Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулу



I МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНЕ БАУЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулудың мәні мен мазмұны
1.2 Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулудың ерекшеліктері
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНЕ БАУЛУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулудың жолдары.
2.2 Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулуда жүргізілген жұмыстар.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады»деген болатын[1].
Соған орай өркениетке ұмтылған қоғам бүгінгі күннің талабына орай болашақ ұрпақты ұлттық тәлім – тәрбие өнегесіне сүйене отырып парасатты тұлға ретінде қалыптастыру, ақыл-ой, таныс қабілеттерін жетілдіру, дербес іс-әрекетке баулу, адамгершілік, эстетикалық сезімталдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр. Бұл міндеттер мемлекеттік құжаттарда Қазақстан Республикасының Конституциясында, “Тіл туралы’’ Заңында “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетіледі. Бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі балалардың оқу, тәрбие жағдайы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі ретінде қарастырылып отыр. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында 23-бабында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мәселелеріне баса назар аударылған. Демек мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап еңбекке баулу, іскер, еңбекқор, өз еңбегін де, өзгенің еңбегінде бағалай білетін, еңбек дағдысы қалыптасқан елінің әлемдік өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуына үлес қосатын білімді азамат тәрбиелеу әрбір ата-ана мен педагогтың міндеті болып қарастырылды[2]. Еңбек тәрбиесі және мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу. ТМД елдеріндегі мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу теориясы (З.Н.Борисова, В.С.Нечаева, Р.С.Буре, Г.Н.Година, Т.А.Маркова, Д.В.Сергеева, А.Д.Шатова және т.б). Шет елдердегі мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу теориясы және тәжірибесі (Кейта Бакумта, П.Я.Миндлина. Э.М.Крарих, Г.Штейнер). Қазақ ағартушыларының еңбек тәрбиесі туралы педагогикалық көзқарастары /А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов. Қазақстандық педагог ғалымдардың мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу туралы зерттеулер (Н.Кулжанова, А.К.Меңжанова, Г.Менлібекова, А.Макеева, Р.Аралбаева, С.Н.Жиенбаева). еңбектерінен көре аламыз[3]. Осыған орай шығыстың аса көрнекті өкілі ойшыл, философ Әл-Фараби ғылыми ой түйіндерінде еңбек қоғамның өмір сүруінің, соның ішінде, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты деп қарастырады[3]. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулуға тарихи кезеңдерге түрліше мән берілген. Осы кезеңге дейінгі еңбек тәрбиесінің міндеттері еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, еңбекті құрметтеу, еңбек мәдениетін және еңбек ету дағдысы мен біліктілігін қалыптастыруды көздейді.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мектепке дейінгі балаларды қоғамдық және әлеуметтік тұрғыдан тәрбиелеу мәселелерімен қатар еңбек тәрбиесі ерекше қолға алынды. 1919-жылы мектепке дейінгі тәрбиенің мәселелері қарастырылған I съезде балабақша мен мектепте еңбек тәрбиесін бірізді жүргізу міндеттері анықталып, оның талаптары белгіленді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

1. Призидент Н.Ә.Н «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалык өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктерін» жолдауы
2. . Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
3.http://kze.docdat.com/docs/66/index-462971.html 4. С.Қалиев, Ж.Молдабеков, Б.Иманбекова этнопедагогика оқулығы 5. Ыбырай Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық» өлең, әңгімелер мен мақал, жұмбақтар АЛМАТЫ «АТАМҰРА» 2006 83-87 бет, 96-98бет. 6.Бейнелеу өнері(әдістемелік нұсқау) Алматы,2009ж.
7.Мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарындағы жаңаша жұмыс үлгілері(әдістемелік жинағы) Ақтобе-2011ж.
8.«Отбасы және балабақша» журналы №6,2008ж. 9.«Бейнелеу өнері»(Дидактикалық материал) «Алматы кітап». 10.«Бейнелеу өнерінің сиқырлы әлеміне саяхат»М.И.Нүсіпбекова (триз). 11.«Біз мектепке барамыз»мектепке дейінгі ересек жастағы (5-6арналған) балаларды тәрбиелеу оқыту бағдарламасы. 12.«Дамытушы ойындар» Ақтөбе,2010ж. 13. Еңбекке тәрбиелеу мен оқыту тұжырымдамасы. //Қазақ-стан мұғалімі. 19 аңпан, 1993 жыл. 14.Мектеп жасына дейінгі баланы еңбекке баулу: Бала-бақша 15. Бала мен балабақша № 3 2007ж
16. Ғаламтор жүйесі, Google chrome, Яндекс
17 Машанов А. Әл Фараби. Алматы, 1970. 11-бет..

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Жолдауында: Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табыладыдеген болатын[1].
Соған орай өркениетке ұмтылған қоғам бүгінгі күннің талабына орай болашақ ұрпақты ұлттық тәлім - тәрбие өнегесіне сүйене отырып парасатты тұлға ретінде қалыптастыру, ақыл-ой, таныс қабілеттерін жетілдіру, дербес іс-әрекетке баулу, адамгершілік, эстетикалық сезімталдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр. Бұл міндеттер мемлекеттік құжаттарда Қазақстан Республикасының Конституциясында, "Тіл туралы'' Заңында "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетіледі. Бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі балалардың оқу, тәрбие жағдайы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі ретінде қарастырылып отыр. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында 23-бабында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мәселелеріне баса назар аударылған. Демек мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап еңбекке баулу, іскер, еңбекқор, өз еңбегін де, өзгенің еңбегінде бағалай білетін, еңбек дағдысы қалыптасқан елінің әлемдік өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуына үлес қосатын білімді азамат тәрбиелеу әрбір ата-ана мен педагогтың міндеті болып қарастырылды[2]. Еңбек тәрбиесі және мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу. ТМД елдеріндегі мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу теориясы (З.Н.Борисова, В.С.Нечаева, Р.С.Буре, Г.Н.Година, Т.А.Маркова, Д.В.Сергеева, А.Д.Шатова және т.б). Шет елдердегі мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу теориясы және тәжірибесі (Кейта Бакумта, П.Я.Миндлина. Э.М.Крарих, Г.Штейнер). Қазақ ағартушыларының еңбек тәрбиесі туралы педагогикалық көзқарастары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов. Қазақстандық педагог ғалымдардың мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу туралы зерттеулер (Н.Кулжанова, А.К.Меңжанова, Г.Менлібекова, А.Макеева, Р.Аралбаева, С.Н.Жиенбаева). еңбектерінен көре аламыз[3]. Осыған орай шығыстың аса көрнекті өкілі ойшыл, философ Әл-Фараби ғылыми ой түйіндерінде еңбек қоғамның өмір сүруінің, соның ішінде, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты деп қарастырады[3]. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулуға тарихи кезеңдерге түрліше мән берілген. Осы кезеңге дейінгі еңбек тәрбиесінің міндеттері еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, еңбекті құрметтеу, еңбек мәдениетін және еңбек ету дағдысы мен біліктілігін қалыптастыруды көздейді.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мектепке дейінгі балаларды қоғамдық және әлеуметтік тұрғыдан тәрбиелеу мәселелерімен қатар еңбек тәрбиесі ерекше қолға алынды. 1919-жылы мектепке дейінгі тәрбиенің мәселелері қарастырылған I съезде балабақша мен мектепте еңбек тәрбиесін бірізді жүргізу міндеттері анықталып, оның талаптары белгіленді.
Р.И.Жуковская балалардың ойын арқылы еңбек дағдыларын қалыптастыру, еңбек әрекетіне жұмылдыру, еңбек әрекеті ойынды байытуға бағытталуы тиіс деген. 1960 жылдары мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің ұсынысы бойынша ең бастысы балаларды ересектің еңбегімен таныстыру маңызды деп саналып, баланың өздігімен орындайтын еңбек әрекеттеріне мән берілмеді. В. Г.Нечаева, Г.Н.Година, Д.В.Сергеева, Р.С.Буре, Л.И.Захаревич тағы да басқа ғалымдардың мектепке дейінгі балалардың еңбектегі психологиялық ерекшелігіне, еңбек дағдылары мен біліктерін игеру деңгейлеріне, ұйымдастырылуы әдістемесіне қарай еңбек түрлерін өзін-өзі қызмет ету, шаруашылық-тұрмыстық еңбек, қол еңбегі және табиғаттағы еңбек деп бөлгендерін атап кетуге болады. Ғалымдарымыздың еңбекке тәрбиелеу туралы пікірлерін тұжырымдай келе зерттеу тақырыбымды мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулу деп тандадым.
Зерттеу мақсаты: балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулуды ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің міндеттері: - Жұмыстың теориялық негізі ретінде мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулудың мәні мен маңызын анықтау, талдау
-Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесін қалыптастыру. Зерттеудің объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулу
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, өзіндік жұмыстың түрлерін ұсынып, нәтижесін көрсету.
Зерттеу болжамы: Егер мектеп жасына дейінгі балаға еңбек тәрбиесін ұйымдастырғанда бейнелеу өнері бағыттарын мақсатты түрде тиімді пайдаланса, жан- жақты ұрпақ тәрбиеленеді.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНЕ БАУЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1
Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулудың мәні мен мазмұны

Бүгінгі таңдағы жаҺандану үрдісінің басты ресурсы жан-жақты дамыған белсенді шығармашыл тұлға болғандықтан, өркениетті даму білім мен тәрбиенің жаңа сапасын талап етеді.Жаңа нәтижеге бағдарланған оқытуда бейнелеу өнері пәнінің де бүгінгі талаптарға сай оқыту әдіс-тәсілдері сараланып қарастырылуда. Бейнелеу өнері пәнінде білім беру үрдісінің қалыптасып қалған жүйесі мен бүгінгі жаһандану жағдайындағы алшақтық дәстүрлі әдістемені жаңа әдіснамалық тұрғыда қарастыруды талап етеді. Бейнелеу өнері пәні өзінің пайда болу, туындау табиғатынан шығармашылық пән, ол көркемдік қабілет, мәдени сана, рухани күш-қуат көзі. Көркемдік білім мен мәдениет мақсаты рухы таза, санасы биік жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Яғни Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) -- дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы болып табылады[7].
Мектеп жасына дейінгі баланың бейнелеу дегеніміз - олардың қиялымен туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған нәрселердің және т.б осы рецепторлардың бәрін біріктіре қалдырғанда ғана тиісті мағлұматтардың бала есінде қалуын айтамыз. Бейнелеу өнері арқылы бала бойына тәрбие бағыттарын сіңіре аламыз. Солардың бірі еңбек тарбиесі. Жалпы Еңбек ұғымының шығуына келсек, белгілі югослав әлеуметанушысы Данило Маркович европалық тілдерде оның түрліше мағынасы бар екендігін айтады. Мәселен, индоевропалық тілдерде orbo ата-аналарсыз тұрмыс мағынасында қолданылады. Венгр тілінде arba - жұмыс, ал неміс тілінде arbеa - ата-аналарсыз тұрмыс дегенді білдіреді, себебі тұрмыс жағдайының ауырлығы еңбекке душар етеді деп саналады. Жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу - маңызды педагогикалық процесс. Өйткені, болашақ қоғам азаматтары өздерінің адамгершілік қасиеттерін, абыройын, өмірден алатын орнын тек қана еңбек арқылы ғана ақтай алады. Ғалымдарымыздың пікіріне сүйенсек аты әлемге әйгілі ақын, филосов, қоғам қайраткері Ж.Баласағұн бала тәрбиесін бесіктен бастау қажет екендігін және барлық байлық, молшылық адал кәсіппен еңбектену арқылы жететінің баса айтады. Ұлы гуманист Ибн Сина еңбекке, еңбек етуге еңбек тәрбиесіне гуманистік, қоғамдық тұрғыда қарап, еңбектің тазалығы мен халықтылығын талап етеді. С.Н.Жиенбаева "Мектеп алды балаларын еңбекке баулудың ғылыми - педагогикалық негіздері" деп аталатын зерттеу жұмысында мектепалды топтарында балаларды еңбекке баулуда ересектер еңбегінің құндылығын, еңбек әрекетіндегі өзіндік "менін" түсінуін, шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелерін анықтайды[4]. Ұлы ойшыл Фараби еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда еркін еңбектің, адамның жан-жақты дамуы үшін маңызы зор екенін атап көрсетеді.
Фараби Еңбек ету, саналы болу, адамгершілік, ізгілік, ақылдылық табиғаттан туындауы қажет деген ғылыми тұжырым жасады. Фараби адамды табиғат, адам, жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғарғы сатысына көтерілген, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білген, түсінікті сөз сөйлей білетін саналы ортаның мүшесі дейді. Адам туралы материалистік бағытты ұстанған Фараби адам еңбек ету нәтижесінде жоғары сатыға көтерілетінін алға тартады. Фарабидің пікірінше, оқу, тәрбие, білім алу, еңбек ету, ғылым адамы болу адамгершілік және еңбек тәрбиесіне тығыз байланысты. Фараби ең алғаш еңбекті, таза еңбекті, адал еңбекті тәрбиенің алғы шарты етіп алды. Тәрбиені неден бастау керек, Философияны үйрету үшін алдын-ала не білу керек еңбектерінде ғылымды, оқу-ағартуды меңгеру, білім тәрбие алу, еңбекке үйрену, философияны меңгеру тәрбие әдістеріне байланысты екенін ғылыми тұрғыда дәлелдейді. Осы негізде ол оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын жеке-жеке анықтайды. Ғылымдар тізбесі, Ғылымдардың шығуы еңбектерінде ғылымдарды үйрену, реттерін белгілейді және тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің тарихи тағылымын, үлгісін, болашақ ұрпаққа өнеге, тәлім етіп қалдырады.
Әл Фараби жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, еңбекке үйретіп, еңбек тәрбиесін беретін адамды(ұстаздық ететін адамды) өте жоғары бағалаған[17].
Қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек еңбек тәрбиесінің құралы деп тұжырым жасады. Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады. Ғалымдарымыздың еңбек тарбиесіне берген өз тұжырымдарына сүйене келе еңбекке тәрбиелеу-тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады. Еңбекке тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіптік бағдар, мектепке дейінгі балалар үшін қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы өмірге деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады[5]. Ғалымдарымыздың пікірін тұжырымдай келе адам еңбек процесінде айналадағы дүниені танып біледі. Бұл білім оған өте қажет, өйткені еңбек дегеніміз - білімді қажет ететін мақсатты да саналы іс-әрекет. Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту. Сонымен қатар білімін, дағдысын қабілеттерін дамыта отырып мамандық таңдауға көмек беру болып табылады. Еңбек тәрбиесінің міндеттері: - еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауға үйрету
-Балалардың халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.
-Мамандық таңдауға даярлау болып табылады. Алайда еңбек ету процесінде көздеген мақсатқа, міндетке жету үшін білім ғана жеткіліксіз, ол үшін белгілі бір мінез-құлық сапалары, мысалы табандылық, ержүректілік, ынтымақтылық сезім және сондай-ақ қара күш сапалары - күш-қуат, төзімділік, ептілік тағы басқалары керек [6]. Ал бұлардың бәрі адамға өздігінен келмейді, оларды тәрбие нәтижесінен көре аламыз.
Еңбекке баулуда бала күнделікті өмірге қажетті дағдылар мен ептіліктерді меңгеріп қана қоймай, еңбек баланың ақыл-ойының дамуына әсер ететіндей, бастаған ісін соңына дейін аяқтауына, оның әсем де әдемі болуына назар аударту көзделеді. Еңбекке тәрбиелеудің негізгі мақсаты - еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, оның нәтижесіне қуана білуге, балалардың күшін толықтыруға және денсаулығының нығаюына жәрдемдеседі, дене қозғалысының үйлесімді, сергек болуына ықпал ету. Бейнелеу өнері - мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықпен айналысатын іс - әрекеттерінің бірі. Бейнелеу өнерінің сурет салу, мүсіндеу, жапсыру бала үшін өзінше әр қайсысы қызықты. Бала бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса да өз көңіл күйін білдіре аладых[8]. Бейнелеу өнері ең алдымен балалардың эстетикалық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, ойлау қабілеттерін дамытады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қол және көркем еңбегінде табиғи материалдар, қағаз, қатырма қағаз, мата, ағаштан бұйымдар жасайтындығы Я.И.Базик, Э.К.Гульян, В.Ф.Ждан, Е.Я.Беляевның зерттеулерінде теориялық негіздері мен әдістемесі нақтыланған. Бұл еңбектің түрінде балалардың қиялы, шығармашылық қабілеті дамып, қолдың ұсақ бұлшық еті жетіліп, ұстамдылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйренеді.Е.Б.Горунович, У.А.Карамзин,А.В.Пантелеевалар мектеп жасына дейінгі балалардың көркем еңбегін ұйымдастыруды екі бағытта: әртүрлі материалдардан сыйлықтар жасауға; екіншіден, топты мерекеге қарсы әшекейлеуге, көрмені безендіру әрекеттерін жүргізу деп бөледі. Қазақ психологтары А.Темірбеков, С.Балаубаев еңбектерінде дені сау балалардың бәрінде қарапайым жұмысқа бейімділік болатынын айтады. Қол еңбегі баланың игілікті жұмысы. Қағаздан, картоннан, ағаштан нәрселер істейді, әрекет үстінде ұғымдылық, тапқырлық ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтауы біздің зерттеуімізге арқау болады. Осы аталғандар балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінде қазақтың ұлттық тұрмыс салт-дәстүрлерімен ұштастырып жүргізілсе, болашақ ұрпақтың еңбекке деген сүйіспеншілігі, еңбекке деген қарапайым дағдылары көзделген міндеттерге сай болар еді.Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулуды тек балабақшаларда ғана емес, отбасында жүзеге асыруға толық мүмкіндіктер бар екені Т.А.Маркова, Л.В.Загик зерттеулерінде кеңінен айтылады. Олар ата-аналарға өз балаларын еңбекке баулу жұмыстарын мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастауын, бірақ баланың жас ерекшелігін, психологиялық мүмкіндіктерін балабақшамен бірлесіп жұмыс жүргізу қажеттігін түсініп, педагогтардың талаптарымен ұштасқан жағдайда нәтиже беретіндігін алға тартады. Мектеп жасына дейінгі балалардың пайдалы еңбекке қызығушылығын ояту, белгілі бір еңбек тәртібін тәрбиелеу, еңбекті өздігімен жасауға, орындауға, бағалауға үйрету басты міндеттердің бірі болып отыр. 5-6 жастағы баланың белгілі бір уақыт аралығында еңбек етуге әдеттенуі жай ғана еңбекке үйрету емес, алғашқы еңбек процесіне құштарлық, еңбек етуге әзірлік деп қараған дұрыс. Еңбектің қандайы болмасын адамның белгілі қуат, күш-жігерін жұмсауды талап етеді. 5-6 жаста баланың ағзасы үнемі даму үстінде болып, бұлшық еті мен жүйке жүйесі толық жетілмегендіктен тез шаршауға бейім тұрады. Шамасынан тыс еңбек тапсырмасын беруде бала бар күшін салып ұмтылса да орындай алмайды. Сондықтан ересек топ балаларын тұрмыс-салт дәстүр негізінде еңбекке баулуда еңбек әрекетін қалыптастырудың психологиялық заңдылықтарына, даму мүмкіндіктеріне сүйену басты міндеттердің бірі болып саналады. В.С.Мухинаның еңбегінде бала тәрбие үрдісінде әрекеттің (орамалмен сүртінуі, қарындашпен сурет салу, мүсіндеу) сан алуан түрін меңгереді. Мұның бәрі сыртқы нәтижеге бастайтын практикалық іс-әрекет. Сонымен бірге баланың ішкі іс-әрекеті де қалыптастасады, оның көмегімен бала заттарды қарайды, қасиеттерін анықтайды, бір-бірімен байланысын ашады. Осындай ішкі іс-әрекеттің қалыптасуы бала дамуының негізгі еңбек мазмұнын құрайтыны айтылады. Қ. Жарықбаев адам іс-әрекеттің белгілі бір түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасайды дей келіп, әрекет дегеніміз - түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған үрдіс деп анықтама береді. Біздің ойымызша, бала өзінің қажеттерін өтеу үшін (ойын, еңбек үстінде) бар мүмкіндігін пайдаланады, әрекет етуге талпынады.
Психолог Я.Л.Коломинский, Л.В.Финькевич зерттеулерінде 5-6 жас аралығында бала ойын мен еңбек арасындағы айырмашылықты аңғарып, еңбек құралдарын орнымен пайдаланып, еңбек операцияларын орындап, еңбектің обьективтік мақсатын қоя біліп, оның қоғамдық пайдалы бағыттылығын түсіне бастайды. Мектеп жасына дейінгі кезеңде еңбекті дұрыс ұйымдастыру баланы жүйелі түрде еңбекке баулудың, еңбек дағдыларына үйретудің алғашқы қадамып болып табылады[8].

1.2
Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулудың ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі кезеңде өзіндік ерекшілігі - оның ойынмен тығыз байланыстылығы. Олардың ойыны мен еңбегінің арасын ажырату қиын, өйткені алғашқы еңбек әрекетінің қарапайым элементі ойыннан басталады. Еңбекте жаңа заттармен, құбылыстармен кездеседі, оларды танып біледі, соның нәтижесінде алғашқы қанағаттану сезімі пайда болады. Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулудың негізі ретінде балаларга бейнелеу сабактарында алуан турлі суреттерді бейнелеу тапсырмаларын беру арқылы жане қағаз бен жұмыс жүргізу арқылы баули аламыз. Осы үлгіде қағаз пластикасының мектеп жасына дейінгі кіші балаларды дамытудағы маңызы:
- Қағаз пластика балаларды қағазбен жұмыс істеудің түрлі амалдарына үйретеді: шиыршықтау, қиыстыру, салу, желімдеу.
- Балаларды қолмен жұмыс істеу қабілеттерін дамытады, саусақты нақты қозғалтуға үйретеді, бала қолдарының ұсақ моторикасы жетіледі, көзбен шамалауы дамиды.
- Қағаздан зат істеу кезеңіне бар назарын аударғандықтан, зейінін шоғырландыруға, ауызша айтылған нұсқаулар бойынша жұмыс істеуге үйретеді.
-Балалардың көркемдік талғамын және шығармашылығын дамытады, олардың қиялын белсендендіреді.
- Ойын жағдайларын туғызуға ықпал жасайды, балалардың ұйымшылдық қабілеттерін кеңейтеді.
- Еңбек дағдыларын жетілдіреді, еңбек мәдениетін қалыптастырады, ұқыптылыққа, материалды үнемді, құнтты қолдануға, жұмыс орнын таза ұстауға үйретеді.
Қағаз пластикаға оқытқанда қағаз пластика техникасында орындалған бұйымдар қолданылатын сюжеттік - тақырыптық композиция құруға үлкен назар аударылады. Композицияның ерекшелігі: сурет жапсырылатын астарды жапсыру техникасында орындалған қосымша бөліктермен көркемделуі. Яғни композицияның тақырыбына байланысты қоршаған орта даярлау: шабындықтағы гүлдер, тоғандағы арал, бұлтпен, ашық күнмен, өршеленген теңіз бен аспан, т.б. Қағаз пластика сабақтары кезінде балалардың асқан қозғыштығын басу және шығармашылық атмосфера құру үшін тірі табиғат және музыка жазылған аудио кассеталарын қолдануға болады. Осының нәтижесінде балалардың психомоторлық процестері тегістеледі, олардың мінез - құлықтары өзгереді, жеке қарым - қатынастары жақсарады. Жұмыс кезеңінде сабақтың әр түрі қолданылады: дәстүрлі, аралас, тәжірибелік сабақтар. Өңдеуге жеңіл көнетіндіктен балалар қағазбен сүйіспеншілікпен жұмыс істейді. Егер балаға қағаздың әр түрлі сұрыптарын берсе, онда ол қағаздың жұмсақ, қатты, қалыңдығы және беріктігі, түр-түсі, жылтырлығы әр түрлі болатындығы туралы мағлұмат алады, ендеше онымен түрліше амалдармен жұмыс істеуге болатындығын ұғады. Кішкентай балаларға заттарды қағаздан уқалау және жырту амалдары арқылы жасауды ұсынады. Осы кезде бала қағаздың қасиеті жайлы ғана білім алмайды, сонымен қатар өзінің қимылын, кұшін келісіп жүргізуге үйренеді. Қалың қағаздармен жұмыс істегенде балалардың көп күш жұмсауы, қолдық моторикалық қызметіне оң ықпалын тигізеді. Қағазбен жұмыс істеу баланың еңбекке деген оң ықпалын қалыптастырады, онда өзінің еңбегіне деген рахат, мақтаныш сезімі пайда болады. Еңбегінен нәтиже алу бала үшін өзі, өзінің мүмкіншіліктері жайлы бағасының өлшемі болады. Егер нәтиже табысты болса, ол өз күшіне, мүмкіншіліктеріне сенетін болады, жаңа қиындау жұмыстарды бастайды. Кіші топ балаларына жұқа және қатты қағаз беріп, олардың уқалағанын, домалатқанын, лақтырғанын, жинағанын көреміз. Жұқа түрлі - түсті қағаздан гүлдер жасауға, жан - жануарлардың мүсінін жасауға болады. Бұл жұмыстар балаларға үлкен қуаныштар әкеледі, олар өз еңбегінің нәтижесін көреді. Балабақшаның кіші топтарында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажетті арнайы құралдар мен жабдықтар болуы қажет: астарға және қағаз пластика элементеріне арналған қағаз, ұннан жасалған желім, қылқалам, қайшы, төсеніш, қалдықтарға арналған қорап, таза салфетка (әр балаға), түрлі фактуралы түрлі-түсті қағаздар қажет [10].
Балабақшада еңбек тәрбиесінің алғашқы бастамасы қалыптасады. Еңбек, педагогтік тұрғыдан мектеп жасына дейінгі жастағы балалар үшін бұлжымас міндет саналады.
Мектеп жасына дейінгі балалардан нақты отбасы жағдайында белгілі еңбек сипатындағы іс-әрекеттерді талап етуге әбден болады. К.Д.Ушинский балалар ойынын олардың оқудан тыс іс-әрекеттерімен тығыз бірлікте алып қарастырады. Балалардың оқудан тыс іс-әрекеттері ойын қатарына қосылмас, әйтсе де осыдан ойынға өте ұқсас жайттар көптеп қосылады. Ол бала ойынының оның бос уақытындағы ермегінен, істеген жұмысынан тек шартты түрде ғана айырмашылығы бар, ол іс-әрекеттердің көбінде бірін-бірі алмастырып жататындығынан атап көрсеткен.
Баланың оқудан тыс іс-әрекеттері мен ойыны өзара қабысып жатады, сол үшін баланың көңілі қалайтын іс-әрекеті қай кезден басталып, ал ойынының қай жерде аяқталатынын аңғару қиын: мүмкін, мейлі ол - атыз қопсыту, гүл отырғызу, қуыршағына көйлек тігу, себет тоқу, сурет салу, ұсталық ету немесе кітап түптеу т.б. секілді жұмыстар болсын - осының бәрі бала үшін шынайы еңбек болып есептеледі, олар осы іс-әрекеттерге рақаттана беріліп, сол үшін кәдімгідей күйіп-піседі, ойын-еңбегі жолында қиындықтан қашпай, қайта төзімділік танытады. Осының өзі адам табиғатының негізгі заңы еркін еңбек екендігін меңзейді...
Алайда баланың бос уақыттағы іс-әрекеттері мен ойыны Ушинский үшін басқа сипаттағы жеке іс-әрекет ретінде ойынмен сәйкес келмейтін құбылыс болып көрінеді. Міне, осындай қасиеттермен сапаның ұштасуы әрбір баланың бойынан өзіндік ерекшеліктерді аңғаруға мүмкіндік береді. Біз мұнымен күнделікті тәрбие тәжірибесінде ұшырасып отырамыз. Кейбір балалардың бойындағы осындай еңбек және ойын элементтері көп уақытқа созылмай дұрыс қалыптасып кетеді, ал екінші бір балаларда - ойындағы мінез құлқының дамығаны сондай, тіпті оны қалыпқа келтіру үшін кәдімгідей тәрбиелік ықпал жасауға, күш салуымызға тура келеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар еңбекке әртүрлі көзқараста араласады.
Оларды еңбекке үйрету барысында мынадай бөлімдерді айқындай аламыз.
A. Ынталы
B. Салғырт
C. Амалсыз
Еңбекке ынталы қатысу дегеніміз- балалардың тапсырмаларды беріле, көрсетілген талаптарға үйлесімділікпен барлық қаблеттілігін пайдалана отырып, ықыласымен орындауы. Бала еңбекке ынталы болса, бала еңбектен ләззәт алады мейлінше рахатқа кенеледі. Егени бала еңбекке ынталы кіріссе бала жан жақты көрінеді.
Еңбекке салғырт қатысу дегеніміз - балалардың берілген тапсырмаларға немқұрайлы қарап, енжарлықпен орындайды. Олар өзіне берілген тапсырмаларды орындауды ұнатпасада оны орындау міндеті болғандықтан іске араласады.
Еңбекке амалсыз қатысу дегеніміз- еңбекке араласу негізінде бала амалсыз берілген тапсырманы орындайды. Еңбекке баулуға ұлттық көзқарас еңбекке тәрбиелеу жөніндегі ұлттық бағдарламада көрініс табады. Зерттеу көрсеткендей, әрбір халық еңбекке баулудың мәнісін өзінше түсінеді.
Мәселен, украиндықтарда еңбек жауапкершілігі - ең алдымен, іске қызығушылық, табандылық пен батылдық, өз жұмысын көрсете алу, дербестік, іскерлік, әр нәрсенің парқын білу, ретсіздікке төзбеу деген сөз. Беларусь халқы баланы кішкентайынан төзімділікке, адалдыққа, табандылыққа, сыпайылыққа, достыққа, тәртіпке, аз сөзділікке баулиды.
Неміс халқы үшін еңбек жауапкершілігі - мінсіздікке, тәуелсіздікке, ұстамдылыққа, дербестікке, өзіңдікін өзгенікінен айыра білуге талпыну. Кәрістер үшін ол - сөз бен істегі адалдық, мақсатқа жетудегі табандылық пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды туған жердің табиғатын сүйюге және қорғауға үйрету
Мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін бейнелеу өнері және әдістемесі
Бастауыш сыныпта халық қолөнерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекке бейімдеудің педагогикалық шарттары
Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка
Пәндер