Бейнелеу өнері сабақтарында ұлттық қолөнер туындыларын қолдану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Н. Ә. Назарбаевтың Қазақ халқына жолдауында «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш-адамдар, олардың ерік-жігері, табандылығы, білімі, біліктілігі» делінген [1] . Бүгінігі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Білім беру саласында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық, бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді. Егеменді еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық бетбұрыстарына қарай болашақ ұрпақты тәрбиелеуде басты шығармашыл тұлғаны дайындау мектепке дейінгі ұйымнан басталады. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуде бейнелеу өнерінің орны ерекше. Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы Заңында" жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі деп көрсетілген. Қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлерінің алғашқы үлгілері андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінен зерделенген. Шетелдік (В. Куррер), кеңестік (С. В. Иванов, В. В. Стасов, Ф. К. Волков, С. А. Давыдов, Н. Ф. Думцов, т. б. ) және қазақ ғалымдары Ә. Марғұланның, Т. Бәсеновтың, Е. Масановтың, М. Мұқановтың және т. б. зерттеу материалдарын айтсақта жеткілікті [2] . Бұлар өздерінің еңбектерінде ою-өрнектердің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды еңбектер жазып, деректер келтіреді. Аталмыш зерттеушілердің көпшілігі, әсіресе Шығыс халықтарының ою-өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа, геометриялық денелерге ұқсас өрнектердің нені бейнелейтінін және олардың атауларының қандай ұғымдар негізінде қалыптасқанын ерекше қызыға зерттеген. Олай болса, мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға дамытуға бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлері өз ықпалын тигізеді. Ол көркемдік шығармашыл әрекетінің негізі және оның дамуы болып табылады. Бала кез келген әрекет барысында ғана емес, тек дамытушы әрекет барысында дамиды. Бүгінгі қоғамымыздың ұлттық тұрғыда кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасы мен тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлері мен тереңір-ек таныстырып, соның негізінде жеке тұлғаның рухани мүмкіндіктерін дамытуға байланысты тәрбие мен білім беруде бүгінгі мұғалімнің кәсіби даярлығын қамтамасыз етуді міндеттейді. Балаларға еңбек әрекеті үлкен әсер етеді. Өйткені, еңбек - белгілі мақсатты істі орындауға адамның ақыл-ойын дамытудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Қазақ халқында ағаштан үй жасауды, жүннен жіп иіруді, иірілген жіптен маталар тоқуды, жүннен текемет пен киіздер басуды, терілерден былғары илеуді, ағаш материалдарынан ыдыс-аяқтар жасай білуді, кілем, алаша, басқұрлар тоқуды ши тоқуды және т. б. көптеген бұйымдарды өз қолдарымен жасай біліп, өз балаларын аталған іс-әрекеттерге кішкентайынан араластырып отырған. Егер бала үлкендердің көрсеткенін қайталап қана отырса, мұндай әрекет репродуктивті қалыпта болғандықтан нәтижиесі төмен болады. Керісінше, егер бала әр түрлі, ылғый өзгеріп отыратын жағдайларға белсенділікпен, шығармашылықпен, қызығушылықпен қатысса, ол үнемі дамиды. Балалар сурет салғанды өте ұнатады. Бірақ қарындашпен, фломастермен, бормен, қылқаламмен ғана емес өзінің сүйікті ісіне олар өзгеде заттарды пайдаланады. Мысалы: алақан, саусақ, табандарымен, әр түрлі таяқшалар, жіптер, мәуесек, далаппен сурет салуды қызық көреді. Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлерінің ішінде көкеніс бастырмасы, жіп графикасы, бір басылымда сурет (монотипия), гратаж сияқты сиқырлы әдіспен сурет салу балаларға ұнайды. Мұндай сабақтарда балалар әрекет етеді, жаңа нәрсені туындатады, өз әрекетінің нәтижесін көреді. Балаларда өнер арқылы әсемдікке сүйіспеншілік және ынта тәрбиелейді, эстетикалық сезім дамиды. Бейнелеу өнері әрбір баланы жан-жақты дамытып, өмірге жаңа көзқараспен қарауға көмектеседі. Көбіне мектепке дейінгі ұйымдарда бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқыту іс-әрекетінде ұлттық қолөнер туындыларын қолдану және теориялық негізделінуінің арасында қарама-қайшылық туындайды. Осы жағдайлардың жүзеге асу барысын білу және одан әрі дамыту мақсатында біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын « Бейнелеу өнері сабақтарында ұлттық қолөнер туындыларын қолдану» деп белгіледік.

Зерттеудің мақсаты: Бейнелеу өнері сабақтарында ұлттық қолөнер туындыларын қолдануды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның жолдарын ұсыну.

Зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: Бейнелеу өнері сабақтарында ұлттық қолөнер туындыларын қолдану.

Зерттеу болжамы: Егер біз бейнелеу өнері сабағында ұлттық қолөнер туындыларын дұрыс қолдана білсек, мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамдарын қалыптастыра аламыз.

Зерттеу міндеттері:

  • Ғылыми әдістемелік әдебиеттер арқылы бейнелеу өнері сабақтарында ұлттық қолөнер туындыларын қолдану ерекшеліктерінің теориялық негізін анықтау.
  • Ұлттық қолөнер туындыларына сипаттама беру.

Зерттеу әдістері: ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді жинақтау, талқылау жасау, салыстыру әдістері.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫН ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Бейнелеу өнері сабақтарында ұлттық қолөнер туындыларын қолдану мәселелері

Бүгінгі таңда, қазақ халқының өнерін, іскерлігін, қолөнер шеберлерін қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдардың құндылық жақтарын жастар санасына сіңіру, көзделген. Бұрынғысы мен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық өнерді сүюге, құрметтеуге, бүгінгі болашақ жастарды ертеңгі еңбеккер, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу, оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне деген және ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыра білуіміз керек. Сондай қолөнер түрлерінің біріне кілем, алаша, сырмақ сыру, текемет басу, тұскиіз жасау ертеден келе жатқан үлгілері бола алады деп түсіндіреді[2] . Жоғарыда атап өткен ғалымдардың еңбектерінде ою-өрнектердің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды еңбектер жазып, деректер келтіреді. Аталмыш зерттеушілердің көпшілігі, әсіресе Шығыс халықтарының ою-өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа, геометриялық денелерге ұқсас өрнектердің нені бейнелейтінін және олардың атауларының қандай ұғымдар негізінде қалыптасқанын ерекше қызыға зерттеген. Мысалы, геометриялық денелерге ұқсас сынық сызықтар, дөңгелек және бұрышты сызықтар (ұшбұрыш, төртбұрыш), т. б. қайдан шықты дей келіп, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстардан шықса керек десе, кейбіреулері жан-жануарлардың ішкі-тысқы көріністерінен, сүйек бітімдерінен шықса керек десті. Тағы біреулері өсімдіктердің әр түрлі көріністерінен (мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бұтақтарының, сүйеулі тұрған сырықтардың бұрыш көріністерінен) шықса керек деседі. Ал енді біреулер геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты, олардың ой-қиялынан туған дейді. Демек, ою-өрнектердің шығу тарихы, олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді. Ұлттық ою-өрнек түрлері. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Ою-өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі боп келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеудегі негізгі мәнерлі өнер әдісі - ою-өрнек элементтерін меңгері болып табылады.
Ою-өрнек сөзі өзінің нағыз мәнін толығымен аша алмайды, оның заңдылықтары тек өнерде ғана емес, табиғатта, ғылымда, техникада болғандықтан өрнектің мәнін өлшемсіз кең түрде ашуға болады. Жалпы, өрнек атауының мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге болар еді.
1. Ай, күн, жұлдыздарға (космогониялық) - көк әлеміне байланысты өрнектер. Оларға «ай», «айшық», «жұлдызша», «күн нұры», «күн көзі», «күн сәулесі», «шыққан, батқан күн», «ай-таң», «ай-гүл», «ай таңба», «түнгі ай», «жұлдыз», «аққан жұлдыз», «үркер» секілді жұлдыздар жатады.
2. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер. Бұл оюдың негізін «қошқармүйіз» өрнегі қалайды. «Өркеш», «түйе табан», «түйе мойын», «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «қырық мүйіз», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз» т. б.
3. Аңға байланысты өрнектер: «Бөріқұлақ», «түлкібас», «бөрікөз», «иттабан» т. б.
4. Құрт-құмырсқаларға байланысты өрнектер: «алақұрт», «жылан», «құмырсқа», «көьелек», «шыбынқанат», «тышқан із».
5. Құстарға байланысты өрнектер: «құсқанат», «қазтабан», «қазмойын», «құсмойын», «құс тұмсық», «қарға тұяқ» т. б.
6. Өсімдік бейнелі өрнектер: «арпабас», «үш, бес. алты, сегіз, он екі жапырақты гүлдер», «гүл», «жетігүл», «жауқазын», «жапырақ», «шытырман» т. б.
7. Қару-құралдарға байланысты өрнектер: «балта», «ебелек», «өрім-өрмек», «өткерме», «шарбақ», «түйме», «безгек», «нөр», «ожау», «қармақ», «қайнар», «желі» т. б.

8. Геометриялық ою-өрнектер: «қос тұмарша», «балдақ», «омыртқа», «ирек», «тарақ», «қаңқа», «қос дөңгелек» және т. б. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Бұдан біз халық творчествосының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз. XIX ғасырда және XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға арнап ер-тұрман мен белдік, қыз-келіншектерге арнап сәукеле, шашбау, білезік, сырға жасап оларды түрлі-түсті өрнектермен әшекейлеу өнері де өрістей түсті. Халықтың қолөнеріндегі мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші тобы -қайыс өру, қару-жарақ, көшу-қону, жол-жорық жабдықтары еді. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою, мүйіз балқыту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданды. Сондықтан қолөнер «еркектерге тән іс», «әйелдерге тән іс» деп екіге бөлініп келеді: Тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты еркектер атқарады. Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, шілтер шалу, тері киім тігу сияқты нәзік жұмысты әйелдер атқарды. Халықтың қолөнеріне әдеп-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керуерт, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал,, бесік тағы басқа көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлейтін болды. Қолөнерде көңілге қонымды әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді. Ағаштан, темірден түйін түйген, жүннен көз жауын алатындай бұйым жасаған, асыл тастардан сән бұйымдарын соққан, сүйек пен мүйізді, шиді қиыннан қиыстырған халық шеберінің ісі мақтануға тұратын өнер туындысы. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнердің түрлері де, атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасында көбірек тарағаны - ою-өрнек. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнердің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп ішекейлеудің негізі болып келеді. Қазақтың ұлттық ою-өрнегіндегі бір ерекшелік- осы түрлі ұғымның қайсысын бейнелегенде де ұлттық ою-өрнектің негізі болған «мүйіз» оюы үнемі араласып отырады. Ою-өрнек ісіне қазақ арасына ең көп тарағандары сырмақ, текемет, тұскиіз, сандыққап, тұтқыш, киіз есіктің маңдайшасы, түйенің жабуы, керегеқап киізден ойылып алынатын заттар, ал аяққап оюлаған әр түрлі маталарды бастырып тігу арқылы жасалады. Қазақ халқының әлеуметтік салт-санасы өсіп, мәдени тұрмыс дәрежесі, дүниеге көзқарасы, ойлау, ұғыну қабілеті де бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде дамуы, тарихи өзгерістің нәтижесінде халық шеберінің ізденуі мен қабілеті де шыңдалып жетілді. Қолөнердің бір қатары өте көп еңбек етуді керек етті. Адамзат қоғамы дамыған сайын қолөнердің біразы жаңа әдіс тауып, жаңа түрге ие болды. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың сапасына қатты талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі сәнді болуын қалады. Еңбек үстіндегі творчестволық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керекті заттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Халық әлі де болса тұтынып келе жатқан ұлттық мүліктердің түрлері мен сапасы жаңарды. Кілем тоқу өнері -көне көркемөнер туынды шығармаларының бірі болып саналады. Кілем, сондай-ақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланатын түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған ең бағалы бұйымдардың бірі болып келеді. Жалпы кілемдер Қазақстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Дағыстан және т. б. елдерде кеңінен тараған. Әр халықтың, әр елдің қалыптасқан дәстүрі ерекшеліктеріне қарай кілемнің түр-түсі, ою-өрнегі, оны дайындау тәсілі де әр түрлі болып келеді. Қазақстан Республикасының оңтүстігінде түкті және тақыр кілемдерді қолдан тоқу қатты дамыған. Олардың негізгі өрнектері «күмбез», ал жиектерінде текшелі өрнектері «қорған» деп аталып, оны бойлай күлгін түсті «су» өрнегі жүргізіледі. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа сән беруімен адамдарға рухани ләззат әкелген. Шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындыларын халықтың өмірімен, тұрмысынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Өйткені, бұл заттар тұрмысымызға ерекше сән береді. Сондықтан қолөнер атадан балаға мұра болып келе жатқан дәстүр. [ 5] . Халқымыз ертеден «Қыз анадан үйренбей өнеге алмас, Ұл атадан үйренбей сапар шекпес»-деп Қорқыт ата даналық сөзін өсиет етсе, немесе «Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер»- деп халық та бекер айтпаған болар. Анадан мұра болып қалған қазақ қолөнерінің бір саласы кілем, алаша тоқу өнері. Яғни кілем, алаша тоқу өнері арқылы әрбір ана өзінің ұрпағын ерте бастан ісмерлікке баулып, өнердің қыры мен сырын таныстырып, баулып, баптап отырған. Жалпы кілем-алаша тоқу өнері, аса шеберлікті қажет ететін өнер болып саналады. Қазақ халқының баға жетпес қолөнерінің біріне құрақ құрау өнері жатады. Дегенмен, құрау өнері кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс. . Құрақ құрау екі мақсатты көздейді. Біріншіден, мата қиындыларын кәдеге жарату. Екіншіден, үлкен сәнділікпен мата қиындыларынан әр түрлі пішінді жасай отырып, қиюластырып, жастық, көрпе, көрпешелер тігіп. Жалпы құрақтың бірнеше түрлері болады: ботакөз, шатыр, тырна, оюлы құрақ, жұлдыз, иттабан, шаршы, сегізгүл, раушангүл, қайшы, қарсы құлақ т. б. Құрақ құрау үшін оның құрақ құрау әдіс -тәсілдерін жетік меңгере білген жөн. Ең алдымен ол үшін сызба үлгісін түсіріп аламыз. Одан кейін мата түсін таңдап алу үшін, сызба үлгісін жартылай бояу қажет. Осыдан кейін барып геометриялық пішінге байланысты қатырма қағаздан үлгі қиып алып, сол үлгіге салып матаны қиып аламыз да, сызба үлгіге қарап отырып, құрау тәртібі бойынша матаны бір-біріне біріктіре тіге отырып үлгідегі бейнені құраймыз. Қорыта айтқанда, қазіргі таңда қай бұйымды болса да жасауға, үйретуге мүмкіншіліктер көп, солардың ішінде қай мамандықтың саласына бағыттап үйретуге де мүмкіншіліктер бар. Демек, қазіргі таңда білім алып жатқан келешек қоғамның иелерін ұлттық негізде еңбекке тәрбиелеуде халқымыздың ұлттық қолөнеріне жастарымызды тәрбиелеудің маңызы зор дер едім. Ұлттық - қолданбалы өнер халық өнері мен көркемдік өнеркәсіпті: керамиканы, тоқыма, зергерлік бұйымдар өнеркәсібін қамтиды. Өнердің бұл түрі халықтың көркемдік талғамын қалыптастыруда айтарлықтай рөл атқарады. Күнделікті пайдаланылатын алуан түрлі заттар (мебель, киім, ыдыс-аяқ және басқалар) тұрмысқа қызмет етіп қана қоймай, сонымен бірге оны әсемдейді. Сәндік қолданбалы өнердің өзіне тән ерекшелігі мынады: оның туындылары әрі пайдалы, әрі әдемі болуы тиіс. Көркем суреттермен, кестелермен әсемделген кәдімгі шыны-аяқ, орамал, кілем өз қызметін атқара отырып, әдемі, сәнді бола түсуде. Затты жасай отырып, суретші оның атқаратын қызметімен санасуға, бұған конструкциясын, формасын, таңдаған материалын бағындыруға тиіс. Қазіргі заманғы ұлттық өнерді дамуытуда қалыптасқан ғасырлық дәстүрлер үлкен рөл атқарады. Советтік ұлттық-қолданбалы өнерді дамытуда Совет Одағы халақтары өнерінің дәстүрлері қолданылады. Олардың негізінде көркем өнеркәсіп туындылары жасалады. Көптен өмір сүріп келе жатқан халықтың көркем кәсіпшілігі өзінің творчестволық дамуын жалғастыруда. Балшықтан жасалынған ойыншық (Киров обл. Дымково сел. ), ағаштан ойып жасалынған ойыншық (Москва обл. Богородское сел. ), лактанған кескіндемелік миниатюра (Иванов обл. Палех), Хохломаның ыдыс-аяғы, сондай-ақ ағашқа және металға салынған көркем суреттер, қолдан кестелеу және шілтер тоқу, сүйектен ою өнері, ағаш пен қабыққа ою-өрнек салу және басқалар кеңінен танымал.

Қазақтың ұлттық қолөнерлері:

- Ағаштан жасалатын бұйымдар. Ұлттық киімдер

- Ши орау қолөнері

- Теріден жасалатын бұйымдар

- Сүйек, мүйізден жасалатын заттар

- Жүннен жасалатын заттар

- Зергерлік бұйымдар

- Кесте. Көркем тігу қолөнері

- Ою-өрнек және олардың түрлері

- Өрмек, тоқыма қолөнері

Ағаш бұйымдары

Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасалады. Балташылар, ағаш ұсталары, ершілер қайыңды, үйеңкіні, үйшілер, ағаш ойып, шыбық өріп тоқушылар талды пайдаланады. Балташылар үй борайды, еден төсеп, арба, шана, жақтау, қақпа, тіреу сияқты ірі заттарды істейді. Ағаш ұстасы стол, шкаф, сөре, орындық, кебеже, асадал, рамалар жасайды. Ағаш оюшылар оны жонып күйдіреді де бояулап өрнектейді. Шыбық өрушілер, тоқушылар қамыстан, шиден қорап, шыпта, орындық, шарбақ сияқты заттарды өреді. Бұл жұмысқа бұтақсыз, оқырасы жоқ, таза ағаш таңдап алынады.
Киіз үй

Қазақтың байырғы ұлттық баспанасы киіз үй болған, оны кейде қазақ үйі деп атайды. Қазақ үйлерінің үлкен - кішілігін керегелер санына қарай белгілейді. Киіз үйлердің екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлкендері болған. Киіз үйлердің түрлері мен атаулары да көп. Бұрынғы хан - сұлтандар мен атақты байлардың үйлері 8 қанаттан бастап 30 қанатқа дейін баратын. Бұларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Ал орташа шаруа мен кедей шаруаларға тән киіз үйлерді алты қанат ақ үй, боз үй, қоңыр үй, қара үй, жаба салма, көтерме туырлықты, күрке, қамсау (шошала), отау, итарқа, жаппа деп атаған.
Қазақ үйлерінің сүйегі кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, таяныш, табалдырық, сықырлауық деп аталатын ағаш құралдардан тұрады.
Жүн және одан жасалатын заттар
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал - құйрығы, түйенің жүні, шудасы.
Зергерлік бұйымдар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік- қолданбалы өнерімен таныстыруды теориялық тұрғыда негіздеу
Мектеп бағдарламасында көрем еңбек өнерінің элементтерін көркем тіл проблемалық ретінде қарастыру мәселесі
Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
Оқушылардың көркемдік талғамын дамытудың психологиялық ерекшеліктері
Қазақ халық қолөнерін бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың теориялық негіздері
Бейнелеу өнерінде сыныптан тыс жұмыстарды қолдану
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру
Бейнелеу өнерінде оқушылардың жан-жақты ой өрісі мен оқу-тәрбие жұмыстарын қалыптастыру
Сәндік қолданбалы өнер бұйымдары
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ГОБИЛЕН ТОҚУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz