Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

II МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Балалардың оқу іс.әрекетінде бейнелеу өнері арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда жүргізілетін жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі – бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселердің бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылдық пен адамгершілік қадір-қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, ұнамды мінез-құлық нормаларын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру – үлкен қажеттілік екені, Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауында жан-жақты негізделген [1].
Қазақстан Республикасы Парламентінің әлем парламентариінда арнаған үндеуінде (Егеменді Қазақстан – 1.07.2000 ж.) "Ұлтымызға, жынысымызға, нәсілімізге, тегімізге ұстанатын дінімізге қарамастан жалпы адамзаттық құндылықтың, рухани мәдениеттің әрі қарай дамытылып адамгершілік қасиетті нығайтуға үлес қосуымыз қажет" - деп атап көрсетілді. Ендеше жаңа ғасыр табалдырығына біздің рухани болмысымыз сай ма, қандай өмір салтын құруымыз керек, адамгершілік қасиетіміз жүдеу тартып кетпей ме? Осыны қазірден ойлап, болашақ ұрпақтың негізі қазіргі өмірден басталатындығын ұғынып дәріптей отыра, рухани мәдениетімізді қайткенде сақтап қалуға әрекет жасауымыз қажет.
Қай заманда болмасын, сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден-бір жолы адамның рухани байлығын арттыру болмақ.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Оның үстіне қоғамдағы рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеулердің адамгершілік пен руханилық мәселесімен тікелей байланысты қарастылып, осы кезге дейін күн тәртібінен түспеуі біздің тақырыбымыздың өзектілігін онан сайын арттыра түседі. Өйткені, балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелері көптеген ғылыми зерттеулерге арқау болған.
Бүгінде педагогика ғылымында «Адамгершілік» ұғымының педагогикалық термин ретінде ғылыми тұрғыда қалыптасқан өзіндік мағынасы бар. Дегенмен, бұл ұғым педагогика ғылымында нақты ғылыми категория деңгейінде анықтамаға ие бола қойған жоқ. Рухани-адамгершілік тәрбиесі қоғамның барлық сатысында зерттеу обекътісі болып отырғаны баршаға белгілі. Сондықтан да, біздің зерттеуімізде рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні, тәрбиелік маңызы туралы ұлы ойшыл ғұламалар, қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтар (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Қожа-Ахмет-Иассауи т.б.)керек. Ал республика жағдайында біздің зерттеу пәнімізге жақын деген ғылыми
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. – Алматы: Білім, 1997. – 265.
2. ҚР МЖМБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астана қ., 2004.
4. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. – Алматы қ., 1999.
5. «Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы.- Астана, 2009. - 106 б.
6. Өтетілеуов Е.«Балақай» - Алматы қ.: Жалын баспасы, 1986 ж.
7. «Отбасы және балабақша» журналы. 2015ж № 7
8. «Отбасы және балабақша» журналы. 2012ж № 3.
9. «Бала тәрбиесі» журналы. 2015ж № 5.36 б
10. Алтынсарин Ы. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991. – 381 б.
11. Құнанбаев А. Шығармалар жинағы. – Алматы, 1988. – 151 б.
12. Познавательная традиция: философско - методологический анализ (сб. статей). – М.: Философское общ., 1989. – 203 с.
13. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. «Баланың адамгершілік сапалары». – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – 271 б.
14. Мұқанов М.М. Бақылау және ойлау. – Алматы: Мектеп, 1959. - 87 б.
15. Қоянбаев Ж.Б Балалар мен жеткіншектер тәрбиесі. – Алматы: Рауан, 1990. – 120 б.
16. Мухина В.Е. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы -1986.
17. Жарықбаев Т. Педагогика. – Алматы: Мектеп, 1998. – 148 б.
18. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Мектеп, 1989. – 48 б.
19. Мұсаев С.А., Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы. Астана, 2006. –70б.
20. Комарова Т.С. Обучение детей технике рисования. –М. . «Просвещение», 1976.
21. Кузин В.С. Вопросы изобразительного творчества. –М. «Просвещение», 1973. 173 с.
22. Балабақшадағы бейнелеу іс әрекетінің теориясы мен методикасы. «Мектеп», Алматы, 1983. –245 б.
23. Сакулина Н.П., Комарова Т.С. Изобразительная деятельность в детском саду. М., . «Просвещение», 1973.
24. Жумабаев М. Ойлауды өркендету жолдары. – Алматы, 1972. – 85 б.
25. Мухина В.Е. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы -1986.
26. Бабкина Н.В,Тұрғынбаева Б.А. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. // Бастауыш мектеп №7, 1997.
27. Смаилов С.С. Дидактикалық материалдарды қолдану және балалардың танымдық белсенділігін арттыру. - Алматы, 1994. – 218 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі - бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселердің бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылдық пен адамгершілік қадір-қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, ұнамды мінез-құлық нормаларын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру - үлкен қажеттілік екені, Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 жолдауында жан-жақты негізделген [1].
Қазақстан Республикасы Парламентінің әлем парламентариінда арнаған үндеуінде (Егеменді Қазақстан - 1.07.2000 ж.) "Ұлтымызға, жынысымызға, нәсілімізге, тегімізге ұстанатын дінімізге қарамастан жалпы адамзаттық құндылықтың, рухани мәдениеттің әрі қарай дамытылып адамгершілік қасиетті нығайтуға үлес қосуымыз қажет" - деп атап көрсетілді. Ендеше жаңа ғасыр табалдырығына біздің рухани болмысымыз сай ма, қандай өмір салтын құруымыз керек, адамгершілік қасиетіміз жүдеу тартып кетпей ме? Осыны қазірден ойлап, болашақ ұрпақтың негізі қазіргі өмірден басталатындығын ұғынып дәріптей отыра, рухани мәдениетімізді қайткенде сақтап қалуға әрекет жасауымыз қажет.
Қай заманда болмасын, сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден-бір жолы адамның рухани байлығын арттыру болмақ.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Оның үстіне қоғамдағы рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеулердің адамгершілік пен руханилық мәселесімен тікелей байланысты қарастылып, осы кезге дейін күн тәртібінен түспеуі біздің тақырыбымыздың өзектілігін онан сайын арттыра түседі. Өйткені, балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелері көптеген ғылыми зерттеулерге арқау болған.
Бүгінде педагогика ғылымында Адамгершілік ұғымының педагогикалық термин ретінде ғылыми тұрғыда қалыптасқан өзіндік мағынасы бар. Дегенмен, бұл ұғым педагогика ғылымында нақты ғылыми категория деңгейінде анықтамаға ие бола қойған жоқ. Рухани-адамгершілік тәрбиесі қоғамның барлық сатысында зерттеу обекътісі болып отырғаны баршаға белгілі. Сондықтан да, біздің зерттеуімізде рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні, тәрбиелік маңызы туралы ұлы ойшыл ғұламалар, қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтар (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Қожа-Ахмет-Иассауи т.б.)керек. Ал республика жағдайында біздің зерттеу пәнімізге жақын деген ғылыми еңбектер қатарында құндылықты бағдарлау негіздері және бейнелеу өнерінің ізгілік мәселелерін Ж.Аймауытов, С.Қаиев т.б. зерттеген, - ал, адамгершілік,

қасиеттерге баулу А.Бейсенбаева, Ж.Р.Бәшірова, Қ.Әтемова, Н.Әлқожаева, А.Елемесова т.б. еңбектері арқау болған [3].
Философиялық тұрғыдан С.Нұрмұратов, Ж.Молдабеков, Е.Әлсатов, Б.Ерасов т.б., адамгершілік құндылықтарды халықтық педагогика арқылы қалыптастыруға С.Қалиевтің ғылыми еңбегі арналады, Ш.Майғаранова, Б.Игенбаеванын ғылыми зерттеу жұмыстары адамгершілік құндылықтарын дамытуды көздейді [4].
А.Каплиева, Р.Тұрысжанова, Д.Нұрғалиевалардың еңбектері рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы балаларды бейнелеу өнеріне баулуға, Утебаева А.Т т.б. ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттарын анықтауда, А.Қ.Қисымованың қазақтың халықтық педагогикасы арқылы балаларға адамгершілік тәрбие беруге арналды [2].
Зерттеу мақсатты: мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнері арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеге енгізудің тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1.Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде бейнелеу өнерінің әсерін мазмұндық тұрғыдан талдап, педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау;
2.Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде бейнелеу өнерінің әсерін айқындау;
Зерттеу нысаны - мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнері арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру процесі.
Зерттеу пәні - мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде бейнелеу өнерінің әсерін анықтау процесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы - мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы адамгершілікке тәрбиелеуді ұлттық мұра негізінде қалыптастыруға болады, егер, қазақ суретшілерінің суреттері мен ғұлама ойшылдар еңбектеріндегі рухани-адамгершілік құндылықтары жүйеге келтіріліп, танымдық-тағылымдық мүмкіндіктеріне қарай жіктей отырып, оқу-тәрбие процесіне мақсатты түрде енгізіліп пайдаланылса, онда рухани-адамгершілік құндылықтарды бағалай білетін, рухани жан-дүниесі бай, ұлттық сана-сезімі жоғары, инабатты, адамгершілігі мол, рухы биік жеке тұлға қалыптастыруға нақты мүмкіндік туындайды.
Курстық жұмыстың құрлымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.

I МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ
0.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнері арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мәселесі

Мемлекетіміз тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру үшін жаңа Қазақстан құрудың дербес жолын таңдап алды. Еліміз әлемдік қауымдастыққа зор құрметпен, беделмен кіруі үшін ұрпақ тәрбиесін әрқашанда назардан тыс қалдырмауымыз керек. Себебі, бүгінгі балалар еліміздің ертеңгі болашағы екенін ескерер болсақ, бәсекеге қабілетті, жаңа уақыттың өктем талаптарына үн қоса алатын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Балаларды адамгершілік сапасына - қасиеттерге тәрбиелеу қаншалықты, қарама-қайшылықта күрделі болса, соншалықты маңызды да. Адамгершілікке тәрбиелеу баланың тәртібін және рухани дағдысын қалыптастырады. Яғни ол - адамның ішкі жан дүниесінің ерекшелігін көрсететін, адамгершілік деңгейін анықтайтын, сипаттайтын, оның тұрақтылығы мен үздіксіздігін, дамуын, әлеуметтану дәрежесін, қоғамдық мәнін айқындайтын жеке тұлғаның ең маңызды ішкі жан дүниесінің элементі [5].
Жаңа үшінші мыңжылдықта алдыңғы қатарлы өркениетті елдермен қатар Қазақстан ғылым мен білімді әлемдік ақпараттық, білім және ғылым кеңістігіне халықаралық талаптар мен стандартқа және ұлттық ерекшелікке сай үйлесімді жетілдірудің жолдарын қарастыруда. Атап айтқанда, Қазақстанның болашақ дамуына арналған Қазақстан-2030 бағдарламасында тәуелсіз мемлекет құруда еліміздің әрбір азаматы өзінің қоғамдағы алатын орнын саналы түсінуі және ел экономикасының бүгінгі сұранысына жауап бере алатын тәрбие, білім алуы қажеттілігіне баса назар аударылған.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің II съезінде өткен он жыл Қазақстан үшін ерекше жыл болғанын, елімізде шын мәніндегі егеменді және тәуелсіз мемлекет құрылғанын атай отырып, экономиканы реформалаудың негізінен аяқталғанына және Еуропа одағына Қазақстан нарықтық экономика елі болып танылғанына талдау жасады, ғылым мен білім саласындағы түйінді мәселелеррді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің мынадай өзекті 3 бағытын атап көрсеткен еді;
- бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болғандықтан, олармен жүйелі жұмыс жүргізуге баса назар аудару;
- Қазақстанда жүріп жатқан аса ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрлар даярлау жүйесін құру қажеттігін ашып, ең алдымен бүгінгі ұстаздың кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің
бойындағы адалдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу тәрізді, ең жоғары адамгершілік қасиет-сапаларымен ықпал жасай отырып, тәрбиелеу;
- баланы адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеруге негіз болатын проблема білім және тәрбие беруді күшейтуге байланысты. Сол себепті бүгінгі таңда реформалардың тиянақты, жедел жүзеге асырылуы үшін тәрбиеші, балалардың адамгершілік тәрбиесі жөнінде ғылыми-теориялық білімі болуы керектігіне және өзін-өзі дамытудың субъектісіне айналу қажеттігіне назар аудару.
Біз ең алдымен адамгершіліктің негізін құрайтын жетекші ұғымдарды талдап, жүйелеуді жан-жақты көздедік.
В.Даль өз сөздігінде: Адамгершілік-адамилық, адамгершілік, білімдар адамға тән қасиет; адамды сүю, мейірбандық, қайырымдылық [6].
Ал философиялық энциклопедияда мынадай түсіндірме берілген:
Ізгіліктілік- адамды тұлға ретінде, оның еркіндікке, бақытты өмір сүруге, өз қабілеттерін дамыту және көрсету құқығын құндылық ретінде танытатын тарихи өзгеріп отыратын көзқарастар жүйесі. Онда адамның жақсы өмір сүруі әлеуметтік институттардың қызметін бағалау көрсеткіші болып табылады, ал теңдік, әділдік, адамгершілік ұстанымдары адамдар арасындағы қарым-қатынастардың қажетті нормалары болып саналады [7].
Адамгершілік дегеніміз- тұлғаның өз бойындағы негізгі ізгі сезімдер мен терең руханилықтан туындап, моралдық нормаларға бағынатын еркін қарым-қатынас жүйесі.
Адамгершілік туа біткен қасиет емес. Адамгершілік моральдан айырмашылығы мораль сыртқы қоғамда жазылған заңдар мен нормалар жүйесін қамтып сырттай әсер ететін болса, адамгершілік адамның ішкі дүниесінде қалыптасады (Мальшевский А.Ф.) адамгершілік адамның ішкі еркінің сезімі. Адамгершілік принциптері бірлікте өмір сүру, бақытқа талпыну, мүдделерді үйлестіру мен ұжым болып жұмылудың, жоқ - жітік пен ауру-кемтарға, бала мен кәріге жәрдемдесудің қажеттігін сезіну мен мойындау. Осы негіздерге сүйене отырып, адамгершілік ұғымына бүгінде түрлі ғылыми анықтамалар берілген [8].
Мәселен, қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: адамгершілік тәрбиесі- ізгілікке, инабаттылыққа баулудың жолы болып табылады деген анықтама беріледі. Жеткіншектерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, адамгершілік түсінікті, адамгершілік сезімді және адамгершілік мінез-құлықты, бірге тәрбиелеуден тұрады [9].
Ал педагогикалық энциклопедияда адамгершілік тәрбие ұғымын: Адамгершілік - мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, мінез білімдерін, моральдық қасиеттерді қалыптастыру процессі - деп анықтама берілген деген анықтама ұсынады [10].
Қазақ Ұлттық энциклопедиясында: адамгершілік - адам бойындағы гуманисттік құндылық әдеп ұғымы (кісілік, ізгілік, имандылық тәрізді ұғымдармен мәндес Мұнда адам бойындағы әдептілік қасиеттерді дамытудың ретінде анықтайды .
Қазақ тілінің сөздігінде: адамгершілік - ізгілікке, инабатылыққа баулудың жолы деп түсіндіреді . Яғни, ізгілікті, инабатты қандай жол мен сезім арқылы қалыптастырудың бағытын көрсету, ол руханилықтың бастамасы .
С.Қалиев өз зерттеулерінде қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесі негізінде адамгершілікке тәрбиелеу қажеттілігін баса айтады. А.Тұрсынов, С.Нұрмұратов, С.Тілеуова сынды ғалымдар рухани-адамгершілік ізгілік негіздерін талдап түсіндірсе, Б.Игенбаева жеке тұлғаның адамгершілігін дамытуды теориялық тұрғыда талдап қарастырады, ал Ш.Майғаранова рухани- өнегелі тұлғалық бағдарлы ізгілікке тәрбиелеу, А.Қисымова, Ж.Сәдірмекова халық педагогикасы негізінде адамгершілік тәрбие беру, К.Қожахметова, С.Қалиев, Қ.Жарықбаев ұлттық тәрбие адамгершілікке тәрбиелеу, Н.Е.Щукурова, Р.К.Төлеубекова жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыту, Э.Урынбасарова адамгершілік тәрбиесі ілімінің дамуы, А.Каплиева жастарға адамгершілік тәлім беру жолдары, салауатты өмір салты негізінде адамгершілікке тәрбиелеу проблемасын қарастырады.
Орындалған зерттеу еңбектерінде рухани-адамгершілік сананы дамыту, өмірдің құдылығын түсіну, ақыл-ой арқылы үнемі адамгершілік тұғырлары шындықты, ақиқатты іздеу; сезім арқылы сұлулықты сезініп, түсіну, ерік арқылы мейірімділікке, рахымдылыққа ұмтылу керектігі дәлелденеді [8].
Мұндай озық педагогикалық тәжірибелер балаларды адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында қазіргі кезде де біздің оқу-тәрбие процесінде кеңінен қолданылуда. Осындай әдістер арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу жүзеге асады десек те, өз халқымыздың ұлттық менталитетіне сай, мазмұны ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан, ұлы ойшылдардың даналығынан бастау алатын тәрбиенің қажеттігі әрқашан көрініп тұрады.
Бүгінде халықтық педагогика арқылы балаларды тәрбиелеудің біршама теориялық, практикалық тәжірибесі жинақталған. Бұл орайда қазақ ғалымдары: Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, К.Қ.Қожахметова , С.А.Ұзақбаева Б.Е.Қайырова, А.Т.Табылды, Г.Р.Бахтиярова т.б. педагогтар халық педагогикасы жайлы зерттеу жұмыстарына философиялық, педагогикалық тұрғыдан мән беріп, өздерінің қомақты үлестерін қосуда.
Адамгершілік тәрбиесі бірқатар ТМД елдері ғалымдарының зерттеу еңбектерінде де талданып, тұжырымдалды.
Б.Т.Лихачевтің пайымдауынша адамгершілікте барлық иманжүзді адамдарға тән ортақ рухани бастама бар, оның өзі өмір сүру принциптерінде көрініс табады, олардың негізгілері ретінде автор мыналарды бөліп көрсетеді: сенімділік, адамгершілік шешімдер қабылдау және оны іске асыру әрекетін таңдау бостандығы, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті тұлға ретінде өзіне деген адалдығы, адамгершілікке, имандылыққа жат келеңсіз қылықтарға белсенді рухани қарсылық, өмір шындығы негізінде құндылықтарды қайта өзгерту қабілеттілігі, басқаша айтқанда, адамгершілік ойлаудың икемділігі, бұл адамдар арасында рухани бастаманы кең өрістетудің жалғыз құралы ретінде ұжымдыққа ұмтылу екенін түсіндіреді.
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі бойынша ресей педагог - ғалымы А.И.Шамшурина бағдарлама құрастырған. Ол өзінің бағдарламасында этика ұғымы адам өмірінің адамгершілік сипатын қарастырады және жеке адамның моральдық жетістіктерін зерттейді, деп тұжырым жасаған [11].
Адамгершілік мәнін осы тұрғыдан қарастырсақ, нағыз адамгершілігі бар адам деп ресми моральдық нормалар шегінен шықпайтындарды емес, адамгершілік принциптеріне адам болып, олардың орнығуы үшін өзіне де сыртқы кедергілерге де төтеп бере алатындарды тану керек. Осылайша адам сырт көзбен қарағанда, иманды, моральдық жағынан кіршіксіз, ресми қоғамдық қолдауға ие бола тұрып, бір мезгілде имансыз адамгершіліктен жұрдай болып шын мәнінде ақиқатқа, шындыққа, жақсылық пен әсемдікке қарсы әрекет етуі мүмкін. Сол сияқты, өмірде керісінше ішкі дүниесі рухани жағынан таза, адамгершілік қасиеттерді бойына терең сіңірген адам, ресми моральдық тарапынан имансыз, моральсыз тұлға деп қабылдануы мүмкін.
Адамгершілік тәрбие дегеніміз - мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін, адамгершілік сезімді дамыту, моральдық сапаны қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы екенін осындай ғылыми көзқарастарға жан-жақты талдаулар жасай отырып ұғындық.
Біздер, өзіміздің зерттеу жұмысымызда жоғарыдағы анықтамаларды талдай келіп: Адамгершілік тәрбие дегеніміз - балалардың мінез-құлқының дағдылары мен адамгершілік сезім мен этикалық білімді, тәрбиенің ықпалымен сананы қалыптастырудың жолы - деген тұжырымды негізге алдық [12].
Адам адамгершілік қасиетке ие болып тумайды, ол адам бойына тәрбие арқылы дариды. Сыр бойының ХII ғасырдағы білімді оқымысты, ақыны Ахмет Иүгенеки ойынша: адамгершілік мінез-құлық уағыздау жолымен ғана емес, оларда моральдық сенімді дамыту және адамгершілікке бейімділікті туғызу арқылы қалыптасады дейді [13].
Қазақ педагогы М.Жұмабаев өзінің Педагогика оқулығында баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, оның өсіп жетілуіне, адам болып дамуына жанына рухани азық беретін, тәрбие қажеттігін ғылыми тұрғыдан негіздеді. Адамның мінез-құлқынан сезімнің (ұялу, еліктегіш, намыс, достық т.б. сезімдері) алатын орнын физиологиялық, психологиялық тұрғыдан дәлелдей келіп, адамгершілік қасиет сапалардың - адамның болмыс-бітімінде біртіндеп қалыптасу ерекшелігін ғылыми негізінде саралап айқындады [14]. Демек, М.Жұмабаев адамгершілікті мінез-құлықтың қалыптасуын психология ғылымының жетістіктері арқылы негіздеп көрсете білді. Шыр етіп дүниеге келген періште сәбиге адами асыл қасиеттер ана сүтімен, берісі бесіктен дариды десек. Әсте асылық айтпаған болар едік. Ал, қазақ баласының тәрбиесінің ошағы саналатын - мектеп тәрбиесі бала бойында ізгі қасиеттердің қалыптасуында үлкен де, маңызды роль атқаратыны даусыз.
Сонымен ұлы ойшылдар мен ғалым-педагогтардың адамгершілік туралы түрлі кезеңдерде жасаған пайымдамасын тұжырымдай келе, тәрбиенің негізгі - іргетасы адамгершілік тәрбиесіне байланысты деген өзіндік көзқарас келді. Өйткені, адам бойындағы мыңдаған қасиеттердің ішінде Ғылыми талдауларды тұжырымдай келе, біз: рухани-адамгершілік құндылықтар дегеніміз адамның ішкі жан-дүниесінің даму жағдайын көрсететін, адамдық деңгейін ашатын, сипаттайтын оның тұрақтылығы мен жетілу деңгейін, әлеуметтену дәрежесін, қоғамдық мәнін айқындайтын жеке тұлғаның ішкі ең мәнді құрылымдық элементі - деп білеміз.
Өйткені, рухани-адамгершілік құндылық адам санасында орын алып, сана арқылы игеріліп, іс-әрекетке жетелейді. Сондықтан, біз үшін құндылықтың өзегі - Адам, тәрбиесі - Адам болуға ұмтылыс жасау.
негізгі орын алатын қасиет-адамгершілік қасиет деп білеміз.
Олай болса, балаларды адамгершілікке тәрбиелеу науқанды іс деп түсінбей, дамыған мемлекеттер білім беру жүйесінде тарихи келешекке, дәстүрге айналдырып, рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы балалардың адамгершілік дағдыларын қалыптастыру мүмкін емес екендігіне көз жеткіздік.

0.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мүмкіндіктері

Адамгершілік тәрбиесі адамзат қоғамының барлық кезеңінде де өзекті мәселе болған. Әр тарихи дәуірде өмірдің әр кезеңіне байланысты қоғамның мақсаты мен құндылықтары да өзгеріп отырды. Адамгершілік тәрбиесі туралы тарихи дамуды зерделесек философиялық, психологиялық және педагогикалық ғылымдар саласында жан-жақты зерттелгенін байқадық.
Жалпы біз адамгершілікке тәрбиелеуде отбасынан бастау мақсатымыз - жас ұрпақ бойындағы жоғарғы адами құндылықтарды дамытуды, ізгілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа, инабаттылыққа және әдептілікке баулуды көзделді. Ал, балаларды адамгершілік құндылықтар адамгершілік түсінік пен адамгершілік мінез-құлықтың, яғни, адамгершілік қарым-қатынас пен іс-әрекеттің біріккен ықпалынан [14].
Мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына тәрбиемен қатар оны қоршаған орта да әсер ететіні белгілі. Қазіргі жағдайда оларға өзінің айналасындағы жақындары отбасының және жеке топтардың әсері ғана емес, сонымен бірге қоғамның бүкіл ахуалы, дүние жүзілік қоғамдастықтың өмір сүру, тіршілік ету амал-тәсілдері ықпал жасайды.
Қазақстанда 12 жылдық білімге көшуді 6 жастан бастау керетігі айтылып, осы орайдан терең білім, кәсіби дағды негізінде тұлғаның өзін еркін бағдарлай алуға, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, рухани-адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті болуға тәрбиелеуді меңзейді. Еліміздегі тұжырымдаманың мәні тәрбиеге байланысты түрлі көзқарастармен құбылыстарды және үрдіске қатысты ой-түсініктің бағдарын сараптап жинақтау. Бұл тұжырымдамада тәрбиенің мақсаты, мазмұны, принциптері, әдістемелері, құралы мен формасы және оның шарттарына қатысты негізгі мәселелер сипатталады. Онда мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогесшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми теориялық, әдіснамалық бағыттары айтылған[5].
Соңғы жылдары қазақстандық педагог-ғалымдар жас ұрпақ тәрбиесіне мемлекеттік, ұлттық менталитетіміздің негізінде адамгершілік құнды-қасиеттерді қалыптастырудың теориясы мен әдістемесін жасады. Атап айтатын болсақ: С.Қалиев, Ш.Майғаранова, Г.Нысанбаева, А.Бейсенбаеваның Балалардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері, Ш.Майғаранованың Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері, О.Нұсқабаевтың Мектеп-жас ұрпақты әлеуметтендіру институты т.б. еңбектер жарық көрді. Бұл еңбектерде мектеп оқушыларының тұлғалық сапалы қасиеттерін кешенді түрде қалыптастыруға педагогикалық ықпал ету жолдары негізделген [5].
Мемлекеттік оқу-тәрбие үрдісінде олардың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың теориялық негізі мен әдістері жасалған. Ш.Майғаранованың аталған еңбегінде бастауыш сынып оқушыларды рухани құндылықтар арқылы тәрбиелеу мәселелері көтеріліп, оны жүзеге асырудың жолдары мен әдіс-тәсілдері пайымдалған. О.Нұсқабаев өз еңбегінде жалпы білім беретін орта мектепті жеке тұлғаны қоғам талабына сай әлеуметтендіру орталығы ретінде жеткіншектерді қарастыра отырып, оқыту, тәрбиелеу негізінде белігі бір тәртіпке келтіріп жинақталған ғылыми білімдерді, құндылықтарды, мінез-құлық нормаларын меңгерту арқылы оларды жаңа қоғам өміріне ендіруге бағытталып әлеуметтендіру мәселесін көтереді. Бұл еңбектермен танысу, талдау кезінде қазіргі білім мен тәрбие берудің мазмұны мынадай үш бағыттағы тәрбиенің мәселесін қамтитынын көруге болады:
- еркін тұлғаны тәрбиелеу;
- рухани тұлғаны тәрбиелеу;
ізгі, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеу, яғни жеке тұлғаны тәрбиелеп жетілдіру мәселесін рухани ізгілікке, ұлттық дәстүрге, дәстүр сабақтастығына, біртұтастыққа, жүйелілікке байланыстыра қарастыру қамтылған.
Адамгершілік қасиеттердің қалыптасуы, олардың мінез-құлық тәртібінің де сапасын анықтайды. Олардың адамгершілік тәрбиесіне әсер ететін факторлар мыналар - ұлттық салт-дәстүрлер, мақал-мәтелдер, ұлы ғұламалардың ой-пікірлері. Басқаша айтқанда оның қалыптасуына саяси, экономикалық, руханилық, адамгершіліктік факторлар [15].
Адамгершілікке тәрбиелеуде мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің бірлестігі оқыту және тәрбиелеу жұмысының дұрыс жолға қойылуына ықпал етеді.
Адамгершілікке тәрбиелеуде бейнелеу өнерінің мынадай міндеттер атқарады:
-Балаларға тәрбиелік ықпал әдістерін салт дәстүрлерді анықтайтын конструктивтік міндеті;
- балалардың ойының, еңбек іс-әрекеттерін және демалыс тәртіптерін ұйымдастыратын ұйымдастырушылық міндетті;
Балалар арасындағы, тағы сондай ара қатынастар нормаларын құрастыратын комунукативтік міндеті.
Адамгершілікке тәрбиелеуде бейнелеу сабақтарындағы үлгілер,көрнекіліктер, педагогикалық үрдісіне дұрыс ұйымдастырылған ара қатынастар балалардың көзқарастарының дамуына, мінез құлықтарына, балалардың басқа адамдармен араласуына әсері зор, себебі кіші жастағы балалар сенім, еліктегіш ықыласты болып келеді.
Баланың жеке қасиеттерінің, психологиясының дұрыс дамып кетуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принцптерге негізделген мектепке дейінгі ұйым мен нәтижелі жұмыс қажет.
Жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағыда тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен еңбекті қажет ететін ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы - жаманды танидыдағы сондайдан білгені, көргені көп адам білімді болады- десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді- деген екен [16].
Қазіргі қоғам жан-жақты, білімді де білікті, мәдени ой-өрісі өсіп жетілген,адамгершілігі мол ұлттық салт-санасы бойына сіңіріп өскен жаңа адамды тәрбиелеуді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды алғы шарттарының бірі ретінде қарастыруда. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында баяндалғандай бала тәрбиесімен айналысатын қызметкерлерге орасан зор жауапкершілік жүктеп отыр.
Адамгершілікке тәрбиелеу мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының ынтымақтастығының негізінде жүзеге асады.
.
Адамгершілікке тәрбиелеуде ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
- Серіктестік пен ынтымақтастық негізінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қойылатын біркелкі талаптармен бірыңғай білім беру кеңістігін қамтамасыз ету.
- Баланың мектепке дейінгі ұйымдарда психикалық - физикалық денсаулығын қамтамасыз ету;
- Балалармен бірлескен шығармашылық іс- әрекет түрлеріне қатысу;
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу - тәрбие жұмысы ең алдымен, ата-аналармен жұмысты сауатты және дұрыс ұйымдастырудан басталады.
Балалар - біздің болашағымыз, үмітіміз. Егер біздің балаларымыз шын мәнісіндегі білімді адамдар болғысы келсе, олар өз беттерімен шұғылдану арқылы білім алуға тиіс,- деген орыс жазушысы Н.Г. Чернышевский, тәрбие мәселесінде балалардың айналаға қамқор болуынаерекше мән берген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тәрбие тұжырымдамасында Баланың танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнделікті өмірінде білім алудың қаншалықты маңызды екеніне көзін жеткізу қажет. Өйткені балабақша жасындағы балалар әсершіл және ұғымтал келеді,- деген нұсқау мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығын дәлелдейді. Белгілі педагог К.Д. Ушинскийдің Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек деген көрегендігі тәрбие процесінде адамгершілікке тәрбиелеуде баланың жан-жақты болуын талап етеді [17].
Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді. Жас ұрпақты қоғамымыздың саналы азаматы етіп тәрбиелеу - тәрбиеші және отбасының негізгі міндеті.
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауып әкеледі деп философ Әбу Насыр әл Фараби айтқандай, балаларға жан-жақты тәрбие беруді жетілдіріп отыру - басты парызымыз. Өйткені бала ұлыс пен ұлттың ертеңі, келер тарихқа аманат.
Адамзаттың бәрі де анадан туып, соның бауырында өсіп ер жетеді. Сүтпен кірген сүйекпен кетеді дейді халқымыз. Ендеше, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулу
Балалардың эстетикалық тәрбиесін дамыту
Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері сабақтарында бояу түстері арқылы сұлулыққа баулу
Мектепке дейінгі мекеме балалары
Эстетикалық тәрбие беруде қазақ педагогтары мен ағартушыларының идеяларын педагогикалық тұрғыда негіздеу
Бейнелеу өнері теориясы мен әдістемесі
Ертегі мазмұны бойынша балаларды сурет салуға үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызы мен міндеті
Мектепке дейінгі мекемелерде сәндік сурет салғызу
Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік қасиеті
Пәндер