Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

II. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАР
2.1 Мектепке дейінгі музыкалық мәдениетті қалыптастыру үрдісін тиімді ұйымдастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау – бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі. Сондықтан да мектептердегі оқу- тәрбие жұмыстары мен педагогикалық ғылым жүйесінде бұрыннан жинақталған мол тәжірибелердің тиімді жақтарын сұрыптай пайдалана отырып, қазіргі қоғамдық - әлеуметтік үрдістерге сай, жаңаша түсінік- таныммен жан-жақты білім беру, келешектің әмбебап маман мұрагерлерін дайындау міндеті қойылып отыр.
Осындай мақсаттағы кең көлемді бағдарламалық жоспарлар өз кезегінде оқу- тәрбие жұмыстарын жүргізуге де үлкен өзгерістер енгізіп, мектеп мұғалімдері қызметінің ауқымын арттырып, олардың ұстаздық шеберлік деңгейінің аса жоғары болуын талап етуде. Соған байланысты әр салада жеке пәндер бойынша жаңа бағдарламалар енгізіліп, оқу құралдарын жаңаша бағытта қайта түзу қажеттігінің туғандығы да заңды құбылыс[1].
Жалпы білім беретін орта мектептерде музыкалық педагогика саласы бойынша жаңа бағдарламалар жасалып, оқулықтар жазылады. Негізінде тек мұғалімнің музыка пәнінен сабақты қалай ұйымдастырып, қалай жүргізуі керектігі жөніндегі бағыт-бағдар беретін әдістемелік оқу құралдары ғана жарық көреді. Бірақ та жаңа заман талабына сай істелген бұл жұмыстар саны болашақ музыка мұғалімдері үшін әлі де болса жеткіліксіз. Себебі оқулықтар аз, әдістемелік оқу құралдары қалалық мектепте істейтін, жоғарғы оқу орындарының мамандарымен байланысып жұмыс істей алатын музыка пәні мұғалімдерінде ғана кездеседі. Ал болашақ музыка мамандарына және ауылды аймақтағы музыка пәні мұғалімдеріне де әдістемелік көмек өте қажет.
Зерттеудің мақсаты: Балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру әдістеріне зерттеу жүргізе отырып, тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеті:
- Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерін талдау, мазмұнын, мәнін ашу;
- Балалардың музыкаға көзқарасының қалыптасуының негізі – музыкалық мәдениет жайлы түсінік беру және музыкалық талғамын дамытуда жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру жолдары
1. Алиев Ю.Б. Методика музыкального воспитания детей от детского сада - к начальной школе / Ю.Б. Алиев .– Воронеж : НПО МОДЕК, 1998 .– 352 с.
2. Алиев Ю.Б. Настольная книга школьного учителя – музыканта / Ю.Б. Алиев .– М.: Владос, 2000 .– 336 с.
3. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе / О.А. Апраксина .– М.: Просвещение, 1983 .– 224 с.
4. Ардақ : ән-күйлер туралы көркем шығармалар жинағы .- Алматы, 1989 .- 256 бет.- (Өнер тақырыбындағы туындылар).
5. Байжігітов Б. Көркем өнер терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі / Б. Байжігітов .- Алматы : РБК, 1998 .– 78 бет.
6. Балтабаев М. Әсем саз : бастауыш сыныптарға арналған музыка әліппесі / М. Балтабаев, Б. Өтемуратова .- Алматы: Атамекен, 1993 .– 104 бет.
7. Балтабаев М. «Елім-ай» / М. Балтабаев, Б. Өтемуратова .- Алматы : Атамекен, 1993 .– 94 бет.
8. Балтабаев М.Х. «Елім-ай» : бағдарламасының ғылыми әдістемелік негіздері / М.Х. Балтабаев .- Алматы : РБК, 1993 .– 22 бет.
9. Балтабаев М.Х. Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің 1-4 сынып оқушыларына арналған «Елім-ай» ән-күй сабағының бағдарламасы / М.Х. Балтабаев .- Алматы : РБК, 1993 .– 68 бет.
10. Бәттібаева С. Ән-күй : әдістемелік нұсқау / С. Бәттібаева, Ф. Қоңыратбай, Э. Баталова .- Алматы : Кітап, 2002 .- 104 бет.
11. Бекенов У. Күй керуені / У. Бекенов .- Алматы : Өнер, 2002 .- 144 бет.
12. Бонфельд М.Ш. Введение в музыкознание / М.Ш. Бонфельд .- М. : Владос, 2001 .- 224 с.
13. Гизатов Б. Музыкальное образование в Казахстане / Б. Гизатов .– Алма-Ата : Мектеп, 1975. - 81 с.
14. Джансеитова С.С. Орысша – қазақша музыкалық терминдердің түсіндірме сөздігі / С.С. Джансеитова, К.К. Мусина .- Алматы, 1991 .- 105 с.
15. Дмитриева Л.Г. Методика музыкального воспитания в школе : учеб. пособие / Л.Г. Дмитриева, Н.М. Черноиваненко .- М. : Академа, 1998 .- 240 с.
16. Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы : 1-4 сыныптар .- Алматы : РБК, 1997 .- 334 бет.
17. Кононова Н.Г. Обучение дошкольников игре на детских музыкальных инструментах / Н.Г. Кононова .– М.: Просвещение, 1990 .- 159 с.
18. Қазиева Б. Музыка сауатынан практикалық көмек / Б. Қазиева .- Алматы : РБК, 1995 .- 110 бет.
19. Қош келдің, Наурыз! : сценарий .- Алматы : Ақ орда : Өлке баспасы, 1993 .- 81 бет.
20. Қулманова Ш. Музыка : 1 сыныбына арналған оқулық / Ш. Қулманова, М. Оразалиева, Б. Сулейменова .- Алматы: Атамұра, 2001 .- 128 бет.
21. Қулманова Ш. Музыка : 2 сыныбына арналған оқулық / Ш. Қулманова, М. Оразалиева, Б. Сулейменова .- Алматы: Атамура, 1998 .- 144 бет.
22. Қулманова Ш. Музыка : 3-сынып / Ш. Қулманова, М. Оразалиева, Б. Сулейменова .- Алматы: Атамура, 1999 .- 112 бет.
23. Қулманова Ш. Музыка : 4-сынып / Ш. Қулманова, М. Оразалиева, Б. Сулейменова .- Алматы : Атамура, 2000 .- 112 бет.
24. Құралұлы А. Ұлттық дүниетаным : 1 сынып / А. Құралұлы .- Алматы : Өнер, 1997 .- 80 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
0.2 Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 8

I. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАР
2.1 Мектепке дейінгі музыкалық мәдениетті қалыптастыру үрдісін тиімді ұйымдастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау - бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі. Сондықтан да мектептердегі оқу- тәрбие жұмыстары мен педагогикалық ғылым жүйесінде бұрыннан жинақталған мол тәжірибелердің тиімді жақтарын сұрыптай пайдалана отырып, қазіргі қоғамдық - әлеуметтік үрдістерге сай, жаңаша түсінік- таныммен жан-жақты білім беру, келешектің әмбебап маман мұрагерлерін дайындау міндеті қойылып отыр.
Осындай мақсаттағы кең көлемді бағдарламалық жоспарлар өз кезегінде оқу- тәрбие жұмыстарын жүргізуге де үлкен өзгерістер енгізіп, мектеп мұғалімдері қызметінің ауқымын арттырып, олардың ұстаздық шеберлік деңгейінің аса жоғары болуын талап етуде. Соған байланысты әр салада жеке пәндер бойынша жаңа бағдарламалар енгізіліп, оқу құралдарын жаңаша бағытта қайта түзу қажеттігінің туғандығы да заңды құбылыс[1].
Жалпы білім беретін орта мектептерде музыкалық педагогика саласы бойынша жаңа бағдарламалар жасалып, оқулықтар жазылады. Негізінде тек мұғалімнің музыка пәнінен сабақты қалай ұйымдастырып, қалай жүргізуі керектігі жөніндегі бағыт-бағдар беретін әдістемелік оқу құралдары ғана жарық көреді. Бірақ та жаңа заман талабына сай істелген бұл жұмыстар саны болашақ музыка мұғалімдері үшін әлі де болса жеткіліксіз. Себебі оқулықтар аз, әдістемелік оқу құралдары қалалық мектепте істейтін, жоғарғы оқу орындарының мамандарымен байланысып жұмыс істей алатын музыка пәні мұғалімдерінде ғана кездеседі. Ал болашақ музыка мамандарына және ауылды аймақтағы музыка пәні мұғалімдеріне де әдістемелік көмек өте қажет.
Зерттеудің мақсаты: Балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру әдістеріне зерттеу жүргізе отырып, тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеті:
- Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерін талдау, мазмұнын, мәнін ашу;
- Балалардың музыкаға көзқарасының қалыптасуының негізі - музыкалық мәдениет жайлы түсінік беру және музыкалық талғамын дамытуда жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру жолдары
Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру процесі
Зерттеу әдістері: Мектеп жасына дейінгі балалардыі музыкалық мәдениетін қалыптастыру процесі бойынша ғылыми мәліметтер жинау және оларды талдау арқылы тәжірибелік зерттеу амалдарын жүргізу.
Зерттеу болжамы: Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудан мынадай нәтиже көруге болады:
- Балалардың музыкалық мәдени түсініктерінің кеңеюі;
- Музыкалық талғамдарының оянуы;
- Музыканы үйренуге деген жауапкершілік сезімдерінің болуы.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

II. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері

Егеменді, бостандық алған Қазақстан республикасының білім беру саласында, педагогикалық тәжірибенің мазмұнын жаңарту кезінде, қоғам өмірінің жаңартуда, адамның жаңа қоғамға деген көз - қарасы, болашақ ұрпақты жан - жақты білімді, мәдениетті, өз мәдениетін, өз тілін музыка пәнінің бағдарламасы - балалардың музыка өнерінің негізгі мен оның өмірімен байланысы жайлы түсінігін жетілдіру, бағдарламаның тақырыптық құрылымында көрсетілген басты мәселелерді музыкалық, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, музыканы түсініп шығармаларды мәнерлі орындап, орындағанда әуеніне таза болуы, ырғақты сезіне білу, вокалды - ән айту дағдыларын қалыптастыру мақсатымен халық және композиторлардың ән - күйлер, қазіргі уақытқа сай профессионалды музыкалық шығармалар, жергілікті сазгерлердің ән - күйлері келтіріп отыр. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде музыка сабағының негізгі мақсаты: - балалардың бойында рухани мәдениеттің аса маңызды әрі ажырамас бөлігі - музыкалық мәдениетті қалыптастыру. Балардың Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілігін, әр түрлі ұлт өкілдерінің бір - біріне деген достық сезімдерін оятады және оны жетілдіреді.
Музыка сабағында балаларды музыкалық мәдениетке тәрбиелеу мәселесін қарастыру өзекті, әрі осы уақытқа дейін арнайы қарастырылып жатқан тыс мәселелердің бірі[2].
Жалпы музыкалық білім беру арқылы балалардың музыкалық мәдениетін тәрбиелеу үрдісі тиімді болуы мүмкін, егерде:
- мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық мәдениетке тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық және әдістемелік негіздері анықталса.
- балаларды музыка өнері негізінде музыкалық мәдениеттікке тәрбиелеу тиімдігінің өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері аңықталса.
- оқу тәрбие үрдісінде балаларды музыка өнері арқылы музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың музыкалық-педагогикалық шартары белгіленсе;
- балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны құрылып, тәжірибелік-педагогикалық тексерістен өткізіп, ғылыми - әдістемелік ұсыныстар берілсе, сонда ғана балалардың музыкалық мәдениеттілікке қалыптастырудың нәтижелілігі арта түседі.
Сонымен бірге,
- музыка пәні арқылы балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделеді;
- балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыруда музыка пәнінің мүмкіндіктері, өлшемі, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталады;
- музыка пәні арқылы балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шартары негізделінеді[3].
Бала тәрбиесіндегі негізгі мақсат - өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбексүйгіштікке, өнерге баулу, Отанын, отбасы, ауыл-аймақ, ар-намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу болды. Осы мақсатты іске асыру жолында отбасы мүшелерінен бастап, ауыл ақсақалдары, көнекөз қариялар мен ақын, жыршы, жырау, әнші, күйші сияқты өнер адамдарының бәрі белсене қатысатын ұжымдық тәрбие ісін жүргізушілер болып келгені көпке аян.
Ән мұраларының тәрбиелік мүмкіндіктері мен әдіс-амалы ұшан-теңіз, халықтың болмыс тіршілігімен, өмір тынысымен сабақтас бағалы қазына. Қазақ әндерінің қоғам өмірімен, тарихымен тығыз байланыстылығы, ұжымдық шығармашылық сипаты, көркем образдылығы, философиялық ой тереңдігі, синкреттілігі, сан алуан жанрлығы, көп варианттылығы балалар мен жастардың түсінік-талғамын шарықтатып, көркемдік қажеттіліктерінің, адамгершілікті-эстетикалық идеалының қалыптасуына, әсемдікті қабылдай білуді үйренуіне ерекше қолайлы жағдай жасайды.
Қазақ халқының ұлттық-мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттың рухани қайта өркендеу негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерінде тәрбиелеудің заңды,объективті қажеттігі арта түседі. Мұндай жағдай жеткіншек ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрыпы, дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттігін тудырады. Өйткені мұндай негіздерді білмей, өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей, басқа халықтың өзіне тән белгісін толық түсіну мүмкін емес екені мәлім. Тәрбиені ұйымдастырудағы сыртқы ұқсастық өзінің бағыты және мазмұны жағынан барлық халықтар үшін біртұтас деп есептеуге себеп бола алмайды. Әрбір халықтың тәрбиелік идеялары ұлттық рухқа қаныққаны соншалық, оларды бөтен топыраққа көшіре салу әсте мүмкін емес. Халықтың өзі жасаған және халықтық бастау көздерге сүйенген тәрбие дерексіз идеяларға негізделген немесе басқа халықтан алған ең таңдаулы жүйелерде жоқ тәрбиелік күшке ие болады[4].
Халқымыздың мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы, замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпақтың еншісіне жеткен ән қазынасы қашаннан дәстүрлі өнердің қаймағы саналған.
Музыкалық шығармашылықтың ауыз екі мәдениетін және оның қазақ халқы тұрмысындағы рөлін танып,білуде Пфеннингтің (1823-1898) Қырғыздар мен сарттардың халық әндері туралыатты мақаласының да маңызы өте зор. Музыканың тұрмыспен байланысы туралы оның пікірі:
Үйлену той мерекелері көбінесе әнмен өтеді. Және әр бір әннің өзінің айтылатын орны, ұтымды жері бар, кейде ән табан астында ойдан шығарылып та айтылады.
Өлген кісіні азалағандағы жоқтау әндерінің орындалуында да өзіндік ерекшелік бар, кімнің кімнен кейін айтатындығы туыстық жағына байланысты.
Бірде- бір жиын- той әнсіз өтпейді. Мерекелердің ең бір қызық жері- алдын-ала даярланған екі немесе одан да көп әншілердің айтысы. Ал кей жағдайда жиналған халық ішінен суырылып шығып импровизациялап айтысып та кетеді.
Осындай сөзшең суырып салма ақындар немесе кең, зор дауысты әншілер көзге түсіп, тыңдаушылардың есінде қалады, олардың өнері халқының игілігіне айналады. Ауылға жақындағанда жолаушы ат үстінен әнмен өзі туралы хабар береді, сөйтіп, өзіне назар аударады.
Музыка сабағының негізгі мақсаттары - балалардың музыка мәдениеттілігін тәрбиелейді. Ол деген:
- эстетикалық сезімін қалыптастыру, әрі қарай дамытуда;
- музыкалық ой - өрісін кеңейту, талғамын тәрбиелеу;
- композиторлардың өмірі мн шығармашылығынан мағлұмат алу;
- шығарманың сипатын, образын ашуда;
- қолданылған мәнерлік құралдарын анықтап, шығармаға қандай көрік беріп тұрғанын қарастырады ;
- музыкаға деген қызығұшылығын, эмоциялық көзқарасын қалыптасады;
- әр шығарманың мәнерлік құралдарын ажырта алатын болады;
- сурет салу, музыка туралы өз ой-пікірін айта білетін жеткізу;
- халық музыкасын түсіну, білу, тану, музыка, ән жанрларының түрлерін ажырта білуін тәрбиелеу.
Сондықтан, балалар музыка сабағында:
- бәрі бірдей тәлім-тәрбие, білім алады;
- музыка сабағының айырмашылығы, ерекшелігі, оның өнер сабағы екендігін сезеді;
- ең тәуір музыкалық шығармалармен танысады (халық музыкасы, орыс-шетел классикалық музыкасымен және де қазіргі музыкамен);
- халық музыкасы мен классикалық музыка арқылы музыка мәдениеті қалыптасады;
- музыка тыңдау, қабылдау, ән орындау шеберлігі мен мәдениеті қалыптасады т.с.с.
Бір айта кететін нәрсе: қазіргі заманда музыка тыңдау, қабылдау мүмкіншіліктері зор[5].
Музыка мұғалімі өз сабағын шығармашылықпен ұйымдастыра отырып, әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік міндетің, оның мақсатын алдынала бағдарлай біліп, қажетті әдіс-тәсілдерді таба білу, оқушылардың белсенділігін арттыру үшін өз сабағына балалардың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыратын, рухани байытатын құрал ретінде қарау мәселерін сезіне білуге дағдылануы тиіс.
Дауысымен, аспаппен жақсы меңгеру, дирижерлік шеберлікті жетілдіре отыра, музыка-теориялық дайындығы, халықтың мәдениетін, тарихын білу, музыка тілінің заңдылықтарын, ерекшеліктерін білу қажет.

1.2 Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің ерекшеліктері

Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінетіні бізге белгілі. Біріншісі - рухани мәдениет, екіншісі - материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді. Мәдениет тарихында күні кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген кеудемсоқтық теория белең алды[6].
Қазақ халқы қазақ атауын иемденбей тұрған кездің өзінде-ақ осы далада домбыра тартылып, күй жанры туған. Күні бүгінге дейін орыс, татар сияқты өзіміздің бұрынғы Кеңес одағының аясындағы елдерді алсақ, осылардың дәстүрлі музыкасында күй жанры, яғни аспапты музыка жанры жоқ.
Қазақ музыкасының тарихы ғылым ретінде тек Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана қалыптаса бастады. Қазақ халқының музыкалық үлгілері − әндер мен күйлер Октябрь революциясынан кейінгі кезде ондап, жүздеп жазылып алынды да, қазақ халқының өткендегі музыка мәдениетін зерттеп білуге үлкен септігін тигізді.
Әйтсе де революциядан бұрынғы орыс, ара кідік шет ел этнографтары мен саяхатшылардың қазақ музыккасы жайында жазып өалдырған еңбектерінің де мәні зор екендігін атамай кетуге болмайды. Олар қазақ әншілері, күйшілері, музыканың қазақ өмірінен алатын орыны жөніндегі пікірлерді әлі күнге өзінің ғылыми мәнін жойған жоқ.
Музыкалық өнердің хронологиялық диапозоны жайлы толық мәліметтерді кейінгі саз білімгерлері археологиялық қазбалары арқылы алып отыр. Орта Азия және Қазақстан территориясында музыкалық мәдениет уақыт өте келе өзінің тарихи құндылықтарын жойған жоқ. Оған адам бейнелерінің тасқа қашалған мүсіндері дәлел бола алады. Әсіресе музыка мәдениетінің материалдық ескерткіштері б.э.д. 1мыңжылдықта, ежелгі Хорезм, Соғды, Парсы мемлекеттерінің кезеңіне жатады.
Орта Азияның музыкалық мәдениеті мұсылмандық ренессанс кезеңінде гүлдене бастады. Ол кезде орындаушылық өнермен қатар, Батысевропалық деңгейде көп уақыт бойы жанданған теориялық ойлар дами бастады. Бұл кезең музыка теорияшылары Аль Фараби, Ибн Сина, Сафи ад Дин, Абу Аль Қадыр, Абдурахман Джами сияқты ұлы ойшылдардың шыққан кезі[7].
Қазақ музыка фольклерін барлық Орта Азияның музыкалық мәдениетінің бөлігі ретінде қарастыра отырып, өмірлерінің басты орынын көшпелі мал шаруашылығы алатынын, этномәдениеттің қоғамында қазақ халқы ең басты мұрагерлер болып табылатынын ұмытпау керек. Сондықтан да қазақ музыкасын зерттеушілері номадизмнің әлеуметтік-тарихи қорытындыларына тоқталмай, осы мәдениеттік көп қырын, өзіндік ерекшелігін қадағалай және анықтай алмайды.
Қазақстан территориясында номадизм тарихы б.э.д. V-VIII ғасырларда этно-мәдени қоғам ең алғаш қайта пайда болғанда құрылды. Ол кезде өмір сүрудің басты құралы жаңа әдіс көшпенділік мал шаруашылығы болып табылды. Табиғатты танып білу жолында номадтар территориның жақсы жағдайында орналасады. Сондықтан да жағдайлары жақсарып, маңайына алыс-жақын елдер мен халықтар жақындаса бастайды. Олар кейбіреуі отырықшыл жер игеру, қала мәдениетінің элементтерін әкеледі. Отырықшыл халықтарға қарағанда номадтардың қоғамдық- әлеуметтік құрылымы өнердің басқа да әр түріне сапалы әсер етеді. Номадтардың әдептілік әлемі өнердің тек жақсы түрлерін ғана алады. Қазақтарда және олардың ата- бабаларында көп ғасырлар бойы кемеңгерлікте шыңдалған ақындық пен саз өнері болып табылады. Гегель уақытынан бастап адамның тұрмыстық негізі- еңбектің түрі мен мінездемесі өзгертілгенде қоғамның ой өрісі мен қоғамның идеологиясы да бірге өзгеретінінде күмән жоқ. Осы жағдайларда өмірге келуіне әлеуметтік организмдермен күресте құрылған жаңа өнер туады. Сондықтан номадтардың өнері көшпенділіктің жаңа өмірінің қажеттіліктеріне жауап беретін жаңа әлеумет ретінде қалыптасты[8].
Сазгерлік-ақындық өнер ұрпақтан - ұрпаққа салт- сана сенімдерін, табиғатты, адамды, экологияны, космосқа деген ккөзқарастары мен ойларымен байланысты. Қазақта туғаннан қайтыс болғанға дейін өлеңмен туып, өлеңмен өлген.
Қазақтың ұлттық мәдениетін айтқанда, сонымен қатар халықтың өмір сүру түрін қарастыру керек. Әр дайым қозғалыста жүріп, қиындыққа толы үлкен қашықтық жерлерді өте отырып, халық соған орай өзінің қоғамдық өмірін ұйымдастырды. Көшпенділік жағдайлар өзіндік ерекшелігіне тән тайпа және одан да күрделі бірлестіктер рулар қалыптастырды. Бұнда ұйымшылдық пен ұжымның мақсатқа жету қасиеті қоғамның жетістіктерінің басты кепілі болды.
Феодалдық ру тайпасының талай тауқыметін тартқан, үстем тап өкілдері қатыгехдікпен қанап езіп келген, қазақ халқы қанша мақиын- қыспақты басынан кешірсе де өзінің елдік қасиетін сақтап қала берді. Өніп өсен ортаның үлкенді- кішілі құбылыстарын ән мен күйге бөлеп, жадында сақтады[9].
Көне түркі дәуірінің музыкалық мәдениеті:
1) түркі дәуірі туралы ұғым: көне (VI-IX), орта (IX-XIV), жаңа (XIV-XVI) кезеңдер. Көне түркі тайпаларының жазба мәдениеті, олардың мәдени-музыкалық сипаты.
2) түркі-монғол тайпаларының шамандық музыкасы. Музыка өнерінің синкреттік сипаты, наным-сенім жүйесімен сабақтастығы. Түркі жазбаларының синкреттік табиғаты, поэзия мен музыканың бірлігі.
Қазақтың дәстүрлі мәдениетіне төмендегідей діни және мәдени тұлғалардың қабаттаса әрекет ететіндігін байқауға болады: 1) Молда; 2) Бақсы; 3) Зікірші; 4) Сәуегей; 5) пір; 6) абыз; 7) үшкіруш; 8)тамыршы; 9) жауырыншы; 10) емші; 11) сопы т.б
Ал Ислам қалыптасқанға дейін қазақтың рухани мәдениетінде маңызды рөл атқарған діни жүйелерге тәңірілік дін мен шаманизм жатады.
Шаманизм (қазақ мәдениетіне үлкен әсерін тигізген діни жүйе болып табылады. Кейбір зерттеушілер бақсылық дінге жатпайды, себебі онда құдай туралы түсінік жоқ, ал адам мен табиғат арасындағы үйлесімдікке сүйене отырып, магиялық әрекет жасау дейді.
Шаманизм ырымдық пен сенім-нанымның адамның виртуалдық дүниесіне әсер етудің ерекше дәстүрі болып табылады. Әдетте бақсы салттық рәсімдердегі абыз адамның рухын шақырып емдейтін күйші, қобызшы, аруақтармен тіл табыса алатын медизм бейнелерінде әрекет етеді. Бақсылардың зікір салуы адамның тылсымдық дүниесін оятуға бағытталған. Бұл ішкі шексіз болмыс пен рухани бірігудің тәсілін іздеу. Бұл тәсіл Бақсының ойыныдеп те аталады.
Ежелде адамдар музыка ажалдан құтқарады деп сенген. Музыканы өмір және өлім атты қасиетті құбылыстармен теңестірді. Сондықтан да қобыз аспабын күнделікті өмірде көңіл көтеру мақсатында қолдануға тыйым салынған. Бұл аспапта ойна тек қана шамандар - бақсыларға рұқсат етілген және аспаптың атауын "басты ұлы аспап" деп атаған[10].
Бақсылық дәстүрлерді орындау барысында шамандардың қолындағы қобыз аспабы- адамдар мен адамдарды қоршап тұрған өміріне әсер ететін қасиетті де, құдіретті рух арасындағы көпір іспеттес. А.Жұбановтың айтуы бойынша Бақсылық зікір салу кезінде музыка тек қана емдеу мақсатында ғана емес, табиғатпен байланыс жасауға қызмет еткен. Табиғи құбылыстарды игерудің құралына айналған.
Бақсы әуендерінің үнтаспасы өте сирек кездеседі. Бақсы сазын жинастыру жұмыстарын А.Затаевич XX ғасырдың 20 жылдарында жүргізді. Оны Европаға тылсым Қазақ мәдениетінің құбылыстары қызықтырды. Сырт бейнесін сұрастырғанмен, бақсылардың өздерін көруге мүмкіндік болмады. Бақсының бірнеше сарындары оның жинақтарында жарияланғанмен, оны басқа адамдар жеткізген.
Қобызға арналған музыканың эмоциялық бейнесі аспаптың қоңыр үнді тембірінің әсер етуімен құрылады. Аспапта ойнау құрылысы да ерекше. Сол қолдың саусақтары төменнен жоғары бағытталған. Шекке тырнағымен тигізу арқылы адамның қоңыр даусына ұқсас үн шығарады.
Орта ғасырдағы музыка мәдениеті:
1) оғыз дәуірінің мәдениеті. Қорқыт, оның тарихи прототипі мен этикалық тегі туралы. Қорқыт есімі мен "Қорқыт ата кітабының" жалпытүркілік (оғыз, түркімен, қазақ, әзірбайжан) сипаты. Қорқыт, оның қобызы туралы аңыз-әпсаналар мен тарихи шежірелер;
2) "Тотынама", "Кобуснама" секілді шығыс жазбаларындағы музыкалық-эстетикалық ойлар мен дидактикалық сарын. "Құран" оның тарихи-мәдени сипаты мен музыкалық-мақамдық жүйесі;
3) орта ғасырлардағы музыкалық трактаттар "Әл Фараби, Ибн-Сина, Әл жами, Дәруіш Әли т.б) оларда қарастырылған теория мәселелері және қазақ музыкасы үшін маңызы[11].
Көшпенділер аңыздарының бір ерекшелігі - оның жалпы халықтық мазмұндылығында ақиқат болғаны. Қазақ аңыздарында көшпелі елдің төл ерекшеліктері, белгілері бірден байқалады. Себебі олар- біздің тұрмыс- салтымыздың, болмысымыздың негізінде туған аңыздар. Осындай дала аңыздары ішінде халық арасында Қорқыт, Асан қайғы туралы көп аңыздар бар. Бұл тараған аңыздарда Қорқыт- асқан күйші, қобызшы болғандығын айта келіп, табиғаттың дүлей күшіне қарсы күрескен, өліммен алысқан алып жанды танытады.
"Оғыз" эпосында Қорқыттың барлық қызметі оғыз тайпаларының ортақ мақсат- мүдделерімен байланысты. Оның жатса-тұрса ойлайтыны - құдайға құлшылық жолы емес, оғыздардың тағдыры, жырлайтыны- әулие пайғамбарлар туралы діни сюжеттер емес, оғыз батырларының ерлігі. Қорқыт туралы аңыздарда Қорқыттың асқан күйші, қобызшы болғандығын айта келе, табиғаттың табиғаттың дүлей күшіне қарсы күрескен, өліммен алысқан алып жанды танытады.
IX-Xғасырда Орта Азиядағы мәдени оянуға Қорқыттың күйшілік дәстүрінің әсері өте үлкен болды. Қазақ халқы үшін оның эпостық жырлары мен музыкасы теңдесі жоқ жаңалық болды. Философиялық және мәдени терең мағынасы бар бүкіл түркі халықтарына ортақ мұралардың бірі "Қорқыт ата кітабы" болып табылады.
"Қорқыт ата кітабы" өзінің тарихи сюжеті, образдарының саралығы, суреттейтін өмір тұрғысы, сал- сана көрінісі жағынан қазақтың батырлық жырларына өте жақын. Сонай- ақ Исламнан бұрынғы мифология көріністері орын алады. Жырдағы көшпелі өмір суреттері, ерлік ғана емес, шаманизм, поэтикалық өрнектері де қазақ ұғымына жақын[12].
Қорқыт жырларында батырлық пен әсемдік, нәзіктік пен сұлулық қобыз сарынымен үндесіп, үлкен бір философиялық ой- арнаға алып келеді. Қорқыт түркі халықтарына ортақ философ, музыкант ретінде Шығыс ренессансы үшін де аса көрнекті тұлға болды. Қорқыт қайда барса да, өзінің желмаясына мініп, ел кезіп жүреді. Қайда барса да алдынан екі адам кездесіп, көр қазып жатады. Қорқыт оларға "Бұл кімнің көрі?" деп сауал қойса, олар "Қорқыттың көрі" деп жауап қатады.
Ақыры, ол суда ажал жоқ деп Сырдарияға кілем төсеп, қалған ғұмырын су үстінде өткізбек болады. Бірде Қорқыт қалғып кеткенде оны жылан шағып өлтіреді дейді.
Қорқыттың көркем шығармашылық мәдениетінің тағы бір типологиялық ерекшелігі оның Батыс пен Шығыстың арасында болуы ғана емес, сонымен бірге Еуразиялық далалық мәдениетінің арап- парсылық әлемге терең руханият дүниесімен үйлесімді қосыла білуі болып отыр. Бұл- қазақ мәдениетінің Орта Азия халықтарымен тығыз тағдырлық және мәдени тұтастығынан туатын топшылау.
Қазақстан жеріндегі жазба мәдениеті Шығыстағы атағы кең жайылған парсы, тәжік поэзиясымен тығыз байланысты деп қарастырған жөн. Шығыстың мәдени әсері тек сауда- саттық, дін, ғылым арқылы ғана емес, сонымен бірге жазбаша әдебиеттің ықпалымен де болған. "Мың бір түн", "Тотынама", "Шаһнама", "Гүлістан", "Бабырнама", сияқты Шығыс дастандарын оқымаған ақын- жырау кемде- кем. XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласында Шығыс поэзиясына негізделген қисса әдебиеті туғаны белгілі. Оның басты өкілдері Шортанбай, Нұржан, Ақмола, Әубакір, Шәңгерей сияқты жыраулар. Орта ғасырда пайда болған махаббат тақырыбына арналған романтизм сипатындағы мәдени туындылар әдеміліктің жаңа әлемін ашты. Олардың қатарына жаңа түрік тілдерінде(оғыз, қыпшақ, қарахандар, шағатай, мамлүк- түрік) жазылған. "Жүсіп- Зілиха", "Оғызнама", "Қорқыт ата кітабы", "Құтты білік", "Диюани хикмет", "Махаббатнама", "Гүлістан", "Бит- түрки" т.б әдебиет үлгілері қазақ әдебиеті, мәдениеті тарихында құрметті орын алады. Орта Азиядағы мәдени тоғысу ауызша және жазбаша мәдениеттердің диалогы[13].

III. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАР
0.3 Мектепке дейінгі музыкалық мәдениетті қалыптастыру үрдісін тиімді ұйымдастыру ерекшеліктері

Өнер түрлерінің әрқайсысы адамға әсер етудің спецификалық құралдарына ие. Музыка болса, бала өмірінің ең басында әсер ету мүмкіндігіне ие. Музыка ең бір бай әрі әсерлі эстетикалық тәрбие құралы, оның аса үлкен эмоциялық әсері бар, адамның сезімін тәрбиелейді, талғамын қалыптастырады.
Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер музыкалық қабілеттерінің дамуы музыка мәдениеті негізінің қалыптасуы екенін айтады. Яғни, музыкалық тәрбиені мектепке дейінгі жастан бастау керек. Балалық шақта музыкалық әсердің тақыр-таза болуының кейін орнын толтыру өте киын. Музыка табиғи ырғақты сөзбен пара-пар. Сөйлеу үшін сөздік орта қажеттілігі сияқты, музыканы жақсы көруі үшін балада түрлі дәуірлер мен стильдердегі музыкалық шығармаларды қабылдай білу тәжірибесі болуы тиіс, оның ырғағына үйренуі,бойында музыкалық мәдениеті қалыптасып, дамуы тиіс. Әлеуметтік оқшауланушылыққа ұшырған баланың ақыл-ой дамуында кедергі болады, ол өзін тәрбиелегендердің тілі мен дағдыларын меңгереді, солармен ғана қарым-қатынас жасайды[14]. Және ол балалық кезінде қандай дыбыстық ақпаратты бойына сіңірсе, оның болашақ саналы сөйлеу және музыкалық ырғақтылығында тірек етер ақындық және музыкалық тілі де осы болады. Сондықтан да жасынан бесік жырын тындап өскен, санамақ айтып, ертегі тыңдап, ойын-күлкі арасында өскен бала көпшілік бақылауға қарағанда, неғұрылым шығармашылықты, музыкалық мәдениеті дамыған болатындығы осыдан кейін түсінікті болады. Музыкалық даму жалпы дамуға ештеңемен алмастыра алмайтындай әсерін тигізеді: адамның эмоциялық аймағы қалыптасады, ойлауы жетіледі, өнердегі және өмірдегі сұлулыққа сергектігі тәрбиеленеді.
Музыка мектепалды баласының өмірінде педагог әрекетінің белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс. Балалардың музыкалық мәдениетінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының түйісуіне байланысты болады. Музыкалық жетекші мен тәрбиешілер әрекеттестігінде балалардың музыкалық дамуы бойынша жұмысты бірлескен жоспарлау олардың ұғымдары мен әрекеттерінің жалпы мағынасын қалыптастыруларын салыстыруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыңдауға арналған музыкалық репертуарлар
Музыка сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға музыканы қабылдауды оқыту әдістемесі
Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстыру
Балалардың эстетикалық тәрбиесін дамыту
Балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру
Музыкалық қабылдаудың дамуы музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты
Музыкалық тәрбие эстетикалық тәрбиенің ерекше саласы
Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының дамуы
Балалардың музыкалық әсерлерін қорытындылау
Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
Пәндер