Мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру



І МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КӨРКЕМДІК.ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА НЕГІЗДЕУ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік.шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың мәні мен маңызы
1.2 Балалардың көркемдік.шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың ерекшеліктері
ІІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КӨРКЕМДІК.ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Балалардың көркемдік.шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру кезеңдері
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік.шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңдағы жаҺандану үрдісінің басты ресурсы жан-жақты дамыған белсенді шығармашыл тұлға болғандықтан, өркениетті даму білім мен тәрбиенің жаңа сапасын талап етеді. Кез келген дамыған өндіріс қазіргі таңдағы шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс-әрекеті ақыл-ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс-әрекетке тасымалдай алуға негіздейді.
Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік [1].
Қазақстан Республикасының 2007 жылы қабылданған "Білім беру туралы Заңында" жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі деп көрсетілген. Олай болса мектепке дейінгі балалардың көркемдік-шығармашылық қасиеттерін қалыптастырудың маңызы өте зор [2].
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыру жөнінде өз ойларын көптеген ғалымдар өздерінің еңбектерінде зерттеген. Олар: Қазақстан Республикамыздың аса көрнекті ғалымдары М.М.Мұқанов, Т.Т.Тәжібаев, Қ.Б.Жарықбаев, Ж.М.Әбділдин, Т.С.Сабыров, Б.А.Жетпісбаева, А.Т.Кенжебаева, Т.У.Оспанова, Р.Ш.Сыздықова, З.С.Сатқаева, Д.Ж.Кішібаева, А.Ш.Орақова, Б.А.Тұргұнбаева, Б.Ш.Байжұманова [3;4;5;6;7;8;9]; Ресей ғалымдары А.Г.Ананьев, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, А.Н.Леонтьев, Л.С.Выготский, Г.С.Альтшуллер, Н.С.Лейтес және т.б. [10;11]; көрнекті педагогтар: Ы.Алтынсарин, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко [12;13]; шығармаларында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары қарастырылады. Қосымша білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылығын дамыту мәселесін Ресей педагог - ғалымдары Парамонова Л.А, Грибовская А.А., Обухова Л.Ф және т.б. зерттеген [14;15;16].
Шығармашылық дегеніміз – ол адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой туып, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі [17].
Психологиялық тұрғыда шығармашылық процесс дегеніміз – үнемі білімдер мен ептіліктерді өз бетімен жаңа жағдайға өткізу болып табылады
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. ҚР-ның президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына арналған Жолдауы. 2010 жыл. 29 қаңтар.
2. Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы Заңы". 2007 жыл 27 шілде.
3. Мұқанов М. Қабілеттілік және оны тәрбиелеу. Алматы., 1960ж.
4. Т.Т.Тәжібаев. “ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ойлар” 1965 жыл.
5. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері: Оқулық. Алматы: Эверо,2010.
6. Сабыров Т.Оқыту теориясының негiздерi [Текст] : педагогикалық колледжiлер мен училищелерге арналгаң дидактикалық оқу құралы / .- Алматы : [б. и.], 1993.
7. Оспанова Т.У.Развитие творческих способностей на уроках музыки [Текст] : учебно-методическое пособие / - Алматы : Ғылым, 2003.
8. Кішібаева Д.Оқушыларды шығармашылыққа баулуда белсенділігін, қызығушылығын, арттыру жолдары. // Бастауыш мектеп. - 2009. - №3.
9. Орақова А. Ш. Педагогикалық консилиум / - Алматы: [б. и.], 2008
10. Л.В.Занков. Обучение и развитие /. М.: Педагогика, 1975. – 345с.
11. Выготский Л.С. Собр. соч. в 6-ти т. – Т.3. – 1983. – 560 с.
12. Алтынсарин Ы. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991.
13. К.Д.Ушинский “Адам – тәрбиенің пәні” (“Педагогикалық антропология”). 1867 жыл.
14. Парамонова Л.А. Теория и методика творческого конструирования. – М.:Академия, 2001.
15. Грибовская А.А., Левченко Т:А. Народное искусство и детское творчество. Метод.пособие для воспитателей. – Алматы, Просвещение – Казахстан
16. Обухова Л.Ф. Детская возрастная психология. Москва, 1996 г.
17. Эльконин Б.Д. Психология развития: Учебное пообие для студентов высших учебных заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2001. – 144 с.
18. Жарықбаев Қ. Жалпы психология жоғары және арнаулы орта оқу орындарының, пединституттардың педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі факультеті студенттеріне арналған оқулық.- Алматы, 2004. – Білім, 1993. – 378 б.
19. Байжуманова Б.Ш. Психологические особенности развития творческих способностей у детей младшего школьного возраста: Дисс. … канд. психол. Наук. – Шыкент, 2002. – 154 с.
20. Жамәділов Н.Д. Республикамыздағы мектепен тыс жұмыс ұйымдардың даму болашағы. – А.: Қосымша білім және тәрбие. Внешкольник Казахстана. – 2006. - № 5. - С. 6-11.
21. Жамәділов Н.Д. Республикадағы әр түрлі бағыттағы мектепен тыс ұйымдардың қызметіне талдау. – А.: Қосымша білім және тәрбие. Внешкольник Казахстана. – 2007. - № 1 (9). - С. 5-8.
22. Платонның “Теэтет” (білім туралы) еңбегі. 367-361 жж.
23. И.Кант. “Пікір қабілеттілігіне сын”. 1790 жыл.
24. Грузенберг С.О. Введение в психологию и теорию творчества. 2-е издание. – М., 1984. – 211 с.
25. Гольдентрихт С.С., Коршунов А.М. Диалектика и теория творчества. Издательство МГУ. 1987 г
26. Морозов А.В. Диагностика креативности. Монография. – М., 2001. – 510с.
27. Маслоу А. Самоактивизация личности. Тексты. – М., 1982. – 45 с.
28. Ж.Аймауытов. «Тәрбиеге жетекші» 1924 ж.
29. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Мектеп, 1989. – 48 б.
30. Л. С. Рубинштейн «Жалпы психология негiздерi». 1940 жыл
31. Б.Г.Ананьев «Адам танымның пәні ретінде». 1969 жыл.
32. Ә.Қоңыратбаев “Сұр көжек”, “Ғ. Мұратбаев туралы естеліктер, “Қозы Көрпеш” еңбектері.
33. Тілешева, С. Әдебиет сабақтарында манерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру (IV-VII кл.): мұғалімдерге көмекші құрал / - Алматы: Мектеп, 1984 ж.
34. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. Алматы «Ғылым». 1998, 137б
35. Мұхамедин М. Оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын қалыптастыру негiздерi/М. Мұхамедин // Iзденiс, 2001.-№6.
36. А.Н.Лук. "Теоретические основы выявления творческих способностей" 1979 год.
37. Блонский П.П. Теория деятельности и социальная практика , 1996. - №5. – С. 21-25.
38. Б.Тұрғынбаева. «Шығармашылық қабілеттері және дамыта оқыту» 1999 ж.
39. Гилфорд Дж. Три стороны интеллекта // Психология мышления / Под ред. А.М. Матюшкина. – М., 1965. – С.433-456.
40. Torrance E.P. Guiding creative talent - Englewood Cliffs, W.J.: Prentice-Holl, 1964.
41. Құнанбаев А. Шығармалар жинағы. – Алматы, 1988. – 151 б.
42. Вольтер. Дерексіз философ.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңдағы жаҺандану үрдісінің басты ресурсы жан-жақты дамыған белсенді шығармашыл тұлға болғандықтан, өркениетті даму білім мен тәрбиенің жаңа сапасын талап етеді. Кез келген дамыған өндіріс қазіргі таңдағы шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс-әрекеті ақыл-ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс-әрекетке тасымалдай алуға негіздейді.
Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында "Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет" деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу - мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік [1].
Қазақстан Республикасының 2007 жылы қабылданған "Білім беру туралы Заңында" жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі деп көрсетілген. Олай болса мектепке дейінгі балалардың көркемдік-шығармашылық қасиеттерін қалыптастырудың маңызы өте зор [2].
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыру жөнінде өз ойларын көптеген ғалымдар өздерінің еңбектерінде зерттеген. Олар: Қазақстан Республикамыздың аса көрнекті ғалымдары М.М.Мұқанов, Т.Т.Тәжібаев, Қ.Б.Жарықбаев, Ж.М.Әбділдин, Т.С.Сабыров, Б.А.Жетпісбаева, А.Т.Кенжебаева, Т.У.Оспанова, Р.Ш.Сыздықова, З.С.Сатқаева, Д.Ж.Кішібаева, А.Ш.Орақова, Б.А.Тұргұнбаева, Б.Ш.Байжұманова [3;4;5;6;7;8;9]; Ресей ғалымдары А.Г.Ананьев, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, А.Н.Леонтьев, Л.С.Выготский, Г.С.Альтшуллер, Н.С.Лейтес және т.б. [10;11]; көрнекті педагогтар: Ы.Алтынсарин, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко [12;13]; шығармаларында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары қарастырылады. Қосымша білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылығын дамыту мәселесін Ресей педагог - ғалымдары Парамонова Л.А, Грибовская А.А., Обухова Л.Ф және т.б. зерттеген [14;15;16].
Шығармашылық дегеніміз - ол адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой туып, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі [17].
Психологиялық тұрғыда шығармашылық процесс дегеніміз - үнемі білімдер мен ептіліктерді өз бетімен жаңа жағдайға өткізу болып табылады, білім өз бетінше жүзеге аса, соғұрлым ілімді қолдану шығармашылық сипатта болады, - деген анықтама берілген [18].
Оқушының шығармашылық мүмкіншілігінің дамуы, оның жеке бастық қасиеттерінің бірі болып табылады. Егер шығармашылық әрбір адамның жеке психолоиялық қасиет болса, онда оның жеке басының психологиялық қасиеттерінің ерекшелігі сол шығармашылығыннан көрінеді. Әрбір жас кезеңдерінде шығармашылық потениалдың дамуы, баланың сензитивтік кезеңіне, оны тиімді пайдалана алуына тікелей байланысты жүзеге асады [19].
Бүгінгі күннің негізгі талабы - білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру. Балаларда әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті ұрпақты тәрбиелеп оқыту - педагогиканың маңызды мәселелерінің бірі.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы қосымша білім берудің алдында тұрған негізгі міндеттері: қосымша білімнің қазіргі жалпы орта білімнің құрамдас бөлігі ретінде маңыздылығын және мәртебесін қалпыта келтіру; білім беру ұйымдарында жеке тұлғаның жалпы адамзаттық құндылықтар, қазастандық елжандылық және азаматтық идеясы негізінде қалыптасуына және еркін дамуына бағытталған кешенді тәрбие бағдарламасын ары қарай жүзеге асыру; педагогтердің бала тәрбиесіндегі дәстүрлі тәсілден адамгершілік, тұлғалық бағдарлы тәсілге қайта бейімделуі. Баланың өмірдегі орның өзі белгілеуге көмектесу; дәстүрлі және қазіргі тәрбие технологияларына қолдау көрсету. Этнопедагогика игеру, озық дәстүрлі халықтық педагогиканы іске асыру және осы негізде балаларды бабалар мәдениетіне және ұлтаралық достыққа тарту; мектептен тыс ұйымдардың вариативтік тәрбие жүйесін, түрлі типті мектептен тыс ұйымдардың қызметтерін ерекшеліктерін және білім беру бағдарламасының түрлерін зерделеу; жеке тұлғаның психологиялық ерекшелігінің жүйелік есебін, баланың шығармашылық қабілеті мен қызығушылығын тану әдісін пайдалану негізінде қосымша білім және тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру формалары мен мазмұнын қалыптастыру [20.].
Бүгінгі күнде республикамызда 541 мектептен тыс ұйымдар жұмыс істейді. Онда республикадағы барлық оқушының 11,2% (300 мыңнан астам бала) қамтылған. Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйлері, сарайлары, жас техниктердің, туристердің, натуралистердің станциялары мен базалары, балалардың музыка, көркемөнер, өнер және спорт мектептерінде қосымша білім беретін 12 мыңнан аса педагог баланың ерікті таңдауына сәйкес шығармашылық қабілетін дамытуға көмектеседі [21].
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылықтарын сабақтан тыс уақытта дамыту шарттарын мына түрде көрсетуге болады: қосымша білім беру педагог, ой-өрісі кең, жан-жақты білімдар, өз мамандығының шебері болуы керек; оқушының қосымша білім беру педагогпен бірлесе отырып өз шығармашылық қабілетінің жеке бағдарын құруы; ыңғайлы жоспардың жасалуы және шығармашылық жұмыстардың белгілі кезеңдерінің орындалу жүрісі; баланың шығармашылығын дамыту үшін оқу процессін тиімді ұйымдастыру іс-әрекеттің субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, сабақтан тыс мезгілде шығармашылық тапсырмаларды тиімді қолдана білу қажет.
Сондықтан оқыту әрекетінде қосымша білім беру педагог және оқушының тығыз байланысы болуы, педагог бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, оның өзіне деген сенімділігі арқылы ғана баланың шығармашылығын дамытуға болады.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдар балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамытуда ұйымдастырылан оқу іс-ірекеттері барысында балалармен жұмыс түрлері жүйелі түрде ұйымдастырыла бермейді. Осы қарама - қайшылықтарды ескере отырып, балалардың көркемдік-шығармашылық қабілетерін дамыту мақсатында Мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру тақырыбын зерттеуге алдық.
Зерттеу жұмысының мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және мектепке дейінгі ұйымдарда баллардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру жолдарын ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеті:
- мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу;
- мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтап, негіздеу;
oo мектепке дейінгі ұйымдарда баллардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру жолдарын ұсыну.
Зерттеу жұмысының пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының обьектісі: мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының болжамы: егер мектеп жасына дейінгі балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен тапсырмаларды, қиялдау арқылы сурет салғызу, ұнатқан кейіпкеріне мінездеме бергізу, ой шапшаңдығын, өз байлығын дамытуда өлең шығармаларын құрастыру, мәтін, әңгіме, ертегіне өз бетінше аяқтау сияқты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп отырса, онда балалардың қиялы, ойы және көркемдік-шығармашылық қабілеттері дамиды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен (теориялық, практикалық), қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КӨРКЕМДІК-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА НЕГІЗДЕУ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың мәні мен маңызы

Қоғамдық тәжірибедегі көркем-эстетикалық тәрбиенің негізгі функциялары жеке бастың көркемдік, рухани дүниетанымын сұлулық пен руханилық нормаларға сай эстетикалық идеал тұрғысынан қалыптастыру, олардың көркем талғамдарымен сұраныстарын, қажеттіліктерін және көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, шығармашылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру қажеттілігі әлі күнге дейін маңыздылығын жоймай отыр.
Антикалық философияда шығармашылық кез келген іс-әрекеттің нәтижесі ретінде қарастырылады. Адамның жоғары әрекетке ұмтылуын мақсат еткен Эрос туралы ілім Платон еңбектерінен бастау алады. Платон шығармашылықты адам табиғатының шексіз мүмкіндіктерімен байланыстырады [22].
Класикалық неміс филсофиясының өкілі И.Кант еңбектерінде шығармашылық адам еркіндігі мен субъективтілігіне тікелей қатысты адамның саналы және санадан тыс іс-әрекетінің бірлігі ретінде сипатталады [23].
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы шетел философиясында механикалық-техникалық іс-әрекетке қарағанда шығарамашылық әркеті басымдыққа ие және өзара қарама-қайшылықта айқындалады. Шығармашылық - өмір мәні, жаңалықтың дүниеге келуі, субъективті құрастырмалы іс-әрекетке қарама-қайшы объективті түрде жүзеге асырылатын құбылыс (табиғатта-дүниеге келу, өсу, жетілу процесі, санадағы жаңа кейіп-бейненің пайда болуы).
Орыс педагогы С.О.Грузенберг шығармашылық теориясының бірнеше түрін ұсынады: философиялық, психологиялық, интуитивтік (түйсінуге негізделген) [24]. Ал бүгінгі күннің шығармашылық іс-әрекет саласындағы зерттеулер шығармашылық теориясының төртінші түрі ғылыми-теорияны дүниеге әкелді.
Шығармашылықтың қозғаушы күші - қарама-қайшылық, шығармашылық мазмұны - қарама-қайшылықты шешу, ал сұраныс пен қажеттіліктерді қанағаттандыру - шығармашылықтың мақсаты.
Шығармашылықтың - тұлғаны дамытудағы әмбебап механизмі, шығармашылық даму деңгейі - жалпы тұлғаның даму көрсеткіші бола алады. Философтар С.С.Гольдендрихт пен Л.А.Пьянова атап көрсеткендей, шығармашылықтың негізі адам жан дүниесін жаңғырту [25].
Сонымен, шығармашылық - адамның әлеуметтік күші арқылы өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру жүзеге асырылатын жаңартушы және жалпы мәдени-тарихи өзіндік іс-әрекет.
Шығармашылық - өзін-өзі оң бағалауға мүмкіндік беретін және өз дамуында индивидтің өзін-өзі дамытуын қамтамасыз ететін күш. Бірақ әлеуметтік факторлар жеке тұлғаның имманентті қасиетін басып, оны қоршап, жеке тұлғаның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік бермейді. Сөйтіп, гуманистік психологияда шығармашылық табиғатын анықтауда негізгі бағыт заттар мен идеялар саласындағы жаңа өнімдерге емес, сол процестің өзіне, оның жағымды динамикасына басымдық береді. Сонда оның өлшемі болып нәтижесінің сапасы емес, шығармашылық іс-әрекетті белсендіруші сипаттар мен процестер болып табылады, себебі шығармашылықтың өзі - бұл рухани, білімдік толықтырушы космологиялық процесс.
А.В.Морозов, Р.М.Голубчик т.б. зерттеушілер шығармашылық ұғымына берілген көптеген анықтамалардың ішінен жалпы ұстанымдарды белгіледі:
● шығармашылық - жаңа тәсілге сәйкес қажеттіліктерге бейімделу қабілеті, жаңаша бейімделу ғана даму мен өсуге түрткі болады.
● шығармашылықты зерттеудің үш аспектісі бар: нәтиже, адам және процесс.
● адам бойындағы жаңарулар, жаңа нәтижеге жету процесс сипаты ретінде жаңашылдық, үйлесімділік, ізденімпаздық қажеттілікті қанағаттандыру және мақсат қою қабілеттері есептелінеді;
● шығармашылық нәтиже түрі сан алуан [26].
Е.А.Колесникова зерттеулерінде шетелдік және отандық психологтар еңбектеріндегі шығармашылық ұғымына берілген теориялық түсінік ерекшеліктеріне талдау жасалынған. Оның ішінде гуманистік бағыттағы: шығармашылық көзі - тұлғалық өсуге деген ынта деп дәлелдеген психологтар Г.Олпорт пен А.Маслоу ұстанымдары. А.Маслоу: Шығармашылықты - өзіндік өзектендіруге деген қажеттілік, өз қабілеттері мен өмірлік мүмкіндіктерін еркін және толық жүзеге асыру, - деп түсіндіреді [27].
Қазіргі ғылым жетістіктері шығармашылық барлық адамдарда болуға тиісті сапа және де қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда, кез-келген баланы көтеруге болатындығы жайында көп айтылды. Өкінішке орай бұл түсінік әлі барлық адам санасынан берік орын алған жоқ. Сондықтан мұғалімдер, ата-аналар, тәжірибелер алдында бала шығармашылығының бастауын, қайнар көзін ашып, оның тұлғалық тұғырғы көтерілуіне жағдай жасау міндеті тұр.
Бүгінгі таңда жеке тұлғаны дамытудың жағаша көзқараспен қарап, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру талап етілуде. Қазіргі мақсат - жас ұрпақтан өркениетті қоғамның еріктің өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын, адамгершілік, ізгілік мінез-құлқы қалыптастан шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Іс-әрекеттің жекелеген түрін ойдағыдай, әрі нәтижелі етіп орындаудан көрінетін ерекшелікті - қабілет деп атайды. Қабілеттің негізгі түрінің бірі- жалпы күрделі қабілет. Жалпы күрделі қабілет-білім беру үрдісінде қалыптасқан жеке тұлғаның интеллектуалдық ұйымдастырылуы.
Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Бүкіл бір халықтың ұстазы Абай өзінің 43-ші қара сөзінде бала өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды, шыңдауды қажет ететін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.
Бар өмірін ағарту, тәлім-тәрбие арқауы деп ойлаған үлкен жүректі ұстаз Ы.Алтынсарин арнайы психологиялық еңбектер жазбаса да, алуан түрлі, сандарлы ойға толы шығармаларында адамның тағдыры туысынан белгіленбейтіндігін, адамдық қасиеттердің, қабілеттердің қалыптасатын жері-өмір талқысы, әрекет ету екенін ескертеді[12].
Ғасыр өткен сайын ұрпақ туралы ойлар өз жалғасын тауып келеді. Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров т.б. баламен жұмысты жас кезеңнен бастауды, туған халқының әдет-ғұрпы салт-дәстүрі, мәдениеті арқылы тәрбиелеу керектігін өз еңбектерінде атап көрсеткен [28;29].
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі, қабілеті жоқ адам болмайды деген пікір айтады. Сол себепті балалардың кеңінен өрістете дамытуда мектеп мақсатты түрде ықпал ете алады.
Баланың шығармашылық қабілеттерін талдау ең алдымен қабілет ұғымына тоқталып, мәнін түсінуді талап етеді.
Күнделікті ауызекі сөзде қабілет деген атауды жиі қолданамыз. Мәселен, мұғалім оқушыға мінездеме бере отырып, оның бір пәнге деген қабілеті күшті екендігін атап өтеді. Психологтардың зерттеулері бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болатынын атап айтқан.
Қабілет біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Қабілеттің өлшемі - белгілі бір істің нәтижелі орындалуында. Философияда қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.
Соның ішінде қазақ психологы Қ.Жарықбаев, қабілет деп -белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әртүрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін атайды [5].
Ал, Т.Тәжібаев: Қабілет іс -әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауында көрінетін жеке қасиеті,-деп жазды [4].
Педагогика және психология түсіндірме сөздігінде, қабілет-бір іс-әрекетті орындаудағы тұлғаның жеке дара қасиеті. Сонымен қатар белгілі бір іс-әрекетті берілген уақыт ішінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сапалар: білік, тәжірибе, шеберлік, талант,-деген анықтама берілген.
Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрінеді. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің икемділік пен дағдының болуына байланысты болады.
Қабілет ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны өте көп. Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген С.Л.Рубинштейн іс-әрекеттің қабілет дамытудағы ролін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттердің әрекетте дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастықта қарастырылатын болды [30].
Қабілеттер жайлы ой пікірлерді әрі қарай өрбіте отырып, Б.Г.Ананьев қабілеттер тек білім, білік жиынтығы ғана емес, оларды қолдана білудегі дербестік, саналылық, шығармашылық деген пікір айтады [31].
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін көтеру тәжірибе барысында, білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынумен байланысты түсіндіруге болады.
Яғни, шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық,жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізді.
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, балада шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен мәселе болып саналады. Себебі, өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді.
Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын шығармашылық теориясын жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық оқу тапсырмаларының негізгі мақсаты-бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соңғы шешімдер іздестіру болып табылады.
Көрнекті педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин А.С.Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса [12; 13], бала шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын [29].
Республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә.Қоңыратбаев, С.Тілешева жоғары сыныптарда шығарма жазғызу жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса [32;33], Қ.Ә.Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы-оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту [34], М.Мұхамедин ойын арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды [35]. Шығармашылық - жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Осы саланы тереңірек зерттеген дәрігер әрі психолог А.Н.Лук әрекет нәтижесінің шығармашылық деңгейге көтерілуі ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты деген пікір айтады [36].
Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде: мәселені қарастырудағы қырағылық, көрегендікті, ақпаратты жүйке жүйесіне қол арқылы хабарлауды, тасымалдай білуді, ақылдың икемділігін, ойдың оралымдылығын, әрекетті бағалай білуді көрсетеді.
Әрекеттің шығармашылық қабілеттерді дамытуы үшін қажетті ахуалдың болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі шамадан тыс сынау сияқты психологиялық кедергілермен күресу қажеттілігіне тоқталады.
Жоғарыда аталып кеткен еңбектерде шығармашылық қабілеттердің белгілерін анықтау, шарттарын айқындау, аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды. Шығармашылық педагогикасының басты мақсаттарының бірі де осы. Мақсатқа жету үшін берілетін оқу тапсырмалары да күрделі, өз ойын жетілдіруге, шығармашылыққа баулуға құрылуы тиіс.
Мектепке дейінгі балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез-келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез-келген обалашығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы-ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады да, нақты жағдай шешу арқылы нәтижеге жеткізетін шығармашылық қабілеттерді дамытады.
Бүгінгі балалар кез-келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. Л.Н.Толстой Ясная Полянадағы мектебінде бала тек іс-әрекет, ойлау еркіндігі бар жағдайда ғана шығармашылық қабілеттерін дамыта алады деген қағида басшылыққа алынып, оқу, оның мазмұны баланың тұлға болып қалыптасуына қызмет ету керек деген бағыт ұстанады. 1862 жылы жарияланған Шығарма жазуды кім кімнен, шаруа балалары бізден бе, әлде біз шаруа балаларынан үйренуіміз керек пе?-атты мақаласында өз оқушылары Семка мен Федькаға еркіндік бергені сол-ақ екен, олар, осыған дейінгі орыс әдебиетінде болмаған шығарма жазғандарын келтіреді. Л.Н.Толстой егер бала мектепте бір нәрсе жасауға, ойлап табуға үйренбесе, тек біреуді қайталаса, еліктесе, ол үлкейгенде де өздігінен ешнәрсе шеше алмайтын адам болады деген.
Бұдан шығатын қорытынды: бала әдемі, байыпты, мақсатты ұйымдастырылған шығармашылық жұмыстардың қатысушылары болғаны дұрыс. П.П. Блонский сөзімен айтқанда, ол-біліммен толтыратын бос ыдыс емес, ол-жануға тиісті шырақ, ұстаз шырақшы ғана [37].
Б.Тұрғынбаеваның Шығармашылық қабілеттері және дамыта оқыту (1999 ж.) атты оқу құралы тәрбиешілердің қолына тиді. Бұл оқу құралында әдіскер шығармашылық қабілет жайлы теориялар, дамыта оқытуды қалыптастыру, тәжірибелер туралы сөз етеді. Әсіресе, балалар мен жүргізілетін жұмыстар, тапсырмалардың берілуі орын алған. Қазіргі педагогикалық-әдістемелік баспасөз беттерінде де шығармашылық жұмыстар туралы азды-көпті материалдар беріліп жүр. Мұның бәрі қазіргі өмір талабы қанағаттанарлық дәрежеде көрініс таба алмай отыр. Осы орайда зерттеуші педагог- психолог ғалымдардың назарын аударған пробеламалардың бірі бұл балалардың шығармашылық қабілетін дамыту болып отыр. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесіне келгенде ең әуелі біз зерттеу проблемамыздағы негізгі категория-шығармашылық ұғымының мәнін анықтауға келеміз [38].
Шығармашылық сөзінің төркіні, этимологиясы шығару, ойлап табу керек, дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Көрнекті психолог Л.Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған [11]. Шығармашылық-өте күрделі процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне кез-келген баланы көтеруге болатынын көп айтуда.
Шығармашылық дегеніміз - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Ал Б.Тұрғынбаеваның әдістемелік оқу құралында шығармашылық туралы айтылған ойлары мен жасалған тұжырымдамалары талдай отырып: Шығармашылық-бұл қайшылықтарды шешуге бағытталған, ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, нәтижеде әлеуметтік не жеке адам үшін мәні бар соңы жаңалыққа әкелетін адам әрекеті- деген тұжырымын жасайды.
Зерттей келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары шығармашылық сөзімен жаңалықпен қатар белсенділік ұғымдары астарласа қолданылып жүр. Сонымен бірге шығармашылыққа мынадай анықтама береді.
Шығармашылық - бұл өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән деп көрсетіледі. Бірақ біз осы айтылғанның: Шығармашылық барлық адамға бірдей тән бе? Шығармашылық кез-келген адамның бойында кездесеме? деген сұрақтар туындайтының аңғарамыз. Ия, біз ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді - деп қарастырып келдік.
Дж.Гильфорд, шығармашылық-әр түрлі бағытта жүретін ой түрі,- деп қарастырады.Ол шығармашылықтың төмендегідей параметрлерін белгілеген:
1. проблеманы көре білуі қабілеті;
2. идеяны талдай білуі қабілеті;
3. идеядан негізгі өнімді ала білу қабілеті;
4. оригиналдылық:
5. идеяны жетілдіре білу қабілеті;
6. талдай және жинақтай білу қабілеті [39].
Е.П.Торранс шығармашылық деп қабылдаудағы кемшіліктерді көру қабілеті,-деп түсіндіре отырып, құрамын төмендегідей сипаттайды:
1. Проблеманы шешуге жауапкершіліктің пайда болу процесі;
2. Проблеманы шешу жолдарын қарастырып, болжам жасау;
3. Тексеру, болжам дұрыстығын тексеру;
4. Орындалған тапсырманың нәтижесін тауып, хабарлауы [40].
Психологтардың зерттеулері бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулаға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады екен. Сондықтан бала-бақшадан бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей әрі жүйелі, әрі сатылы түрде шығармашылыққа баулып, ақыл-ойын, икемдігін дамытып отыруы қажет дейді. Бұл жас ой қызметіне ерекше ынтамен ұмтылып тұратын кезең, алғырлығы, шапшаңдығы, сезімталдығы басым кезең. Ештеңені жасырып, іркіп қалмай, ішіне сақтап тұра алмайды, нені болса да ашық, еркін айтады. Мақтау сүйгіш, тәрбиеші жетегіне тез көнгіш - таптырмайтын тамаша қасиеттері бар кезең. Дегенмен, қайшылығы да мол кезең. Бала бойындағы қасиеттердің бар шығармашылық үшін тиімді-тиімсіз жақтары үнемі қатар келіп, бірін-бірі жоққа шығарып отырады.
Мектеп жасына дейінгі балалармен шығармашылық жұмыс кезеңіндегі тиімді жағы: дүниені қиялына қиыстыра алады, белсенділік көрсетеді, жетелеп отыруға еріп отырады, үлкендердің ой-пікіріне қатты сенеді, сурет салуға құмар болып келеді.
Ал тиімсіз жағы: қиялы тұрақсыз, бір образды, сюжетті ұстап тұра алады, шығармашылықты ойын ретінде қабылдайды, бастаған ісін аяқтауға шыдамсыз, балаларды өзіндік сын мүлдем жоқтың қасы, сөзді құбылтып, қолдануға шебер емес.
Міне, осы аталған жайттарды ескере отырып, әр сабақта балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырып отырған дұрыс. Яғни бала әдемі, байыпты, мансатты ұйымдастырылған шығармашылық жұмыстардың қатысушылары болғаны дұрыс.
Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі сапалық қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы: алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Белгісіздік кезеңіндегі бас қатырулар табандылық, танымдық белсенділік, эрудицияны қалыптастырса, еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл-күйге бөлеп, жаңа істерге жігерлендіреді. Мұның барлығы Мектеп жасына дейінгі балаларында болуға тиісті қасиеттер болып табылады.

1.2 Балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың ерекшеліктері

Қазіргі таңда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін баланы неге үйрету керек, қалай үйрету керек, әлде оны өз үйрене ала ма деген сұрақтар тууы мүмкін. Ол үшін оған алдымен тәрбиеші дайын болуы керек. Балаларды шығармашылыққа үйрету үшін:
-шығармашылықпен жеке-дара бала емес, топтың балалары айналысуы үшін жағдай, мүмкіндік туғызуы керек;
-шығармашылық процеске баланы үзбей, сатылы түрде қатыстырған жөн;
-шығармашылық жаттығу, ойын-тапсырмалардың мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына сай тұрған дұрыс;
-бала жетістігін мадақтап, көтермелеу керек.
Осы бір ерекшеліктерді баланың шығармашылық қабілетінің дамуына дұрыс бағыттап, арнайы жаттықтыра отырып мақсатты түрде дамыту талантты, шығармашыл адамдар санын көбейтіп, ұлттың ұлыларын еселеуге үлес қосады. Жаңа құндылыққа негізделген педагогика бала бойына жаңашылдық дәнін ерте егуін, оның жаратушылық қабілеттерін тұрақты қолдап, дамытып отыруды көздейді. Ал мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден кез-келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез-келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы- ол баланың өзін-өзі қалыптастыруын, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Екі әрекетте балалар екі түрлі мүдделер көзделген әртүрлі мақсаттар шешеді. Мысалы: оқу әрекетінде белгілі бір ережені меңгеретін, дағдыны қалыптастыратын жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев адамды қоршаған орта - табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы - туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы қасиетті біртіндеп жоғалта береді. Ұлы ойшыл адамның ойы мен санасы еңбек іс-әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды: "Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады".
Абай "жетінші қара сөзінде" баланың ақыл-ой, қабілеттілік туралы мынадай пікір айтады: "Жас бала анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін тартып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ежетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тура жүгіріп, "ол немене?", "бұл не?", деп "ол неге үйтеді?", "бұл неге бүйтеді?" деп, көз көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген" [41].
Баланың білсем, үйренсем деген талабын ұштайтын, жеке ерекшелік қасиет, қабілеттерін ескере отырып оларды біліммен, іскерлік, дағдымен қаруландыратын, танымдық ой-өрісін және шығармашылық әлеуетін дамытатын тәрбиеші-ұстаздың ерекше мақсатты қызметінің қажеттілігі жоғары.
Балалар ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, билейді, өлең айтады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін салады). Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды.
Қабілеттілік - адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші роль атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшаңдықтың, тереңдіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі. Сонымен қатар, әркімнің қолынан жаңаны жасау мүмкіншілігі, оның белгілі істерді үлгеруге бейімделген психикалық қасиетінің ерекшелігі.
Жалпы адам баласы табиғатында қабілетсіз болмайды. Біреулердің қабілеті жоғары, екінші біреулердің қабілеті орташа, төмен болады. Өз қабілетіне сай маман иелері өмірде көздеген мақсаттарына қол жеткізе алады. Дарын иесінің өз қабілеті арқылы жасаған жұмысы көпшілік тарапынан өте жоғары, орташа немесе төмен қабылдануы мүмкін. Бірақ адам жасаған жұмысы арқылы өзін көрсетеді.
Вольтер былай деп жазған болатын: Белсенді қиял бөлек пәндерді өзара жақындастырады, бір-бірімен аралысып кететіндерді айырады, оларды үйлестіре отырып, өзгертеді. Шындығында тек үйлестіре қосып жатса да, ол жаңаны жасап жатыр деп ойлап қалуға болады [42].
Баланың өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін дамытып, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Баланың жалпы дамуы мен ойлау әрекетінің сапасын жақсартып, дамытуда қызығушылықтың маңызын Л.С. Выготский де ашып көрсетеді. Ол баланың ойлау қабілетін белсендіретін және оған қажетті бағдар беретін, қажеттілігі мен қызығушылығын оятатын қозғаушы себептерге тоқталады. Ғалымның пайымдауынша, бала қабілетінің дамуы оның алға тез жылжуымен шектелмейді, ал оның жас мүмкіндігіне сәйкес келетін іс-әрекет түрлерін терең меңгере алуына, білім қорына және алған әсерлеріне байланысты болады.
Баланы қоршаған ортадағының бәрі қызықтырады, ол бойындағы бар мүмкіндікті пайдалана отырып, қолынан келетін іс-әрекет түрлеріне белсене араласады, өзінің әрі қарай дамуына жол ашады. Сөйтіп, қоршаған орта және іс-әрекет түрлерімен белсенділікпен жан-жақты танысу тек қана дамыған қызығушылықтың негізінде ғана мүмкін болады.
Шығармашылық - тарихи-қоғамдық мәні бар, жаңашылдыққа бағытталған әрекет. Баланың бойындағы шығармашылық қабілетті дамыту, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшінің нығайып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Өйткені жеке тұлға туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Адам өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзін-өзі жоюға да қабілетті болады.Шығармашылық - баланың танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды.
Кез-келген бейнелеу және құрастыру әрекет негізінде шығармашылыққа жетеленеді: болжау алдын-ала білу, қорытындысын білу, сезу сияқты әрекеттер жүзеге асады. Болжап білу-адам әрекетінің мақсатты жемісі, ол мақсатты, перспективті әрекет етуді көздейді.
Баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту мүмкіндіктерін тиімді әдіс - тәсілдермен дамыту тәрбиешінің шеберлігі мен біліктілігіне байланысты. Тәрбиеші оқу мазмұнын түсіндіруде бала санасына ұғыну, ой операцияларын меңгертеді және баланы танымдық белсенділігін қалыптастырып, оларға бағыт беріп, жолдарын көрсетуі керек. Қарама-қарсы нәрсені салыстыра алушылық, түсініксіз жағдайды таба білушілікпен өз бетімен жұмыс істеуге оқушы үйренеді.
Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жекетұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Бұл жөнінде К.Урбан былай деп тұжырымдаған: Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз - аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс.
Балалар шығармашылығының мүмкіндіктері мен өзіндік ерекшеліктері дұрыс түсіну педагогтан жалпы өнер саласындағы қызметтің қандай сипаты барын, көркем образды жасау үшін суретші қандай әсерлі құралдарды пайдаланатын, оның шығармашылық қызметінің қандай кезеңдерді барын білуді талап етеді.
Балалар қоршаған дүниемен таныса отырып, оны өз іс-әрекетінде - ойнағанда, сурет салғанда, мүсін жасағанда, әңгімелегенде және т.б. қайталауға тырысады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда бейнелеу іс-әрекетінің мүмкіндігі бай, өйткені өзінің мәні жағынан оның жаңғыртушылық және жасампаздық сипаты бар. Бұл арада бала қоршаған дүниеден алған өз әсерлерін қайталауға, қиялындағы образдарды беруге, оларды алуан түрлі материалдардың көмегімен нақты формаға көрсетіп беруге мүмкіндік алады.
Көркем шығармашылық үшін қажетті жағдайлармен байланысты мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу іс-әрекеті процесінің ерекшеліктерін қарап көрелік.
Мектеп жасына дейінгі ересек балаларда қабылдау мақсатқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Эстетикалық тәрбие беру туралы мәлімет
Музыка сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға музыканы қабылдауды оқыту әдістемесі
Балаларға бейнелеу өнерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері сабақтарында бояу түстері арқылы сұлулыққа баулу
Балаларда сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулу
Мектеп жасына дейінгі балаларды жапсырмалауға үйрету арқылы шығармашылығын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ барысында дамыту
«Мектеп жасына дейінгі балаларды мазмұнды суретке үйрету»
Пәндер