Жаңа заман тәрбиешісіне қойылатын талаптар


ЖАҢА ЗАМАН ТӘРБИЕШІСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы - өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады.
Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен отбасының жауапкершілігінде болса, екіншіден қоғамда өзіндік ерекше орны бар мектепке дейінгі тәрбие мамандарына, олардың іс-тәжірибесінің қалыптасып, кәсіби шеберлігінің шыңдалуына байланысты болмақ. Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың жеке басының дамуын қамтамасыз етуші, маңызды тәлім - тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын істердің үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұмтылдырушы басты тұлға - тәрбиеші. Бала тәрбиесінде тәрбиеші жан-жақты жетілген білімді, әдістемелік шығармашылық иесі, халықтық дәстүр, әдет ғұрып пен салт - сана ерекшеліктерін, әлеуметтік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс, әсіресе осы кәсіби біліктілік дағдыларын шыңдау олардың тәжірибе жинақтауының ең басты негізі болып табылады.
Тәрбиешінің саналы көзқарастарын таныта алатын, білімі мен тәжірибиесін жан-жақты дамытып байыта алатын сәт мектепке дейінгі мекеме қабырғасынан басталады. Ал МДҰ-ның тәрбие мен оқытудағы негізгі мақсаттарының бірі: балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту және балалардың жан-жақты дамуында жеке үйлесімділікті қамтамасыз ету, ата- аналарды салауатты өмір салтына араластыру.
П. П. Блонский мұғалімдерді «практикалық психолог» болуға шақырады. Яғни, тәрбиеленушілердің жан - дүниесін түсініп, сезініп, олардың жеке - психологиялық қасиеттерін бағалаған жағдайда ғана тәрбиеші табысқа жете алады.
Елбасы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты кезекті жолдауында мектепке дейінгі ұйымдардағы орындар тапшылығын барынша азайтуды тапсырды. Бұл балабақшаларды ашу барысында жергілікті органдар мектепке дейінгі осы мекемелерде жұмыс жасайтын тәрбиешілер мен меңгерушілердің кәсіби деңгейін де назардан тыс қалдырмауы шарт.
Балабақшадағы әрбір тәрбиеші оқу-тәрбие жоспарын тиімді әрі нәтижелі етіп ұйымдастыру үшін өздерінің бағдарлық біліктіліктерімен, қабілеттіліктерімен қатар, педагогикалық жаңа технологиялар негіздерін жетік меңгеруі тиіс. Яғни бүгінгі тәрбиешінің басты міндеті әлемдік өркениеттілікке ұмтылып, әлемге танылып отырған Тәуелсіз Қазақстанның болашағын құрайтын жас бүлдіршіндерді саналы азамат етіп тәрбиелеу. Жалпы тәрбиеші тұлғасына қойылатын ең басты талап - кәсіби білімін шыңдау. Яғни әр тәрбиеші өзінің теориялық білімі мен тәжірибелік біліктілігін ұштастыра отырып, оқу-тәрбие процесін тиімді, жүйелі түрде ұйымдастырып отырса, еңбегі оң нәтиже берері сөзсіз.
Қазіргі уақытта ХХІ ғасыр педагогының қоғамдағы орнын бағалап, білім жүйесінің жетілуіндегі дайындығының деңгейін анықтау үшін оның кәсібилігін жүйелі түйіндеу қажет. Сондықтан қазіргі педагогтық білім жүйесіне акмеологиялық көзқараспен қарау педагогтың кәсіби ынталануын қамтамасыз ететін, шығармашылық әлеуетіне дем беретін, кәсіби қызметінде жетістікке жету үшін жеке ресурстарын тиімді пайдалану жолдарынан тұруы шарт.
Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар жиынтығы педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық ретінде анықталады. Оның құрамында бір жағынан психологиялық, психофизиологиялық, дене даярлығы болса, екінші жағынан ғылыми-теориялық, практикалық жан-жақтылықты атауға болады.
Шығармашыл тәрбиешінің ерекше қасиеттерінің қатарына педагогикалық импровизацияны жатқызамыз.
А. К. Маркова бұл ұғымды «күтпеген педагогикалық шешімдерді тауып, оны жүзеге асыра білу» деп түсіндіріп, оның төрт кезеңнен тұратынын атап көрсеткен: 1) педагогикалық ойдың жарқ етуі; 2) педагогикалық мақсаттың мәнін бір сәтте ұғынып, оны жүзеге асырудың жолдарын жылдам таңдай алу; 3) педагогикалық идеяны жұртшылық алдында нақтылы түрде көрсете алу; 4) ой қорытып көрсеткен педагогикалық идеяны тез арада талдай білу;
Педагогикалық шығармашылықтың орын алуына септігін тигізетін тағы бір мәселе - мұғалімнің әртістік қасиеті. Педагог үнемі халық алдында тұратын танымал адам. Олай болса ол аудиторияны меңгере алуы, иландыра білуі, шабыттандыра алуы тиіс. Әртістік қасиет - педагогтың «образға ене алуы», сыртқы келбетінің тартымдылығы, тілінің түсініктілігі, көркемдігі, жатықтығы, мимикасы мен қимыл қозғалысының айтылып жатқанға сәйкестігі. Әртістік - образдармен ойлай алу, ашықтық, жағдайға терең эмоцианалдық шому, ішкі және сыртқы мәдениет, өзіне тарта алушылық.
Тәрбиеші жұмысының мақсатқа сай, жүйелі түрде іске асуында отбасы мен балабақша сабақтастығының да маңызы өте зор. «ҚР Білім туралы заңы» мен мектепке дейінгі білім беру мекемесінің типтік ережесіне сәйкес, баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін балабақша алдында тұрған негізгі міндеттің бірі-отбасымен қарым - қатынасқа түсу. Бала қалыпты даму үшін балабақша мен отбасында теңдей жағдай жасалуы керек. Өйткені, жеке тұлғаның қалыптасуы ең алдымен отбасындағы үлгі-өнеге мен тәлім-тәрбиеге байланысты екенінде дау жоқ. Сондықтан да балабақша ұжымы ата-аналардың балабақшада өткізілетін түрлі іс- шаралар мен тәрбие ісіне қатысты тренингтер мен ертеңгіліктер, сондай-ақ пікірталас сағаттарына қатысуларын қамтамасыз етіп отырады. Бұл бала тәрбиесіне байланысты ортақ мәселелерді бірлесе отырып шешуге айтарлықтай мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz