия әдісі арқылы бөліктерді жасау және т.б. кезінде
типтік технологиялық еңбек көлемін 3 – 4 рет азайтады.
ЕСТД – бекітілген нысандарда жасалған
технологиялық құжаттау, өндірісі автоматтандырылған басқару жүйесі (АСУП)
үшін ақпараттың алғашқы тобы ретінде қолдануы мүмкін. ЕСТД типтік
технологиялық үрдістерді кең түрде қарастырады.

1.4.Өнімнің сапасын бақылауды ұйымдастыру
Өнімнің сапасын жақсарту үшін сапа жөніңдегі мәселені жан – жақты
қарастырған жөн. Ол үшін шикізат, материалдар, өндірістің техникалық
құралдарына, оны дайындау және ұйымдастыруға байланысты қойылатын талартар
өзара келісілуі қажет. Көптеген өндірістік кәсіпорындар өнім сапасын
басқару үшін Өнім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары
Өндірісті жетілдіру және ғылыми-технологиялық дайындауды ұйымдастыру
Өндірісті ғылыми - техникалық дайындау
Тіс емханасын метрологиялық қамтамасыз ету
Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру
Өндіріс процесі және оны ұтымды ұйымдастыру принциптері
Өндірісті техникалық дайындау жоспары
Өндіріс құрылымының түрлері
КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Ұлттық экономика түсінігі
Пәндер