Картадағы нүктелердің координаттарын анықтау



Кіріспе.

Негізгі бөлім .
1. Горизонтальдардың қасиеті және оларды нүктелердің биіктігі арқылы жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Карталардың километрлік және географиялық торлары ... ...
3. Картадағы нүктелердің координаттарын анықтау ... ... ... ...
4. Картадағы шын және магниттік азимуттарды , бағыттың дирекциондық бұрышын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5. Топографиялық карта бойынша есептерді шешу ... ... ... ... ...

Қорытынды.
Кіріспе.
Жер бедерін кескіндеуде горизонтальдың мынадай касиеттері бар:
1. Бір горизонтальдық бойында жататын барлық нүктелер жергілікті жерде бірдей биіктікте жатады.
2. Қарталар мен пландарда тұйықталған горизонтальдар не төбені, не қазан шұнқырды білдіреді; олар бергштрихтар немесе жазулар арқылы танылады. Қазаң шұңқырларда көбіне тоған немесе көл болады.
3. Планның немесе картаның ішіндегі, сондай-ақ оның сыртындағы барлык горизонтальдар үздіксіз болуы тиіс.
4. Жер бедерін кескіндегенде горизонтальдар ешуақытта қиылыспайды.
5. Горизонтальдардың өзара қашықтығы еңістің қаншалықты кұлама тіктігін білдіреді.
6. Горизонтальдар арасындағы ең қысқа ара қашықтық, яғни горизонтальға перпендикуляр сызық неғұрлым тік құламаның биіктігіне сәйкес болады.
7. Суайрық сызықтары және өзектердің осі горизонтальдармен тікбұрыш арқылы қиылысады.
Тапографиялық түсіру нәтижесінде планшетте жер бедерінің өзіне тән нүктелерінің пландағы орны биіктіктерімен қоса алынады. Осы нүктелердің биіктігінің негізінде жергілікті жердің жер бедері горизонтальдармен кескінделеді.Ол үшін алдымен жер бедері кимасының биіктігі таңдап алынады. Содан соң интерполяциялау арқылы жеке пункттердің арасындағы нүктелерді табады, олардың биіктігі жер бедері қимасының биіктігіне еселі болады. Мысалы, 1—2 сызығында (1-сурет) 50, 51, 52, 53, 54 биіктіктегі горизонтальдардың жер бедері қимасының биіктігі һ = 1 м-ге тең болған кездегі орындарын табу керек болсын. Ол үшін миллиметрлік қағаз бетіне ара қашықтығы бірдей параллель бірнеше сызықтар жүгізіледі (мысалы, 0,5 немесе 1,0 см), олар қабылданған жер бедерінің қимасына және нүктелердің биіктігіне сәйкес цифрланады,
1—2 сызығына миллиметрлік қағазды параллель тақап ұстап, 1 және 2 нүктелерін олардың биіктігіне сәйкес миллиметрлік қағазға түсіреді. Табылған

Кіріспе.
Негізгі бөлім .
1. Горизонтальдардың қасиеті және оларды нүктелердің биіктігі арқылы
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...
2. Карталардың километрлік және географиялық торлары ... ...
3. Картадағы нүктелердің координаттарын анықтау ... ... ... ...
4. Картадағы шын және магниттік азимуттарды , бағыттың дирекциондық
бұрышын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5. Топографиялық карта бойынша есептерді шешу ... ... ... ... ...
Қорытынды.

Кіріспе.

Жер бедерін кескіндеуде горизонтальдың мынадай касиеттері бар:
Бір горизонтальдық бойында жататын барлық нүктелер жергілікті жерде бірдей
биіктікте жатады.
Қарталар мен пландарда тұйықталған горизонтальдар не төбені, не қазан
шұнқырды білдіреді; олар бергштрихтар немесе жазулар арқылы танылады. Қазаң
шұңқырларда көбіне тоған немесе көл болады.
Планның немесе картаның ішіндегі, сондай-ақ оның сыртындағы барлык
горизонтальдар үздіксіз болуы тиіс.
Жер бедерін кескіндегенде горизонтальдар ешуақытта қиылыспайды.
Горизонтальдардың өзара қашықтығы еңістің қаншалықты кұлама тіктігін
білдіреді.
Горизонтальдар арасындағы ең қысқа ара қашықтық, яғни горизонтальға
перпендикуляр сызық неғұрлым тік құламаның биіктігіне сәйкес болады.
Суайрық сызықтары және өзектердің осі горизонтальдармен тікбұрыш арқылы
қиылысады.
Тапографиялық түсіру нәтижесінде планшетте жер бедерінің өзіне тән
нүктелерінің пландағы орны биіктіктерімен қоса алынады. Осы нүктелердің
биіктігінің негізінде жергілікті жердің жер бедері горизонтальдармен
кескінделеді.Ол үшін алдымен жер бедері кимасының биіктігі таңдап алынады.
Содан соң интерполяциялау арқылы жеке пункттердің арасындағы нүктелерді
табады, олардың биіктігі жер бедері қимасының биіктігіне еселі болады.
Мысалы, 1—2 сызығында (1-сурет) 50, 51, 52, 53, 54 биіктіктегі
горизонтальдардың жер бедері қимасының биіктігі һ = 1 м-ге тең болған
кездегі орындарын табу керек болсын. Ол үшін миллиметрлік қағаз бетіне ара
қашықтығы бірдей параллель бірнеше сызықтар жүгізіледі (мысалы, 0,5 немесе
1,0 см), олар қабылданған жер бедерінің қимасына және нүктелердің
биіктігіне сәйкес цифрланады,
1—2 сызығына миллиметрлік қағазды параллель тақап ұстап, 1 және 2
нүктелерін олардың биіктігіне сәйкес миллиметрлік қағазға түсіреді.
Табылған

1-сурет

нүктелерді (1' және 2') түзу сызықпен косып, 1—2 сызығының профилін
табамыз. 1'—2' сызығының (профиль) миллиметрлік қағаздың цифрланған
сызықтарымен қиылысқан нүктелерін (а, b, с, d, е нуктелері) белгілейміз.
Осы нүктелерді 1—2 сызығына проекциялап, биіктіктері 50, 51, 52, 53 және 54
м-лі горизонтальдар өтетін нүктелердің орнын табамыз.
Практикада интерполяциялау үшін миллиметрлік кағаздың орнына
палетканы — теңаралықпен жүргізілген параллель сызықты кальканы жиі
колданады. Кальканың сызықтарын белгілеген жер бедері қимасының және
пландағы нүктелердін биіктігіне сәйкес етіп цифрлайды. Олар
горизонтальдардың орнын табатын нүктелердің арасында болуы тиіс. Палетканы
интерполяция жасайтын нүктелердің үстіне қояды; бұл уақытта нүктелердің
бірі биіктігіне сәйкес палеткадағы белгінін үстіне дәл түсуге тиіс. Сонаң
соң палетканы а нүктесінде циркульдің ашасымен қысып b нүктесінің биіктігі
палетканың биіктігімен сәйкес болғанша палетканы осы нүктенің теңірегінде
айналдырады (2сурет). Мұнан кейін а—b сызығының палетканың сызығымен
қиылысқан 1, 2, 3, 4, 5 нүктелерін шаншып әрбір нүктенің қасына 43, 44, 45,
46 жәпе 47 м биіктіктерін жазады. Басқа барлық нүктслердің арасын осылайша
интерполяциялайды. Содан кейін пландағы биіктіктері біркелкі нүктелерді
бірқалыпты қисык сызықтармен косып жер бедерінің горизонтальдар жүргізілген
кескінін табады.

2- сурет.

КАРТАЛАРДЫҢ КИЛОМЕТРЛІК ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТОРЛАРЫ

Топографиялық картаның беті солтүстік және октүстік жағынан
параллельдермен, ал батыс және шығыс жағынан меридиандармен шектелген.
Кескінделген заттар мен жергілікті жердің контурларының географиялық
координаталарын анықтау мүмкіндігі болу үшін картада градус рамкасы болады;
ол карта бетінің ішкі және сыртқы рамкаларының аралығында орналасқан.
Градус рамкасы шығыс пен батыс қабырғаларындағы ендіктің минуты мен
солтүстік пен онтүстік қабырғаларындағы бойлықтың минуты кезектесіп
отыратын қара және ақ шашкалармен белгіленген. Әр ендік пен бойлықтың
минуты (шашка) алты тең бөлікке бөлінген. Осы белгіленген нүктелердің ара
қа-шықтығы 10"-ке тең. Градус рамкасының жол-жол сызықтарын пайдаланып
карта бетінде градус торын жүргізуге болады; олар картада нүктелердің
географиялық координаталарын анықтауға мүмкіндік береді.
Картаға градус торынан басқа тікбұрышты зональды координаталар
схемасының квадратты координаталар торы салынады. Осы торлардың квадратының
қабырғасы әдетте километрлердін толық санымен белгіленеді, сондықтан да оны
километрлік деп атайды.
Онтүстіктен солтүстікке қарай жүргізілген километрлік тордың сызықтары
зонаның осьтік меридианына параллель (яғни, Ох осіне), ал батыстан шығыска
карай жүргізілген сызықтар экватордың жазықтыктағы проекциясының кескініне
параллель (яғни, Оу осіне) болады. Горизонталь сызыктардың жазуы экватордан
километрмен берілген ара қашықтығына, ал вертикаль сызықтар олардың
келтірілген ординаталарына (бірінші сан зонаның нөмірін көрсетеді, ал
келесілері сызықтын ординатасына плюс 500 км-ге) сәйкес. Километрлік тордың
көмегімен нүктелердің тікбұрышты коордннаталары (х, у) аныкталады.
Карта бетінің градус рамкасының сыртында безендіру рамкасы сызылады.
Осы рамканың сыртында орналасқан жазулар және графиктер шектік безендіруге
жатады. Әрбір топографиялық картаның үстіңгі жағында беттің номенклатурасы
көрсетіледі. Рамканың төменгі жағында мыналар орналасады: 1) осы карта
бетіне тән магнит тілінің орташа бурылуы және меридианлардың жақындасуы
туралы мәліметтер; 2) сандық және сызыктық масштабтары; 3) жер бедері
кимасының биіктігі туралы мәліметтер (тұтас горизонтальдардың қанша метр
сайын жүртізілгендігі туралы); 4) табан графигі; 5) түсірілген және
жанартылған жылы; мұның өзі картадағы кескіннің дұрыстығы туралы тұжырым
жасауға мүмкіндік береді.
Шектік безендіруге тағы да көрші беттердің номенклатурасының жазуы
жатады; олар градус және безендіру рамкаларының үзілген әр қабырғасының
ортасында жазылады, сонымен қатар жиынтықтағы беттердін орналасу схемасы
және басқа да түсіндірме жазулар кіреді.

КАРТАДАҒЫ НҮКТЕЛЕРДІҢ КООРДИНАТАЛАРЫН АНЫҢТАУ.

Топографиялық картадағы нүктенің географиялық координаталарын анықтау,
негізінде мынадай жолмен жасалады А нүктесінің (3сурет) ендігін (φ) табу
үшін осы нүктеден солтүстікке және оңтүстікке қарай параллельдер жүргізеді
яғни минут рамкасының тиісті минуттық, немесе он секундтық ара-лықтардың
әттас ұштары түзу сызықтармен қосылады. Осы сызықтардың ендіктерін φ1 және
φ2 әріптерімен белгілейік. А нүктесінен параллель ендігі φ1-ге
перпендикуляр түсіріп, оның ұзындығын Δφ градуспен белгілеп, А нүктесінің
ендігін мына теңдіктен табамыз:

φ= φ1+ Δφ
Δφ шамасын жанама әдіспен анықтау қолайлырақ. Ол үшін А нуктесі арқылы
еркін бұрышпен φ1 және φ2 параллельдерімен С және D нүктелерінде
қиылысқанша сызық жүргіземіз, мұндағы СА = а және СD = b болсын, 3-суреттен

Δφ =( φ2- φ1)-a\b .

Сйнымен, Δφ шамасын анықтау а және b кесінділерін жеткілікті дәлдікпен
миллиметрлік сызғыш арқылы елшеуге келіп саяды.
Осыған ұқсаәс А нуктесінің λ бойлығын анықтау үшін λ1 жә-не λ2
меридиан кесінділерін колдануға болады.
С нуктесінің (4-сурет) тікбұрышты коордиңаталарын анықтау үшін
километрлік тордың цифрларын колдана отырып, берілген нүкте орналасқан
оңтүстік-батыс бұрыштың (Хо, у0) координаталарын табады. Содан кейін С
нүктесіиен квадраттық қабырғаларына СС1 және СС2 перпендикулярларын
түсіреді де карта масштабын ескере отырып, олардың ұзындығын табады: СС1=Δх
және СС2=Δ у. Сонда С нүктесінің тікбұрышты коордииаталары мынаған тең:
хс= Хо +Δх, ус= у0+Δу.
Қарастырылып отырған мысалда:
хс =500+42,1 =542,1 м; ус =300+54,5=354,5 м.
Осы С нүктесінің тікбұрышты координаталарын мынадай жолмен анықтауға
болады: С нүктесі арқылы кез келген бұрышпен километрлік тордың
ординаталарымен А және В нуктелерінде қиылысқанша түзу жүргізіледі. Содан
кейін а және b кесінділерін өлшейді. Сонда С нүктесінің абсциссасы мына фор-
мула бойынша анықталады

хс =х1+ а\b (х2- х1).

Осыған ұқсас теңдіктен С нүктесінін ординатасын анықтайды. Екі
жағдайда да а және b кесінділерін көлденең масштабтың көмегімен өлшеген
жөн.

3-4 суреттер

КАРТАДА ШЫН ЖӘНЕ МАГНИТТІК АЗИМУТТАРДЫ,
БАҒЫТТЫҢ ДИРЕКЦИОНДЫҚ БҰРЫШЫН АНЫҚТАУ.

Берілген сызықтың дирекциондық бұрышын (α) өлшеу үшін оның бастапқы
нүктесі арқылы абсцисса осіне параллель түзу жүргізіледі. 0о-тан 180°-қа
дейінгі дирекциондық бұрышты өлшегенде транспортирдің нөлдік градусы
километрлік тордың солтүстік вертикаль бағытымен сәйкестендіріледі (5-
сурет). Ал 180°-тан артық болса, онда онтүстік бағытпен сәйкестендіріледі
де, бұл кезде алынған санға 180°-ты қосады.

5-сурет
Картада өлшенген дирекциондық бұрыштын мәнін біле отырып шын
азимутты (А) есептеп шығару үшін мына формула пайдаланылады:
Аш=α +γ,
мүндағы α — бағыттың дирекциондық бұрышынын табылған мәні, градус; γ —
берілген карта бетіне меридиандар жақындасуының орташа мәні, ол картаның
оңтүстік рамкасының астында схема түрінде берілген, градус.
Сызықтың магниттік азимутың анықтау үшін магниттік бұрылу шамасын,
яғни шын меридиан мен магниттік меридиан арасындағы бұрышты білу кажет.
Магнит тілінін бұрылуы шығыстық және батыстық болуы мүмкін. Магниттік
азимут Ам =АШ - δ Ш немесе Ам =АШ + δ Ш, мұндағы δ — магиит тілі-нің
бұрылуы, оның мәні картаның оңтүстік рамкасының астыңдағы схемада
көрсетілген.

ТОПОГРАФИЯЛЫҚ КАРТА БОЙЫНША ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ.

Топографиялық карталар мен пландар жоспарлармен, барлау және кұрылыс
жұмыстарымен байланысты бірсыпыра есептерді шешуге мүмкікдік береді. Оларға
мына есептер жатады: 1) нүктелердің биіктігін анықтау; 2) беткейдін кұлама
тік-тігін анықтау және сызықтың көлбеулігін анықтау; 3) карта бойынша
жердің профилін жасау; 4) трассаны берілген еңістікпен жобалау; 5) су
жиналу ауданының шегін анықтау; 6) су жинылу шегін анықтау; 7) нүктелер
арасыңдағы көріну мүмкіндігін анықтау; 8) шартты белгілерді оқып-білу т. с.
с. Нүктелердің биіктігін анықтау. Карталар мен пландарды колданғанда
көбінесе жергілікті жердегі нүктелердің биіктік белгісін анықтауға тура
келеді. Осы есепті шешуде үш түрлі жағдай кездесуі мүмкін.
Нүкте горизонтальда орналасқан. Осы жағдайда нүктенің биіктігі горизонталь
белгісіне тең болады.

М нүктесі әр түрлі Нк және НN (6-сурет) горизонтальдарынын, арасында
орналасқан. Осы жағдайда нүктенің биіктігін интерполяциялаудың бірнеше
әдістері арқылы анықтайды. Бұл үшін сызғыштың көмегімен М нүктесінен ең
таяу жатқан горизонтальдарға дейінгі d1 және d2 қашықтықтар-ды өлшейді. М
нүктесінін Нм биіктік белгісін жердің төмендеу бағытына байланысты екі рет
табуға болады, мұндағы НN , Нк — горизонтальдардың биіктік белгісі, м; d1
және d2—М нүктесінен горизонтальдарға дейінгі ара қашық-тықтар, мм; һ — жер
бедерінің кима биіктігі, м.
6-сурет .

Егер де биіктік белгілері Н1 және Н2 көршілес горизонтальдар арасында
орналасқан А нүктесіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ
Суреттерді бір координаттық жүйеден басқа жүйеге ауыстыру әдістері
Топографиялық карталар және олардың қасиеттері
Электронды тахеометрлер сипаттамасы
Геодезиялық әдіспен шекара қоюдың әдістемелері
Географиялық карталарды топтастыру
Тахеометриялық түсіріс және оны өңдеу
Математиканың сызумен байланысы
Геодезия
Картографиялық дизайн
Пәндер