Кәсіптік оқыту принциптерінің ерекшеліктері



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І ТАРАУ
1.1 КӘСІПТІК ОҚЫТУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... 4
1.2 БІЛІМ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
ІІ ТАРАУ
2.1 ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ҮШ ДЕҢГЕЙІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
ІІІ ТАРАУ
3.1 ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ... .14
3.2 ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
3.3 ОҚЫТУ ПОЦЕСІ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
КІРІСПЕ
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай, жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан - жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Білім беру - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру үрдісі халқымыздың ұлттық салт - дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқықтары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
• жек е адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. С.Б.Бабаев, Ж.К.Оңалбеков. Жалпы педагогика.Алматы-2005ж
2. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 2000. 213-2206.
3. Т.Сабьефов. Оқ ыту теориясының негіздері. - Алматы, 1993. 21-366.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І ТАРАУ
0.1 КӘСІПТІК ОҚЫТУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... 4
0.2 БІЛІМ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
ІІ ТАРАУ
2.1 ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 10
2.2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ҮШ ДЕҢГЕЙІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ІІІ ТАРАУ
3.1 ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ... .14
3.2 ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3.3 ОҚЫТУ ПОЦЕСІ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

КІРІСПЕ
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай, жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан - жақты дамыту -- қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Білім беру - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру үрдісі халқымыздың ұлттық салт - дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
:: жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
:: азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқықтары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
:: Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
:: жек е адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
:: қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.
І ТАРАУ
1.1 КӘСІПТІК ОҚЫТУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқытудың жалпыпедагогикалық принциптеріне қоса кәсіптік мектептердегі оқу үрдісінің тиімділігі мен табысқа жетуі инженер-педагог қызметкерлердің кәсіби оқыту принцитерін сақтай білуі мен тек оларға тән мына ерекшеліктер де бар.
Ол мына принциптер: Жалпы білім беретін және жалпы техникалық пәндерді кәсіптік бағыттау принципі. Бұл принцип бойынша кәсіп саласына бағытталған жалпы техникалық және арнайы пәндер циклы өзара байланыста оқытылады, олардың мақсаты білім алушылармен бірлесіп жүзеге асырылуы тиіс. Сондықтан оқытушылардың жасайтын кәсіптік оқыту бағдарламаларының мазмұны бір мақсатты көздейді. Оқу материалдарын игеруде технологиялық бірізділік принципі. Бұл Өндірістік оқыту және Арнайы технология пәндеріне ғана тән. Ол оқушыларға өндірістік операцияларды бірізділікпен үйрете отырып, ол үлгілерді өндірісте қолдана білуге машықтандыруы тиіс.
Оқу үрдісі кезінде кәсіптік қызметті модельдеу принципі. Кәсіптік қызметті оқу үрдісінде модельдеу деп белгілі бір кәсіби іс-әрекетті қалыптастыру үшін тиісті оқыту әдістері мен түрлерін таңдап алу арқылы оқытуды айтады. Жұмысшы қызметінің эталондық моделін қалыптастыруға мына талаптар кіреді:
- жұмыс орнындағы атқаратын қызметін жетік білу;
- жұмысшының өзі шешуі тиіс міндеттерін білу;
- тиісті міндеттерді орындау үшін жалпы кәсіптік, жалпы технологиялық
және арнайы білім, білік, дағдыларын жете меңгеру.
Кәсіби жұмылдыру принципі. Бұл принцип білім алушылардың кәсіпті, жаңа техникалық құралды, технологиялық процесті, жаңа мамандықты игеруде, біліктілігін көтеруде білім мазмұны мен оқу үрдісін оқушылардың өздігінен үйренуіне жұмылдыру. Өндірістің даму болашағын түсіну, бағытын білу, практикалық мәселелерді пайымдап шеше білу, ой-өрісінің кеңдігі шығармашылық қабілетін сол іске жұмылдыра білуіне байланысты.
Принцип мақсаты - тек кәсіби дағдыларды игеру емес, оны инновациялық түрде дамытып, техника, технологияның ұйымдастыру тәсілдерінің тиімді жетілдіруінде болып отыр.
Кәсіби оқытудың модульдік принципі. Модульдік оқытудың мәні, оқушылардың жеке оқу бағдарламасына сай тапсырманы, не ақпаратты өзінше өңдеп, әдістемелік нұсқауларды басшылыққа ала отырып, көздеген мақсатына жету.
Бағдарлама вариативті (таңдаулы) түрде беріліп, әлеуметтік сұранысқа орай модуль мазмұны жаңартылып отырады.
Модуль деп - оның принципін іске асыру оқушыны ң барлық іс-қимыл әрекетін біртұтас етіп, кәсіби деңгейін дамыта оқытатын дәрежеге бағыттап, жеткізуді қамтамасыз етеді. Осы аталған оқыту принциптерін жүйелі түрде сақтап, іске асырған инженер-педагог өз қызметінде шәкірттеріне дидактикалық, тәрбиелік және дамыта оқыту арқылы кәсіптік білім бере алады.
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. "Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады (Қазақстан-2030 бағдарламасы). Әрине, "келешектің иесі - жастар". "Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұксас келеді. (И.С.Кони). Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді. Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді. Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т.т. - білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген.
1.2 Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты
ұлттық білім моделін жасау.
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты -- адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы - жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі - жоғары білімде. Өйткені жоғары білім - үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі - білімгерге іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті - адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу. Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:
:: Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
:: Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
:: Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз.
Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы.
Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар. Кез келген диалектикалық даму үрдісі секілді нарықтық экономика жағдайына байланысты білім беру жүйесін реформалау ісі де қарама-қайшылықтарсыз емес.
Мұның өзі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді. Білім беру реформасын одан әрі тереңдете жүргізу жаңа замандық база жасауды қажет етіп отыр. Ең алдыменен, ел экономикасының нарықтық жаңа кезеңіне өту барысындағы білім жүйесін қалыптастыратын заң баптары керек болды. Азаматтардың білім алу құқығын айқындайтын Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабының қағидасын толығырақ мазмұндап, білім берудің мемлекеттік емес секторларының орны мен рөлін, шетелдік, халықаралық, діни білім беру ұйымдарының құқықтық негіздерін нақтылап, білім мекемелерінің жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы қызметтік міндеттерін белгілеу қажеттілігі туындады. 1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Заңда құрылымы мен мазмұны жағынан да жаңартылған ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі жасалды. Осы жаңа модельге сай білім беру жүйесі 4 деңгейге: мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білімге, жоғары кәсіби білімге, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беруге бөлініп, 1997 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім беру жіктемесіне мейлінше сәйкестендірілді.
Мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқыту шеңберінде 5 (6) жасар балаларды міндетті түрде мектепалды даярлықтан өткізу көзделген. Бұл - мектепке оқуға қабылдау барысында балаларға бірегей бастау мүмкіндігін тудыратын маңызды шара болмақ. Жаңа модельге сәйкес орта білім беру жүйесі жалпы орта, бастауыш кәсіби және орта білім беруді қамтиды.
Базалық білім мектеп қабырғасында беріледі. Тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін оқушылар тек кәсіптік мектептерде ғана емес, сонымен қатар кәсіби орта білім беретін оқу орындарында да оқуын жалғастыра алады.
Жоғары кәсіби білім беру құрылымы үш сатыдан
тұрады: жоғары базалық білім (бакалавриат), жоғары арнаулы
білім, жоғары ғылыми-педагогикалық немесе мамандандырылған білім (магистратура).

ІІ ТАРАУ
2.1 Оқытудың қазіргі технологиялары
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.
Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
:: білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
:: ақпараттық дәстүрлі әдістері - ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс - қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
:: баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жандүниесінің рухани
баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
:: мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
:: қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуде.
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық, педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
:: есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
:: білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
:: оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.
Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: "Технология - бұл қандайда болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы" делінсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіре ді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология - бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі . М.В.Кларин "Педагогикалық технология -- бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті", - деп анықтайды. Бүгінгі педагогика ғылымының лексиконында педагогикалық оқыту технология ұғымы терең тамыр жайды. Дегенмен де, осы ұғымды түсіну мен пайдалануда әр түрлілік басым.
Технология - Теһnе - искусство, ремесло, мастерство, учение - деген мағынаны білдіретін грек сөзі. "Технология - өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы", - деп шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде анықтама берілген.
Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді. Кларин М.В.
Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі.
Технология - дидактикалық жүйенің процессуалды бөлігі.
Педагогикалық технология - практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы.
Педагогикалық жүйе дегеніміз -- белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет кұралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі.
Оқыту технологиясы - оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар.
2.1 Педагогикалық технология ұғымының үш деңгейі
Жалпы педагогикалық жүйе ұғымының синонимі. Оған: мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту процесінің субъектілері мен объектілерінің әрекет алгоритмі кіреді.
Салалық пәндік - бір пән шеңберіндегі оқыту, тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы.
Локалъдік модулъдік - жеке әрекеттер технологиясы, ұғымды қалыптастыру; дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту сабағының технологиясы; жаңа материалды меңгерту технологиясы; қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы; жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы.
Салалық пәндік және локальдық модульдік деңгейлеп оқыту әдісімен үндес, тек айырмашылық технологияда процессуалдық өлшемдік, сапалық және вариативтік - бағдарлық компоненттерге басым көңіл бөледі. Технология әдістемеден оқыту әрекеттерінің өңдеуге болатындығымен ерекшеленеді.
Педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз - мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық нұсқауларының жиыны.
Оқыту технологиясы - мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға, ынтасына, оқу - іс-әрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінін нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының рөлін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология - оқу -тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (компонент).

ІІІ ТАРАУ
3.1 ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған "Дамыта оқыту жүйесі" бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:
1. Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.
2. Теориялық білімнің жетекші рөлі.
3. Оқу материалын жеделдете оқыту.
4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі.
5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.
Л.В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады.
Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-катынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әркетінің әдістерін меңгеру талап етіледі.
Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы "оқыту әдістемесі" деп отырғанымыз: "оқушы - мұғалім" ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальды түрі көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
Жаңа технологияның мақсаты бойынша "оқытуды ізгілендіру" қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ.
Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория - Л.С.Выготскийдің "оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы "актуалды даму" аймағынан жақын арадағы даму" аймағына ауысуы туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей - "міндетті, оқушылық", екінші - алгоритмдік, үшінші - эвристикалык, төртінші - шығармашылық. Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа ұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар - әңгімелесуші-оқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.
Әңгімелесуші - оқулық бойынша жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.
Оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса оқушыларда ынталану пайда болады.
Мұндай жаңа технология бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтылатыны даусыз. Бұл жерде "үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен қалай істеуіміз қажет?" деген сұрақ туады.
:: барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;
:: сыныптың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту принциптерінің сипаттамасы
Бастауыш сыныпта оқыту процесінде мұғалімнің дидактикалық қағидаларды қолдану теориясы
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері жайлы
Педагогиканың дәрістері
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
Биология курсын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі
Бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасу және даму тарихы
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Салыстырмалы педагогика ғылым ретінде
Салыстырмалы педагогиканың методологиялық принциптері
Пәндер