Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылықтарын дамыту


КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту заманның алға қойған мақсаты болып табылады. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Елбасымыздың Жолдауында еліміздегі барлық мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді арттыру мақсатында «Балапан» бағдарламасы әзірленіп, оны іске асыру жұмыстары тапсырылғаны баршамызға мәлім.
Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін қарастыратын, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы - балабақша. Балабақшаның күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе - баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу. Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті [1] .
Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Білім беру саласында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық, бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілсе, осы заңның 41-бабында: «Педагог қызметкерлер балалардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті», - делінген [2] . Бүгінгі күннің негізгі талабы - білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру. Тұлғаның шығармашылығын дамыту мәселесін қарастырған ғалымдар болды ( А. В. Брушлинский, Я. А. Понамарев, О. М. Дьяченко және т. б. ) [3; 4; 5 ] .
«Шығармашылық» ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. «Шығармашылық» деген сөздің төркіні, этимологиялық «шығару», «ойлап табу» дегенді білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке жету деп түсіну керек. Философиялық сөздік: « . . . шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал, осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынандай анықтама береді: «Шығармашылық, бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің қасиетімен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады» [6; 4; 7] .
Балаларда өнер арқылы әсемдікке, сүйіспеншілік және ынта тәрбиелейді, эстетикалық сезім дамиды. Олардың алдында айналадағы дүниенің, формалардың, қимыл қозғалыстардың байлығы мен сан алуан реңі ашылады. Өнердің көмегі арқылы балалар жаңа заттармен және өмір құбылыстармен танысады, жоғары идеяларға бой ұрады, біздің елімізде болып жатқан үлкен өзгерістерге үн қосады. Мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі сабақтарда бейнелеу өнерімен таныстыру балалардың түрлі жанрдағы шығармаларды толық қабылдауына жағдай жасайды. Бейнелеу өнері балалардың ақыл-ойын, сана-сезімін қалыптастырады. Бейнелеу өнері әрбір баланы жан-жақты дамытып, өмірге жаңа көзқараспен қарауға көмектеседі. Сонымен қатар, өзіне жүктелген істі ұқыпты әрі жауапкершілікпен орындауға дағдыланады. Көбіне мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың шығармашылығын дамытуда бейнелеу өнерін пайдалану және теориялық негізделуінің арасында қарама-қайшылық туындайды. Осы жағдайлардың жүзеге асу барысын білу және одан әрі дамыту мақсатында біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылықтарын дамыту» деп белгіледік.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
а) зерттеудегі бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамытудың ерекшеліктерінің теориялық негізін ашу, қарастыру;
ә) бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамытатын әдіс-тәсілдерді айқындау.
Зерттеу әдістері: Философиялық, психологиялық, педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылықтарын дамыту.
Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеу болжамы: Егер де жүйелі түрде балалармен бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту жұмыстары ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастырудың тиімді жолдары арқылы алға қойылған мақсатқа қол жеткізе аламыз.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе бөлімнен, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
I МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту мәселесі
Бүгінгі таңдағы өркениетті елдердің жаһандану белесінде болып жатқан түбегейлі жаңғыруындағы басты мәселе, қоғам саласының ғаламдануы мен білім мен тәрбие мазмұнының жаңаруы. Мұндай өзгерістерге дайындау, қалыптастыру, қамтудағы игі істер білім беру саласының басты мақсаты. Бұл ұлағатты мақсаттың жүзеге асуының тиімділігі бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш пен балабақшаға тәуелді болатыны айдан анық. Өйткені, адамға табиғаттан берілген ізгіліктің мүмкіндіктерінің 80%-ы осы бастапқы оқу кезінде қалыптасатынын ғалымдар дәлелдеп отыр.
Алдағы уақытта тәрбие мен оқытудың жаңа бағдарламалары жүзеге асып, еліміздегі балғын бүлдіршіндердің болашағына жарқын жол ашылмақ. Болашақта жері мен дәулеті, ұлттық болмысы сақталып қалу үшін ұрпақты дұрыс тәрбиелеп, білімнің саналы да сапалы болуын қамтамасыз ету - педагог мойнындағы жаупкершілік, себебі баланың дүниетанымы, интеллектуалдық дамуы мектеп қабырғасында қалыптасады. Заман мен қоғам тудырып жатқан өзгерістер құбылмалы да қарқынды, сол өмір ағымы мен ақпараттар тасқынында еркін жүзе алатын жан-жақты, қабілетті ұрпақ дайындау - білім беру мекемелеріне жүктелген дүние болғандықтан, түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар іске асырылып, мектепке дейінгі білім беру мазмұны заңдар мен құжаттарға негізделген.
Ағартушы педагог, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат өйткені, мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен [8] . Жүрген жерінің жүрегіне айнала білетін тәрбиелі, білімді, қабілетті, дарынды педагогтардың күн санап өсе түсетіндігіне біз де кәміл сенімдіміз.
Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Сондықтан зерттеу мәселесінің өзектілігі баланың жан-жақты дамуында маңыздылығы басым.
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Хакім Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» - десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» [9; 10] .
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні - қараң, келешегі -тұман», - деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ [11] . Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.
Баланы сан қырлы әмбебап иесі етіп баулитын заман туды. Қазіргі заман баласы алдындағы педагог беделінің жоғары болуын күнбе-күнгі зымыран жылдамдықпен өсіп отырғанын жаңа заман талап етіп отыр. Білім мен білікті, ақыл мен парасаттылықты, оқу мен ғылымды, еңбекқорлық пен ізденімпаздықты ұштастыра қызмет етсек, жаңа заман шәкірттерінің алдында педагог беделі жоғарылай түспесе, кемімейтіндігі айқын. Баланың əрбiр толғанысы, əсерленуi мен əрекет-қылығы санада бiршама уақыт (ұзақ, қысқа) сақталып, қажеттi жағдайларда қайта жаңғыртуға келетiн iздер салатыны баршаға мəлiм.
Бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Көне замандағы Антикалық дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтар балардың өзіндік ой-тұжырымын жасап, оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер мәселелеріне көңіл бөлінген. Бүгінгі таңда бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде кездеседі. Ерте дәуірде адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға өте қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекелеген адамдардың табиғи ерекшелігі мен оларда ерекше табиғи қабілеттіліктің болу құдіреті күшті құдайдың жаратқаны деп есептеген. Платонның пікірінше, ақын туындылары өзінің өнерлілігі мен білімінен емес, құдайдың құдіретінен, оның белгілеуінен. Платонның еңбектерінде « . . . поэт творит не от искусства и знания, а божественного предопределения и одержимости» деп жазады [12] .
Шығармашылық - өзін-өзі оң бағалауға мүмкіндік беретін және өз дамуында индивидтің өзін-өзі дамытуын қамтамасыз ететін күш. Бірақ әлеуметтік факторлар жеке тұлғаның имманентті қасиетін басып, оны қоршап, жеке тұлғаның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік бермейді. Сөйтіп, гуманистік психологияда шығармашылық табиғатын анықтауда негізгі бағыт заттар мен идеялар саласындағы жаңа өнімдерге емес, сол процестің өзіне, оның жағымды динамикасына басымдық береді. Сонда оның өлшемі болып нәтижесінің сапасы емес, шығармашылық іс-әрекетті белсендіруші сипаттар мен процестер болып табылады, себебі шығармашылықтың өзі - бұл рухани, білімдік толықтырушы космологиялық процесс.
Е. А. Колесникова зерттеулерінде шетелдік және отандық психологтар еңбектеріндегі «шығармашылық» ұғымына берілген теориялық түсінік ерекшеліктеріне талдау жасалынған [13] . Оның ішінде гуманистік бағыттағы: «шығармашылық көзі - тұлғалық өсуге деген ынта» деп дәлелдеген психологтар Г. Олпорт пен А. Маслоу ұстанымдары. А. Маслоу: «Шығармашылықты - өзіндік өзектендіруге деген қажеттілік, өз қабілеттері мен өмірлік мүмкіндіктерін еркін және толық жүзеге асыру», - деп түсіндіреді [14] .
Қазіргі ғылым жетістіктері шығармашылық барлық адамдарда болуға тиісті сапа және де қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда, кез-келген баланы көтеруге болатындығы жайында көп айтылды. Өкінішке орай, бұл түсінік әлі барлық адам санасынан берік орын алған жоқ. Сондықтан мұғалімдер, ата-аналар, тәжірибелер алдында бала шығармашылығының бастауын, қайнар көзін ашып, оның тұлғалық тұғырға көтерілуіне жағдай жасау міндеті тұр. Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі, қабілеті жоқ адам болмайды деген пікір айтады. Сол себепті балалардың кеңінен, өрістете дамытуда мектеп мақсатты түрде ықпал ете алады. Баланың шығармашылық қабілеттерін талдау ең алдымен қабілет ұғымына тоқталып, мәнін түсінуді талап етеді. Күнделікті ауызекі сөзде қабілет деген атауды жиі қолданамыз. Мәселен, мұғалім тәрбиеші бала мінездеме бере отырып, оның бір пәнге деген қабілеті күшті екендігін атап өтеді. Психологтардың зерттеулері бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болатынын атап айтқан.
Қабілет біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Қабілеттің өлшемі - белгілі бір істің нәтижелі орындалуында. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.
Қ. Жарықбаев, қабілет - белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әртүрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін атайды [15] .
А. В. Петровский, қабілет - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшелігі, - деп атайды. Ал, Т. Тәжібаев: Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауында көрінетін жеке қасиеті, -деп жазды [16] .
Педагогика және психология түсіндірме сөздігінде, қабілет - бір іс-әрекетті орындаудағы тұлғаның жеке дара қасиеті. Сонымен қатар, белгілі бір іс-әрекетті берілген уақыт ішінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сапалар: білік, тәжірибе, шеберлік, талант, -деген анықтама берілген.
Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрінеді. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. «Қабілет» ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны баршылық. Қабілеттер деп, әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.
Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген С. Л. Рубинштейн іс-әрекет қабілетін дамытудағы рөлін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттердің әрекетте дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі теория бір тұтастықта қарастырылатын болды.
Қабілеттер жайлы ой-пікірлерді әрі қарай өрбіте отырып, Б. Г. Ананьев қабілеттер тек білім, білік жиынтығы ғана емес, оларды қолдана білудегі дербестік, саналылық, шығармашылық деген пікір айтады. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін көтеру тәжірибе барысында, білім мазмұнында баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынумен байланысты түсіндіруге болады. Халқымыздың «Жігітке жеті өнер де аз болмайды» «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп айтылатын нақыл сөздері адам табиғатының шексіз мүмкіндіктерін көрсетсе керек.
Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізді. Шығармашылық сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлап табу керек», дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Көрнекті психолог Л. Выготский «шығармашылық» деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Шығармашылық - өте күрделі процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне кез-келген баланы көтеруге болатынын көп айтуда [6] .
Шығармашылық дегеніміз - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Дж. Гильфорд, шығармашылық - әр түрлі бағытта жүретін ой түрі, - деп қарастырады. Ол шығармашылықтың төмендегідей параметрлерін белгілеген:
- Проблеманы көре білуі қабілеті;
- Идеяны талдай білуі қабілеті;
- Идеядан негізгі өнімді ала білу қабілеті;
- Оригиналдылық:
- Идеяны жетілдіре білу қабілеті;
- Талдай және жинақтай білу қабілеті [17] .
Мектеп жасына дейінгі балалармен шығармашылық жұмыс кезеңіндегі тиімді жағы: дүниені қиялына қиыстыра алады, белсенділік көрсетеді, жетелеп отыруға еріп отырады, үлкендердің ой-пікіріне қатты сенеді, сурет салуға құмар болып келеді. Ал, тиімсіз жағы: қиялы тұрақсыз, бір образды, сюжетті ұстап тұра алады, шығармашылықты ойын ретінде қабылдайды, бастаған ісін аяқтауға шыдамсыз, балаларды өзіндік сын мүлдем жоқтың қасы, сөзді құбылтып, қолдануға шебер емес. Міне, осы аталған жайттарды ескере отырып, әр сабақта балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырып отырған дұрыс. Яғни, бала әдемі, байыпты, мансатты ұйымдастырылған шығармашылық жұмыстардың қатысушылары болғаны дұрыс. П. П. Блонский сөзімен айтқанда, «Ол - біліммен толтыратын бос ыдыс емес, ол - жануға тиісті шырақ, ұстаз шырақшы ғана». Оқыту барысында балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастыру және дамыту мәселесі шығармашылық процестің қандай кезеңдерден тұратындығын, яғни неден басталып, немен аяқталатындығын білуді талап етеді [18] .
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру И. Я. Лернер мен М. Н. Скаткин білім беру мазмұнынының теориялық тұрғыда білім, іскерлік, дағды жүйесін түсіндіруде, шығармашылық іс-әрекет пен ерікті сезім тәжірибесін меңгеруді ұсынды. Қазіргі таңда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін баланы неге үйрету керек, қалай үйрету керек, әлде оны өзі үйрене ала ма деген сұрақтар тууы мүмкін. Ол үшін оған алдымен тәрбиеші дайын болуы керек. Балаларды шығармашылыққа үйрету үшін:
-шығармашылықпен жеке-дара бала емес, топтың балалары айналысуы үшін жағдай, мүмкіндік туғызуы керек;
-шығармашылық процеске баланы үзбей, сатылы түрде қатыстырған жөн;
-шығармашылық жаттығу, ойын-тапсырмалардың мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына сай тұрған дұрыс;
-бала жетістігін мадақтап, көтермелеу керек [19] .
Осы бір ерекшеліктерді баланың шығармашылық қабілетінің дамуына дұрыс бағыттап, арнайы жаттықтыра отырып, мақсатты түрде дамыту талантты, шығармашыл адамдар санын көбейтіп, ұлттың ұлыларын еселеуге үлес қосады. Жаңа құндылыққа негізделген педагогика бала бойына жаңашылдық дәнін ерте егуін, оның жаратушылық қабілеттерін тұрақты қолдап, дамытып отыруды көздейді. Ал, мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден кез-келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез-келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы, ол баланың өзін-өзі қалыптастыруын, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Мәселені өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Баланың білсем, үйренсем деген талабын ұштайтын, жеке ерекшелік қасиет, қабілеттерін ескере отырып, оларды біліммен, іскерлік, дағдымен қаруландыратын, танымдық ой-өрісін және шығармашылық әлеуетін дамытатын тәрбиеші-ұстаздың ерекше мақсатты қызметінің қажеттілігі жоғары. Балалар ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, билейді, өлең айтады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін салады) . Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz