Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері сабағы арқылы қиялын дамыту



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
І МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫ АРҚЫЛЫ ҚИЯЛЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бейнелеу өнері сабақтары арқылы балалардың қиялын дамыту мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2 Бейнелеу өнері сабақтары балалардың қиялын дамыту ерекшеліктері ... 7

ІІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚИЯЛЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Бейнелеу өнері сабақтары арқылы балалардың қиялын дамыту мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
2.2 Бейнелеу өнері сабақтары арқылы қиялын дамытуға бағытталған жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек» деп мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін жағдай жасауы қажеттігіне тоқталған. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ халқына жолдауында «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш-адамдар, олардың ерік-жігері, табандылығы, білімі, біліктілігі» делінген.[1].
Бүгінігі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Білім беру саласында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық, бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді. Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таным мен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын қиялы ұшқыр адамға айналдыру. Сондықтан бала дамуын тиімді үзеге асыру барысында қиял процесінің дамуын зерттеген ғалымдар К.Д.Ушинский, М.Жұмабаев, Д.Дидро, С.Л. Рубинштейннің,Л.С.Выготский,В.С.Мухина еңбектерін басшылыққа алуымыз қажет. [2]
«Жанның өзінде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп аталады», - деп қазақ ағартушысы М.Жұмабаев айтқандай қиялды сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеу, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс ретінде қарағанымыз жөн. «...барлық жан қуаттарын тек қиял ғана өзіндік сақталатын сезімді заттарды модельдендіре алады»,- деп ұлы ойшыл Әл-Фараби бекер айтпаған. Қиял табиғаттың адамдарға берген үлкен сыйы, әрі құнды рухани сапа. Оның адам өміріндегі ерекше мәнін ұлы адамдар да жоғары бағалаған. Француздың әйгелі ғалымы, әрі көрнекті жазушысы Дени Дидро: « Қиял! Бұл сапасыз ақын да, философта, ақылды адам да, ойлайтын жан да, тіпті адам болу да мүмкін емес» деп тегін айтпаса керек.[3]
Балаларда өнер арқылы әсемдікке сүйіспеншілік және ынтасы, эстетикалық сезімі дамиды. Өнердің көмегімен балалар жаңа заттармен және өмір құбылыстары мен танысады, жоғары идеяларға бой ұрады, біздің елімізде болып жатқан үлкен өзгерістерге үн қосады. Мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі сабақтарда бейнелеу өнерімен таныстыру балалардың түрлі
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Халыққа Жолдауы. // Дала мен Қала №5. 8- ақпан, жұма. 2008.
2. Аманжолов С.А. Балалардың сурет салу мүмкіншілігін анықтауда суретші-ұстаздың білімділігі. «Білім саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар» Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. 2009 жыл, 13 ақпан. Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2009. - 376 б
3. Ф.Н.Жұмабекова. «Мектепке дейінгі педагогика». Астана 2012жыл.
4. Айдарова З., Дирксен Л. Бейнелеу өнері. Оқу құралы. –Астана: Фолиант, 2010. -216 бет.
5. Жарықбаев Қ. Жалпы психология.А.2004
6. Тәжібаев Т. Жалпы психология А.:Қазақ университеті, 1993.
7. Берікұлы Н. Жантану. Ақтөбе-2006
8. «Зерек бала» бағадарламасы. (3-5 жас) мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы.
9. Ф.Ниязбекова. М. Сансызбайқызы. «Балабақшада баланы мектепке дайындау» Алматы «Шартарап» 2000жыл.
10. Балкенов Ж. Сурет салуға үйрету. –Алматы, мектеп, 1987.
11. Д.А.Кошанова.А.Г.Молдаханова. «Біздің балабақша» 2007жыл.
12. Швайко Г.С. Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтары.-М.: Валдос.2000.
13. Нүсіпбекова М.И.Бейнелеу өнері «Аруна» баспасы Алматы 2002ж.
14. Артемова Л. Р. Мектепке дейінгі балаларға арналған қоршаған ортадан дидактикалық ойындар.М.:Просвещение,1992.
15. Құрастырған: Сұлтанова Г.С. «Ағарту ісінен-қазіргі заманғы педагогикалық тиория мен практикаға дейін» Атырау 2007ж.
16. «Балаларға арналған өлеңдер жинағы» М. Әлімбаев.
17. Мүсәлімов, Теміржан, Самылтыров, Мұхаметқали. «Бейнелеу өнерінің негіздері». Алматы.
18. «Бейнелеу өнері»(Дидактикалық материал) «Алматы кітап».
19. «Отбасы және балабақша» журналы №6,2008ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында Кішкентай бүлдіршіндердің
дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке
дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың
шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді
бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке
және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын
естен шығармауымыз керек деп мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты
дамуы үшін жағдай жасауы қажеттігіне тоқталған. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ
халқына жолдауында Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы
негізгі жетекші күш-адамдар, олардың ерік-жігері, табандылығы, білімі,
біліктілігі делінген.[1].
Бүгінігі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына
тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер
деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Білім беру саласында болып жатқан
өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының
бекітілуі сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық, бастамалық,
жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді. Бүгінгі күннің
негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын,
шығармашылық таным мен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын
қиялы ұшқыр адамға айналдыру. Сондықтан бала дамуын тиімді үзеге асыру
барысында қиял процесінің дамуын зерттеген ғалымдар К.Д.Ушинский,
М.Жұмабаев, Д.Дидро, С.Л. Рубинштейннің,Л.С.Выготский,В.С.Мух ина еңбектерін
басшылыққа алуымыз қажет. [2]
Жанның өзінде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай
алуы қиял деп аталады, - деп қазақ ағартушысы М.Жұмабаев айтқандай қиялды
сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан
жаңартып, өңдеу, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық
процесс ретінде қарағанымыз жөн. ...барлық жан қуаттарын тек қиял ғана
өзіндік сақталатын сезімді заттарды модельдендіре алады,- деп ұлы ойшыл Әл-
Фараби бекер айтпаған. Қиял табиғаттың адамдарға берген үлкен сыйы, әрі
құнды рухани сапа. Оның адам өміріндегі ерекше мәнін ұлы адамдар да жоғары
бағалаған. Француздың әйгелі ғалымы, әрі көрнекті жазушысы Дени Дидро:
Қиял! Бұл сапасыз ақын да, философта, ақылды адам да, ойлайтын жан да,
тіпті адам болу да мүмкін емес деп тегін айтпаса керек.[3]
Балаларда өнер арқылы әсемдікке сүйіспеншілік және ынтасы, эстетикалық
сезімі дамиды. Өнердің көмегімен балалар жаңа заттармен және өмір
құбылыстары мен танысады, жоғары идеяларға бой ұрады, біздің елімізде болып
жатқан үлкен өзгерістерге үн қосады. Мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі
сабақтарда бейнелеу өнерімен таныстыру балалардың түрлі жанрдағы
шығармаларды толық қабылдауына жағдай жасайды. Бейнелеу өнері балалардың
ақыл-ойын, сана-сезімін, қиялын қалыптастырады. Бейнелеу өнері әрбір баланы
жан-жақты дамытып, өмірге жаңа көзқараспен қарауға көмектеседі. Сонымен
қатар өзіне жүктелген міндеттерді ұқыпты, жауапкершілікпен атқаруға
дағдыланады. Көбіне мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың қиялын дамытуда
бейнелеу өнерін пайдалану және теориялық негізделуінің арасында қарама-
қайшылық туындайды. Осы жағдайлардың жүзеге асу барысын білу және одан әрі
дамыту мақсатында біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Бейнелеу өнері
сабақтары арқылы балалардың қиялын дамыту деп белгіледік.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері
арқылы қиялын дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеу және олардың жолдарын
ұсыну.
Зерттеу міндеттері:
- Ғылыми әдістемелік әдебиеттер арқылы мектеп жасына дейінгі
балалардың бейнелеу өнері арқылы қиялын дамыту ерекшеліктерінің теориялық
негізін анықтау;
- Қиял ұғымына анықтама беру.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалалардың бейнелеу өнері арқылы
қиялын дамыту.
Зерттеудің обьектісі: Мектепке дейінгі ұйымдардардағы оқу-тәрбие
процесі.
Зерттеу әдістері: ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді жинақтау,
талдау жасау, салыстыру.
Зерттеу болжамы: Егер бейнелеу өнері сабақтарында бала қиялын дамыту
жұмыстарын мақсатқа сай жүйелі ұйымдастырсақ, мектеп жасына дейінгі
балалардың шығармашылық қиялын дамыта аламыз.
Кустық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫ АРҚЫЛЫ ҚИЯЛЫН
ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бейнелеу өнері сабақтары арқылы балалардың қиялын дамыту мәселелері

Қиял (грекше – фантасия, фантаздамай қиялдаймын – жоғарғы
психикалық процеске жатады. Ол дүниені танып қана қою емес,оны өзгертуге,
қайта құруға, жаңғыртуға мүмкіндік береді. Адам қиял процесінде
заттарды,құбылыстарды, оқиғаларды бұрын көрмегенмен немесе бұрмаланған
қасиеттерімен санада бейнелей алады. Қиял қабылдаудан, естен және ойлаудан
қалған, тәжірибеден алынған образдарды ойша қайта құру және өңдеу негізінде
жасалады. Кейбір философтар қиял туралы әр түрлі пікір айтады. Рене Декарт
қиялдан адасулар мен қате қорытындылардың түпкі қайнар көзін көреді. Физик,
математик Блез Паскаль жазған: қиял – бұл адамның алдамшы жағы, бұл
адасулар мен жалғандық ұстазы. Р.Декарт, Б.Паскаль, Б.Спинозалар ақыл-ой
(интеллектілік процестер) мен қиял арасындағы антогонизм болатындығының
негізін салды [4].
Қиялдың белсенділігіне қарай ырықты және ырықсыз болады. Ал мектеп
жасына дейінгі балалардың қиялы ырықсыз болады. Ырықсыз қиял пассивтік
формада өтеді және сыртқы әсерсіз образдар жасай алады. Пассивтік қиялдар
өмірге іске аспайды, тек қана ішкі бейнені алмастырушы ретінде көрінеді.
Пассив қиял адамның алдына мақсат қоймаса да, ұғынудың ең төменгі деңгейіне
байқалады: түс көру, ұйқы сұрау жағдайы. Ырықты қиял – бұл ерік күштерінің
жәрдемі мен жаңа образдар жасау белсенділігі, оны актив қиял деп те атайды.
Актив қиялға қайта жасау және творчестволық қиялдар жатады. Қиялдың аталған
түрлеріне А.Ф.Лазурскийдің Жалпы және экспериментальды психология атты
еңбегінде толық толық сипаттамалар берілген [5]. Ол қайта жасау қиялындағы
қайта жасалатын әртүрлі типтерді – көру, есту, қозғалыс, аралас деп атайды.
Олар балаларға құрғақ кестемен емес, нақтылы образдармен ойлауға мүмкіндік
береді. Қиялдың бұл түрінің әсіресе балалар үшін мәні зор, өйткені олар
абстрактылы ойлауға әлсіздеу болғандықтан, салатын суретін көрнекілікке
сүйеніп салуды қажетсінеді. Творчестволық қиялдың адамның еркінен тыс
кенеттен және тәуелсіз пайда болатындығы дәлелденген. Барлық творчестволық
процесс баланың шабыттанған сәтінде кенеттен құйылғандай болады, шын
мәнісінде оған алдын-ала ұзақ дайындық жұмыстары болады, адамның бұрынғы
әсерлердің байланысы ықпал етеді. Қиял жеке адамның басқа психикалық
процестерімен және қасиеттермен тығыз байланысты. Қиял әдетте әсер алумен
әрлене түседі. Қиял арқылы елестеген айқын сурет, көптеген жағдайда жоғары
сезімталдықтың әсерінен пайда болады. Жеке адам ақыл-ойының жоғарғы
дәрежеде болуы көптеген көптеген жағдай да дамыған бай қиялымен байланысты.
К.Д.Ушинский: Әсерлі де әрекетшіл қиял ұлы ақылдың қажетті құрамына
жатады, әрине мұндай қиялдың алатын мәліметі күш, ақыл-ой, поэтикалық
сезім, көңіл-күй т.б. арқылы мықтап қорытылған болуы тиіс, сонымен қатар
осыларды адамның өзі басқарады. Егер қиял бос, керегі жоқ, не болмаса
өнегесіз, зердесіз ассоциацияларға толы болса, онда оның айқындығы және
күші әсіресе еріктің әлсіз кезінде ақыл-ой процесін түгелдей өзгертіп
жіберуі мүмкін деп жазған. [6] Қиялдың алғашқы көрінісі үш жасар
бөбектерде байқалады. Мұны бөбектердің қызық ертектерді шын ықласымен
тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз.
Бір қарағанда жас бала қиялға өте бай сияқты болып көрінгенімен, ондағы
образдар шындықтан өте алыс жатады. Себебі бала санасында кез-келген
нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да, бұдан керемет қиял көріністері құралады.
Баланың өмір тәжірибесі өсе келе қиялы да шындыққа бір табан жақындап
отырады. Мәселен, бала шимайлап қағазға бір нәрсенің суретін салады, оны
шындықта бар нәрсеге ұқсайды деп ойлайды (тіпті ол ұқсамайтын болсада).
Адам әрекетінің қай түрі болмасын оған ойлау мен қатар қиял керек. Кісі
әрекетке кіріспестен бұрын өз еңбегінің жемісінің қандай болғандығын көз
алдына елестетіп отырады. Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың
образына сүйене отырып, еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда
бейнелей аламыз. Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын
зор маңызы бар. Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болуы
адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Қиял
басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді. Қиял
түрлі елестеулердің өзгеріп, өңделуінің аасында жасалып отырады. Қиялда
анализ, синтез әдістері, аглютинация, схематизация, түрлі схемалар мен
суреттердің акцентировка тәсілдері жиі қолданылады. Қиялдағы елестерді
топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы
мифологиялық бейнелер (контавр,сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің,
машиналардың конструкциялары құрастырылады. Агглютинация әдісі ежелгі Мысыр
елінде, сондай-ақ, Солтүстік Америка үндістерінің өнер ескерткіштерінен
үлкен орын алған. Қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі –
гипербола. Гипербола дегеніміз нәрсенің жеке сипаттары, белгілері
үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде образ анық, мәнерлі болып шығады,
гиперболадабелгілі бір бейнелердің алға шығып айқын байқауына жағдай
жасалады.
Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелерді жасауда гипербола көп
қолданылады. Мәселен, үнді мифологиясындағы көп қолды құдайлармен жеті
басты айдаhдың бейнелері осылайша құрастырылған. Қиял бейнелерін жасаудың
енді бір әдісі нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей көрсету. Егер заттардың
айырмашылықтарын ескермей, оның ұқсастықтарына көбірек көңіл бөлінетін
болса, схематизация әдісі қолданылады. Сурет өсімдіктер дүниесінің
элементтерінен ою қиыстыру осыған мысал болады. Ал қиялдың алғашқы
көріністері үш жасар бөбектерде көріне бастайды. Балалардың қиялы шындықтан
алыс жатады. Баланың өмір тәжірибесі өсе келе, қиялы да бір табан шындыққа
жақындап отырады. Мектеп жасына дейінгі балаларда алғашқыда қиялдың дамуы
онша болмайды. Мысалы, балалар суретке не оқығанға қарап, өз бетімен
жаңадай бейне жасай алмайды. Себебі, осы жастағыларда синтездеу қабілеті
жақсы дамымаған. Олар оқығанын кездейсоқ, біріне-бірі байланысқан
ассоциациялар арқылы жаңғыртып отырады. Баланың қайта жасау қиялын дамыту
үшін алдымен олардың тәжірибесін қорландыра түскен дұрыс. Мәселен, тәрбиеші
балаларды орманға экскурсияға апарған дейік. Онда балалар әрбір ағашты,
өсімдік түрлерін көздерімен көріп, қолдарымен ормандарды айтып беріндер
десе бұл олардың қиялын тәрбиелеуге көп пайдасын тигізеді. Өмір
тәжірибесінің артуы білім қорының молая түсуі балалардың қиялын да дамыта
түседі. Мәселен, ересек топтағы балалар сурет салу ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінде алдында тұрған заттардың бейнесін сала алады, оны осындай басқа
затпен салыстырып көреді. Бұл балада қайта қиялының қалыптасып келе
жатқандығын байқатады.
Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан іс-әрекет процесіне барлық
баланы қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет.
Мәселен, сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше
баланың осыған орай көрінетін қиялыда шарықтай алмайды. Балалардың қиялын
дамыту олардың эстетикалық сезімдерін дамыту. Бала қиялын дамытуға
үлкендер үнемі жетекші етуі тиіс. Тәрбиеші де баланың ата-анасы да тексере
отырып, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу, өндіріс
орындарына экскурсия жасау, түрлі тапсырмаларды балаларға дербес орындатып
отырғызу оқу барысында балалардың қиялын дамытуға септігін тигізу.
Педагогтың бірінші міндеті – мұғалімнің айтқанын дәлме-дәл, айқын елестетуі
үшін оқушының репродуктивтік қайта жасау қиялын дамыту болып табылады. Ол
үшін педагогтың айтқан әңгімесі әсерлі, нақтылы фактілерге бай болуы
қажет, бұған қоса суреттер диапозитивтер, көрнекі құралдар т.б пайдалану
керек. Алайда бұл құралдар қиялды дамытуда көмекші қызмет атқаруы тиіс. Бұл
құралдарды, әсіресе, бала сөз болып отырған нәрсені ойша елестете алмайтын
жағдайда, пайдаланған тиімді.

1.2 Бейнелеу өнері сабақтары балалардың қиялын дамыту ерекшеліктері

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру –
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты Жолдауында білім берудің
басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі
мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету
аясын кеңейту екендігін айтты [1]. Бұл Жолдаудан біз бейнелеу өнері
сабағын жаңа көзқараспен оқыту жүйесі қазіргі талапқа сай келмей
отырғандықтан білім беру саласына тағы да маңызды талап қойылып отырғанын
байқаймыз. Балабақша балаларының өнерді қабылдауы тұрғысынан білім
деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты олардың сурет салу
мүмкіншіліктерін анықтауда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану іс жүзіне
асырылуы керек. Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтары жас ұрпақтарды
шығармашылық іс-әрекетке баулу және шығармашылық іс-әрекет барысын түсінуге
бағытталады. Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім стандарты
негізінде жасалынған мектепке дейінгі жастағы бейнелеу өнері
бағдарламасының мақсаты:
1. Қоғамдық өмірге белсене араласуға қабілетті, білімді, тәрбиелі
азаматтарды дайындау;
2. Жасжеткіншектердің дүниетанымын қалыптастыра отырып, олардың
көзқарасына дұрыс бағыт беріп, эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық
тәрбие беру.
3. Бейнелеу заңдылықтарын меңгеру арқылы оқушыларғы қоршаған ортаны
тануға, логикалық ойлауға үйрету.
4. Балалардың бейнелеу өнері жайлы алғашқы дағдылары мен ептейліктерін
меңгерту.
5. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту, өмір шындығы мен
кеңістікті ойлауын, образдық елестетуін және қиялын дамытуға дұрыс бағдар
беру.
6. Мектепке дейінгі ұйым балаларын Қазақстан бейнелеу өнерінің
шығармаларымен таныстыру арқылы қызығушылығын қалыптастыру.
Осы айтылған мақсат міндеттерді тереңірек таныстыратын болсақ олар
мынандай бағыт-бағдарларды қамтиды.
1. Бейнелеу өнерін мектепке дейінгі мекемеде оқыту ең бірінші жалпы
білім берушілік мақсатын көздейді. Негізгі міндет адамның ой өрісін
кеңейту, қоғамның жан-жақты білімді мүшесін тәрбиелеу болып табылады.
Көпшілік қауым мектепке дейінгі мекемеде бейнелеу өнерін жалпы білім
беретін пән емес, ол арнаулы пән деп қарастырады. Бұл дұрыс емес. Жалпы
білім беретін мектеп математиктерді, химиктерді, ақындарды композиторларды
дайындамайтыны сияқты суретшілерді де дайындамайды. Мұндай мамандар арнаулы
оқу орындарында дайындалады. Жалпы білім беретін мектептегі әрбір пән жеке-
жеке және бірлесе отырып оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етуге тиіс.
Бейнелеу өнері адамның дамуына өте көп мүмкіндік туғызады. Бұл істе әсіресе
сурет салудың орны ерекше. Сурет салу заттардың формасын, дүниені тануға
және оны ұқыпты бақылауға үйретеді, ойлауға және эстетикалық мәдениетінің
дамуына көмектеседі. Сурет өнері көру қабілетін, кеңістікті ойлауды
дамытып, бейнені елестету қабілетін арттырады. Ол нақты есептеуге, табиғат
әсемдігін тануға үйретеді, ойлау мен сезу икемділігін арттырады.
2.Мектепке дейінгі мекемелерде бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының
бірі- көркемдік білім мен қатар эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие-
өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі, ғылымдағы және қоғамдағы әсемдікті
оқушылардың қабылдауын тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беруде адамның
шығармашылық қызметіндегі рөлі өте ауқымды. Өмірге деген эстетикалық
қатынас адамға жігер беретін алғашқы негіз болып, еңбектің рухани қанағатқа
жеткізетін қуаныш көзіне айналуына ықпал етеді. Балалардың әсемдікке деген
талғамын ояту үшін бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі балалардың назарын
өмірдегі сұлулыққа аударып, оларды байқауға, сезуге, қабылдауға, сүйене
білуге, қуана білуге үйретуі тиіс.
З. Сурет салумен айналысудың ең басты міндеті - балаларға қоршаған
өмір шындығын тануға көмектесу, олардың байқағыштығын дамыту, оларды дұрыс
көре білуге үйрету. Сурет сабағында балалар қоршаған заттарды, олардың
алуан түрлі формаларымен, түстерімен, өлшемдерімен және басқа да
ерекшеліктерімен танысуға тиіс. Бұл таныстық зат туралы елестетулерінің
нақты және толық болуына ықпал етіп, көру әсерін кеңейте түседі. Бейнелеу
үдерісі оқушыға бұрын бірақ рет шала көрген затты терең зерттеуге мүмкіндік
туғызады. Сурет салу кезінде оқушы заттың формасын, құрылымын,
пропорцияларын, түстер мен реңдік қатынастарын кеңістікте орналасуын
зерттейді, сол арқылы оларды ұтымды да жан-жақты, терең де нақты қабылдауға
үйренеді.
4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты - сурет сала білу
адамға кең көлемдегі іс-әрекет мүмкіндігін беретіндігін балаға ұғындыру.
Мұғалімнің сурет сабағында балаларға сурет өнерінің адам өміріндегі рөлі
ашып көрсетілуі тиіс. Сурет салудың қарапайым бағдарын меңгеру адамға
машина детальдарының суретін салуға, үй құрылысының жоспарын жасауға,
қарапайым заттардың формасын салуға жәрдемдеседі. Кейде біз біреуге таныс
емес, бір жерге қалай бару керектігін түсіндіру үшін жолдың бағыттарын
суретке салып көрсетеміз.
5. Бейнелеу өнерін мектепке дейінгі мекемеде оқытудағы басты тағы бір
міндеті – балаларға реалистік суреттің қарапайым негіздерін, сурет салудың
ептейліктері мен дағдыларын меңгеру болып табылады. Тәрбиеші балаға
қарандашты қолға қалай ұстау керек екендігін, сызықты қалай жүргізу
қажеттігін, қағаз бетіне заттардың көлемін қалай бейнелеу керектігін
көрнекті түрде салып көрсетеді. Сонымен қатар ол сурет салуға қажетті әр
түрлі материалдармен, құралдармен таныстырып, суретті қандай әдістемелік
бірізділікпен орындау қажеттігі жайлы айтып түсіндіреді.
Балабақшада баланы сурет салудың техникалық тәсілдерін меңгертудің
қажеттігі аз деп ойлау дұрыс емес. Шын мәнінде бала балабақша да
осы тәсілдермен танысуы тиіс. Оқушы суреттегі тональдық қатынастар туралы
түсінік алып, қылқаламмен қажетті бояу түсін алу үшін бояуларды
араластыруға үйренуі тиіс. Мұндай техникалық дағдылар адамға еңбекте қажет
іс-әрекеттер. Түсті көре білу және оны бояумен қағаз бетінде бере білу,
жазықтың бетін тегіс етіп бояу халық шаруашылығының барлық саласында
қолданылады.
6. Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарының міндеттерінің бірі –
балаларға жүмысты ұйымдастыру, жұмыс жүргізу тәртібін ойластыру,
ойлау, саналы да жоспарлы жұмыс істеуге үйрету болып табылады. Сурет салу
мақсатқа бағытталған жұмыс. Сурет сала отырып оқушы белгілі бір мақсатқа
жетуге ұмтылады. Бірақ оның алдында көптеген кедергілер кездеседі. Олар
кейде Менің қолымнан келмейді деп ойлайды. Бірақ ол бар қабілет
мүмкіндіктерін жұмылдыру нәтижесінде белгілі үлгерімге жететіндігін түсіне
бермейді.
Баланың жұмыс үдерісіне ұмтылысын дамыта отырып балабақша қабырғасында
біз балаларды ертеңгі өмірге қажетті сапаларды тәрбиелеу іс-шараларын
жүзеге асыруымыз қажет. Балабақшадағы бейнелеу өнері зат формасы туралы
анық та, нақты түсініктерінің жинақталуына жәрдемдесе отырып, айқын да
нақты ойлауға ықпал етеді, сонымен қатар шығармашылық пен жаңадан ойлап
табу қабілетін дамытуға көмектеседі.
7. Балаларды өнердің даңқты шығармаларымен таныстыру бейнелеу өнерін
балабақша да оқытудың маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Тәрбиеші
өнер туралы әңгіме кезінде графика, кескіндеме, мүсін, сәулет, сәндік-
қолданбалы өнердің түрлері туралы әңгіме қозғайды. Өнер туралы әңгіме
оқушыларды адамзат мәдениетінің даму тарихымен, өнер шығармалармен, ұлы
суретшілердің өмірі мен шығармашылығымен, өнердің дамуындағы белгілі
кезеңнің стилімен, бұрынғы және қазіргі өнер адамдарымен таныстырады [7].
Балалардың табиғи мүмкіншіліктерін, дербестік ерекшеліктері мен
психологиялық даму қабілеттерін, жас ерекшеліктеріне байланысты білім
деңгейін жоғарылату, шығармашылыққа деген талпынысын арттыру арқылы
қабілеттігін қалыптастыра беру барысында мемлекеттік білім стандартына тың
әдістемелік өзгерістер, жаңа тақырыптар, қызықты құрастырулар енгізіп,
қабілетті, дарынды, талпынысы бар балаларға жеке үйірме сабақтарын ашуды,
үйірме бойынша жеке оқу бағдарламаларын дайындауды, сол арқылы сапалы
оқыту әдістемесін жасауды жүзеге асыру қажет. Осы міндеттерді мектеп
мұғалімі орындайтын болғандықтан бұл мақсатқа жету үшін тәрбиеші өз ісіне
аса жауаптылықпен қарауы керек. Жауаптылықпен қарау дегеніміз - мұғалімнің
бейнелеу өнері пәнін оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілді қолдана білуі, оқу-
әдістемелік әдебиеттерді пайдалануы мен үнемі сурет салуға дағдылану
арқылы бейнелеу тілін жан-жақты меңгеруі. Әсіресе бейнелеу өнері пәнін
оқытатын мұғалімнің психология, педагогика ғылымдарынан теориялық білімі
терең, шығармашылық деңгейі жоғары болуы тиіс. Сонда ғана балалар сурет
салуды үйреніп қана қоймай, жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгереді,
әсемдікті түсіну арқылы мәдени мүмкіндіктерін арттыра алады.
Балабақшада бейнелеу өнері сабағында тәрбиеші балалардың шығармашылық
қиялын дамыту мақсатын қою арқылы, ол балалармен дұрыс жұмыс әдісін тандап
алуы тиіс. Көптеген тәрбиешілер өздерін қинамай -ақ өз балаларының
шығармашылық қиялымен жібереді, сонан келіп әрбір бала өзінің шығармашылық
қабілеттерін дамыту мақсатындағы тапсырманы өз бетінше орындауға талпынады.
Сондықтан балабақша да баланың шығармашылық жұмыстарын басшылық жасауға
болатын, бағыттауға болатын іс-әрекет деп тану қажет. Балалардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында мүғалім балалардың қиялын
дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Адам қиялы адамның көңіл күйімен байланысты,
сонымен қатар өнердің өзі көңіл күйге әсер етеді. Сондықтан бейнелеу өнері
мұғалімі балалардың елестетулерін жинақтау процесін реалдық өмір шындығынан
бастап, қиялмен шығармашылықпен өмірмен байланысты жаңа елестетулерге дейін
бағыттауға болады. Балалар оқуға алғашқы қадам басқан күнінен бастап
табиғат пен тірі жан-жануарларды адамдардың, жануарлардың, құстардың
бейнесін жүйелі түрде сала бастайды. Балабақшаға арналған оқу
бағдарламасында да ең алдымен долбар жасау, ұзақ уақытты сурет салудан аз
уақытты сурет салу мәселелері қарастырылады. Алдымен құрылымын көрсететін
сызбаны пайдалану балалардың саналы ойлау қабілетіне ықпалын тигізіп, сурет
салудағы қиыншылықтарын жеңілдетеді. Тәрбиеші балалардың сурет салу
деңгейін қадағалап, композиция құрастыруда ақыл беріп отыруы, тақырып
аясында балалардың алдына мақсат қоя білуіне көмектесуі, балалардың
еңбектерін дұрыс бағалап, суретін дұрыс аяқтауды үйретуі ерекше маңызға ие.

Қорыта айтқанда, балабақша балалары бейнелеу өнері сабақтарының
нәтижелі болуында тәрбиешінің сабақты дұрыс жоспарлауы, сабаққа алдын ала
дайындығы, сабақтың әрбір кезеңін дұрыс ұйымдастыруы маңызды орын алады.
Сонымен қатар, мұғалімнің оқытудың дидактикалық ұстанымдарын қолданумен
тығыз байланысты. Сонда ғана баланың қиялын дамыта аламыз. Бейнелеу өнері
пәні мұғалімі өзінің теориялық білімін практикамен байланыстырып, іс
жүзінде дұрыс қолдана білсе, білім беру сапасы жоғары болмақ. Атақты ақын-
педагог Мағжан Жұмабаев бала психологиясын терең білгендіктен қиялды
дамыту, тәрбиелеу жолдарын ұсынған: ...Қиял терең hәм бай болуы үшін жанды
суреттеулер көп болуы керек. Адам неғұрлым білімді, тәжірибелі болса, қиялы
да сонша бай болсын десек, ...бала тұрмыспен көзбе – көз таныссын... Сонда
баланың қиялы өткір hәм бай болмақ дейді. Мектепке дейінгі мекеме - бала
қиялын дамытудың қайнар көзі, орталығы. Бала қиялын дамытуда әр түрлі
әекеттер, көркем әдебиеттер, музыка, көркемөнердің басқа салалары, табиғат
үлкен рөл атқарады.
К.Д.Ушинскийдің айтуы бойынша, балалардың ненің мүмкін, ненің мүмкін
еместігін білуі өте жеткіліксіз болады. Сондықтан мектепке дейінгі жастағы
балалар шындық өмірдегі қиялдауды шатастырып алады. Мектепке дейінгі
жастағы балалардың әлі де қиялы кем, тіпті кейбір нәрселерді елестете алу
қабілеті, оны қолдану мүмкіндігінің шегі тар келеді. Мұндай балалармен
ерекше жұмыс жасау керек. Олардың елестету қабілетін күшейту керек, оны
қолдана алатындай дәрежеде жаттықтыру керек. Ырықты қиялды дамыту қажет.
Мектеп жасына дейінгі балалардың творчестволық іспен шұғылдандырудың,
әсіресе сурет салу, әдеби шығарма, творчестволық техникалық конструкциялау
т.б. қиялды дамытуда мәні зор. Методикалық құрал ретінде ұсынылатындар:
- суретке қарап баяндау;
- шығарма жазу;
- мәтіннің иллюстрациясына қарап сурет салу;
- көрнекіліктерге қарай отырып суретті бейнелеу;
- өткен тарихқа саяхат (қиял арқылы) жасау.
Қиялдау балаларға эстетикалық тәрбиені дамытуға алғашқы баспалдақ бола
алады. Жақсы дамыған эстетикалық тәрбие қиялды күшейте алады. Баланың
қиялын дамытуға әсер ететіндер:
- көркем әдебиет оқу;
- картиналарды қарау;
- театрларға бару;
- сурет галлериясына, мұражайға бару;
- музыканы тыңдау,
- табиғатқа саяхат жасау.
Балабақша да бейнелеу өнері сабағында қиялын дамытуда балалармен
бірлесе отырып, олардың өнердегі әсемдік пен әдемілікті түсіну, байқай білу
қабіліетін дамыту үшін көптеген  ұжымдық жұмыстар жүргізілсе,
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында ойындар мен көрнекіліктер
(Түстерді ажырат, Кім алғыр, Үйлестіре біл, т.б.ойындар)тиімді
қолданылса,  оқушылардың табиғат сұлулығын, көркем өнер шығармаларын
эстетикалық мәнде қабылдаулары күшейіп, сабақ сапалық жаңа деңгейге
көтеріледі. Сапалы оқу іс-әрекетін жүргізу нәтижесінде  балалардың қиялы
дамып, эстетикалық танымы, білімі, талғамы артып қана қоймай, олардың әрбір
жұмысы шығармашылықпен ұштасып отырады. Бейнелеу өнері сабақтарының негізгі
мақсаты балалардың шығармашылығын арттыру болғандықтан сабақта баланың
белсенділігін, өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасалғаны дұрыс. Сабақтарда
үлгіні көп жағдайда қолданбау керек. Тек балаларға таныс емес әдіс -
тәсілдерді қолдану кезінде қолданған жөн. Сабақ соңында тәрбиеші балалардың
жұмыстарын түгелдей тақтаға іліп, талқылайды. Талқылау міндетті түрде әр
сабақ соңында жүргізіліп отыруы тиіс. Сонда бала өз ойын сурет арқылы бере
білуге, әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана білу жолдарын игереді. Нәтиже
тапсырмамен байланысты болуы қажет. Талқылау балалардың белсенді
араласуымен өткені дұрыс.

ІІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚИЯЛЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Бейнелеу өнері сабақтары арқылы балалардың қиялын дамыту мүмкіндіктері

Жаңа Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарты оқу жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны кіреді:
Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік орта.
Шығармашылық білім беру саласының мақсаты:
-  мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік –эмоционалдық ортасы мен
эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен
елестетуін дамыту.
Шығармашылық білім саласының базалық мазмұны:
-   сурет салу;
-   мүсіндеу;
-   жапсыру;
-    музыка.
Ерте және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтарға
қойылатын жалпы талаптар:
-   эстетикалық талғамы бар, оны балаларға қабілетті;
-   педагогикалық процесті Қазақстан Республикасы халықтарының этномәдени
негізінде құрады;
-   өзінің шығармашылық қабілетін қандай да бір іс – әрекет аясында
көрсетеді;
-    әр баланың шығармашылық әлеуетін оның өсуі үшін пайдаланады.
Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:
-  ... баланың өзінің шығармашылық ойын еркін білдіруге мүмкіндік беру;
-   баланы нәтижелі, бейнелеу іс – әрекеттеріне жағдай жасау;
-    баланың қызығушылығын, бейімделігін зерттеу және оларды дамытуға
ынталандыру;
-  табиғат құбылыстарын бақылау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды жапсырмалауға үйрету арқылы шығармашылығын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ барысында дамыту
Бейнелеу өнерін оқыту әдістері
Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу ерекшеліктері
Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру
Ересектер тобында сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жаңаша бағыттары
Білім алушыларды визуалды өнерге үйрету әдістемесі
Бейнелеу өнерінің қысқаша тарихы
Мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін бейнелеу өнері және әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу қабілетін дамыту
Пәндер