Озат педагогика ғалымдары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І ТАРАУ
1.1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЗАТ ТӘЖІРИБЕ ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 ИННОВАЦИЯ ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
ІІ ТАРАУ
2.1 ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕДАГОГИКА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
ІІІ ТАРАУ
3.1 ОЗАТ ПЕДАГОГИКА ҒАЛЫМДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
3.2. НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ТӘЖІРИБЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

КІРІСПЕ
Басылым беттерінде озат тәжірибе туралы мақалалар көптеп басылып, тіпті арнайы кітапша түрінде жинақталып шығарылып та жатыр. Дегенмен, көпшілігінде, озат тәжірибенің өзінен гөрі оның иесі жайлы, оның жеткен жетістіктері туралы жалпылама айтылады да, озат тәжірибенің негізгі идеясы мен тәжірибе иесінің әдістемелік жүйесі (жоғары нәтижеге жеткізетін әдіс-тәсілдер жиынтығы), осы озат тәжірибенің дүниеге келуіне мұрындық болған жағдайлар, осы озат тәжірибе арқылы шешілетін мәселелер жайлы жеткіліксіз сөз болады. Осылайша негізгі нәрінен айрылған “озат тәжірибе” көпшілік пайдаланатын құнды құралдан гөрі, бір мұғалім туралы айтылған өмірбаян деректеріне ұқсап кетеді. Мұның бәрі – К.Ушинскийдің «Озат тәжірибені үйрену барысында бір адамнан екінші адамның алатыны – тек қана оның идеясы» деген сөзін ескермеу салдары.
Осы жерде мектеп көлемінде жалпылап, жинақтауға жарайтын озат тәжірибе мыңдап, аудан көлемінде таратуға болатын озат тәжірибе жүздеп саналатынын, ал облыс, республика көлемінде зерттеп, жинақтап, таратуға болатын озат тәжірибе саусақпен санарлық екенін айта кетуіміз керек. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Москва облысында мұғалімдердің біліктілігін арттыру институты тарапынан жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша мектепішілік деңгейде қолданылып жатқан он мыңға жуық озат тәжірибе, аудандық және қалалық көлемде қолданылып жатқан 1200 озат тәжірибе, ал облыстық деңгейде пайдаланылып жатқан жүзден сәл ғана асатын озат тәжірибе бар екен. Қызылорда облысында осының оннан бірі бар деп есептесек, облыстық деңгейде сипаттап жазуға болатын он шақты ғана озат тәжірибе бар болып шығады екен.
Мектептегі озат тәжірибені зерттеу бағытындағы әдістемелік жұмыстарды қайта құрудағы маңызды нәрсе мектепішілік бақылауды күшейту де емес, ашық сабақтар мен семинар-конференцияларды жиі өткізу де емес, бірінші кезекте педагогикалық ұжымда ынтамақтастық қарым-қатынас қалыптастыру болмақ. Сонымен бірге, әр ұстаздың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, мектепте тұлғалық бағыттағы жеке жұмыстарды жолға қою өте маңызды міндет болып табылады. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруға мектептің аудан орталығынан алыстығы емес, аудан бойынша ортақ әдістемелік қызмет желісінің жоқтығы көбірек әсер етеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Жаңашыл педагогтар іс-тәжірибелері. – Алматы,1991.
2. Педагогикалық ізденіс. – Алматы, 1990. – 8-58; 58-100, 147,215-беттер.
3. Ұстазға рухани қуат керек. Р.Нұртазина туралы//Қазақстан мектебі, 1999. №1-2. 8-11-бет.
6. НұртазинаР.Б. Занимательная грамматика. - Алма-Ата, 1963,1973.
7. Р.Б.Нұртазина. Формы патриотического и интернационального воспитания в казахской школе. Сб. научных трудов. – М., 1980.
8. Курманалина Ш.Х. Совершенствование методической подготовки будущих учителей начальных классов по обучению мптематике младших школьников: учебное пособие, Алматы: Алем, 1999.-160 с.
9. Курманалина Ш.Х. Функциональная модель электронной мстодической системы в колледже: Учебное пособие. – Алматы: Алем, 2000.
10. Курманалина Ш.Х. Методология и технология создания электронной методической системы в условиях информатизации оброзования: монография. – Алматы: Алем, 2002. – 316 с.
11. Курманалина Ш.Х. Обновление методического обеспечения учебного процесса в условиях информатизации образования (в соавторстве: Н.Б.Чекалева): Монография. Омск: ОмГПУ, 2002. – 89с.
12. Фарбер Д.Х. Жизнь – в детях. Народный учитель. – Алма-Ата, 1982.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І ТАРАУ
0.1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЗАТ ТӘЖІРИБЕ ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .5
0.2 ИННОВАЦИЯ ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
ІІ ТАРАУ
2.1 ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕДАГОГИКА ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 14
ІІІ ТАРАУ
3.1 ОЗАТ ПЕДАГОГИКА ҒАЛЫМДАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3.2. НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ТӘЖІРИБЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
КІРІСПЕ
Басылым беттерінде озат тәжірибе туралы мақалалар көптеп басылып, тіпті арнайы кітапша түрінде жинақталып шығарылып та жатыр. Дегенмен, көпшілігінде, озат тәжірибенің өзінен гөрі оның иесі жайлы, оның жеткен жетістіктері туралы жалпылама айтылады да, озат тәжірибенің негізгі идеясы мен тәжірибе иесінің әдістемелік жүйесі (жоғары нәтижеге жеткізетін әдіс-тәсілдер жиынтығы), осы озат тәжірибенің дүниеге келуіне мұрындық болған жағдайлар, осы озат тәжірибе арқылы шешілетін мәселелер жайлы жеткіліксіз сөз болады. Осылайша негізгі нәрінен айрылған "озат тәжірибе" көпшілік пайдаланатын құнды құралдан гөрі, бір мұғалім туралы айтылған өмірбаян деректеріне ұқсап кетеді. Мұның бәрі - К.Ушинскийдің Озат тәжірибені үйрену барысында бір адамнан екінші адамның алатыны - тек қана оның идеясы деген сөзін ескермеу салдары.
Осы жерде мектеп көлемінде жалпылап, жинақтауға жарайтын озат тәжірибе мыңдап, аудан көлемінде таратуға болатын озат тәжірибе жүздеп саналатынын, ал облыс, республика көлемінде зерттеп, жинақтап, таратуға болатын озат тәжірибе саусақпен санарлық екенін айта кетуіміз керек. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Москва облысында мұғалімдердің біліктілігін арттыру институты тарапынан жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша мектепішілік деңгейде қолданылып жатқан он мыңға жуық озат тәжірибе, аудандық және қалалық көлемде қолданылып жатқан 1200 озат тәжірибе, ал облыстық деңгейде пайдаланылып жатқан жүзден сәл ғана асатын озат тәжірибе бар екен. Қызылорда облысында осының оннан бірі бар деп есептесек, облыстық деңгейде сипаттап жазуға болатын он шақты ғана озат тәжірибе бар болып шығады екен.
Мектептегі озат тәжірибені зерттеу бағытындағы әдістемелік жұмыстарды қайта құрудағы маңызды нәрсе мектепішілік бақылауды күшейту де емес, ашық сабақтар мен семинар-конференцияларды жиі өткізу де емес, бірінші кезекте педагогикалық ұжымда ынтамақтастық қарым-қатынас қалыптастыру болмақ. Сонымен бірге, әр ұстаздың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, мектепте тұлғалық бағыттағы жеке жұмыстарды жолға қою өте маңызды міндет болып табылады. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруға мектептің аудан орталығынан алыстығы емес, аудан бойынша ортақ әдістемелік қызмет желісінің жоқтығы көбірек әсер етеді.
І ТАРАУ
1.1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЗАТ ТӘЖІРИБЕ ҰҒЫМЫ
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.
Педагогикалық тәжірибе практика нәтижесі ретінде шындық өлшемі болып табылады: ол ендірілген жаңаруларды (инновацияларды) не растайды, не теріске шығарады. Ол тәжірибе дәстүрлі негізден бастау ала отырып, шығармашылық ізденіс пен жаңашылдыққа ұштасып жатады. Кейбір мұғалімдер педагогикалық мәселені педагогикалық міндеттен ажырата алмайды. Мысалы, өз пәні бойынша жоғары көрсеткіштерге жету үшін мұғалім оқушылармен қосымша сабақтар ұйымдастырады, үйге нормадан тыс көп тапсырмалар береді. Бұл жұмыстар алғашқы кезде уақытша нәтижелерге жеткізуі мүмкін. Бірақ бұл жағдайда оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мен олардың қоғамдық құндылықтарын қалыптастыру сияқты маңызы жоғары педагогикалық мәселелер назардан тыс қалып қояды. Жалпы алғанда, қосымша сабақтар мен тапсырмалар арқылы алынған нәтижелер педагогикалық шеберліктің және озат тәжірибенің маңызды белгісі, құнды қасиеті емес. Тіпті интуитивті жолмен табылған (теориялық негізделіп, әдістемелік жалпыланбаған) оқу-тәрбие жұмысындағы кейбір күрделі міндеттердің тамаша шешімдері де озат тәжірибенің негізгі белгілері болып саналмайды.
Педагогикалық озат тәжірибе - практика жүзінде іске асырылған алдыңғы қатарлы педагогикалық идеялардың жиынтығы. Педагогикалық озат тәжірибенің мәнін тереңірек түсіну үшін педагог-ғалымдар оны қай тұрғыдан қарастыратынын білу керек. Озат тәжірибе педагогикада қазір бірнеше бағытта қарастырылады:
Педагогикалық озат тәжірибені мұғалімдердің өзіндік білім жетілдіру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыру мұғалім өзінің және өзгелердің құнды іс-тәжірибесін зерттеп, жалпылау арқылы өз білімін жетілдіре алатынын білдіреді.
Педагогикалық озат тәжірибені мектептегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттырудың қажетті шарты ретінде қарастыру жақсы жолға қойылған озат тәжірибені зерттеу ісі арқылы мектептегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін едәуір арттыруға болатынын көрсетеді. Педагогикалық озат тәжірибені мұғалім мен әдіскердің педагогикалық шығармашылығын дамыту құралы ретінде қарастыру педагогтың озат тәжірибеге жүйелі зерттеу жүргізуі өз шығармашылығын дамытуына ықпал ететінін байқатады. Педагогикалық озат тәжірибені тәжірибе педагогикалық үрдістер мен жүйелерді ғылыми зерттеу әдісі ретінде қарастыру ізденімпаз мұғалімдер үшін педагогикалық үрдістер мен жүйелерді ғылыми зерттеуге жол ашатынын білдіреді.
Педагогикалық озат тәжірибені педагогика ғылымы мен практиканың өзара жүйелі байланысы ретінде қарастыру озат тәжірибе шын мәнінде ғылым мен практиканың сабақтастығы ретінде қарастырылатынын көрсетеді.
Педагогикалық озат тәжірибені педагогикалық іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастыру әрбір ұстаздың озат тәжірибені зерттеп, жалпылауы оның әдістемелік қызметінің ерекше бір саласы болып табылатынын байқатады. Бұл қарастырулардың барлығы озат тәжірибенің өзіндік мәнін аша отырып, оның өзге іс-тәжірибе түрлерінен ерекшелігін ажыратып көрсетуге мүмкіндік береді. Тәжірибенің түрі көп екені белгілі: оң тәжірибе, эксперименттік тәжірибе, озат тәжірибе және жаңашылдық тәжірибе. Ұстаздан жоғары кәсіби және әдістемелік шеберлікті қажет ететін, жаңа нормативтік талаптарға негізделген тәжірибе оң тәжірибе, ал қарапайым мектептегі қатардағы мұғалімнің, көпшіліктің сұранысын қанағаттандыратындай дәрежедегі, тиімді жолмен қол жеткізген керемет жетістігіне негізделген тәжірибе озат тәжірибе деп аталады. Эксперименттік, озат және жаңашылдық тәжірибе озық тәжірибелер қатарына жатады, тек оң тәжірибе ғана оған жатпайды. Осылардың ішінде тек озат тәжірибе ғана оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған күшті құрал бола алады. Қалған тәжірибелер озат тәжірибенің құрамдас бөліктері болып табылады.
Көпщілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі - бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.
Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.
Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі - қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озат тәжірибенің екінші белгісі - педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:
:: оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;
:: өз беттерімен білім ала білуі;
:: білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;
:: оқушылардың жалпы дамуы.
Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.
Жаңалық - озат тәжірибенің төртінші белгісі. Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау.
Бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.
Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі - әрі қиын, әрі үрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие салаларындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс-тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды. Мұғалім зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып, оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамту жолдарын іздестіріп, өз жұмысындағы жетістіктер мен мүмкіншіліктерді көріп, оларды жоюдың тиімді жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады.
Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысып сабақтарына қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, сабақ жоспары, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, оқушылардың баяндамаларын жинақтайды.
1.2 ИННОВАЦИЯ ҰҒЫМЫ
Инновация - бұл таным іс-әрекетін ұйымдастырудың арнайы нысаны. Ол толық нақтылықты және болжамды мақсаттарды анықтайды.
Педагогикалық инновация таңдау пәні педагогикалық технологияны іске асыру механизмі шығармашылық өзін - өзі дамыту іс-әрекеті, ол: өзін-өзі анықтау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту.
Кәсіби шеберліктің жоғарғы шегі шығармашылық еңбек, оқу- тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құрай білуі, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру. Оқытудың инновациялық әдістері студенттерге рөльдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі жағдаяттар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді. Педагогикалық инновация дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде студенттердің өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.
Педагогикалық инновация әдістері тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады. Инновациялық педагогика жаңалықтарын қолдану барысында балалардың анатомиялық-физиологиялық негізгі заңдылықтары мен дамуын;
- Баланың дайындығының мониторингінің ғылыми - теориялық негіздерін;
-Қазіргі қолданыстағы білімнің стандарты, оқу бағдарламалары, және оқу құралдарының құрылымы мен мазмұнын;
- Оқытатын пәндердің теориялық негіздерін;
- Оқытатын пәндердің мақсаты мен міндеттері;
Біліктілігі:
- инновация әдістерін қолдануда педагогикалық әрекетті үлгілеу, педагогикалық қызметте рефлексияны жүзеге асыру, мақсатты қоя білу, педагогикалық диагностика жүргізу; оқыту және тәрбиелеу үдерісін құруды жүзеге асыру;
- оқу-танымдық әрекетті оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастыра білу;
- оқыту мен тәрбиелеудің жаңашыл технологияны пайдалану;
- сабақта және сабақтан тыс уақытта инновациялық әдістерді балалардың оқу танымдық мотивациясының негізін түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатында қолдану;
дағдысы:
- Компьютерлік сабақ коммуникативті сауаттылық
- балалардың шығармашылығы және сыни ойлауын дамытуға арналған инновациялық жаңалықтарды қолдана отырып оқу-тәрбиені ұйымдастыру және өткізу;
- педагогикалық процесінде инновациялық технологияларды пайдалану.
Құзыреттілігі:
- Балалардың құзыреттілігі құзыреттілігін қалыптастыру;
- Балалардың қызығушылығы мен қабілеттерінің мониторнигін жасау;
Пәннің пререквизиті - жалпы білім беретін мектептердің бағдарламасындағы гуманитарлық пәндер бойынша білім.
Пәннің постреквизиті - Педагогикалық инновация таңдау курсын оқыту негізінде оқытудың жаңашыл әдістерінің негіздері, жаңашыл әдістерінің қолданылуы туралы білім мен білік дағдысын қалыптастыра отырып, психо-педагогикалық, тәрбие жұмысының әдістемесі, әлеуметтік педагогика, педагогикалық шеберлік және басқа педагогикалық циклдардағы пәндерді меңгерту.
Инновация - педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатқа жету.
Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.
70-80 жылдары Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс-тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды.
Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:
:: білім мазмұнындағы инновация;
:: оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;
:: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;
:: мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.
Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:
- жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;
- модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;
- жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.
Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.
Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды.
Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.
Иннавациялық іс-әрекет - қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.
Инновациялық процестің кезеңдері:
:: иновацияның себептері;
:: жаңалықты жобалау;
:: жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн.
Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:
:: мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;
:: инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;
:: бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;
:: әлеуметтік-экономикалық жағдай;
:: инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.
ІІ ТАРАУ
2.1 ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕДАГОГИКА
Ынтымақтастың - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет. Оған керекті жағдайлар:
- мақсаттың бір екенін анық сезіну;
- ынтымақтасушы жақтардың қызметш дәл белгілеу;
- мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың, т.б.
Педагогикалық процеске қатысушылардың бір-біріне көмек беруі. Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуына себеп болған оқушылардың білім деңгейінің төмендігі, кеңес педагогикасының баланың еркін және жан-жақты дамуын тежеп, талантын басуы. Ынтымақтастың педагогикасы баланың психикасының саулығын сақтап, күштеп оқытуға, формализмге қарсы шығып, баланы оқуға ынталандырып, табысқа деген сенімін нығайтып, жазалаудың ауыр түрлерін мүлдем қолданбайды, адамгершілік пен ынтымақтың бала өмірінде үлкен маңызы бар екенін жете түсінеді. Жаңашыл мұғалімдер өз мектептерінде 25 жыл бойы идеяларын сынақтан өткізіп, ескі әдіспен жастарды оқытуға болмайтындығын дәлелдеп, мұғалімдерге жақсы жұмыс істеу жолдарын көрсетті.
Олар:
- балалар мен мұғалімдер, ата-аналар арасындағы ынтымақ;
- ұжым мүшелерінің шығармашылық жұмысы;
- оқушыға атқарушылық және шығармашылық қабілетін ::
- дамытатын жұмыстар беру;
- баланы өзін-өзі және ұжымды талдауға үйрету; тұлғалық дамуы;
- тірек идеясы;
- жаңарту идеясы;
- озу идеясы;
- жаңа мектеп;
- тұлғаны дамыту идеясы.
Кеңес мектебі білім беруге баса назар аударып, іскерлікке аз көңіл бөліп, оқыту мен тәрбиенің негізгі мақсаты оқушыларды дамыту екендігін ұмытып отырған. Ынтымақтастық педагогикасы ақыл-ойды, т.б дамытады.
Атқарушылық, шығармашылық қабілет. Балалардың ақыл-қабілетінің дамуын зерттеген Б. Никитин, оны атқарушы, және баланың өздігін тез дамытатын, оның ең негізгі қасиеттерін шығармашылық деп бөледі.
Бала дамуының жаңын аймағы - үлкендердің көмегі арқылы баланың атқараалатын істері. Көрнекті кеңес психологы Л.Выготский оқыту мен дамудың байланысын зерттеп, баланы дамыту үшін оған күрделі тапсырмалар беруді ұсынды. В.Шаталов ережелері оқылмаған тақырыптар бойынша оқушыларға есеп шығартады. Баланың бір күнінің екінші жартысы оның икемділігін, қызығушылығын дамытуға арналады, бұл міндетті орындауға ересектердің уақыты жетпейтіндіктен, балаға негізінен сабақта білім беріліп, қалған уақытта баланың өзі қызығатын іспен айналысуына жағдай жасаған жөн.
Жаңашылдар баланы өзін-өзі құрметтеуге оқу-тәрбие жүмысының барлық кезеңдерінде үйретеді. Өзін-өзі реттеу баланың өзінің іс-әрекеті арқылы жүреді. В.Шаталов үйге тапсырма бермейді, оқушылар оған бөлінген уақытты өздері үшін пайдаланып, тапсырманы тынығып алған соң орындайды. И.Волков үй тапсырмаларын оқушыларға таңдатады. Ш.Амонашвилидің тәрбиеленушілері үй жұмысын өз қалауымен алады.
Озат мұғалімдер баланы құрметтеу идеясын іске асырып, бейімділікке қарай жұмыс беріп, оқушының жеке мүмкіндіктерін дамытып, сабақта да қабілетіне қарай жеке тапсырмалар беріп, қарапайым оқыту тәсілдерін қолданып, оқушыларға сабақ бергізіп, олардың шамалы болса да табысын, шығармашылығын мадақтайды.
Басып тастау ма, әлде диалог па? Мұғалімдерге балалар өздерінің естігендерін, өсек-аяңдарды, әзілдерді айтып келеді. Дәстүр бойынша мұғалім оларды қайтарып тастайды. Себебі мүғалім өзіне келетін сөзден қорқады. Егер мұғалім оқушыға ол сөздердің дұрыс-бұрыстығын айтпаса, онда оқушы өз пікірін өзгертпейді. Оқушыларды әлеуметтік және саяси жағынан өсіретін демократиялық диалог және мұғалімнің өзгені өз сөзіне сендіре білуі.
Жастар философиясы. Мұғалім кез келген жерде окушыға ақыл беріп, оған белгілі нәрселерді айта бермейді, диалог және пікірталас арқылы диалектикалық-материалистік философияны түсіндіреді.
Ойын - демократ тұлғаны қалыптастыратын құрал.
Мектеп және қоғамдың қатынас. Мектеп ұжымы қоғаммен тығыз байланыста болу керек. Өнімді еңбек - тәрбиенің тамаша құралы.
ІІІ ТАРАУ
3.1 ОЗАТ ТӘЖІРИБЕ ҒАЛЫМДАРЫ
Қ.М.Нұрғалиевтың (1925 - 1988 ж.ж.) педагогикалық көзқарасы
Қ.М.Нұрғалиевтың өмірбаяны және ұстаздық көзқарасы
Құмаш Нүрғалиев Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында дүниеге келген. "Шыңғысхан" мектебінің 6-сыныбын бітіріп, еңбекке араласты, 19 жасында Ұлы Отан соғысына аттанады. 1944 жылы жараланып, екі аяғы, бір қолынан айырылды, Мәскеу госпиталінде екі жыл емделіп, көптеген операциялардан өткен. Сол госпитальда емделген жылдарында 8-ші, 9-шы, 10-шы сыныптар емтихандарын тапсырып, орта білім туралы атестат алып, сонымен қатар бухгалтерлік курсты сырттай бітіріп алады. Ауылға оралған бойда бірінші топтағы мүгедектілігіне қарамастан ұстаздық еңбек жолын орыс тілі пәнінен сабақ беруден бастайды. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік институтының тарих факультетін сырттай оқып бітіріп, Боран орта мектебінде 30 жылдан астам уақыт үздіксіз директор қызметін атқарды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz