Мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру жолдары



КІРІСПЕ

І БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫ АРҚЫЛЫ БАЛАҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Эстетикалық тәрбиелеудің тарихи жайы мен қазіргі кездегі жағдайы ... .6
1.2 Балаларды бейнелеу өнері сабақтары арқылы эстетикалық тәрбиелеудің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

ІІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫ АРҚЫЛЫ БАЛАҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
2.1 Бейнелеу өнерінің қазіргі таңдағы даму ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2 Бейнелеу өнері сабақтары арқылы балаға эстетикалық тәрбие беруде тәрбиешінің педагогикалық жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстанда қоғамдық реформаларға орай мектепке дейінгі балаларға беру жүйесін жетілдіруде де көптеген шаралар жүзеге асырылды: мектепке дейінгі ұйым саласындағы тәрбиенің міндетті мемлекеттік білім стандарты бекітілді және жаңа өмір талабына сай тәрбие берудің стандарттық жоры даярланды. Жаңа білім стандартына сай білім беру жүйесіне «өнер» бөлімі енгізілді. Бұл блок «Әлемдік көркем мәдениет» курсы және өнер танудың басқа теориялық пәндері аркылы көрініс табады. Қазақстан Республикасьшың «Білім туралы» заңында білім берудегі басты міндет ретінде жеке тұлғаның шығармашылық жөне рухани мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауаттық өмір салтының негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасай отырып, олардың ақыл-ойы мен зердесін байыту сондай-ақ әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне үйрету атап көрсетілген.
«Адам бойындағы қабілеттілікті дамытып, олардың өсуіне жол ашу адамның рухани күшін нығайтып, өмірде жол табуына көмектеседі. Өйткені, адам - туынды ғана емес, тудырушы, жасаушы да. Оның өзінің шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі - табиғи қажеттік. Адам өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзінен-өзі жойылуға да бейім болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады» - деп кәрсетіледі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім беру стандартында. Бұл, әрине, қазіргі заман талабына сай қоғамның рухани-адамгершілік дамуын жедел шешуді қажет ететінін дәйектейді.
Сондықтан бұл рухани өміріміздің жанды саласы – мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру ұйымдары оқу-тәрбие жүмыстарында түбегейлі езгерістер жасаудың мүмкіндіктерін кеңейтетіні сөзсіз. Демек, ғылыми дүниетанымға жаңа көзбен қарап, жас азаматтың дара тұлға ретінде қалыптасуын өркениеттік түрғыдан бағдарлауға бет бұруымыз - заман талабымен үндес қадам. Адамның өмір сүруі мен еңбек етуіне қажетті жағдай жасау әлеуметтік, әділеттілікті, азаматтык бостандықты және адамның жан-жақты дамуы мен рухани зияттық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен бейімділігін дамыту - зиялы қоғамға тән үрдістер.
Ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастырудың алғышарты ретінде белгіленіп отыр.
Қазіргі кезде кең өріс ала бастаған білім беруді ізгілендіру бағыты, ең алдымеы, мәдениеттегі, рухани мұрадағы,тарихымыздағы жалпыадамзаттық құндылықты бағалауға баса назар аударуды қажет етеді.
Бұл орайда, әсіресе, ұлттық таным мен әлемдік биік талғамның бірлігі айқын танылатын бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің мәселесі өзінің өзектілігімен және өткірлігімен ерекшеленеді. Соңғы кездері
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының орта білім берудің мемлекеттік стандарты 2- кітап Республикалық басылым. Алматы, 1998, 198 б.
2. Қазақстан Рсслубликасынын Заңы «Білім туралы» / Егемея Казақстан, №11,маусым 1999,3 б.
3. Келімбетов Ы. «Ежелгі дәуір әдебиеті», Алматы: Анатілі - 1991. -192 б.
4. Абай «Қара сөздер». Алматы: 1993, 152 б.
5. Ушинский К.Д «Избранные педагогические сочинения», в 2-х томах, теоретическис проблемы педагогики. М: Педагогика АПН, 1974, 584с.
6. Алтынсарин Ы. Соб. соч. в 3- томах Алма-Ата: Наука 1976, 3 14 с.
7. Макаренко А.С. Избранные педаготические сочинения в 2-х томах М: Педагогика 1977.
8. Шәкірім Құдайбердіұлы. Үш анық. Алматы «Қазакстан» және «Ғақлия» ғылыми-әдеби орталығы, 1991, 80 б.
9. Аймауытов Ж. Бес томдык, шығармалар жинағы. 4-том. Психология /ред. алқасы С. Қирабаев М.Базарбаевт.б. Алматы: Ғылым, 1998, 4486.
10. Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, пуб. Мақалалар және әдеби зерттеулер (қүр. Ғ.Нүрғалиев). Алматы: Жалын, 1999,4646.
11. Жұмабаев М. Шығармаларькөлеңдер, поэмалар, қара создер (қүрастырған X. Абдуллин). Алматы: Жазушы, 1989, 448 б.
12. Неменский Б.М. Әдемілік даналығы. – М., 1981ж.
13. Гачев Г. Шығармашылық, өмір, өнер. –М., 1980ж.
14. Неменский Б.М. Адам дамуындағы әсерленушілік –бейнелік таным. – М., 1990ж.
15. Мұғалімдерге арналған «Эстетикалық мәдениет және эстетикалық тәрбие» кітабы. – М., 1983ж.
16. Кукушин В.С. Мәскеу. – Дондағы Ростов., 2004ж.
17. Эстетикалық сөздік
18. Бабанский Ю.К. Педагогика. – М., 1988ж.
19. Лихачев Б.Т. Педагогика. Дәрістер курсы. ИПК және ФПК тыңдаушылары мен педагогикалық оқу орындары студенттеріне арналған оқулық. –М.: Юрайт, 1999ж.
20. Шацкая В.Н. Мектепте эстетикалық тәрбиелеудің жалпы мәселелері. –М.: ПҒА РСФКР, 1995ж.
21. Киященко Н.И., Лейзеров Н.Л. Эстетикалық шығарма. – М.: Знание, 1984ж.
22. Эстетикалық мәдениет және эстетикалық тәрбие. Мұғалімдерге арналған кітап. А.М. Лабковскийдің редақция басшылығымен. – М.: Просвещение, 1972ж.
23. Лихачев Б.Т. Эстетикалық тәрбие. –М.: Педагогика, 1972 ж.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстанда қоғамдық реформаларға орай
мектепке дейінгі балаларға беру жүйесін жетілдіруде де көптеген шаралар
жүзеге асырылды: мектепке дейінгі ұйым саласындағы тәрбиенің міндетті
мемлекеттік білім стандарты бекітілді және жаңа өмір талабына сай тәрбие
берудің стандарттық жоры даярланды. Жаңа білім стандартына сай білім беру
жүйесіне өнер бөлімі енгізілді. Бұл блок Әлемдік көркем мәдениет курсы
және өнер танудың басқа теориялық пәндері аркылы көрініс табады. Қазақстан
Республикасьшың Білім туралы заңында білім берудегі басты міндет ретінде
жеке тұлғаның шығармашылық жөне рухани мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік
пен салауаттық өмір салтының негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына
жағдай жасай отырып, олардың ақыл-ойы мен зердесін байыту сондай-ақ әлемдік
және отандық мәдениет жетістіктеріне үйрету атап көрсетілген.
Адам бойындағы қабілеттілікті дамытып, олардың өсуіне жол ашу адамның
рухани күшін нығайтып, өмірде жол табуына көмектеседі. Өйткені, адам -
туынды ғана емес, тудырушы, жасаушы да. Оның өзінің шынайы болмысына
бастайтын жол іздеуі - табиғи қажеттік. Адам өзін-өзі жетілдіруге де,
сонымен қатар өзінен-өзі жойылуға да бейім болады. Адамның өз болмысын
тануға ұмтылуына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін
дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру
білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады - деп кәрсетіледі, Қазақстан
Республикасы мемлекеттік білім беру стандартында. Бұл, әрине, қазіргі заман
талабына сай қоғамның рухани-адамгершілік дамуын жедел шешуді қажет
ететінін дәйектейді.
Сондықтан бұл рухани өміріміздің жанды саласы – мектепке дейінгі оқыту
және тәрбие беру ұйымдары оқу-тәрбие жүмыстарында түбегейлі езгерістер
жасаудың мүмкіндіктерін кеңейтетіні сөзсіз. Демек, ғылыми дүниетанымға жаңа
көзбен қарап, жас азаматтың дара тұлға ретінде қалыптасуын өркениеттік
түрғыдан бағдарлауға бет бұруымыз - заман талабымен үндес қадам. Адамның
өмір сүруі мен еңбек етуіне қажетті жағдай жасау әлеуметтік, әділеттілікті,
азаматтык бостандықты және адамның жан-жақты дамуы мен рухани зияттық
мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі
мен бейімділігін дамыту - зиялы қоғамға тән үрдістер.
Ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар ғылым мен тәжірибе жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастырудың алғышарты ретінде белгіленіп отыр.
Қазіргі кезде кең өріс ала бастаған білім беруді ізгілендіру бағыты, ең
алдымеы, мәдениеттегі, рухани мұрадағы,тарихымыздағы жалпыадамзаттық
құндылықты бағалауға баса назар аударуды қажет етеді.
Бұл орайда, әсіресе, ұлттық таным мен әлемдік биік талғамның бірлігі
айқын танылатын бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің мәселесі өзінің
өзектілігімен және өткірлігімен ерекшеленеді. Соңғы кездері Республикамызда
қолданбалы өнерге үйрету әдісі және жалпы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
мәселесіне арналған кептеген басылымдар пайда болды. Дегенмен, олардың
көпшілігі арнайы білімі жоқ педагогтардың ез тәжірибесін қорыту нәтижесінде
туған немесе бүрыннан калыптасқан әдістемелердің жалпы жинағы (синтез),
сондай-ак, тәжірибе, зерттеу арқылы бекітілмеген болжам (гипотеза)
денгейінде көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының Білім Министрлігі белгілеген жоғарыда
аталған Ережелер мен Қазақстандағы орта, жоғарғы көсіби және ма
(альтернативті) білім беру стандартының қазіргі талаптары өнердің түрлерін
жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту үрдісінде кең қолдану мен тарату
жұмыстарын жан-жақты жүргізу мәселесін алдыңғы орынға қоюыда жұмыстың
өзектілігін дәлелдей түседі. Өнер арқылы адам кабілетін дамыту мәселесі
туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық.
Ежелден ұлы ойшылдарымыз Әл-Фараби, М. Қашғари, Ж. сағұни [3] ұлы Абай [4]
өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуға үнемі назар
аударып отырған.
Көрнекті педагогтар К.Д. Ушинский [5], Ы. Алтынсарин [6], А.Макаренко
[7], Ш. Құдайбердіұлы [8] , Ж. Аймауытов [9], А. Байтұрсынов [10], М.
Жұмабаевтардың [11] шығармаларында да адамның бойындағы қабілеттерді
дамытудың және қалыптастырудың жолдары қарастырылған.
Республикамызда эстетикалық тәрбиеге назар аударған ғалымдар
эстетикалық тәрбие беру (С. А. Ұзақбаева [27], Б. А. Әлмұхамбетов [28],А.
Қамақов [29]) мәселелерін өз еңбектерінде зерделеген, оқушылар мен
студенттердің көркем мәдениеттік тәрбиесін (эстетикалық, музыкалық,
адамгершілік) жетілдіру жолдарын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін
ашып керсеткен.
Мектеп жасына дейінгі балалардың әр жақты қызығушылығын және оны
қалыптастыруды (Н. Д. Хмель [30]), бейнелеу өнері сабағында мектеп жасына
дейінгі балалардың сәндік-қолданбалы өнерге эстетикалық қызығушылығын
туғызудың жолдарын (С. А. Жолдасбекова [36]), сабақ және сабақтан тыс
жұмыстардың өзара байланысы арқылы балалардың пәнге танымдық қызығушылығын
(Б. Т. Ыәбиева [37]) болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындау үрдісінде
халықтық педагогиканы қолдану мәселесін (Қ. Болатбаев [31]), мектепке
дейінгі ұйымдарда балалардың сәндік-қолданбалы өнерін қолдану арқылы
еңбекке баулу (О. Сатқанов [32]) жолдары арнайы зерттеулерге арқау болған.
Зерттеу жұмысының мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық
тәрбие беруді теориялық тұрғыда негіздеу және мектепке дейінгі ұйымдарда
экологиялық тәрбие беру жолдарын ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеті:
- мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнері шығармалары арқылы
эстетикалық тәрбие беруді ғылыми теориялық тұрғыдан негіздеу;
- бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық
мүмкіндіктерін анықтап, негіздеу;
- мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнері арқылы эстетикалық
тәрбие беруді оқу- тәрбие процесінде пайдаланудың педагогикалық
шарттарын анықтау;
Зерттеу жұмысының пәні: мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу
өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру жолдары.
Зерттеу жұмысының обьектісі: мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу
өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру процесі.
Зерттеу жұмысының әдісі: Проблема төңірегіндегі теориялық, ғылыми-
әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және
баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау және
жұмыс түрлерін ұсынып, нәтижесін көрсету.
Зерттеу жұмысының болжамы: егер мектепке дейінгі жастағы балаларға
бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру жүйелі түрде жүргізілетін
болса, онда балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілік, адамгершілік
сезімдері жақсы дамиды және туған жерін қастерлейтін жақсы азаматтар
шығады.

І БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫ АРҚЫЛЫ БАЛАҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Эстетикалық тәрбиелеудің тарихи жайы мен қазіргі кездегі жағдайы

Рухани өмір аясында, күнделікті еңбекте, өнермен және табиғатта,
тұрмыста, жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарда– әдемілік пен
ұсқынсыздық, қайғылы жайлар мен күлкілі оқиғалар алмасып келін отырады.
Әдемілік қанағаттану мен ләззат беріп, еңбек белсенділігін арттырып,
адамдармен кездесуді ұнамды етеді. Ұсқынсыздық жеккөрінішті етіп бездіреді,
қайғылы жайлар аяушылық тудырады. Күлкілі жайлар кемшіліктермен күресуге
көмектеседі (1,56).
Эстетикалық тәрбиелеу мәні, оның міндеттері мен мақсаттары туралы
ұғымдар Платон мен Аристотельден бастап, бүгінгі күнге дейін өзгеріп кетті.
Адам қалыптасуы үшін әсерленушілік – бейнелік әсер ету мен
күйзелудің маңыздылығы дүниені игеруге сезімдік түсіну басым болған алғашқы
қауымдық құрылыс кезінде байқалған. Ол шындықты ерекше сиқыр ретінде
түсіндірумен бірге көркемдік бейнелер, еңбек пен тұрмыстық заттарды
бейнелеудің негізі болды, сонымен қатар, табынумен байланысқанжораларда,
ойындарда, оқыту әрекеттерінде көрініс тапты. Жазудың алғашқы жүйесі
шындықты сызбалық бейнелеу немесе суретке жақын зооморфтық бейнелерге
бағдарланған.
Қоршаған дүниеге қарым-қатынас пен оны көркемдік қабылдауға деген
саналы қатынас Ежелгі шығыс өркениетінде атап көрсетілген. Бірақ та
халықтың діни және эстетикалық санасының бөлінбеуі өнерді тәрбие құралы
ретінде анықтады. да сенсорлық, әсерленушілік үрдістердің дамуы,
онымен байланысқан педагогикалық тәсілдердің жинақталуы сонымен қатар,
сезім мен мәнерді тәрбиелеу эстетикалық сезімді мәдениеттеудің
бастапқы сатыларына тән.
Қытайда, б.з. бұрынғы 3-2 мыңжылдықты табиғатта, еңбекте
қолөнерде, тілде және араласу ережелерінде эстетикалық бағдарларға оқыту
дәстүрі болды. Оқытуда да, араласуда да ерекше назар жораларға,
рәсімдерге, басқа да өнерлерге, табиғаттағы әртүрлілікті бақылауға
аударылды. Қытайда бұл идеялар эстетикалық тәрбие негізінде әр ғасырда өз
бейнесін иеленіп, көп дәуір бойы сақталды. Эстетикалық тәрбиелеу
жүйесінің Қытайлық мектептерінде тіл мен әдебиет, музыка, бейнелеу өнері
басым болды.
Ежелге және өзіндік ерекшелігі бар мәдениет Индияның
эстетикалық тәрбиесі дәстүрін бойына сіңдірген. Ежелгі индиялық
ілімдерде (брахманизм және т.б.) адамның табиғат дүниесімен тығыз
байланысын, оның көңіл-күйінің күш-қуатын, қабілеті мен сезінуін
дамытудың ерекше маңызы болды.
Храмдық мектептердегі бастауыш білім беру дінді меңгерудің әр түрлі
көркемдік және ежелгі қолөнерді білуден тұрды. Біздің заманымыздың
басынды Индиялық эстетикада көркемдік шығармаларды қабылдау мен
шығармаларға байланысты мәнер туралы, сыртқы әрекеттер мен мінез-
құлықтарда ішкі көңіл-күйдің көрінуі туралы, эстетикалық сезімдер
туралы ілімдер дамыды. Махабхарат және Ромаяна эпостарында
көрініс тапқан ежелгі мәдени дәстүрлер, сәулет және мүсін өнерлері,
храмдарды әсемдеп бейнелеу мен әр түрлі табиғат Индиядағы
эстетикалық тәрбиелеу мен білім беру үшін табиғи негіз болды.
Жапониядағы мәдениет пен білім синтоизммен - бастапқы діни
жоралармен және елдің ұлттық ерекшеліктерімен байланысқан. 7 ғасырда
буддалық діннің, мәдениеттің, сәулет өнерінің Қытайлық жазудың,
әдебиеттің қалыптасу үрдісі жүрді, шеттен алынған емес,
кескіндемеде, киім мен рәсімдерде қайталанбас көркемдік жүйені
қалыптастыру жүрді.
Жапон ларының эстетикалық санасына табиғат пен адам
жаратылысына деген нәзік мәнер, әсерленіп қабылдау, шыдамдылық пен
анықтылықты таңдау тән. Ислам дүинесінде әдетте өнерде діни
тақырыптарды жаңғыртуға, сенімнен алыстатын шындықпен адамдарды
бейнелеуге деген жағымсыз қатынас бар. Сонымен қатар, эстетикалық
сезімдерге бай кітап миниатюрасы, сәулет өнері мен сәндік өнер ықпал
етті. Бай кітап қорлары мәдениетті меңгеру мен беру үшін, нақтырақ
айтқанда білімді адамдардың мәнерлерін жетілдіру үшін негіз жасады.
Осы көркемдік дәстүрлерді көрсету қазіргі кездегі мұсылман
мектептерінде жалғасуды, онда сұлулық туралы ұғымдардың, мәнерлердің,
бағалаудың, идеалдардың, эстетикалық сананың ерекшеліктері
қалыптасқан; кейбір мектептерде көркемдік білімнің ұлттық
үлгілерімен қатар батыс үлгілері қатар өмір сүреді. Европалық білім
мен мәдениеттегі эстетикалық тәрбиелеудің теориясы мен практикасының
негізгі мақсаттардың тамыры ежелгі дәуір кезеңінде жатыр. Одан үш
бірлікті: шындықты, жақсылық пен әдемілікті сипаттайтын каллокабатия
түсінігінде берілген мүлтіксіз адамды тәрбиелеу идеясы туындаған.
Сонымен қатар ол, ғылымдардың бірдей пайда болғанын көрсетеді:
философия, этика мен эстетика, педагогика осы үш бірлік ойға,
(сүйенеді) эстетиканың барлық жақтарынан тұратын анықтылық
түсінігінің жан-жақтылығы туралы зерттеулерге сүйенеді, олардың
ішіндегі көркемділік идеалдылық рөлін атқарады. Ежелгі эстетикалық
ұғымдар сол кездегі теорияларда барларға қарағанда анағұрлым кең де әр
түрлі. Шындықтағы дәуірдің эстетикалық санасы теориялық құрылымдардай
бай және де оның негізінде адамға тән анықтылық ретіндегі
эстетикалық жатыр. Лайықты адамның сырттай әдемі де адамгершілікті
идеалды қасиеттері оның мәні мен эстетикалық дамуының шамасы ретінде
көрінед. Сонымен, әдемі де мейірімді, адамгершілікті, дене бітімі
жетілген, музалармен тәрбиеленген, атлетикалық жетілген нағыз лайықты
адам гректің еркін адамының идеалды үлгісі болды, Бұл идеалдар дүние
жүзілік мәдениеттің дамуына зор әсер еткен ежелгі грек өнерінің аса
көрнекті туындыларында көрініс тапты.
Аристотель өнерде адамның ең биік рухани қабілеттерінің, оның
ақыл-ойы, сезімі, жан күйзелісі мен қатаң мәнерлерінің қалыптасу
бастамасын көрді. Тарихта алғаш рет ол адамның көркемдік ләззатқа
деген және жеке тұлғаның біртұтас көрінісі ретіндегі шығармашылыққа
деген қабілетін қарастырды (2,154).
Орта ғасырдағы діни христиандық тәрбие аскетизм мен ғажайып
рухани идеалдарға бағдар алған эстетикалық тәрбие сипатына өз таңбасын
салды. Канондық діни өнердің әр түрі мен жанры (діни мүсін өнері,
иконаларды бейнелеу, т.б.) көркемдік бейнеліліктің әсерленушілік ықпал
етуін қолданды. Батыс еуропалық мектептерде, көркем қолөнерде,
фольклорда, тағы да басқа халық өнері формаларында дәуірдің дүниені
бейнелік – сезімдік көруі бейнеленді. Өнер аясы эстетикалық тәрбиенің
іс жүзіндегі негізгі бастамасы болды.
Қайта өркендеу дәуіріндегі гуманизм жердегі адамның сұлу
да мейірімді идеалын қалпына келтіріп, оны байыпты, өйткені олар
адам бойынан талантты, шеберлікті, жан-жақты дамыған, әмбебаптықты
көрді.
Эстетикалық тәрбиелеу теориясы элементтері педагогикалық
ұғымдарға әсер еткен өнер туындылары шығармаларында (Леонардо до
Винчи, т.б.) дамыды. 1423 жылы Виторино да Фельтреде (Италияда)
оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен оларды эстетикалық
тәрбиелеуді дамытуға бағдарланған поэзия, ежелгі тілдерді оқыту
мектебі ашылды. Қайта өркендеу дәуіріндегі педагогика мен эстетикаға
көркемдік шығармаларды және өнер туралы нақты ғылымды терең
зерттеулер елеулі әсер етті.
Реформалау дәуінідегі Б. Троцендорф және тағы басқа
табиғаттағы әдемілік пен өнер туындыларындағы әсемдікті ерекше атай
отырып, тәрбиелеу идеясын дамтты. Халықтық мектебіндегі
туындыларындағы гуманистік білім мен тәрбие жүйесінің нақты
көрінісі Ян Амос Коменский еңбектерінде суреттелді. Оның негізінде:
сезімдерді дамыту, дүние мен заттардың ерекшеліктері туралы білімдер,
көзбен көріп шолуды қолдану, сенсорлық және эстетикалық қабылдауды
дамытуға нұсқаулар бар. Я.А. Коменскиймен тәжірибе жинақтайтын
шеберге ұқсас оқушылардың өз бетінше танымының тәрбиелік мағынасы
негізделген.
17-18 ғ.ғ эстетикалық көріністің субъективтілігі өнердің
теориялық мәселелеріне назар аударған батыр еуропалық ойшылдардың
пікірталас орталығына айналды.
Жеке адамның қалыптасуына деген кең жол мен эстетикалық,
адамгершілік және ақыл-ойдың сай келуі қасиеттілігі үшін ағарту
дәуіріндегі француз философтары мен жазушылары: Ш. Монтеське, Н.А.
Гельвецин, Вольтекр, Ж.Ж. Руссо т.б. шығып, өз мақалаларында сол
кездегі дворяндық өнерді сынады. Демократиялы, бір жақты Руссоның
утопиялық тұжырымдары табиғи тәрбие теориясында көрініс тапты.
Шындық пен өнерді эстетикалықты, табиғат туралы теориялық
ұғымдарды жинақтау мен теориялық ұғымдарды жинақтау мен қорытындылау,
олардың адам дамуына әсері 18 ғасырда эстетиканың жеке ғылым
саласы ретінде бөлініп шығуына әкелді . Еуропадағы өнерді білудің
дамуы өнердің табиғатын терең ашуға, адамның эстетикалық мәдениеті
ерекшеліктерін анықтауға ықпал етті. Немістің өнер тарихшысы И.Г.
Винкельман біріншілердің бірі болып, өнерді оқу адамгершілікті мінез-
құлық пен жақсы мәнерді тәрбиеудің ең маңызды тәсілі болатындығын
көрсетті. Г.Э. Лессинг мүсін өнерінің тәрбиелік – танымдық
мүмкіндіктерін, азаматтың жеке тұлғасын қалыптастыру үшін оның
маңызын ашып көрсетті. Б.Шиллер эстетикалық тәрбие туралы
хаттарында (1795) адамның мәнерлік анықтамасын, қарым-қатынаста,
әрекетте, бейнеде жеке адамның сезіну бейнесі көрінісін
қалыптастырды. Сонымен, Шиллердің пікірі бойынша, мәнерлік дегеніміз
– мінез – құлық пен сезімнің денедегі көрінісі, эстетикалық көрініс –
олардың шындық пен өнердегі үйлесімділігі (әдемілік көрінісі): адам
мен бірге оның көзқарасы, бет-әлпеті, қолдары, көп уақытта оның
денесі де сөйлейді. Эстетикалық тәрбиелеудің мақсаты: мәнерліктен
жұрдай тегіс бейнені... қатаң тәртіпке үйренген тәрбиеленушілерді
дамыту емес. Шиллер үшін идеал – еркін әсемдікті жасайтын, одан
рахат алатын үйлесімді жеке тұлға.
И.Г. Песталоцци өзінің теориялық және әдістемелік
еңбектерінде табиғат пен өнердің ықпал етуі, күйзелуі, қабылдау
сезімдерінің мағынасын атап көрсетті. Песталоццидің пікірі бойынша,
табиғат өнері мен табиғатқа ұқсатуға тырысатын лардың өнері,
сурет салу мен ән салу, табиғатты бақылау әсемдік сезімін тудырып, оны
қалыптастырады. Ф. Фребельдің лардың дербес әрекеттеріндегі, табиғат
әсерімен әдемілік формасын ойындық құрудағы олардың шығармашылығын
дамытудың маңыздылығы туралы ұғымдары жемісті болады. Ф.Гербарт
индивидуалдық педагогика дәстүрінде ның ұғымдары мен сезімдерінің
дамуын этикалық өзін-өзі бағалау және тазалануға (ежелгі катарсис
сияқты) деген қабілеттілікті тәрбиелеу тәсілі ретінде қарастырды. 19
ғасырдың 2- жартысында А. Дистервергтің еңбектерінде бұқаралық
мектептерге сай келетін, ұлттық мәдениетті меңгеру мәселелері,
табиғат объектілері мен өнерді қабылдау үрдісінде адамгершілік, ақыл-
ой мен эстетикалық тәрбиелеудің байланыстары жазылған.
30-50 жылдары ағылшын эстетигі Г.Рид үйлесімділік тәсілі
ретінде ны өнер мен ойынға спонтандық эстетикалық тәрбиелеуге басты
рөлдерді беріп, сурет негізінде жеке адамның көркемдік типологиясын
анықтау әдістемесін даярлады. Рид өнермен тәрбиелеудің кең
қозғалысының негізін салушы, бұл бағытта белсенді ізденістерді К. Орф
т.б. эстетикалық тәрбиенің теоретиктері мен практиктері жүргізді. Адамның
жеке және әлеуметтік қасиеттерін есепке алатын, оның жалпы және
эстетикалық дамуы ретінде мәдениет пен көркемдік білім алуды меңгеру М.
Манромен негізделді. Германияда гуманистік, көркемдік педагогикамен
бірге (Г. Кершенштейнер, Л Вейсмантель, З. Штрангель) діни – адамгершілік
білім ретіндегі эстетикалық тәрбие тұжырымдамасы дамыды. Эстетикалық
тәрбиелеу үрдісінде жеке адамның өзін-өзі жүзеге асыру теориясы (К.
Яспере) фашистік идеология мен жеке адамды тегістеуді жоюға әсер
етті.
Британдық мектепте эстетикалық тәрбиелеудің негізгі тәсілі осы
күнге дейін бейнелеу өнері болып отыр. Францияның бұқаралық
мектептерінде лардың мәдениетті оқуы мен шығармашылық әрекеттері
үрдістеріндегі эстеттикалық мәнерлері мен қажеттіліктерін дамытуға
назар аударылып отыр. АҚШ-да эстетикалық тәрбиелеуге кең көзқарас
дамуда. Білім беруде бірінші орынға өнер, оның теориясы мен тарихы ғана
алынып отырған жоқ (А. Айшер, Г. Броуди), сонымен қатар лардың
эстетикалық тәжірибесін көзбен шолып, ойлауды байыту идеялары да алдыңғы
орындарға қойылып отыр. Қазіргі Жапонияда басқа да көптеген мемлекеттер
сияқты, мәдени білім беру үрдісінде әдеттегі мүлтіксіз адам идеясын,
эстетикалық тәрбиелеу идеясы, табиғаттың эстетикалық құндылықтарын
түсіну мен субъективтік күйзелуді дамытудың қазіргі уақыттағы
ұстанымдары сәйкес келіп отыр. Қазіргі жапон педагогтарының
түсіндірулеріндегі (Т. Мотому, М. Цунзсабур) жүздеген түстер
үйлесімділігін оқушылардың меңгеруі әдеміліктің көптүрлілігі мен
жақсының, тиімдінің айқындығы туралы ұғымдармен біріктіріледі.
Педагогикада эстетикалық тәрбиелеуге бұлай келу болашақта экологиялық
үйлесімділікке көшуде дүниежүзі қоғамдастығының бағдарына байланысты
маңызды. Қазіргі кездегі ғалымдар зерттеулерінде эстетикалық тәрбие жеке
адамның даму үйлесімділігі шарты, оның дүниені сезінуі, эстетикалық
санасы, шындықты эстетикалық меңгеруі мен араласуы және эстетикалық
әрекетті меңгеру өнері ретіндегі шарт болып табылады.
Ресейде эстетикалық тәрбиелеу 17 ғ. Педагогикалық теорияда,
негізінен риторика курстары мен тәрбиелеу практикасында көркем
әдебиеттерді қолданумен меңгерілді. Француз (Дидро және т.б.) мен
жемістің (Шеллинг, Гегель) өнер теориясын әсерін сезініп, орыс
эстетикасы таза ақылға салу құрылысына тереңдеуден құтылып кете алды.
Георгиевский мен Царскосельский лицейлерінде эстетика курстары біреу
бәрін жоқ қылады деген мәнерліліктің мәнін ашып берді. Сонымен бірге,
онда дәстүрлі орыс православтың идеялар мен олардың эстетикалық
эсхатологиясының өзіндік түрін бояған өнер мен әдемілікті адамгершілік
-діни түсіну сақталған. Мұндай түсінік Б.М. Достоевскиймен былай
айтылған: әдемілік дүниені құтқарады. Эстетикалық тәрбиелеу көп жылдар
бойы қалыптасқан классикалық білім беру жүйесімен шектелген. Отандық
педагогикада бастауыш және орта мектептерде барлық пәндер тәсілдерімен
эстетикалық тәрбиелеудің қажеттілігі туралы біршама маңызды қағидалар мен
ойлар К. Д. Ушинскиймен айтылды; Оқу үрдісіндегі өнер әдебиеті рөлі,
сезімдерді, сөз сөйлеу мен ойлауды тәрбиелеу толығымен В. И. Водоводов,
В. Д. Ситоюнин, В. П. Островский т.б. еңбектерінде түпкіліті қарастырылған.
Үлкен ағартушылық маңызы бар орыстың эстетика дәстүрі В. С.
Соловьев пен күміс ғасыр философтарының еңбектерінде жалғасын тапты.
Педагогикалық жағынан Соловьевтің өмірді қайта жаңғырту ретіндегі өнер
туралы, табиғат өмірінің өзіндік бейнесі туралы және абсолютте материалдық
іске асқан әдемілік туралы ойлары жемісті болды. Эстетикалық тәрбиелеу
теориясын дамытуға деген шабыттар (20 ғасырдың 20- жылдары) Бахтин, Г.Г.
Шпет, Б. И. Шмидт, Лосевтардың еңбектерінде болды. Бірақ та олар көп
жылдар бойы бұқаралық кеңестік мектебінде эстетикалық тәрбиелеудің
қалыптасқан жүйесінде талап етілді.
Жиырмасыншы жылдардың аяғында біртұтас еңбек мектептері
шеңберінде бұқаралық көркемдік – эстетикалық білім беру мен тәрбиелеудің
бағдарламасы жасалды. Онда өнер сабақтарына аптасына 21 сағат бөлінді
(бейнелеу өнері, музыка, ритмика, көркем сөз, ойын, театр, импровизация,
кино, фототүсіру). Жарқын күйзеліс бастамалары ретіндегі өнер
туындылары, еңбекке деген қарым-қатынас, ұжымдық әрекеттер, мереке –
мейрамдар бұқаралық эстетикалық тәрбиелеудің іс жүзіндегі тәсілдері
болды, солардың арасында мектептің қоршаған дүниемен тікелей байланысы
орнады. Соғыстан кейінгі жылдары эстетика, психология мен педагогика жеке
тұлғаның қалыптасу үрдісін, оның әрекетін, әр түрлі жас шамаларына сай
жалпы және эстетикалық ерекшеліктерін (Б. М. Теплов, П. М. Якобсон),
эстетикалық қарым –қатынастарды (А.И. Бурзов, Р.З. Апресян), эстетикалық
мәдениет пен қызметтерді (Л.И. Новешева, М.С. Каган), эстетикалық және
көркемдік сананы: идеалдарды, мәнерлер мен сезімдерді, құндылықтар мен
қажеттіліктерді (Э.В. Ильенков, В.К. Скатерщиков, Л.Н. Ситолович),
эстетикалық шығармаларды (Н.Л. Лейзеров, Н.И. Киященко, С.С. Голдентрих)
зерттеуге назар аударды. Мектепке дейінгі ұйымдар үшін эстетикалық
тәрбиелеудің жаңа бағдарламаларын даярлауға шығармашылық одақтың өкілдері
енді. Б.М. Немемнскийдің бағдарламалары (бейнелеу өнері) бақша өміріне
кірді. Эстетикалық тәрбиелеудің теориялық және практикалық мәселелерін
дайындауда В.А. Сухомлинский, С.А. Герасимов, А.А. Алексин қатысты.
Қазіргі таңда эстетикалық тәрбиелеу жеке тұлғаны дамыту, оның
эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мәселелері мектепке дейінгі ұйымның
ең маңызды міндеттердің бірі. Аталмыш мәселе отандық және шетел педагогтары
мен психологтары еңбектерінде (Н.И. Киященко, Б.Т. Лихачев, В.Н. Шацкая,
Б.М. Немеснкий, Ю.К. Бабанский, В.С. Кукушин, И.Б. Харламов) толығымен
зерттелген.
Қолданылған әдебиетте эстеитикалық тәрбиелеудің түсінігіне бірнеше
анықтамалар, оның жолдар мен тәсілдерін таңдаудың әр түрлі жолдары
берілген.
Солардың кейбіреулерін қарастырып көрейік.
Эстетикалық тәрбие мен эстетикалық мәдениет кітабында біз мынадай
тұжырымдама кездестірдік: Эстетика – бұл шындық пен өнердегі әсемдік
туралы, дүниені әдемілік заңы бойынша (К.Маркс) тану, қайта құру
ерекшеліктері туралы адамды эстетикалық тәрбиелеу мен өнердің жалпы
заңдылықтары туралы философиялық ғылым.
Эстетика бойынша қысқаша сөздікте:
Эстетика – табиғатты, адамдар қарым-қатынастарында, өмір бейнесінде,
материалдық және рухани өндірісте, қоғамда, табиғатта, эстетикалықтың
қызмет етуі мен дамуының негізгі заңдарын зерттейтін ғылым, - деп оқуға
болады (5,406).
Педагогика эстетикалық тәрбиелеуді қоршаған шындықтағы –
табиғаттағы, қоғамдық өмірдегі, еңбек пен өнер құбылыстарындағы,
әдемілікті мақсатты түрді қабылдау, сезу мен дұрыс түсіну қабілеттілігін
тәрбиелеу ретінде анықтайды (8,78).
Ю.К. Бабанский мынадай анықтама береді: Эстетикалық тәрбиелеу –
бұл өнердегі әсемдікті дұрыс түсіну мен толық құнды қабылдау қабілеттерін
тәрбиелеу. Ол оқушыларда көркемдік ұғымдар мен эстетикалық құндылықтардың
нағыз белгілерін анықтауға көмектесетін көзқарастар мен сенімдер жүйесін
қалыптастырады. Сонымен қатар, эстетикалық тәрбиелеу оқушыларғаынтаны, өз
өміріне әсемдік элементтерін енгізуге даярлық пен шеберлікті,
ұсқынсыздыққа, көріксіздікке, тұрақсыздыққа қарсы күресуді, өнерде өзін
барынша көрсетуді дамытады, (6,199).
Б.т. Лихачев өзінің ларды эстетикалық тәрбиелеу теориясы
кітабында К.Маркс берген анықтамаға сүйенеді: Эстетикалық тәрбиелеу -
өнер мен өмірдегі ұсқынсыздықты, қайғылы және күлкілі жайларды, әсемдікті
қабылдау мен бағалауға қабілетті шығармашылық белсенді ның жеке тұлғасын
қалыптастырудың мақсатты да бағытталған үрдісі, әдемілік заңы бойынша
өмір сүру және жасап шығару (7,51).
Шындық пен өнерге деген ның эстетикалық қарым-қатынасын
қалыптастырудан басқа, эстетикалық тәрбиелеу, олардың жан-жақты дамуына
да үлес қосады. Эстетикалық тәрбиелеу адамның адамгершілігін
қалыптастыруға ықпал етеді. Оның қоғам, табиғат, дүние туралы танымдарын
кеңейтеді. лардың әр түрлі шығармашылық еңбектері олардың ойлауы мен
елестетуін, еркі, табандылығы, ұйымдасқандығы мен тәртіптілігін дамытуға
ықпал етеді. Сонымен, бізідң ойымызша, эстетикалық тәрбиелеудің
мақсатын М.М. Рукавицин өте дұрыс анықтады. Оның ойынша: Соңғы мақсаты
[Эстетикалық тәрбиелеудің] - өнер әдемілігі мен өмір сұлулығын
түсінетін, еңбек етуге, жасап шығаруға ниеттенген, шеберлікті иеленген,
жоғары адамгершілікті, алдыңғы қатардағы, білімді, жан-жақты дамыған
адам... үйлесімді жеке тұлға [21,142].

2. Балаларды бейнелеу өнері сабақтары арқылы эстетикалық тәрбиелеудің
мәні

Эстетикалық тәрбиелеудегі өнердің маңызы ешқандай да күмән
тудырмайды., яғни ол эстетикалық тәрбиелеудің мәні болып табылады.
Өнердің тәрбие құралы ретіндегі ерекшелігі өйткені, өнерде адамның
шығармашылық тәжірибесі, рухани байлығы қоюланып, шоғырланған (1,75).
И.Ф. Харламов мынадай анықтама береді: Эстетикалық тәрбиелеу
семдік саласында сезімдердің қалыптасқан үрдісі деген сөз. Бірақ та
эстетикада бұл әсемдік өнермен, адамның санасы мен сезіміндегі шындықтың
көркемдік көрінісімен, оның әсемдікті түсініп, өмірде соның артынан еріп,
жасап шығаруға қабілеттілігімен байланысқан. Осы мағынада эстетикалық
тәрбиелеудің мәні: балалардың өнер саласында өздерінің шығармашылық дарынды
талаптарын дамытуда, олардың өмір мен өнердегі әсемдікті дұрыс түсініп,
толық құнды қабылдау және эстетикалық, түсініктер, мәнерлер менидеяларды
тудыра білу қабілеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған балалардың әр
түрлі көркемдік – эстетикалық әрекеттерінде болып отыр (16,395).
Мектепке дейінгі балалардың эстетикалық қалыптасуындағы мақсатты
түрде әсер етудің педагогикалық әсер етудің маңызды рөлін атап өткен.
Мысалы, да шындық пен өнерге деген эстетикалық қарым-қатынастың дамуы,
сондай-ақ, оның ой-өрісін дамыту – басқаруға келмейтін стихиялық және
спонтандық үрдіс. өмір мен өнердегі эстетикалық құбылыстарменараласып,
қалай дегенмен де, эстетикалық дамиды. Бірақ та бұл кезде заттардың
мәнін ой-өрісінен өткізбейді, көбінесе даму көп білуге деген талпынысқа
байланысты болады, Ал сырттан араласу болмаса да өмір құндылықтар мен
идеалдар туралы дұрыс ұғым қалыптаспауы мүмкін.
Б.Т. Лихачев басқа да көптеген педагогтар мен психологтар
тәрізді мақсатты түрде педагогикалық, эстетикалық - тәрбиелік ықпал ету
ғана ларды әр түрлі көркемдік – шығармашылық әрекеттерге баулу ғана оның
сенсорлық аясын дамытуға, эстетикалыұқ құбылыстарды терең түсінуге
қамтамасыз етуге, адамның жеке тұлғасындағы шындық әдемілігі мен
әсемдікті нағыз өнер түсінігіне жеткізуге қабілетті (7,42).
Эстетикалық тәрбиелеу түсінігінің бірнеше анықтамасы бар,
оларды қарап шығып, біз олардың кейбіреулеріне тоқталып өтуді жөн
көрдік.
Біріншіден, бұл мақсатты түрде ықпал ету үрдісі. Екіншіден,
бұл өмір мен өнердегі әдемілікті көру мен қабылдау, оларды бағалау
қабілеттіліктерін қалыптастыру. Үшіншіден, эстетикалық тәрбиелеудің
міндеті: жеке адамның эстетикалық мәнерлері мен идеалдарын қалыптастыру.
Ал ең соңында, төртіншіден, өз бетінше шығармашылықпен атсалысып,
әсемдікті жасауға қабілеттілікті дамыту.
Эстетикалық тәрбиелеудің мәнін әр мағынада түсіну оның мақсаттарына
әр түрлі жолдардың барына қатысты. Сондықтан да эстетикалық тәрбиелеудің
мақсаттары мен міндеттері мәселелері ерекше назар талап етеді.
В.Н. Шацкая эстетикалық тәрбиелеудің алдына мынадай мақсат қояды:
Эстетикалық тәрбиелеу оқушылардың өнер туындыларына деген белсенді
эстетикалық қарым-қатынастары қабілеттілігін қалыптастыруға қызмет етеді,
әдемілік заңдары бойынша шығармашылықта, еңбекте, өнерде, әсемдікті
жасауға күш-жігермен қатысуды ынталандырады (8,14). Өнер – бұл эстетикалық
мәдениеттің бір бөлігі,өте маңызды, салмақты бөлігі, бірақ ол адам
әрекетінің бір ғана аясын қамтиды. Көркемдік тәрбиелеу – жеке адамға
өнер тәсілдерінің мақсатты түрде ықпал ету үрдісі, соның арқасында
тәрбиеленушілерде көркемдік сезімдер мен мәнерлер өнерге деген махаббат,
оны түсіну шеберлігі, одан рахат алып, мүмкіндігінше жаңадан бірдеңе
жасап шығару қабілеттілігі қалыптасады (8,61). Эстетикалық тәрбие
анағұрлым кең, ол көркемдік шығармашылықты да, сондай-ақ, тұрмыс
эстетикасын да, мінез-құлық, еңбек пен қарым-қатынастарды да қозғайды.
Эстетикалық тәрбиелеу адамды барлық маңызды заттармен, құбылыстармен және
ең күшті тәсіл - өнердің өзімен қалыптастырады. Эстетикалық тәрбиелеу
өзінің мақсаттары үшін көркемдік тәрбиелеуді қолдана отырып, адамды өнер
үшін емес, оның белсенді эстетикалық өмір әрекетін дамытады.
М.Н Киященко да осы көзқарасты құптайды: Жеке тұлғаның әрекетінің
табысы кез-келген салада оның қәбілеттілігінің кең де терең дамығандығымен
анықталады. Міне, сондықтанда жеке тұлғаның барлық дарыны мен қәбілеті жан-
жақты дамыту - ең соңғы мақсатпен эстетикалық тәрбиелеудің негізгі
міндеті. Ең бастысы – жеке тұлғаға қандайда бір қызметте табысқа жетуге
ықпал ететін оның қасиеттері мен қәбілеттерін тәрбиелеп қана
қоймай,эстетикалық құндылықтарды жасаушы болып,оршаған шындықтың
әдемілігінен рахат алау керек (9,29).
Мектеп жасына дейінгі балалардың шындықпен өнерге деген эстетикалық
қарым-қатынастарын қалыптастырудан басқа,эстетикалық тәрбиелеу жан-жақты
дамуға да үлес қосады. Эстетикалық тәрбиелеу адамның адамгершілігін
қалыптастыруға, оның дүние, қоғам мен табиғат туралы танымдарын кеңейтуге
ықпал етеді. лардың әртүрлі шығармашылық білімдері олардың ойлауы мен
елестетуін, еркі мен табандылығын білімділіңгі мен тәртіптілігін дамытуға
ықпал етті. Кез-келген мақсат-міндетсіз қарастырылуы мүмкін емес көптеген
педагогтар (Г.С Лабковская, Б.Т Лихачов,Н.И Киященко) басқада ғалымдарда өз
нұсқаулары бар, бірақ өзінің негізгі мәнін жоғалтпаған үш маңызды
міндеттерді атап көрсеткен.
Сонымен, біріншіден, бұл - эстетикалық маңызды заттар мен құбылыстарға
деген қызығушылықты,бейімділік пен ынталылықтың пайда болуы мүмкін емес жай
эстетикалық білімдер мен әсерліктің арнайы қорын құру (8,60). Бұл
міндеттің мәні әртүрлі дыбыстар,түстер мен пластикалық әсерлер қорын
жинақтауда. Педагог біздің әдемілік туралы ұғымдарымызға жауап беретін
заттар мен құбылыстарды көрсетілген параметрлері бойынша шеберлік пен
таңдай білу керек. Сөйтіп, сезімдік - әсерленушілік тәжірибе қалыптасады,
сонымен қатар, табиғат туралы, өзі туралы, көркемдік құндылықтар дүниесі
туралы нақты білім болу керек. Білімнің жан-жақтылығы мен байлығы өзін
барлық өмір әрекеттері тәсілдерінде эстетикалық жасап шығарушы жеке тұлға
ретінде көрсететін кең қызығушылық,қасиеттілік пен қәбілеттіліктің
қалыптасу негізі болып табылады - деп атап көрсетеді.В.Н.Шацкая.
Эстетикалық тәрбиелеудің екінші міндеті: көркемдік және
эстетикалық қабылдау қабілеттерін дамыту мен алған білімдер негізінде
адамға әсерленіп, күйзелуге мүмкіндіктері маңызды заттар мен құбылыстарды
эстетикалық бағалауды, олардан ләззат алуды қамтамасыз ететін, әлеуметтік-
психологиялық қасиеттерді қалыптастырады (10,60).
Бұл міндет балалардың кескіндеме мен тек жалпы білім беру
деңгейінде ғана қызығатындығын көрсетеді. Олар асығыс картинаға қарап
шығып, суретші мен картинаның аттарын естерінде қалдырады да келесісіне
көшеді.
Б.Т. Лихачев былай деп атап көрсетеді: өнердің үлгісімен мұндай
тез танысу эстетикалық қарым-қатынастың ең басты элементтерінің бірі –
сүйсінуді жоққа шығарады (7,168).
Эстетикалық сүйсіну мен терең күйзеліске деген жалпы қабілеттілік
байланысқан. Әсемдік пен араласудан терең рухани ләззат алумен жоғарғы
сезімдер гаммаларының туындауы; ұсқынсыздықпен кездескендігі жеккөрінішті
сезімнің; күлкіліні көргенде сарказм, сықақ сезімнің ал, қайғылыны күйзелу
нәтижесінде туындаған әсерленушілік пен рухани тазаланушыға әкелетін
қорқыныш, аяушылық, ашу-ыза, таң қалу, осылардың бәрі нағыз эстетикалық
тәрбиелеудің белгілері, - деп жазады автор (7,169).
Б.Т. Лихачевтың анықтамасы мен салыстырып, көрсетіп эстетикалық
пайымдау - өнер, табиғат пен қоғамдық өмірдегі құбылыстарды дәлелді де
негізді бағалауы (7,20). Сонымен бұл міндеттің құрамдастарының бірі – ға
өз жас мөлшері мүмкіндіктеріне сай, кез-келген қалың жағдайына пікір айта
білуге деген қасиеттерін қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбиелеудің үшінші міндеті: әр тәрбиеленушіде
эстетикалық шығарамашылықты қалыптастырумен байланысқан. Ең бастысы: жеке
адамды эстетикалық құндылықтарды жасаушы, тудырушыға айналдыратын, оған
дүниенің әдемілігі мен рахаттанып, әдемілік заңдары бойынша қайта құруға
ықпал ететін жеке тұлғаның қабілеттілігімен мұқтаждықтарын, қасиеттерін
дамытып, тәрбиелеу (7,60).
Бұл міндеттердің мәні: әсемдікті біліп, онымен сүйсініп, бағалап
қана қоймай, ол өзі қарым-қатынаста, мінез-құлықта, еңбекте өмір мен өнерде
әсемдікті жасауға белсенді қатысуы керек.
Біз қарастырып өткен міндеттер көбіне эстетикалық тәрбиелеудің мәнін
жартылай ашып көрсетеді, бірақ біз бұл мәселенің педагогикалық жағын ғана
қарастырдық.
Бұл мәселенің педагоги калық жағы мен психологиялық жағы да бар.
Мұның мәні: эстетикалық тәрбиелеуде да эстетикалық сана қалыптасады.
Эстетикалық сананы психологтар мен педагогтар бірнеше өлшемдерге бөледі,
олар эстетикалық тәрбиелеудің психологиялық сәнін көрсетеді және адамның
эстетикалық мәдениеті туралы сараптауға көмектеседі. Көптеген зерттеушілер
мынадай өлшемдері атайды эстетикалық мәнер, эстетикалық идеал, эстетикалық
бағалау. Б.Т. Лихачев бұлардан басқа эстетикалық сезімді, эстетикалық
қасиеттілікпен эстетикалық пайымдауды атап көрсетеді (7,51).
Эстетикалық сананың ең маңызды эелементі – эстетикалық қабылдау.
Қабылдау – шындық әдемілігімен өнермен араласудың бастапқы сатысы. Оның
толықтығы, анықтылығы мен тереңдігінен кеінгі эстетикалық күйзелу,
көркемдік эстетикалық идеалдар мен мәнерлердің қол ұстасуына байланысты
болды. Б.Т Лехачев қабылдауды былай сипаттайды: Адамның шындық құбылыстары
мен өнер үрдістеріндегі эстетикалық сезімдерді тудыратын ерекшеліктерімен
қасиеттерді бөліп алу қабілеттілігі (13,51). Тек осылай ғана эстетикалық
құбылыстарды, оның мазмұны мен формасын толық түрде меңгеруге болады. Бұл
дан музыкалық қабілетті, композициялар түрлері мен формасын нәзік анықтап,
бағалауға, дыбыс үндері мен басқа да әсерленушілік – сезімдік аяларын
айыра білуді талап етеді. Қабылдау мәдениетін дамыту - дүниеге
эстетикалық қарым-қатынастың басталуы деген сөз.
Шындық пен өнердің эстетикалық құбылыстары адамдармен терең
қабылданса, бай әсерленушілік үн тудыруға қабілетті. Б.Т. Лихачевтың
ойынша әсерленушілік үн эстетикалық сезімнің негізі болып табылады. Ол
адамның эстетикалық құбылыс немесе затқа бағалап, қарым-қатынас жасауы
негізінде туған әлеуметтік жағдайымен байланысқан субъективтік,
әсерленушілік күйзелісті білдіреді (13,60). Эстетикалық құбылыстар
мағына мен анықтылыққа сай адамда рухани рахат алу немесе жеккөру, қорқыныш
пен күлкі, жоғарғы дәрежедегі күйзеліс пен үрей сезімдерін тудыруға
қабілетті. Б.Т. Лихачевтың айтуы бойынша, адам мұндай әсерленушілікті
бірнеше рет сезінсе, онда адамда терең күйзелістер тудыратын, көркемдік –
эстетикалық құндылықтармен араласуға тұрақты мұқтаждықты білдіретін
эстетикалық қажеттілік қалыптасады (11,20).
Е.К. Чухманның айтуы бойынша, бала жасына эстетикалық идеал
туралы ұғымның тұрақсыздығы тән. Бала-оған қандай өнер шығармасы көбірек
ұнайды деген сұраққа жауап беруге қабілетті. Ол кітаптарды, картиналарды,
музыкалық шығармаларды атайды. Бұл шығармалар оның шығармашылық және
эстетикалық мәнері, көрсеткіштері болып табылады, оның идеалдарды түсінуі
кілті болады, бірақ идеалды сипаттайтын нақтылы мысалдар бола алмайды
(13,12 ). Бұл да өмірлік тәжірибенің, әдебиет және өнер саласында білімнің
жоқтығынан болуы мүмкін, ал мұның салдары идеалдың қалыптасу мүмкіндігін
шектейді.
Д.Б. Неменский эстетикалық мәнерді Көркемдік суреттерді
қабылдамаушылық және нағыз өнермен араласуды аңсау ретінде анықтайды.
Эстетикалық мәнер адамда көп жылдар басты, жеке тұлға болып құралуы
кезінде қалыптасады. Төменгі мектеп жасында ол туралы сөз қозғалмайды.
Дегенменде бұл төменгі мектеп жасына дейінгі эстетикалық мәнерлерді
тәрбиелеу керек емес деген сөз емес. Мектепке дейінгі баланың өнер
құбылыстары мен танысуына мүмкіндігі бар. Тәрбиеші баланың назарын өмір мен
өнер құбылыстарындағы эстетикалық қасиеттерге аудару қиын емес. Сөйтіп,
біртіндеп оқушыда оның өзіндік таңдауын, ұнатқанын сипаттайтын ұғымдар
кешені дамиды.
ның өнер құбылыстармен араласу үрдісінде көптеген әр түрлі
эстетикалық әсері жинақталады.
Өнер адамға кең де көп жақты әсер етеді. Суретші өзінің туындысын
жасау барысында өмірді терең зерттейді. Кейіпкерлерімен бірге жақсы көреді,
жек көреді, күреседі, жеңеді, қаза табады, қуанады және қайғырады. Кез-
келген шығарма біздің жауап сезімімізді тудырады. Көркемдік шығарманы жасау
үрдісі аяқталғанмен де, кез-келген адам оны жасаған суретшімен бірге
шығарманы көрген сайын оған енеді. Ол өзінің қабілетіне сай жасаушы
суретші болады, өмірді шығарманы тудырған автордың жанымен бастан
кешіреді: қуанады, шаттанады, таң қалады, үрейленеді, жек көреді, өкінеді
(1,103).
Эстетикалық тәрбиелеудегі өнердің маңыздылығы ешқандай күмән
туғызбайды, өйткені ол оның әні болып табылады. Өнердің тәрбиесінің
негізгі тәсілі ретіндегі ерекшелігі: өнерде адамның рухани байлығы,
шығармашылық тәжірибесі қоюланып, жинақталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының балалардың бейнелеу шығармашылығын жетілдірудің теориясы мен әдістемесін толық игеруге бағытталған кәсіби дайындығын жетілдіру
Балаларда сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру
Эстетикалық тәрбие беруде қазақ педагогтары мен ағартушыларының идеяларын педагогикалық тұрғыда негіздеу
Балаларға бейнелеу өнерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
Мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін бейнелеу өнері және әдістемесі
Эстетикалық тәрбие беру туралы мәлімет
Мектепке дейінгі мекемелерде сәндік сурет салғызу
Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері сабақтарында бояу түстері арқылы сұлулыққа баулу
Ертегі мазмұны бойынша ересек балаларды сурет салуға үйрету
Пәндер