Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек түрлерімен таныстырудың маңызы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Өресі биік, өрісі кең өнер атауының қай саласынан болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. Ал қандай да болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан да біз оларды халықтық дейміз. Міне, сол халық таланттарының қолынан шыққан зергерлік бұйымдар, киім үлгілері, тұрмыс жиһаздары, әсем де зәулім ғимараттар қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім[1] . Сол халық ортасынан шыққан шеберлердің көркемдеп, сәндеп жасаған бұйымдарының әсемдігіне, шебер жасалғандығына, қазір де қарап көз тоймайды.

Кейбір зерттеушілер мен творчество қызметкерлері қазақтың қолөнерінің идеялық маңызын көтеріп, қолөнердің ою-өрнек сияқты негізгі ұлттық қорын жоққа шығарды. Мәселен, С. М. Дудин[2], Е. Р. Шнейдер[3] : «Қазақ ою-өрнегі иран мәдениетінің тек бір бөлігін ғана көрсетеді. Қазақ халқының ұлттық өнеріне жатпайды», - деп топшылады.

Бірақ халықтың қолөнері өзінің тарихы, теориясы мен кейбір ұйымдастыру мәселелерінің жеткілікті элементтеріне қарамастан, күнделікті тұрмысқа қажетті қоршаған затты, көпшілік тұтынатын бұйымды әсемдеуге бейім өнер ретінде, социалистік қоғам кезінде де жалпы мәдени дәрежені де жоғары көрсетуге тән дамып келе жатыр.

Біз жоғарыда көрсеткендей көне заманнан келе жатқан қолөнері өзінің өсу жолында өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалды. Қоғамдық дамудың қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік-көркемдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырды. Қолөнерінің қазіргі дәуірдегі дамуы күрделі де аса бай. Онымен бірге ол күнделікті тұрмысымызды, гүлденген өмірімізді жан-жақты бейнелеуде, халықты эстетикалық жағынан тәрбилеуге қызмет етеді.

Ерте кездегі авторлардың айтуы бойынша Қазақстан топырағын мекендеп, тіршілік еткен сақтар мен массағаттардың барлық заттары әшекейленген, киімдерінің өзіне тән үлгілері болған. Мысалы, киізден жасалған төбесі шошақ бас киімі, ұзын шапаны мен көннен жасалған жұмсақ аяқ киімдері әшекейленген[4] .

Геродот: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан жасалған. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан істелген. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіктер де мыстан соғылып, жүген-сулығы, ауыздығы, т. б. бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген», - деп жазады.

Әрбір баланың шығармашылық қабілеттері тек оның жеке басының туа біткен қабілеттеріне ғана емес, сондай-ақ оны тәрбиелеп отырған қоғамдық ортасының тарихи қалыптасқан дәстүрлі ұлтының дүниетанымына да байланысты. Ал қазақтың ұлттық дүниетанымы ежелден келе жатқан дәстүрге айналған рухани қазынасы арқылы қалыптасатыны анық. Мұндай жағдайда жеткіншек ұрпақты өз халқының ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрып дәстүрімен тереңірек таныстыру қажет.

Этнограф-ғалымдар Ә. Марғұлан[5], К. Ақышев[6], Т. К. Басенов[7], М. С. Мұқанов[8], Ә. Тәжімұратов[9], Х. Арғынбаев[10] және т. б еңбектерінде ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің даму тарихы, ою-өрнек жасалу технологиясы және мән мағынасы қарастырылған.

Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Ою-өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою-ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-өрнектің қандай түрі болса да, ол - адам ойының жемісі. Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы керек. Ара жігі бадырайып, үйлеспей, олпы-солпы болса, ою өзінің сәнін, сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін. Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басы қошқар мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою-өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады. Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрнек түрлері бір-біріне үйлесе сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып жасалатын ою түрін әрлендіре түседі[11] . Табиғаттағы әсем гүл шоғырындай ою-өрнекте өз шеберін тапса, жарасып, құлпырып, көз тартып, көзге қуаныш, көңілге жылылық, ортаға әсемдік, сұлулық шашып тұрары анық. Біздің ата-бабаларымыз осындай өнер түрін өзінің шырқау шыңына жеткізе білген.

Зерттеу мақсаты: Ғасырлар бойы сақталып, бізге дейін мұра болып жеткен ата-бабаларымыздың ұлттық қолөнерінде ерекше орын алатын ою-өрнек өнерін жаңа заман талабына сай мектеп жасына дейінгі балаларға үйрету әдістеріне зерттеу жүргізе отырып, тиімді жолдарын анықтау

Зерттеу міндеті:

  • Ғылыми әдебиеттерді пайдалану
  • Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек өнерімен таныстырудың маңызын анықтау
  • Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек өнерімен таныстыру жолдарын көрсету

Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек өнерімен таныстыру жолдары

Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек өнерімен таныстыру процесі

Зерттеу әдістері: Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек өнерімен таныстыру процесі бойынша ғылыми мәліметтер жинау және оларды талдау арқылы тәжірибелік зерттеу амалдарын жүргізу.

Зерттеу болжамы: Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек өнерімен таныстыру процесінен мынадай нәтиже көруге болады:

- Балалардың қолөнер ерекшеліктері туралы түсініктерінің кеңеюі;

- Қазақ қолөнеріне деген эстетикалық сезімдерінің оянуы;

- Халық қазынасына деген жауапкершілік сезімдерінің болуы.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ҚАЗАҚТЫҢ ОЮ-ӨРНЕК ӨНЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек өнерімен таныстырудың маңызы

Бүгінгі таңда жаңалыққа жаны құмар жас ұрпаққа заман талабына сай тәрбие мен білім беру, оны ұлттық құндылықтар арқылы жүзеге асыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ұлттық құндылықтарды құрмет тұтып, тәрбиенің қайнар көзі ретінде қарастыру қай заманда болса да маңызды мұқтаждық ретінде күн тәртібінде тұрары белгілі. Әсіресе, бүгінгі жаһандануға бет бұрып, әлемдік бәсекелестікке, оның талаптарына жауап беру жағдайында бұл мәселенің өзектілігі айшықталып отыр. Елбасының бұл жайлы «толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» деген сөзі баршамызға салмақты міндеттер жүктейді. Сондықтан бүгінгі таңда басты мақсат - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу болып отыр[12] .

Жер бетіндегі өмір сүруші әрбір ұлт өз ұрпағының жан - жақты тәрбиелі және мәдениетті тұлға болуын армандайды. Бала бойына рухани мұраларды сіңіре тәрбиелеудің бірі - ұлттық тәрбие.

Ұлттық тәрбие - рухани уыз. Халық көптеген тәрбиелік дүниелер туғыза отырып, олар арқылы баланың жеті қырлы, бір сырлы болып қалыптасуын қамтамасыз еткен.

Сондықтан еліміздегі үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттық мәдениет, өнер және қолөнер негізінде біліктілік пен іскерлік қалыптастыру, мәдениеттілікке баулу, адамзат қоғамында бұрын соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу қажеттілігіне баса көңіл бөлу керектігіне мән берілген. Осыған байланысты болашақ маман бойында кәсіби мәнді сапалардың қалыптасып, ол тұлға дамуымен ұштасып, нәтижесінде жас ұрпақтың біліктілігі мен іскерлігін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі артады. Аталмыш мәселенің әсіресе ел болашағының кілтін ұстап отқан жас буын - мектеп жасына дейінгі балалар үшін маңызы айрықша[13] .

Қазақ қолөнері көркем мәдениеттің бір бөлігі болып табылады. Бұл өнер ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін тұрмыста қолданып келеді. Қазақтың ұлттық өнерімен таныстыру негізінде бала айналадағы дүниенің қимыл-қозғалыстарының алуан түрлі реңін түсінеді. Балалардың өнер туындыларымен бірге үнемі байланыста болуы рухани-өнегелік, эмоционалық-сезімдік дамуының және шығармашылық мүмкіндіктерінің қалыптасуының негізгі тірегі болып келеді. Мектеп жасыны дейінгі балалар бейнелеу өнері, ән-күй; құрастыру және қол еңбегі, көркем әдебиет сабағында және ертеңгілік-тер мен ойын-сауықтар барысында халқымыздың ұлттық өнерімен танысып, көркем талғамын, өзіндік дүниетанымын қалыптастырады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға халық шеберлері - ағаш шебері, ұста, зергер, тоқымашы, кестеші, өрмек тоқушы т. б. таныстыра отырып, олардың қолынан жасалған бұйымдар туралы мағлұмат беру балалардың білім деңгейлерін жетілдіре түседі[14] .

Балалар ағаш шебері ағаштан түйін түйетінің, ұста темірден жасалатын бұйымдарды соғатынын, зергер әшекей бұйымдарды жасайтынын, тігінші киім тігетініні жөнінде мағлұмат алып, ұлттық бұымдардын жасалу ерекшеліктерімен танысады.

Қайсыбір қолөнер шеберін алсақ та олар өздерінің жасаған бұйымдарын түрлі ою-өрнектермен әшекейлейді.

Ою-өрнек өнері ежелден халықтық өнердің бір түрі. Оның шығу тарихы теренде. Ал сюжеттік мазмұны мен атаулары әр дәуірдің тыныс- тіршілігіне, тұрмыс салтына орай өзгеріп, дамып, жетіліп отырған. Өнердің де басқа түрлері секілді, ою-өрнектің де балалардың ой-өрісі мен білімдерін жан-жақты дамытуға әсері мол. Ою-өрнектердің ішінде аспан әлеміне, өсімдікке, жер-су атауларына геометриялық кескінденге қатысты қару-жарақ іспеттес кездеседі. Ою-өрнектер әртүрлі мәнге ие. Сондай-ақ қол өнер бұйымдарында түрлі түстер ерекше орын алады. Қазақтың қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен идея болмыс пен щындықты көрсеттуде өзіндік шешім табады[15] .

Ақ түс - шындық, пәктіктің нышаны болса, жасыл түс - көктемнің нышанын білдіреді. Қолөнер шеберлері түстерді ерекше үйлестіре білген жөн деп есептеген.

Қазақ өз дүниетанымын, салты мен дәстүрлі, ғұмырлық тарихын өнерге бағыштаған. Қазақтын ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп.

Ғылымдар әзірше 200-дей түрін ғана анықтады. Солардың халық арасында көп тараған түрі-мүйіз тектес ою-өрнегі. Ою-өрнектің бұл тобын, қазақ буындар осының негізінде жасалып, тек атаулары өзгеріп отырады. Мысалы: қошқар, арқар мүйіз, өркеш мүйіз, төртқұлақ, түйе табан, сыңар өкше қос алқа, құс қанаты, қаз табан т. б. ою-өрнектердің негізгі арқауы. Осы әлементтерден ою-өрнек композициясы жасалады. Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру мен аңшылықты, жер- су, көшіп-қону көріністерін.

Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы осы мүлікте ою-өрнек қолданылмайтын бөлшек жоқтың қасы. Ою-өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою-ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-өрнектің қандай түрі болса да, ол - адам ойының жемісі. Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы керек[9] . Ара жігі бадырайып, үйлеспей, олпы-солпы болса, ою өзінің сәнін, сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін. Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басы қошқар мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою-өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады. Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрнек түрлері бір-біріне үйлесе сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып жасалатын ою түрін әрлендіре түседі. Табиғаттағы әсем гүл шоғырындай ою-өрнекте өз шеберін тапса, жарасып, құлпырып, көз тартып, көзге қуаныш, көңілге жылылық, ортаға әсемдік, сұлулық шашып тұрары анық. Біздің ата-бабаларымыз осындай өнер түрін өзінің шырқау шыңына жеткізе білген.

Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста қолданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, ең көп түрі және әр түрі мәнер жасауда жиі қолданылатын «мүйіз» тектес ою-өрнектер.

Шеберлер жаңа ою-өрнектерін тұрмыс тіршілігіне, өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап отырған. Мысалы: халқымыздын көне бұымдардың әрбір жануар мен заттың өз бойындағы қасиеттеріне қарай тақырыптық мағынасы, композициясы, симметриясы мен ассиметриясы, колориты мен ритмы, сондай-ақ оған арналған философиялық мәні де байқалады.

Композиция дегеніміз латынның ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру деген сөзі[6] .

Өрнек үшін симметрия да маңызы зор. Оның екі жағының бірдей болуы - симметрия заңы. Симметрия кез келген өрнекті болады.

Ою-өрнекте бір элементтің қайталанып отыруын ритм немесе ырғақ дейді.

Ою өрнек өнері қазақ халқында ертеден-ақ өнердің барлық түріне арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, оның материалдық және рухани игілігіне айналып келеді. Қазіргі кезде халқымыздың мәдени асыл қазынасының өзекті бір саласына айналған ою-өрнек қайта түлеп, бай мазмұнға жаңа түрге ие бола түсуде. Халқымыздың мәдени-тұрмыс дәрежесінің, дүниеге көзқарасының ойлау, ұғыну және шығармашылық қабілетінің дамуы халық шеберлерінің шығармашылық ізденістерін шындай түсті.

Жанадан көркем-кесіпшілдік орындары ашылып, олардың заттары сәнді болу үшін ою-өрнекпен безендірілуде[16] .

Балалардың әдебиеттен, математикадан, музыкадан, бейнелеу мүсіндеу, кесте тігу мен ою-өрнек алу өнерінен хабардар болуы келешекте рухани үрдісті жоғары, кемел азамат болып шығуына жол ашатыны анық.

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек өнерімен таныстырудың мүмкіндіктері

Халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруда оқу-тәрбие үдерісін және олардың күнделікті өмірін дұрыс ұйымдастыруға баса назар аударылып, педагогикалық іс-әрекеттерде қолданған әдіс-тәсілдердің тиімді eкендігі мәлім. Сонымен қатар, шеберлікті мирас етіп қалдыруда отбасының орны ерекше.

М. Краевский қазақтардың мына ерекшелігіне баса назар аударады: « . . . қыздарын кішкене кезінен бастап кесте тігіп, кілем тоқуға үйретеді, ал олар үлкейгенде осының бәрін өз бетінше жасауларын талап етеді». Үйдегі анасы мен бірге мектептегі ұстаздары кішкентай жасынан қыздарды қолөнерге әдемі бұйымтайлардың ою-өрнектері мен суреттерін көрсете отырып баулыса, оларға кілем тоқудағы жіпті иіру мен тоқудың жәй ғана тәсілдерін үйрете отырып, үлкейе келе күрделі технологиялық амалдарды жан - жақты меңгертеді. Осы кезеңдерде балаларда ыждаһаттылық, шыдамдылық, көркемдік талғам, өзбетінше жұмыс істеу, нақтылық, ұқыптылық сияқты қасиеттері қалыптасып отырады.

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы атадан балаға жалғасып, өркен жайып дәстүрге, тұрмыс тіршілігіне қалыптасқан мәдениеттің бір үлкен саласы ұлттық ою-өрнек. Қазақ халқының салт-дәстүрі әлемдегі басқа халықтармен салыстырғанда ұлттық ою-өрнек арқылы ерекшелінетіндігі баршаға мәлім.

Соның ішінде қазақтың қолданбалы өнері-ұлттық ою-өрнектің сан алуан түрлері МДҰ-да балалардың танымын молайтып, шығармашылыққа баулуда кең қолданылады.

Ою-өрнек дегеніміз - геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып, үйлесімді бейнеленуі немесе құрылымы. Халқымыздың бізге жеткен ою-өрнек үлгілері - бай мұра, сарқылмас қазына екендігін жас ұрпаққа жете түсіндіру, оларға үйрету тәрбиешілердің басты міндетінің бірі болмақ. Ою-өрнектерді композициялық құрлымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар үш топқа бөлген:

1) Өсімдік типтес ою-өрнек: өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы сияқты болады.

2) Зооморфтық ою-өрнек оларға аң, құс, балық тағы басқа олардың мүшелерінің ою-өрнекпен бейнелеуі.

3) Космогониялық ою-өрнек оларға дөңгелек ирек, торкөз сияқты өрнектер жатады[17] .

Ою-өрнекті қағазға, ағашқа, теріге, матаға салуға болатындығын сабақта балаларға айтып түсіндірумен бірге практикада балалардың жас ерекшелігіне байланысты жасатып үйрету қажет. Ол үшін МДҰ-ғы арнайы «Ұлттық бұрыш» заман талабына сай толығымен ою-өрнектер бейнеленген қол өнер бұйымдарымен жабдықталу қажет. Қазақтың қолданбалы сәндік барлық түрлерінде оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылып келген. Ою мен өрнек қол өнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түсіп көркемділігін арттырады. Сондықтан сабақ барысында балалардың өз қолымен жасалатын бұйымдардың әр қайсысына оюлар мен өрнектеуге, әшекейлеуге тәрбиеші ерекше назар аудару қажет сияқты. Бұл балаға эстетикалық, патриоттық, отансүйгіштік, халқын сүйгіштік тәрбие қалыптастырады. Ою-өрнек өнері сан ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының тарихы мен өмірі мен бірге ілгерлей дамып отырғандығын бала қауымға сабақ барысында түсіндіріп отыру керек. Халық арасындағы шеберлер ою-өрнекпен сәулетті ғимaраттар мен киім кешектерді, қару-жарақтарды, ыдыс-аяқтарды әшекейлеп, мәнерлеп өмірге керектеніп отырған[18] .

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында тәрбиеші ою-өрнектің әр түрлерін салып жасалған бұйымдарды (ағаш бұйымдар, темір бұйымдар, бас киімнен аяқ киімге дейінгі киім түрлері, үй жабдықтары, ат әбзелдері) балаларға көрсетіп, оның жасалу тәсілдерін үйретіп отырса баланың сабаққа деген белсенділігі артып, сондай ою-өрнегі бар заттарды жасауға құмартып, құштарлығы, белсенділігі артуы сөзсіз.

Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер әр түрлі тәсілді қолданады. Олар: оймыштау, бедерлеу, шеку, қашау тісеу, құрау тәрізді әрекеттер арқылы жүзеге асырады. Осы тәсілдерді балаларға сабақ барысында түсіндіріп, тәсілдерді іске асыру үшін қандай құрал-саймандар керек екенін және қалай пайдаланылатынын тәрбиеші іс жүзінде көрсету арқылы іске асырады[19] .

Қазақ халқының ою-өрнек өнерін кезінде көптеген ғалымдар зерттеген. Дей тұрғанмен қазақ өнерінің осы бір күрделі саласын ою-өрнек өнерін әлі де ғылыми тұрғыдан терең зерттеу қажет сияқты. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы ою-өрнектің түрлерін нақыштарын бас киімдерде сәукеле, бөрік, тахия, кепеш, кимешектің жақтауларына, әйел еркектің көйлегінің жаға, жеңі алдыңғы жиегіне, еркектердің теріден және матадан (барқыт, бүліс) жасалған шалбарының тізесі, балағына, сыртқы киім шапан, камзол, мешпет, түлкі, қасқыр, аю терісінен тігілген сәнді киімдердің арқасы етек жеңіне, аяқ киімдер мәсі, етік, кебіст. б. киімдерді, киіз үйдің басқұры, жел бауы, сыртқы жабынтыққа және кигізден жасалған етіктің іші сыртын тіпті бай, манаптар уық, кереге, шаңырақты да әсемдеп, әшекейлеп, сәндеу үшін ою-өрнектің түрлерін кеңінен қолданып келгені белгілі[20] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік- қолданбалы өнерімен таныстыруды теориялық тұрғыда негіздеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазактың сәндік-қолданбалы өнері және ұлттық өрнектері туралы түсінік берудің маңызы
Мектепке дейінгі балаларды туған жердің табиғатымен таныстыру және экологиялық тәрбие беру
Табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазактың сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру.
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы
Ересектер тобында топсаяхаттарды ұйымдастыру
Мектепке дейінгі ұйымдарда өлі және тірі табиғат құбылыстарымен таныстыру
Мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру
Мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін бейнелеу өнері және әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz