Инвестициялық есеп
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 КӘСІПОРЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Инвестициялар есебінің мәні, мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Инвестициялардың жіктелімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Инвестициялар құнын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2 ЕНШІЛЕС, ТӘУЕЛДІ ЖӘНЕ БІРЛЕСІП БАҚЫЛАНАТЫН ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕРДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1 Тәуелді шаруашылық серіктестердегі инвестициялар есебі ... ... ... ... ... ...14
2.2 Еншілес шаруашылық серіктестердегі инвестициялар есебі ... ... ... ... ... ..17
2.3 Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестердегі инвестициялар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.4 Инвестицияларды мүліктік түгендеу және қаржылық есептілікте ақпараттардың мәнін ашып көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
3 ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... .25
3.1 Инвестицияны сатып алудағы бухгалтерлік есептің маңызы ... ... ... ... ... ...25
3.2 Инвестициялар есебін жақсарту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

КІРІСПЕ
Инвестиция дегеніміз қаражатты ұзақ мерзімге әр саладағы кәсіпорындарға, кәсіпкерлік жобаларға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға немесе инновациялық жобаларға құю. Инвестициялар құйылған сәттен бастап ұзақ уақыт өткеннен кейін пайда келтіреді.
Нарықтық экономикаға өткеннен кейін басым бағыттардың бірі – шағыр, орта және ірі бизнесті дамыту. Осыған байланысты түрлі бағытта инвестициялар тартыла бастады. Инвестицияны, алуан түрлі күрделі қаржыны белгілі бір жобаларға ұйымдастырылған түрде жұмсау үшін шешім қабылдау өте қиын.
Инвестиция – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық, әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелділік (тәуекелге бару). Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Бұл тақырыптың өзектілігі экономикалық өсуді тұрақтандыру мүмкіндігінің анықтаушы факторы - инвестициялық қызмет болып келуімен байланысты. Қазақстанда жүзеге асырылатын экономикалық реформалар құқықтық, қаржы-экономикалық және халық шаруашылығының негізгі буыны – кәсіпорынның әлеуметтік жағдайларын күрт өзгеріске ұшыратты. Бұрын кең өріс алған мелекеттік меншігіне негізделген кәсіпорындардың орнына жеке, аралас, акционерлік меншікке негізделетін миллиондаған кәсіпорындар пайда болып, қызмет жасай бастады. Осының барлығы инвестициялық қызметті басқару және ұйымдастыру механизмін экономикалық өсудің, жалпы экономиканың және ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуының негізі ретінде өзгеріске ықпал етті. Сонымен қатар нарықтық қатынастардың дамуымен меншіктің әр түрлі нысанындағы кәсіпорындардың шаруашылық қызметтердің тәжірибесінде инвестициялар кең өріс алды.
Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Инвестициялық институттағы бухгалтерлік есеп», 2002
2. «Экономика әлемдік классика» Әшімбаева Ә. Т., Алшанов Р.А,
Кенжеғози М.Б., Алматы, 2005
3. «Кәсіпорындағы аралас экономика иновациясы», Исабаев Б. Н., Алматы, 2004
4. «Кәсіпорын экономикасы», Ниязбекова Р. Қ., Рахметов Б. А.,
Байнеева П. Т., Алматы, 2008
5. «Банктегі бухгалтерлік есеп», Міржақыпова С.Т., Алматы, 2004
6. «Бухгалтерлік есеп принциптері», Кеулімжаев Б., Алматы, 2004
7. «Кәсіпорындағы сауданы ұйымдастырудағы бухгалтерлік есеп», 2001
8. «Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп», Назарова В., Алматы, 2005
9. «Кәсіпорын экономикасы», Бейсенова М., Садықбекова А., Алматы, 2002.
10. «Қаржылық есеп», Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Алматы, 2001.
11. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт, Алматы, 2002.
12. «Бизнестегі есеп пен талдау», Тасмағанбетов Т.А., Алматы, 2002.
13. «Қаржы есебі», Тасмағанбетов Т.А, Омаров А.Ш., Әлібекова Б.А.,
Алматы, 2000.
14. «Бухгалтерлік есеп принциптері 2», Жакупова О.М., Қарағанды, 2003
15. «Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері» (халықаралық стандарт), Ә. Әбдіманапов, Алматы, 2006
16. «Кәсіпорын экономикасы», А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов, Алматы, 2003
17. Бухгалтер бюллетені. №3, қаңтар 2006ж

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 КӘСІПОРЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Инвестициялар есебінің мәні, мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ...6
1.2 Инвестициялардың жіктелімі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Инвестициялар құнын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2 ЕНШІЛЕС, ТӘУЕЛДІ ЖӘНЕ БІРЛЕСІП БАҚЫЛАНАТЫН ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕРДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1 Тәуелді шаруашылық серіктестердегі инвестициялар есебі ... ... ... ... ... ...14
2.2 Еншілес шаруашылық серіктестердегі инвестициялар есебі ... ... ... ... ... ..17
2.3 Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестердегі инвестициялар есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.4 Инвестицияларды мүліктік түгендеу және қаржылық есептілікте ақпараттардың мәнін ашып көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
3 ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... .25
3.1 Инвестицияны сатып алудағы бухгалтерлік есептің маңызы ... ... ... ... ... ...25
3.2 Инвестициялар есебін жақсарту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 30
КІРІСПЕ
Инвестиция дегеніміз қаражатты ұзақ мерзімге әр саладағы кәсіпорындарға, кәсіпкерлік жобаларға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға немесе инновациялық жобаларға құю. Инвестициялар құйылған сәттен бастап ұзақ уақыт өткеннен кейін пайда келтіреді.
Нарықтық экономикаға өткеннен кейін басым бағыттардың бірі - шағыр, орта және ірі бизнесті дамыту. Осыған байланысты түрлі бағытта инвестициялар тартыла бастады. Инвестицияны, алуан түрлі күрделі қаржыны белгілі бір жобаларға ұйымдастырылған түрде жұмсау үшін шешім қабылдау өте қиын.
Инвестиция - табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық, әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелділік (тәуекелге бару). Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Бұл тақырыптың өзектілігі экономикалық өсуді тұрақтандыру мүмкіндігінің анықтаушы факторы - инвестициялық қызмет болып келуімен байланысты. Қазақстанда жүзеге асырылатын экономикалық реформалар құқықтық, қаржы-экономикалық және халық шаруашылығының негізгі буыны - кәсіпорынның әлеуметтік жағдайларын күрт өзгеріске ұшыратты. Бұрын кең өріс алған мелекеттік меншігіне негізделген кәсіпорындардың орнына жеке, аралас, акционерлік меншікке негізделетін миллиондаған кәсіпорындар пайда болып, қызмет жасай бастады. Осының барлығы инвестициялық қызметті басқару және ұйымдастыру механизмін экономикалық өсудің, жалпы экономиканың және ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуының негізі ретінде өзгеріске ықпал етті. Сонымен қатар нарықтық қатынастардың дамуымен меншіктің әр түрлі нысанындағы кәсіпорындардың шаруашылық қызметтердің тәжірибесінде инвестициялар кең өріс алды.
Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен преференциялар әзірленіп жсалған.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі - шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз - Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.
Инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктігімен және олардьң епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастырумен, валютаның 6ағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындылыктарымен және т.б. осы сияқты мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзалаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.
Инвестициялардың мақсаты - жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету; отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманңы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру, өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.
Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі - инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Курстық жұмысым 3 бөлімнен тұрады. Бірінше бөлімнің тақырыбы - кәсіпорында инвестициялар есебін ұйымдастыру тәртібі. Осы бөлімде инвестициялар есебінің мәні, мақсаттары мен міндеттері; инвестициялардың жіктелімі; инвестициялар құнын бағалау сұрақтары қарастырылған.
Екінші бөлімде тәуелді шаруашылық серіктестердегі инвестициялар есебі; еншілес шаруашылық серіктестердегі инвестициялар есебі; бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестердегі инвестициялар есебі; инвестицияларды мүліктік түгендеу және есеп беруде инвестицияларды ашып көрсету мәселелері қарастырылды.
Үшінші бөлімде инвестицияны сатып алудағы бухгалтерлік есептің маңызы және инвестициялар есебін жақсарту жолдары сұрақтары қарастырылды.
Курстық жұмыстың мақсаты - инвестициялар есебі туралы теориялық білімімді мен тәжірибемді жинақтап, қорытқан ойымды сабақтап жеткізу. Осы мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттерді орындаймын:
oo инвестициялар есебінің мәніне, мақсаттарына, олардың жіктеліміне сипаттама беру;
oo инвестициялар құнын бағалауға тоқталу;
oo еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестердегі инвестициялар есебін жүргзу тәжірибесін анықтау;
oo инвестициялар есебін жақсарту жолдарын қарастыру;
oo инвестицияны сатып алудағы бухгалтерлік есептің маңызын сипаттау.
1 КӘСІПОРЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
1.1 Инвестициялар есебінің мәні, мақсаттары мен міндеттері
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі - жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды.
Шығындарды максималды түрде толық, уақтылы, анық және шын көрсету үшін инвестициялар есебі жүргізіледі. Негізгі мақсаты - бірінші ретте-ақ барлық инвестицияланатыно бъектілерді және шығындар түрлерін міндетті түрде есептеу. Әрдайы түрлі өзгерістерге ұшырайтын заңнамалық база міндеттеріне осындай құжаттаманы жүргізу кіретін мамандардың заңнамадағы өзгерістерге сай ақпаратты жаңартуды қажет етеді.
Кез келген бухгалтерлік құжаттамаға сәйкес, инвестициялық есеп инвестициялық қаржылармен байланысты түрлі бухгалтерлік құжаттарды жасауға, жүргізуге және жабуға ұқыпты және кәсіби тәсілдемені талап етеді. Сатып алынатын және падалануға енгізілетін негізгі қорға жататын өндіріс объектілерінің шынайы құнын тағайындалған тәртіпте анықтау және көрсету қажет. Дәл солай материалдық емес активтердің, табиғат пайдалану объектілері және құрылысқа арналған жер учаскелері есепке алынады. Инвестициялар есебін жүзеге асыратын маман тағайындалған тәртіпте абсолютті барлық инвестициялау көздерін бақылап отыруға міндетті.
Бұл жағдайда бухгалтерлік есепке барлық инвестициялар алынады - ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді.
Инвестициялар есебінде күрделі құрылыс қажет ететін шығындарды міндетті түрде көрсетуі қажет, себебі, нәтижелі күрделі құрылыстың арқасында кәсіпорынның өндіріс қуаттарының өсуі байқалады, ал бұл өз кезегінде мемлекет экономикасының түрлі шаруашылық салаларының интенсивті дамуына, өндіріс табыстарын жоғарылатуға және жаңа жұмыс орындарын және қолайлы жұмыс орындарын ұсыснуға мүмкіндік береді, сәйкесінше, халықты әл-ауқаты көтеріледі.
Инвестиция - салыстырмалы түрде алғанда біздің экономикамыз үшін жаңа термин. Отандық экономикалық әдебиеттерде инвестиция ұғымы күрделі қаржыларды жұмсау синонимі ретінде қолданылып келді. Бұл ұғым арқылы негізгі қорлардың жай және дамыған ұдайы өндірісіне бағытталған барлық материалдық, еңбек, қаржылық шығынның ресурстарымен түсіндірілді.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар туралы заңыеа сәйкес инвестициялар - бұл ақша қаражаттары, арнаулы банктік ақша қаржылары, жарна, акция және басқа да құнды қағаздар; технологиялар, машиналар, құрал-жабдықтар; лицензиялар, соның ішінде, тауарлық белгіге беретін; несиелер; кез келген мүлік немесе мүліктік құқық, кәсіпкерлік немесе өзге де іс-әрекет түрлерінен табыс табу және әлеуметтік оң нәтижеге қол жеткізу мақсатына жұмсалатын зияткерлік құндылық.
Инвестициялық үдеріске тән экономикалық қатынастардың көптүрлілігі инвестицияларды саралауды қажет етеді. Барлық инвестиция түрлері мақсаттық белгісіне қарай негізгі үш топқа бөлінеді: қаржылық, нақты, материалдық емес активтер сияқты инвестициялыр.
Қаржылық инвестиция - бұл меншік иесі лауазымына тікелей байланысты, меншіктен түскен табысты иемденуге құқық беретін акция, облигациялар және басқа да құнды қағаздарға капитал салымы, сондай-ақ банктік депозиттер. Қаржылық инвестициялар күрделі қаржы жұмсаудың қосымша көзі немесе биржада, құнда қағаздар нарығында биржалық ойын құралы бола алады.
Қазіргі жағдайда қаржылық инвестициялардың негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Қор нарығында құнды қағаздарды сатып алу-сату операцияларын жүзеге асыру арқылы оңтайлы портфельдік инвестицияны құру және оны басқару инвестордың басты міндеті болып табылады. Қор нарығында құнды қағаздарды сатып алу - сату операцияларын жүзеге асыру арқылы оңтайлы портфельдік инвестицияны құру және оны басқару инвестордың басты міндеті болып табылады.
Дегенмен, портфельдік инвестициялардың бір бөлігі материалдық өндірістің әр түрлі салалық кәспорындар акцияларына салынғандықтан, оның өндірісті тікелей инвестициядан еш айырмашылығы жоқ.
Қор нарығында инвестор тек бір түрдегі құнды қағаздар сатып алмауы керек. Салымның әр түрлі, әр тарапты болғанды дұрыс, ондай болмаған жағдайда салымның тиімділігі төмен немесе тәуелділік дәрежесі аса жоғары болады. Тәуелділік негізінен келісім жасалған сәтте, бағаның болашағын болжау қиындығына байланысты, бұл операцияның тиімділігінің белгісіздігіне байланысты. Егер инвестор өз қаржысын қандай да бір компанияның құнды қағаздарына салатын болса, ол құн бағамының өзгерісіне тәуелді жағдайда болады. Ал бірнеше клмпаниялар акциясына салым жасау оның әрқайсысының бағамдық өзгеруіне тәуелді болудан сақтайды. Әдетте, орташа бағам аз өзгереді, себебі бір құнды қағаздарының бағамы артқан сәтте, екіншісі төмендеп, бұл өзгерістер бірін-бірі бәсеңдете алады.
Портфельдік инвестицияны іске асыруда инвесторлар әр түрлі мақсаттарды көздейді және осыған байланысты салым жасауға әр түрлі нысандарды таңдайды. Сақтау қорын инфляциядан қорғау үшін, басқаша айтқанда, салнған қаржының тұрақты нақты құнын сақтап тұру үшін, талап етуге дейінгі деген түріне салынған салымдар сәйкес келеді; алдағы уақытта қаражаттар жұмсар алдында оған керекті соманы қысқа және орта мерзімді өсім беретін мақсатқа салым жасау, ал оны жай сақтау арқылы көзделген операцияға қол жеткізбейтін жағдайда мақсатты және шұғыл салымдарды таңдау керек; инвестицияланған активтердің нарықтық құнының айтарлықтай өсуін күтуге көзделіп отырған жағдайда тәуекелді салым жасау, яғни жекешелендіретін өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының акцияларын, сертификаттың, фьючерстік келісімшарттың кейбір нысандарын сатып алуға негізделген; ағымдық күнделікті шығындар орнын негізгі салым сомасының пайыздық мөлшері түріндегі тұрақты толтыру көзін табу үшін қаржыны артықшылығы бар акциялар мен облигацияларға, инвестициялық қор акцияларына салған дұрыс; егер инвестор инвестиция нысанын меншіктеу құқығын иемденуді мақсат етсе, ол жекешелендірілетін кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларын басқарушылық шешім қабылдауға ықпал етуге жеткілікті көлемде сатып алатын болады.
Портфельдік инвестицияларды жүзеге асыру, бастапқы салым сияқты сату және қайта сату болсын, барлығы құнды қағаздар нарығында жүреді.
Заңнамаға сәйкес құнды қағаз нарығына қатысушы болып табылатындар - құнды қағаз эмитенттері, инвесторлар және инвестиция институттары.
Құнды қағаздар шығаратын және солар бойынша осы құнды қағаз иелері алдында өз атынан жауапты болып табылатын заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе жергілікті әкімшілік орган, акционерленген мемлекеттік мекемелер және акционерлік банктер эмитент болып табылады.
Инвестор - мемлекет немесе акционерлік қоғамдар шығарған акциялар, облигациялар, өзге де құнды қағаздарды сатып алу жөніндегі инвестициялар жобаға меншікті қаржысын немесе басқа да материалдық немесе зияткерлік құндылықтармен салым жасайтын заңды немесе жеке тұлға. Инвестор жүзеге асыратын инвестицияның көлемін, бағыты мен тиімділігн өз бетінше анықтайды.
Инвестициялық институт - заңмен рұқсат етілген кез келген ұйымдық-құқықтық түрде құрылған заңды тұлға, Заңға сәйкес, инвестициялық кеңесші болып құнды қағаздармен жұмыс жасауда орындаушы қызметін атқарушы ретінде жеке тұлға да бола алады. Инвестициялық институтының құрылтайшысы болып заңды тұлға, сонымен қатар қазақстандық және шетелдік азаматтар бола алады. Инвестициялық институттар құнды қағаздар нарығында келесі қызмет түрлерін атқарады:
oo брокерлік қызмет - тапсырыс және комиссиялық келісімшарттар негізінде құнды қағаздармен әрекет жасауға жағдай туғызатын қызметтер түрін көрсету;
oo дилерлік - өз атынан және өз есебінен құнды қағаздармен жұмыс істеу;
oo кеңес берушілік - заң жөнінде, экономикалық, техникалық және басқа да кеңестер беру;
oo депозиттік - құнды қағаздарды сақтау, тапсыру және осыған байланысты тіркеу қызметтерін көрсету;
oo клирингтік - құнды қағаздар жөнінде қажетті құжаттар жинау, салыстыру, түзету, даярлау операцияларын атқару.
Портфельдік инвестициялардан бөлек, кеңінен таралып отырған ақша-несиелік операциялар кезінде инвестор капиталды банкке депозиттік салым түрінде салып, ол артынан несие ретінде пайдаланылады. Қаржылық инвестициялар ол әкелген табысына қарап бағаланады. Табысты бағалау - құнды қағаздар бағасын немесе бағамын білдіреді. Құнды қағаздар бағамының өзгеріп отыратын деңгейі жалпы экономиканың қазіргі күйі мен таяу болашағын және эмитент-кәсіпорынның қаржылық ахуалын көрсетеді. Қаржылық инвестициялар капиталды экономиканың бір саласынан екіншісіне ауыстыру құралы болып табылады, мұның өзі экономикалық жүйеде құрылымдық өзгерістерге итермелейді.
Нақты (тікелей) инвестициялар - қаржыны материалдық өндіріс саласына ұзақ мерзімге салу. Бұл - жеке кәсіпорындар немесе мемлекеттің өнім өндірісіне күрделі қаржы жұмсауы, ол нақты капитал түзуге жағдай жасайды.
Нақты қорларға керекті инвестицияның көлемін талдауды дайындау оның көмегімен кәсіпорын қандай мәселелерді шешу керек екендігіне байланысты болып келеді.
1.2 Инвестициялардың жіктелімі
Барлық ықтимал инвестиция түрлерін келесі негізгі топтарға бөлуге болады:
- тиімділікті арттыруға бағытталған инвестиция. Мұндағы мақсат - жабдықтарды ауыстыру, қызметкерлерді оқыту немесе өндіріс қуаттарын өндірістік жағдайы неғұрлым қолайлы аймаққа көшіру есебінен кәспорын шығындарын төмендетуге жағдай жасау;
- өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестиция. Мұндай инвестицияның міндеті - бүгінгі өндіріс шегінде бұрын қалыптасқан нарыққа арнап тауар шығару мүмкіндіктерін кеңейту;
- жаңа өндіріс құруға бағытталған инвестиция. Бұл инвестиция кәспорын бұрын-соңды өндірмеген мүлдем жаңа тауар шығаруға (немесе жаңа қызмет түрін көрсетуге) немесе бұрыннан шығаратын тауарымен жаңа нарыққа шығаруға әрекет ететін кәсіпорындарға мүмкіндік береді;
- мемлекеттік басқару органдарының талаптарын қанағаттандыру үшін қажетті инвестиция. Инвестицияның бұл түрі кәсіпорын үкіметтің экологиялық стандарттары немесе өнім қауіпсіздігі жөніндегі, не болмаса басқа да бір менджемнтті жетілдіру есебінен ғана қол жеткізу мүмкін болмайтын талаптарын қанағаттандыруы тиіс болған жағдайда керек болады.
Инвестицияларды бұлайша саралау олармен ұштасатын тәуекелдіктің әр түрлі деңгейлігімен түсіндіріледі.
Инвестиция түрі мен оның тәуекелдік деңгейінің арасындағы тәуелділік инвестиция аяқталғаннан кейін кәсіпорынның жұмыс нәтижелерінің өзгерісі нарықтың жағдайына дәл келмеу дәрежесімен анықталады.
Осы тұрғыдан қарағанда, нарыққа беймәлім жаңа өнім шығаруды мақсат тұтқан жаңа өндірісті ұйымдастыруы жоғары белгісіздік дәрежесіне ие болған жағдайда нарықпен қабылданған тауарды өндіру тиімділігін арттыру арқылы инвестицияның келеңсіз нәтиже беру қаупін азайтуға болады. Мемлекеттік басқару органдарының талабын орындау үшін жұмсалған инвестицияның да тәуекелдік деңгейі төмен болады.
Нақты инвестициялырды келесі түрлерге бөлуге болады: жаңа құрылысқа, өндірістік қуаттарды кеңейтуге, жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта жаңғырту мен технологиялық қайта жарақтандыруға және істен шыққан құрал-жабдық, ғимараттар мен құрылымдардың орнын толтыруға бағытталған.
Инвестиция ресурстарын негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің қандай да бір бағытына жұмсау микродеңгейдегі, яғни жеке шаруашылық субъект деңгейіндегі, макродеңгейде, демек жалпы экономика деңгейіндегі көптеген факторларға тәуелді. Кәсіпорынның күрделі жұмыс жоспарын құру шешімдеріне, ең алдымен, онда бос қаржы ресурсының болуы, негізгі қорлардың белсенді бөлігінің техникалық сипаттамасы, кәсіпорыннң таңдап алған ұзақ мерзімді стратегиялық дамуы бағдарламасы, өнімді өткізу нарықтарының құрылымы және т.б. секілді факторлар ықпал етеді.
Материалдық емес активтер ұғымы біздің экономикалық ғылымда қолданысқа енгенне көп болған жоқ.
Шаруашылық қызметте ұзақ уақыт кезеңі бойынша (бір жылдан артық) пайдаланылатын және табыс әкелетін материалдық емес активтерге келесі негізде пайда болған құқықтар жатқызылады:
- ғылым, әдебиет, өнер туындыларына және аралас құқық нысандарына, ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға, мәліметтер негізіне және т.б. авторлық және басқа да келісімшарттар;
- өнертабыс патенттері, пайдалы үлгілерге, тауарлық және қызмет көрсету белгілеріне берілген куәлік және оларды пайдалануға берілген лицензиялық келісм-шарт;
- ноу-хау құқығы және т.б.
Сонымен бірге, материалдық емес аактивтерге жерді пайдалану, табиғи ресурстарды пайдалну құқықтары мен ұйымдастыру шығындары жатады.
Материалдық емес активтерге басқа да түсініктеме беріледі, оған кіретіндер: шаруашылық іс-әрекетінде табыс әкелетін және ұзақ мерзімде пайдаланатын материалдық емес нысандарға кететін шығындар, жер аумағын және табиғи ресурстарды пайдалану құқығы, патенттер, лицензия, ноу-хау, бағдарламалық өнімдерді пайдалану құқығы, монополиялық құқықтар мен жеңілдіктер (белгілі бір қызмет түріне лицензияны қоса алғанда), ұйымдастыру шығындары, тауар маркасы, тауарлық белгі және т.с.с
Инвестиция мыналарға бөлінеді:
:: үлестік - жай және артықшылықты акциялар ;
:: борышқорлық - облигациялар, қазыналы вексель, депозиттік сертификаттар және т.б.
Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:
1.Жұмсау мерзімі бойынша:
:: қысқа мерзімді - бір жылға дейін иемдену мерзімі (бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестициясы);
:: ұзақ мерзімді - бір жылдан көп иемдену мерзімі;
:: мерзімсіз инвестициялар.
Ұзақ мерзімді және мерзімсіз инвестициялар- бұл қосымша пайда алу мақсатында немесе құнды қағаздары сатып алынатын компанияға ықпал етуге ие болу мақсатында немесе бұл салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсамалы әлдеқайда пайдалы болғандықтан қаражатты орналастыру.
2. Тағайындалуы бойынша:
:: қаржылық-құнды қағаздарға жұмсау;
:: нақты (мүліктік жұмсау)- субьектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық-өндірістік қордың өсуіне жұмсау.
3. Шығу тегі бойынша- бірінші, екінші.
4. Болу формасы бойынша- құжаттық, құжатсыз.
5. Ұлттық тегі бойынша- отандық, шетелдік.
6. Қолдану түрі бойынша-инвестициялық (капиталдық), инвестициялық емес.
7. Иемдену қатары бойынша- жеке, жалпы.
8. Шығарылым формасы бойынша- эмиссиондық, эмиссиондық емес.
9. Меншік формасы бойынша- мемлекеттік, корпоративтік.
10. Айналыс сипаты бойынша- нарықтық, нарықтық емес.
11. Тәуекелдік деңгейі бойынша - аз тәуекелдікпен, мүмкін үлкен тәуекелдікпен.
Тәуекелдік түрлерін мынаған бөлуге болады:
:: капиталды тәуекелдік - бұл барлық жұмсалымға арналған жалпы тәуекелдік, инвестор өзінің инвестициясын ысырапсыз қайтара алмайтын, толық босатып ала алмайтын тәуекелдік;
:: уақытша тәуекелдік - міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз уақыттағы инвестицияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелділік;
:: заңдық өзгерістер тәуекелділігі- шығын мен ысырапқа ұрындыруы мүмкін тәуекелдік;
:: өтімділік тәуекелділігі - инвестицияны өткізу барсындағы болуы мүмкін ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
:: нарықтық тәуекелдік - нарықтың жалпы құлдырауы мен байланысты инвестиция құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
:: кредиттік және іскерлік тәуекелдік - борыштық құнды қағаздар шығарушы (эмитент) негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша сыйақы төлеуге жағдайын болдырмайтын тәуекелдік;
:: пайыздық тәуекелдік- нарықтағы пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты инвесторға ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік;
:: валюталық тәуекелдік - шет елдік валютадағы инвестициямен байланысты тәуекелдік.
12. Қолма-қол табыс бойынша- табыстық, табыссыз.
13. Қаражатты жұмсау формасы бойынша:
:: борыштық - құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция;
:: иелі үлестік (владельческие долевые)- нарықты субьектінің капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ (еншілес және тәуелді компаниялардағы инвестиция) мүліктегі үлес;
:: жеке жобалар (кенішті игеру).
14. Экономикалық мәні (құқық түрі) бойынша- мүліктік, міндеттік.
15. Халықаралық стандарт бойынша бухгалтерлік есепте инвестиция мыналарға бөлінеді:
:: №27 ХҚЕС Бірлескен қаржылық есеп және еншілес компанияларға инвестицияның есебі;
:: №28 ХҚЕС Қаумдастырылған компанияларға берілген инвестицияларды есепке алу;
:: №39 ХҚЕС Қаржы құралдарды: тану және бағалау;
:: № 40 ХҚЕС Жылжымайтын мүлік инвестициясы.
Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді:
- тікелей - басқа субьектілердің жарғылық капиталындағы инвестициялар;
- портфельдік - субьект иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығы;
- венчурлік (тәуекелшіл) - жаңадан пайда болған субьектілердегі (мұнай және газ компаниялары, ғылыми-техникалық жобалар) тәуекелді және тез өтелімді инвестициялық салым ақшалар.
1.3 Инвестициялар құнын қайта бағалау
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды қайта бағалау үшін қайта бағалаудың мерзімділігін анықтау керек; ұзақ мерзімді инвестициялардың бір түрін бір мезгілде ғана қайта бағалаған жөн.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларының үстеме бағасының сомасы меншік капиталын өсіреді. Инвестицияның құны кеміп кетсе, онда ол инвестицияның үстеме бағасының есебінен төмендетіледі. Егер инвестицияның үстемесі болмаса, онада ол шығынға жатқызылады.
Бұрындары төмендетілген инвестиция құны осы кездегі инвестицияның үстемесінің есебінен өтеліп, қалған сомасы меншік капиталына қосылады.
Егер де ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның құны қайта бағалаудың нәтижесінде азайса, содан соң көбейсе, алдыңғы ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның азайған құны өзінің бастапқы қалпына келтіріледі. Сло қалпына келтірілген сома қабылданған есеп саясатына байланысты табыс немесе таратылмаған табыс ретінде танылады.
Қаржылық инвестицияны қайта бағалаудың кезеңділігі әрбір субъектінің есептік саясатында ескеріледі, ал оған: не нарық бағасының биржада түзетілуі, не әділ бағасы негіз бола алады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция туралы шешім қабылдау процесі ең қиын, әрі қайшылық туғызатын қаржылық мәселелер болып табылады. Инвестор әрқашанда ұзақ мерзімді инвестицияға қаражатын сала отырып бүгінгі ақша қаражатынан бас тартып, болашақта табыс алуды көздейді. Бірақ ондай болжамды тек қана инвестициялық жоба беруі мүмкін. Сол ұзақ мерзімді инвестицияның тиімділігін анықтау үшін, ең көп тараған талдаудың 4 әдісін пайдаланады:
- инвестициялық табыстың орташа нормасы;
- өтеушілік;
- табыстың ішкі нормасы;
- таза ағымдағы құны.
Инвестициялық табыстың орташа нормасының әдісімен ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны бағалаған кезде кәсіпорының белгілі бір уақыт кезеңіндегі салық салынғаннан кейінгі орташа жылдық табыстан болған ауытқудан есептелінеді, демек ол жобадағы инвестицияның орташа деңгейі мен жүзеге асырылған қаржылық инвестицияның арасынан алынады. Инвестициялық табыстың орташа нормасы не өсуіне, не азаюына әкеледі, яғни азайғанкезде оларды қайта бағалауға тура келеді, демек оның әділ құнын қалпына келтіру керек.
Инвестицияның өтушілік мерзімін (кезеңін)есептеу әдісі негізінен инвестицияның бастапқы салынаған сомасын жабу үшін қажет, өтеушілік мерзімін анықтау, демек жобаны іске асырудан түсетін ақшалай түсімдер сомасы, оның бастапқы иеһнвестиция сомасына тең болғанға дейін созылады және де ол инвестицияланаған қаражаттың табыстарының есебінен қайтарылады.
Өтеушілік кезеңін есептеу әдісі жобаның тәуекелділігі жөнінде мәселеге алдын ала жауп береді, ал ол (тәуекелділік) өз кезегінде инвестициялық сомаларды қайтару мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді. Өтеушілік мерзімі қысқа болған сайын, жобадан түсетін ақшалай қаражаттардың да түсімі көп күтіледі, шаруашылық субъектісінің өтімділік деңгейі де артады. Бұл әдіс Қазақстанның шаруашылық субъектілерінің тәжірибесінде кең таралған, әсіресе оның коммерциялық банктерде басымдылығы айқын байқалады, ал егер өтеушілік кезеңі 3-4 жылды құрайтын болса, онда бұндай жобаны қабылдау үшін кең көлемдегі зерттеулер керек.
Өтеушілік мерзімін есептеу әдісі инвестициялық жобалардың тиімділігі жөнінде толық түсінік бермейді, өйткені ол уақыты бойынша түсетін ақшаның әр түрлі құнын есккермейді, сондай- ақ өтелу мерзімі аяталғанна кейін түскен табыстың эффектісі де толықтай бағаланбайды. Осы кемшіліктерді ескере отырып, өтеушілік әдісін тек тәуекелділік жөнінде түсінікті алу үшін, алдын ала жасалатын бағалау әдістерінің бірі ретінде ғана қарастырылады.
Таза ағымдағы құн - бұл ұзақ мерзімді инвестицияның тиімділігін анықтау мақсатында ақша ағындарын дисконттаудың әдісі. Таза ағаымдағы құн ккеліп түскен ақша ағыны мен шыққан ақша ағынының арасындағы айырмасына тең.
2 ЕНШІЛЕС, ТӘУЕЛДІ ЖӘНЕ БІРЛЕСІП БАҚЫЛАНАТЫН ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕРДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ
2.1 Тәуелді шаруашылық серіктестердегі инвестициялар есебі
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сай шаруашылық тараптарды серіктестігі, егер басқа (негізгі немесе бас) шаруашылық серіктестігінің, оның жарғылық капиталындағы үлесінің басымдылығына байланысты немесе олардың өзара келісіміне орай немесе өзгеше жолдармен, шешімдерді айқындауға мүмкіндігі болса, онда ол еншілес деп есептелінеді; тәуелді акционерлік қоғам, яғни бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар деп жасалған келісімдер нәтижесінде инвестицияланған объектіге қатысты қаржылық және өзге аспект деңгейін анықтау құқығына ие болған басқа заңды тұлғалардың ықпалына түсіп қалған серіктестерді айтамыз.
Инвестицияның бухгалтерлік есебі №27 ХҚЕС Бірлескен қаржылық есеп және еншілес компанияларға инвестицияның есебі, №28 ХҚЕС Қауымдастырылған компанияларға берілген инвестицияларды есепке алу, №39 ХҚЕС Қаржы құралдарды: тану және бағалау, № 40 ХҚЕС Жылжымайтын мүлік инвестициясы қарастырылған.
Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында бірінші және екінші бөлімдерінде орналасқан, активті кіріске алуы Д, шығысқа шығаруы К инвестиция 1100 - Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары кіші бөлімі 1110 - Қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар, онда ұйымдардың мерзімі бір жылға дейін берген қарыздары есепке алынады.
1120 - Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржы активтері, онда бағалардың қысқа мерзімді ауытқуларынан пайда алу мақсатында сатып алынған қысқа мерзімді активтер есепке алынады. Қаржы активтерін, егер ол құрылымы қысқа мерзімді перспективада пайда алуға ынталандыру туралы куәландыратын портфельдің бір бөлігі болып табылса, оны сатып алу себептеріне қарамай, саудаға арналған ретінде жіктеген жөн. Туынды қаржы активтері, хеджирлеудің тиімді құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда, саудаға арналған ретінде қаралады.
1130 - Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар, онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда, өтеу мерзімі басталғанға дейін ұйым иелік етуге берік ниетті және қабілетті тіркелген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қысқа мерзімді қаржы активтері есепке алынады.
1140 - Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы инвестициялары, онда мынадай санаттарға кірмеген қысқа мерзімді қаржы инвестициялары есепке алынады:
- ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек;
- өтеуге дейін ұсталатын инвестиция;
- саудаға арналған қаржы активтері.
1150 - Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары, онда алдыңғы
топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялар
есепке алынады.
2000 - Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестицияларды, ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті қоспағанда, ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім мынадай шоттар тобынан тұрады:
* 2010-Ұзақ мерзімді берілген қарыздар, онда ұйым бір жылдан асатын мерзімге берген қарыздар есепке алынады;
* 2020-Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар, онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда, ұйым өтеу мерзімі жеткенге дейін иелік етуге берік ниетті және қабілетті, бекітілген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қаржы активтері есепке алынады;
* 2030-Сатуға арналған қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, онда мынадай санаттарға кірмеген қаржы активтері есепке алынады: ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек, өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;
* 2040-Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді қаржы активтері есепке алынады, мысалы, өзіндік құны бойынша есепке алынатын еншілес ұйымдарға берілетін инвестициялар, үйлесімді шоғырланым әдісімен есепке алынатын бірлесіп бақыланатын ұйымдарға берілетін инвестициялар.
Міндеттемелер үшінші, төртінші бөлімдерде 3380 - Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар, алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар көрініс табады;
3390 - Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек, мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.
Кірістер мен табыс пайыздары алтыншы бөлімде 6120 - Дивидендтер бойынша кірістер, онда бағалы қағаздар бойыша алынған дивидендтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі.
6140 - Инвестициялық жылжымайтын мүлік операцияларынан алынатын кірістер, онда капитал құнының немесе сол және басқаның өсуінен жалдау төлемдері немесе кірістерді алу мақсатында (жалдау шарты бойынша иеленуші немесе жалға алушының) иелігінде бар (жер, ғимарат, немесе олардың белігі) жылжымайтын мүліктен кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі.
6400 - Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесін көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
6410 - Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі, онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген қауымдастырылған ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі.
6420 - Бірлескен ұйымдардағы пайданың үлесі, онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген бірлескен ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі.
Есептелген шығындармен зияндар 7310 - Сыйақылар бойынша шығыстар, онда қаржылық міндеттеме-лер бойынша шығыстар, мысалы, алынған қарыздар бойынша пайыз-дарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі.
7410 - Активтердің шығуынан алынатын шығыстар, онда активтерді сатудан түсетін шығыстар ескеріледі, мәселең сатылған негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, қаржылық активтердің өзіндік құны, бөлшектеу бойынша шығыстар.
7600 - Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалындағы үлес кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалына үлесті көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz