Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру пәнінің педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
ІІ ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы оқытудың тиімді әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы оқытуда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде.
Өндірістік орындар қайта түлеп, жаңа әлемдік технологиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда.
Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр.
Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компьютерлік технология жақсы дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып, білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс-жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті матеиалдармен, құрал-жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыр, ең негізгісі – жеке тұлғаны жауапты етіп тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуы. Н.Құлжанова, М.Сәтімбекова оқу-әдістемелік кешендері. 1996-2000-2005 жылдардағы "Балбебек" бағдарламасының құрылысы және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің мазмұны. (Балбөбек 1996 ж.) Сорос бағдарламасы - балалардың шығармашылығын дамытудың негізгі кұралы. Математика орталығы және ерекшелігі. 1999 жылғы Астана-Алматы балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектепалды дайындау бағдарламасындағы қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мазмұны.
Құлжанова Назипа Сағызбайқызы ХХ ғасырдың басында өз халқын ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұңғыш педагог, әрі – журналист-публицист.
Мектепке дейінгі тәрбие мазмұнын қоғам мүддесіне лайықты жаңартып, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иесін дайындау мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясында қызмет ететін ғалымдардың ( Н.Нұрахметов, М.Сәтімбекова, Б.Баймұратова, Ә.Әмірова, Ғ.Дүкенбаева, Ф. Жұмабекова, С.Бәтібаева, Г.Өтебаева) еңбектері нәтижесінде 1996 жылы « Балбөбек» бағдарламасы жарық көрді.
2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің

1. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан — 2030. Барлық Қазақстанның өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-уақыттың артуы. Ел президентінің Қазакстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан 11 қазан, 1997 ж.
2 Қазақстан республикасының заңы—Алматы; литература 2000-96 6.
3 Ө.Мүсабеков «Балалардың зерттеушілік қызметі» Шымкент 2003 ж.
4 Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, Ж.Т.Қайыңбаев, К.Ө.Ергешова. «Математика оқыту әдістемесі Алматы Атамұра 1998 ж.
5 М.Тәттібекова "Математикалық логика" 2001 N 3 216.
6 А.Жакипова "Балалардың математикалық ойлауын дамыту"
ИФМ 1997 N3 76.
7 А.Ергешова "Бастауыш сынып балаларымен жұмыс түрі"
Қазақстан мектебі 2002 N8 616.
8 А.В. Петровский "Педагогикалық және жас ерекшелігі
психологиясы" Алматы Мектеп 1987ж.
9 Ахметжанова "Балалардьщ қызығушылығын арттыру
жолдары" Бастауыш мектеп 2004 N1 30-6.
10 Қоқымбаева "Проблемалы оқыту баланың ойлау қабілетін
дамытудың тиімді жолы" Бастауыш мектеп 2004 N6. 38-6.
11 Физулдаева "Балалардың психологиялық ерекшеліктері"
Бастауыш мектеп 2004 N12. 23-6.
12 П.Сағымбекова "Бастауыш мектепте математикадан сабақ
беруге дайындау" Бастауыш мектеп 2004 N11 12-6.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1 Балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру пәнінің педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
0.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
ІІ ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы оқытудың тиімді әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы оқытуда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 27
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде.
Өндірістік орындар қайта түлеп, жаңа әлемдік технологиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда.
Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр.
Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компьютерлік технология жақсы дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып, білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс-жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті матеиалдармен, құрал-жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыр, ең негізгісі - жеке тұлғаны жауапты етіп тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуы. Н.Құлжанова, М.Сәтімбекова оқу-әдістемелік кешендері. 1996-2000-2005 жылдардағы "Балбебек" бағдарламасының құрылысы және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің мазмұны. (Балбөбек 1996 ж.) Сорос бағдарламасы - балалардың шығармашылығын дамытудың негізгі кұралы. Математика орталығы және ерекшелігі. 1999 жылғы Астана-Алматы балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектепалды дайындау бағдарламасындағы қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мазмұны.
Құлжанова Назипа Сағызбайқызы ХХ ғасырдың басында өз халқын ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұңғыш педагог, әрі - журналист-публицист.
Мектепке дейінгі тәрбие мазмұнын қоғам мүддесіне лайықты жаңартып, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иесін дайындау мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясында қызмет ететін ғалымдардың ( Н.Нұрахметов, М.Сәтімбекова, Б.Баймұратова, Ә.Әмірова, Ғ.Дүкенбаева, Ф. Жұмабекова, С.Бәтібаева, Г.Өтебаева) еңбектері нәтижесінде 1996 жылы Балбөбек бағдарламасы жарық көрді.
2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жаңа онжылдық - жаңа экономкалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері Қазақстанның халқына жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысымен бекітілген, 2010-2014 жылдарға арналған Балапан балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруді қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама қабылданды. Аталған Бағдарламаның негізгі мақсаты - халықтың мектепке дейінгі ұйымдардың сапалы қызметіне деген мұқтаждығын қамтамасыз ету. 2015 жылға дейінгі мектепке дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен біліммен қамту 3 жастан бастап 6 жасқа дейінгі жастағы балалардың жалпы санының 70 % дейін жеткізу жоспарлануда.
Зерттеу мақсаты: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын анықтау
Зерттеу міндеттері:
Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға әдістемелік тұрғыдан шолу жасау.
Математика сабағында кездесеті қиындықтарды шешу мүмкіндіктерін анықтау;
Математика сабағында кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын және оның тиімділігін тексеру;
Зерттеу объектісі - мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математиканы оқыту процесі.
Зерттеу пәні - Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтар
Зерттеу жұмысының болжамы -- математика сабағында кездесетін қиындықтарды шешу арқылы балалардың ақыл-ойлары дамитын болса, онда олардың математикадан білім деңгейі жоғарылайды.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2.1 Балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру пәнінің педагогикалық негіздері
Кіші жастағы баларға математиканы оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін сипаттайтын әдістемелік ережелер, сондай-ақ оқытуға тұлғалық-іскерлік және дамытушылық тұрғыдан қарау әдістемелік құрал мазмұнын құрайды.
Бастауыш сыныптардағы математиканы оқыту материалының мазмұны кіші жастағы балалардың математикалық дайындығына, білім, білік және дағдылар деңгейіне қойылатын талаптардың өзгеруімен байланысты дәстүрлі модельге елеулі түзетулер енгізген жаңа мектеп бағдарламасымен анықталады.

Оқыту міндеттері:
1) Балалардың балабақша өміріне бейімделуіне, ұяң болмауға, тілін дамытуға көмектесу, мектепке дейінгі мекемелердегі дайындықтан өтпеуіне байланысты өз қатарластары және үлкендермен сөйлесуге тарту;
2) Әр баланың мектепке дайындық деңгейін анықтау;
3) Мектепке дейінгі кезеңде алған қарапайым білім, білік және дағдыларын (ББД) айқындау, жүйелеу және толықтыру;
4) 10 көлеміндегі заттарды санай алу және сандарды оқытуға дайындық ретіндегі заттардың реттік нөмірін анықтай алу біліктерін қалыптастыру;
5) Теңдік және теңсіздік ұғымдарына дайындық ретінде заттардың екі тобын салыстыру)
6) Қосу және азайту амалдарын оқытып үйретуге, сондай-ақ сан ұғымын анықтауға тірек білім болып табылатын заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алуға үйрету;
7) Шама және сан ұғымдарын оқытуға дайындық ретіндегі заттардың ұғындықтарын салыстыру, заттың, кесіндінің ұзындығын өлшеу және өлшем бірлігі - 1 см-ді енгізу сияқты ұғымдарды меңгеру;
8) Геометриялық фигуралардың қарапайым түрлері, заттардың бір-біріне қатысты орналасуымен және амалдар мен әрекеттің өту ретімен кеңінен таныстыру;
9) Бүтін және бөлшек ұғымдарына дайындық ретінде фигураны бөліктерге бөлу және оны бөліктерден қалыптастыру;
10) Дәптермен жұмыс істеу: оның беттерін шамалай алу, жаза білуге дайындық ретінде қарапайым элементтерді жазуға үйрету.
Осыған байланысты балалардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруда ең алдымен математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Баланы мектепке оқытуға бейімдеу: өзіңмен тең санап, әңгімеге тарту арқылы тілін дамыту (мұғалімнің шыдамдылығы, қамқорлығы, сүйіспе-ншілігі қажет); оларды зейін қоя тыңдауға, тапсырма бойынша әрекеттер орындауға, сұрақтарға жауап беруге үйрету.
Балалардың мектепке дайындық деңгейін - олардың қарапайым ұғымдар жайлы білімдерін анықтау, бала: санай біле ме және нешеге дейін санайды? Заттарды санай ала ма және қалай санайды? Заттарды сыртқы белгілеріне: түсіне, мөлшеріне, пішініне қарай ажырата ала ма? Заттардың екі тобын салыстыра ала ма: артық, кем, сонша терминдерінің мәнін түсіне ме? (Мысалы, қай дөңгелек артық: көк пе әлде қызыл ма? Суретте қанша шаршы болса, оң қолыңа сонша таяқша ал). Заттардың екі тобын біріктіре ала ма және заттардың жиынтығынан екі топ жасай ала ма? Геометриялық фигуралармен таныс па? Кеңістік түсінігі қандай деңгейде (Шалқан, Үйшік ертегілері бойынша: кейін, жанында, арасында, оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде т.б.). Кеңі-стіктегі заттардың орнын анықтай ала ма? Нәтижелері сабақты ұйымдастыру жәнежеке-дара жұмыс жүргізу үшін арналған кестеде көрсетіледі.
Математикалық ұғымдар: сан, санның натурал қатары. Сан және санаудың даму тарихы. Санақ жүйесі және оның дамуы. Мектепте арифметикалық оқытудың тарихы мен әдістерінің дамуы (монографиялық және есептеу әдістері). Мектепке дейінгі ұйымда қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің кұрылымы.
Е.И.Тихееваның мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға қосқан үлесі. Ф.Н.Блехердін балабақшада қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру туралы бағдарламасы. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі мен теориясына А.МЛеушинаның қосқан үлесі.
1950-1980 жылдардағы мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мәселелері жөніндегі педагогнкалық-психологиялық ізденістер (Н.А.Менчинская, Н.НЛежова, 3.С. Пигулевская, Ф.А. Михайлова)
1932-1984 жылдардағы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасындағы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі туралы еңбектер. 1984-1989 жылдардағы оқу мен тәрбиелеудің типтік бағдарламасының мазмұны және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемссінің ерекшеліктері (Н.Г.Бакет, Я.Ф.Чекмарева, A.M. Леушина). 1984-1990 жыллардағы мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсінігін қалыптастыру мазмұңының қалыптасуы.
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру маңызы
Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - балабақша тәрбиешілері. Өйткені білім мен тәрбие негізі баланың жеке басын қалыптастыру негізі балабақшада қаланады.
Балаларға сандарды айту, түсіндіру, артық, кем, тең қатынастарын анықтауда салыстыру тәсілінің мәнін түсіндіру, сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Ұзындығы мен ені, биіктігі мен жуандығын салыстыру арқылы сөздік қорларын молайтып, математикалық ұғымдарын қалыптастыру. Балабақшадағы балалардың білімін зерттеу тәрбиешінің ең маңызды, негізгі жұмыстарының бірі. Зерттеу жұмыстары баланың оқу жылы басындағы білім деңгейін жыл бойында оны жетілдіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, топқа тез үйреніп, жыл соңында балалардың ілгерілеуін анықтайды. Зерттеу әр баланың жетістік көрсеткіштерін анықтауға көмектеседі. Зерттеу әдісін таңдау оның мақсатына байланысты. Стандарттан алынған тапсырмаларға сүйеніп, балалардың деңгейін жоғары, орташа, төмен деп аламыз. Әр тоқсан сайын және жыл соңында балалардың білім деңгейін тексере отырып балл қойылады.
- тапсырманы қатесіз өз бетінше орындаған бала
- тапсырманы үлкендердің көмегімен орындаған бала
- тапсырманы қатемен орындаған бала
- тапсырманы орындамаған бала
Балалардың танымдық іс - әрекетін дамыту, олардың құзіреттілігін қалыптастыруда зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Көптеген зерттеулер балалардың көзқарасын кеңейтуде және қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуда математика пәнінің алатын орны ерекше. Оның әрбір жұмысы ой белсенділігін қажет етеді. Зерттеу балалардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлу керек. Олар әр түрлі математикалық логикалық есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, санамақтар. Енді соның ішінде математикалық логикалық есепке тоқталайық.
Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бір алма.
Біреуін бер Маратқа,
Сонда қалмақ неше алма?
(4 алма)
Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі санамақ. Санамақтарды халық негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортадағы дүниені тану мен қатар халқымыздың атадан қалған салт дәстүрін де санау арқылы үйренеді, әрі дүниені таниды. Баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Атау ұйқастырып санау арқылы бала санауды үйренеді, әр санға ұқсас заттарды танып біледі. Қолданып жүрген санамақтарымнан мысал келтірейін.
Саусақтарды салалап,
Кел санайық санамақ.
Бірім - бірлік,
Екім - елік,
Үшім - үскі,
Төртім - түскі,
Бесім - бесік,
Алтым - асық,
Жетім - желке,
Сегізім - серке,
Тоғызым - торқа,
Оным - олжа,
Санамақты санадық
Енді сәл дем алалық.
Санамақтар әртүрлі мағынада болады. Осындай санамақтар арқылы балалардың тілін дамытып, санау қабілетін арттырамын. Санамақтағы әрбір сөзді, атауды есінде сақтаса, олар білімді, жеті атасын білетін, болашағынан үміт күттірер азамат болып өседі деп ойлаймын. Саусақ санау ойыны баланы сан үйренуге қызығушылығын арттырады. Осы санамақтарды бос уақытта, күннін екінші жартысында жаттату арқылы мағыналарына түсінік беремін. Санамақтар балаларға ұлттық нақышта тәрбие жұмыстарын жүргізумен бірге оларды мектепке даярлайды.
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру тақырыбында зерттеу жұмысын жасадым.
Зерттеу барысында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда санды тура санау, санды кері санау, цифрларды тануы, көлем, салыстыру, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақыт ұғымдарын төмендегі тапсырмалар арқылы зерттедім.
1 - тапсырма: 1 - ден 5 - ке дейін тура санау.
1. Суреттегі алмұртты дұрыс санап беру керек.
2. Суреттегі балапандарды сана.
3. Алма ағашының басындағы алманы сана.
2 - тапсырма: 5 - тен 1 - ге дейін кері санау.
1. Ауызша 5 - тен 1 - ге дейін кері сана
2. Суреттегі санды көрсетіп, 5 - тен 1 - ге дейін кері сана.
3. Сан қатарындағы жазылмай қалған санды жаз.
3 - тапсырма: Цифрларды тануы.
1. Суреттегі цифрларды дұрыс көрсетуі керек.
2. Цифрларды ретімен жаз.
3. Суреттегі цифрды ретімен сызықпен сызып қос.
4 - тапсырма: Көлем.
Көлемді сипаттап айта білу үшін мына тапсырманы пайдаландым.
1. Суреттегі нәрсенің көлемі үлкенін тап.
2. Суреттегі заттың қайсысы ауыр.
3. Қайсысы кіші екенін ата.
5 - тапсырма: Шамаларды салыстыру.
1. Қай ағаш биік?
2. Қайсы жануардың бойы қысқа?
3. Суреттегі екі жолдың қайсысы жіңішке?
6 - тапсырма: Геометриялық пішіндер.
1. Заттар қандай геометриялық фигураға ұқсайды? Геометриялық фигураны шаршының ішіне сал.
2. Қай пішін жоқ? Соның суретін сал.
3. Үйшік қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған.
7 - тапсырма: Кеңістікті бағдарлау.
1. Не қайда орналасқан?
2. Қыздың оң жағында не бар?
3. Суретте жоғарыда не бар?
4. Қайда жасырынған?
8 - тапсырма: Уақыт.
1. Мынау қай уақыт?
2. Мезгілдердің ішінен күз мезгілін көрсет.
3. Кешкі уақытты көрсет.
Оқу іс - әрекетінде көрсетіп, түсіндіріп серуен кезінде бақылау жүргізіп, қоршаған ортадағы заттарды салыстыру арқылы түсінік бердім. Соның нәтижесін тоқсан соңында тапсырма беру арқылы орындаттым.
Барлық тапсырманы орындағаннан кейін тоқсан соңында балалардың балдарын есептеп зерттеу кестесіне салдым. Алынған қорытынды бойынша баланың даму деңгейі және оның мектепке қаншалықты дайын екенін анықтадым.
35 - 40 балл болса баланың деңгейі жоғары. Ол тапсырмаларды жеңіл орындайды. Оның даму деңгейі жасына сай келеді. Бала мектепке баруға дайын.
25 - 30 балл болса баланың деңгейі орташа. Оған көмектесу қажет. Баланың қиын тиген бөлімдерге көңіл аудару керек. Сол бөлімдерге қосымша тағы жұмыс жүргізу керек. Сонда бала жақсы нәтижеге жетеді.
15 - 20 балл болса баланың деңгейі төмен. Бүл көрсеткіш баланың әзірге мектепке дайын еместігін білдіреді. Баламен көбірек жұмыс жүргізуді қажет етеді.
5 - 10 балл болса бұл нәтиже жеткіліксіз, бала мектепке баруға мүлдем дайын емес. Оның даму деңгейі жасына сай келмейді.
І - тоқсанда тобымдағы балалардың жинаған нәтижесі.
Нәтиже
18 бала - жоғары
4 бала - орташа
3 бала - төмен.
Ең алдымен таным көзі - сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап, көріп тануынан тұрады. Сезіну процессі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды. Баланың логикалық ойлау түсінігі ең алдымен, оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады.Балаларға математикалық қарапайым ұғымдарды түсіндіру, бекіту.Сондай-ақ бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін), теңестіру, орналасуын, саны мен сыңарын (белгілеріне қарай) табу тәсілдерін меңгереді. Мектеп жасына дейінгі балалардың кішігірім математикалық терминдері: геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш т.б.) және олардың элементтері (қыры, бұрышы) болатынын, (қосу, алу, тең) ұғымдарын үйренеді. Балалар қарапайым математикалық дәлдікті шешуді үйренеді. Сонымен қатар балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік) - жігерін жұмсайды. Балада алғашқы түсініктер индуктивті және дидуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі т.б.) қарай талдау, сараптау, салыстыру, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады.
Жаңа материалдарды бағдарламаның кез келген бөлігінде (Сан және санау, Көлем, Пішін, т.б.) кезектестіріп 2-5 сабақтан бірінші бөлігінде, кейін 2-ші бөлімінде оқытқан жөн.
Тәрбиеші әр түрлі жастағы топтардың бағдарламасының (программалық) құрылымын білуге тиіс. Бұл, тек өз тобының математикалық дамуы деңгейін біліп қана қоймай, сондай-ақ мектепке дейінгі балаларда математиканың рөлін және әрбір сабақтың құрлымын өз ісінде дамыту арқылы, балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруына көмектеседі.
Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс формасы - сабақ. Сабақ барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады. Балаларда бір ізді жүйе қалыптасады.
Күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс-әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан - жақты, бағыт - бағдар беріп отырады.
Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау, қайталау, кезектестіріп оқыту түрлерін қолдану, баланың белсенділігін арттырады.

2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы оқытудың тиімді әдістері
Сабақ құрылымының - көлемі, мазмұны бағдарламаға сай, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланады және үйретіледі. Мынадай жаңа материалдармен жұмыс жасаудың 3 түрі бар: біріншіден - педагог көрсетеді, жаңа тапсырманы түсіндіреді, үлгі көрсетеді, математикалық объектіні негіз етіп алады.Балалар педагогтың іс-әрекетін бақылап, оның нұсқауларын тыңдайды, сұрақтарына жауап береді. Ақыл ойды тәрбиелеуде және ой өрісті дамытуда математика маңызды рөл атқарады
Мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде сабақтарға арналған ойын әдістеріне үлкен мән беріледі. Оқытудың әдістері мен тәсілдері ережеге сәйкес қолданылады, әртүрлі үйлестіруде оқытудың көп бейнелі әдістері мен тәсілдерін пайдалану, оларды шебер үйлестіру керек, сонда сабақтар балаларға пайдалы, қызықты болады.
Математика сабақтарында дидактикалық ойындарға ерекше көңіл бөлемін. Қызықты жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар т.б. Өзімнің математика бойынша сабақтарымда жұмбақтарды пайдаланамын, өлеңдер, тақпақтар таңдаймын,логикалық ойлауға арналған тапсырмаларға мақалдардан, қанатты сөздерден, ертегілерден және де сергіту сәтінен (физминуттардан) топтама жасаймын. Әртүрлі қызықты материалдарды қолдану педагогикалық үрдістің тиімділігін арттырады, сондай-ақ, олар баланың ақыл - ойының дамуына үлкен ықпал ете отырып, балалардың ойлауына, есте сақтауына себеп болады. Балаларды ойын үрдісіне оқыта жүріп, ойыннан алған қуаныш оқу қуанышына ұласуы үшін, ары қарай жұмыстанамын.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлауын дамыту. Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады. Бала ойында қалай болса, ол өскенде де, жұмыста да сондай адам болады- деп А.С. Макаренко айтқандай мектепке дейінгі жастағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық пішінмен санауды үйрету, 20 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу, көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мәселелерге назар аударылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық ойындардың орны ерекше. Ойын - мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Логикалық ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.
Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады.
Логикалық ойлау - адамның интелликтуалдық қабілеттерінің негізін құрайды. Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын арттырады. Сол себептен балаларға логикалық ойындарды кеңінен және жүйелі пайдаланудың маңызы ерекше.
Балабақшадағы басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой - өрісін, іс - қимылын жан - жақты дамыту. Математиканы оқытуда есептердің алатын орны ерекше. Оны оқытудың негізгі мақсаты - математикалық есептердің белгілі бір жүйесін шешу. Әдістемесін балаларға игерту. Сондықтан есепті шешу - оқытудың мақсаты ғана емес, сондай - ақ құралы да. Оның қатарына пәнді оқытуда қарастырылатын әр алуан жаттығулар, мысалдар, логикалық тапсырмалар, яғни кез келген математикалық мазмұнды тапсырманы жатқызуға болады. Есепті шешу кезінде оның шартына немесе салдарына математикалық жалпы қағидаларды қолданудың реті анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға есептеу және есеп туралы ұғымды оқытуда ойындар, көрнекіліктердің алатын орны ерекше.
Топтарда есептеу бүтін затты тең бөліктерге бөлуге, сандарды жеке - жеке топтауға үйретуге балалардың ой - өрісін дамытуда алатын орны ерекше. Бүтін затты тең бөліктерге бөлуде балаларға тапсырмалар немесе ойындар, жұмбақтар, сұрақ - жауаптар арқылы жүргізуге болады. Мысалы: Асанда 6 алма бар еді, ол Үсенге қолындағы алмасының екеуін берді. Сонда Асанда қанша алма қалды. (4) Стол үстінде 9 карандаш жатыр. Оны үш балаға теңдей бөлу керек. Сонда қаншадан тиеді. (3) деген сұрақтар қоюға болады. Жанып тұрған 4 майшамның екеуі сөніп қалды. Сонда неше майшам қалды? (2) Қолымда 5 алма, табақта 2 алма, қосқанда барлығы қанша алма? (7) Осындай жұмбақтар жасыруға болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға балабақшада математиканы оқытуды ұйымдастыру мынадай бөлімдерден тұруы тиіс:
Мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық түсініктерін қалыптастыру. Оқытудың дидактикалық принциптері. Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді дамыту мен бастауыш мектепте математиканы оқытудың сабақтастығы. Қарапайым математикалық түсініктерді дамытуда қолданылатын әдістер, ұйымдастыру түрлерінің жалпы сипаттамасы.
Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы үйретудегі ойын және логикалық жаттығулар. Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді дамыту барысында пайдаланатын құралдар: жабдықтар, көрнекіліктер, оқулықтар, тапсырмалар (жаттығулар). Сабақ үстінде тәрбиешілерге қойылатын талаптар 1-6 жас аралығындағы балаларда математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Сандық ұғымдарды қалыптастыру және санауға үйрету:
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау ерекшеліктері және заттарды қайта жаңғырту жолдары. Мөлшер және санау. Мектеп жасына дейінгі балаларда сандық ұғымды қалыптастырудың міндеттері.
2-3 жаста айналадағы заттар туралы сезім әрекетін қалыптастыру әдістемесі. 3-4 жастағы балалардың үш келеміндегі сандар туралы түсініктерін қалыптастыру, сандарды ауызша санай білуге, сан, сана көп, аз деген ұғымдарды үйрету әдістемесі. 4-5 жастағы балаларға бес көлеміндегі сандарды тура және кері санауга үйрету, санның натурал қатары туралы түсініктерін қалыптастыру әдістемесі.
Ересек топтағы он көлеміндегі сандарды дұрыс санай білуге үйрету, көп, артық, аз, кем, ұғымдарын қолдануға және сандардың peт қатарын жаңылмай айтып, топтастыра білуге машықтандыру әдістемесі. 6-7 жаста жиырмаға дейінгі сандарды тура және кері санау, 10 көлеміндегі сандарды ауызша есептеп шығаруға үйрету әдістемесі.
Есептеу және есеп туралы ұғымын қалыптастыру әдістемесі:
Есептеу, өлшеу барысында балалардың сандардың қатары туралы ұғымдарының даму ерекшеліктері. Есептеу іс-әрекеттерінің даму кезеңдері. Әр жас топтарында балаларды есептеуге үйретудің міндеттері. Жиын мен пішінді салыстырғанда пайда болатын саннын шығуы. Реттік және сандық есептеу. Есептеудің ережесі. Берілген санды қайта санау(санап aлy). Есептеу, есептеудін заттық сапалық белгілері, не кеңістікте орналасуына қатыссыз болуы. Есептегенде әр анализатордың қатысуы.
Берілген нақты құралмен, сандық құрамның бірліктен тұратынын үйрету әдістемесі. Ауызша санау және арифметикалық есептерді кұрастыру және шығару. Цифрлармен таныстыру, көп, аз, тең ұғымдарының шартты белгілерін үйрету жолдары. Топтарды есептеу. Бүтін затты тең бөліктерге бөлуге үйрету әдістемесі.
Арифметикалық есептер:
Балалардың арифметикалық есептерді түсіну ерекшеліктері. Есептермен жұмыс кезіндегі әдістемелік тәсілдер мен жүйелік +, -, , , = белгілерді қолдану әдістемесі.
Заттардың көлемі және өлшеу тәсілдері. Өлшемнің көлемі мен сан арасындағы функциональды байланыс.
Балалардың заттардың көлемі мен оларды өлшеу туралы ұғымдярын қалыптастыру:
Көлем мен өлшем туралы жалпы түсінік. Көлемнің негізгі қасиеттері; Мектеп жасына дейінгі балалардың заттың көлемін қабылдау ерекшеліктері. Заттардың өлшеміне қарай өсуі. Заттардың көлемін салыстыру мен қабылдауда сөздің ролі. Айналадағы заттардың ұзындығын, биіктігін, енін шартты өлшеуішпен (условный прибор) өлшеуге үйрету әдістемесі.
Мектеп жасына деиінгі балаларға заттың ені, ұзындығы, биіктігі бойынша салыстыру мен зерттеу тәсілдерін үйрету жолдары. Заттардың көлемі, өлшеміне қарай өсуі бойынша реттеу тәсілдері. Көзбен өлшеуін үйрету әдістемесі. Заттардың кеңістікте орналасу жағдайына тәуелсіз өлшемін көру қабілетінің ерекшеліктері.
Берілген өлшемнің көмегімен әртүрлі көлемдегі өлшемін өлшеу туралы түсініктері. Санмен өлшем арасындағы байланыстық қызмет. Сұйық және сусымалы денелердің көлемін шартты өлшеуішпен анықтау жолдары. Заттың салмағы (масса) туралы түсінік қалыптастыру әдістемесі.
Балалардың зат түсінігі туралы ұғымын қалыптастыру:
Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық түсініктері. Қарапайым геометриялық пішін туралы түсініктер қалыптастыру әдістемесі. Геометриялық пішін - заттың формасын қабылдаудағы эталон. Зат формасымен геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері. Зерттеу әрекеті және оның форманы тандаудағы ролі. Форма туралы түсініктерді қалыптастырудағы және қабылдаудағы сөздің орны. Әртүрлі белгілеріне байланысты геометриялық пішіндерді топтастыру әдістемесі, геометриялық пішіндерді бұрыш, қабырға сандарына байланысты салыстыру әдістері. геометриялық пішіндерді трансфигурациялау бейнелеу, таяқшалардан кұрастыру әдістемесі.
Дидактикалық ойындар мен жаттығулар. Заттарды формасы бойынша жіктеудегі дидактикалық ойындар мен жаттығулар.
Балаларда кеңістік ұғымын қалыптастыру әдістемесі:
Кеңістікті бағдарлау туралы түсінік. Балалардың кеңістікгі бағдарлау генезисі. Кеңістікті бағдарлаудың сезімдік негіздері. Кеңістікті бағдарлау және қабылдаудағы сөздің ролі. Кеңістікті бағдарлауды қалыптастыру міндеттері.
Статистика мен қозғалыста өзінен негізгі бағытты ажырату ерекшеліктері. Қоршаған ортада өзінен және заттардан бағдарлана білуі, заттардың бір-бірінен қатынастағы орнын анықтау. Балалардың қоршаған кеңістікті бағдарлауды меңгеруі. Көру және өлшеу арқылы арақашықтықты анықтау әдістемесі. Кеңістікте бағдарлауды дамытуға арналған дидактикалық ойындар.
Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру:
Уақыт және оның өлшемі. Мектеп жасына дейінгі балалардың уақытты қабылдауы. Балаларды уакыггы бағдарлауға оқытудың міндеттері. Балалардың уақыт сезімін қалыптастыру әдістемесі. Тәулік бөліктерін ажырату, олардың кезектесуін анықтау ерекшеліктері.
Тәулік ұғымы:
Уақыт кезеңдерінің алмасу кезектігін түсіну және кеше, бүгін, ертең сөздерінің мағынасын түсінуі. Ересектер тобындағы балалардың уақытты сөзінуін дамыту жолдары. Екі өлшемді кеңістікте бағдарлауға үйрету әдістемесі. Кеңістікті бағдарлауды дамыту үшін қолданылатын дидактикалық ойындар. Балаларға уақытты бағдарлауды үйретудің міндеттері. Уақытты сағатпен анықтауға үйрету әдістемесі.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда балабақша, мектеп және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz