Мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін бейнелеу өнері және әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу- қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауында «балаларды мекепке дейінгі оқыту мен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған Балапан арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын. 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс». Олардың отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы оқу бағдарламаларын кейіннен оларды бүкіл республика бойынша енгізетіндей етіп әзірлеу мен байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет-деп атап көрсеткен еді. Аталған стратегияны жүзеге асырудағы басым бағыт білім беруді жаңарту - Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызатын маңызды құрал болуында. Білім берудің бағыт-бағдары Қазақстан Республикасының Ата Заңында, Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында және басқа мемлекеттік құжаттарда негізделген.

Егемендік алып, дербес мемлекетке айналған Қазақстан Республикасының білім мен тәрбие беру саласында тың өзгерістер енгізіліп, жаңа талап пен міндеттер қойылып отыр. Соның бір - жеткіншек ұрпақтың болашақта эстетикалық, дүниетанымдық, экологиялық, биологиялық таным түсініктерін, табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін дамытып, қоршаған ортаның әсемдігін тани білуге үйретуде мәдениетті азамат тәрбиелеуі болып табылады.

Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында өскелең ұрпаққа эстетикалық, экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті, кезек күттірмейтін мәселе екендігі айтылған. Соның бір көрінісі ретінде мектепке дейінгі ұйымдарда келешек ұрпақты бейнелеу өнері арқылы − қоршаған ортаны қорғау, әсемдікті, сұлулықты тани білу, өсімдіктер әлемін күтіп баптау, табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі іс-әрекеттер арқылы балалардың таным-түсініктері дамып қалыптасқан болар еді.

Мектеп жасына дейiнгi балаға бейнелеу өнері, көркемөнер арқылы, яғни бейнелеу іс-әрекеті мен музыка сабақтары негізінде эстетикалық тәрбие беру мазмұнын ғалымдар: Т. Н. Доронова, В. С. Ветлугина, В. А. Езикеева, В. М. Изгаршева, В. Б. Косминская, Т. С. Комарова, Т. Г. Казакова, Н. П. Сакулина, Н. Б. Халезова, С. Г. Якобсон т. б. зерттедi [2]

Зерттеу жұмысының мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін бейнелеу өнері және әдістемесін теориялық және практикалық негізде ұсыну.

Зерттеу жұмысының міндеті: - мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін бейнелеу өнері және әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу; - балаларға бейнелеу өнері және әдістемесі жайында тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктерін анықтап, негіздеу;

Зерттеу жұмысының пәні: мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері және әдістемесімен таныстыру.

Зерттеу жұмысының объектісі: мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері және әдістемесінің ерекше қасиеттерін түсіндіру процесі.

Зерттеу жұмысының әдісі: проблема төңірегіндегі теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау және жұмыс түрлерін ұсынып, нәтижесін көрсету.

Зерттеу жұмысының болжамы: егер мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері және әдістемесімен таныстыру жүйелі түрде ұйымдастырылатын болса, онда ой-санасы, зейіні, таным түсінігі қалыптасқан балалар тәрбиелеу мүмкіндігіне ие боламыз.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен (теориялық, практикалық), қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 ҚОЛДАНБАЛЫ СӘНДІК ӨНЕРДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Сәндік қолданбалы өнер (декоративті) бұл өнер (латынша «dekorare»-әшекейлеу) өзіндік эстетикалық ерекшелігі бар, тұрмыста, еңбекте ұдайы қажеттілікке ие өнер. Сонымен қатар ол тұрғын үйлерді, архитектуралық құрылыс орындарын, алаңды, саябақты әшекейлеу үшін де қолданады. Әсіресе осы өнер түрі біздің елімізде өте ерте дамыған. Күнделікті өзіміз білетін әшекей бұйымдар (сырға, сақина, т. б. ) ұлттық киімде, қару-жарақтар, ұлттық музыкалық аспаптар, киіз үйіміз, оның ішінде жиһаздар, ұлттық ыдыс-аяқтар осының дәлелі. «Қол өнер − молөнер»-деп халқымыз бекер айтпаған [5] . Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар, осы саланы ұзақ уақыт бойы зерттеген ғалымдар: С. Қасиманов, Ө. Жәнібеков, Х. Арғынбаев, Д. Шоқпаров т. б[6] .

Сәндік қолөнер бұйымдарын өрнектеу үшін бейнелеу өнерінің маңызы зор. Қазақ халқының аса сәндік, көркемдік мұралары - талантты шеберлер қолынан шыққан көркемөнер шығармасы. Ол халық өнерін одан әрі қарай зерделеп, өнерді үйренуге қажетті материал ретінде де, сәндік өнерді кәзіргі заман талабына сай дамыту үшін де кеңінен пайдаланылады. Ғасырлар бойы қалыптасқан пішіндер мен тәсілдердің бай мұрасы негізінде шеберлер қазіргі заманғы сюжетті композиция элементтерін көрсететін ағаш, металл, керамика, киізден ерекше шығармаларды дүниеге әкеледі. Оңтүстік Қазақстан облысының шеберлері ұлттық дәстүрді жалғастыра отырып, тоқыма, киіз, кілем, алаша, басқұр, баулар жасаумен қатар, суретшілері− тері, ағаш, сүйек өңдеудің ескі технологияларын меңгеруде. Солардың арқасында халық қолөнерінің көптеген сырлары белгілі болды. Осылайша көне бұйымдар көркемдігі мен әсерлілігін жоғалтпай, қазіргі заманғы шеберлердің қолынан қайта жаңғыртылуда. Бүгінгі күні ағаштан жасалған әр алуан ожаулар, былғары торсық, саба, кілем және т. б. бұйымдар біздің үйімізді көркейтіп, жайлылық пен сән береді.
Қазақ халқы−өресі биік, өрісі кең өнер атаулының қай саласынан болмасын сәндік қолданбалы өнердің тамаша үлгілерін атадан балаға мұра етіп келеді. Қазақы мұралары мен халық өнерін сақтап, қолөнер бұйымдарын дүниеге алып келу - көптеген уақытты және еңбекті қажет етеді, қолөнердің қайнар көзі-еңбек деп, М. Горькийдің «Еңбек туралы» кітабынан айқын көруге болады.

Қазақы қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады.

1. Шебер − ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам.

2. Ұста-қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман.

3. Ісмер-ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.

  1. Зергер-алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдар тобы [7] .

Қазақстан көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер мал бағып, егін салумен шұғылдана жүріп, өзіндік өрнегі мол, өнерін, мәдениетін қалыптастырады. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады. Қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күндіз-түні тіршілік барысында пайдаланып, әсем бұйымдар жасап өмірде сән салтанат құра білді. Халық шығармашылығының қандай түрі болсада халық өмірі мен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, кәсібімен тығыз байланысты болады.

«Өресі биік, өрісі кең» өнер атаулының қай саласынан болсын жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқыда өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. Бізді қоршаған өміріміздің барлығы өнер. Ал қандайда болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін халық. Қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің тамаша үлгілері атадан балаға мұра болып біздің заманымызға да жетті. Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылармен коллекционерлердің ғана емес, ғалым этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келеді. Дүние жүзінде әр халық ата-баба мұраларын, халық өнерін сақтап қалуы парыз. Атадан балаға мұра болатын қолөнерін жалғастырушы шеберлер әрқашанда халық арасында құрметті. Қолөнер бұйымдарын дүниеге алып келу көптеген уақытты және еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді. Қолөнердің қайнар көзі-еңбек екенін М. Горькийдің еңбек туралы, оның адамды ұлы данышпан ететін ұлы күш екенін айтатын аталы сөзін айтуға болады. Еңбек адамның іскерлігімен ой-өрісін ғана өсіріп қоймай оның адамгершілігін, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, рухани сезімін байытады. Еңбек-өнер, өрісі-өмір жемісің, - дегендей еңбек пен өнердің егіз екенін айтқан жөн. Өнердің қай түрі болмасын қажымай, талмай еңбектенуді талап етеді. Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтарда кіреді. Осыған орай қолөнердің өзі бірнеше түрге бөлінеді, олар: зергерлік-өнер, металды өңдеп өрнектеу (алқа, жүзік т. б. бұйымдар) Ағаш, тас қашау, тоқыма өнері кесте, және көркемдеп тігу, тері өңдеу, өрмек тоқу т. б. Қазақтың ұста, зергерлері көркем құйма, бедерлеу, соғу, қаптау, күмістеу, темелеу, бұрау, үзбелеу тәсілдерін терең меңгерген. Алтын күміспен әшекейленген алуан түрлі өңір жиектері мен алқалар, асылтастардан көз салынған шолпылармен мен шашбаулар, әдемі құс мұрын жүзіктер мен білезіктер-міне осының дәлелі. Киіз үйдің сүйегі, ағаш, кереует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ алаша, ши тоқу, түрлі бау-басқұрлар тоқып, кесте тігіп, арқан-жіп есіп, өрім-өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адал бақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлеп отырды. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою, мүйіз балқыту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданды. Сондықтан қолөнер «ер адамдарға тән іс» және «әйел адамдарға тән іс» деп екіге бөлініп келеді. Мысалы: тастан, балшықтан сүйекпен мүйізден, метал мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты ер адамдар атқарады. Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, теріден киім тігу сияқты істерді әйел адамдар атқарады. Тері илеу, киіз басу, ши тарту, шом, жазы жасау жұмыстарын ерлер мен әйелдер бірлесіп атқарады [7] .

ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, киіз басу, кілем тоқу, өрмек тоқу кең өріс алды. (өрмек тоқу, кілем тоқу)

1. 2 Мектепке дейінгі ұйымдарда бейнелеу өнері және әдістемесінің маңызы мен мақсаты

Егеменді Қазақстанының қазіргі даму бағыты жас ұрпақты нарықтық заман талаптары мен мәдениеттің даму деңгейіне сай дайындауды қажет етеді. Мектепке дейінгі мекемелерде әрбір саланың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еліміздің болашақ азаматтарын дайындау мен тәрбиелеу мақсатын алға қояды. Сондықтан бейнелеу өнері сабақтары, жас ұрпақтарды іс-әрекетке және іс-әрекет технологиясын түсінуге бағытталуы тиіс. Еліміздің перспективалық бағыттарына сәйкес бейнелеу өнерінің оқу курсы өзінің мақсатын мынандай құрылымда айқындайды:

1. Еліміздің мемлекеттік, қоғамдық және шаруашылық өміріне белсене араласуына қабілетті, білімді, тәрбиелі азаматтарын дайындау;

2. Балалардың дүниетанымын қалыптастыра отырып, олардың эстетикалық көзқарасына дұрыс бағыт олардың эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық тәрбие беру.

3. Балаларға қоршаған ортаны тануға жәрдемдесіп, олардың байқампаздығын дамыту, логикалық ойлауға үйрету, көргендерін саналы ой елегінен өткізе білуге үйрету.

4. Бейнелеу өнерінің адам өміріндегі практикалық мәнін ашып көрсету, сурет өнерімен таныстыру.
5. Сурет өнерінің элементарлық негізі туралы балаларға тәрбие беру. (Бейнелеу өнерінің алғашқы дағдылары мен ептіліктерін меңгерту) бейнелеудің негізгібейнелеу тәсілдерімен таныстыру.

6. Балалардың шығармашылық қасиеттерін дамыту, өмір шындығын эстетикалық қабылдауға дұрыс бағдар беру, кеңістікті ойлауын, образдық елестетуін және қиялын дамыту.

7. Мектепке дейінгі балаларды әлемдік және қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларымен таныстыру. Бейнелеу қызметіне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын қалыптастыру. Бейнелеу өнері адамның дамуына өте бай мүмкіндік туғызады. Бұл істе әсіресе сурет салудың орны ерекше. Сурет салу заттардың формасын талдауға және оны ұқыпты бақылауға үйретеді, дүниені тануға жәрдемдеседі, ойлауға және эстетикалық дамуға көмектеседі. Сурет өнері кеңістікті көру, ойлауды дамытып, образды елестету қабілетін арттырады. Ол нақты есептеуге, табиғат әсемдігін тануға үйретеді, ойлау мен сезу икемділігін арттырады [8] . Бейнелеу өнерінің сабақтары өздерінің оқу-тәрбие жұмыстары бойынша да, түрлеріне байланысты да әр түрлі болып келеді. Мектепке дейінгі ұйым бағдарламасында оқу сабақтарының төрт түрі қарастырылады, Олар: нұсқаға қарап сурет салу, сәндік сурет салу, тақырыптық сурет салу, өнер туралы әңгіме. Нұсқадан қарап сурет салу сурет және кескіндеме жұмыстарымен айналысуды көздейді, сәндік сурет салу - ою-өрнектерді көркем конструкциялау, ою-өрнек элементтерін құрастыру және т. б. жұмыстарын қарастырады. Өнер туралы әңгімеде балалар−кескіндеме, графика, мүсіндеу, жапсыру, сәулет өнері ескерткіштерімен және сәндік қолданбалы өнер шығармаларымен танысады. Бұл аталған әрбір сабақ жеке тұлғаның эстетикалық тәрбиесіне, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, дүниетанымына, жан жақты дамуына ықпал етеді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда бейнелеу өнері әдістемесі−педагогика мен психологияға, және бейнелеу өнерінің теориясы мен практикасына сүйенеді. Бұл жалпы білім беру мен тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерінің орындалуын ғылыми негізделуін қамтамасыз етеді. Кейде мектепке дейінгі ұйымдарда бейнелеу өнерін оқыту сыңар жақты түсіндіріледі. Барлық ықылас тәрбие мен шығармашылық қабілеттерді дамытуға аударылып, оқыту екінші кезекке шығарылады. .

Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие − өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі, ғылымдағы және қоғамдағы әсемдікті балалардың қабылдауын тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие - бұл балаларды тек қана өнерге тарту емес, өмірдегі әсемдіктің барлық түрлері мен формаларына тарту болып табылады. Эстетикалық тәрбиенің мәні, әрбір адамның қызықты әдемі өмір сүруі, әсемдік қандай түрде кездесетіндігін түсініп, көре білуге үйренуі. Өмірге деген эстетикалық қатынас адамға жігер беретін алғашқы негіз болып, еңбектің рухани қанағатқа жеткізетін қуаныш көзіне айналуына ықпал етеді.

Эстетикалық тәрбие үдерісінде адамның эстетикалық көзқарасы, сезімі, талғамы және идеалы қалыптасады. Эстетиісалық тәрбие адамды игілікті істерге, әсемдікке, адамгершілік істерге бастайды. Орта мектептің міндеті-эстетикалық тәрбиенің әртүрлі әдістерімен эстетикалық эмоциясын тудыра отырып әсемдікке тарта отырып, шығармашылық мүмкіндік тудыра отырып, балалардың әсемдік талғамын тәрбиелеу болып табылады.

Әсемдіктің барлық қыр сырын түсіну мен сүйе білу әр бір адамға рухани байлығы үшін ғана емес, еңбекте де жаңа жетістекке жету үшін қажет. Ол қандай мамандық иесі болмасын ол әсемдіктің нәзіктігін түсіне де, көре де білуі тиіс. Балалардың әсемдікке деген талғамдарын ояту үшін бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі балалардың назарын өмірдегі сұлулыққа аударып, оларды байқауға, сезуге, қабылдауға, сүйене білуге, қуана білуге үйретуі тиіс. Мұғалім балаларға табиғаттағы түстердің реңдерінің формалардың сан алуандығын көрсетеді. Нұсқасына қарап отырып табиғатты, ағаш жапырақтарын, гүлдерді салу барысында, зат формасын оқып үйрену кезінде балалар табиғатқа, олардағы бояулар мен формалардың алуан түрлігіне қызыға түседі. Мектептегі сурет салу адамға өмірді жан-жақты көре білуге үйретеді. Сондықтан өмір шындығын көре білу де өз алдына бір өнер.

Сурет салумен айналысудың ең басты міндеті−балаларға қоршаған өмір шындығын тануға көмектесу, олардың байқағыштығын дамыту, оларды дүрыс көре білуге үйрету. Сурет сабағында балалар қоршаған заттарды, олардың алуан түрлі формаларымен, түстерімен, өлшемдерімен және басқа да ерекшеліктерімен, танысуға тиіс. Бұл таныстық зат туралы елестетулерінің нақты және толық болуына ықпал етіп, көру әсерін кеңейте түседі. Сурет салу кезінде бала заттың формасын, қүрылымын, пропорцияларын, түстер мен реңдік қатынастарын кеңістікте орналасуын зерттейді, сол арқылы оларды ұтымды да жан-жақты, терең де нақты қабылдауға үйренеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда сурет салуға үйрету балаларға өмірді кең көлемде және жан жақты көре білуге жаттықтырады. Сурет салуға үйрету өзара байлынсты екі міндетті шешуге ықпал етеді. Олар: балалардың көру арқылы қабылдауын дамыту және олардың көргендерін ой елегінен өткізу дағдыларын қалыптастыру.

Ғалымдар бақылауды әлі де дұрыс кере білу, көргенін түсіне білу емес екендігін көрсеткен. Ересек адамдардың өзі заттың форма қүрылысындағы ерекшеліктерді, оның ұсақ бөлшектерін, форма сипатын көбінесе анғара бермейді. Мұғалімнің міндеті баларды осы қиындықтан шығару. Бейнелеу өнері сабақтарының міндеті нақтылы зейінге, ойлауға және зат формасына нақты талдау жасауға, үйрету. Сан түрлі әсерлерден байқағандардан дұрыс қорытынды жасап оларды жалпы сипатқа біріктіру балалардың ойлауын дамытып, оларды жаңа білімге ұмтылдырады. Саналы көру зейініні ретке келтіру, басқа зейін түрлерінің дамуына ыпқал етеді. Сонымен мектепке дейінгі ұйымдарда бейнелеу өнерін оқыту көптеген оқу-тәрбие міндеттерінің жүзеге асыру процесі, балалардың қоршаған орта туралы туралы елестетулерін жинақтап, тереңдетуге, дамытуға мүмкіндік тудырады, түптеп келгенде ғылыми дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу. Сурет салу адамға кең көлемдегі іс-әрекет мүмкіндігін беретіндігін балаға ұғындыру. Мұғалім алғашқы сурет сабағында балаға сурет өнерінің адам өміріндегі рөлін ашып көрсетуі тиіс. Сурет салу кез келген іс-әрекетке, кез келеген мамандыққа қажет. Сурет салудың қарапайым бағдарын меңгеру адамға машина деталдарының суретін салуға, үй құрылысының жоспарын жасауға, қарапайым заттардың формасын салуға жәрдемдеседі. Кейде біз біреуге таныс емес, бір жерге қалай беру керектігін түсіндіру үшін жолдың бағыттарын суретке салып көрсетеміз. Ғалым Ш. Уалиханов Қашқарияға барған сапарында сурет салудың көптеген көмегіне жүгінген. Ол бұл сапарда этнографиялық сипаттағы суреттер салғандығы белгілі. Бейнелеу өнерінің сауаттылығының негіздерін меңгеру әскерилерге, әскери барлаушыларға жәрдем беретіндігін олардың жазған естеліктерінен оқуға болады. Жау тылына барған барлаушы жаудың әскери күштерінің орналасу құрылымын суретін салу арқылы нақты да дәл өлшем бірліктерімен көрсете білген. Кеңес одағының батыры И. Кожедуб өзінің сурет сала білу қабілеті, сандаған әуе шабылуы кезінде көмек бергендігін айтқан. Сурет салу сондай-ақ агрономға, шоферға, станоктағы жұмысшыға, хирургке де күрделі істер атқаруға жәрдемдескен. Бұлармен қатар сурет салудың жобасы архитекторларға, конструкторларға қажеттігі көпшілікке мәлім [8] . Бұл жас ұрпақты өмірге дайындаудағы суреттің практикалық мәнін көрсетеді. Бейнелеу өнерін мектепке дейінгі ұйымдарда оқытудағы басты тағы бір міндеті−балаларға реалистік суреттің қарапайым негіздерін, сурет салудың ептіліктері мен дағдыларын меңгеру болып табылады. Мұғалім балаға қарындашты қолға қалай ұстау керек екендігін, сызықты қалай жүргізу қажеттігін, қағаз бетіне заттардың көлемін қалай бейнелеу керектігін көрнекті түрде салып көрсетеді. Сонымен қатар ол сурет салуға қажетті әр түрлі материалдармен, құралдармен таныстырып, суретті қандай әдістемелік бірізділікпен орындау қажеттігі жайлы айтып түсіндіреді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында мұғалім балардың қиялын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Адам қиялы адамның көңіл күйімен байланысты, сонымен қатар өнердің өзі көңіл күйге әсер етеді. Сондықтан бейнелеу өнері мұғалімі балалардың елестетулерін жинақтау процесін өмір шындығынан бастап, қиялмен шығармашылықпен өмірмен байланысты жаңа елестетулерге дейін бағыттауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері негіздері және оқыту әдістемесі
Бейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін калыптастырудың педагогикалық бағыттарын теориялык тұрғыда негіздеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу қабілетін дамыту
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының балалардың бейнелеу шығармашылығын жетілдірудің теориясы мен әдістемесін толық игеруге бағытталған кәсіби дайындығын жетілдіру
Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөздік қорын дамыту мәселелері
Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып, дамыту
Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық аспапты қолдану жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz