Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

  1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІМектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері . . . 6Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу ерекшеліктері . . . 11
  2. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІМектепке дейінгі экологиялық тәрбие беру үрдісін тиімді ұйымдастыру мүмкіндіктері . . . 15Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру жолдары . . . 19

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 27

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары толғандыруда және оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде. Бұл ізденістерде айналадағы орта туралы білімнің берері мол. Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі мәселе адамның табиғатқа тигізетін әсері қандай және одан қалпына келмейтін қандай тізбекті өзгерістер туындайтынын анықтауда болып отыр.

Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Бұл проблемалар президент Н. А. Назарбаев ұсынған "2030 стратегиясы" бағдарламасында басты орында тұр[2] .

Экологиялық тәрбие - балалардың бойында табиғаттың барлық субьектілеріне қатысты ізгілікті, қайырымдылықты, парасаттылықты қалыптастыруды көздей отырып, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту процесі.

1977 жылы халықаралық экологиялық қоғам “экологиялық тәрбиеге - қоршаған ортадан қорықпай, керісінше одан ләззат алу ” негізінде болу қажеттігіне айрықша мән берген.

Қоршаған орта бүлініске ұшырап ауқымды экологиялық проблемалар туындаған қазіргі жағдайда білім мен насихат барлық адамдардың - мұғалімдердің, дәрігерлердің, ғалымдардың, саясаткерлердің назарына ілініп отыр. Қоғамның іргелі құрылымынан қолдау тапқан экологиялық білім мен насихат қана жаңа адамды - XXI ғасырдың азаматын қалыптастырады және аса күрделі, әрі шиеленіскен әлеуметтік - экологиялық жағдайда іс - әрекет жасауға үйретеді.

Экологиялық білімнің тиімділігі жүйелілік тәсілге негізделіп үздіксіз жүзеге асырылғанда ғана артып табысқа жетеді. Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құрудың мақсаты - ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде балалардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын құндылықты, мінез-құлықты, іс-әрекетті қамтамасыз ету. [2]

Табиғаттың әсерімен балада гуманистік сезімдерді бекітудің педагогикалық құндылығын ұлы педагогтар Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, Ф. А. Дистерверг ерекше атап көрсеткен.

Табиғатты және онымен қарым-қатынасты тек сөз жүзінде тар практицизм мен утилитаризм шеңберінде зерттеуге орыс ағартушылары: В. Г. Белинский, А. И. Герцен, Н. А. Добролюбов, Д. И. Писарев, Н. Г. Чернышевский қарсы болды.

Экологиялық білім көпшіліктің санасына айналадағы ортаны сақтаудағы жауапкершілік идеясын ұялатып, қоғамның әр мүшесінде табиғатқа аялай қарауды қалыптастыруы тиіс. Мұны тездету үшін іс - әрекеттің нақтылы бағдарламасы және үздіксіз экологиялық білім беруге қатысатындардың жұмыстарын үйлестіріп отыру кажет. [4]

Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелердегі экологиялық тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқан бағдарламадағы «Балаларды табиғатпен таныстыру» бөлімінен бастау алады. Ал табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор.

Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау туралы заңына (12 бөлім, 63-65 бап), «Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар туралы» заңына, «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясына», «ҚР жоғары білім беру туралы» заңдарына (3 бап) негізделе отырып экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясы жасалды[1] .

Қазір Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты мен экологиялық дамуындағы негізгі құжаттар - «Тұрақты даму үшін қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жұмыс жоспары», «ХХІ ғасырдың ұлттық күн тәртібі» және т. б. әзірленді.

Экологиялық дағдарыстың негізгі себебі тек тиімсіз технологиялар, табиғат қорғау қызметінің және заңдарының жеткіліксіздігі ғана емес сонымен қатар адамдардың мәдениетінің төмендеуінде болып табылады.

Экологиялық мәдениет дегеніміз - бұл экологиялық білімділік, табиғатқа саналы көзқарас және табиғатты пайдалануға іс жүзінде қатысу.

Экология - бұл әлеуметтік проблема. Өндіріс орындарының күрт арту кезеңінде, ғылыми-техникалық революцияның дамуына байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қазіргі күннің өзекті проблемаларының бірі болып отыр. [6]

Табиғатпен таныстыру барысында балаларға «Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Сондықтан да кейінгі жылдарда мектепке дейінгі жастағы балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырылып келеді.

Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру мәселелерін зерттеу арқылы оларды тиімді ұйымдастыру жолдарын айқындау.

Зерттеу міндеті:

- Ғылыми әдебиеттерді пайдалану

- Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызын анықтау

- Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру жолдарын көрсету

Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру жолдары

Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру процесі

Зерттеу әдістері: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру процесі бойынша ғылыми мәліметтер жинау және оларды талдау арқылы тәжірибелік зерттеу амалдарын жүргізу.

Зерттеу болжамы: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруден мынадай нәтиже көруге болады:

- Балалардың жалпы қоршаған орта туралы түсініктерінің кеңеюі;

- Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерінің оянуы;

- Қоршаған ортаның дамуына деген жауапкершілік сезімдерінің болуы.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспе, 2 бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері

Қоршаған табиғи ортаны қорғау барысында, білім беру мәселесінің өзектілігі күннен күнге артып келеді. Экологиялық тәрбиенің қалыптасуы жалпы қоғам дамуына, ондағы әлеуметтік топтардың, жеке тұлғаның санасында айрықша орын алуы азаматтық қоғам қалыптастыруға ерекше үлес қосады.

Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - балалардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.

Осыған орай келесі міндеттерді бөліп шығаруға болады:

− балалардың тірі жəне өлі табиғат туралы түсініктерін, негізгі табиғаттанушылық көзқарастарын қалыптастыру;

− табиғаттағы өзара қатынастығы жəне ондағы адамның орны туралы түсініктерін дамыту;

− жердегі барлық тіршілікке, табиғатқа деген махаббатты, аялап қарауды тəрбиелеу;

− балаларды табиғаттағы жəне оны қорғаудағы барлық іс-əрекетке енгізу;

− табиғаттағы экологиялық білімді, адамгершілік тəртіптің дағдыларын қалыптастыру;

- табиғаттың апаттарына уайымшылдық дамыту, оның сақталуына күресу.

Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру барысында келесі кағидаларды ұстану керек:

− балалардың жас ерекшеліктерін және дербес ерекшеліктерін ескеру;

− балаларға тек қана жеке бағыттағы нақты мазмұнды ғана ұстану емес, əлемнің тұтас көрінісін, жеткізе білу;

− жеке ерекшеліктеріне, яғни өзіндік қабілеттеріне байланысты шығармашылық еркіндік беру;

− балалардың əртүрлі іс-əрекеттерін тиімді пайдалануға жағдай туғыздыру;

− психологиялық жағына қолайлы жағдай жасау жəне балалардың денсаулығына көңіл бөлу;

− балаға жеке тұлға ретінде қарау;

− ата-анамен педагогтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Балаларды экологиялық дамыту келесі тізбектеме бойынша суреттеледі:

− табиғат - адамға (табиғаттың материалдық, эстетикалық жəне сауықтыру маңыздылығы) ;

− адам - табиғатқа (адамның табиғаттағы жақсы жəне жаман іс-əрекеттері) ;

− табиғатты қорғау тəртіптері (əркімнің табиғатты қорғау шараларына қатысуы) .

Балалардың экологиялық тəрбиесі балабақшада келесі материалдық базаның болуын талап етеді:

− тірі табиғат бұрышы;

− учаскедегі өсімдік əлемі;

− сабақ өткізу үшін оқу-құралдар, көрнекіліктер.

Мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын таныстыру арқылы олардың бір-бірімен байланысын түсіндіру барысында балаларда алғашқы табиғат туралы ұғым негіздері қаланады. Балалардың мұндай табиғат жайында алған қарапайым дүниетанымдық ұғымдары, олардың бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту барысында және жоғарғы сыныптарда биологиялық пәндер бойынша берілетін білім жүйесінің алғашқы баспалдағы болмақ.

Осы мәселеге байланысты төмендегідей бірнеше қарама-қайшылықтарды атап айтсақ:

  • балалардың табиғатпен дұрыс қарым-қатынаста болмауы;
  • табиғат тазалығын сақтау дағдыларының қалыптаспауы;
  • табиғатқа қамқорлық жасау, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жеткіліксіздігі;
  • табиғатты қорғау, дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыруға арналған әдістемелік құралдардың аздығы;

Осы қарама-қайшылықтарды ескере отырып, Қазақстанның жергілікті табиғатына сай, өлке тану принципіне негізделген, нақтылы қай көлемде, қандай мазмұнда табиғат жайында материалдарды енгізу керектігі, оны оқытудың жолын талдайтын, балаға табиғат жайында жүйелі ұғым бере отырып, оның дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен әдістерін анықтап, саралайтын ғылыми зерттеу жұмыстарының теориялық-әдістемелік базасы жеткіліксіз даму деңгейде келе жатқаны нақтылы және тиімді зерттеулерді қажет етеді[8] .

Ғалымдар табиғат туралы қарапайым білім беру барысында баланың дүниетанымын қалыптастырып, ақыл-ойын, тілін дамытуға болады дей отырып, осы мәселені тереңдей зерттеген. Оған дәлел, мектеп жасына дейінгі педагогикаға көз жібертетін болсақ, бұл мәселе қай кезеңде өмір сүрген пелагогтар болмасын, олардың тәлім-тәрбиелік ілімдерінің негізі осы қоршаған орта болғандығын көрсетеді.

Табиғатты оқыту мәселесіне тоқталған кезде, негізінен ТМД елдерінің ғалымдарының еңбегіне жүгінуге тура келеді. Себебі соңғы жылдарға дейін (1950-60 жылдар) Қазақстанда тікелей бұл мәселемен шұғылданған ғалымдар болмады. Орыс балабақшаларының бағдарламаларын аударып, сондағы талап тілектерді жүзеге асыру мақсаты ғана орындалып отырғандықтан, әдістемелік еңбектер де аударма қалпында қалып келді. Оның бастауы 20-30 жылдардан мектеп жасына дейінгі педагогика ғылымының мәселелерімен шұғылданған Е. И. Водовозова, Н. К. Крупская, Е. И. Тихеева, Л. К. Шлегердің педагогикалық еңбектері болған. Ғалымдардың пікірінше, адамды қалыптастыру оның қоршаған ортаға, табиғатқа деген көзқарасын, дүниетанымын дамыту ретінде орын алды[9] .

Осыдан кейін 30-50 жылдарда жүргізілген педагогикалық психологиялық зерттеулерде де, мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында білім беру ісі өзекті мәселеге айналды. Л. С. Выготский: «Балабақша бағдарламасының жаңа талап бойынша бағдарлама бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтас болуы керек»-деген екен. Себебі баланың балабақша қабырғасында табиғат жайында алған алғашқы қарапайым ұғымдары, оның жалпы білім беру орындарында меңгерген білімімен байланысы болған жағдайда ғана баланың ақыл ойының болуы нәтижелі болады. Сондай ақ аса көрнекі педагог В. А. Сухомлинский де өз тәжірибесінде баланы табиғат құбылыстарының құпия сырлары арқылы білім беру барысында сәбиді жан жақты дамыту жолдары жайында бағалы еңбектер қалдырған. Әсіресе, «Балаға жүрек жылуы» атты еңбегінде педагог кішкентай баланың мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған күннен бастап, бастауыш мектепті бітіргенге дейін, өз тәрбиеленушілерін қоршаған ортаны танып, білім әлеміне ендіріп, ашық аспан ай астында сурет, ана тілі, еңбек сабақтарын жүргізгендігін айтады.

Психолог ғалымдардың тұжырымы бойынша, ақыл ой тәрбиесі өте күрделі және жан-жақты құбылыс. Оның негізі мектеп жасына дейінгі кезеңде қаланады. Себебі, бала дүниеге келгенде, алғашқы түсетін ортасы ата-анасынан кейін сәби жасынан бастап үнемі танып білетін қоршаған орта, табиғат, оның заттары мен құбылыстары[17] .

Балаға табиғаттың негізгі ерекшеліктерін, әр жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортада, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде болып жататын сан алуан өзгерістер мен құбылыстарды көрсету, сезіндіру, байқату барысында баланы дамыту мақсаты көзделеді. Тіпті баламен жүргізетін барлық педагогикалық процестер, ақыл-ойын, тіл дамытуда пайдаланатын ойындар, жұмбақ мысалдар, әңгімелер, қолданылатын көрнекі құралдар мен ойыншықтар болсын, бәрі-бәрі табиғаттың жемісі екендігін ғалымдар әрқашан мойындаған.

Бала табиғат жайында жүйелі түрде білім алу қажет деген мәселені А. П. Усова, А. В. Запорожец, Н. Н. Поддъяковтар өздерінің ғылыми зерттеулерінде көтереді.

Сондай ақ бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгендердің бірі - С. А. Веретенникова, Н. Ф. Виноградовалар болды.

А. П. Усова балаға табиғат туралы ұғым беру ісін екі теорияға бөліп қарады:

1. Қарапайым, яғни балаға білім арнайы оқытусыз күнделікті ойын, еңбек іс- әрекеттерінде бақылау арқылы жүргізіледі.

2. Балаға күрделі ұғым тек арнайы ұйымдастырылған оқыту үрдісінде, сабақ кезінде ғана беріледі және екеуі де бір-бірімен тығыз жүргізілуі керек. Бұлайша берілген білім нақты жүйелендірілген, бала ұғымына сай келетін табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін, жыл мезгілдеріне байланысты адамдар өмірінде болатын өзгерістер мен олардың іс-әрекеті жайында, шынайы түсінікті қамтыған жағдайда ғана нәтижелі болады деп көрсеткен.

«Умственное воспитание детей процесс ознакомления с природой» атты еңбегінде Н. Ф. Виноградова баланың ақыл-ойын, тілін дамыту мәселесіне өте үлкен мән берген[12] .

ҚР-да мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында ұғым беру мәселесінің жайына тоқталсақ, Республика көлемінде мектеп жасына дейінгі табиғат туралы жүйелі ұғым беру мәселесі түбегейлі зерттелмеген. Дегенмен, педагогика және психология ғылымдары мәселелерімен шұғылданушы ғалымдардың қандай да зерттеу жұмыстары болмасын, табиғатқа көңіл аудармай қойған емес. Бірақ, қазақ балабақшаларына арналған тыңғылықты әдістемелік оқу құралдары, бағдарлама болған жоқ. Ш. Ахметов пен Қ. Шоназаровтың 1959 жылы жарық көрген «Мектеп жасына дейінгілерге арналған оқу кітабы» сол кезде қазақ балабақшалары үшін тиімді құралдардың бірі болды. Онда мектеп жасына дейінгі балаларды халық ауыз әдебиетімен таныстыруда қолданылатын үлгі әңгіме, ертегі, санамақ, ойын негіздері енгізілген.

Сондай-ақ, сол кезде балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі құралдарының бірі «Жыл он екі ай» кітабы болды. Бұл кітап 1965жылдан бастап, алғаш М. Гумеров, А. Асылбеков және т. б. авторлардың құрастыруымен жарық көріп келе жатқан әдеби күнтізбе[16] .

Республика көлемінде мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселелеріне арналған Б. Баймұратова, Ә. Әмірова, Т. Левченко, М. Сәтімбекова, т. б. ғылыми-зерттеу жұмыстары бар.

Мысалы Б. Баймұратованың 70жылдардағы қазақ балабақшаларында жаппай қолданылып келген қазақ балалар әдебиетінің озық туындылары «Біздің кітап» деген атпен шыққан хрестоматиялық құралы болды. Бұл туындыға енген көркем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, сәбидің түсінігіне лайық, оларды еңбекке баулу, қоғам құбылысымен, өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен таныстыру мақсатында берілген[14] .

1970-80жылдардан бастап, ТМД ғалымдары мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында жүйелі білім беру ісіне арналған ғылыми зерттеу жұмыстарын жан-жақты зерттеу бастады. К. В. Назаренко, Л. И. Мыщик, И. С. Фридкина, Т. В. Зеленцова балаларға өлі табиғат жайында ұғым беру мәселесін зерттесе, К. Э. Фабри, С. Н. Николаев, П. Г. Саморукова тірі табиғат жайында жүйелі білім беру ісімен шұғылданады. Бұл жұмыстардың барлығы мектепке дейінгі балаларды дамыту жолын қарастыратын, оқытудың тиімді әдістерін, бағыттарын көрсеткен зерттеулер.

С. Н. Николаева балаға тірі табиғат жайында жүйелі білім беру ісінің негізгі бағыттарын былайша топтастырған:

  1. белгілі бір территорияда өсетін өсімдіктер мен мекендейтін жануарлар жайында білім жүйесін қалыптастыру
  2. осы өсімдіктер мен жануарларды сыртқы пішіні мен негізгі қасиеттеріне байланысты бөліп, топтастырып қарау және олардың өмір сүретін ортамен сабақтастығын ұғындыру.
  3. Жыл мезгілдері ауысуының өсімдіктер және жануарлар дүниесіне тигізетін әсерін ұғындыру.

Сондай-ақ республикамызда балалардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлген ғалымдардың бірі Қ. Аймағанбетова болды. Тәлімгердің 6 жасар және төменгі сынып балаларына арналған «Айналадағы дүниемен таныстыру», «Табиғат танудың оқыту және бала тәрбиесі» және т. б. еңбектерінде сәбиді айналадағы дүниемен таныстыру, оларға өзін қоршаған табиғат құбылыстары туралы алғашқы ғылыми ұғым беру жолдарын қарастырған. Мұнда табиғатпен таныстыруды бағдарлама талабына сай жоспарлап, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек үрдісінде жүзеге асыруды түрлі әдіс-тәсілдерді әсіресе көрнекіліктерге негізделе отырып жүзеге асыруды ұсынады[3] .

Балаларды табиғатпен таныстыруда алдымызда мынадай мақсат тұрады: балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту, өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі ұйымдардың алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұрады. Атап айтқанда:

- Педагогтардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;

- Балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын, олардың ата- аналарына насихаттау;

- Әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;

- Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу

- Мектепке дейінгілердің экологиялық көз қарастарын кеңейту және

жүйелеу.

- Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден тұжырым шығаруға үйрету.

- Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту[3] .

Сайф Сарай: - “Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа…” - деген екен. Жас бала тамылжыған табиғатқа, әсем әуенге, айналадағы әсемдікке қызығады, содан әсерленеді, көркемдікті түсініп, оның мәнін түсінеді, әсемдікті танып, талғауды үйренеді. Мысалы: Балаларды гүлдермен таныстыру кезінде, олардың түрлерімен, пайдасымен тапсырмалар арқылы танысып, хош иісі мен далаға берер әсемдігін көреді, сезінеді. Осы сұлулықты бұзғылары келмейді. Оны елестету арқылы парақ бетіне өз қиялдарынан бейнелеп салады [15] .

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу ерекшеліктері

Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиеші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса, балада соғұрлым көбірек үйренеді. Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады[19] .

Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз. Сондықтан да балабақшадағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі "Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру" болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор. [5]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу нысандары
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің жолдары
Мектепке дейінгі балаларды туған жердің табиғатымен таныстыру және экологиялық тәрбие беру
Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі балаларды жануарлармен таныстыру құралы ретінде
Мектеп жасына дейінгі кіші топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Табиғат әдістемесі
Мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz