Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру ерекшеліктері ... ..9

ІI. БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру жолдары ... ... ... .13
2.2 Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыруда жүргізілетін жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру барысында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие ісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық іскерлігін дамытуды,музыка пән мұғалімінің іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді[1].
Музыка — адамзаттың рухани азығы, жан серігі, ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру жұмыстары балалардың ән айтып, күй тартып, би билеп, өнердің сан-саласына машықтануына бағдар беріп, жол сілтейді.
Сөйтіп, балалар өнердің бабалар салған ұлы мектебінен өткен халықтық өнерді қазіргі заманның ең озық музыкалық үлгісімен сабақтастырады. Қорқыт, Әл-Фараби, Баласағұни, Қашқари, ибн Сина, Құтбұға, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Бұқар жырау, Махамбет, Құрманғазы, Тәттімбет, Базар жырау, Абылай, Абай, Шәкерім, Ақан, Біржан, Мұхит, Нұртуған, Ахмет, т.б. бастау алған ұлттық музыка өнерінің қазіргі ұрпақтың озық өнерімен жалғасып жатқанын аңғаратын болады.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі сахналық үлгіні, музыка саласындағы түрлі жанрларды, табиғаттағы көріністерді, ұлттық аймақтық ерекшеліктегі музыка мектептерін айырып білуіне жетелейді.
Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып жеке тұлғаның орындаушылық қабілеттерін, ақыл ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады[2].
Мектепке дейінгі ұйымдарда музыка сабақтары білім беру мен тәрбие берудің маңызды бір саласы болып табылады. Музыка пәнінің маңызы қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, балаларды халықтық ( ұлттық) музыкаға баулиды.
Халықтық музыкалық фольклорына құрметпен қарап, ұлттық салт-дәстүрімізді қастерлеуге баланы жас кезінен баулығанда ғана, ол ертеңгі өз отанының нағыз азаматы болады. Халық музыкасы мен кәсіптік (профессионал) музыканың өзара байланысын сезіну арқылы бала классикалық күрделі музыканы түйсінеді. Сондай-ақ , ұлттық музыка мен дүниежүзі музыкасындағы халық ән-күйлері аудармасыз-ақ,, бар халыққа түсінікті тіл екендігін ұғынады.
Музыка арқылы жас ұрпаққа тәрбие беруде мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:
1. ҚР Білім туралы заңы 2008ж
2. Ардақ : ән-күйлер туралы көркем шығармалар жинағы .- Алматы, 1989 .- 256 бет.- (Өнер тақырыбындағы туындылар).
3. Байжігітов Б. Көркем өнер терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі / Б. Байжігітов .- Алматы : РБК, 1998 .– 78 бет.
4. Балтабаев М. Әсем саз : бастауыш сыныптарға арналған музыка әліппесі / М. Балтабаев, Б. Өтемуратова .- Алматы: Атамекен, 1993 .– 104 бет.
5. Балтабаев М. «Елім-ай» / М. Балтабаев, Б. Өтемуратова .- Алматы : Атамекен, 1993 .– 94 бет.
6. Балтабаев М.Х. «Елім-ай» : бағдарламасының ғылыми әдістемелік негіздері / М.Х. Балтабаев .- Алматы : РБК, 1993 .– 22 бет.
7. Балтабаев М.Х. Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің 1-4 сынып оқушыларына арналған «Елім-ай» ән-күй сабағының бағдарламасы / М.Х. Балтабаев .- Алматы : РБК, 1993 .– 68 бет.
8. Бәттібаева С. Ән-күй : әдістемелік нұсқау / С. Бәттібаева, Ф. Қоңыратбай, Э. Баталова .- Алматы : Кітап, 2002 .- 104 бет.
9. Бекенов У. Күй керуені / У. Бекенов .- Алматы : Өнер, 2002 .- 144 бет.
10. Бонфельд М.Ш. Введение в музыкознание / М.Ш. Бонфельд .- М. : Владос, 2001 .- 224 с.
11. Гизатов Б. Музыкальное образование в Казахстане / Б. Гизатов .– Алма-Ата : Мектеп, 1975. - 81 с.
12. Джансеитова С.С. Орысша – қазақша музыкалық терминдердің түсіндірме сөздігі / С.С. Джансеитова, К.К. Мусина .- Алматы, 1991 .-
13. Дмитриева Л.Г. Методика музыкального воспитания в школе : учеб. пособие / Л.Г. Дмитриева, Н.М. Черноиваненко .- М. : Академа, 1998 .
14. Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы : 1-4 сыныптар .- Алматы : РБК, 1997 .- 334 бет.
15. Кононова Н.Г. Обучение дошкольников игре на детских музыкальных инструментах / Н.Г. Кононова .– М.: Просвещение, 1990 .- 159 с.
16. Қазиева Б. Музыка сауатынан практикалық көмек / Б. Қазиева .- Алматы : РБК, 1995 .- 110 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I. БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1 Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
0.2 Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру ерекшеліктері ... ..9

ІI. БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру жолдары ... ... ... .13
2.2 Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыруда жүргізілетін жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру барысында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу - тәрбие ісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық іскерлігін дамытуды,музыка пән мұғалімінің іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді[1].
Музыка -- адамзаттың рухани азығы, жан серігі, ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру жұмыстары балалардың ән айтып, күй тартып, би билеп, өнердің сан-саласына машықтануына бағдар беріп, жол сілтейді.
Сөйтіп, балалар өнердің бабалар салған ұлы мектебінен өткен халықтық өнерді қазіргі заманның ең озық музыкалық үлгісімен сабақтастырады. Қорқыт, Әл-Фараби, Баласағұни, Қашқари, ибн Сина, Құтбұға, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Бұқар жырау, Махамбет, Құрманғазы, Тәттімбет, Базар жырау, Абылай, Абай, Шәкерім, Ақан, Біржан, Мұхит, Нұртуған, Ахмет, т.б. бастау алған ұлттық музыка өнерінің қазіргі ұрпақтың озық өнерімен жалғасып жатқанын аңғаратын болады.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі сахналық үлгіні, музыка саласындағы түрлі жанрларды, табиғаттағы көріністерді, ұлттық аймақтық ерекшеліктегі музыка мектептерін айырып білуіне жетелейді.
Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып жеке тұлғаның орындаушылық қабілеттерін, ақыл ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады[2].
Мектепке дейінгі ұйымдарда музыка сабақтары білім беру мен тәрбие берудің маңызды бір саласы болып табылады. Музыка пәнінің маңызы қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, балаларды халықтық ( ұлттық) музыкаға баулиды.
Халықтық музыкалық фольклорына құрметпен қарап, ұлттық салт-дәстүрімізді қастерлеуге баланы жас кезінен баулығанда ғана, ол ертеңгі өз отанының нағыз азаматы болады. Халық музыкасы мен кәсіптік (профессионал) музыканың өзара байланысын сезіну арқылы бала классикалық күрделі музыканы түйсінеді. Сондай-ақ , ұлттық музыка мен дүниежүзі музыкасындағы халық ән-күйлері аудармасыз-ақ,, бар халыққа түсінікті тіл екендігін ұғынады.
Музыка арқылы жас ұрпаққа тәрбие беруде мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:
- Адамның жан дүниесін түсінуге.
- Жақсы мен жаманды айыруға.
- Оқиғаның алдын түсініп біл
- Жамандықтан жиренуге.
- Нәзік үндерді қабылдап, бойына сіңіруге икемдеп, адамгершілік қасиетін жоғары ұстауға жетелейді.
Сондықтан Әл - Фараби: Бұл ғылымның (яғни музыканың) өзінің байсалдылығынан айрылған адамдарды түзеуге, қызба адамды қалпына түсіруге, байсалды адамды әр уақытта да бір қалыпта ұстауға құдіреті әбден жетеді, - деген екен[3].
Музыкалық білім мен тәрбие берудің негізі- ұлттық дәстүрде. Қазақ халқының мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше маңызға ие болды.Бала музыка әуенінің өзіндік ерекшілігін, табиғатын түсінуі керек.
Зерттеудің мақсаты: Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру әдістеріне зерттеу жүргізе отырып, тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеті:
- Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерін талдау, мазмұнын, мәнін ашу;
- Балалардың музыкаға көзқарасының қалыптасуының негізі - музыка жайлы түсінік беру жолдарын анықтау
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру жолдары
Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру процесі
Зерттеу әдістері: Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру процесі бойынша ғылыми мәліметтер жинау және оларды талдау арқылы тәжірибелік зерттеу амалдарын жүргізу.
Зерттеу болжамы: Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастырудан мынадай нәтиже көруге болады:
- Балалардың музыкалық түсініктерінің кеңеюі;
- Музыкалық талғамдарының оянуы;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

I. БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері

Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар. Ол өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды. Қоршаған орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз-ақ түсінікті де жақын бола түседі. Музыкалық көркем бейне балаларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін байытып, өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.
Музыка сабағы іс-әрекеттің негізгі түрлерін ескеріп, бірлестікте құрылған: ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаттылық және басқа қосымша іс-әрекеттер,шығармашылық тапсырмаларды өз нақышында орындап шығуды талап етеді[4].
Музыка сабағының негізгі бөлімі -- хор мен ән айту.
Бұл көпшілікке қолайлы іс-әрекет болып табылады. Ол балаларға әнді ұжым болып орындау барысында шығармаға өз қатынасын білдіруге мүмкіндік береді. Әр топтан келесі топқа көшіуге жүйелі және бірізді жұмыс жасай отырып, шығарманы тыңдап,оны түсініп, әнді таза, ашық, мәнерлі орындағанда, сонда ғана ән айту әдісі тәрбиелік міндеттерге сай келеді. Ән айту біртұтас жинақталған процесс болып табылады. Ән айтуға баланың барлық организмі: тыныс алуы, нерв жүйесі, бұлшық еттері, артикуляциялық және дыбыс шығарушы аппараттары қатысады. Дұрыс орындалмаған жұмыс ән айту процесіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан ән айту жұмысы бірінші топтан бастап жүргізіп, барлық топтар бойына жалғастырылып отырады.
Бағдарламадағы негізгі талаптар үнемі толықтырылып, кеңейтіліп отырылуы ескерілген. Ән айтудың қалыптасуына таңдап алған материалдар да әсер етеді. Онда көркемдік жағынан құнды, ашық, мазмұны түсінікті, орындауға жеңіл, ыңғайлы және дамытушылығы жағы басым болуы көзделеді.
Мектепке балалар қазақтың халық әндері мен басқа халықтардың әндерін, Қазақстан композиторларының әндерін түсініп, оған сүйіспеншілікпен қарауға, көркемдік талғамы мен музыкалық қабілеті дамып (музыканы есту қабілеті, ырғақты сезінуі, есте сақтай білу, орындаушылық қабілеті т.б.) барады.
Әрбір топтың репертуарына әртүрлі көңіл-күйлі әндер: жеңіл және сергек, ширақ орындауды талап ететін әндер мен әуендер, бірқалыпты, кантиленді әуендетілген т.б.
Барлық топтарда әнді дұрыс айту қалпына талап қойылады:
Әуенді таза айту, дыбыстың әсем, нәзік, әуелі дыбысталуына, бірқалыпты дем алуына, сөз текстісін анық айту, дауысты, дауыссыз дыбыстарды дөңгелендіріп дұрыс орындау т.б.
Музыкалық тәрбие берудегі музыка тыңдау - музыка пәнінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Ол музыкалық жан - жақтылықты кеңейтеді, музыкалық білімін толықтыра отырып, қабылдауын дамытады, сүйішпеншілігі мен көркемдік талғамын қалыптастырады.
Музыка тыңдау барысында шартты түрде балалардың қабылдауын былайша топтастыруға болады: шығарманың мазмұнын елестету, оның жанры, құрылысы және басқа көркемдік құралдарын ажырату[5].
Балалар сәбилер тобында ән немесе күй жанры жөнінде толығымен мағлұмат алады: Ал, естиярлар тобында олар күрделі фактурасы бар Жыл басы кім болады? атты балалар операсымен, эпикалық бірнеше көріністен тұратын көлемді күймен танысады.
Ересектер тобында ән мен сөздің өзара тығыз байланысымен қазақтың ұлттық шығармашылығы түрлерімен: терме, жыр, айтыс, күй тартыс, атақты жыршы - термеші, күйшілерімен танысады.
Мектепалды даярлық тобында бағдарламаның музыка тыңдау бөлімі жүйелі бірізділікпен жалғасып отырады. Балалар ән мен күйдің күрделі музыкада жаңа өмірге ие болғанын көре отырып, композиторларының шеберлігінің арқасында халық музыкасының түрленіп, жаңа бояулармен нәрленгенін байқайды. Қазақстанның және шетел шығармаларымен танысу музыканың күрделі жанрлары мен формаларын білуге көмектеседі.
Музыкалық орындаушылықтың маңызды бір бөлігі − музыкалық сауаттылық. Балалар музыканы қабылдай білу үшін, оның тірі өнер екенін өмірімен тығыз байланыста болатынын түйсінуі қажет. Музыканы ести білу тәжірибиесі балаларға халық музыкасын орындау мен тыңдатуда, қазіргі мектеп жасына дейінгі балаларға арналған композиторлық әндерді айтуда, халық күйлерін,классикалық музыка тыңдатуда т.б. бір-бірінен өзара айырмашылықтарын ажыратуда ықпал етеді. Ән айту кезінде және музыка тыңдағанда балалар біртіндеп музыкалық сауаттылықты да игереді. Шығарманың мазмұны мен көңіл-күйі жөнінде мәліметтер алады, музыканың көркемдік құралдарымен - темп, дыбыс күші, әуенділік, ырғақ, дыбыс биіктігі танысады. Шығарманың жанры және құрылысы, музыкалық аспаптар мен халық аспаптар оркестрі симфониялық оркестр, хор және хордың құрамы жөнінде мағлұмат алады. Балалардың алған білімдері топтан топқа көшкен сайын толықтырылып, ұлғайтыла түседі. Оқыту процесінде балалардың музыканы танып білуі іс жүзінде асырылады. Нота сауаты балалардың жас ерекшелігіне сәйкес 3 топтан бастап ендіріледі[6].
Шығармашылық тапсырмалар. Ырғақты би қимылдары, сабақтың тақырыбына байланысты сүреттер салу көбінесе кіші топтарда қолданылады. 2-сәбилер тобынан бастап берілген тақырыпқа суырып - салмалық ойнайды. Ізденгіш тапсырмалар, проблемалық ситуациялар тудыратын сабақтар балаларға алған біліміне тиянақтылықпен қарауға үйретеді.
Жергілікті жердің жағдайына және өмір сүріп жатқан жердің еркшеліктеріне байланысты, ұлттық дәстүрлеріне сәйкес мұғалім білім беру ережелерін ескере отырып, сабақтың мазмұнына түрлі өзгерістер енгізуіне болады.
Осы әдістердің тиімділігін авторлар (Құлманова Ш. Б.,Оразалиева М.А, Сулейменова Б.Р.) сегіз жыл бойы эксперименттік байқаудан өткізген.
Балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін, оларға көне дәуірден келе жатқан музыкалық, аспаптық шығармаларды, ән, терме, күй, жыр, айтыс, өлеңдерді үйретіп, халықтың қасиетті рухымен суару абзал.
Аймақтық мектептердің жергілікті ерекшелігінде дамыған музыка үлгілерін тыңдап, орындап, үйрену, аспапты меңгеру арқылы балалар өнер рухынан нәр алады. Осының өзі олардың жаны жайсаң, жүрегі жылы, абзал азамат болып өсуіне септігін тигізеді. Музыкалық орындаушылықтың өнер саласында әр түрлі жанрын кездестіре аламыз. Соларға тоқтала өтсек,
Ансамбль - француз тілінде бірлесу, ұласу деген мағынаны береді. Музыкада екі немесе одан да көп музыканттардың (әншілер немесе музыка аспаптарында орындаушылардың) музыкалық шығарманы қосылып орындауын және сол музыканың бірдей ұласып, әдемі, мәнерлі болып шығуын ансамбль деп атайды.
Музыканы немесе әнді екі әнші қосылып орындаса дуэт дейді. Үш кісі айтса - трио, төрт кісі орындаса - квартет, бес кісі айтса - квинтет, алты кісі орындаса - секстет, жеті кісі қосылса - септет, сегіз кісі қосылса - октет дейді. Операда, ораторияда, кантатада бас кейіпкерлер қосылып дуэт, трио, квартет, квинтетпен айтатын жағдайлар өте жиі ұшырайды. Ансамбльге хор мен оркестр де кіреді[7].
Ария - итальян тілінде ән деген сөз. Ария - опералық музыкада әрбір кейіпкердің ішкі жан дүниесіне байланысты айтылытын әуен. Орыстың классикалық опера музыкасында шығараның идеясын ашып, бас кейіпкерлердің бейнесін беретін тамаша ариялар бар. Мәселен, М. Глинканың Иван Сусанин операсынан Сусаниннің ариясы, П. И. Чайковскийдің Евгений Онегин операсынан Ленскийдің ариялары; ал қазақ операларына келетін болсақ, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің Абай операсынан Абайдың арияларын айтуға болады. Ария тек қана операда емес, оратория мен кантатада да кездеседі. Ал кейде, ария жеке адамның айтуы, аспапта орындау үшін де жазылады.
Аспаптық музыка - жеке аспаптар - фортепиано, скрипка, виолончель, кларнет, домбыра, қобыз, гармонь, мандолинаға арналып жазылған концерт, вариация, фантазия, этюд, полонез, күй немесе вальс, полька, мазурка сияқты би музыкасы.

1.2 Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру ерекшеліктері

Қазақстанның жалпы білім беретін ұйымдардағы музыка пәнінің аса қажеттігі күннен-күнге артып келе жатқаны анық. Елімізде жаңа құрылымды колледж, лицей, гимназиялардың көптеп ашылып жатқаны және олардағы мектептен тыс жүретін эстетикалық жүйелердің жаңа типті үрдістерінің қалыптасуы, әсіресе музыкалық тәрбиенің мектепке дейінгі ұйымдарда және мектептерде қаланған негіздері мен нақтылы әдістемелік нұсқауларын талап етеді. Әрине осындай білім беру ісінің түпкілікті өзгерістерге ұшырауы, оқу жоспары мен бағдарламалық нұскауларды қайта жаңартуды көздейді. Музыкалық орындаушылықтың негізгі бағыттары арнаулы "Музыка" оқулықтарында нақтылы ұсынылғанымен, оларға қосымша берілуге тиісті әдістемелік нұсқауларда тәрбиелік жұмыстың барлық түрлері жан-жақты қаралуға тиісті.
Әдістемеде көрсетілген жалпы білім беретін мектептерде музыкалық тәрбие мен теориялық материалдардың берілу жүйесі, сабақ беру әдістемесі бұрынғы кеңес дәуіріндегі типтік қалыптан мүлде өзгеше құрылғанын әр ұстаз жете түсінгені дұрыс[8].
Бүгінде Қазакстанда музыкалық орындаушылықты қалыптастырудың өзіндік үрдісі қарастырылуда. Музыкалық орындаушылықтың сипатын жетілдіру мақсатында түрлі эстетикалық бағдарламалар мен әдістемелер жарыққа шыкты. Тіпті көрнекті музыка қайраткері, композитор Д. Кабалевскийдің кең тараған музыкалық бағдарламасы да нақтылы қолдау тапқан жоқ. Осы бағдарламалық әдістемеде негізінен ұлттық репертуарға басты көңіл бөлінеді. Себебі, қай халыкта болмасын жеке бастың калыптасуына әсіресе ұлттық өнердің басты әсер етуі дәлелденген.
Әдістеме мазмұнында түрлі бағдарламаларда келтірілген әдістік үлгілер ескеріледі. Сонымен қатар мұнда музыкалық педагогиканың жаңа жетістіктеріне де баса назар аударылды. Музыка пәні ұстазының әдебиет пен музыканың, бейнелеу өнері мен ән өнерінің өзара байланысын барынша тұтас қарағаны жөн. Әр орындаушылықты қалыптастыру барысында, сондай-ақ ән үйрену, музыка тыңдау, түрлі вокалдық әдістерді меңгеру кезінде балалардың жас ерекшеліктеріне көп назар аударылуы керек.
Бабаларымыз көшпелі өмір салты кезінің өзінде-ақ, балалардың музыкалық және эстетикалық тәрбиесіне зор көңіл бөлген. Кешқұрым киіз үйге жиналып алып, қосылып ән айтып, күй тарту үрдісі ешқандай әлеуметтік статусқа бағынбайтын, өзіндік талғамды эстетикалык тәрбиеге айналған өнер мектебі еді. Халық әндері мен күйлерінен ұлтымыздың тарихы ғана емес, оның адами болмысы, жеке қасиеті, тіпті қоғамдық құрылымы анық байқалады. Сонымен қатар рухани байлық тәрбиелік мағынаны да қоса атқарады.
Музыкалық тәрбиенің негізін ақын-жыршы, сал-сері, күйшілер жүргізген. Олардың өнері мен өмірі өнерлі жастар үшін өзіндік мектепке айналған. Ауызекі түрде беріліп келген өнер дәстүрлері ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз ауысып, көркемдік тәрбиенің арқауы ретінде қабылданған. Өнерпаз тұлғалардың ел алдында өнер көрсетуі белгілі эстетикалық талғам қалыптастырып, балалардың музыкаға деген қызығушылығын оятып отырған[9].
Музыкалық орындаушылықты қалыптастыру жұмыстарының негізгі мақсаттары төмендегідей арнада анықталады:
1) Балаларға әндер үйретіп, оларды дұрыс айта білуге үйрету.
2) Музыка әуенін өзінше талдап, орындай білуге үйрету.
3) Ұжыммен бірге сауатты орындау дағдыларын қалыптастыру.
4) Музыкалық орындаушылықты жоғары деңгейде қалыптастыру
Музыкалық тәрбие жеке бастың сезімдік мәдениетінің, адами қасиетінің, интеллектісінің қалыптасуына қызмет етеді.
Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастырудың тағы да атап өтерлік тиімді жақтары − баланың көркемдік әлемге деген ынтасын ояту, қызықтыру, балада тұрақты бір рухани талғам қалыптастыру, әуен-сазынан көркем бейне таба білу сияқты ірі де кажетті мақсаттардан көрінеді.
Музыка үйрету жұмысының түрлі әдістемесі оқу материалының мазмұнына, балалардың жас ерекшелігіне және олардың шығармашылық, танымдық үрдістерге деген қабілеттеріне орай өзгеріп отырады.
Өткізілетін материалға жан-жақты түсіндірмелік шолу жасау әдістемесі баланың өз бетінше ізденіп, іс-қимыл жасауға арналған ізденушілік әдістемесімен өзара біріге қолданылса, зор нәтиже береді.
Үйретілетін ән-күйдің сезімдік-драмалық тұрғыдан сатылай үйретілуіне арналған әдістеме сабақтың шарықтау барысына арналады. Әр түрлі нұсқада құрылатын ән-күй сабағының музыкалық-драмалық әдіспен өрбуі де жиі қолданылады.
Ұстаздық бақылау мен баланың өзін-өзі байқап отыру әдістемесі, әр балаға баға қою, оның музыкалық дамуына нақтылы сәйкес жүргізілсе ғана көрнекті жетістік берері сөзсіз.
Ұстаз бағасы мен үйге берілген тапсырма баланың музыка қабілетінің даму сатысын көрсететін ең негізгі көрсеткіш екенін ұмытпаған жөн.
Ұстаздың белгілі бір ән-күй, шығармаға деген өзіндік көзқарасының болуы және оны бейнелі сөзбен, іс-әрекет, көркем қимылмен көрсете білуі сезімге әсер ету әдістемесі деп аталып, ол бала қабілетінің артуына игі әсерін береді.
Музыкалық қабілеттің, яғни ән айту, аспапта ойнау шеберлігінің айтарлықтай өсуі, ондағы нақтылы табыстың болуы, оның ұстаз тарапынан айқын көрсетілуі бала санасында мақтаныш сезімін тудырып, оның шығармашылық қызметке деген ынтасын барынша арттыра түседі.
Музыкалық орындаушылықты қалыптастырудың басты мақсаты - музыка өнері арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп, оны сүйе білетін, халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейтін, классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу[10].
Тәрбиелік және білімдік міндеттері:
1) Халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу, қазақ музыкасы мен өнерінің өзара байланысын түсінуін қамтамасыз ету.
2) Басқа халықтардың музыкасын сыйлап, өз халқыңның музыкасымен ұқсас, жақын жерлерін таба білуге көмектесу.
3) Классикалық музыкаға және дүниежүзінің музыка өнеріне жақындастыру, белгілі композиторлардың, музыкантардың, орындаушылардың шығармашылығымен таныстыру, солардың үлгілерінде тәрбиелеу.
4) Музыка тыңдау және орындау барысында оған шығармашылықпен қарауға тәрбиелеу, қызығушылығы мен қиялын өмір құбылыстары және музыканың өзара тығыз байланысын түсіндіру негізінде дамыту.
5) Музыканың көркем бейнесіне сәйкес мәнерлеп орындау, біліктілігін дамыту, оны түсіну мен сезіне білу талғамын қалыптастыру.
6) Музыкалық қабілеттілігін дамыту және білім беру.
Жағымды үлгі көрсету, музыка өнеріне деген сенімділік білдіру, жаттығулар көрсету, олардың жеке бастың сезімдік дамуына қызмет істеуі, ән-күй сабағына деген кызығушылык тудырары сөзсіз.
Ән-күй сабағына кешенді әдістемелер қолдану, ұстаздың белсенді музыкалық қызметі, сабақтың барлық элементтерінің тұрақты қолданылуы балалардың музыкалық мәдениетінің қалыптасуына зор әсер етеді. Түрлі әдістемелік үрдістерді алмастыра қолдану әр сабақтың мақсаты мен міндетіне, ұстанымы мен мазмұнына байланысты өзгеріп тұрары анық.
Ұстаз балаларға музыкалық есту қабілетінің жалпы даму негіздерін нақтылы түсіндіріп бергені жөн. Музыкалық есту өнерінің негізгі екі түрі болады:
1) Мелодиялық есту.
2) Гармониялық есту.
Мелодиялық есту қабілеті естілген, әуен-сазды дәл қайталау арқылы көрінеді, ал гармониялық түрі бірнеше ды\быстар (аккордтар) үндестігін ажырата білумен байқалады. Есту қабілетінің осы екі түрін де арнайы жаттығулар арқылы дамытуға болады.
Музыкалық есту қабілеті ән-күйдің мазмұнын, көркем ойын түсінуге, оны сезіммен қабылдауға, шығармалардың дыбыстық кұрамын, ырғактық, тембрлік ерекшелігін және дыбыстық ауқымын, формалық стилін анықтауға негіз болады[11].
Сабақ барысында түрлі әуен-сазды тыңдап, олардың аттарын, формасын, дыбыстық ауқымын әңгімелеп отыру өте тиімді. Әуенді мәнерлі, таза айтып, оның ладтық ерекшелігін айыра білу балалардың музыкалық қабілетінің даму дәрежесін көрсетеді.
Әннің ырғағын дәл сезіне білу үшін балалармен музыкалы-ырғақтық ойындар, түрлі жауап-сұрактар, ырғақтық диктанттар, шығармашылық үрдістерді көрсетіп, тұрақты еткізіп тұру сөзсіз нәтиже береді. Ырғақтық сезімнің эмоциялы, моторлы табиғатын ұстаздардың нақтылы ажырата білгені жөн. Балалардың музыкалык есту, ырғақ сезіну қабілеттерін дамыту үшін халықтық әуендерді, сонымен қатар классик композиторлардың, қазіргі заманғы авторлардың шығармаларын кеңінен пайдалану керек.
Балалардың музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін халықтың карапайым әуен-саздарын, мақал-мәтелдерін, балалар өлеңдерін, т. б. қолдануға болады.
Қазақ әндерінің профессионалдық салалардың бірі - хор өнері.
20 - жылдардың алғашқы кезінен бастап - ақ Қазақстанның жер - жерлерінде - Әулие - Ата (Жамбыл), Қарқаралы, Семей, Ақмешіт (Қызылорда), Ақмола, Павлодар, Оралда көркемөнерпаздардың музыкалық және әдеби сауық кештері ұйымдастырыла бастады. Мұндай кештерде жеке әншілер, ақындар қатар топталып, бір - біріне қосылып ән - салушы айтушылар да өз өнерлерін көрсетті. Мәселен, Орынборда алғашқы қазақ хорын ұйымдастырушылардың бірі музыкалық қабілетті зор, өнер сүйгіш Райымбек Мақатаев болса, Ташкентте Құрманбек Жандарбеков қазақ жастар хорын ұйымдастырды. Ал осы жылдары ұлттық ән - күй қазынасын жинауға байланысты қазақ арасында мейлінше мол араласқан Александр Викторович Затаевичтің мәлімдері пайда болды. Сол сияқты жиырмасыншы жылдары қазақ тілінде шығатын Ақ жол газетінде жариялаған көптеген деректер сол кездегі Сауық кештерінің көбінесе қосылып хор айтумен аяқталатынын айқындайды.
Қазақтың Мемлекеттік хор капелласы (аспап сүйемелінсіз айтылатын хор) 1939 жылы ұйымдастырылды. Сөйтіп, Республикамызда тұңғыш вокалдық ән салу өнерінің жаңа жанры туды.
Өнердің басқа да салалары сияқты хор өнерінің де аз уақыт ішінде меңгеруге болмайтын эволюциялық мерзімді керек ететін өзіне тән ерекшіліктері бар. Қазақ хор капелласының көп уақыт бойы қатарға толық мағынасында қосыла алмай жүруінің мәні де осы жайлармен байланысты болды[12].
Қазақ халқында қай уақытта болмасын ұлы өнер бірінші орында болды. Әр заманда әр түрлі тұрмыстық, саяси- әлеуметтік жағдайларға қарамастан ұлы өнер әр қашанда бағаланды. Оның ішінде атап өтерлік қызыл тілден бал тамған ақындық, жыршылық өнер, әншілік- күйшілік дәстүр, сал- серілік өнер. Осылардың ішінде ән өнері қазақ халқында кең тараған, ғасырдан- ғасырға ұласқан, жылдар жылжытып үлкен бір әлемге айналған өнердің бірі. Ғасырлар бойы қалыптасқан ән өнері XIX-XX ғасырларда даму кемелінде болып, дәстүрлі- профессионалды деңгейге жетті. Сондықтан бұл өнер әр аймақта әр түрлі дамыды.
Осы дәстүрлі- профессионалды ән- жыр өнерінің аймақтық ерекшеліктеріне орай төрт түрлі класс бар деп есептелінеді. Олар: Арқа дәстүрі (Солтүстік, Орталық, Шығыс Қазақстан аймағы), Батыс Қазақстан өңірінің ән- жыр дәстүрі, Жетісудің жыр дәстүрі, Сыр өңірінің бай музыкалық мұралары.
Арқа өңірінің өнеріне келетін болсақ, мұнда әншілік, ақындық, композиторлық, сал-серілік өнер кең өріс алған. Арқа дәстүрінде Біржан сал, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық аспаптарға үйретудің мәні мен мазмұнының теориялық негіздері
«Вокалдық-хор тәрбиелеу» пәнінен дәрістің қысқаша конспектісі
Балалар бақшасындағы балалардың музыка арқылы ұлттық дүниетанымының қалыптасу моделі
Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру
Музыкалық қызметтің түрлері
Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған түзету тобының балаларына музыкалық ырғағын қалыптастыру
Музыкалық тәрбие
Тыңдауға арналған музыкалық репертуарлар
Барлық дыбыстарды анық айту
Балалардың музыканы қабылдай білу қабілеттілігі жайында
Пәндер