Абайша сүйіп, абайша күйіп жүрміз бе?
Абай шығармашылығы — әдебиеттің, мәдениеттің ауқымынан анағұрлым асып кететін ғажайып құбылыс. Кейде ойлап отырсаңыз, Абай біз үшін ақын да, философ та, аудармашы да, композитор да емес, бәрінен бұрын өзіміздің жанымызға соншама жақын адамымыз, ағайынымыз ба, туысқанымыз ба , ағамыз ба, атамыз ба, әйтеуір бір жақсы танитын адамымыз сияқты. Сол адаммен талай рет кездесіп, сөйлескен, сырласқан, талай рет ақылын алғандаймыз, ал кейде не балалықпен, не шалалықпен алмай кеткендейміз. Қуансаң да, қиналсаң да Абайдың алдына барасың. Жар сүйіп, бала сүйіп қуансаң да, жақыныңның азасына күйіп, қайғырсаң да жаныңнан табылады Абай.
Халқымыздың ұлы ақынға құрметі біздің “Абай атамыз айтқандай” деп сөйлейтінімізден де көрініп тұр. Ұлы классиктерін халықтың атасы деп сөйлеу ең дамыған деген ұлттарда да табыла қоймайды. Абай — ұлттың атасы, халықтың рухани әкесі. Егер әрбір қазақ баласы ауық-ауық болса да Абай томын қолға бір алып қойып, бір өлеңін болса да қайталап оқып отырса, өзіне өзі Абай алдында іштей есеп берсе, “Қалай өмір сүріп жатырмын осы? Абайдың айтқан ақылын алдым ба, жасаған сынынан қорытынды шығардым ба, шық деген биігіне ұмтылдым ба, адам атын ақтайтындай не істедім мен өзім?”, дегендей ойға түсіп тұрса қазақтың бағы баяғыда жанып, ортақ үйіміздің түтіні де түзуірек ұшар еді-ау деп те қиялдайсың.
Ұлт руханияты ұстындарының бірі саналатын Мырзатай Жолдасбековтің Абай шығармашылығы жайында ой толғап көруін сұрағанымыздағы ойымыз да халықтың бүгінгі өмірінде Абай алар орынды көрсету, халық алдындағы парызын ақ-адал атқарған Абайдың алдындағы халықтық парызымыздың ақталуын айтқызу еді. Бұл ойымыздың қалай орындалғанын бүгінгі мақаладан оқи аласыздар. Сөз ретін пайдаланып, “Тұлғалар толғанысы” ел газетінің бетіндегі айшықты айдарлардың бірі ғана екендігін, бас басылымды келесі жылы да жанына жалау ететін ағайын “Егемен Қазақстанның” бетінен талай-талай татымды мақалаларды табатынын да айта кетпекпіз.

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?
Атады таң, батады күн, толады ай.
Ауысады күнде саба, толағай.
Бірі барда бірі болмай, жоқты аңсап,
Неге пенде болды сонша қомағай !
Нәпсі сол ғой, ныспы адам болғасын,
Тәркі өмір талқы, тартыс додадай.
Ақын ақын болмас еді алдында
Жатса жайнап шәмсі, күлпар, қоғажай.
– Өмір өшпек,
Өлең қалмақ, – дейді дос,
Көңілімді аулап айтқан сөз ғой о да жай.
Білем жатқа даңқты талай дананы,
Олар тау да, мен кішімін обадай.
– Алтынсың, – деп алдағандар тірімде
Көзім жұмсам, көрмес мені қоладай.
Дүниеге қаланған бір кірпішке
Сол дүниенің осындай бір обалы-ай!
Қуандыққа соның бәрін ұқтырған
Аруағыңнан айналайын,
О Абай !
Қуандық Шаңғытбаев осылай толғаған.
Абай шығармашылығы — әдебиеттің, мәдениеттің ауқымынан анағұрлым асып
кететін ғажайып құбылыс. Кейде ойлап отырсаңыз, Абай біз үшін ақын да,
философ та, аудармашы да, композитор да емес, бәрінен бұрын өзіміздің
жанымызға соншама жақын адамымыз, ағайынымыз ба, туысқанымыз ба , ағамыз
ба, атамыз ба, әйтеуір бір жақсы танитын адамымыз сияқты. Сол адаммен талай
рет кездесіп, сөйлескен, сырласқан, талай рет ақылын алғандаймыз, ал кейде
не балалықпен, не шалалықпен алмай кеткендейміз. Қуансаң да, қиналсаң да
Абайдың алдына барасың. Жар сүйіп, бала сүйіп қуансаң да, жақыныңның
азасына күйіп, қайғырсаң да жаныңнан табылады Абай.
Халқымыздың ұлы ақынға құрметі біздің “Абай атамыз айтқандай” деп
сөйлейтінімізден де көрініп тұр. Ұлы классиктерін халықтың атасы деп
сөйлеу ең дамыған деген ұлттарда да табыла қоймайды. Абай — ұлттың атасы,
халықтың рухани әкесі. Егер әрбір қазақ баласы ауық-ауық болса да Абай
томын қолға бір алып қойып, бір өлеңін болса да қайталап оқып отырса, өзіне
өзі Абай алдында іштей есеп берсе, “Қалай өмір сүріп жатырмын осы? Абайдың
айтқан ақылын алдым ба, жасаған сынынан қорытынды шығардым ба, шық деген
биігіне ұмтылдым ба, адам атын ақтайтындай не істедім мен өзім?”, дегендей
ойға түсіп тұрса қазақтың бағы баяғыда жанып, ортақ үйіміздің түтіні де
түзуірек ұшар еді-ау деп те қиялдайсың.
Ұлт руханияты ұстындарының бірі саналатын Мырзатай Жолдасбековтің Абай
шығармашылығы жайында ой толғап көруін сұрағанымыздағы ойымыз да халықтың
бүгінгі өмірінде Абай алар орынды көрсету, халық алдындағы парызын ақ-адал
атқарған Абайдың алдындағы халықтық парызымыздың ақталуын айтқызу еді. Бұл
ойымыздың қалай орындалғанын бүгінгі мақаладан оқи аласыздар. Сөз ретін
пайдаланып, “Тұлғалар толғанысы” ел газетінің бетіндегі айшықты айдарлардың
бірі ғана екендігін, бас басылымды келесі жылы да жанына жалау ететін
ағайын “Егемен Қазақстанның” бетінен талай-талай татымды мақалаларды
табатынын да айта кетпекпіз.
Сауытбек АБДРАХМАНОВ.
Абай атасынан кемеңгер боп жаратылып, анасынан дана боп, еліне пана
боп, өз заманынан ойы озық туған ғұлама; халқының мұңшысы, ұлы ақыны; қазақ
үшін дертті болған, сол дертінен айыға алмай кеткен, жан жарасы жазылмай
кеткен, кеудесі қайғы мен қасіретке толы қазақ тарихындағы ең ірі
трагедиялық тұлға; өз ұлтын өркендеген өнегелі елдің қатарында көруді
көксеген ойшыл.
Қазақ қоғамы, оның болмысы, келешегі туралы соншама толғанған; ұлтының
табиғатын, жаратылысын дәл таныған; елі үшін күйіп-піскен, азапқа түсіп,
қасірет шеккен, қазақтың кемшілігін жанға батырып бүкпесіз ашық айтқан
Абайдан асқан кісі болған жоқ. “Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман”,
дегенді Абай жасы жетіп қартайғандығынан айтқан жоқ, Абайды жасына жетпей
қартайтқан – қазақ, оның қылығы. Заман өзгерер, қоғам өзгерер, адам
өзгерер, бәрібір қазақ түбінде Абайға жүгінеді, оның өсиетіне, аталы сөзіне
тоқтайды.
Кемелге келмей, ақыл тоқтатпай Абайды ұғыну мүмкін емес. Абайды оқыған
сайын, көкейіңе тоқыған сайын қазақтың табиғатын аша түсесің, ой түбіне
тереңдей түсесің, ел-жұртыңның тағдыры, келешегі туралы ойлана, толғана
түсесің. Абай мұралары жыл мезгіліне қарай, кісінің көңіл-күйіне, жасына
қарай әр кезде әр түрлі әсер етеді, өзгеше ой салады. Сол кезде Абайдың
“Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла” деген сөзі еріксіз есіңе түседі.
Шынында да, Абай – жұмбақ адам. Оның ойлары гауһардай түрленіп, әр
қырынан әрқалай сәуле шашады. Көп ойларын тылсымдап кеткенге ұқсайды. Заман
асқан сайын, уақыт өткен сайын тылсымның кілті табылып, Абай халқына
бүгінгіден де ашыла, бүгінгіден де жақындай түсетін болады. Қазақ дертінен
айығу үшін, көкейіндегісін табу үшін Абайға жүгінуі керек. Абайға үңілген
сайын бірде табынасың, бірде қамығасың, әрқалай ахуал кешесің. Заманына,
дәуіріне қарай, қоғамның ауанына қарай үнемі Абаймен сырласып отыруымыз
керек. Адаспаудың бір жолы осы деп ойлаймын.
Абай өмір сүрген кезеңде, шырғалаңға түскен, шырмауда қалған
көшпенділер елінің мәдениеті де, санасы да күйреуде еді. Ұлы дала
жандаралдың табанының астында жаншылып талып жатты, даламен бірге қазақтың
рухы, поэзиясы, аңызы, ертегісі өлді, ұлттық намысы тапталды. Абай соның
бәрімен жалғыз алысты, жалғыз арпалысты, осыншама сұмдықты өз жүрегінен
өткізді, туған халқын оянуға, жан тірлігіне, қалғымайтын намысқа, ардың
күресіне шақырды. Ұлы далаға жаңа ой, жаңа поэзия әкелді. Тұнық бұлақтың
көзін ашты. Сонда да меңіреу Дала Абайға үн қатпады. Келеңсізге сөзі
өтпеген Абай басын жарға да, тауға да соғып, сергелдеңге түсті.
“Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір
бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық –
әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік, қажыдық,
жалықтық, қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі
қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып
өткіземіз. Соны таба алмай өзім де қайранмын”, – деп дал болды. Абайдың
басынан кешкен азабын, көрген мехнатын, қорлығын мен бертінде, есейе келе
ғана түсіндім, өз жүрегімнен өткізіп сезіндім.
...Ұлы даланы еркін мекендеген, алаңсыз, бейқам өмір кешкен қазақ
халқының тағдыры туралы Абайдай аяусыз, жанға батырып қатты айтқан жан
болған жоқ. Абайдың максимализмі туған халқының мешеу мінезін ғайбаттау
емес, керісінше елін талмайтын зерделікке, ойлылыққа шақыру.
Абай адам алдындағы парызына дақ түсірмей, ақиқатқа жан-тәнімен қызмет
етіп өтті. Саналы ғұмырын, күш-қуатын санаткерлікке жұмсады, бірақ заманы
ақынның жан егілткен әндерін сүйсіне тыңдағанымен, тамылжыта салғанымен,
мұңлы өлеңдерінің, аталы сөздерінің ой қатпарларына тереңдей алмады, жанына
дарыта алмады, сөйтіп, ақынның өз халқына айтқан ақыл-өсиеті жаһан далада
адасып қалды. Абай дүниеге ақын болып туған адам, өлеңді ерте жазған.
Кім екен деп келіп ем түйе қуған,
Қатын ғой күлдәрімен белін буған.
Төркініңнің бергені жауыр айғыр,
Бауырыңды ұрайын бірге туған ,
– дейтін әдепкі өлеңінің өзі түйеден түскендей.
Абай табиғатынан ақын болып туғанымен, жас кезінде өлең шығарумен
еркін айналыса алмайды. Заман ағымына, халықтың ұғымына қарай Құнанбайдай
кемеңгер әкенің Абайдан күткені басқа еді. Билік үшін арпалысып өткен дала
көкжалы Абайды ел тізгінін ұстауға баулыды. Құнанбайдай әкенің ырқынан
шығып, ақындық әлемге қанат қағу жас Абайға оңай болған жоқ. Абайдың
алдында күрделі де қым-қуыт өмір жолы тұр еді.
Абай өлеңді он екі жасынан бастап шығарған. Ақынның бала кезіндегі
өлеңдерінің көпшілігі бізге жеткен жоқ. Олардың бірқатары ұмытылған,
болмаса жоғалып кеткен, шығармаларының аттары ғана сақталған. Абайдың жас
кезіндегі өлеңдерін сақтаған, оның өмір тарихын баяндайтын замандастары
жазған мемуарлар да, хаттар да, жазбалар да, өкінішке орай, бізге жеткен
жоқ.
Абайдың жас кезіндегі өлеңдері досы Көкбайдың атынан жарияланады. Тек
1886 жылы, қырық жастан асқан соң, “Жаз” деген атақты өлеңі шыққаннан кейін
ғана, шығармаларына өз атын қосады.
Абай тек ақын ғана емес, сонымен бірге жүрек тербеген оқиғалы, ғажайып
әндер де шығарған композитор.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй! –
дейді Абай. Өнерге Абайша ғашық болу, әнді Абайша қастерлеу бір
басқа. Абай халықтық өнердің қайнарынан мол сусындаған. Сусындай отырып,
қазақ поэзиясы мен қазақ музыкасын шырқау биікке көтерген, әнге де жаңа
ырғақ, жаңа мән-мағына әкелген.
Құр айғай бақырған
Құлаққа ән бе екен? –
дейді Абай. Осы сөзі дәл бүгінгі біздің жастарға арнап айтылғандай.
Қазір жастардың дәстүрлі әннен қол үзіп, батыстың мағынасыз, даңғырлақ,
әулекі музыкасына бой ұрып бара жатқандығын ойлағанда елдің келешегі, қазақ
өнерінің болашағы не болады деп мұңаясың.
Абай бар болғаны 176 өлең, 3 поэма, 45 қарасөз, 1 мақала жазған кісі
екен. (Мақала деп шартты түрде айтып тұрғанымыз – “Қазақтың шығу тегі
туралы”). Абай өлеңдерін оқу, оның қадір-қасиетін сезіну, асыл ойларын
зердеге сақтау ынтасы да, ықыласы да бүгінде бұрынғыдай емес. Тек Абай ғана
емес, жалпы кітапқа құштарлық, кітапқа құмарлық бәсеңдеді. Мұны күнделікті
тіршілікте әр отбасынан көріп жүрміз. Теледидар, басқа ақпараттар толқыны,
батыстық экспансия өз балаларымызды бауырымыздан, ұлттық әдебиеттен, ұлттық
өнерден, ұлттық музыкадан бөліп алып барады. Бұл, шынында да, қорқынышты
жағдай. “Қорқамын кейінгі жас балалардан” дегенде Абай осы сұмдықты сезген
бе деп ойлайсың. Сондықтан да мынау қиын да күрделі заманда етек-жеңімізді,
есімізді жисақ керек. Осы үшін де бізге Абай керек. Абай өлеңдеріне жас
ұрпақты үңілдірудің, Абай ойларын жеткіншектеріміздің бойына сіңірудің тура
жолын іздестіруіміз керек. Абай өлеңді ермек үшін жазған жоқ, кейінгіге
өнеге-білім бермек үшін жазды.
Абай өлеңдерін кезінде тобықтылар қолжазба күйінде ұзатылған қыздардың
жасауына қосып қастерлеп, қасиеттеп отырады екен. Өз ауылының қыздары
ұзатылғанда жасауының ішінде Абайдың өлеңдері мен поэмаларының, нақыл
сөздерінің қолжазба жинақтарын ала кететін болған. Мысалы, Әсия, Уәсила,
Рахила сияқты және басқа да қыздардың сондай қолжазба жинақтары осы күнге
дейін сақталған. Сол арқылы Абай сөздері күллі қазаққа тараған. Заманында
Абайдың Көкбай сияқты ақын құрдастары да, Шәкәрім, Әріп, Әсет, Кәкітай
сияқты шәкірттері де Абай өлеңдерін насихаттауға күш салған. Абай өлеңдерін
Мүрсейітке ат, түйе беріп көшіртіп әкетушілер өте көп болыпты.
Абайды алғаш танып, терең түсінгендер, ақын сөздерінің кейінгі ұрпаққа
аман-есен жетуіне арпалысып еңбек еткендер – Алаш арыстары. 1909 жылы Абай
өлеңдерінің Кәкітай жинаған қолжазбасының Петерборда шығуына Әлихан
Бөкейханов атсалысты. Ахмет Байтұрсынов “Қазақтың бас ақыны” деп мақала
жазды.
Қазақтың еркін ойының басында қашанда Абай тұрды. Мәдениет министрлігі
секілді ұйым да алғаш Семейде құрылды. Оны ұйымдастырушылардың бірі де Абай
болды. Семейдегі ғылыми-көпшілік кітапхананы ұйымдастырушылардың бірі де
Абай еді. Абайдың баласы Тұрағұл да, інісі Шәкәрім де Алашқа қызмет етті.
Тұрағұл Алашты қолдап бірнеше мақала жазды, Шәкәрім Семейде құрылған шығыс
Алашорданың бас қазысы болды. Қазақ тарихындағы осы елеулі оқиғаларды да
ұмытып бара жатқандаймыз.
Байқап қараған адамға Абайдың бүкіл өмірі қазақты ел болуға, өзге
жұрттан кем қалмауға үндеумен өтті. Жалғыздықтан қамығып, білімсізбен
алысып, елге сөзі өтпей, “Қадірлі басым, қайратты жасым, Айғаймен кетті,
амал жоқ”; “Болмасқа болып қара тер, қорлықпен өткен қу өмір”, “Толды қайғы
кеудеге, сырласа алмай, сөз аша алмай пендеге” деп қорланады, құлазиды
Абай. “Таппадым көмек өзіме, көп наданмен алысып, көнбеді ешкім сөзіме,
әдетіне қарысып”, немесе “Мен – қажыған арықпын, сендерге де қанықпын”,
“Жарлы емеспін, зарлымын, жұртым деуге арлымын өзге жұртан ұялып”, “Мұндай
елден бойың тарт, мен қажыдым, сен қажы”, “Сенісерге жан таба алмай,
сенделеді ер жүрек”, “Қайғы шығар ілімнен, ыза шығар білімнен, қайғы мен
ыза шыққан соң зар шығады тілімнен”, “Ақылсыз би болмас, сәулесіз үй
болмас, жүректе оты жоқ адамда ми болмас”, “Енді осы күнде хайуаннан да
жаманбыз”, “Қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ” дегенді де Абай жаны
қиналған соң айтқан.
Елге сөзі өтпеген соң: “Туған жерді қия алмай, тентекті тия алмай, әлі
отырмыз ұялмай. Таба алмадық өңге елді. Әзелде Тәңірім сорлы етті, арсыз
елмен әуре етті, жалғыз үйде күңірентті, тағдырға білдік көнгенді”, – деп
ел-жұртын қанша қақпайлағанмен, ештеңе шығара алмайтынына, қанша айтса да
қазаққа сөзінің өтпейтініне көзі жеткен хакім өз тағдырына көнгендей
болады. Елі-жұртын қиып ешқайда кете алмай, дегеніне жете алмай, ұлы
ақынның өмірі құсалықпен, жалғыздықпен өтеді. Бәрібір, сонда да халқынан
күдерін үзбейді. Оны мына өлеңінен айқын аңғарамыз:
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын,
Түбін ойлап, уәйім жеп айтқанмын.
Ақылдылар арланып ұялған соң,
Ойланып, түзеле ме деп айтқанмын.
Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын,
Бірінің бірі шапшаң ұқпас сырын.
Көздің жасы, жүректің қаныменен
Ерітуге болмайды ішкі мұзын.
Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін,
Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін.
Ыржаңдамай тыңдасаң нең кетеді,
Шығарған сөз емес қой әңгіме үшін.
Абайдың осы сөзі дәл бүгінгіге арналмаған деп кім айта алады. Бұл сөз,
бүгінгіні қойып, келешекке айтылған сөз.
Халқын надандық шырмауынан, бодандық бұғауынан азат етуге ниет қылған
Абай адаммен де, заманмен да арпалысып бақты. Қараңғы түнді қақ жарып сәуле
төкті. Шалғай ауылда, Қарауылда – Шыңғыстауда отырып-ақ бүкіл қазақтың
мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Қазақтың жоғын жоқтай отырып, өз қазағын қатты
сынады. Сынағанда жек көргендіктен емес, жаны ашығандықтан, күйінгендіктен
сынады. Өз халқын сынай отырып, сүйе білді. Абай “Қалың елім, қазағым,
қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың, Жақсы менен жаманды
айырмадың, Бірі – май, бірі – қан боп енді екі ұртың” деп күйзелді. “Күллі
адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі –
надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – залымдық” деп үйретті 38-ші
қара сөзінде. Осының үшеуі де қазақтың басында әлі бар. Сөйтіп, ақын:
Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын?
Халқым надан болған соң,
Қайда барып оңайын? –
деп аңдысқан елдің етекбасты әдетінен әбден шаршайды.
Абай өз халқын өркендеген елдің, пәтуалы елдің қатарынан көргісі
келді. Алдағыны айнытпай болжады.
Көк тұман – алдыңдағы келер заман,
Үмітті сәуле етіп көз көп алдаған.
Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,
Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған.
Осы өлеңінде өзінен кейінгі сергелдеңге толы, намысы тапталған, ары
жаншылған, қор болған қазақ тірлігінің екі ғасыры дәл болжалып тұр.
Абай – анық ұлттық, халықтық ақын, ғұлама ойшыл. Сол кездегі қазақ
ауылының қоғамдық қалпын айна-қатесіз таныды. Оның диагнозын дәл қойып,
айығудың да амалын дәл тапты. Абайдың көптеген өлеңдерінде (“Қартайдық,
қайғы ойладық”, “Қалың елім, қазағым, қайран жұртым”, “Күлембайға”,
“Көжекбайға”, т.б.) надандық, даукестік, парақорлық, арамтамақтық, қазақ
халқын билеп-төстеушілердің рухани жүдеулігі өлтіре сыналады. Отбасына, ата-
анаға, жас ұрпақты тәрбиелеуге, әсіресе, әйелге жаңа көзқарас қазақ
әдебиетінің тарихында тұңғыш рет осы Абай шығармаларынан көрінеді. Қазақ
әйелін, ананы – отбасының тірегі ретінде жырлайды, оның жанқиярлығын,
даналығын, шын көңілмен берілген достыққа беріктігін, адал жанының
тұтастығын мадақтайды.
Абай енжарлық пен жалқаулықты қатты түйреумен бірге өзіне дейінгі
дидактикалық уағыз поэзиясының канондарын бұзды. “Мен жазбаймын өлеңді
ермек үшін”, “Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы”, “Біреудің кісісі өлсе
қаралы ол” атты өлеңдері – осы айтып отырғанымыздың айқын дәлелі.
Поэзияда, музыкада, даналықта, қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында
өлмес-өшпес шығармалар берген Абай – қазақ халқының өткен замандағы өмірін
зерттеймін деген ұрпаққа таңғажайып тұлға. Ол – өз халқының тарихындағы
тауға шыққан биік шынар, тамырын тереңге жайған алып Бәйтерек. Біз сол биік
Бәйтеректі саялай да білуіміз керек, бағымызға туған Абайдай ғұламаның
байтақ мұрасын аялай да білуіміз керек. Құранның сөзіндей болған ойларын
бағалай да білуіміз керек.
Абай әлемі шексіз. Абай заман ағымын қатты сезінді. Ілгергіні болжады.
Соған ыңғайлап қазақ халқын тәрбиеледі. Сөйтіп, ұлтының ұстазына айналды.
Абайдың кез келген сөзі өнеге, әр сөзі өсиет. “Кісіге біліміне қарай
болыстық қыл, татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады”, “Әкенің баласы
– адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың”, “Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі
үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң,
Алланың сүйген құлының бірі боласың”; “Сократқа у ішкізген, Жанна Аркті
отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, Пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген
кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал”; “Қайғысыздан
сақ бол, қайғылыға жақ бол”; “Бағың өскенше тілеуіңді ел тілейді, өзің де
тілейсің, бағың өскен соң – өзің ғана тілейсің”, – дейтін Абайдың дана
сөздері мәңгі-бақи қазаққа қызмет ететін сөздер. Тек біз осыдан ғибрат ала
білсек болғаны.
Абай Семейден ұзап шықпай-ақ жер-дүниені алақанындағыдай көріп-біліп
отырды. Оның ойлары әлемдік ұғыммен, арғы-бергі замандардағы адамзат
данышпандарының пікірімен ұштасып жатады. Сондықтан да Абай туралы түгесіп,
тауысып айту мүмкін емес.
Абай әлем әдебиетінің ең озық үлгілерін өз ұлтының асыл қазынасына
айналдырды. Гетені де, Пушкинді де, Лермонтовты да өз тіліне аударды.
Пушкиннің Татьянасына қазақ қызының жанын салды.
Амал жоқ, қайттым білдірмей,
Япырмау, қайтіп айтамын.
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартамын, –
деп, Татьянаны Пушкиннің өзінен де аяулы етіп шығарды.
Абай Шығыс жұлдыздарын жоғары бағалады. Сөйтіп, өзі де Шығыс
жұлдыздарының ішіндегі ең жарығына айналып, әлемге нұрын төкті.
Абайдың толғаныстары, ой-пікірлері әлем ойшылдарымен үндесіп жатады.
Сонау жер түбіндегі Ясная Полянадағы Лев Толстойды Қарауылға шақыртып,
Шәкәрімге хат жаздырды. Толстой қартайғанын айтып, келе алмайтынына өкініш
білдіріп, жауап хат жазады. Біз бағалай түсетін Абайдың және бір құдыреті
осында.
Бұл мақаланы жазғандағы мақсатымыз – ұлы Абаймен сырласа отырып, өз
жүрегімізге, өз айналамызға үңіле отырып, ел тағдырына, ұлт тағдырына
қатысты пайымдарымызды тағы да көңіл таразысына тартып, көпшілікпен ой
бөліссек, ұлы ұстазымызға мұңымызды шақсақ дегендік еді.
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.
Сөз қадірін Абайша түсініп, Абайша сезіну үшін үлкен жүрек, терең ой,
кемел ақыл, ыстық сезім керек еді. Өлеңді – сөз патшасына теңеген Абай өзі
де сөз патшасына, өлең құдіретіне айналарын сезген болуы керек.
Иә, Абай заманын біз қанша “надан” көргенімізбен, сөзге тоқтайтын, сөз
қадіріне құлақ асатын, “айтылған сөз – атылған оқ” деп сөзді сертке
балайтын заман болатын. Соның өзінде: “Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де
түзел!” –деді Абай. Бірақ тыңдаушыға көңілі толмады. “Тыңдаушымды ұғымсыз
қылып тәңірім берген-ді”, – деп қиналады. Заманына асыл сөзін тыңдата алмай
кеткен Абай мұрасына бүгінгі оқушы да терең бойлап бара алған жоқ. Бізді
осы қинайды. Қиналғаннан болар, осыдан бірер жыл бұрын “Егемен Қазақстан”
газетінің бетінде “Сөзді ұғатын кез келді” (25.01.2005) деген мақала
жарияладым. Бірақ қазақ соған да құлақ асқан жоқ. Жалпы тыңдасын, ұғынсын
деп айтқан сөзді тыңдамауға келгенде қазақ алдына жан салмайды. “Ылғи жарты
қайран менің оқушым, оқымауға келген шақта – бүп-бүтін, түсінбеуге келген
шақта түп-түгел!” – деп Жұмекен ақын да күңіреніп кеткен еді ғой.
Ендігі жерде Абай өсиет қылып, аманат етіп қайта-қайта айтып кеткен
ұлттығыңды ұлықтау, ата-ананы ардақтау, үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу,
жаманнан жирену, жақсыдан үйрену, әдептен озбау, өткенді игеру, ата салтын
бойға сіңіру, сөзге тоқтау, қызға қырық үйден тыю – қазақ арасында бұлжымас
заңға айналуы керек.
Ел ішінде бетімен лағып, жөнсіз сөйлеу, ғайбаттау етек алып барады.
Күні кеше жұрттың абыройы, ар-ожданы, тәрбиеші-тәлімгері, мақтанышы, айбары
болған жазушылар өзара айтысып, бірін-бірі даттауға көшті. Мұның өзі қанға
сіңіп барады. Ақылманы, қариясы жоқ елдей болдық. Ақылшысы жоқ ел азады,
иесі жоқ жер азады, қолдамаса ер азады, бір-бірімізді қолтықтап демеп,
қолдап, жарасып жүрсек жарар еді. Қаны таза халық едік, жан тазарса, ар
тазарса деп тілеймін. Жасамыстарымыз алжымай, дұрыс қартая білсе деймін.
Абай сөздерін қасиетті Құран сөзіндей қадірлеп, көңіл төріне
орнықтырып, болашаққа нысана етіп, елдігіміздің еңсесін көтеруге пайдаланып
отырмасақ болмайды. Абайды осы уақытқа дейін тыңдамай келген қазақ онысынан
еш пайда тапқан жоқ. Абайдан қалған қазынаның қадіріне жете білуді көбірек
ойлауымыз керек. Мен Абай өлеңдерін, Абай сөздерін өз тілінде оқи алмайтын
жандарға жаным ашиды, олардың қаншама қазынадан құр қалғанын ойлағанда
жүрегім ауырады.
Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпты тұра алмасқа.
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде одан басқа.
Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдар, алдар бірақ.
Ертең өзің қайдасың, білемісің,
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ.
Данышпан Абай осылай дейді. Мынау жалған дүниеде бес күндік тіршілік
үшін, ертең артта қалатұғын сай үшін, соятұғын тай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz