Сенсорлық тәрбие



I. Кіріспе бөлім
Сенсорлық тәрбие ұғымы
II. Негізгі бөлім
1. Теориялық бөлім
А) Сенсорлық тәрбие ақыл.ой тәрбиесінің негізі
Б) Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуы.
С) Балабақшадағы дидактикалық жүйедегі сенсорлық даму
2. Практикалық бөлім
3. Сабақ жоспарлары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын дамытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс.
Баланың алғашқы бес-алты жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі баланың бойына ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл –ой еңбек мәдениетін дарыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады.
Кеңес дәуіріндегі педагогика сенсорлық тәрбие мәселелерінде Мария Монтессоридің сенсорлық тәрбие жүйесінде өз бейнесін тапқан позициядан
принципиалды айырмашылығы бар позицияны ұстанады. Оның пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, мұның өзі балаларға педагогтың катысуынсыз, өз бетімен шұғылдануына мүмкіндік береді.
Ресейлік ғалым Н.М.Щелованов нәресте кезеңді сенсорлық тәрбие берудің «алтын кезеңі» деп атап көрсеткен
Мектепке дейінгі педагогика тарихының әртүрлі даму кезеңдерінде бұл мәселе бойынша көптеген ғалымдар (Я.А.Коменский, Ф.Фребель, М.Монтессори, О.Декроли, Е.И.Тихеева және т.б.) балаларды заттардың қасиеттері мен ерекшілтерін таныстыратын әртүрлі дидактикалық ойындар мен жаттығуларды жасады.
Ғалымдар А.В.Запорожец, А.П.Усова, Н.П.Сакулина, Л.А.Венгер, Н.Н.Поддъяков және т.б. жалпы сенсорлық тәрбие бойынша көптеген ой-
1. В.И.Ядэшко мен Ф.А.Сохин «Мектеп жасына дейінгі педагогика» АЛМАТЫ «МЕКТЕП» 1982
2. Ф.Жұмабекова “Мектепке дейінгі педагогика” Астана, “Фолиант” баспасы, 2008.
3. «Отбасы және балабақша» журналы, 2009ж. №5 нөмірі
4. «Тәрбие құралы» журналы 2003ж. №1 нөмірі

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
I. Кіріспе бөлім
Сенсорлық тәрбие ұғымы

Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын дамытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс.
Баланың алғашқы бес-алты жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі баланың бойына ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл - ой еңбек мәдениетін дарыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады.
Кеңес дәуіріндегі педагогика сенсорлық тәрбие мәселелерінде Мария Монтессоридің сенсорлық тәрбие жүйесінде өз бейнесін тапқан позициядан
принципиалды айырмашылығы бар позицияны ұстанады. Оның пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, мұның өзі балаларға педагогтың катысуынсыз, өз бетімен шұғылдануына мүмкіндік береді.
Ресейлік ғалым Н.М.Щелованов нәресте кезеңді сенсорлық тәрбие берудің алтын кезеңі деп атап көрсеткен
Мектепке дейінгі педагогика тарихының әртүрлі даму кезеңдерінде бұл мәселе бойынша көптеген ғалымдар (Я.А.Коменский, Ф.Фребель, М.Монтессори, О.Декроли, Е.И.Тихеева және т.б.) балаларды заттардың қасиеттері мен ерекшілтерін таныстыратын әртүрлі дидактикалық ойындар мен жаттығуларды жасады.
Ғалымдар А.В.Запорожец, А.П.Усова, Н.П.Сакулина, Л.А.Венгер, Н.Н.Поддъяков және т.б. жалпы сенсорлық тәрбие бойынша көптеген ой-пікірлерін айқындай отырып сенсорлық тәрбие жүйесінің қалыптасуына өз ықпалдарын тигізді.
Кеңес педагогикасы сенсорлық тәрбиені іс-әрекеттің әр түрі: бейнелеу, құрастыру, музыкалық-қимыл үдерісінде, балаларды қоршаған ортамен таныстырғанда жүзеге асыру керек деп есептейді. Мәселен, Е. И. Тихеева сезім органдарын жетілдіру жұмысын бала тілінің дамуымен, қоршаған заттар дүниесімен таныстырумен байланыстырды. Ол жасаған дидактикалық материалдар, ойындар (әсіресе табиғи материалдармен ойындар) да түсті көлемді, форманы ажырата білуге бағытталған, бірақ балаларды заттардың қасиетімен, сапасымен таныстыру ойын әрекеті үстінде жүргізіледі, оның өзі білім мен ұғымды жақсы игеруге көмектеседі.
Мектепке дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру, заттардың формасын, түсін, көлемі мен басқа да ерекшеліктері мен қатынастарын зерттеуге бағытталған қабылдау әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан кез-келген түсініктер, келешекте кейіп мәніне айналуы қажет. Бірақ бұл жеткіліксіз. Себебі, әртүрлі заттардың әртүрлі ерекшеліктерінің ішінен салыстыра отырып, ортақ белгілеріне сәйкес заттардың қасиеттерінің негізгілерін айқындай білуі керек.
Балаларға сенсорлық тәрбие беру мәселелерін зерттеумен көптеген ресейлік және шетелдік ғалымдар айналысқан. Соңғы кездері әдіскерлер өз назарларын көбірек шетелдік авторларға аударуда. Орыс ғалымдары А.П.Усова, А.В. Запорожец, А.Г. Рузская, Н.А. Ветлугина, Л.А. Венгер, В.П. Зинченко және т.б. осы сенсорлық тәрбие беру мәселеріне едәуір өз үлестерін қосты .
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда балаларға білім берудің негізгі құралы болып табылады. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңнен әрдайым орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білд. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін Ақылдан қымбат байлық жоқ, Ақылды сатып ала алмайсың, Ақыл - тозбас киім, білім - сарқылмас бұлақ деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Белгілі ғалым А.Меңжанова мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты - балаларды табиғат пен қоғамдық өмірдің сан қилы қарапайым құбылыстары жайлы біліммен қаруландыру, сезім мен қабылдау ерекшеліктерін жетілдіру арқылы ақыл-ой қабілетін (зейін, ой, ес, қиял, тез және дұрыс шешім қабылдау, тұжырымдау, игерген әдет пен дағдыны, білімді іс-әрекет үдерісінде туған міндеттерді шешуге пайдалана білу, өз еңбегнің сапасын, оның қорытындысын, ынта-ықыласын болжай алу) дамытуды қамтамасыз ету, - деп анықтаған.

II. Негізгі бөлім
1. Теориялық бөлім
А) Сенсорлық тәрбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі

Сенсорлық тәрбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып табылады, ол баланың сезімдік тәжірибесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді, заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. Сенсор сөзі латынныңSensus - сезім, түйсік, қабылдау, түйсіну қабілеті деген сөздерінен шыққан. Дүниені тану түйсінуден, қабылдаудан басталады. Түйсігі мен қабылдауы мол адамның қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жақты келеді. Сөйтіп, баланың сенсорлық мәдениеті, оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады.
Педагогикалық сөздікте сенсор ұғымына
1) жеке рецептор;
2) рецеторлы мүше деп атап көрсетілген.

Сенсорлық бейімделу - организмнің сыртқы ортаның әр түрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі.
Сенсорлық бөлік - орталық жүйке жүйесінің өрлеме нейрондардың ұштары болып табылатын бөлігі. Мысалы: көру аймағы, соматосенсорлық бөлік және т.б.
Сенсорлық ес - сезім органдарына түсетін ақпараттарды сенсорлық өңдеудің өнімдерін өте қысқа уақыт бойында есте ұстауды қамтамасыз ететін гипотезалық ес жүйкешесі.
Сенсорлық тәрбиеге екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл - ой күштері.
Сенсорлық тәрбиенің тағыда бір маңызды міндеті балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жинақты етіп айтсақ, балалар барлық оқу іс-әрекетінде негізгі дүниетанымдық жұмысты бекітеді, баянды етуді талаптандырады. Ақыл - ой тәрбиесінің маңызды міндеті - ақыл - ой қызметінде, білімді үнемі молайтуға қажеттілікті дамыту. Ғылымның, техниканың және мәдениеттің қарқынды дамуы мен байланысты бұл міндет ерекше үлкен мәнге ие болып отыр. Оны шешпейінше талаптылық пен білуге құштарлықты дамыту, ауқымды ғылыми информациядан бағдар табуды қалыптастыру мүмкін емес .
Сенсорлық даму - бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелілік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді . Таным процестері жетіледі, бала сенсорлық әрекеттің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың сенсорлық дамуын қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар. Сенсорлық дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу барысында тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Сенсорлық тәрбиені неғұрлым тиімді дамыту оқыту мен тәрбиелеу негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі педагогика ғылыми ақыл- ой дамуының негізгі көрсеткіштері - білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға танымдық қызмет әдістерін меңгереді деп есептейді .
Сенсорлық тәрбие - балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы . Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауы, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді зияткерлік дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиды.
Сенсорлық тәрбие - адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім - тәрбиенің негізгі бір саласы. Сенсорлық тәрбие арқылы балалардың оқып білім алуына іс - әрекетін бағыттау - сана сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт - бағдар бере отырып жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан - жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі.
Сенсорлық тәрбие - тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Сенсорлық даму еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.

Б) Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуы.

Мектепке дейінгі балалық шақ баланың сенсорлық дамуының қарқынды кезеңі болып табылады. Бұл кезде баланың заттар мен құбылыстардың сыртқы қасиеттері мен байланыстарын, кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі.
Заттармен іс-әрекетте бала барған сайын оның түсін, түрін, шамасын, салмағын, температурасын, беткі қасиеттерін, тағы да басқаларды дәл бағалай бастайды. Музыканы қабылдауында бала оның әуенін қадағалауды, дыбыстардың қатынасын жоғарылығына қарап бөлуді, ырғақтылықтың түрлерін аңғаруды үйренеді. Сөзді қабылдауында ұқсас дыбыстардың айтылуындағы аса нәзік айырмашылықтарын есіте алады. Балалардың кеңістік бағыттарын, заттардың өзара орналасуын, оқыиғалардың кезегі мен оларды бөлетін уақыт аралықтарын ажырата білуі едәуір жетіле түседі.
Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар. Біріншісі, заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттері мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру. Екіншісі, қоршаған ортаны толықтай және жекелей қабылдауға мүмкіндік беретін қабылдаудың жаңа әрекетін игеру.
Сәбилік шақтың өзінде балада заттар әр түрлі қасиеттері жөніндегі түсініктердің белгілі қоры жинақталады, бұл түсініктердің бірқатары үлгінің орнына жүреді, қабылдау процесіндегі заттардың жаңа қасиеттерін бала осы үлгімен салыстырады.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала өзінің сенсорлық тәжірибесін жинақтау нәтижесі болып табылатын заттық үлгілерді қолданудан көпшілік қабылдаған сенсорлық эталонға ауысады. Сенсорлық эталон дегеніміз - қасиеттер мен қарым-қатынастардың әр түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде адамзатта қалыптасатын түсініктер. Бұларға түс, пішін, заттардың шамасы, олардың кеңістіктегі орны, дыбыс күші, уақыт аралықтарының ұзақтығы, тағы басқалар жатады. Бұлар адамзаттың тарихи дамуының барысында пайда болған, адамдар оны үлгі,өлшем ретінде пайдаланады, осылардың жәрдемі арқылы сәйкес қасиеттер мен қатынастарды анықтайды және белгілейді. Мысалы, пішінді қабылдауда геометриялық фигуралар (дөңгелек, квадрат, үшбұрыш, тағы басқалары) жөніндегі түсініктер, түсті қабылдауда, түстің жеті спектрі, ақ және қара түстер жөніндегі түсініктер эталон бола алады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық эталондарды игеруі балалар бақшасының бағдарламасына сәйкес жеке геометриялық фигуралармен, түстермен танысудан басталады. Мұндай танысу негізінен тиімді іс-әрекеттердің көптеген түрлерін меңгеру процесінде өтеді. Егер тіпті баланы қасиеттердің жеке түрлерін көпшілік қабылдаған үлгілерге сәйкес ажырата алуды арнайы үйретпегеннің өзінде мектеп жасына дейінгі бала сурет салу, құрастыру мозайка мен жапсырманы салғандағы материал қолдануында қажетті үлгілер болады. Мысалы, бала сурет салғанда күн спектрінің түстеріне сәйкес таңдалып алынған бояуларды пайдаланады, кубиктерді құрастырғанда әр түрлі шамадағы үшбұрыштық, тікбұрыштың, шаршы элементтерді қолданады. Мозайка мен жапсырманың материалдарында түрлі түсті дөңгелекшелер, үшбұрышшалар, квадратшалар тағы басқалар болады.
Ересектер балаға сурет салуға, құрастыруға көмектескенінде олар қалайда негізгі пішіндер мен түстерді атайды.
Заттардың қасиеттері туралы кез келген түсініктер пайда болуы сияқты сенсорлық эталонды меңгеруде, үлгілердің мәніне ие тиісті тексерілуге бағытталған пішіннің жеке түрлері, түсі, шама бойынша қатысты басқа да қасиеттері мен қатыстылығы қабылдау әрекеттерінің нәтижесінде өтеді. Әйтсе де бұл жеткіліксіз. Бала қасиеттердің ішінен барлық қалғандарына эталон ретінде қолданылатын солармен көптеген заттардың қасиеттерін салыстыруға болатын жеке түрлерін бөле білуі керек.
Түстер туралы түсініктерді жетілдіру спектрдің түстік (тон реңктерін) меңгеруге жеткізеді. Бала әр түс мөлдірлігі жағынан өзгертетіндігін, түстер көзге ұнамдылығы және ұнамсыздығы жөнінде топталатынын біліп алады, жұмсақ, көзді татарлық түстердің баттиған, қарама-қарсы түстерге ұштасуымен танысады.
Баланың затты түрлі шамадағы өзге заттармен салыстыруынан шама жөніндегі түсінік байиды. Балаларда шаманың жалпы эталондарының басқа олардың, ұзындығы, ені, биіктігі сияқты жеке өлшемдері жөнінде түсініктер қалыптасады.
Балаларды сенсорлық эталондармен таныстыру - заттардың қасиеттерінің негізгі жеке түрлерін білдіретін сөздерді баланың есінде сақтауын ұйымдастыру болып табылады.
Қабылдау іс-әрекеттерінің дамуы. Әсерленушілік пен білуге құмарлық қаншалықты басым болғанымен, бұл жаста қабылдау әлі ұйымдаспаған. Әлі де мақсатты түрде қарау және көру, тыңдау және есту т.б. қажетті біліктіліктері қалыптаспаған.
Сенсорлық эталондарды меңгеру заттардың қасиеттеріне баланың бағдарлауына дамуының тек бір ғана жағы. Біріншімен тығыз байланысты екінші жағы - қабылдау іс-әрекетін жетілдіру.
Бала мектепке дейінгі шақта сәбилік шақта қалыптасқан қабылдау іс-әрекетін меңгере отырып өтеді. Бірақ бұл іс-әрекеттер әлі тым жетілмеген күйде болады. Бұл әрекеттер бала іс-әрекетінің жаңа түрлерін бағыттап және реттеп алдымен заттардың, шама жағынан қатынастарының, формаларының, түстерінің жеке ерекшеліктерін көз алдына елестету қажет болатын табысты тапсырмаларды орындауға, заттардың күрделі қасиеттерін жекелей қабылдауға, олардың айқын да дәл бейнелерін жасауға мүмкіндіктер бере алмайды. Заттық іс-әрекеттердегі заттардың қасиеттерін есепке алу үшін жеткілікті болатын қабылдаудың сол бір дәлдігі мен даралығы табысты іс-әрекеттер үшін мүлде жеткіліксіз болып шығады.
Төрт жастағы балалар затты қарай бастайды, бірақ мұны тиянақсыз, жүйесіз істейді, көбіне қол әрекетін жасауға көшеді. Заттарды ауызшы сипаттағанда бір-бірімен өзара байланыстырмай олар тек жекелеген бөліктер мен белгілерді атайды.
Бес, алты жасар балаларда затты неғұрлым жоспарлы да тұрақты тексеру мен сипаттау пайда болады. Қолдарына алған затты олар олай-бұлай аударып-төңкеріп қарайды, оның бірсыпыра белгілі ерекшеліктеріне назар аударып сипап көреді. Тек жеті жасқа жеткенде (сонда да балалардың бәрінде емес) заттарды толықтай жүйелі, жоспарлы қарайтындықты бақылауға болады. Бұл балалар затты қолында ұстауға ділгер болмайды, олар тікелей көру қабылдауын пайдалана отырып, заттың қасиеттерін ойдағыдай толық сипаттайды.

С) Балабақшадағы дидактикалық жүйедегі сенсорлық даму

Сенсорлық тәрбиенің негізгі әдісі балалардың заттардың қасиеттерін анықтау мақсатымен олары тексеру болып табылады. Тексеру - бұл нәтижесін кейін қандай да бір мазмұнды қызметке пайдалану үшін арнайы ұйымдастырлған қабылдау. Тексеру процесінде балалар көлем, форма, кеңістік қатынастарын, түсті адам сөзіндегі дыбыстардың музыкалық дыбыстардың ерекшеліктерін бөліп қарауға әрі оларды бір-бірімен ажырата білуге үйренеді.
Сенсорлық тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі - балалардың сенсорлық эталон туралы ұғымын қалыптастыру болып табылады. Сенсорлық эталон - бұл қоғамдық-тарихи тәжірибе процесінде туған үлгі.
Тәрбиеші сенсорлық тәрбиені іске асыру жолында түрлі мүмкіндіктерді пайдаланады. Мәселен, математика сабағында бала түстерді игереді, форманы көлемді кеңістік қатынастарды сырт қасиетін ажырата білуін үйренеді.
Бала сезімдік қабылдау арқылы қатты және жұмсақ ұғымдарын игереді.
Сезімдік тәжірибе жинақталғаннан кейін баланың сенсорлық ұғымы кеңейе түседі. Заттың ауыр немесе жеңіл екендігін айту үшін сондай көлемдегі басқа заттардың (ағаш, металл, пластмасса) мөлшерлі салмағы қандай екендігін білу керек. Ал, бұл заттың қатты немесе жұмсақ екенін анықтау үшін қатты немесе жұмсақ ұғымының артында не тұрғанын білу керек.
Жинақталған тәжірибелерін балалар басқа заттар мен құбылыстарға аударып оны күнделікті өмірде пайдаланады. Кәне, құмға су құяйық: ол ылғалданады, онымен біз тоннель саламыз, Бұл шелекті көтеруші болма: онда құм бар, ол өте ауыр.
Тәрбиеші маңындағы жағдайға қарай балалардың түйсігі мен қабылдауын бірте-бірте дамыта отырады.
Ойын баланың бүкіл өміріне әсер етеді. Бұл құштарлық, оны қанағаттандыру қажет. Бала өмірін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі туралы мәлімет
Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуындағы сенсорлық тәрбие
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Балалардың ақыл-ойын дамытуда сенсорлық тәрбиенің маңызы
Сенсорлық тәрбие ұғымы
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Ойындардың балаларға сенсорлық тәрбие берудегі мүмкіндіктері
Дидактикалық ойын – көру қабілеті бұзылған балаларды сенсорлық тәжрибенің нәтижелі құралы
Сенсорлық тәрбиенің маңызы
Сенсорлық тәрбиенің әдістемесі
Пәндер