Дене тәрбиесінің жаттығуларын талдау


Жоспар
1. Дене тәрбиесі жаттығуларының адам тәніне тигізетін әсері.
2. Дене дамыту жаттығулары
3. Жаттығулардың сыртқы түрі
Пайдаланылған әдебиеттер
Дене тәрбиесінің жаттығуларын талдау
Бүгінгі таңда әр бір азаматтың бойындағы дене қозғалыстарының сапалық қасиеттері мен рухани күшін үйлестіруде дене тәрбиесі атқаратын ролі зор. Дене тәрбиесінің адам тәніне тигізетін әсері мен заңдылықтарын жете білу бүгінгі ұрпақтың, ертеңгі ұлағаттыұстаздың алдында тұрған негізгі міндеті. Әр бір адам өзін келешекте өмір сүруге әзірлеп отырады. Ал ғылым мен техниканың дамуына байланысты көптеген қол жұмыстары, ой еңбегімен алмастырылып, дененің қимыл-қозғалыстары азаюда. Демек, адамдарды қимыл-қозғалыс яғни дене тәрбиесімен шұғылдануға дағдыландыру керек.
Дене тәрбиесін оқытудағы мұғалімнің мақсаты:
- кіші мектеп жасындағы балалардың күшін жетілдіру, барлық бұлшық ет топтарының үйлесімді дамуын қадағалау, дене бітімінің түзу, дұрыс қалпын қалыптастыру, берік бұлшық ет белдемесін құру. Бұлшық ет пен сүйек дамуының үйлесімдігін ескеру. Ол үшін баланың күн тәртібін дұрыс құрдыру.
Міндеттері:
- оқушыларды Отанын, халқын сүю рухына тәрбиелеу. Оқушылардың дене тәрбиесі сабағына, спортқа, жалпы мектептегі оқу-тәрбие міндеттерін шешу мақсатымен жүргізілетін шараларға ынталандыру.
- дене тәрбиесі сабақтарын жоғарғы сапада өткізу және бағдарламада жоспарланған материалдарды толық өтуді қамтамасыз ету. Мектеп күн кестесіндегі бұхаралық сауықтыру шаралары (сабаққа дейінгі, сабақ үстінде өткізілетін «үзіліс сәті», сабақ арасындағы үзілістермен, ұзартылған күн тәртібіндегі ойындармен дене жаттығулары) жатады.
- дәргерлер мен тығыз байланыста болу. Оқу жылының басында барлық оқушыларын міндетті дәргерлік бақылаудан өткізу. Оқушыларды оқу топтарға (дайындық, негізгі және арнаулы медициналық топтарға) бөлу.
Ескерту: оны барлық оқушы балаларға жария етуге болмайды.
Олардың денсаулығын, денелерінің дамуын бақылау. Демек, дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты сол мәліметтерге сәйкес ұйымдастыру.
-дене тәрбиесі сабақтары мен сыныптан тыс өткізілетін орындардың, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қадағалау керек.
Дене тәрбиесі жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарына сай, бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты жетілдіріп, денсаулықғын нығайтып, оларды өмірде белсенді болуға Отанын қорғауға дайындайды. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін дене тәрбиесі сабағының алдына қоятын міндеттері:
- оқушылардың денсаулықтарын нығайтып, денесін шынықтыру;
- жаттығулар мен ойындар туралы түсінік алып, олармен шұғылдану үшін керекті гигиеналық талаптарды білу;
- негізгі қимылдарды жасау техникасының дұрыс негізін қалап, оқушылардың жалпы икемділігін арттыру;
- қимыл сапаларын жетілдіріп, дене бітімін дұрыс қалыптастыру;
- өз денелерін дұрыс ұста, жаттығуларды тез, әдемі, тиімді жасауға үйрету:
- жаттығуларды ынталанып жасауға, спорт түрлеріне әуесқойлығын арттыру:
Бұл міндеттерге жетуге және дене тәрбиесі жүйесінің барлық түрлері қолданылады. Олардың ең негізгісі дене шынықтыру сабақтары, денсаулық сақтау мен шынықтыру шаралары (сабаққа дейінгі гимнастика, сергіту кезеңдері, үзілістерде жүргізілетін жаттығулар мен ойындар) және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін спорт жаттығулары мен жас ерекшеліктеріне сай ГТО комплексінің түрлері жүргізіледі. Қимыл сапаларын жетілдіру үшін үйге берілген тапсырмалар да осы уақытта қайталанады. Төменгі сынып оқушылары мектепте жүргізілетін әр түрлі үйірмелерге де өз талғамы бойынша қатысады.
Мектеп жасындағы балалардың қозғалыс сапаларын жетілдіру, олардың өсуі мен даму ерекшелігіне байланысты жүргізіледі. Себебі сапалық қасиетті дамыту екінші бір сапаның дамуына әсерін тигізеді. Оқушылар организімінің өсу жолында дененің кейбір сапалық қасиеттерін жетілдіру жоғары қарқында тәрбиеленеді. Әсіресе 8-жастан 12 жас аралығында қозғалыс сапалары мен іскерлік дағдысын қалыптастыру өте жеңіл игертіледі. Іс жүзінде қолданылып жүрген дене дамыту жаттығуларының бірнеше түрлері бар. Олар көлемі мен мазмұны жағынан әр түрлі болуына байланысты бір біріне ұқсамайды.
Дене дамыту жаттығуларын психологиялық, физиологиялық, биомеханикалық тұрғыдан қарауға болады.
Психологиялық көзқараспен қарағанда дене дамыту жаттығулары еркін қозғалыс болып саналады. И. М. Сеченев айтуы бойынша бұл құбылысты «Адамның санасымен жігері басқарады» делінген. Дененің жаттықтыру мүмкіндіктерінен қорытынды нәтиже алуда сананың көмегі өте зор. Бұл үрдісті жүзеге асыру белсенді түрде ойлау жүйесінің қызметіне байланысты. Өйткені жаттығу үрдісінде қимыл-қозғалыс басқарылады, бағдарлама жасалынады, күш-жігер көрсетіліп, сезіну мен психикалық дайындық шаралары іске асырылады.
Адам физиологиясы тұрғысынан қарағанда дене дамыту жаттығулары организмнің функционалды қызметі мен жұмыс істеу қабілетін арттырады. П. К. Анохин дене дамытудағы қозғалыс ерекшеліктерін түсіндіре келіп, «функционалдық жүйе» тұғырнамасын ұсынады. Бұл тұғырнама шартты рефлекстің негізінде пайда болып, сонан соң өз қабілетінің бағдарлауын реттейді десе, ал Н. А. Бернштейннің айтуынша «физиологиядағы еркін қозғалыс деп аталатын қозғалыстың мәнінде рефлективтік қозғалыс» деп тұжырымдайды (рефлективті қозғалыс сыртқы әсер арқылы пайда болатын қозғалыс) .
Дене дамыту жаттығулары педагогикалық тұрғыдан адамның мүмкіншіліктерін дамытуы мен қозғалысты білу, жаттығу әдістерінің қалыптасуын құрайды. Дене дамыту жаттығуын бұл көзқараспен қарай отырып, тек қана биологиялық аймақта емес, сонымен қатар адамның мінез-құлқына, санасына тағыда басқа үрдісіне әсер ететінін ескереді.
Дене дамыту жаттығуларының көлемі мен мазмұны бір-бірімен органикалық байланыста болады. Бірақта дене дамыту жаттығуларының мазмұны көлеміне қарағанда маңызды орын алады. Мазмұнының элементтері өзгерген уақытта дене дамыту жаттығуларының көлемі де өзгереді, ал көлемі өз жағынан мазмұнға үлкен әсер етеді.
Арнайы дене тәрбиесі міндеттерін орындауға арналған, көп рет қайталанған адамның қимылын, әрекетін дене тәрбиесі жаттығулары дейміз. Қимылдың бәрі емес, тек дене тәрбиесі міндеттерін шешуге бағытталып, педагогикалық заңдылықтарға бағынған қимыл-қозғалыстар ғана дене тәрбиесі жаттығулары деп аталады. Дене тәрбиесі міндеттері - жаттығуды орындауды үйрену, жетілдіру, күшті, жылдамдықты дамыту т. с. с. Кейбір ұқсастықтары болса да дене тәрбиесі жаттығуларын еңбек, тұрмыс-қозғалыстарынан бөліп қарау керек. Еңбек ету кезіндегі қимыл-қозғалыстар материалдың бағалы заттар шығаруға бағытталған, өнеркәсіп заңдылықтарына бағынады. Кейбір қимыл-қозғалыстар (мысалы, отырып-тұру) дене тәрбиесі жаттығулары емес, оның бір ғана негізгі элементі. Дене тәрбиесі жаттығулары - көп рет қайталанатын күрделі құбылыс. Қазір пайдаланып жүрген дене тәрбиесі жаттығулары өте көп. Олардың мазмұны да әр түрлі. Дене тәрбиесі жаттығуы негізіне қимыл-қозғалыстармен бірге, адам ағзасында жаттығу жасалып жатқан кезде жүретін өзгерістер, жаттығудың адамға қандай әсер еткенін көрсететін үрдістер де кіреді.
Бұл әр түрлі күрделі үрдісті біз мынадай тұрғыда қарастырамыз: психологиялық (сезім, ойлау, әрекетінің өзгерістері) ; физиологиялық (ағзаның белсенді жұмыс істеу деңгейі, өсуі, қан айналымы, тыныс алу жүйесінің жақсаруы) ; биохимиялық (қимылды энергиямен қамтамасыз ету, шөгінділер шығару) ; педагогикалық (білім беру, тәрбиелеу міндеттерінің орындалуы т. б. ) .
Дене тәрбиесі жаттығуларының түрі олардың сыртқы және ішкі құрылысын көрсетеді (құрылымы, ұйымдастырылуы) . Дене тәрбиесі жаттығуларының ішкі құрылысын қарасақ, жаттығу кезінде ағзаның әр түрлі жұмыс істеу үрдістері бір-бірімен бірігіп, ұйымдаса қимылдап жатады (моторлық және вегетативтік қызмет) . Мысалы, жүгіру кезінде штанга көтеруге қарағанда ағзадағы вегетативтік жүйе басқадай болып өзгереді.
Жаттығулардың сыртқы түрі - ол көрініп тұрған жағы, адамның кеңістіктегі қозғалысын, уақытын, қозғалыс шамасын көрсетеді. Жаттығулардың түрі мен құрылымы бір-біріне байланысты. Белгілі бір жаттығуды дұрыс орындау үшін құрылысын өзгертсек, оның формасы, түр қозғалысы да өзгереді (мысалы, жүгіргенде артатын күш пен шыдамдылық қозғалыс амплитудасына да әсерін тигізеді т. б. ) .
Жаттығулардың жаттықтыратын әсері күш кезеңі арқылы орындалады.
Тез әсер етуі. Жаттығу жасап жатқан кезде ағзаның функционалдық жұмыс істеу өзгерістері айқын көріне бастайды. Бұлшық еттердің көлемі үлкейді, жүрек соғу, тыныс алу жиіленеді, ағза қызынады, қызарады, терлейді т. с. с.
Із қалдыруы. Жаттығу орындалып біткен соң қимыл-әрекетімен пайда болған құбылыс іздері ағзада жоғалмайды, бірталай уақыт сақталып қалады, шамамен бір, бір жарым тәуліктен артық. Адамның денесі қызып, қимыл-қозғалысы ширақ болады, асқа тәбеті жақсарады және т. б. Бұрын жаттықпаған адамдардың бұлшық еттері ауырып, дел-сал болып жүреді.
Бейімделу әсері. Егер қимыл-әрекет алдыңғы қимыл-әрекеттің әсері сақталынып тұрған кезде қайталанса, мұндай қабаттасу адамды осы қимыл-әрекетке белсенді бейімдейді. Егер ол апта, айларға созылып жаттыға берсе барлық дене мүшелерінің қызметі жақсарады, денсаулық нығаяды, дене қуаты қасиеттерінің жұмысқа біліктілігі жоғарылайды, қимыл шеберлігі пайда болады. Адам жаттығу уақыты келгенде ширығып, белсенділеніп, жаттыққысы келіп тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz