Эстетикалық тәрбие беруде қазақ педагогтары мен ағартушыларының идеяларын педагогикалық тұрғыда негіздеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Болашақ тәрбиесі бүгінгі күнде ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазынадан нәр алумен ұштастырылып жүргізілуін талап етеді. Біздің қоғамның тәлім-тәрбиесі көп жылдар бойы бір жақтылықпен жүргізіліп келеді, жалпы адамзаттық қүнды игіліктерден оқшауланып, ұлттық сана сезімнің дамуына, рухани, мәдени байлықты, ұлттық тәрбиенің бай мұрасын игеруге көңіл бөлінбеді. Мұның өзі жас ұрпақтың басым көпшілігі өз халқының тарихын, тілін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрлерін жете білмеуіне әкеп соқты. Сондықтан ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен өнегесіне деген эстетикалық санасын ояту - тәрбиеші мен мұғалімдердің, ата - аналардың ең үлкен парызы болмақ. [1]

Педагог ғалымдардың еңбектерінің негізі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбаны өнердегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру, мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады.

Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.

Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық сапасынан көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам, еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы орыс жазушысы В. Белинский былай деп жазған: «Әдемілікті сезіну − адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін». Эстетикалық сезім - жақсылықтың негізі. Яғни эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу − ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.

Эстетикалық тәрбие беруде көзқарас пен таным ынтымақтыққа, бірлікке, адамгершілікке, шыншылдыққа, патриоттыққа, мейірімділікке, тәрбиелейді. [2]

Эстетикалық тәрбие тек қана көркемдік деңгейді жетілдіру, оқыған кітап, көрген кинолар мен музыкалық шығармалар санын көбейту ғана емес. Ең бастысы, адамгершілік, эстетикалық сезімді, жеке бастың рухани деңгейін кеңейту, мінез - құлқын түзету, әсемдікті түсіне білу. Егер бала өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, өз әрекеттерінің әдемілігін, қажеттігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді. [3]

Бүгінгі таңда педагог ғалымдардың қазақ қолданбалы өнері және эстетикалық тәрбие теориясы мен тәжірибесінің зерттеліп отырған кезеңдегі жәй-күйін, өзіне тән ерекшеліктері ғалымдар: Б. Әлмұхамбетов[4], Ә. Қамақов[5], Ж. Балкенов[6], Е. Асылханов[7], Қ. Ералин[8], Р. Нұрғашев [9], Ү. Ибрагимов[10], З. Ахметов[11] еңбектерінде арнайы зерттелген. Ғалымдар еңбектерінің негізгі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады. Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.

Мектеп жасына дейінгі баланың алғаш балабақшаға баруы, онан алған әсері, оның көркемдік әрекеттері дұрыс түсініп ұғынуына түрткі болады. Алайда бұл жаста баланың ықыластылығы тұрақсыз болады да, ұзақ мерзім бейнелеу өнері шығармаларымен танысу, тіпті бейнелеу өнерімен айналысу оны тез жалықтыруы мүмкін. Сондықтан тәрбиеші әр түрлі дидактикалық ойындар, сергіту сәттері және көрнекіліктер арқылы балалардың қызығушылықтарын арттырып отыру қажет.

Эстетикалық тәрбие эстетикалық сананың міндетті ісі мен құрылымын ашады. Ал тәрбие теориясы болса, эстетикалық сезімнің, талғамның идеялық қалыптасу процесін зерттейді. Бұған нақты дәлелдің бірі «Жалпы білім беретін мектеп концепциясының негізгі бағыттары» құжатында орынды нұсқау бар: «Аса маңызды міндет - балаларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту. Әсемдік сезімін дамыту, жоғары эстетикалық талғам, өнеор шығармаларын, тарих архитектура ескерткіштерін, туған табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсініп, бағалай білу қасиетін қалыптастыру қажет. Осы мақсатта әрбір оқу пәнінің, әсіресе зор танымдық және тәрбиелік күші бар әдебиеттің, музыканың, бейнелеу өнерінің эстетикалық мүмкіндіктері жақсы пайдаланылсын», - деп көрсетілген. [4]

Ал өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде балабақша орасан зор рөл атқаратыны белгілі. Нақ осы балабақшадада адамның эстетикалық мәдениетінің негіздері қаланады, сондықтан да эстетикалық тәрбие мәселелері біздің елімізге әрдайым жан-жақты тәрбиенің жалпы проблемаларымен байланыстыра қарастырылып келеді.

Қоғамның материалдық - экономикалық базасын жаңа адамды қалыптастырудан, оның дамуынан бөліп алып қарауға болмайды. Сондықтан стетикалық тәрбиенің принциптерін жүзеге асыру мен қатар тәрбиенің бүкіл жүйесін одан әрі жетілдіре түсуге жағдай жасап отыру қажет.

Әрбір адамның творчестволық қабілетінің қанат жаюы оның еңбек саласының артуына әсер етеді, мәдениетін дамытады. Сөйтіп адамның жалпы мәдениетінің маңызды бөлігі - өміріміздің барлық саласына ықпал тигізетін эстетикалық мәдениет болып есептеледі.

Ақын, педагог М. Жұмабаев айтқандай, сұлулық сезімдері адамның табиғат сыйлаған қабілетімен мүмкіндіктерін жан-жақты дамытуға жол ашады. Мағжан эстетикалық тәрбиенің тарауларын жан-жақты талдау жасай отырып, бала жаратылыс, табиғат сұлулықтары мен бірге өнерден барынша мол ләззат алып өсуі қажет екендігін айтады. Сондықтан педагогика ғылымында эстетикалық тәрбие − жан-жақты тәрбиенің бүкіл жүйесінің табиғи бір бөлігі ретінде қарастырылады. [5]

Эстетикалық тәрбие - болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға және эстетикалық түсінікті сезім мен талғамы тәрбиелейді. Өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.

Көркемдікке тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделі проблемалар туады. Бала өнер арқылы өзінің көңіл сезімін тереңірек түсіне білуі қажет. Сондай-ақ айқын ойлап, терең сезіне білуі тиіс, тәрбиешілер тарапынан балаларға сапалы көмек қажет. Көркемдікке тәрбиелегенде тәрбиеші баланың шығармашылық арқылы өз пікірін жеткізуіне, оның табиғи түрде ілгері дамуына кедергі жасамауы керек.

Зерттеудің мақсаты: Эстетикалық тәрбие беруде қазақ ағартушы ғалымдарының ой-пікірлеріне талдау жасай отырып, балаларға өмірдегі және өнердегі сұлулықты сезіне білуге қалыптастыру, жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту әдістеріне зерттеу жүргізе отырып, тиімді жолдарын анықтау.

Зерттеу міндеті:

- Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық сезімін, қиялын дамыту арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу;

- Балалардың өмірге, қоғамға көзқарасының қалыптасуының негізі - оның дүниетанымы жайлы түсінік беру және эстетикалық талғамын дамытуда жүзеге асыру жолдарын анықтау.

- Эстетикалық тәрбие беруде қазақ педагогтары мен ағартушыларының идеяларын теориялық тұрғыда негіздеу

Зерттеу пәні: Эстетикалық тәрбие беруде қазақ ағартушы ғалымдарының ой-пікірлері

Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру процесі

Зерттеу әдістері: Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру процесі бойынша ғылыми мәліметтер жинау және оларды талдау арқылы тәжірибелік зерттеу амалдарын жүргізу.

Зерттеу болжамы: Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру процесінен мынадай нәтижелер байқалады:

- Балалардың қоршаған орта туралы эстетикалық түсініктерінің кеңеюі;

- Айналадағы сұлулықты сезіне отырып эстетикалық талғамдарының оянуы;

- Сұлулыққа деген жауапкершілік сезімдерінің болуы.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГТАРЫ МЕН АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ ИДЕЯЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДА НЕГІЗДЕУ

  1. Эстетикалық тәрбие берудің маңызы

Қазақстан Республикасында балаларға тәрбие беруге көп назар аударылуда. Соның ішінде эстетикалық тәрбие балалардың көркемдік талғамдарын, алуан түрлі творчествалық қабілеттерін жетілдіруге себепкер болады. Балалар эстетикалық тәрбие процесінде табиғат пен өнердегі әсемдікті ғана емес, адамдардың әркет қылықтарындағы, өзара қарым-қатынастардағы әсемдікті ұғына білуге үйренеді. Эстетикалық тәрбие адам өмірінде үлкен рол атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады. Эстетикалық көзқарасты дамыту, тәрбиелеу күн санап өсіруді талап ететін мәселе. Сонымен қатар эстетикалық көзқарас адамның шындыққа қатынасын бейнелейді. Эстетикалық тәрбиенің барысында баланың икемділік, іскерлігі артады. Өмірге талпынысы, көзқарасы өзгереді. Сонымен бірге балаға эстетикалық тәрбиенің берері мол. Бала қоғамды, үйде, балабақшате өзін-өзі ұстауға эстетикаға үйнренеді. Бала бойында жаңа бір үрдіс пайда болады. Бала өзін жаңаша сезінеді, өмірге деген көзқарасы өзгереді. [6]

Болашақ ұрпақтың саналы болып өсуіне әрбір педагог үлес қосқаны абзал. Балабақшадағы балаларды эстетикаға тәрбиелеу әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастыру басты мақсатта іске асырылады. Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру барысында іскерлік пен икемділікті қалыптастыру жолында көптеген шаралар қолданып, балаларды эстетикалық талғамға тәрбиелеу тәрбиешінің басты мақсаты. Мектеп жасына дейінгіта эстетикалық білімнің негізі - шығармашылық саласы екені бізге белгілі.

Мектеп жасына дейінгі балаларды шығармашылы саласында оқытудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді, практика жүзінде тәрбиеші түсіндіруге міндетті. Бала қоғамда, үйде, балабақшада өзін-өзі қалай ұстауға, саналы эстетикалық талғамға толы ұрпақтың өсуіне тәрбиеші әсер етуге міндетті.

Педагогика ғылымында баланы тәрбиелеуде көптеген әдіс-тәсілдер қолдануға болады. Бұл әдістердің арқасында сабақ қызықты болып өтеді. Тәрбиеші сабақты жүргізе отырып балаларға эстетикалық тәрбие береді. Эстетикалық тәрбие тек балабақшада ғана емес үйде, қандай да бір қоғамда яғни тірі жан бар жерде эстетика керек. Өйткені эстетикасыз адам болашағы жоқ. Эстетикалық көзқарасы, талғамы, сана-сезімі жоқ адам болашағын елестету мүмкін емес. Ал оған тәрбиешідер яғни педагогтардың тікелей әсері бар. [7]

Эстетикалық тәрбиенің арқасында саналы, болашақ Қазақстан Республикасының эстетикалық талғамға толы азаматының ең басты қадамы осы балабақша жасында қалыптасады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес, сондықтан "тәрбиені жалпы және мәңгілік категория", - деп дәлелдеген. Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болды, онсыз қоғам жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, ілгері дамымайды. [8]

Қазіргі педагогика ғылымында эстетикалық тәрбиенің алатын орны зор.

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті, жексұрындықты, сәулеттілікті және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. [9]

Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу - тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнер де емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды.

Балаларға қазіргі таңда эстетикалық тәрбие беру көзқарасы балабақшате тәрбие жұмысымен тығыз байланысты. Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңінен бастап, әсемдікке ұмтылу тән нәрсен. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар - құрбыларына, ересектерге еліктіреді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толасып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады. [10]

Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемдігіне сезімталдығын тәрбиелеп, тәрбиеші балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге, әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген товарлар сапасының әсемдігі тұтынылу жағына үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуында белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.

Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы сана өте күшті әсер ету жүзеге асады.

Сонымен, балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуі дамыған әсемдік сана мен талғамда, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. [11]

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу балаларды жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесіндегі ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны баланың әсемдікке көзқарысының дамуы, білім алуы, қалыптасу құралына айналдырады.

Кең өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнын сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, көркем, сөз сұлулығын бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекеттерінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы еекше көрсетіледі. Құқықтың іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы, дамуындағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады.

Дене тәрбиесі мәдениеті мен және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән жән жан сұлулығын таниды. [12]

Әсемдікке тәрбиелеудің баланы жан-жақты және үйле сімді дамытудың жалпы жүйесіндегі жанама қыземті де бар.

Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әркетінің белсенді жэәне тиімі деп берушісіә де болады. Бала өнегелгінің әсемдігі, оның жан-дүниесінің байлағы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Балалар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, ол еңбегі тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің процесін жеңілдетеді. [6]

Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқық әрекеттерін орнатуға жетелейді.

Белгілі қазақ суретшілері Ә. Қастеевтің, М. Кенбаевтың, Қ. Шаяхметовтың шығармашылығымен байланысты бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.

Сонымен қатар, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов еңбектеріндегі адам баласының бақытты және бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды ұлы ерлікке рухтандырады.

Сонымен бейнелеу өнері және әдебиет шындықты игерудің және танудың құралы. Өнер мен әдебиет шындықты және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады.

Бейнелеу өнері сабағында балалардың эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке әсемдік тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс-әрекетімен байланысты екенін көрсетеді. Мәселені, өзі шешу мүмкіндігі болғанда ғана оның әрі мінез-құлықтық, әрі әсемдік көңіл-күйін жай табады. [9]

Балалардың оқу еңбегінде талғампаздық қатынасын дамыту, оның оқудың қозғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркедік ләззат және құқықтық әсер алуды қамтамасыз ететін еңбектің нәтижесіне жетуіне көмектесу қажет. Бақылау және балалармен әңгіме олардың әрқайсысы өте әсем зат жасағысы келетінін көрсетеді. Бала өзі жасаған затты ең тәуірлердің қатарына жатпаса да қуанады. Мұндай жағдайда тәрбиеші балалар жұмыстарына көрме ұйымдастырып олардың нәтижесін бағалауға көмектеседі.

Балаларға бірлесе орындалатын қоғамдық пайдалы еңбек әсемдік жағынан қатты қызықтырады. Оларға бірлесіп, аула тазарту, жер дайындап гүл отырғызу, қағаз қалдықтарын жинау, кітап түптеу, ойын бөлмесін тазарту, безендіру т. б. ұнайды. Оларды жақсы жұмыс үшін мадақтау, жарыста озып шығу, әсер алу да еліктіреді. Осы тұрғыдан қарағанда еңбек және эстетикалық тәрбие өзара қабысып бірін-бірі толықтырады. [7]

Көп жағдайда балалар тәртібінің дұрыстығына сыртқы, кейде үстірт белгілер арқылы баға беріледі. Тәртіп шеңберіндегі олардың мұраттары тәрбиешінің, жақын адамдардың тәртібі мен іс-әрекеті, қоғамдық өмір және өнер ықпалымен қалыптасады. Бұл тұрғыда әдебиеттің, олардың балалар есінде ұзақ сақталатын кейіпкерлерінің бейнелері үлкен орын алады.

Мектеп жасына дейінгі балаларының эстетикалық санысының және шындыққа қатынасының ерекшеліктерін білу балалар өмірін эстетикалық көзқарас тұрғысында дұрыс ұйымдасытуға көмектеседі. [13]

Балалардың бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбиесі оқу және сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.

Бейнелеу өнері сабақтарында балалардың эстетикалық сезімдерін дамыта отырып, тәрбиеші суретке қарап әңгіме құрауды, әсер алған уақиғаларды айтып беруді, қиялына жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, олардың рухани күші дамиды.

Сонымен қатар, кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар мұратына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды.

Бейнелеуде әсемдікті түсіну мен нәзіктікті сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері құралдарымен шамасына сай пайдалану, сурет салу сауатын меңгеру, кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілетінің дамуы, олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды. [14]

Тәрбиеші басқа сабақтарда өз тапсырмаларын бейнелеу өнерін, өнер сабағындағы тапсырмамен үйлестіреді.

Жеке адамның жалпы мәдениеті үйелменде, ұжымда, жұртшылық арасында байқалады. Сондықтан күнделікті өмірдегі баланың жеке басының эстетикасына ерекше көңіл аудару тәрбиешілер мен ата-аналар алдындағы кезек күттірмейтін басты мәселелердің бірі болып саналады.

Үйелменде ата-аналармен, балабақшада балалар және тәрбиешідермен, басқа адамдармен қатынас жасау эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде іс-әрекетінде қалыптасады, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді. А. С. Макаренконың айтуы бойынша адамдармен жылы шырайлы қарым-қатынас, көршілерге қайырымды, сенімді дос және өнегелі болу - осының бәрі моральдық эстетиканың басты салалары. [16]

Әрбір үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жамъсауға тырысады. Әр түрлі үй дүниемүліктерінің өз орында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады.

Басқа халықтар сияқты қазақ халқының да өзіндік әлеуметтік - экономикалық тарихы және географиялық тұрмыс-тіршілік жағдайлары, көшпелі тұрмыс-салт, саяси және территориялық бытыраңқылығы, басқа халықтармен кең сауда байланыстарының болмауы қазақтардың материалдық, рухани мәдениетіне, тұрмысы мен діни көзқарасына өз әсерін тигізіп, өзіне тән тіршілік салтын, халықтың қолданбалы өнерді, ән-күйлерді, аңыз-ертегілерді, мақал-мәтелдерді, жыр-дастандары, әдет-ғұрыптарды, ұлттық салт-сана мен тәрбиенің халықтық дәстүрлерін өмірге әкелді. [8]

Өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихының ішінде қазақ халқы тәрбиенің өзіне тән эмпиризмдік (сезімдік қабылдау) тәрбиесін, тәжірибесін өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің өзіндік әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін жинақтады. Оларға бұқараның жасампаз, творчествалық тәжірибесі, азды-көпті орнықты қағидалар, қоғамдық мінез-құлық нормалары мен принциптері топтастырылған.

Қазақтың халық педагогикасында эстетикалық тәрбие үлкендердің, ата-аналардың жеке басының жақсы істерін үлгі ету, тәрбиеге «ұят», «намыс», «ар» ұғымдарын кең пайдалана отырып сендіру, үйрету, жаттықтыру, көтермелеу, мадақтау, жазалау, мақұлдау әдістері мен жүзеге асырылып отырды.

Балаларды ерте бастан еңбекке, мысалы алуан түрлі өнер бұйымдарын жасауға тарту, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ой-өрісіне шеберлігі мен дағдысына талапты күшейту қазақ халқы педагогикасының өскелең ұрпаққа еңбек тәрбиесін беру жөніндегі негізгі міндетіне айналды.

Сонымен бірге, еңбекке бұлай араластыру көркемдік және эстетикалық талғамдарды, көзқарастарды, нанымдарды ерте сіңіруге, халықтың мәдени және адамгершілік мұрасына қамқор көзқарасты қалыптастыруға жәрдемдеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі туралы, мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту заңдылығы туралы ғылым
Қазақтың ұлттық өнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру
М. Дулатовтың педагогикалық идеяларының теориялық негіздері
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Бaстaуыш білім беру сaтысындa қaзaқ хaлық дәстүрлерін тәрбие құрaлы ретінде пaйдaлaнудың педaгогикaлық шaрттaры туралы
Қазақ балаларының тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың моделін жасау
Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Педагогика тарихы пәнінен лекция тезистері
Эстетикалық тәрбиенің мәні мен мағынасы
Қазақ әдебиеті әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz