Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік- қолданбалы өнерімен таныстыруды теориялық тұрғыда негіздеу


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Соңғы онжылдықта Қазақстан қоғамының саяси-әлеуметтік, экономикалық саласында болып жатқан өзгерістерге байланысты халықтың дәстүрлі педагогикалық мәдениетінде қалыптасқан озық тәжірибелерді зерттеп, зерделеуге аса назар аударылып отыр. Бұны мемлекетіміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың: «Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауы да, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының «жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде, жастардың өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүріне құрметін тәрбиелеу» қажет деген жетекші міндеттері де дәлелдейді. Бұл орайда, қазақстандық педагогика ғылымының тарихы мен теориясының, бүгінгі күн тәжірибесінің жетіле түсуі білім мен тәрбие беруді әлемдік деңгейге сәйкестендіре отырып, дамытуда этномәдени құндылықтарымызды қайта жинақтап, жан-жақты зерттеу қажеттілігін алға тартып отыр [1] .
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақтың мәдени өрісін көтеру, сұлулықты қабылдау қабілетін қалыптастыру арқылы төл мәдениеттің белсенді жасаушысы, иесі, жалғастырушысы болуына зор мән берілуде. Сонымен қатар, оқушылардың өз елінің, халқының, соның ішінде өзі мекен ететін аймақтың мәдениетіне, дәстүрлеріне деген сезімдік-эстетикалық қарым-қатынасын қалыптастыру - бейнелеу өнері пәнінің негізгі міндеті болып отыр. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында көрсетілген болатын [2] .
Жалпы білім берудің ұлттық деңгейдегі мақсаты - Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық, саяси өміріне белсенді араласуына дайын еңбекқор тұлғаны қалыптастыру маңызды орын алуда.
ХХІ ғасырдың 70 жылдарынан бастап ұлттық бейнелеу өнері мен сәндік қолданбалы өнер туындыларын бейнелеу өнері сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарда қолдану, ұлттық өнер арқылы балаларға көркемдік білім беру идеясы қалыптаса бастады. 70 жылдары жарық көрген Қ. Ералиннің әдістемелік еңбектерінде Қазақстанның халық суретшілері Ә. Қастеевтің, Қ. Телжановтың, А. Ғалымбаеваның, Х. Наурызбаевтың, Г. Исмайлованың, С. Мамбеевтің, М. Шаяхметовтың, С. Романовтың, Е. Сидоркиннің, Н. Нурмухамбетовтың, К. Барановтың шығармаларын сабақта балаларға таныстыру барысында көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру, кеңістік туралы түсініктерін қалыптастырудың әдістері ашып көрсетілді.
80-90 жылдардағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуында ғалым пелагогтардың бейнелеу өнерін оқытудың психологиялық - педагогикалық мәселелерін зерттеуге баса көңіл бөлумен ерекшеленеді. 80-90 жылдар аралығындағы педагог - ғалымдар Ә. Қамақов, Қ. Ералин, Ж. Балкенов, Қ. Әміргазин, У. Ибрагимов, Б. Әлмухамбетов, Р. Мизанбаев, Е. Асылханов, Д. Садығалиев, М. Жанаевтардың бейнелеу өнерін оқыту саласында түрлі оқу мәселелерін зерттеу нәтижелері Қазақстанда бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесінің дамуына қомақты үлес болып қосылды [3, 4] .
Дәстүрлі педагогикалық мәдениет құрамындағы сәндік қолданбалы өнері туралы еліміздің танымал ғалымдарын да атап кетсек болады. Олар: Ә. Сәдуақасов, С. Е. Нұрмұратов, Ә. Марғұлан, С. Қасиманов, Х. Арғынбаев, С. Мұқанов, Ж. Мүтәліпов, Н. Адамқұлов, Н. Нұрмұхамбетов және т. б. өз еңбектерінде осы өнер түрінің қайталанбас құндылықтарын айқындай отырып, оның тәлім-тәрбиелік маңызына назар аударған болатын [5, 6, 7, 8] .
Сондай-ақ, сәндік-қолданбалы қолөнерідің табиғатын, оның адам, қоғам өміріндегі атқаратын қызметінің мәнін зерттеген орыс ғалымдары: А. А. Власова, Е. Р. Шнейдер, Т. И. Еременко, Б. В. Веймарин, З. А. Богатеева, И. Я. Богуславская және кеңестік дәуірдің даму кезеңдеріндегі кеңес педагогикасының өкілдері В. Н. Шацкая, Н. А. Дмитрева, О. А. Апраксина, А. Буров және т. б. ғалымдардың еңбектері де өте құнды [9, 10] . Сол себепті де мектеп жасына дейінгі балаларға қазақтың сәндік - қолданбалы өнерімен таныстыру арқылы баланың дүниетанымын кеңейтіп, жалпы жаңа білім беру жоспарына қазақтың қолданбалы өнерін пайдаланудың тиімді жақтарын көрсетіп нұсқау беру арқылы балалардың тұлғасын қалыптастыруда ұтымды пайдалануды өзекті мәселе деп қарастырып отырмыз.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыруды теориялық негіздеу және ұсыныстар беру.
Зерттеу міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру теориясына талдау жасау;
- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте сәндік-қолданбалы өнерді пайдалану арқылы балалардың қызығушылығын арттыру бағыттарын анықтау;
- балаларға қазақтың сәндік-қолданбалы өнерімен таныстырудың тиімді жолдарын ұсыну;
Зерттеу әдістері: Тақырып төңірегінде ғылыми және әдістемелік әдебиеттер тізімін жинақтап психологиялық, педагогикалық, философиялық әдебиеттерге талдау жасау.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру.
Зерттеу обьектісі: Мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу болжамы: Егер мектеп жасына дейінгі балаларға қазақтың сәндік-қолданбалы өнері туралы түсініктер қалыптастыру арқылы балалардың шығармашылығын арттыру дұрыс бағытта жүргізілсе, балалардың дүниетаным ой-өрісі, еңбекке қабілет шығармашылығы әрі қарай дамып, алынған білім тереңірек жүйеленер еді.
Курстық жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ι МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ҚАЗАҚТЫҢ СӘНДІК- ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУДЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА НЕГІЗДЕУ
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік-қолданбалы өнерімен таныстырудың мәні мен маңызы.
Қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан- ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл әлемге мәдени қол өнерімен танытып келген «далалық өркениеттің» алтын бесігі Ұлы Дала кеңістігінде қалыптасқан. Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай жаңғыртып, байытушы.
Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде бұрын-соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел болады. Мұның өзі қазақ өнерінің республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ және тағы басқа көне түркі тайпаларының мәдениеті мен төркіндестігінің айғағы. «Ол - өткен өмірдің көлеңкесі емес, даму мүмкіндігінде шегі жоқ ұлттық дәстүр. Үлкен өзен бастау алатын бұлақтай, халық қолөнері де ешқашан суалмайды», - деп осы өнер туралы жазған белгілі ғалым И. Я. Богуславская пікірімен келіспеске болмас [9] .
Қазақ халқы - кең-байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процесске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан - жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ, Оңтүстік Сібір, Орта Азия мен орыс халқының да мәдениеті де әсер етті. Сайып келгенде, жергілікті көне мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынын бойына сіңіріп, үнемі жақсару, жаңғырту үстінде болды. Танымал кеңес педагогикасының өкілі С. Т. Шацкий: «. . қолөнер өз табиғатымен тұлғаның сезіміне жеңіл, әрі қажетті. Тек оны жас ұрпақ пен жастар бойына сіңіре білудің жолын табу керек. Баланы алғашқыда үстіртін болса да, өнер мәнін түсінетіндей дәрежеге жеткізсек, ол өнер туралы білуге, дағды алуға ұмтылатын болады, бұл салада табысқа жетуге тырысып, өнер жөніндегі түсінігін кеңейте түсуді көздейді» деп баланың мәдени дамуына қолөнердің әсері туралы айтқан болатын [10] . Осындай толассыз дамудың нәтижесінде ХІХ - ғасырдың екінші жартысымен ХХ - ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді. Міне осы жоғары өрлеуді қазіргі заман талабына сай, қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін әрі қарай дамыта беруді, жастарды, келешек ұрпақты осы салада оқытуды тереңдету мақсатында көптеген жұмыстар жүргізуге болады. Оның себебі әрбір өскелең ұрпақ өзінің қолөнер шеберлігін арттырып үйреніп, оны өзінен кейінгі ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру.
Қазақ қолөнерінде ою-өрнек өте кеңінен қолданылады. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдардың ою-өрнекпен безендірілмегені өте аз кездеседі. Ою-өрнек қолданбалы қолөнер бұйымдарының тұтыну және эстетикалық мән-мағынасын аша түседі. Сондықтан қолөнер шеберлері жасаған заттардың әрқайсысының қалай әшекейленіп, өрнектелгеніне жеті зер салған жөн.
Ою-өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасып, халқымыздың тарихымен, тұрмыстағы әдет-ғұрып, салт-дәстүріне сай дамып, түрлендіріліп, жетілдіріліп отырған. Жер жүзіндегі барлық халықтарда дерлік ою-өрнек өнері көне замандарда қалыптасып, дамып бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоймай, ірі рухани мәдениет үлгісі ретінде сақталып келеді. Халық шеберлері ою-өрнекпен, сәулетті ғимараттарымен, киім-кешек, жиһаз, қару-жарақ, ат әбзелдерін, зергерлік әшекей заттарын т. б. тұрмыста тұтынатын заттарын безендіріп отырған. Міне осы әдет-ғұрыпты әрі қарай сөндірмей жалғастыру біздің міндетіміз. Әдемілік пен әсемдікке құштарлық адамзатқа тән. Көркем бұйымдар мен зәулім ғимараттар - көз қуанышы. Ол жанды сергітеді. Ежелгі адамдар жын-шайтаннан қорғану және өзін-өзі сәндеу үшін тәндерін нақыштап, киімдерін әшекейлеп, үйлеріне тұмар іліп қоятын. Осының нәтижесінде ою-өрнек пайда болды. Ою-өрнек латынның «оrnamentum» сөзімен мәндес. Оның аудармасы «әшекей, өрнек, бедер» деген мағынаны білдіреді. Көшпелі қазақтар табиғаттың әдемілігіне сүйсіне отырып, өз айналасының сұлулығына аса мән берген. Оған дәлел халықтың ежелгі қолданбалы өнерінің маңызды бөлігін ою-өрнектердің құруы. Ежелгі шеберлер үшін шабыт көзі табиғат өсімдіктер мен жануарлар әлемі болған. Олар ыдыс-аяқты, киім-кешекті, қару-жарақты, үйлер мен ғибратханаларды тамаша әшекейлеген. Тіпті ұлттық билердің де өзіндік ерекшеліктері болған. Бишінің түрлі өрнектер жасап қозғалуы үлкен шеберлікті талап еткен. Сонымен қатар Қазақстаннан табылған ескерткіштерде геометриялық, зооморфтық және өсімдік өрнектер желісіне бай әртүрлі ою-өрнек өнері де байқалады. Халық тіршілігіндегі мүйіз тәрізді оюды ою-өрнек өнерінің бастапқы көзіне жатқызуға болады. Мысалы: қошқар мүйіз, сынық мүйіз (арқар мүйіз), бұғы мүйіз, сыңар мүйіз. Осындай кескіндер, яғни ашатұяқ, құсмұрын, құс қанаты өзінің бастауын сақ кезеңіндегі «аң үлгісінен» алады. Бұл кезеңде Таяу Шығыс өнері ықпалымен пайда болған өсімдік оюларды жатқызуға болады. Бұған жапырақ, үш жапырақ, шиыршық, гүл жатады. Сонымен қатаар геометриялы жіне солярлы үлгілер де қолданыста болған. Тұмарша, ирек тарақ, сүйір, көпқырлы және меандро тәрізді балдақ шынжыр, қармақ тәрізді үлгілерде үш мың жыл бұрынғы малшылардың алғашқы мәдениетінің іздері байқалады. Күнді дөңгелекпен, әлемнің төртбұрышын айшықпен, күн сәулесін шұғыламен көрсеткен. Қазақ ою-өрнегінің негізіне зооморфты өрнектер де жатады. Бұл жан-жануардың әртүрлі мүшесінің бейнесі.
Сондай-ақ, қазақ қыздары өте шебер болған. Олардың кесте тігу аса шеберлікпен орындайтын өнері болды. Кесте жібекке, матаға түсірілді. Жастық тысы, сұлгі шеттері, аяққап, есеқап, қоржын, әйел бас киімдері, көйлекке геометриялық пішіндер, гүл-жапырақ, жұлдыз, ай, күн суреттері берілді. Кілемші қыздар алаша, төсеніш тоқыды. Кілемнің түкті, жолақ, жібек, масаты, мақта, тақыр, қалы кілем деген түрлерін тоқуды білді. Кілем, алаша жіптері қой, түйе жүнінен ұршықпен иірілу арқылы әзірленді. Кілем өрмегін «аспалы өрмек» немесе «кілем өрмегі» деп атайды. Кілем-алашаларға түсірілетін ою-өрнектер алуан түрлі(200-ден астам) болса да, оларды жинақтағанда гометриялық, космологиялық, зооморфтық, өсімдік сипаттас болады. Неғұрлым тән сипаттылары -«айшық гүл», «жұлдыз гүл», «қошқар мүйіз», «күн» өрнектері болып келеді.
Әдеттегі тоқу өндірісінің техникасы өте қарапайым болған. Өрнек тоқуда мосы ағашы(көтерме), қылыш, қазық сияқты құралдар қолданылды. Енді бір деректерде өрмек жабдықтарының қазық, жүгіртпе, арқау, есіп сабау, адарғы, қылыш, күзу қазығы, күзу арқалығы, күзу шабығы, бақылау жібі, күзу көтермесі деген аспаптары болған. Мұндай қарапайым тоқу әдісі көп еңбек, көп уақыт керек еткен. Дегенмен, тоқылып шыққан бұйымдар мейлінше жатық және берік болған.
Сонымен қатар түзу және ойқастыра тоқу тәсілдері көп қолданылады. Түркі халықтарының қолтаңбаларында өрнексіз заттың мәні жоқ. Жалпы қазақ халқы ою-өрнекті қадір тұтқан. Бас киімдегі ою-өрнекке қарап, қай ұлттың ұрпағы екенін таныған, кімнің қазақ, кімнің ұйғыр, татар екенін білген. Қырғыздарда «қошқар мүйіз», «тұмар», «теке мүйіз», ұйғырларда «бадам», «шәдә», өзбектерде «пахта гүл», «бадам» деп аталады. Қазақтардың оюын сипатына қарай теңдеме, жүздеме, сыңар ою деп үш топқа бөледі.
Қазақтың шебер әйелдерінің қолынан шыққан тағы бір бұйымдарының бірі - киіз өте әдемі ою-өрнегімен, мейлінше сапалылығымен ерекшеленген. Ою-өрнектерді киіз бұйымдары текеметтер, тұскиіздер, сандыққаптар, әбдіреқаптар, қоржындар, сырмақтар көшпелі қазақтардың тұрмысында кеңінен қолданылған.
Зергерлік - өте ертеден келе жатырған өнер саласы. Әсіресе, оған қазақ халқы көп көңіл аударады. Әртүрлі сәнді бұйымдар асыл тастардан жасалған қымбат заттар әлгі шеберлер қалдырған халықтық мұра болып табылады.
Қолөнер шеберлерін, суретшілер мен сәнгерлерді ұлттық рухта тәрбиелеуде ою-өрнектің атқаратын рөлі өте зор. Сұңғат және бейнелеу өнерінде, сондай-ақ қолөнер шеберлері жасаған бұйымдарда ұлттық нақыш айқындалып тұру қажет, басқа елдерден қазақтарды өзгеше қылып көрсететін өнер түрі - қазақтың ою-өрнегі. Қазіргі таңда қолөнер шеберлері өздерінің туындыларына ою-өрнекті қолдану үшін өрнектің жасалу принциптері мен техникасын үйренуде. Суретшілер мен сәулет өнерінің сырт пішінін көшірме ретінде пайдаланып қана қоймай, оның мазмұнынан, атаулары мен даму тарихынан хабардар болса, салған суретінде не жасаған бұйымдарында бейнеленген элементтер ерекше түрленіп тұрады.
Қазақ халқының ою-өрнек өнері байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі, әрі кең тараған саласы. Бұл-ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, адам жанына ләззат сыйлайтын, эстетикалық мәні зор өнер. Бүгінгі таңда қазақтың 230-дай оюын ежелден келе жатқан атаулары бар.
Қолөнер шеберлері ертеден ою-өрнек атауларын екі топқа бөліп қарастырған, бірінші топқа ою-өрнектердің тікелей өзіне, түріне қатысты атаулар екінші топқа жалпы ою-өрнек қолданатын бұйымдардың атаулары жатады. Ою-өрнекті теориялық жағынан негіздеу-этнолингвистикалық атауларды лексика-семантикалық топтарға бөлуге қатысты. Нақты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Ою-өрнек тарихы, халық тарихымен жасасып келе жатқан төл мұрамыз екені белгілі. Қазақ тіл білімінде этнолингвистика саласын зерттеу кенжелеп келеді, ал ою-өрнек бұрын соңды қолға алынып, арнайы зерттеу обьектісі болмаған.
Бүгінгі таңда ою-өрнектің практикалық маңызы артып отыр. «Ою», «өрнек» сөздері бір мағынаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру ою деп аталады. Ал киім кешекке, тұскиізге, т. б. қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, басқұрға жіне қоржынға түсірілетінн түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Өрнекті тасқа, ағашқа күйдіріп, қашап, бояп, түсіруге болады.
Қазақ ою-өрнегін көне тәсілмен жасау кезінде шеберлер оның дәлме-дәлдігін сақтамай-ақ, көзбен мөлшерлеп қиып, ою-өрнектің тең пропорциясын жасай білген. Мұны бізге мұра болып қалған көне ескерткіштерден айқын көруге болады. Оюлардың өзіндік көркемдік мәні және сюжеті болады, дегенмен, өрнектегі барлық элементтер ырғаққа бағынады.
Ою-өрнек өнері табиғатында поэзияға, өлеңге ұқсамайтын өнер түрі, соған қарамастан бұлардың екеуі де ырғақ заңдылықтарына бағынады. Ою-өрнектегі ритм заңдылықтары басқаларға қарағанда ақындарға таныс дүние, өйткені өлең жолдарындағы ұйқас пен ырғақты оюлар да сақтайды. Ою-өрнектің құрылымы, ырғақ заңдылықтары бүгінгі күнге дейін ғалымдардың назарынан тыс қалып отыр, себебі өнертанушылардың ою саласына жүргізген ғылыми зерттеулерінде өрнектің даму тарихы мен символикасы ізге қазірше жұмбақ. Соған қарамастан қолөнер саласында ою-өрнек негізгі рөл атқарады. Поэзиядағы өлең жолдарындағыдай мазмұн мен ритмді ою-өрнектер берік сақтайды. Ою-өрнек элемент ретінде жай қосалқы түрде бейнеленетін элемент жоқ, оюлардың бәрінің мазмұны бар.
Ою-өрнек өнері мүсін немесе сұңғат сияқты өз бетімен өмір сүре алмайды, әрқашан қосалқы рөл атқарады. Оны біз сәулет өнерінен, үй жиһаздарына, сандыққа, кебежеге, бесікке, жүкаяққа, ұлттық киім-кешекке, ер-тұрман, қару-жараққа салынған оюлар ретінде қабылдаймыз, яғни ою-өрнекті қандай да бір болмасын бір затпен байланыссыз елестете алмаймыз. Қазақ ою-өрнегіне зер салған адам әрбір бұйымда бейнеленген ою-өрнектің тақырыптық мазмұны, құрылымы, тепе-теңдігі мен ырғағы, ең бастысы, өзіндік философиялық мәні бар екенін байқау қиын емес. Ою-өрнекті салып не қиып дағдыланған шебер өлең жазатын ақын секілді, табан астында-ақ мағынасы мен құрылымы сәтті үйлескен ою үлгісін өз қиялынан шығарып, сол сәтте қиып бере алады. Ол үшін тәжірибенің молдығымен қоса, ой қиялдың ұшқырлығы қажет. Қолданбалы өнер түрлері ішінде бір жүйеге келтірілгені ою-өрнек. Өрнектің жай немесе күрделі элементері бірнеше қайталанса да симметрия заңы берік сақталады. Көне дәуірдегі қолөнершілер «егіз» өрнегін немесе егіз аңды, жануарды бейнеленгенде өмірде бейбітшілік пен тепе-теңдікті сақтау ұғымын білдірген. Барлық ою-өрнек симметриялық принципті берік сақтайды, әрбір ою-өрнектің негізі, яғни симметриялық осьі болады. Симметриялық ось табиғатта өсімдіктерде көп кездеседі, гүлдердің, өсімдіктердің діңі симметриялық осьті білдіреді. Қолөнерде де сол заңдылық қатаң сақталған. Киізден, ағаштан, темірден жасалған кез келген затты бұйымға бейнелегенде оның осьіне арнайы салынатын ою-өрнек элементтері болады, олар-өрнектер: «күн», «күн көзі», «жұлдыз», «жұлдыз гүл» өрнектері. Егер бір осьтің бойына қатар-қатар бірнеше элементті орналастырсақ, шексіздікке ұласатын «шет оюды» алуға болады. Шексіздікке ұласатын бұл ою көбінесе бұйымның жиегіне немесе бірнеше элементтерімен қайталаана отырып, белгілі бір ретпен орналасады және ою-өрнектердің араларын бөлу үшін қолданылады. Ал көбінесе «шет оюды» аралас элементтерден құралған композицияның жазықтығын қоршау үшін немесе бұйымның жиегіне орналастырады. «Шет оюға» ассиметрия жасап, басқа түрге аударсақ та, «шет оюдың» бастапқы нұсқаларын көруге болады. Қолөнердің барлық саласында оюды қосалқы өнер ретінде пайдаланып келдік, жеке бейнелеу туындысы сияқты өрнек элементтерінің суреті салынып, қабырғаға ілінбейді. Қазір тек «шымши» өнерінде ғана ою-өрнектің абстрактілі түрі бейнеленіп, қабырғаға ілінеді. Мүмкін болашақта ою-өрнектің мағынасын, логикалық күшін түсіндіре отырып, оюдың әр элементін көркем туынды ретінде қабырғаға әсемдік үшін ілетін болармыз. Өйткені ғасырлар бойы «тұмар», «ұмай», «қошқар мүйіз» ою-өрнегінің магиялық күші бар деп сенген ата-баба дәстүрінің әлі де ашылмай жатқан құпия сыры бар.
Ою-өрнектің көне атаулары-халықтың тарихы мен мәдениетінен, ұлттық ерекшелігінен, ертедегі дүниетанымынан мол мағлұмат беретін құндылық. Олар - халықтың өткен тарихы, рухани, мәдени-материалдық өмірінің айнасы. Қазақ тіліндегі ою-өрнек атауларының шығу төркіні сан-салалы болғанымен, олардың атауларында тек қазақ тіліне ғана тән сөздер, яғни түркі тілдеріне ортақ атаулар ғана кездеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz