Компанияның меншікті капиталы: құрамы, құру технологиясы мен көздері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1. Компанияның меншікті капиталын қалыптастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.1. Компанияның меншікті капиталының экономикалық мазмұны ... ... ... 8
1.2. Компанияның меншікті капиталын қалыптастыру көздері мен технологиясының eрекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.3. Компанияның меншікті капиталын бағалаудың әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2. Компанияның меншікті капиталының құрамы мен қалыптасу көздерін талдау («Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 32
2.1. «KEGOC» акционерлік қоғамының экономикалық.шаруашылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 32
2.2. «KEGOC» акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау ... ... .. 42
2.3. «KEGOC» акционерлік қоғамының меншікті капиталы мен оның құрамын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 52
3. «KEGOC» акционерлік қоғамының меншікті капиталын тиімді басқару және компания қызметін дамытудың стратегиялық бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..76
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 78

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Еліміз бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңғыртулар негізінде экономиканың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Кәсіпорынның меншікті капиталын қалыптастыру осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы халыққа Жолдауының Қазақстан – 2050 деп аталуының өзі қазіргі кезде тек кәсіпорындар үшін ғана емес, ел үшін де Қазақстанның қаржылық меншікті ресурстарын басқару аса қажеттілігін білдіреді. Сонымен қатар осы Жолдауда кәсіпорындарды дамыту және оларды қолдау шаралары да анықталып қарастырылған.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін мемлекеттегі атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің жалпы экономикадағы негізгі буыны – кәсіпорын болып табылады.
Қазiргi қаржылық жаһандану заманында, нарық экономикасы әлемiнде тек бәсекеге қабiлеттi экономика ғана болашақта дамуға мүмкiндiк алады. Ал экономиканың бәсекеге қабілетті болуы үшін ондағы жұмыс жүргізіп отырған отандық кәсіпорындардың өздерінің алға қойған мақсаттары мен міндеттерін орындау туралы нақты әрі орындалуы мүмкін ұаржылық менеджменті жүзеге асырылуы қажет.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай ақ олардың меншік иелері, жұмыскерлер, коммерциялық серіктестер және басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Капитал - қаржы ішіндегі ең жиі қолданылытын экономикалық категория болып табылады. Кәсіпорынның құрылуы мен дамуының ең негізгі базасы бола тұрып, кәсіпорын өзінінің қызметі кезінде жұмысшылылардың мемлекеттің қызығушылығын қамтамасыз етеді. Қаржылық менеджментте кәсіпорынның капиталы, оның активінің құрылуында инвестицияланған, материалдық емес, ақшалай формададағы қордың жалпы құнын сипаттайды. Меншікті капитал кәсіпорынның жарғылық капитал, өткен жылдардың және есепті жылдың бөлінбеген кірісі жататын меншікті қаражат көзін қамтиды.
Сондықтан кәсіпорынның негізгі мақсатқа жетуін анықтаушы элементі ретінде оның меншікті капиталын қалыптастыру түсінігі мен теориялық мәні, олардың жіктелінуі мен бағалануы, ерекшелігі, қалыптастыру күрделілігі мәселелерiн қарастыру бүгiнгi күнде өзектi теориялық-тәжiрибелiк маңызға ие, ал бұл, өз кезегiнде, зерттеу тақырыбының өзектлігін көрсетеді.

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
2. Бригхэм, Ю. Финансовый менеджмент. Экспресс-курс: учебник / Ю. Бригхэм. - 4-е изд. - СПб. : Питер, 2011. - 544 с. - (Классический зарубежный учебник) (МВА). - 2292.50 тг., 2610.75 тг.
3. Э. Э. Михель, Р. А. Əмірханов, Г. А. Жолмырзаева, Ж. С. Мұхаметжанова Корпоративтік қаржы: Оқулық. – Алматы. 2012. – 316 б.
4. Құлпыбаев С., Ынтықбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / – Алматы. Экономика, 2011– 540 бет
5. Финансовый менеджмент: теория и практика : учебник / Ин-т финансового менеджмента ; ред. Е. С. Стоянова. - 6-е изд. - М. : Перспектива, 2009. - 656 с.
6. Есенгельдин Б.С. Акбаев Е.Т. Каржылық менеджмент: Окулык. -Алматы: Дәур, 2011.-288 б
7. Тұрғұлова, А. Қ. Қаржылық менеджменттің Қазақстан экономикасындағы дамуы: теориясы, практикасы және императивтері: монография / А. Қ. Тұрғұлова. - Алматы : LEM, 2010. - 242 б
8. Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2012.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
9. Ковалев В.В. Курс финансового менеджмента : учебное пособие / В. В. Ковалев. - 2-е изд. - М. : Проспект, 2010. - 480 с.
10. Сапарова Б. Қаржылық менеджмент: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2012. -848 с.
11. Аленичева Е.Е.Қаржы менеджменті /Оқу құралы – Қарағанды, 2011-274 б
12. Бланк, И. А. Основы финансового менеджмента: научное издание. т.2 / И. А. Бланк. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : Омега-Л, 2011. - 674 с
13. Тургулова А.К. Финансовый менеджмент : учебное пособие / А. К. Тургулова. - Алматы : ТОО Издательство ЛЕМ, 2010. - 324 с.
14. Кадерова Н.Н. Корпоративтік қаржы: Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2008 -376 б
15. Куатова Д.Я. Экономика предприятия : учебное пособие / Д. Я. Куатова. - Алматы : Экономика, 2011. - 352 с.
16. «KEGOC» АҚ-ының ресми сайтының мәліметтері
17. Консолидированная финансовая отчетность АО «KEGOC» за год, закончившийся 31 декабря 2011 г
18. Консолидированная финансовая отчетность АО «KEGOC» за год, закончившийся 31 декабря 2010 г
19. Годовая финансовая отчетность АО «KEGOC» за 2011 год
20. Годовая финансовая отчетность АО «KEGOC» за 2010 год
21. Финансы организаций (предприятий) : учебник / ред. Н. В. Колчина . - 5-е изд., испр. и доп. - М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2011. - 407 с.
22. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: учебник / К. Ш. Дюсембаев. - Алматы : Экономика, 2009. - 366 с. - (Современные учебные издания КазЭУ им. Т. Рыскулова). - (МВА).

Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Еліміз бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңғыртулар негізінде экономиканың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Кәсіпорынның меншікті капиталын қалыптастыру осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы халыққа Жолдауының Қазақстан - 2050 деп аталуының өзі қазіргі кезде тек кәсіпорындар үшін ғана емес, ел үшін де Қазақстанның қаржылық меншікті ресурстарын басқару аса қажеттілігін білдіреді. Сонымен қатар осы Жолдауда кәсіпорындарды дамыту және оларды қолдау шаралары да анықталып қарастырылған.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін мемлекеттегі атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің жалпы экономикадағы негізгі буыны - кәсіпорын болып табылады.
Қазiргi қаржылық жаһандану заманында, нарық экономикасы әлемiнде тек бәсекеге қабiлеттi экономика ғана болашақта дамуға мүмкiндiк алады. Ал экономиканың бәсекеге қабілетті болуы үшін ондағы жұмыс жүргізіп отырған отандық кәсіпорындардың өздерінің алға қойған мақсаттары мен міндеттерін орындау туралы нақты әрі орындалуы мүмкін ұаржылық менеджменті жүзеге асырылуы қажет.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай ақ олардың меншік иелері, жұмыскерлер, коммерциялық серіктестер және басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік - кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Капитал - қаржы ішіндегі ең жиі қолданылытын экономикалық категория болып табылады. Кәсіпорынның құрылуы мен дамуының ең негізгі базасы бола тұрып, кәсіпорын өзінінің қызметі кезінде жұмысшылылардың мемлекеттің қызығушылығын қамтамасыз етеді. Қаржылық менеджментте кәсіпорынның капиталы, оның активінің құрылуында инвестицияланған, материалдық емес, ақшалай формададағы қордың жалпы құнын сипаттайды. Меншікті капитал кәсіпорынның жарғылық капитал, өткен жылдардың және есепті жылдың бөлінбеген кірісі жататын меншікті қаражат көзін қамтиды.
Сондықтан кәсіпорынның негізгі мақсатқа жетуін анықтаушы элементі ретінде оның меншікті капиталын қалыптастыру түсінігі мен теориялық мәні, олардың жіктелінуі мен бағалануы, ерекшелігі, қалыптастыру күрделілігі мәселелерiн қарастыру бүгiнгi күнде өзектi теориялық-тәжiрибелiк маңызға ие, ал бұл, өз кезегiнде, зерттеу тақырыбының өзектлігін көрсетеді.
Ғылыми зерттеудің осындай бағытын таңдау теориялық тұрғыда да, тәжірибелік тұрғыда да өзекті бола отырып, тақырыптың маңыздылығы мен дипломдық жұмыс тарауларының мазмұндылығын туындатады. Міне, осы жағдай зерттеу тақырыбын таңдауға негіз болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорынның қаржысын меншікті капиталының құрамын, қалыптасу көздерін анықтау болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу талап етілді:
oo Меншікті капитал түсінігін зерделеу;
oo Меншікті капитал құрамын анықтау;
oo Меншікті капиталды қалыптастыру көздері мен технологиясының ерекшеліктерін қарастыру;
oo Компаниының меншікті капиталына талдау жүргізу;
oo зерттеліп отырған кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
oo кәсіпорынның қаржысын басқаруды жетілдірудің стратегиялық бағыттарын анықтау.
Зерттеу объектісі Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) KEGOC акционерлік қоғамы болып табылады. Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) KEGOC акционерлік қоғамы Қазақстан, Кедендік одақ пен Орталық Азия елдері үшін басқарушы құзыреттіліктерінің Орталығы болуға (активтерді басқару және прогресшіл технологияларды енгізу саласында), электр энергетикасында өзінің бір жүйеге келтірудегі ықпалын, оның ішінде негізгі бизнесті дамыту есебінен күшейтуге айтарлықтай әлеуеті бар.
Зерттеу пәні компанияның меншікті капиталын қалыптастыру үдерісінде туындайтын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығы отандық компанияның меншікті капиталын қалыптастыру және оны басқару туралы ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Дипломдық зерттеу жүргізу барысында ғылыми жаңалық сипаты бар келесі нәтижелер алынды:
oo капитал, меншікті капитал және оның құрамының теориялық - әдіснамалық аспектілері ғылыми тұрғыдан жинақталды;
oo зерттеуге алынған кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізілді;
oo зерттеуге алынған кәсіпорын қаржысын тиімді басқарудың стратегиялық маңызды бағыттар жүйесі ұсынылды.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Алынған ғылыми нәтижелерді кәсіпорынның қаржылық жағдайын басқару стратегиясын даярлауда пайдалануға болады. Дипломдық жұмыстың ғылыми нәтижелері оқу бағдарламаларын жетілдіру тәжірибесінде, барлық деңгейдегі білім беру мекемелері үшін оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеуде, мамандардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауда, экономикалық пәндерді оқытуда, осы салада әлі де ғылыми зерттеулер жүргізуде талап етілуі мүмкін.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі отандық және шетелдік ғалымдардың ақша қаражаттарын басқаруға қатысты еңбектері болды.
Дипломдық жұмыста нақты мәселелерді қарастыру кезінде ҚР Президентінің, ҚР Парламенті мен ҚР Үкіметінің заңнамалық құжаттары сияқты ресми ақпарат көздері пайдаланылды.
Зерттеудің ақпараттық негізі KEGOC акционерлік қоғамының қаржылық есептілік материалдары бастапқы ақпараттар ретінде қызмет етті.
Зерттеу үрдісінде салыстырмалы, коэффициенттік талдау қолданылды.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттердің тізімінен және қосымшалардан тұрады тұрады. Дипломдық жұмыс мәтіні компьютерде терілген 78 беттен тұрады. Дипломдық жұмыс мәтінінде 15 кесте мен16 суреттер берілген.
1. Компанияның меншікті капиталын қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1. Компанияның меншікті капиталының экономикалық мазмұны
Өндіріс факторы ретіндегі капитал - бұл өндіріс құралы,еңбек құралының және еңбек затының жиынтығы. Еңбек құралы бұл адамдар көмегімен белгілі бір игілікті жасайтын, заттарды өндіру. Еңбек заттары бұл неден өндіреді, яғни адамдар еңбек үдерісі кезіңде ықпал ететін және келешектегі өнімнің негізін құрайтын заттар (кен, мұнай, шикізат). Нарықтық қатынастарға көшкен кезде капитал сөзі жиі қолданылады, сонымен қатар капитал деп кез-келген ақшаны түсінеді. Рас, қандайда бір капитал болмасын, ол өзінің қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар [1].
Ақша өз бетінше капитал бола алмайды. Егер ақша тауар айырбас көрсетсе, онда олар бұл жерде айналым қызметін орындайды. Егерде ақшаны құнды көбейту құралы ретінде қолданса, яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін болса, онда бұл ақшаның алғашқы саласынан арта түсуі.Ақша ақша ретінде және ақша капитал ретінде алғашқыда бір-бірінен тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді. Ақшаның капиталға айналуының басты шарты ақша иегерінің нарықта сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңа құнды жасауға қабілетті одан да бай тұрғысынан құнды жасайды .
Экономикалық классикалық негізін салушылар А.Смит пен Д.Рикардо қазіргі белгілі американ экономистері П.Самуэльсон, У.Нордхауздың ойынша, капитал бұл өндіріс құрал жабдығы.
Француз экономисі Жан Батист Сэй және ағылышын экономисі Джон Робинсон капитал бұл ақша сомасы бағалы қағаздар, қаржылар деп есептеген. Капиталға басқа көзқарастар бар: капитал бұл өндіріс саласында қолданылатын адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал уақыт. Уақыт факторы ретінде табысты жасаушы. Әртүрлі уақыт кезеңіндегі көптеген экономистердің қөзқарасын жинақтап қарасақ, өндіріс құрал жабдығы, адамдар және ақшалар да капитал бола алады.
Бірақ капиталдың мәнін толықынды етіп К.Маркс ашқан. Маркс былай деп жазған: сырттай капитал әр түрлі жақты нышандарда өндіріс жабдығында (тұрақты капитал), адамдар (өзгермелі капитал), ақшалай болып келеді. Осыдан капиталды күрделі ұғым деп санаған. Барлық аталған материалдық игіліктер өз бетінше капиталға бола алмайды,олар сонда ғана капиталға айнала алады, егер иегерлері оларды құнды жасауға қолданса. Өзінің басты еңбегі Капитал К.Маркс капиталдың бір қатар анықтамасын береді. Бұл кездейсоқ емес. Капиталдың бірінші томында: капитал-бұл құн, бұл өзін өзі өсіретін құн деп көрсетілген. Капиталдың екінші томында: капитал бұл қозғалыс екенің дәлелдеді. Капиталдың мәні Капиталдың үшінші томында ашады. Ол капиталды заттар жиынтығы ретінде қарастыруды жоққа шығарып, капитал бұл зат еместігін, ол адамдар арасындағы белгілі қоғамдық қатынастар екендігін айтады. Өндірістік процестің бірінші кезеңінде ақша нысанындағы капитал кәсіпорынның ұзақ мерзімді айналым активтеріне инвестицияланады, осылайша ол өндірістік нысанға ауысады. Екінші кезеңде өндірістік капитал өнім өндіру барысында тауарлық нысанға ауысады. Үшінші кезең өнімді сатуға байланысты тауар нысанындағы капиталдың ақша нысанындағы капиталға ауысу кезеңі табылады. Сонымен қатар капитал қозғалысының нысандары өзгерген сайын оның құны өзгеріске ұшырап отырады.
Капитал түсінігі барлық өндіріс ресурстарын қамтиды: зауыттар, құрал-жабдықтар, электр станциялары, материалдар. Бұл ресурстар инвестициялық ресурстар табылады. Инвестициялық ресурстар термині нақты капиталдық тауарларды өндіруді белгілеу үшін пайдаланады ( немесе өндіріс кұралдарын). Материалдық және рухани игіліктер қоғамдық игіліктер қоғамдық өндірісі тоқтамайды.Күн сайын адам қандай да бір өнімді тұтынады. Қоғам тұтынуды тоқтатпайды. Демек өндіруді де тоқтатпақ емес, бірақ тұтынатын өнімдерді үнемі жаңартып отыру қажет. Өндірістің тұрақты жаңалануы процесін ұдайы өндіріс дейміз. Ұдайы өндіріс жәй және ұлғаймалы болып бөлінеді. Өндірістің жыл сайын өзгерісіз ауқымда жаңару процесін жәй өндіріс дейміз. Өндірістің жыл сайын көбірек, ұлғаймалы өндірістің есебінен өндіріс ауқымы өсе түседі. Демек, ұдайы ұлғаймалы өндіріс процесі жалғасып,қосымша құнның бір бөлігі жыл сайын функционалды капиталға айналып отырады. Қосымша құнның капиталға айналуы капиталдың қорлануын көрсетеді. Капитал қорлануының факторлары: құнының нормасы, қызмет атқаратын капитал мөлшері, еңбек өнімділігінің артуы, қосымша құн бөлігінің қорлану және тұтыну арасындағы пропроция. Осы аталған факторлардың барлығыда бір мезгілде жүзеге асады. Капиталдың қорлану процесі екі түрде асады: капиталдың шоғырлануы; капиталдың орталықтануы. Капиталдың орталықтануы бұл қосымша құнының капитал өсуі. Капиталдың орталықтануы дегеніміз бірнеше капиталдың бірігу жолымен ірілену процесі.Осы процесте бар капиталдың өзі жойылады немесе басқаларға қосылады. Капитал ортақталықтануы бірден-бір болған акционерлік қоғамның құрылуы табылады. Капиталдың шоғырлануы мен ортақтандырылуы өндірістің шоғырлануына жағдай жасайды. Өндірістің шоғырлануы дегеніміз ірі кәсіпорында барынша өндіріс құрал жабдығын жұмыс күшін және өнімді шығару. Сондай-ақ күрделі қаржы тиімділігіне білімді, ғылыми зерттеуді,оқуды инвестициялау арқылы қол жеткізеді [2].
Капитал үнемі қозғалыста болады. Ол мынадай екі түрде болады:материалдық заттық және ақшалай. Тауарлар сатылады - ақша пайда болад, сол ақшаға тағы сатып алынады және тағы солай қайталана бермек. Демек капиталды қозғалыс ретінде түсіну керек. Капитал өз козғалысында қалыпты жағдайда үш сатымен үш түрде болады: ақшалай, өнімділік, тауарлы. Капиталдың қалыпты жағдайда бір функционалды түрден басқасына ауысуы және оның бастапқы түріне оралуы капиталдың шеңбер айналымы дейміз. Капитал өз қозғалысында өндіріс сатысына және екі айналыс сатысынан өтеді. Ол белгілі бір уақыт кезеңінде жасайды 4.
Капитал шеңбер акті ретінде емес, кезеңдік процесспен айналуын капиталын айналымы дейміз. Барлық авансыланған капиталдың осы мерзімде өндіріс пен айналыс сатысын өткізген жиынтық уақыты-капиталдың айналым уақытын құрайды. Өндіріс процесін үзіліссіз алға қозғалту үшін өнеркәсіп капиталы тұрақты еркін ақша қорларына мұқтаж. Еркін ақша қорында болатын қиындықтар өндірілген тауарды өткерудің ыңғайсыз нарықтық конъюктура қиындығымен, өткізетін нарықтың алыстығы, байланыс және көлік құрал сайманының жеткіліксіз дамуы, сатып алушы төлем қабілеттілігінің жоғары еместігі. Өндірілген тауардың бәсекелестік қабілеттілігінің төменділігімен түсіндіріледі.Сондықтан өнеркәсіп кәсіпкері көбіне жердегі барлық құрал жабдықтарды қосуға барынша тырысады, сөйтіп өндірістің тоқтауына жол бермейді. Өндіріс әрдайым трқтамауы керек. Өндірілген материалдық және рухани игіліктер тұтынылады. Қоғам өндірісті бір жылға ғана емес, бір айға тоқтатса онда оның жойылуы әбден мүмкін. Өндірістің ең басты міндеттіне айқындылығына оның үздіксіздігі және тұрақты түрде түрленуінде. Өндіріс процесінің қоғамдық түрі қандай болмасын ол алдыменен үзіліссіз болуы керек яғни белгілі бір сатылары кезеңмен қайталанып және қайта қайталанып жүріп отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануы және үзіліссіз жаңғыруы ұдайы өндіріс деп айтуға болады. Өндірістік қорлар бұл кәсіпорынның ұдайы өндіріс кезіндегі жабық қызметіндегі инвестициялық ресурстардың құндық нысанын көрсету. Капиталдың ауыспалы айналымы өндіріс пен айналымның аясы аркылы инвестициялық ресурстардың (өндірістік қорлардың) құнының қозғалысы, оның нәтижесінде ол үш кезеңді өтеді және кейін өндірістік, қаржылық және тауарлық нысанды қабылдайды. Бұл алғашқы құнын көтеру мақсатындағы, өндіріс пен барлық айналымды қамтитын өндіріс құралының аясы арқылы толық қозғалу кезеңі. Қандай да бір материалдық игілік өндіретін кәсіпорынға салынған кез келген капитал өз козғалысын ақшалык нысанда жүргізеді. Ақшалы капитал жұмыс күші мен өндіріс құралын сатып алуға аванс беріледі бірінші сатысы. Өндіріс үдерісінде сатып алынған факторлар өзара іс-кимыл жүргізеді және жаңа өнім шығарылады - екінші саты.
Кәсіпкер бұл өнімді нарықте өткізіп, авансты капиталды қайтып алады - үшінші саты. Капиталдың ауыспалы айналымының үш кезеңінен, бірінші мен үшінші айналым үдерісін кұрады, ал, екінші - өндіріс үдерісін құрады. Сөйтіп, қорлардьщ ауыспалы айналымының кезендерінің қызметтері мыналар болып табылады: бірінші өндірістің жағдайының қалыптасуы, екінші кезеңде - тауар мен қызмет көрсетулерді өндіру, үшінші кезенде - тауарлар мен қызметтерді өткізу және пайда алу. Қорлардың үнемі қозғалысын қамтамасыз ету үшін, олардың бір уақытта барлық кезеңде және барлық қызметтік нысандарда болуы талап етіледі. Өйткені кәсіпорын бір уақытта өндіріс құралдарын сатып алады, өнімдер шығарады және оны өткізеді. Бөлек акт ретінде емес, кезеңді қайталамалы үдеріс ретінде қаралатын қорлардың ауыспалы айналымы, оның нәтижесінде авансты құнның барлық көлемі өзінің бастапқы нысанына толық оралады, қорлардың айналымы деп аталады. Капиталдың (қорлардың) әр түрлі бөлігі кәсіпорынға бір уақытта қайтып оралады.
Сондықтан, негізгі капитал айналымды капиталдың арасын бөледі. Негізгі капитал бұл сол өндіріс құралы, өзінің құнын дайын өнімнің біреуіне емес, жекелеп ауыспалы айналымның бірнешеуіне аударады. Көптеген технологиялық үдерістеріне қатысатын ғимарат, машиналар басқа да еңбек құралдары жатады. Жыл сайын олардың бір бөлігі өтелімге жатады.
Шығарылатын тауарларға еңбек құралының құны, кәсіпкерге оны сатқаннан кейін қайта қайырылады және ол негізгі қордың тозуының орнын жабуға арналатын өтелім қорын құрайды. Тауарларды сатқаннан кейін, қор құнының осындай үлесі келесі қайта жөндеу және жаңа еңбек құралдарымен толық айырбастау мақсаты үшін ақша нысанында жинақталады. Айналымды капитал бір ауыспалы айналымда соңғы өнімнің өз құнын ауыстыратын, өндіріс құралының басқа бөлігі. Мұнда еңбек заттары - өнімдерді дайындаудың бір кезеңінде шығындалатын, шикізаттар, материалдар, жанармай, энергия кіреді. Осы бөліктің шығынына сонымен бірге, шартты түрде бір ауыспалы айналымда жұмсалатын, қызметкерлердің еңбекақысын қосады. Бірақ, жұмыс күшіне шығындар өндірістің заттық жағдайы орын алатындықтан, дайын өнімге көшірілмейді. Экономикалык мазмұны бойынша инвестициялар - бұл негізгі капиталды техникалық қайта жарақтау мен кеңейту, кұру, сондай-ақ, осымен байланысты айналымды капиталдың өзгерістері .
Жалпы инвестициялар кәсіпорынның әдетте жыл бойындағы, белгілі бір уақыт ішіндегі капиталдық тауарларды сатып алуындағы шығындарының жалпы көлемін көрсетеді. Таза инвестициялар - бұл негізгі капиталдың жыл сайын көбеюі. Олар жалпы инвестиция мен өтелімдер арасындағы әртүрлілік ретінде анықталады.
Шаруашылық тәжірибесінде түсініктер пайдаланылады: айырбасталатын инвестициялар және таза инвестициялар. Айырбасталатын инвестициялар - ескірген өндірістік қорды айыр-бастау үшін құрал-жабдықты (тұлғалық капиталға) сатып алуға салынған қаржы. Таза инвестициялар - негізгі қордың салмағын көбейту үшін құрал-жабдықтар сатып алу. Айырбасталатын және таза инвестициялар толық инвестицияларды құрайды.
Жалпы инвестициялар кәсіпорынның жыл бойындағы, белгілі бір уақыт ішіндегі капиталдық тауарларды сатып алуындағы шығындарының жалпы көлемін көрсетеді. Өндірістік қорлар өзінің қозғалысында өндіру мен айналым сатысынан өтеді. Сондықтан қордың айналым уақыты өндірістің уақыты мен айналым уақытымен қосылады. Өндіріс аясында қордың болу ұзақтығы өндірістің уақытын құрайды, ал, айналым аясында уақытын құрайды. Өндіріс уақыты дайын тауарларды өткізуді және олардың түсуімен басталатын, өндіріс аясында еңбек заттары мен құралдарының барлық болу кезеңін қамтиды. Ол үш бөлікке ыдырайды:
1) тікелей еңбек үдерісінің уақыты - жұмыс кезеңі;
2) еңбек үдерісіндегі үзіліс уақыты;
3) өндірістік қордағы өндіру құралдарының болу уақыты.
Айналдыру уақыты өндіріс құралдарын сатып алу уақытымен және дайын өнімдерді өткізу уақытынан тұрады. Біріншісіне пайдаланатын орынға өндіріс құралдарын транспортпен жеткізу уақыты мен жеткізушілердің есеп айырысу уақыты қосылады. Екіншісі дайын өнімдер қоймасына өнімдерді өткізу сәтінен басталып, кәсіпорынның банктегі шотына өткізілген тауарлардан түскен ақшамен аяқталады. Айналым қоры мен айналдыру қорына салынған қаржылы қор айналымдық қаржыны құрайды. Ұдайы өндіріске қызмет үдерісінде айналмалы қордың жеке бөліктері бір уақытта әр түрлі кезеңде және әр түрлі ауыспалы айналым нысанында болады. Айналмалы қаржының бір бөлігі кәсіпорынның қоймасында сақталған және жұмсалуына орай, жаңалармен толығатын өндіріс қорларының материалдык мазмұнын көрсетеді. Айналмалы қаржының басқа бөлігі оның дайындалу кезеңіндегі өнімнің аяқталмаған түрінде орналасады. Айналмалы қаржының үшінші бөлігі тұтынушыларға жіберуге арналған, үнемі тиеліп жататын және оның орнына жаңасы түсіп жататын, алушыларға өткізілетін дайын өнімдермен байланысты. Айналмалы қаржының төртінші бөлігі ақшалық қор түрінде банк шоттарында, еңбекакы төлеу, жеткізушілермен есеп айырысу және басқа мақсаттар үшін кәсіпорын кассасында сақталады.Өндірістік қорлардың құрылымы олардың айналымының жылдамдығына үлкен ықпал жасайды. Соңғысы белгілі бір кезеңде жасалған санымен анықталады, жыл бойынша немесе бір айналымның ұзақтығымен анықталады. Пайыз капиталды пайдаланғаны үшін, іс жүзіндегі капиталистің ақша иесіне төлейтін төлемі. Іс жүзіндегі капиталистің қалған бөліктегі пайдасы табысты құрайды 3.
Несиелі капиталдың қолдану нәтижесі пайыздың мөлшерлемесі немесе мөлшерімен анықталады (несиелі капиталистің пайызда көрсетілген, табыс сомасының несиелі капитал сомасына қатынасы). Қазіргі заманғы ресурстарды сатып алуға болатын ақша тапқанша күтудің орнына, бұл ресурстарды қазір алу үшін адамдар төлейтін баға ретінде пайызды түсіндіреді. Уақыт факторының есебі мынаны түсінуге мүмкіндік береді: мерзімді салым ақшаның уақыты ұзақ болған сайын, бұл жинаққа пайыз түріндегі табыс жоғары болады. Капиталдың табыстылығын бағалау тұрғысынан келгенде тәжірибе жүзінде пайда мөлшерін есептеудің біршеше әдісін бөледі:
сату көлеміндегі пайда қатынастары;
кәсіпорынның активтеріне пайда қатынастары;
сезілмелі ұдайы өндірілетін капиталға пайданың қатынасы.
Капиталдың негізгі көзi -- жинақ болып табылады. Бiрaқта жинақты бiр мұнай шаруашылық агент орындаса, капиталдын басқа да топ мүшелерi немесе шығару ашылу субъектiлер орындайды. Сондықтанда, ғалымдар aнықтaу барысында капиталдын мағынасына емес, соншалықты оның мақсатты бағыттануына көңiл аударуыды қажетдеп санайды.
Капитал-қаржы ішіндегі ең жиі қолданылытын экономикалық категория болып табылады. Кәсіпорынның құрылуы мен дамуының ең негізгі базасы бола тұрып, кәсіпорын өзінінің қызметі кезінде жұмысшылылардың мемлекеттің қызығушылығын қамтамасыз етеді. Қаржылық менеджментте кәсіпорынның капиталы, оның активінің құрылуында инвестицияланған, материалдық емес, ақшалай формададағы қордың жалпы құнын сипаттайды 4.
Кәсіпорын капиталының экономикалық мағынасын қарастыра келе оған мынадай сипаттама береді:
кәсіпорынның капиталы өндірістің негізгі факторы болып табылады;
капитал табыс әкелетін кәсіпорынның қаржылық ресурстарын сипаттайды;
капитал меншік иелерінің қаржылық жағдайларын құрудың негізгі көзі болып табылады;
кәсіпорынның капиталы,оның нарықтағы құнының өлшемі;
кәсіпорындағы капиталдың динамикасы шаруашылық қызметіндегі тиімділік деңгейінің маңызыды барометрі болып табылады.
Капитал құрылымы өзінің шаруашылық қызметі кезіндегі кәсіпорында қолданылатын, меншікті және қаржылық қорлардың қатынасын сипаттайды. Кәсіпорында қолданылатын капитал құрылымы қаржылық, инвестициялық қызметіндегі аспектілерді анықтайды, оның қызметінің қорытынды нәтижесіне әсер етеді. Капитал құрылымы меншікті капитал мен активтің тиімділік коэффицентіне, төлем қабілеттілік пен қаржылық тұрақтылық коэффицентінің жүйесін анықтайды және соңында кәсіпорынның дамуы кезіндегі тәуекел мен табыстылық сипатанының қатынасын құрайды.
Кесте 1.
Кәсіпорын капиталының құрылымы
Көрсеткіштер
Негізгі капитал
Айналым капиталы
Кәсіпорынның
меншік капиталы
Негізгі қаражаттар
Негізгі қор
Өндірістік айналым қоры
Айналыс қоры
Кәсіпорынның қарыз капиталы
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Қысқа мерзімді міндеттемелер
Ескерту: Пайдаланылған әдебиет көзінен [4] алынды
Капиталды басқару кәсіпорынның шаруашылық қызметінің әр түрінде оны тиімді қолдануды қамтамасыз етумен және әр түрлі көздерден белсенді құрылуымен байланысты басқару шешімдерін шығару және құру тәсілдерімен принциптерінің жүйесін көрсетеді.
Кәсіпорын өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысуы үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болады. Осы мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиытығы кәсіпорынның меншікті капиталы болып саналады.
Кәсіпорынның меншікті капиталының жалпы сомасы баланстың пассивінде көрсетіледі. Бұл бөлімде кәсіпорынның құрылуы кезіндегі меншік иелерінің салған қорларынының сомасы көрсетіледі. Қаржы менеджмені көзқарасынан қарастырғанда капитал кәсіпорыненың активіне салынған қаражаттардың ақшалай, материалдық және материалдық емес нысандағы жалпы мөлшерін білдіреді. Корпоративтік қаржы көзқарасынан қарастырғанда капитал кәсіпорынның мен басқа да шаруашылық жүргізуші субьектісінің оны қалыптастыру қатысында туындайтын ақшалай қатынасын білдіреді. Осындай ақша қарым-қатынасы заңды тұлға ретіндегі кәсіпорынмен оның, кредитор, жеткізуші, мекемелік қатысушы мемлекет арасында пайда болады.
Капитал салу нәтижесінде негізгі және айналым капиталы құрылады. Негізгі капитал жұмыс істеу процесінде айналымнан тыс актив нысанына, ал айналым капиталы-айналым активі нысанына айналады. Кәсіпорынның айналым активіне авансыланған ақшалай ресурсы айналым қаражаты болып табылады. Капиталға тән белгілерді қарастырайық. Капитал-өзін ұлғайту (өзін -өзі үлкейту) үшін пайдаланылатын байлық. Капиталды өндірістік-сауда процесіне инвестициялау кәсіпкердің пайдасын қалыптастырады.
Экономикалық теорияда келесі төрт факторды: капитал, жер, жұмыс күші және менеджментті (өндірісті басқару) атап өту қажет. Капитал салу нысаны бойынша кәсіпкерлік жіне несие капиталы болып бөлінеді. Кәсіпкерлік капитал кәсіпорынның нақты материалдық емес және қаржы активіне пайда алу және оны басқару құқығын алу мақсатында авансыланады. Несие капиталы-кепілзат қайтарымды, ақылы, шұғыл болса және қамтамасыз етілсе кредитке берілетін капиталы. Кәсіпкерлік кредитпен салыстырғанда несие капиталы кәсіпорынға салынбайды, қарыз беруші пайыз алу мақсатында оны қарыз алушыға уақытша пайдалануға береді. Несие капиталы кредит нарығында тауар ретінде болады, ал пайыз оның бағасы болып табылады. Төмен пайызға алынған кредит арзан ақша, жоғары пайызға алынған кредит қымбат ақша болып саналады. 15 күннен аз мерзімге алынған кредит қысқа ақша болып саналады.
Сөйтіп капитал - кәсіпорынның кіріс әкелетін қаражат көзі (баланстің пассиві). Капитал оның иелерінің ағымдағы және келешектегі кезеңде әл-ауқатының негізгі көзі ретінде болады. Капитал - кәсіпорынның нарықтық құнының негізгі өлшеушісі болып табылады. Сонымен бірге пайдалынатын меншікті капиталдың көлемі қосымша пайда әкелуі мүмкін тартылатын қарыз капиталдың параметрін білдіреді.
Капиталдың өндірістік, коммерциялық қызметінің тиімділігін маңызды өлшеуіш табылады.
Меншікті капиталдың өздігінен өсу қабілеті кәсіпорынның таза (бөлінген) пайдасын қалыптастырудың қолайлы деңгейін, оның меншікті қаражат есебінен қаржылық тепе-тендікті қолдау қабілетін сипаттайды. Меншікті капиталдың жалпы көлемінде оның өзіндік құнының төмендегені сыртқы қаржыландыру қаржы тәуелсіздігін айрылу фактісін растайды.
Капитал мына белгі бойынша жіктеледі [5]:
1. Компанияның тиесілігі бойынша меншікті және қарыз капиталы болады. Меншікті капитал дегеніміз - бұл кәсіпорынның құрылу барысында қалыптасқан бастапқы капиталы мен қызмет етуі барысында ішкі қаржы ресурстарының есебінен қалыптасқан және оның жеке меншігінде қалатын қаражаттары болып табылады. Меншікті капиталдың құрамына жарғылық капиталды, резервтік капиталды, бөлінбеген табысты жатқызуға болады. Меншікті капитал кәсіпорынға меншік құқығында тиесілі және активтің айтарлықтай бөлігін қалыптастыру үшін пайдаланылады. Қарыз капитал бұл кәсіпорынның өндіріс барысына орналастырылған қаражаттарының сырттан тартылады.
Қарыз капиталдың құрамына өндірісті қаржыландыру үшін қайтарымды негізде тартылған ақша қаражаттары мен басқа да құндылықтар кіреді. Капиталдың барлық нысандары белгілі бір мерзімде қайтаруды талап ететін кәсіпорынның міндеттемелері болып табылады.
2. Капитал қолдану саласына қарай өндірістік, сауда, қаржылық болып бөлінеді.Табыс капиталдың иесі басынан кешірген тәуекел үшін табиғи марапат ретінде қарастырылады. Табыстың екі өлшем айқындағышы бар. Бұл категорияның абсолютті көрсеткіші-табыс массасы, салыстырмалы корсеткіші-табыс нормасы.Табыс массасы бұл оның ақшалай түрдегі нақты көлемі,ал табыс нормасы дегеніміз-табыстың пайыз түріндегі авансталған капиталға арақатысты
3. Капитал пайдалану мақсаты бойынша өндірістік, несиелік және жалдаптық болып бөлінеді. Жалдаптық капитал болып бөлінеді. Жалдаптық капитал қайталама қор нарығында айналымдағы акцияның құны әжептәуір көтерілуі салдарынан пайда болады. Жалдаптық операция барынша жоғары кіріс (пайда) табу үшін жасалады. Өндірістік капитал кәсіпорынның өндірістік активтеріне салынған қаражаттарын сипаттайды.
4. Инвестициялау нысыны бойынша шаруашылық серіктестік пен қоғамның жарғылық (қойма) капиталын қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақшалай, материалдық және материалдық емес нысанындағы капитал болады.
5. Капитал инвестициялау обьектісі бойынша негізгі және айналым капиталы болып бөлінеді. Негізгі капитал айналымнан тыс капиталдың барлық түріне (материалдық және материалдық емес ) салынады, ал айналым капиталы өтімділік дәрежесі әртүрлі айналым активіне (запас, дебиторлық берешек, қаржы салымы мен ақшалай аражат ) салынады.
6. Меншік нысаны бойынша мемлекеттік, жеке меншік және аралас капитал болады.
7. Қызметтің ұйымдастыру құқықтық нысаны бойынша акционерлік нысаны бойынша акционерлік, үлестік, (қойма) және отбасы шаруашылығына тиесілі жеке капитал болады.
8. Капитал өндірістік процесте қатысу бойынша қолданыстағы және әрекетсіз (жөндеудегі, резевтегі, консервациядағы, аяқталмаған, құрылыстағы негізгі құрал - жабық ).
9. Меншік иесінің пайдалану сипаты бойынша тұтынылатын және жинақталынатын капитал болады. Тұтытынылатын капиталға дивиденд және әлеуметтік сипаттағы басқа да төлемге жұмсалатын сома жатады. Қайта инвестицияланатын капиталға есепті және өткен жылдың бөлінбеген пайдасы жатады.
10. Ел экономикасына тарту көзі бойынша - отандық және шетелдік капитал болады.
1.2. Компанияның меншікті капиталын қалыптастыру көздері мен технологиясының eрекшелігі
Кез келген, қандай ұйымдық үлгіде болмасын меншікті капитал үш көзден:
1. Кәсіпкерлік әрекеттерді бастау мен қалыптастыру және пайда табу мақсатында меншк иелерінің, акционерлердің және серіктестік мүшелерінің құрылған осы ұйымға, өздерінің жинақтаған ақшаларын және ақша қаражаттарына тән мүліктер мен құндылықтар құнын жарна түрінде салудан;
2. Ұйымның қаржы айналысына қалдырылған, дивиденттер төлеуге жұмсалмаған, жаңа активтер құру үшін капиталданған пайдадан;
3. Мақсатты қаржыландыру мақсатында мемлекттен, қоғамдық және жеке тұлғалардан жәрдем көрсету сапасында тегін алынған мүліктер немесе ақша қаражаттарынан қалыптасады 6.
Кәсіпорынның меншікті капиталын қалыптастыру көздерін келесі сурет арқылы бейнелеуге болады (Сурет 3).
Компанияның меншікті қаржылық ресурстарын қалыптастыру көздері
Ішкі көздер
Компанияның қарамағындағы таза пайда
Меншікті негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді пайдаланудан алынған амортизациялық аударымдар
Меншікті капиталды қалыптастыратын басқа да ішкі көздер
Сыртқы көздер
Қосымша акционерлік капитал тарту арқылы
Қайтарымсыз қаржылық көмек алу
Меншікті капиталды қалыптастыратын басқа да сыртқы көздер
Cурет 1. Кәсіпорынның меншікті капиталын қалыптастыру көздері
Ескерту: Пайдаланылған әдебиет көзінен [6] алынды
Атап кеткендей кәсіпорынның капиталының құрылымы екі негізгі элементен құралады: меншікті капитал және қарыз капитал.
Ал өз кезекте меншікті капитал келесі баптардан құралған:
жарғылық капитал;
қосымша капитал;
резервтік капитал;
бөлінбеген пайда.
Меншікті капиталдың ерекшелігі болып - оның шаруашылық субъектінің активтерінің қайнар көзі ретіндегі ролі болатындығы саналады, сондықтан да сезілмейді (оны қолмен ұстап көруге болмайды). Меншікті капиталға жататындар: жарғылық, қосымша, төленген және қосымша төленбеген капитал, резервтік, бөлінбеген табыс (зиян). Капитал және резервтер бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған.
Меншікті капитал
Акционерлік капитал
Салынған капитал
Артықшылығы бар капитал
Жай акциялар
Қосымша төленген капитал
Бөлінбеген пайда
Резервтік капитал
Қосымша капитал
Негізгі құралдарды қайта бағалау
Инвестицияны қайта бағалау
Cурет 2. Кәсіпорынның меншікті капиталының құрамы

Жарғылық капитал - кәсіпорындардың және әртүрлі бірлестіктердің капитал жинақтап келешекте ұйымдасатын жұмыстарына қолдану жөніндегі жарғы мен немесе келісім - шарт бойынша кәсіпорындардың ұйымдасумен белгілеу. Бұл акция саудасынан түскен таза пайдадан және жекелердің ақша салуынан құрылады. Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметтегі бастауды жанадан құрылған кәсіпорыннын, жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады. Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және баска да мүліктердің немесе мүліктік құкықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылык капитал жаңадан құрылған занды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.
Жарғылык капитал - "жарғы" деген сөзден алынған ұғымды анықтайтын ережелердің жиынтығы, белгілі бір ұйымнын атқаратын кызметінің тәртібі, немесе актив кұндарының екінші жағынан көрінуі, яғни жарғылық корға салынған активтердін жалған және номиналдык құны.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінде болады. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері бойынша белгіленген талаптар өз қызметін инвестициялық жекешелендіру қоры ретінде жүзеге асыратын қоғамға қолданылмайды [8].
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды олардың нақтылы құны бойынша және инвесторлардың акционерлік қоғамдар туралы заңда белгiленген талаптарға сәйкес айқындалатын орналастыру бағалары бойынша төлеуi арқылы қалыптастырылады және ол Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледі. Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған қоғамның жарғылық капиталы белгiленген талаптарға сәйкес қалыптастырылады.
Акцияның құрылтайшылар алдын ала енгiзетiн төлем мөлшерi қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға және оны құрылтайшылар қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркелген күннен бастап отыз күн iшiнде толық төлеуге тиiс.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту қоғамның жарияланған акцияларын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Акционерлік қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.
Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды пайдаланады. Егер Заңда өзгеше белгіленбесе, акцияның бір түрі оны иеленетін әрбір акционерге осындай акциялар түрінің басқа иелерімен бірдей көлемде құқықтар береді [7].
Қазақстан Республикасының заң актілерінде:
1) Акционерлік қоғамның акцияларымен мәмілелер жасасуға;
2) Акционерлік қоғамның бір акционерге тиесілі акцияларының ең көп мөлшеріне;
3) Акционерлік қоғамның акциялары бойынша бір акционерге берілетін ең көп дауыс санына шектеулер белгіленуі мүмкін.
Акционерлік қоғам басқа да бағалы қағаздар шығаруға құқылы, оларды шығару, орналастыру, айналысқа салу және өтеу талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгіленеді.
Меншікті капиталды тарту үшін компания жай және артықшылығы бар акцияларды эмиссиялайды. Дәлірек айтқанда, артықшылығы бар акциялар белгілі бір дәрежеде гибрид құралдары болып табылады. Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.
Артықшылықты акциялардың меншік иелері - акционерлердің жай акциялардың меншік иелері - акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.
Орналастыру кезеңінде қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның орналастырылған акцияларының жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс. Артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейді.
Егер:
1) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы ол бойынша шешім артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселені қараса, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді. Орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екісі шектеу қоюға дауыс берген жағдайда ғана мұндай мәселе бойынша шешім қабылданды деп есептеледі.
Олар бойынша шешімдер қабылдау артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселелерге:
артықшылықты акциялар бойынша төленетін дивидендтердің мөлшерін азайту не мөлшерін есептеу тәртібін өзгерту;
артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу тәртібін өзгерту;
артықшылықты акцияларды қоғамның жай акцияларына айырбастау туралы мәселелер жатады.
Артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөлшерінде төленбесе, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.
Құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын бiр алтын акцияны енгізуі мүмкін. Алтын акция иесінің акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар кеңесі мен атқарушы органның шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мәселелер бойынша вето қою құқығы болады. Алтын акция куәландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуге тиіс.
Қосымша капитал - акцияны өзіндік құнынан жоғару сатудан немесе мүліктерді қайта бағалаудан қалыптасқан кәсіпорынның қаржы көзі [9].
Резервтік капитал - ағымдағы, есеп-шоттағы ақша пайдасы жетіспеген жағдайда, кәсіпорын капиталының бір бөлшегіне кеткен шығынды жабуға және негізгі капиталды толтыруға, егер ол құнсызданған жағдайда, қолданылатын қор. Әр жылдағы таза пайда үлесінен ұйымдастырылады. Акционерлік қоғамдар басқада шаруашылық жүргізуші қоғамдар міндетті түрде пайданың есебінен резервтік капитал құрады. Резервтік капитал мөлшері акционерлік қоғамның жарғысында жарғылық капиталдың 15% нан кем емес дәрежеде белгіленеді. Резервтік капиталдағы қаражат алдын-ала анықталмаған зияндарды жабуға арналады. Қоғамның басқада қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда резервтік капиталдағы қаражат көздер акционерлік қоғам шығарған артықшылықтағы акциялар бойынша дивиденттер төлеуге, пайызын төлеуге жұмсалынады. Резервтік капитал қаражатын жұмсау акционерлік қоғамның жарғысында жазылады. Белгіленген резервтік капитал көлемі толығымен қалыптасқанға дейін акционерлік қоғам өзінің тапқан таза пайдасынан әр жыл сайын резервтік капиталға аударып отырады. Мақсатты жұмсау нәтижесінде, сомасы азайған резервтік капиталға әрбір келесі жылы таза пайданың есебінен қосымша аударымдар жасалынып отырады 10.
Бөлінбеген пайда - кәсіпорында салықтар мен міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған табысы. Кәсіпорынның пайдасы, кәсіпорынды дамыту қажет. Құрылтайшылар арасында бөлінбейді. Қайта инвестициялау мақсатында жұмсалады.
Компаниялармен меншікті капиталды қалыптастыру үшін түрлі тәсілдер қолданылуы мүмкін: жеке кәсіпорындар өздерінің мүлкін иелерінің қаржысы есебінен қалыптастырады; серіктестіктер және олардың қатысушылары үшін азаматтық заңдарда жарналардың қайтуы және салынуының түрлі тәртіптері қарастырылған. Әйтсе де, әлемдік тәжірибе компанияны иеленудің акционерлік формасының артықшылығын көрсетеді. Әсіресе, бұл артықшылықтар басқару мен меншік қызметтерінің толықтай бөлінуі сияқты корпоративті принциптерге құрылған ірі компаниялар жағдайында айқын көрінеді. Мұндай корпорациялардың акциялары қор нарығында сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Ұйымдастырылған қор нарығы Нью - Йорк (NYSE), Лондон, Токио және т.б. қор биржаларында жұмыс жасайды.
Қазақстанда корпоративті акциялар нарығы инвестиция үшін құралдардың аккумуляциясы бойынша өзінің негізгі қызметін орындамайды. Мұның негізгі себебі мыналар:
экономика аумағы мен бірқатар салаларының дағдарысты күйі;
ұсақ, орташа эмитенттердің құнды қағаздары мен нарық капитализациясының
төмен деңгейі;
тәуекелділікді төмендету мен оңтайландыру, сондай-ақ ұсынылатын қызмет
кешендері тұрғысынан нарық инфроқұрылымындағы дамудың қалыс қалуы.
Кәсіпорын капитал тартудың түрлі тәсілін салыстыра отырып ағымдағы және инвестициялық қызметті қаржымен қамтамасыз етудің оңтайлы нұсқасын таңдауға мүмкіндік болады.
Меншікті капитал кәсіпорынның жарғылық капитал, өткен жылдардың және есепті жылдың бөлінбеген кірісі жататын меншікті қаражат көзін қамтиды. Осы баптардың сомасы акционерлік қоғамның таза активін білдіреді.
Меншікті капиталдың жағымды сипаттамасы:
oo тарту жеңілдігі, өйткені оны ұлғайту жөніндегі шешімді басқа шаруашылық жүргізетін субьектінің қатысуынсыз меншік иесі мен менеджер қабылдайды.
oo кәсіпорын қызметінің барлық түрінен біршама тұрақты пайда алуды қамтамасыз етеді, өйткені меншікті капитал пайдаланылғанда несие пайызы мен облигациялық пайыз төленбейді. Бухгалтерлік есепте осы төлем қаржы нәтижесін кемітуге жатқызылады.
oo кәсіпорынның және төлем қабілеттілігін ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Осы мақсатқа ең алдымен айналым капиталын толықтыру және күрделі салымды қаржыландыру көзі болып табылатын бөлінбеген кіріс есебінен қол жеткізіледі.
Тек меншікті капиталды пайдаланудың кемшілігіне мыналар жатады:
oo кәсіпкерлік қызмет ауқымын кеңейту қажет болғанда тартылатын қаражаттың шектеулігі;
oo балама қарыз көзімен салыстарғанда
oo қосымша эмиссиясы кезінде, капиталдың мөлшері қайта қаралады.
oo қарыз қаражат тарту есебінен қаржы тұтқасының көмегімен меншікті капиталдың пайдалығын іске асыру мүмкін емес.
Сөйтіп меншікті капиталды ғана пайдаланатын кәсіпорынның жағынан барынша болады. Алайда кәсіпорын нарықтық жағдаят қолайлы кезеңде қарыз капиталынын бас тарта өзінің келешек даму қарқыныан тежейді, сонымен бірге мүлікті қосымша қаржыландыру көзінен айрылады. Әсіресе мұны тек меншікті қаражат есебінен асыру мүмкін емес мүлікті қосымша қаржыландыру көзінен айырылады. Әсіресе мұны тек меншікті қаражат есебінен іске асыру мүмкін емес ірі ауқымды инвестициялық жобаға қатысты айтуға болады.
Кәсіпорындардың қарамағында калатын қаражаттар негізінде, яғни салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді өтегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар тұтыну қоры мен қорлану қорларын құрады.
Тұтыну қоры мыналарды қамтиды:
бүкіл персоналдың (өндірістік, өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу шығындары;
ақшалай төлемдер, оның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақы мен төлемдер;
еңбегі үшін көтермелеудің ақша және натуралдық нысандағы басқа түрлеріне жұмсалған қаражаттар;
материалдық көмек;
еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
еңбек ұйымдарының акциялары мен ұжым мүшелерінің кәсіпорынның мүлкіне қосқан салымдарына қарай төленетін табыстар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz