Педагогикалық іс-әрекет және оның құрылымы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. «Іс.әрекет» түсінігінің жалпы сипаттамасы
1.1. Іс әрекет туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Педагогикалық іс.әрекеттің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3. Педагогикалық іс.әрекеттің негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2. Педагогикалық іс.әрекеттің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1. Педагогикалық іс.әрекеттің мотивациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Педагогикалық іс.әрекеттің мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.3. Оқытушы іс.әрекетінің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Педагогикалық мамандықтың мәні оның өкілдері арқылы жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекет негізінен көрінеді. Бұл әлеуметтік әрекеттің ерекше түрі, ол жинақталған мәдениет пен тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беруге және қоғамда нақты әлеуметтік роль орындауға даярлық негізінде жеке бастың дамуына жағдай тудыруға бағытталған.
Бұл іс-әрекетті педагогтар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп пен мекемелердің жетекшілері, өндірістік және басқа топтар, жалпы ақпарат құралдары жүзеге асырады. Бірақ, ең бірінші іс-әрекет – ол кәсіби әрекет, яғни педагог арқылы жүзеге асырылады, ал қалғандары – жалпы педагогикалық болып табылады. Педагогикалық іс-әрекет кәсіби әрекет сияқты арнайы қоғам ұйымдастырған білім беру мемкемелерінде: мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, кәсіби-техникалық училищелер, орта арнаулы және жоғары оқу орындары, қосымша білім беретін мекемелер, біліктілікті жоғарылату, қайта даярлауда үлкен орын алады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіну үшін оның құрылымын талдау қажет, ал оның өзін мақсат, мотив, әрекет (операция), нәтиже бірлігінде қарау керек. Іс-әрекеттің, оның ішінде педагогикалық іс-әрекеттің жүйелі сипаттамасы мақсат болып табылады (А.Н.Леонтьев).
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсатын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әр түрлі бағыттағы тәрбие мен оқытудың нақты міндеттерін шешуге бағытталған.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – тарихи құбылыс. Ол әлеуметтік даму тенденциясының көрінісі ретінде өңделіп қалыптасады, адамның рухани және табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып талап қояды. Онда бір жағынан, әр түрлі әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылығы болса, екінші жағынан – жеке тұлғаның қажеттілігі мен бағыты көрінеді.
Тәрбие мақсатының проблемасына А.С.Макаренко көп көңіл бөлген, бірақ оның бірде-бір еңбегінде жалпы анықтамасы жоқ. А.С.Макаренко жеке тұлғаны педагогикалық жобалауға жақын болды, ал педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын жеке тұлғаның даму бағдарламасынан және жеке ерекшеліктерін коррекциялаудан көреді.
1: Л.И.Рувинский ред. Мамандыққа кіріспе. – А., 1990.
2: Маркова А.К. Психология труда учителя. – М., 1993.
3: Основы педагогического мастерства / Под ред. И.А.Зязюна. – М., 1989.
4: Профессиональная культура учителя / Под ред. В.А.Сластенина. – М., 1993.
5: Е.В.Бандаревская, С.В.Кульневич / Педагогика. М.: Ростов н/Д., 1999.
6: А.К.Гастев. Как надо работать. – М., 1998.
7: В.А.Кан-Калик, Н.Д.Никандров. Педагогическое творчество. М., 1990.
8: В.А.Сластенин. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогическихучебных заведений. М., 1997.
9: Немов Р.С Психология. -М., 1998 ж.
10: Рубинштейн Л.С Основы общей психологии. -М., 1998 ж.
11: Гамезо М.В. Атлас по психологии. –М., 1997 ж.
12: Темірбеков А. А., Балаубаев С. Психология. Алматы “Мектеп” 1966 ж.
13: Джемс У. Психология. М., 1991 ж.
14: Александров Г.И., Гареев В.М. Разработка системы совершенствования педагогического мастерства преподавателя вуза /Г.И. Александров.– М., 1977.
15: Возрастная и педагогическая психология: Уч. для студ. пед. ин-тов / В.В. Давыдов, Т.В. Драгунова, Л.Б. Мтельсон......
.....................

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Орталық Қазақстан Академиясы
Педагогика және әлеуметтік жұмыс факультеті
Педагогика және психология кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Педагогикалық іс-әрекет және оның құрылымы

Орындаған: ОП - 302 тобының
студенті Насырова І.Х.
Ғылыми жетекші: аға оқытушы
Абитаева Т.А.

Қарағанды 2015

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Іс-әрекет түсінігінің жалпы сипаттамасы
1.1. Іс әрекет туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Педагогикалық іс-әрекеттің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1. Педагогикалық іс-әрекеттің мотивациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.3. Оқытушы іс-әрекетінің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

КІРІСПЕ

Педагогикалық мамандықтың мәні оның өкілдері арқылы жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекет негізінен көрінеді. Бұл әлеуметтік әрекеттің ерекше түрі, ол жинақталған мәдениет пен тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беруге және қоғамда нақты әлеуметтік роль орындауға даярлық негізінде жеке бастың дамуына жағдай тудыруға бағытталған.
Бұл іс-әрекетті педагогтар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп пен мекемелердің жетекшілері, өндірістік және басқа топтар, жалпы ақпарат құралдары жүзеге асырады. Бірақ, ең бірінші іс-әрекет - ол кәсіби әрекет, яғни педагог арқылы жүзеге асырылады, ал қалғандары - жалпы педагогикалық болып табылады. Педагогикалық іс-әрекет кәсіби әрекет сияқты арнайы қоғам ұйымдастырған білім беру мемкемелерінде: мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, кәсіби-техникалық училищелер, орта арнаулы және жоғары оқу орындары, қосымша білім беретін мекемелер, біліктілікті жоғарылату, қайта даярлауда үлкен орын алады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіну үшін оның құрылымын талдау қажет, ал оның өзін мақсат, мотив, әрекет (операция), нәтиже бірлігінде қарау керек. Іс-әрекеттің, оның ішінде педагогикалық іс-әрекеттің жүйелі сипаттамасы мақсат болып табылады (А.Н.Леонтьев).
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсатын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әр түрлі бағыттағы тәрбие мен оқытудың нақты міндеттерін шешуге бағытталған.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты - тарихи құбылыс. Ол әлеуметтік даму тенденциясының көрінісі ретінде өңделіп қалыптасады, адамның рухани және табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып талап қояды. Онда бір жағынан, әр түрлі әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылығы болса, екінші жағынан - жеке тұлғаның қажеттілігі мен бағыты көрінеді.
Тәрбие мақсатының проблемасына А.С.Макаренко көп көңіл бөлген, бірақ оның бірде-бір еңбегінде жалпы анықтамасы жоқ. А.С.Макаренко жеке тұлғаны педагогикалық жобалауға жақын болды, ал педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын жеке тұлғаның даму бағдарламасынан және жеке ерекшеліктерін коррекциялаудан көреді.
Педагогикалық іс-әрекет мақсатының негізгі объектісі тәрбиелеуші орта, тәрбиеленуші іс-әрекеті, тәрбиелеуші ұжым және тәрбиеленушілердің жеке дара ерекшеліктері болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын жүзеге асыру әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешумен байланысты, атап айтқанда тәрбие ортасын қалыптастыру, тәрбиеленуші іс-әрекетін ұйымдастыру, тәрбие ұжымын құру, жеке тұлғаны дамыту.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты - динамикалық құбылыс. Оның дамуы мынадай, қоғамдық даму тенденциясы ретінде пайда болып, педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны, формасы, әдістерін қоғам қажеттілігіне сәйкестендіріп, жеке тұлғаның өз бетімен және социуммен дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық іс-әрекеттің барлық қасиеттері көрінетін негізгі бірлігі ол мақсаты пен мазмұнның бірлігі, яғни педагогикалық әрекет болып табылады. Педагогикалық әрекет түсінігі педагогикалық іс-әрекеттің барлық формаларына (сабақ, экскурсия, жеке әңгіме т.б.) тән. Мұғалімнің педагогикалық әрекеті ең алдымен танымдық міндет формасында көрінеді. Өз біліміне сүйене отырып, теория жүзінде өз әрекетінің құрал, пән, нәтижесін салыстырады. Педагогикалық міндеттердің ерекшеліктерін жүзеге асыру ол оңай емес. Олар ойлауды, фактор, жағдайларды талдауды талап етеді. Сондықтан, педагогтың шығармашылығы жаңа педагогикалық міндеттерді шешуді іздестірумен байланысты.

1. Іс-әрекет түсінігінің жалпы сипаттамасы 1.1. Іс-әрекет объектісі және субъектісі

Іс-әрекет біздің түсінігімізше, бір жағынан, ғылыми білімнің категориясы, адамдардың қоғамдық-тарихи болмысының спецификалық формасы, басқа жағынан, олардың бар болуы мен дамуының әдісі, табиғатты және әлеуметтік мақсатты бағытталған түрлендірілуі арқылы түсіндіріледі. Табиғат заңдарына қарағанда әлеуметтік заңдар ақиқаттың жаңа формалары мен қасиеттерін құрып, қандай да бір бастапқы материалды өнімге айналдыратын тек адам іс-әрекеті арқылы табылып жатады. Субъектпен орындалатын кез келген іс-әрекет мақсат, түрлендіру үрдісінің өзі және оның нәтижесін қамтиды (6-сұлбаны қараңыз). Болмыстың бір түрі мен адамның өмір сүру әдісі ретінде іс-әрекет: - адам өмірінің материалдық жағдайларын құру, адамның табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыздандырады; - адамның рухани дүниесінің даму факторы, оның мәдени қажеттіліктерінің жүзеге асырылуының шарты мен формасы болып табылады; - адамның өзінің тұлғалық потенциалының жүзеге асырылуының, өмірлік мақсаттарға, табыстарға қол жеткізу саласы болып табылады; - адамның қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде өзін өзі табу үшін, өзінің әлеуметтік қызығушылықтарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды; - ғылыми таным, өзін өзі тану мен өзін өзі дамыту критериі мен көзі болып табылады; - қоршаған әлемді тану мен түрлендіруді қамтамасыздандырады (Смирнов В. И. Общая педагогика в тезисах, дефинициях, иллюстрациях. М., 1999. С.165). Іс-әрекеттің маңызды сипаттамалары болып табылатындар:
пәнділік - ол іс-әрекет үрдісі кезінде түрлендірілетін объективті дүниенің қасиеттері мен қатынастарына бағынады (Давыдов В. В. Деятельность: теория, методолгии, проблемы. М. 1990. С.151);
әлеуметтілік - адам іс-әрекеті әрқашан өзінің өнімімен, ақпаратпен алмасуға, жеке мақсаттар мен жоспарларды үйлестіруге, өзара түсіністікке жетелейтін қоғамдық сипатта жүреді.
саналылық - іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде сана әртүрлі функцияларды орындайды: ақпараттық, бағытталған, мақсаттылық, мотивті-түрткішіл, реттеушілік және бақылаушыл (Буева Л. П. Человек, деятельность и общение. М., 1978. С. 103-104).
Іс-әрекеттің нәтижелері оңай аңғарылады және сапалы-сандық көрсеткіштерде көрсетілуі мүмкін.
Қажеттілік - аса қажеттіліктен және оны жүзеге асыру мен дамыту үшін қажет объекттер мен әрекеттерде туындайтын адамның күйі, сондай-ақ оның белсенділігінің көзі болып келетін, танымдық үрдістерді, қиял мен жүріс-тұрысты ұйымдастырады және бағыттайды.
Мотив - қажеттілікті қанағаттандыруға байланысты іс-әрекетке түрткі болу; әрекеттер мен қылықтардың таңдауы түсіндірілетін сезінімді себеп; әрекеттерді таңдауға түрткі болатын зат(материалды немесе идеалды).
Мақсат - күтілетін нәтиженің сезінімді бейнесі, адамның іс-әрекеті соған қол жеткізуге бағытталған.
Есеп - қандай да бір жағдайларда берілген және осы жағдайлардың түрлендірілуі кезінде орындалатын іс-әрекет мақсаты (Леонтьев А. Н. Избранные психологические произведения: в 2-х т. М., 1983. Т. 2. С. 156).
Әрекет - іс-әрекет бірлігі, сезінімді мақсатқа жетуге бағытталған кездейсоқ, қасақана белсенділік (Словарь практического психолога Сост. С. Ю. Головин. Минск, 1997. С. 120).
Операция - берілген жағдай шарттарымен анықталатын әрекетті жүзеге асыру әдісі.
Іс-әрекетке адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын санасында сәйкес объекттер мен әрекеттер түрінде келетін әртүрлі қажеттіліктермен жетеленеді. Іс-әрекеттің мотивация сипатына орындалуындағы табандылығы, яғни мақсатқа жетудегі табысы да тәуелді. Іс-әрекеттің мотивтері мен мақсаттары адам өмірінің қоғамдық шарттарына және оның жеке дамуының деңгейіне тәуелді. Іс-әрекеттің жеке дамуындағы маңызды рөл индивидтің қоғамдық тәжірибені меңгеру ойнайды. Іс-әрекет бірқатар ішкі, бір бірімен байланысқан әрекеттер арқылы жүзеге асып, біршама автоматтандырылған компоненттерден құрылған. Алайда жалпы алғанда әрбір іс-әрекет сезінімді, мақсатты бағытталған сипатта болады. Сезінімді мақсат заң сияқты адам әрекеттерінің әдісі мен сипатын анықтайды (К.Маркс). Ол күтілетін нәтижені алуда кездестірілетін кедергілерді белсенді түрде жеңуге жетелейді. Адамның іс-әрекетінің негізгі түрі болып оның физикалық және ой еңбегі табылады. Физикалық өнімділік еңбек қоғам мен оның әрбір мүшесінің өмір сүруі үшін қажет материалдық құндылықтарға бағытталған. Ой еңбегі ақиқатты үйренуге, ғылыми теориялар, әдеби, көркем және басқа да рухани құндылықтарды құруға бағытталған.
Адам іс-әрекеті - оның дамуына қажетті шарт, бұл үрдіс кезінде өмірлік тәжірибе пайда болып, қоршаған айнала танылып, білім сіңіріліп, дағды мен икемділік пайда болуының арқасында іс-әрекеттің өзі де дами түседі. Леонтьев А., Рубинштейн С., Теплов Б. және басқа да ғалымдардың зерттеулері және басқа ғалымдардың зерттеулері іс-әрекет кезінде психикалық үрдістер дамып, тұлғаның ой, сезім мен қайсарлық қасиеттері, қабілеттері мен мінез-құлығы жетіле түседі. Іс-әрекетті тұлға дамуының бір факторы ретінде қарастыра отырып, оның рөлі орта факторынан біршама өзгеше екендігін ескеру қажет. Шынында да, егер орта дүние мен өмір бейнесін құрып, баланы оның дамуы үшін қажетті материалмен қоршай отырып, әлеуметтік даму алғышарты болып келсе, онда іс-әрекет - тұлғаның өздігінен өзін-өзі дамытуы, даму үрдісінің субстанциясы, оның материалдық жолы (жүру арқылы жүруге үйрену және т.б.). Даму, мысалы, адамгершілік, эстетикалық, саясаттық, еңбек және басқа да - бұл әрқашан іс-әрекет үрдісі, мақсатты бағытталған белсенділік кезінде пайда болған тұлғалық құрылымдағы жаңа түзулер.
Іс-әрекет - субъекттің объектке қатынасының белсенді формасы:
танымдық - ақиқатқа жету, оны ашу, зерттеу;
еңбектік - материалдық құндылықтар құрылып, сақталып, жетілдіріле түседі;
көркемдік - көркем бейненің қабылдануы, интерпретациялануы, қайта қалпына келуі, тасымалдануы;
қоғамдық - қоғамдық-құндылықты идеялар декларацияланады, жайылады, таратылады.
Егер іс-әрекет объектісі болып басқа субъект шықса, онда берілген іс-әрекетті қарым-қатынас, ал оның құрылу формасын - қимыл, қылық деп атайды.
Іс-әрекет объектісі - адамдардың қалыптасуының объективтік негізін - қоғамның материалдық-техникалық базасы, қоғамдық қатынастар, тұрмыс салалары, табиғи орта және адамның туа біткен қасиет-нышандары сияқты адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес факторлар құрайды.
Адам жанасқан нәрселердің бәрі-адамдар, заттар, табиғаттың және айнала қоршаған қоғамдық өмірдің құбылыстары осының барлығы оның санасы мен мінез-құлқына, оның рухани әлпетіне ізін қалдырады. Адам қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасады. Сөйтіп, адам әрқайсысы қайталанбайтын дара ерекшеліктерімен көзге түседі.
Сондықтан адамға педагогикалық іс-әрекетті шығармашылық негізінде ұйымдастыра білуді қажет етеді.
Баланың тәрбиесіне педагогикалық іс-әрекеттің объективтік жағдайлары, қоршаған өмір де әсер етеді. Сондықтан тәрбие жұмысында өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстарын айналадағы объективті өмірімен байланысты үлестіре жүргізген жөн.
Іс-әрекет субъектісі - тәрбиеленуші және жас жеткіншектерге тәрбие жөнінен тәрбие жөнінен әсер етушілер: педагогтар, жанұя, педагогикалық коллектив және жұртшылықтар болып табылады.
Мектеп ішінде балаларға тәрбие беру оқу жұмысын ұйымдастыратын негізгі тұлға мұғалімдер. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеттері, оның білімі, білгірлігі, оқыту және тәрбие әдіс-тәсілдері үлкен әсер етеді. Нағыз балаларға лайықты, ұтымды, нәтижелі тәрбие беретін педагогтарды өзін-өзі жетілдірумен шұғылданатын, адамгершілік қасиеттері мол тәжірибелі шебер педагогтар деп айта аламыз.
Педагогикалық іс-әрекет құралдарына: оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынастар жатады. Әрбір педагогтар өзінің қалауынша осы аталған құралдарды тәрбие жұмысына басшылыққа алады. Мысалы, А.С.Макаренко өзінің іс-әрекетіне тәрбие құралы етіп еңбекті қолданған.
Қазақстанда Макаренконың тәжірибесін басшылыққа алушы, өзінің қиын балаларымен жұмыс ұйымдастыруда Архимед Мынбаев тәрбие жұмысының құралы етіп еңбек процесін алды. Әр оқушының ерекшеліктерін біле отырып, еңбекке баулудың нәтижесін олардың жүрегінен жол тауып, Қиын оқушыларды дұрыс жолға сала білді. Еңбекке деген олардың сүйіспеншілігін арттыра біледі.
Кейбір педагогтар іс-әрекет құралдары ретінде бірлескен коллективтік оқуды, басқа да бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыруды құрал ретінде пайдалана білді. Мысалы, Москвалық мұғалім В.А.Караковский, Ленинградтың мұғалімі В.Н.Сорока-Россинский тәрбие жұмыстарының құралы етіп коллективтік оқуды ұйымдастырудан алған. Мұндай таңдау олардың шеберлік және мүмкіндік ыңғайына байланысты жүргізіледі.
Педагогикалық кәсіптік әрекетке өзін-өзі бағыттап, ұйымдастыратын педагогикалық білгірлік қасиеттер педагогикалық білгірлік қасиеттер педагогикалық шеберліктер жүйесіне жатады.
Педагогикалық шеберлік мынандай жүйелерге бөлінеді: педагогтық іс-әрекетіндегі гуманистік бағыттылық кәсіптік білгірлік, педагогтық іс-әрекетіне бейімдік, педагогтық техника. Бұл аталған педагогтық шеберлік жүйелі бір-бірімен байланысты жүзеге асырылады.
а) Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық.
Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық тәрбиешілердің, мұғалімдердің балаларға адамгершілік-ізгілік қарым-қатынас орнату жағынан жетіле түсуін қажет етеді. Гуманистік бағыттылық жүйесі - педагогтардың балалармен ынтымақтастық, демократтық бағыттағы ізгілік-адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас орнату стратегиясы мен тактикасының болуын қажет етеді.
Л.Н.Толстой былай деген болатын: Егер мұғалім өзінің балаларға деген сүйіспеншілігін, педагогикалық іс-әрекетпен жалғастыра білсе, ол жетілген мұғалім. Педагогтық іс-әрекетіндегі гуманистік бағыттылық әр жақты бағалы бағдарлар құрады.
Олар мыналар:
1. өзін шебер педагог ретінде білу.
2. педагогикалық әсер ете білу ықпалының болуы.
3. балаларға, балалар коллективіне деген сүйіспеншілік, ынтымақтастық бейімділігінің болуы.
4. педагогикалық іс-әрекет мақсатының, гуманистік, стратегиясының, тактикасының болуы.
ә) Кәсіптік білім, білгірлік.
Педагогикалық кәсіптік шеберліктің фундаменттік негізі кәсіптік білім. Мұғалімнің кәсіптік білгірлігі - біріншіден, өзі оқытатын пәнін терең, негіздей білуге негізделсе, екіншіден сол пәнді оқып тани білетін оқушыларға арналады.
Кәсіптік білімнің ерекшелігі оның комплекстігінде: оған білім, мазмұны, оның оқыту әдісі, оның ұйымдастыру принципі жатады.
Кәсіптік білімнің комплекстілігі ол кәсіптік білімді саналы ереже принцип-тәртіпті қалыптастырады.
Кәсіптік білім теориялық, технологиялық, методикалық жағынан тұтасады. Оны әрбір педагогтар өз тәжірибесіне сай құрады, ғылыми білімі негізінде оның заңдылықтарын көре біледі.
б) Педагогикалық іс-әрекетке бейімділік.
Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір маңызды түрі - педагогикалық іс-әрекетке бейімділік.
Психологиялық жағынан танып, білуімізге байланысты бейімділік дегеніміз өзі белгілі бір затқа, объектіге, іс-әрекетке адамның сезімдік талғамының арта түсуі соған деген құлшынысының арта түсуі деп білеміз.
Сол педагогикалық іс-әрекетке бейімділікті танытатын төмендегідей түрлі сезім құлшынысын, жетекші бейімділікті атауға болады,
# адамдармен ыңғайласа білуге құлшыныс көрсету, тіл табыса білу, адамдармен коммуникативтік қатынастар болуға бейімділік көрсету.
# Кәсіптік көргендік, бейімділік, байқағыштық.
# Жеке бас динамизмі - эмоциялық тұрақтылықты байқата білу, ішкі әсер ету сезімін , ерікке әсер ету сезімін байқату, логикалық көз жеткізу.
# Эмоциялық тұрақтылық өзін-өзі меңгеру, өз бейімділігін реттеп басқара білу. Ситуацияларды бағдарлай біліп дұрыс шешім қабылдай білу.
# Оптимистік болжай білушілік алған үмітпен қорғау, оқушыларды келешекке үміт, сенімге бағдарлап тәрбиелеу.
в) Педагог іс-әрекетінің техникасы.
Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір түрі - педагогикалық техника. Педагогика техника дегеніміз - педагогтық іс-әрекетті ұйымдастыра білу іскерлігі.
Педагогикалық техникалық іскерлік - осы салада білудің екі түрін құрады. Біріншісі, педагогтың өзін-өзі басқара білуі, екіншісі, педагогтық міндетті жүзеге асыру үшін өзара әсер ете білуді меңгеру.
Біріншісі бойынша - педагог өз денесін, эмоциялық сезім дүниесін, сөйлеу техникасын меңгеріп басқара білу.
Екіншісі бойынша - педагогтың дидактикалық өзін-өзі ұйымдастыра білу, өзара үйлесімділік жүзеге асыру. Біз жоғарыда атап көрсеткендей педагогикалық шеберлік жүйелері оның функцияларының атап көрсете отырып, мынандай қорытындыға келеміз:
Педагогикалық шеберлік - жүйелі процесс. Педагогикалық іс-әрекетте нәтижелі табысқа жеткізеді. Жұмысқа жаңа сапалық мазмұн береді. Педагогтық кәсіптік позицияны қалыптастырады.
Педагогикалық шеберлік жүйелері педагогикалық бағыттылықты, бейімділікті, білімділікті, іскерлікті білдіретін процесс.
# педагогикалық шеберлік өлшемі.
# Педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық.
# Тәрбие беру, білім беру ісінің нәтижелігі.
# әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімдік.
# Іс-әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.
Жоғарыда көрсетілген әрбір шеберлік жүйелерінің өз дамуының белгілі өлшемі, даму деңгейі болады.
Жоғары оқу орындарының міндеті студенттерге алғашқы мамандық деңгейін меңгерту қажет. Яғни кәсіптік мамандық беруде: Кәсіптік бағыттылықты, кәсіптік білімді, бейімділікті, іскерлік техниканы жетілдіру керек. Одан кейін ол тәжірибеде шыңдалып өзінің жоғарғы деңгейіне бірте-бірте жетуге тиіс. өз заманда А.С.Макаренко педогогикалық кәсіптік шеберлік деңгейі қазірге дейін әлі жоғары дәрежеге жете қойған жоқ деген болатын. әлеуметтік қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейі де дамуға тиіс.
Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттері - педагогикалық білім білгірлігі, педагогикалық кәсіпке бейімдігі, ситуацияларды меңгеру, балалардың психологиялық жағдайын меңгеру болып табылады.
Педагогикалық міндеттер педагогикалық шеберліктің ең түйінді мәселесі, өйткені педагогикалық міндеттер, педагогикалық ситуацияның ойлау, оны жаңа жағдайға келтіріп шешу. Сөйтіп мұғалімнің шеберлігі, проблеманың түсіну, ситуацияның анализдеу, оны дұрыс шешуден, басталады.
Мұғалімдік шеберлікке баулу, тәрбиелеу жоғарғы педагогикалық оқу орындарында ең алдымен жекеленген мамандыққа байланысты пәндері: педагогиканы, психологияны, методиканы оқуға байланысты жүзеге асырылады. Сондықтанда бұл пәндердің негізінде студенттерге жоғарғы кәсіптік мамандықты игеруді мақсатта ете қоюмен бірге
1. студенттердің бұл пәнді оқып үйренуге деген ынтасын арттыру керек. Мұғалімдік шеберлікке баулу - жалпы мұғалімдік мамандыққа баулып тәрбиелеудің орталық біріктіруі аспектісі болуға тиіс.
Педагогикалық шеберлік негіздері курсын оқып үйренуге төһмендегідей принциптерді негізге, басшылыққа алып оқытса, соғұрлым нәтиже береді:
# тұтастық қатынас жасау принципін басшылыққа алу. Демек, теориялық мәселерді практикамен ұштастырып таныту. Оған материалды дискуссия ретінде талқылау, жатықтыру, ойлау операциясын белсендіру, схема, конспекті, тезис құру, т.б.
# белсенді қатынас жасау принципі түрлі ойындар ұйымдастыру, демонстрация, жарыс, фрагменттеу. Сабақ ұйымдастыру барысында студенттердің өздерін тарту.
# Студенттер педагогикалық іс-әрекетті меңгеруді, кезең-кезеңмен үйреніп жаттыға білуі қажет. Мысалы, І-курс студентері өздерінің сыртқы келбетін игеру, киім кию, сөйлеу мәдениетін игеру, қарым-қатынас жасау тәсілдерін үйрену т.б.
# Жеке пәндерді оқытудағы үйрену барысында творчествалық меңгеру.
# Аспектілік қатынас-мамандыққа бағыттау, педагогикалық шеберлік негізіне бағыттау.
# Білім және дағды байланысы принципі. Практикалық тапсырыс.
# Педагогикалық оқу орындарын, педагогизациялау принципі - оқу-тәрбие процесін педагогикалық шеберлікті меңгеруге қарай бағыттап отыру. Студенттерді түрлі кружоктарға, клубтарға, студияларға тартып отыру керек. Мұғалім күндерін өткізуге, педагогикалық оқу, конференция ұйымдастыруға, жаңашыл педагогтардың тәрбиесін насихаттауға оларды тартып отыру керек. Кештер өткізуге түрлі тақырыптарда: мысалы, Келешек мектебі бүгіннен басталады. Жоғарғы оқу орны оқытушылар, мектеп мұғалімдері, студенттер бірлескен дәрежеде ғана нәтижелі іс шығады шебер педагогтар дайындап шығаруға болады.
Эстетикалық сезім - педагогикалық шеберліктің негізгі компоненті. Жай ғана хабарлама түрінде ешбір әсер, сезім тудырайын құрғақ оқыту, жалаң сөйлеп, тәрбие жөнінде, насихат айту-оқу процесінде де ешбір нәтиже бермейді. Сондықтан оқытудың, тәрбие берудің әсерлігін, оқушының сезімін өзіне тарта білетін күшін тудыра білу керек.
Мұндай эстетикалық сезім тудыру жолдары оның көзін жеткізу процесіне байланысты. Сезімнің өзі жағымды және жағымсыз болатындығы бізге белгілі. Жағымды түрлі психофизилогиялық жағдаймен байланысты. Олар оймен, ерікпен, адамгершілікпен, біліммен, мәдениетпен көзқараспен байланысты.
Сезімді бірінші деп бөлуге болады. Бірінші сезім биологиялық сезім - ол барлық жан-жануарларда болатын сезім. Екінші сезім адамдарға тән.
сезімдер. Олар социлогиялық әлеуметтік өмір жағдайына байланысты туындап қалыптасқан сезімдер К.Маркс сезімі тұтас біріктіру мәселесін былай деп көрсеткен: Бір жағынан адам сезімін - адамдандыру, екінші жағынан адам сезімін тудыру.
Педагогика, психология ғылымдары негізінде адам сезімдерін пәндер бойынша дифференциялау мәселесін қойып отыр. Яғни, моральдық сезім, еңбек интеллектуалдық практикалық, эстетикалық сезім. Бұлардың бәрін мазмұнға байланысты біріктіріп, эстетикалық сезім айтуға болады, өйткені эстетикалық сезімнің пайда болу кездері: еңбек, ойын, өнер, дін, адамдар арасындағы қарым-қатынас.

1.2. Педагогикалық іс-әрекеттің мәні

Педагогикалық іс-әрекет - мақсатты бағытталған адам іс-әрекетінің ерекше түрі, себебі педагог өзінің алдына белгілі бір мақсат қоймауы мүмкін емес: мысалы, географиялық картаны оқуды үйрету, патриотизм сияқты тұлға қасиетін тәрбиелеу. Кең мағынада педагогикалық іс-әрекет жинақталған адамзат тәжірибесін болашақ ересектерге беру мәңгі әлеуметтік функциясын орындауға бағытталған. Осыдан шығатыны педагогикалық іс-әрекет адам баласын қоғамдық өмірге кірістіру бойынша ерекше, әлеуметтік және тұлғалық детерминацияланған іс-әрекет.Берілген контекстте педагогикалық іс-әрекет оқытушы, тәрбиеленушінің оқушы немесе оқушыларға оның тұлғалық, парасатты және іс-әрекеттік дамуына бағытталған, әрі өзін өзі дамыту мен жетілдіру негізі ретінде шығатын тәрбиелейтін және оқытатын әсер. Ол үшін педагогикалық мақсат қоюшылық пен педагогикалық басқарушылық тән. Іс-әрекеттің бұл түрі В.В.
Давыдов белгілеген өсіп келе жатқан ұрпаққа әлеуметтік қимыл іс-әрекет нормалары мен өнеркәсіптік іскерлік үлгілерін (эталондарын) құру, сақтау мен беру сияқты қоғамдық маңызы бар есептерді шешу барысында өркениет таңының атуында пайда болды.
Өзінің дамуы барысында қоғам бір бірімен тығыз байланысты йренуден, яғни балалар үлкендерден оларға еліктеуден класс, мектеп, гимназияларды құруға дейін қадам басты. Әртүрлі елдерде әртүрлі тарихи сатыларда білім беру мақсаты, мазмұны мен формаларында елеулі өзгерістерді басынан өткеріп, мектеп негізгі тағайындалуы - тиімді педагогикалық іс-әрекет ұйымдастыру болып келетін басты әлеуметтік институт болып қалыптасты. Ескере кететіні, бұл іс-әрекетті маманды түрде тек оқытушылар жүзеге асырады, ата-аналар, өнеркәсіптік ұжымдар, қоғамдық ұйымдар, көпшілік ақпарат құралдары білім-тәрбиелілік үрдістің ерікті немесе еріксіз қатысушылары болды.
Мамандандырылған педагогикалық іс-әрекет қоғаммен арнайы ұйымдастырылған білім беру орындарында: мектепке дейінгі мекемелер, маманды-техникалық училищелерде, орта арнайы және жоғарғы оқу орындары, қосымша білім беру, квалификацияны жоғарылату мен қайта дайындау мекемелері.
Педагогикалық іс-әрекет адам іс-әрекетінің кез келген түріне тән сипаттамаларға ие: мақсатқоюшылық, мотивтендіру, пәнділік. Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін А. Н. Леонтьев белгілеген мақсат, мотивтер, әрекеттер (операциялар), нәтиженің бірлігі ретінде оның құрылымын талдау арқылы ашуға болады, сондай-ақ оның жүйе құрылымдық сипаттамасы ретінде ол мақсатты санады. Осылайша, педагогикалық іс-әрекет дегенде адамзат жинаған мәдениет пен тәжірибенің үлкеннен кішіге беруге олардың жеке дамуы үшін шарттарды құру мен қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рөлдерді орындауға бағытталған әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін түсінеміз.
1.3. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері

Тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері оқыту (преподавание) және тәрбие жұмысы болып табылады.
Тәрбие жұмысы - жеке тұлғаның жан-жақты даму міндетін шешу мақсатында тәрбие ортасын ұйымдастыру мен тәрбиеленушілердің әр түрлі іс-әрекетін басқаруға бағытталған педагогикалық әрекет. Ал оқыту - ол оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға бағытталған тәрбие әрекетінің түрі.
Білім беру мазмұнының проблемасымен айналысатын ғалымдар (В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б.) оқытудың білім мен іскерлік компонеттерінен басқа, адамның оқыту процесінде игеретін шығармашылық әрекет тәжірибесін және қоршаған ортаға деген эмоционалды-бағалы қатынасын жатқызады. Оқыту мен тәрбие жұмысының бірлігінсіз білім беру элементтерін жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалім - педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде
Мотивацияны зерттеудегі негізгі тәсілдер
БІЛІМ БЕРУ ФИЛОСОФИЯСЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ кітабі
Педагогикалық іс-әрекет ұғымы және оның құрылымы
Педагогикалық үдерістің құрылымдық компаненттері.
Мектептің педагогикалық ұжымы
Педагогикалық қызметтің құрылымы
Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс - әрекетке даярлаудың педагогикалық негіздері
Педагогикалық құзырлық түсінігі
Пәндер