Мектеп жасына дейінгі балаларды жапсырмалауға үйрету арқылы шығармашылығын дамыту



қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ι МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЖАПСЫРМАЛАУҒА ҮЙРЕТУ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Балаларды шығармашылығын дамыту.
1.2 Балаларды жапсырмалауға үйрету арқылы шығармашылығын дамыту ерекшеліктері.
ΙΙ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЖАПСЫРМАЛАУҒА ҮЙРЕТУ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды жапсырмалауға үйрету
2.2 Балаларды жапсыруға үйрету арқылы шығармашылығын дамыту жолдары.
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдардағы халыққа жолдауы-әр адамның жан-жақты дамуына мол мүмкіндік жасайтын мемелекеттік құжаттың бірі. Бұл жолдаудың негізіне түрлі реформалармен қатар білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру, әлемдік білім кеңестігіне толығымен кірігу және қоғамымыздың басты байлығы-жас ұрпақты дамыту үшін қажетті жағдай жасау жолымен оның ой-өрісін кеңейтіп, жан-дүниесін байыту, жалпы және кәсіптік білім алуы үшін мүмкіндіктер жасау туралы мәселелер қойылып отыр. 2007 ж 15 тамызда жарияланған Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңының» Білім беру мазмұны - деп аталатын 4 тарауының 13 бабында: «Білім беру мазмұны–жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі» (кешені)–деп атап көрсетілген.
Республика көлемiнде бiлiм беру саласындағы түбiрлi өзгерiстерге сәйкес «Бiлiм туралы» заңды жүзеге асыруда бiрқатар шаралар ұйымдастырылуда. Олар: мектепалды даярлық тұжырымдамасы, мектепалды сыныптарының және мектепке дейiнгi ұйымдардың базистiк оқу жопары, мiндеттi мектепалды даярлығын ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулар, мектеп жанында 6-7 жастағы балаларды мектепалды даярлаудың бағдарламасының әзiрленуi. Аталған құжаттарды мiндеттi түрде пайдалануды жүктейтiн бiлiм және ғылым министрлiгiнiң № 96, 97 бұйрықтары жарияланды[1].
Тұлға дарындылығының табиғаты, шығармашылық қабілеті, дамуының қайнар көзі, шығармашылық мүмкіншіліктерінің психологиялық құрылымы. Мұның барлығы арнайы ізденісті қажет етеді.
Шығармашылық қабілет, өзіндік жұмыс істеу іскерлігі мен дағдылары өздігінен пайда болмайды, ол мақсатты түрде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен шығармашылық, тәжірибелік сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау процесінде қалыптастырылады. Тұлға шығармашылығының маңыздылығы көрнекті қазақ ойшылдары мен ағатушылары Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, М.Көпейұлы, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. еңбектерінде ашып көрсетілген [2,3,4,5,6,7,8,9]. Оқыту процесінде баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін шет ел педагог – ғалымдары Ю.К.Бабанский, В.С.Ильин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Б.М.Теплов, Л.Н.Леонтьев, Г.С.Альтшуллер, А.Г.Ананьев, сонымен қатар қазақстандық көрнекті ғалымдар Т.Т.Тәжібаев, Қ.Б.Жарықбаев, М.М. Мұқанов және т.б. қарастырды [10,11,12,13,14].
Сонымен қатар, қазіргі психология, педагогика ғылымдарында осы мәселеге қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, Я.А.Пономарев, Н.С.Лейтес, В.А.Крутецкий, Е.Е.Кравцова, В.Т.Кудрявцев сынды ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, қабілетті, дарынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Егемен Қазақстан. 2007. 15 тамыз. 4 б.
2. Әл – Фараби Әлеуметтік – этикалық трактаттар. – Алматы: Кітап,1985. – 419 бб.
3. Баласағұн Ж. Құтты білік. Көне түркі тілінен аударған және алғысөзі мен түсініктерін жазған А.Егеубаев.-Алматы:Жазушы, 1986.-616 б.
4. Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық жинағы. – А.,Жазушы.1995. – 355 б.
5. Байтұрсынов А. Шығармалары.-Алматы: Жазушы, 1989.-320 б.
6. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ: Өлеңдер, әңгімелер, очерктер,мхаттар.-Астана:Раритет,2008.-208.
7. Аймауытов Ж. Шығармалары: Романдар, повесть,әңгімелер, пьесалар./Құраст. М.Атымов, Қ.Керейқұлов.-Алматы:Жазушы,1989.-560 б.
8. Жұмабаев М. Педагогика.-Алматы: Ана тілі,1992.-160 б.
9. Дулатұлы М. Шығармалары: Мақалалар мен зерттеулер. 2-т.-Алматы:Ғылым,1997.-344 б.
10. Бабанский Ю. Педагогика.-М.,1988.
11. Занков Л.В. Избранные педагогические труды.-М.: Педагогика, 1990.-420 с.
12. Тәжібаев Т. Просвещение и школы Казахстана во второй половине XIX в.-Алма-Ата: Казгосполитиздат, 1962.-507 с.
13. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы: Қазақстан,1996.-160 б.
14. Мұқанов М. Педагогикалық психологиялық очерктер./ҚазССР.оқу министр.пед.ғылым.институты.-Алматы:Қаз.мем.оқу-пед.басылым,1972.-211 б.
15. Лейтес Н.С. Способности и одаренность в детские годы.-М.: Знание, 1984.-263 с.
16. Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка.-М.: АЗЪ, 1992.-923 с.
17. Выготский Л.С. Проблемы психологического развития ребенка. Изобразительные психологические исследования.-М.: Издание Акад.пед.наук, 1965.-62 с.
18. Крупская Н.К. Об интернацциональной и национальной культуре. /Пед.соч.Т.2-М.:Изд-во АПН РСФСР, 1958.-420 с.
19. Коменский Я.А. Ұлы дидактика. – Алматы: Мектеп, 1985. – 235 б.
20. Сухомлинский В.В. Балаға жүрек жылуы. – Алматы, 1973.-65 б.
21. Әбдіғапбарова Ұ.М. Қазақ халық педагогикасындағы балалар мен жастарды сәндік – қолданбалы өнерге үйретудің ғылыми негіздері: пед. ғыл. док. …дисс. – А., 2008. -271 б.
22. Болатбаев Қ.Қ Бейнелеу өнеріне арналған дәптер: орта мектептің 4 сыныбына арналған.-Алматы:Атамұра,2000.
23. Бейнелеу өнері: Орта мектептің 1сыныбына арналған оқулық./ У.Ибрагимов, Қ.Болатбаев, Б.Әлмұхамбетов, З.Айдарова.-Алматы:Атамұра,1997.
24. Ростовцев Н.Н. Рисунок. Живопись. Композиция.-М.:Артель,2009.
25. Кузин В.С. Наброски изарисовки.-М.: Просвещение, 1970.-184 с.
26. Аманжолов С.А. Бейнелеу өнерiн оқыту әдістемесінің теориясы және технологиясы. - Астана: ЕҰУ, 2009. 6 б.
27. Тілеуқабылов Ә.Ж. Еңбек сабағының жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиелік мәні зор//Білім хабаршысы.Республикалық ғылыми – педагогикалық журнал №6(19), 2013.15б.
28. Философиялық сөздік.-Алматы: Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы, 1996.526 б.
29. Вьюжек Т. Логические игры, тесты, упражнения. Память,внимание, интеллект.-М.: Эксмо пресс, 2002.-295 с.
30. Геймон Д. Брэгдон А. Аэробика для ума.-М.: Эксмо,2002.-397 с.
31. Малайбекова А.С. Мектеп жасына дейінгі балалардың «Бейнелеу өнері» сабағы арқылы шығармашылығын дамыту.
32. Қуанышбекова М. Жапсыру сабағының мәні көп//Тәрбие құралы №3(65),2013 мамыр-маусым.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдардағы халыққа жолдауы-әр адамның жан-жақты дамуына мол мүмкіндік жасайтын мемелекеттік құжаттың бірі. Бұл жолдаудың негізіне түрлі реформалармен қатар білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру, әлемдік білім кеңестігіне толығымен кірігу және қоғамымыздың басты байлығы-жас ұрпақты дамыту үшін қажетті жағдай жасау жолымен оның ой-өрісін кеңейтіп, жан-дүниесін байыту, жалпы және кәсіптік білім алуы үшін мүмкіндіктер жасау туралы мәселелер қойылып отыр. 2007 ж 15 тамызда жарияланған Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының Білім беру мазмұны - деп аталатын 4 тарауының 13 бабында: Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені) - деп атап көрсетілген.
Республика көлемiнде бiлiм беру саласындағы түбiрлi өзгерiстерге сәйкес Бiлiм туралы заңды жүзеге асыруда бiрқатар шаралар ұйымдастырылуда. Олар: мектепалды даярлық тұжырымдамасы, мектепалды сыныптарының және мектепке дейiнгi ұйымдардың базистiк оқу жопары, мiндеттi мектепалды даярлығын ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулар, мектеп жанында 6-7 жастағы балаларды мектепалды даярлаудың бағдарламасының әзiрленуi. Аталған құжаттарды мiндеттi түрде пайдалануды жүктейтiн бiлiм және ғылым министрлiгiнiң № 96, 97 бұйрықтары жарияланды[1].
Тұлға дарындылығының табиғаты, шығармашылық қабілеті, дамуының қайнар көзі, шығармашылық мүмкіншіліктерінің психологиялық құрылымы. Мұның барлығы арнайы ізденісті қажет етеді.
Шығармашылық қабілет, өзіндік жұмыс істеу іскерлігі мен дағдылары өздігінен пайда болмайды, ол мақсатты түрде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен шығармашылық, тәжірибелік сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау процесінде қалыптастырылады. Тұлға шығармашылығының маңыздылығы көрнекті қазақ ойшылдары мен ағатушылары Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, М.Көпейұлы, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. еңбектерінде ашып көрсетілген [2,3,4,5,6,7,8,9]. Оқыту процесінде баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін шет ел педагог - ғалымдары Ю.К.Бабанский, В.С.Ильин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Б.М.Теплов, Л.Н.Леонтьев, Г.С.Альтшуллер, А.Г.Ананьев, сонымен қатар қазақстандық көрнекті ғалымдар Т.Т.Тәжібаев, Қ.Б.Жарықбаев, М.М. Мұқанов және т.б. қарастырды [10,11,12,13,14].
Сонымен қатар, қазіргі психология, педагогика ғылымдарында осы мәселеге қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, Я.А.Пономарев, Н.С.Лейтес, В.А.Крутецкий, Е.Е.Кравцова, В.Т.Кудрявцев сынды ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, қабілетті, дарынды шығармашылық тұлғаны дамыту жолдарын айқындауға болады және де шығармашылық ұғымына анықтама берген біртуар көрнекті психологтар С.И.Ожегов, С.Л.Рубинштейн, Б.Д.Элконин, Ю.Г.Юдин, Л.С.Выготский, А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, Я.А.Коменский, Ф.Фребель, В.А.Сухомлинский сияқты ғалымдарды атап өтуге болады[15,16,17,18,19,20].
Қазіргі таңда, білім мен тәрбие берудің шынайы тәжірибесінде жалпы білім беретін мекемелерде өнер түрлері, оның ішінде бейнелеу өнері сабақтарының мүмкіндіктері арқылы қазіргі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесіне әлі де өз деңгейінде мән берілмеуде. Көбіне, бейнелеу тәжірибесінің жалпы білім, қабілет, дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға ғана басты назар аударылады. Педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде бейнелеу өнерінің мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері М.Ж.Қозыбақов, Ұ.Әбдіғаппарова, Қ.Қ.Болатбаев, С.С.Булатов, С.А.Жолдасбекова, Ж.Балкенов, Қ.Әмірғазин, З.Ш.Айдарова, Е.Асылханов, М.Ж.Тәңірбергенов, С.Қ.Бейсенбаев, С.Р.Матаева, А.Л.Павловский және т.б. еңбектерінде қарастырылған [21,22,23].
Бейнелеу өнерінен көркемдік білім беру саласындағы педагог ғалымдар Н.Н.Ростовцев, В.С.Кузин, Е.В.Шорохов, Н.В.Лебедко, А.В.Ломов, Қ.Е.Ералин, С.А.Аманжолов, Д.Ә.Кемешовтар бейнелеу өнері шығармашылығын зерттеуге ерекше көңіл бөлген. Н.Н.Ростовцев бейнелеу шығармашылығын қалыптастырудың негізгі - нұсқаға қарап сурет салу екенін, шығармашылық еңбекке жетудің бастауы, бейнелеу сауаттылығын меңгеру болып табылатындығын көрсеткен [24,25,26].
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды жапсырмалауға үйрету арқылы шығармашылығын дамыту теориясын негіздеу және ұсыныстар беру.
Зерттеу міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балаларды жапсырмалауға үйрету арқылы шығармашылығын дамыту теориясын талдау жасау;
- мектеп жасына дейінгі балаларды жапсырмалауға үйрету арқылы шығармашылығын дамытудың бағыттарын анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балаларға жапсырмалауға үйрету арқылы шығармашылығын дамытудың тиімді жолдарын ұсыну;
Зерттеу әдістері: Тақырып төңірегінде ғылыми және әдістемелік әдебиеттер тізімін жинақтап, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларды жапсырмалауға үйрету арқылы шығармашылығын дамыту.
Зерттеу обьектісі: Мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу болжамы: Егер мектеп жасына дейінгі балаларды жапсырмалауға үйрету арқылы шығармашылығын дамытудың күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте тәрбиешінің балаларға үйретудегі өзіндік тиімді әдіс-тәсілдерін жүйемен қолдана білсе, балалардың бойындағы шығармашылығын дамытуда көптеген септігін тигізері әбден мүмкін.
Курстық жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Ι МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЖАПСЫРМАЛАУҒА ҮЙРЕТУ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1 Балаларды шығармашылығын дамыту.
екі бөлімнен,
Егеменді еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық бетбұрыстарына қарай болашақ ұрпақты тәрбиелеуде басты шығармашыл тұлғаны дайындау мектепке дейінгі ұйымнан басталады. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуде бейнелеу өнерінің орны ерекше. Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы Заңында" жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі деп көрсетілген. Олай болса, мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнері әрекетінің орны ерекше.
Қазіргі таңда оқушылардың шығармашылық білімін қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың жан-жақты танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті мектептерге қойылатын талаптардың бірі болып отыр. Әлемдік ғылымда табиғатқа, қоғамға және адам ойының дамуына ғылыми көзқарас бірнеше ондаған ғылымдардың өзара байланысы шеңберінде білімдер жиынтығы негізінде қалыптасады. Ал, шынайы ғылыми жүйеден туындаған білім барлық өмірлік, қоғамдық құбылыстарды дұрыс танып білуге мүмкіндік беретін әртүрлі пәндердің қосындысынан құралады. Сондықтан оқу жоспарындағы барлық пәндер осы білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған жағдайда ғана оқыту үдерісі тиімді деңгейге көтеріле алады.
Проблеманың философиялық, психологиялық, педагогикалық аспектісін
анықтау арқылы жалпы балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мәселесін зерттеу қазіргі дидактиканың маңызды бағыты болып саналады. Қазіргі таңда білім ошақтарында білім, қабілет, дағдыларды меңгертіп қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді.
Арнайы әдебиеттерде шығармашылық ұғымына әртүрлі анықтамалар берілген. Мысалы, С.И.Ожеговтың сөздігінде Шығармашылық - жаңа материалдық және мәдени құндылықтардың өмірге келуі деген анықтама беріледі. Ал, энциклопедиялық сөздікте Шығармашылық - адамның іс-әрекетіндегі өз бетінше жұмыс жасау мен белсенділіктің ең жоғары формасы. Бұл қандай да бір нәрсені өзгерту, жетілдіру, жаңасын ойлап табу, түпнұсқасын шығаруға деген қажеттілік делінген[16]. С.Л.Рубинштейн ...шығармашылық деп нәтижесінде жаңа түпнұсқалық және әлеуметтік құнды өнім дайындалатын іс-әрекет аталады, - дейді. Б.Д.Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді: Шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, ол өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәлендіретін, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.
А.Н.Лук ... адамның шығармашылығын дамыту мен қалыптастыру, ең алдымен, шығармашылық ойлауға байланысты деген пікір білдіреді. Ол шығармашылық қабілеттің белгілері ретінде ақпаратты код арқылы жіберу, тасымалдай білу, ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі, әрекетті бағалауды атап көрсетеді. Ол шығармашылық қабілетті мотивациямен байланысты қабілеттер, эмоциялық қабілеттер және ақыл-ой қабілеттері деп үш топқа бөліп қарастырады.
Ю.Г.Юдин баланың шығармашылық әрекетінің негізгі белгілері мен оларға сәйкес қалыптасатын қабілеттерін мына түрде қарастырады:
-оқушының шығармашылық іс-әрекетінің міндетті түрде талап етілуі;
-оқушының шығармашылық іс-әрекетінің пайда болуының жан-жақтылығы;
-сыныптағы ерекше эмоциялық шығармашылық атмосфера және оқушының қызығушылығы;
-оқушының жаңа бір нәрсені ашуы.
Сонымен, осылайша ғалымдардың берген түсініктерін талдап негіздей отырып, біз шығармашылықтың мәніне мынадай анықтама береміз: шығармашылық - бұл жеке тұлғаның қойылған міндеттерді шешуде немесе бір нәрсені жетілдіруде белсенділік пен дербестік таныта отырып, өмірде болмаған тың жаңалықтарды туындататын мақсатты іс-әрекеті.
Еңбек адам баласы дамуының негізгі қозғаушы тіршілік көзі болып табылады. Қазақ халқы жастарды еңбекке баулуды жас кезінен бастаған. Баланы жастан тәрбиеле - демекші тәрбиеге көп мән берілген. Өйткені тәрбие - қандай да бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс есуіне көмектесу болып табылады. Тәрбиелей отырып, жас баладан бастап, халықтық педагогикаға дейін тәрбиені жүйелі түрде жүргізіп отырған.
Қазіргі кезде де еңбекке баулу - маңызды шараның бірі болып табылады. Әрекеттің басты түрі - еңбекті балалар басына сіңіру ата - аналар мен педагогтардың міндеті. Жас баланы еңбек сүйгіштікке тәрбиелемесе, бұл жұмыс кейін қиындыққа түседі. Үйінде еңбекке қызығатын бала, мектепте де өзінің ынтасын көрсетеді. Ал қандай бала үйінде еңбекке қызығатын десек, оған мына мақалмен-ақ жауап беруге болады: Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер, яғни, бұл ынта, қызығушылық ата - анасының тәрбиесімен, үйде көрген іс - әрекеттерімен бала бойына дариды.
Мектепте жүргізілетін еңбек сабағы мемлекеттік стандартқа сәйкес аптасына 2 сағаттық жүктемемен бөлінген. Мұғалім еңбек сабақтарын әр тоқсанға арнап, бұйымдар мен істелетін жұмыстарды көрсетіп жоспарлайды.
Еңбек сабағының құрылысының сызбасын төмендегідей келтіруге болады:
1. Балалардың алдына мақсат қою және еңбек тақырыбының тапсырмасы.
а) жасайтын жұмыстың неге қажет екенін, маңызын түсіндіру;
ә)белгіленген жұмысты ойдағыдай орындау үшін қандай білім - дағдылар керек...
2. Жұмыс орынын дайындау, жабдықтар, материалдар, үлгілер, тақтаға сызылған сызба, т.б. тексеру; жұмысты ұйымдасқан түрде орындауға қажетті ережелерді естеріне салу...
3.Орындалатын еңбек қимылдарын алдын - ала жоспарлау:
а) үлгіні таңдау;
ә) сызбаны оқи білу...
4. Сызбада берілген мөлшерді материалға көшіру. Балалар белгілеу тәртібін мұғалімнің айтуы бойынша не тақтаға сызған кезінде мұғаліммен бірге орындаулары керек...
5. Белгілеу бойынша орындалатын жұмыстар. Бөлшектерді дайындау оларды ойыстыру, құрау кезінде бұйымды және бөлшектерін өңдеу кезінде орындалатынн білктері мен дағдыларын меңгереді...
6. Бұйымның жұмыс кезіндегі қалпын тексеру, жіберілген қателерін түзету...
Адамды адам еткен - еңбек. Еңбектің нәтижесі болуы ірі адамның еңбекке саналы қатынасына байланысты. Олар болса, бүгінгі таңда қоғам қажеттілігі - жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталылықты, құштарлықты тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру. Еңбек сабағының мақсаты - жас ұрпақтың дене және ақыл - ой еңбегіне деген дұрыс қатынасын, өмірде еңбекті қажетсінуін тәрбиелеу.
Еңбек сабағының міндеттері:
1.Балаларға шығармашылық еңбек деген ұғымды түсіндіру, нәтижесін таныту, оны пайдалануды, бағалауды үйрету.
2.Бала еңбегінің нәтижесіне, аз да болса жеткен табысына қанағаттану, қуану сезімін дамыту.
3.Саналы да сапалы еңбек етуге әдеттендіру, өйткені еңбек қоғамның қоғамның экономикалық өсуінің көзі.
4.Еңбек ету іскерлігін, дағдысын дамыту.
5.Еңбек мәдениетін сақтауға, еңбек уақытын, еңбек материалын үнемдеуге, ұқыптылықпен жұмсауға үйрету.
6. Балалардың қабілетіне қарай мамандыққа ие болуына бағыт беру [27].
Ежелгі дәуірден-ақ адам баласы үшін ғылым мен өнердің қажеттілігі тең дәрежеде бірін-бірі толықтырып отырған. Ғылым дүниені тануға, білуге қызмет етсе, өнер айналаны ортамен үйлесімді өмір сүрудің тамаша қасиетіне баулыған. Адам айналаны, бүкіл дүниені, оның әсемдігін тану арқылы, өзін танып, өз рухани дүниесін көркейткен. Сол себепті өнерде адам бойында қайырымдылық, адалдық, отансүйгіштік сияқты сан алуан асыл қасиеттер сезімін қалыптастырып тәрбиелемек. Сөйтіп, өнер адамның жанын, онығң рухани баайлығын арттырып,ойын тазартып, мақсатына жетелейді, яғни биік тұлғаны қалыптастырады.
Жұмысымыздың негізгі категориясы шығармашылық ұғымының мәні де осы оймен төркіндес болып саналады.
Шығармашылық сөзінің төркіні (этималогиясы) шығару, ойлап табу дегенді білдіреді. Демек, оны жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздіктерде: ...шығармашылық - қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет,-деп түсіндіріледі[28]. Көрнекті психолог Л.С.Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыдағы болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейміз[17].
Баланың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру, оны дамыту мәселелері шетелдік психологтарды да өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап қызықтыра бастады. Шығармашылық туралы пікірінде (Д.ГилФорд) интеллект теориясын береді. Шығармашылық туралы пікірлер канадалық Том Вьюжек [29], ағылшын Д. Гэймон, А. Брэгдон [30] сияқты психолог ғалымдардың еңбектерінде жалғасын тапты. Бұлар теорияның негізін факторлық зерттеулер барысында шығармашылық ойлаудың балалар мен ересектердің ортақ компоненттерін айқындайды.
Баланың шығармашылығын зерттеп, болжам жасауда Д.Гилфорд шығармашылық ойлаудың екі түрін бөліп қарайды. Олар:
1) Конвергенттік - логикалық ойлау (бір бағыттағы);
2) Дивергенттік - балама ойлау (логикадан ауытқу).
Конвергенттік ойлау тек бір ғана шешімді таба алатын, ал дивергенттік, олардың пайымдауынша, бірнеше шешімді қабылдай алатын жағдайлар.

0.2 Балаларды жапсырмалауға үйрету арқылы шығармашылығын дамыту ерекшеліктері.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті әрекеттері сурет салу, мүсіндеу, жапсыру. Жапсыру кезінде заттар мен құбылыстар туралы түсінігі қалыптасып, көркемдеп бейнелеуге және өзінің сол затқа қатынасын жаңа оймен бере білуге дағдыланады. Мектепке дейінгі кезеңдегі шығармашылық қабілеттің дамуы мектеп жасына дейінгі балаларда бейнелеу өнерінде пішін және бояуды сәйкестендірудің басқа жолын іздеуі. Көркемдік шығармашылық әрекет баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты түсіріп, эмоциональды көңіл-күй туғызады. Сондақтан балабақшада баланың басты әрекеті ретінде бейнелеу өнерін енгізген маңызды болып саналады. Бала сурет сала, қия және желімдей келе, бірінші кезекте өзі үшін субъективті жаңа бұйымды алады. Бала үшін мұның маңызы зор. Балалар суретшілер тәрізді жасамаса да, мектепке дейінгі кезеңде бірнеше көркем бейнені жасай алады. Осының өзі оның жеке тұлға болып дамуында із қалдырып, нағыз шығармашылықтың тәжірибесін меңгеріп, оны болашақта пайдалана білетіндей болады. Балалардың бейнелеу шығармашылығы баланың қоршаған ортадағы шынайылықты суреттеуі, мүсіндеуі, құрастыруы, өзінің бақылағандарын, қиялындағыны бейнелеуі. Қоршаған ортамен таныстыру арқылы баланың түсінігі мен білімін кеңейту шығармашылығын дамытудағы негізгі қорек болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды зейін қойып бақылауға, қарауға үйрету, нақты және толық түсінік алуға көмектеседі. Мысалы: ағаштың суретін салу үшін, оны қарау, бөліктерін ажырату, атай білуі, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерін көре алуы және сипаттай білуі керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығының бірінші белгісі қоршаған орта заттары мен оъектісімен таныстыруда тәрбиеші оның негізгі пішініне, салыстыруға, ұқсастығын ажыратуға үйретіледі. Сол себептен бала бір заттың түрліше пішінін суретін салуда, мүсіндеуде және жапсыруда басқаша бейнелеудің амалын меңгереді. Балалар еркін түрде сурет салуда, басқа заттың ұқсас пішінін беруде қолданады. Сурет салуда түзу, қисық, үзік, жіңішке, қалың сызықтың түрлі амалын бала өзінің ойымен заттар мен құбылыстардың бейнесін беруде пайдаланады. Мысалы: бала құстың аузын ашып қояды, бұл оның ойынша ән айтып тұр дегенді білдіреді. Осындай жолдар арқылы бала бейнелеу әрекетінде еркін шығармашылық мүмкіндігін көрсетеді.
Мектепке дейінгі балаларда болатын шағырмашылықтың екінші белгісі-затқа жаңа қызмет беруі. Баланың затпен әрекетінде байқалатын құбылыс, бір затты екінші заттың орынбасары ретінде қолданып, қиялында таза образын жасап алуы. Сол сияқты бейнелу әрекетінде де көз алдына елестету арқылы жаңа бейнелер құрастырады. Бала сурет салуда бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге талпынады. Бала қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынасын, адамдар арасындағы қатынастарға, табиғатқа, жануарлар әлеміне қатысты өз ойларын сөзбен немесе сурет түрімен бейнелеуге тырысады. Мысалы: сабақта балаларды қоршаған ортаның әсемдігін, пішіні мен түсін, заттардың әдемілігін бағалай білу тәсілдерін қолданған жөн. Әсемдікті көру, түстердің ғажап әлемін ашу, әрбір қимылды музыкалық үзінділерден есту-бейнелеу өнерінен сабақ берудің негізгі мақсаты шығармашылықты қалыптастыру. Сонымен қатар әдемілік, әсемдік туралы әңгімелеп, оқыту, тәрбие жұмыстарында ойын тәсілдерін қолдану керек. Баланың алғашқы қадамы олардың эстетикалық қабылдауымен, есінде қалғанын елестете сурет салуымен эмоциялық түсінгіштігімен байланысты. Сурет салу кезінде баланың құрылым, көлем, затты кеңістікте дұрыс орналастыру, түстерді таба алу дағдыларымен бекітіледі. Ең маңыздысы, баланың сурет салуда алғашқы біліктілігі қалыптасады. Сурет салу барысында салыстыру, жалпылау, абстракциялау т.б үрдістер қатар жүріп жатады. Сонымен бейнелеу өнері ойлаудың, байқаудың сенсорлық сезгіштігін дамытып, қалыптастырады. Бейнелеу өнерінің әр кезде де эмоциялық өңделуі жоғары болады. Эмоциялық бастауды дамытпай, талғампаздықты, қиялдауды, көз алдына елестетуді, армандай білуді, шығармашылықты қалыптастыру мүмкін емес. Бейнелеудің мазмұндық ерекшеліктері оның елестету, қиялдау, көру, кеңістікке, түске, пішінге деген сезгіштік сезімді дамытуға бағытталуында. Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру - қазіргі кезеңде педагогикалық теория мен іс-тәжірибеде маңызды міндеттердің бірі. Мектепке дейінгі кезенде шығармашыл тұлғаны қараудағы басты резервтердің бірі - әр түрлі көркем шығармашылық әрекеттердегі шығармашылықтар, олар:
-сурет салудың дәстүрден тыс техникасы, мүсіндеу, жапсыру;
-коллаж, трафаретпен жұмыс, қол еңбегі, құрастыру, қағаз пластика, оригами, макет жасау.
Балалар шығармашылық үшін материалдар ретінде түрлі жеміс, тұқым, тастар, құс қауырсыны, ағаш бұтағы, гүлдер т.б. қызмет етеді. Балалар өзінің жұмысы үшін алдын-ала материалды қарап, ұстап, түрін, түсін, қасиетін таниды. Мысалы: жаңғақ-домалақ, қатты, қоңыр т.б. Қарлығаш бағдарламасында ермексаз, саусақ далап, жіп, балауызбен және т,б, сурет салу қарастырылған. Шығармашылық ықпал кез келген міндеттерді шешуде педагогтық бейнелеу техникасының ерекше, дәстүрден тыс жолдарын, шешімнің көптеген нұсқалары мен тәсілдерін көрсеткен кезде ғана туындайды. Мысалы: Сия тамшысы графикасы техникасында сурет салу балаларға түрлі дақты құс, ақ балыққа айналдыру, олар жайында сюжет ойластыруға мүмкіндік береді. Сондықтан, өнімді әрекеттің көркем-шығармашылық бағыттарын қамтамасыз ету маңызды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту еңбекке деген рухани адамгершіліктің қалыптасуына негіз болады. Бірақ бұл қажеттілік балаға күш салмай іске асуы мүмкін емес, сондықтан оны еңбек сүйгіштікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, дербестікке, белсенділікке және өз еңбегімен айналасындағыларға қуаныш сыйлауға талпынуына тәрбиелеу қажет [31].
Жапсырмалау дегеніміз мүсіннің жұмсақ материалдан жасалу техникасы. Мүсін жасауда әр түрлі материалдар қолданылады және оларды ұқсату тәсілі де түрліше болады. Жапсырмалау процессі баспармақ пен сұқ саусақ қимылдары арқылы істеледі. Жұмыс барысында мүсінді айналдыра отырып, жан-жағынан сомдап, қадағалап, артық-кем жерлерін түзеп отыру керек. Жапсырмалаудың басты міндеті - бейнені айқын көру, көрген затты дұрыс елестете білу, жабыстыру, созу, жұмырлау, илеу сияқты тәсілдерін меңгеру.
Жапсырмалаудың қарапайым әдістері:
Домалақтау - бір кесек материалға шар типтес пішін береміз, оның беті тегіс болу керек. Бір кесек материалды алақаныңызға саламыз және ақырындап шар пішініне келтіреміз. Мысалы, қызанақ. Бір кесек сазбалшықтан биіктігі мен ұзындыығын қызанақтың үлкендігіне сәйкестеп алып, шар пішініне келтіреміз. Екі жақ бетіне шұңқырлап жасап қызанақтың пішініне келтіреміз.
Тегістеу - бір кесек материалды жұмыртқа пішініне және цилиндр баған пішініне келтіреміз. Жаңағы кесекті алақанымыздың арасына салып, алақанымызды әрі-бері қозғаймыз, сонда бір кесек материал цилиндр пішіне келтіреміз. Жұмыртқа пішініне келтіру үшін, алақанымызды көлбеулеу ұстап, әрі-бері ыспалаймыз. Мысалы, сәбізді жапсырмалағанда домалақтап аламыз да, оны жұмырлаймыз, одан ыспалау арқылы ұзын конус аламыз. Сонда сәбіздің пішіні шығады.
Жаймалау - бір кесек материалды бір қалыпты алақанымыз арасына салып қоямыз, сонда тығыз пішінді материал пайда болады. Осы шарды алақанымызбен не саусағымызбен жаймалаймыз, шелпек пішініне келтіреміз. Мысал, қызанақты жасау үшін, оны алдымен шар пішініне келтірдік емес пе, одан кейін нәрсенің пішінінің белгілерін сипаттадық, яғ ни оны жаймаладық.
Шымшу - жапсырмалау кезінде ұсақ детальдарын жасау үшін қолданылатын әдіс. Үлкен кесектен қатты шымшу арқылы, екінші деталь жасалынады. Мысалы, клюкваны жапсырмалағанда, құйрығын жасау үшін шымшу және тарту әдісі қолданылады. Егер пластикалық материалдың бір бөлігін шымшу арқылы тартып алу, оны өзімізге қарай соза тартсақ және ода нәрсенің бір бөлігін жасасақ - бұл әдіс тарту деп аталады.
Үтіктеу - жазық, тегіс беттерді кескіндеу үшін, үстіне мата салып сааусағымыздың ұшымен тегістейміз. Саусағымызды әрі-бері қозғау арқылы тегістейміз. Нәрсенің бетін аздап суланған мата арқылы, матаның сыртынан тегістейміз. Бұл әдіс нәрселерді бір-біріне қосқан кезде, жұмысты аяқтау кезінде қолданылады.
Жапсыру сабағы балалардың эстетикалық сезімін, көркемдік талғамын оятып, шығармашылық қиялын дамытатын салалардың бірі болып саналады. Балалардың ерекшеліктеріне сай әр берілетін жаңа сабақ ойын ретінде өткізіледі немесе ойын элементтері қосылады. Ойын барысында баланың қиялы дамып, сөздік қорлары молайып, оған қатыстырушылар арасында белсенді қарым-қатынас жүреді. Мысалы, Темір жол тақырыбына өткізілген сабақ барысында тек қана көрнекілік материалдар қолданбай, біздің пойыз келе жатыр қимылды ойынын ойнатып, Пойыз өлеңін оқуға болады. Бұл әдістер балалардың шығармашылық қиялын дамытады.
Жапырақтар биі атты сабақ барысында, балалар, ең алдымен, табиғат материалымен танысып, жапырақ неге ұқсайды? деген сынақ өткізеді. Бұл балалардың эстетикалық сезімі мен шығармашылық қиялын дамытады.
Жапсыру сабақтарында үнемі айрықша өзек ретінде әйреуір бір нәрсе болса, соның айналасында басқа әрекет түрлері жинақталып, образдарды терең түсінуге, оларды түрлі мәнерлі тәсілдер арқылы жасауға көмектеседі. Жапсыру әр баланың түрлі көркемдік - шығармашылық әрекетке қатысып, қоршаған ортаның көркемдігін меңгеруге көмектеседі. Мысалы, Біздің үйіміз тақырыбына өткізілген жапсыру сабағында балалар өздерінің үйлері жайлы қысқа әңгімелеп, қаланың зәулім үйлері мен ауылдағы ата - әжелерінің үйлерін салыстыра отырып бейнелейді.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың және бір тәсілі - сабақ барысында музыкалық шығармаларды тыңдау. Мысалы: Гүлзар тақырыбына өткізілген жапсыру сабағының алдында балалармен ауладағы гүлдерді, гүлзарларды тамашалап, сабақ барысында музыкалық шығарма тыңдатады. Бұл әрекет балалардың шығармашылық қабілетін, сонымен бірге эмоциясын, зеректігін, әлемнің әдемілігін терең түсінуге ынтасын тудырады.
Жапсыру қолжетімді мәнерлілік құралдарымен қарапайым бейнелер мен сюжеттерді құрастыру іскерліктерін қалыптастырады. Үлгіге сүйене отырып дайын пішіндерден бейнелерді құрастыра білуге үйрету - жапсыру техникасы дағдылары мен ептіліктерін дамыту болып табылады. Балаларды көкөністер мен жемістерді, азық-түліктерді, ыдыс-аяқтарды, ойыншықтар мен жануарларды бейнелеуге үйрету, үлкендер әзірлеген ірі және едәуір ұсақ элементтерді орналастырып (алдымен қағаз бетіне құрастырып, содан соң оларды желімдеу) желімдеуге көмектесу, заттар мен ою-өрнектердің пішінін, түсі мен көлемін ескеріп, геометриялық пішіндерден өрнектер құрастыруда жазықтықта орналастыру заңдылықтарын көрсету (элементтердің бірізділігі мен арақашықтығын сақтау) сияқты жұмыстар тікелей тәрбиешінің бақылауымен жүргізіледі. Әртүрлі пішіндегі қағазға қазақтың Қойдың ізі, Құс тұмсық, Құс қанаты ою-өрнектеріндегі кейбір элементтерді орналастыра білуге үйретумен қатар қылқаламға желімді ұқыпты жағып алу, кленканың үстінде пішіндерге жағу және сулықпен қолдану іскерліктерін дамыту, қағаздарды жырту, бүктеу, умаждау сияқты жапсырудың түрлерінде пайдаланып іске асыруға болады.
Балалар шығармашылық арқылы белгілі бір нәтижеге жету және моральдық қанағаттанушылық пен сүйсіну сезіміне бөленеді. Жапсыру сабақтары балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерінің дамуына үлкен әскерін тигізеді [32].

ΙΙ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЖАПСЫРМАЛАУҒА ҮЙРЕТУ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды жапсырмалауға үйрету мүмкіндіктері. Бейнелеу өнері - мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықпен айналысатын іс-әрекеттерінің бірі. Бейнелеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Ермексаздың қасиеттері және ыдыс түрлері дайындауға үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Бейнелеу өнері теориясы мен әдістемесі
Жапсырмалаудың салалары және түрлері
Жапсырмалау
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ барысында дамыту
Әр түрлі жас топтарында жүргізілетін мүсіндеуге үйрету жолдарының ерекшеліктерін анықтау
Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Пәндер